Операциялық жүйелер пәнінен дәрістер


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

Информатика кафедрасы

Операциялық жүйелер

Құрастырған:Абдиманапова Г. М.

Шымкент 2007

Лекция №1. Операциялық жүйелер пәні. Операциялық жүйелердің

шығу тарихы

Жоспар:

  1. Операциялық жүйелердің тарихы
  2. Операциялық жүйелер пәнінің мақсаты мен міндеттері

1. Информатика мамандығында оқитын студенттер үшін жүйелік программаларды оқыту Мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген. Ал операциялық жүйелер пәнінің мақсаты студенттерге операциялық жүйелер ұғымы және оның қызметін, түрлерін (UNIX, Linux, MS DOS, Windows), типтерін оқыту. Сонымен бірге студенттерге шақыру жүйелерін, операциялық жүйенің конфигурацияларын, процессаралық байланыстарды, семафорлар, операциялық жүйелердің программалық интерфейстерін және операциялық жүйелерді орнату және баптау тәсілдерін үйрету.

2. Барлық компьютерлік программалардың ішінде операциялық жүйе ерекше орын алады. Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда жүктелетін программа. Ол пайдаланушымен сұхбат, компьютер және оның ресурстарын басқару, басқа қолданбалы программаларды жүктеу жұмыстарын атқарады. Операциялық жүйе пайдаланушы және қолданбалы программалардың компьютер құрылғыларымен ыңғайлы байланысын қамтамасыз етеді.

3. 1965 жылдан бастап 4 жыл бойы American Telegraf&Telephonе Bell Labs компаниясы General Electric фирмасы мен Масачусет технология институтының зерттеушілерімен бірге OS Multics жобасын (проект) жасады. Жобаның мақсаты көптеген пайдаланушыларға есептеуіш ресурстарына қол жеткізудің ыңғайлы күшті құралдарымен қамтамасыз ететін операциялық жүйе құру еді. Бірақ, түрлі себептерге байланысты жоба іске аспай, жабылып қалады. Кен Томпсон және Денис Ритчи бұл жобаның құрамында болатын.

Uniх-тың пайда болуына компьютерлік ойын себеп болды десек те болады. Өйткені, не үшін екені белгісіз Кен Томпсон Space Travel ойынын ойлап табады. Ол оны 1969 жыл Multics жобасында пайдаланылған Honeywell - 635 компьютерінде жазады. Бірақ бұл айтылған компьютер де, сол кезде зертханада бар болған GE 645 компьютері де бұл ойыншыққа сәйкес келмеді. Сондықтан да Кен басқа 18 разрядты РDР 7 компьютерін табады. Кен Томпсон өз өмірін және жұмысын жеңілдету үшін жаңа файлдық жүйені құрады. Өзінің ойлап тапқанын жаңа ЭЕМ-ге салып көреді, барлығы ойдағыдай болады. Кен Томпсон оны арықарай дамытуға кіріседі. Кен және оның қызметкерлері Мultics жобасын іске асыру үшін төккен еңбектерін естен кетіре қойған жоқ еді. Сондықтан да олар құрған жүйесін Uniсs деп атауды ұйғарады. Біраз уақыт өте оны Unix деп қысқартады. Операциялық жүйе ассемблер тілде жазылады. 1971 жылы қараша айында Unix-тің бірінші нұсқасы көпшілікке жарияланады. Оны Unix-тің бірінші редакциясы деп атайды. Бір жылға жетпей оның екінші редакциясы шығады. Көп ұзамай шыққан үшінші редакцияның ешқандай өзгешелігі болмайды. Бірақ осы редакцияда Денис Ритчи Си тілін жазып шығарады. Осы Си тілінде 1973 жылы Unix-тің төртінші редакциясы жазылады. 1974 жылы шілде айында бесінші редакциясы шығады. Ал 1975 жылы шыққан Unix-тің алтыншы редакциясы көпшілікке таратылған бірінші редакция болады. Оның көптеген бөлігі Си тілінде жазылған.

Linux 1990 жыл пайда болады. Linux Unix-тің бір нұсқасы. Оны Линус Торвальдс жасап шығарды. 1991 жылы 5 қазанда Линус Linuxтің бірінші арнайы 0. 2 нұсқасын жария етеді.

Linux-та кез-келген пайдаланушы операциялық жүйені өзіне қажетіне қарай орнатады.

DOS-тар туралы. 1980 жылы Seatle computer products фирмасында алғашқыда QDOS деп аталатын операциялық жүйе жылдың соңында біраз өзгертіліп Мicrosoft фирмасына сатылады. IBM корпарациясы Мicrosoft-ке IBM РС үйлесімді компьютерлердің жаңа модельдеріне арналған операциялық жүйені құруды тапсырыс етеді. 1981 жылдың соңында жаңа PC DOS 1. 0 операциялық жүйесі жарыққа шығады. Бірақ операциялық жүйені әрбір жаңа компьютерге орнатқан сайын оны баптау үлкен қиындық туғызады. Осыдан кейін IBM корпарациясы PC DOS және MS DOS-тың мүмкіндіктері біраз кеңейтілген 1. 1 нұсқалары шығады. 1983 жылы файлдарды администрациялау жүйесі жақсартылған 2. 0 нұсқасы шығады. Аздап жаңартылған MS DOS-тың үшінші версиясы 1984 жылы шығады. Ал келесі 6. 22 нұсқаға дейінгі барлық нұсқалар базалық жаңа виртуальды жадыны басқаруға бағытталған еді. Кейінірек Windows-тың құрамына кіретін 7. 0 нұсқасы шығады. Бұдан соң MS DOS-тар мен айналыспады. IBM Operating System-нің бірінші нұсқасы 1987 жылдың соңында шығады. Оның IBM фирмасының үлкен машиналары мен байланысты қамтамасыз ете алатын мүмкіндігі бар еді. 1993 жылы IBM Windows-қа арналған қосымшаларды орындай алатын және көптеген перифериялық құрылғыларды қамтамасыз ететін OS\2-нің 2. 1 нұсқасы шығарады. 1994 жыл OS\2 Warp3 шығады. Бұл нұсқада интернетпен жұмыс істеу мүмкіндігі туды.

Қазіргі таңда соңғы нұсқа болып OS\2 Warp4 болып табылады. Бұл операциялық жүйенің жұмыс станциялары немесе желілік серверлерге орнатуға мүмкіндігі бар.

Microsoft Windows. Windows Билл Гейтстің ешкімнің сұранысыз жасап шығарған алғашқы операциялық жүйесі болып табылады. Оның қандай ерекшелігі бар? Біріншіден графикалық интерфейс, екіншіден көп есептілік. 1985 жылы қараша айында Windows1. 0 шығады. Негізінен 286 машиналар пайдаланылады. 2жыл өте Windows2. 0 шығады. Жарты жылдан соң 2. 10 нұсқасы шығады. Бірақ бұлардың еш қандай ерекшклігі болмайды. . 1990 жылдың мамыр айы үлкентөңкеріс. Windows-тің 3. 0 нұсқасы шығады. Мұнда DOS қосымшасы бөлек толық экранда орындалды. Берілгендермен алмасу үшін Cope-Paste жұмыс істеді. Винчестерде жадтың бір неше режимінде жұмыс істеді. Екі жылдан соң 3. 1 нұсқасы шығады. Мұнда алдынғы нұсқалардағы базалықжад мәселелері жойылады және Turie-Type шрифттарынқолдайтын жаңа функция енгізіледі, жергілікті желімен қалпты жұмыс істеу мүмкіндігі туады. Drag&Drop пайда болады. (файлдарды тышқанмен жылжыту) 3. 11 нұсқасында желімен жұмыс істеу жақсартылды. 1995 жыл 24 тамызда Windows 95 шығады. Бұл жай ғана операциялық орта емес, бұл қамтылған операциялық жүйе еді. Интерфейсінде көптеген өзгешеліктер, көптеген баптаулар, жақсартулар болды. Біраз уақыт өте интерфейзі 95 тікі сияқты Windows NT шығады. Ол екі түрде сервер сияқты және жұмыс станциясы сияқты болды. Windows-тің жүйесі тұрақты еді. 1998 жылы internet Explorer және Outlook кірістірілген Windows 98 шықты. Қатты дисктерді Fat16 дан Fat32 бірден ауыстыруға болатын керемет утилита қосуға болады.

Бақылау сұрақтары

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
  2. Операциялық жүйелерді атаңыз?
  3. Uniх-тың пайда болуына не себеп болды?

Лекция №2. Unix операциялық жүйесінің негізгі ұғымдары.

Жоспар

1. Пайдаланушы

2. Пайдаланушы интертерфейсі

3. Суперпайдаланушы

4. Программалар

5. Командалар

6. Процесстер

Unix операциялық жүйесінің негізгі ерекшеліктерінің бірі оның аз ғана анық ұғымдар арасында негізделуі. Бірақ, бұл ұғымдардың қарапайымдылығына қарамасатан оларға үйрену қажет. Өйткені, бұл ұғымдарсыз операциялық жүйені түсіну мүмкін емес.

1. Пайдаланушы. Алғашқыда-ақ Unix операциялық жүйесі интерактивті жүйе ретінде ойластырылған еді. Жұмысты бастау үшін адам алдымен бос терминалда тіркелетін атын, паролін (міндетті емес) ендіру арқылы жүйеге кіруі керек. Жүйенің тіркелу файлында тіркелген, яғни тіркелген аты бар адам тіркелген пайдаланушы деп аталды. Жаңа пайдаланушыларды тіркеуді негізінен жүйе администраторы орындайды. Пайдаланушы өзінің тіркелген атын ауыстыра алмайды. Бірақ паролін орната және ауыстыра алады. Парольдар кодталған түрде арнайы файлда сақталады. Әрбір пайдаланушы өз паролін ұмытпауы тиіс. Себебі, ұмытқан жағдайда оны администратор да біліп бере алмайды. Unix-тің барлық пайдаланушылары файлдармен жұмыс істейді. Unix-тің файлдық жүйесі бұтақ тәрізді құрылымға ие. Мұнда бұтақтарды байланыстырушы түйіндер - каталогтардың басқа каталогтар мен файлдарға сілтемесі. Ал бұтақ жапырақтары бос файлдар мен каталогтарға сәйкес келеді. Әрбір тіркелген пайдаланушыға пайдаланушының үй каталогы деп аталатын файлдық жүйенің кейбір каталогтары сәйкес келеді. Жүйеге кіру барысында пайдаланушы өзінің үй каталогына және оның құрамындағы барлық катологтар мен файлдарға шексіз кіру мүмкіндігіне ие болады. Пайдаланушы үй катологындағы барлық катологтар мен файлдарды құруға, жоюға, толықтыруға мүмкіндігі бар.

2. Пайдаланушы интертерфейсі. Пайдаланушы мен Unix жүйесінің өзара байланысының дәстүрлі әдісі командалық тілдерді пайдалануға негізделеді (қазіргі кезде графикалық интерфейс көптеп қолданылады) . Пайдаланушы жүйеге кіргеннен кейін командалық интерпретатордың біреуі іске қосылады. Жалпы жүйеге ұқсас бірақ өзінің командалық тілдер мүмкіндігінен өзгешеленетін бірнеше командалық интерпретаторлар қамтамасыз етіледі. Unix операциялық жүйесінің кез-келген командалық интерпретаторының жалпы атауы Shell (қабықша) шақырылған командалық интерпретатор құрамында жай команда немесе командалар тізбегі болатын командалық қатарды енгізуге шақыру шығады. Командалық қатарды орындап экранға сәйкес нәтижелер файлы шыққан соң Shell қайтадан командалық қатарда енгізуге шақыру шығарады. Пайдаланушы өз жұмысын аяқтау үшін logoat командасын енгізу керек. Ctrl+a клавишін басу керек.

Unix операциялық жүйесінде пайдаланылатын командалық тілдер жаңа пайдаланушылар жұмыс істеуді тез бастауы үшін қарапайым ал күрделі программаларды жазуда қолдану үшін күшті болып жасалған. Соңғы мүмкіндігі құрамында командалық қатардың жанама тізбегі болуы мүмкін. Командалық файл механизміне (Shell Scripts) негізделеді. Команда орнына командалық файлын атын көрсеткен кезде интерпетатор файлды қатар-қатарымен оқиды. Unix операциялық жүйесінің негізгі өзегі әр бір пайдаланушыны жүйеде тіркелу барысында оған берілетін идентификаторы (UID-User Idenfier) арқылы бір келкілендіреді. Бұдан басқа әр бір пайдаланушы кейбір бүтін мәндерге біркілендіретін кейбір пайдаланушылар тобына жатады. (GID-Group Idenfier) UID және GID мәндері әр бір тіркелген пайдаланушы үшін жүйенің тіркелу файлында сақталады және пайдаланушы жүйеге түру барысында іске қосылатын командалық интерпретатор орындалатын процесске жазылады.

3. Супер пайдаланушы . Жүйе администраторы міндетті түрде тіркелген пайдаланушы болатыны белгілі. Оның жай пайдаланушыға қарағанда үлкен мүмкіншілігі болуы керек. Unix операциялық жүйесінде бұл мәселе бір UID мәнін беру арқылы шешіледі. Мұндай UID бар пайдаланушы Супер пайдаланушы (Super User) немесе root деп аталады. Оның кез-келген программаны орындауға және кез-келген файлға қол жеткезуге шексіз құқығы болады. Сонымен қатар мұндай пайдаланушының жүйені басқаруға толық мүмкіндігі бар. Ол оны тоқтата да, бұза да алады. Unix әлемінде Супер пайдаланушы болған адам не істеп жатқанын түсіну керек деп есептеледі. Супер пайдаланушы Unix операциялық жүйесі администратордың базалық процедураларын жақсы білу қажет. Ол жүйенің қауыпсіздігіне дұрыс құрылуына пайдаланушыны және алып тастауға жауап береді Unix операциялық жүйесінде Супер пайдаланушымен жай пайдаланушының тағы бір айырмашылығы Супер пайдаланушыға пайдаланған ресурстарға шектеу қойылады. Файлдар максималды өлшемі бөлінген жадтағы сигменттердің максималды саны тағы сол сияқты Супер пайдаланушы басқа пайдаланушылар үшін бұл шектеулерді өздерге алады, бірақ ол өзіне әсер етпейді.

4. Программалар Unix операциялық жүйесі бір мезгілде бар қолданбалы программаларды қолдану ортасы және жаңа қосымшаларды өңдеу ортасы болып табылады. Жаңа программаларды әр түрлі тілдерде (Фотрон, алголь, Паскаль, Ага, Модула және тағы басқалар) жазуға болады. Бірақ Unix ортасының стандартты программалау тілі Си тілі. Мұның себебі:

1) Си тілі сапалы тілдердің бірі болып табылады.

2) Unix жүйесінің Си тілінде жазылған.

3) Unix ортасында орындауға болатын Си тілінде программа өңдеу процесіне қысқаша тоқталып өтейлік. Кез-келген орындалған программа бір немесе бір неше объектілі файлдардан тоқталады. Сондықтан программа өңдеу мазмұнында Си тілінде жазылған мәтіні бар бастапқы файлдарды құрудан басталады. Бұл файлдар мазмұнында функцияның жергілікті атының анықтамасы сонымен қатар сыртқы атауларға сілтемелер болу мүмкін Мәтіндік файлдар Unix ортасы қолданған кез-келген бір мәтіндік редактор көмегімен құралады. Unix операциялық жүйесіінің дәстүрлік мәтіндік редакторы Ві болып табылады. Сонғы жылдары EMasc редакторы үлкен атаққа ие. Ол программаны жазудан басқа оларды түрлендіруге, түзетуге мүмкіндік беретін (сонымен қатар электронды почтаны қабылдау және жіберу және т. б. ) күшті көп терезелі редактор. EMasc редакторының кемшілігі ондағы функционалдық клавиштердің шектен тыс көп топтамасы (200-ден аса) Текстік файл құрылған соң ондан объектілі файл алу үшін оны түрлендіруге (компляторлау қажет) Unix операциялық жүйесінде Си тілі үшін танымал импеляторлар PLSS және GCSS болып табылады. GCSS-тің бір қасиеті оның тегін таратылуы, екіншіден GCSS толығымен қолдауда болады. Үшіншіден GCSS екінші нұсқасынан бастап Си, Си++, Objestibe программалау тілдерінде жазылған программаларды компляторлайды. Екі компляторда программаны екі этапта Си тіліндегі синтаксисті дұрыс текст ассемблер тіліндегі текстке айналады. Екінші этапта ассемблер тіліндегі текст негізінде машиналық кодтар генерацияланады. Нәтижеде объектілі файл пайда болады. Қажетті берілген жазбада бірінші этаттан кейін компляция процесін тоқтатуға және ассемблер тіліндегі программа мәтіні жазылған файлды ашуға болады.

5. Командалар.

Shell-дегі кез-келген командалық тіл негізінен үш бөліктен тұрады. Текстік қатарларды манипуляциялауға және жай командалар негізінде күрделі командалар құруға мүмкіндік беретін жұмыс конструкциясы.

  • Командалық тіл интерпедатор арқылы орындалған құрамдас команандалар
  • Бөлек орындалатын файлдар түрінде берілетін командалар.

Unix жүйесінде пайдаланушы жасған орындалатын файлды Shell командасы сияқты іске қосу үшін бастапқы файлдағы маіn функциясын анықтау жеткілікті.

6. Процесстер. Unix жүйесінде процес бұл өзінің вертуальді адрестік кеңестігінде орналасқан программа. Пайдаланушы жүйеге кіргенде автоматты түрде командалық интерпедатор командасынан орындалатын процесс құралады. Егер командалық интерпредаторларға орындалған файоға сәйкес келетін команда кездессе онда Маіn функциясын бастап сәйкес программаны іске қосады. Іске қосылған процесс өз кезегінде процессті құрады және онда басқа программаны (онда маіn функциясы болуы қажет) іске қоса алады.

Бақылау сұрақтары

1. Пайдаланушы деген не?

2. Пайдаланушы интертерфейсі дегеніміз не?

3. Суперпайдаланушы туралы түсінік беріңіз?

4. Программалар деген не?

5. Командалар деген не?

6. Процесстерге қысқаша түсінік беріңіз?

Лекция №3. Linux операциялық жүйесі.

Жоспар

  1. Linux операциялық жүйесі туралы түсінік.
  2. Linux нұсқаларының айырмашылығы

Linux көп есептілі және көп пайдаланылатын бизнес, білім және жеке программаға арналған операциялық жүйе. Linux Intel803866, Intel80186, Pentuim компьютерлерінде жұмыс істей алатын Unix типті операциялар тобына жатады. Linux жоғарыда айтылған компьютерлерді жұмыс станциясына айналдыра алады. Ол алғашқыда Линус Торбальс жасап шығарған Unix-тің нұсқасы. Қазіргі таңда ол XWindows, TCP\IP, Emase және т. б. пакеттерімен жұмыс істей алады. Linux-тің басқа операциялық жүйелерден қандай айырмашылығы бар?Ол өз еркі мен жасап шығарылған және ол үнемі даму үстінде. Бұл жұмысқа ерктілердің барлығы шақырылады. Қойылатын жалғыз талап ол Unix-қа қызығүшылық және оз мүмкіндігін ортада көрсетуде деген ынта Әлемдегі көптеген Университеттер операциялық жүйені программалау және жобалаудың оқу курстарда Linux-ті қолданады. Linux берілгендерді сақтауға түрлі типті файлдық жүйелер қолдайды.

Кейбір файлдық жүйелер мысалы, ext 2fs файлдық жүйесі арналған Linux үшін құрылған. Сонымен қатар Minix1, xenixфайлдық жүйесін қолдайтын қатты дисктегі MS DOS файлдарына тура қарауға мүмкіндік беретін MS DOS файлдық жүйесі іске асылған. Linux CD ROM дискілерңмен (I809660) жұмыс істеуге арналған. ISO 9660 CD ROM файлдық жүйесінде қолдайды. Linux желімен жұмыс істеу үшін ТСР\ІР протаколдарының толық топтамасын қамтамасыз етеді. Linux өзегі бірден Intel 80386, Intel 80486 процессорларына арналған арнайы қорғау режимін есепке алып құрылған. Linux-тің арнайы дистрибутиві жоқ. Әр қайсысы қандайда бір мақсат үшін жақсы болып табылатын көптеген дистрибутивтер бар. Бұлардың Internet-тен алуға болады. Linux-тің танымал дистрибутиві Slackware-ні орнату мәселесіне тоқталайық. Егер сіз Internet-ке қосылған болсаңыз Linux-ті көшірудің қарапайым жолы оны FTP серверлері арқылы алу. Дистрибутивиердің көпшілігі дискеталар түрінде сақталады. Дискета құрамын көшіріп алу үшін MS DOS-та Raw, RITE. EXE программсын пайдалану керек. Slakwere дистрибутициясы дискреп топтамасынан тұрады. Оның әр қайсысының құрамында программаның нақты типі бар. Біз қайсы топтаманы көшіру керектігін өзіміз таңдаймыз. Мысалы: А тобы бұл базалық жүйе жұмысты бастауға жеткілікті elvіs және comm командаларына қол жеткізеді. ( Еlvіs-текстік редактор, comm-файлдарды салыстыру. Бұдан басқа AP, D, E, F, I, N, OOP, Q, TTC, Y, X, XAP, XD, XV, IV, OF, T сияқты бар. А-тобы міндетті түрде басқалары өз еркімен алынады. Linux-тің дистрибутивтерін алған соң сіз өз жүйеңізді инсталяциялауға дайындаңыз. Linux нұсқаларының айырмашылығы болғаны мен инсталяцианың жалпы әдістері келесідей.

1. Қатты дискіні бөлектерге бөліңіз. Егер сізде басқа операциялық жүйе орнатылған болса онда сіз Linux-қа орын қалдыру үшін дисакіні қайтадан бөліңіз.

2. Linux инсталяциясының құралдарын жүктейміз. Әр бір дистрибутив инсталяция құралымын қандайда бір түрдегі жүктемелі дискетаға (ВООТ) ие. Ол программаларды инсталяйиялауға қажет. Бұл құралдарды жүктеу қандайда бір инсталяцияның қадамдық программасын шығарады. немесе оны қолдан орнатуға мүмкіндік береді.

3. Linuxқа бөлімдер қайтадан бөліп Linux-қа орын бөлінген соң сіз бұл орында Linuxбөлімін құрасыз.

Бақылау сұрақтары

  1. Linux дегеніміз не?
  2. Linux қандай нұсқалы компьютерлерде жұмыс істей алады?
  3. Linux-тің танымал дистрибутивін атаңыз.
  4. Linux нұсқаларының айырмашылығын атаңыз.

Леция №4. Linux-та бөліктерге бөлу концепциялары.

Жоспар

  1. Linux-та бөліктерге бөлу
  2. Linux-тің бөліктерге қоятын талаптары
  3. Linux-тің инсталяциясы.

Жалпы жағдайда қатты дискілер әр бір бөлікке бір операциялық жүйе орналасатындай бөліктерге бөлінеді. Мыс:сіз дискідегі бір-біріне тәуелсіз бөліктерді құруыңызға болады.

1. MS DOS үшін

2. ОС 2 үшін

3. Linux үшін

MS DOS-тің көптеген жүйелері барлық дискілік кеңістікті толтырып бір бөлікті пайдаланылады. MS DOS-та ол С : түрінде белгілі. Егер сізде бөлікте біреуінен көп болса, онда оларға D:, Е:және т. с. с. аттар беріледі. Әрбір бөлік тәуелсіз бір диск күйінде болады. Дискінің бірінші секторында мастер Master bood Record орналасады. (Жүктемелі жазу. )

Бөліктердің үш типі бар.

1. Бастапқы (Primary)

2. Кеңейтілген (Extended)

3. Логикалық (Logical)

Linux-тің бөліктерге қоятын талаптары.

Unix жүйесінде файлдарды сақтау үшін форматталған дискіде сақталады. Linux-тағы әрбір файлдық жүйе бөлек өмір сүреді. Linux-ті инсталяциялаудан бұрын сіз алдымен Linux программаларын орналастыру үшін файлдық жүйелерді дайындап алуыңыз қажет. Ең болмағанда бір файлдық жүйе болуы тиіс. Ол түбірлік файлдық жүйе. Көптеген Linux пайдаланушылар өздерінің барлық файлдарын бір түбірлік файлдық жүйеге орналастыруға тырысады. Өйткені бірнеше файлдық жүйені басқару оңайға түседі.

Linux-тің инсталяциясы.

Дискіні бөлектерге бөліп болған соң сізді инсталяцияны бастауға болады.

  • Linux-тің инсталяция құралдарын жүктейміз.
  • Бөліктерге құру үшін Fдискті орындаңыз.
  • Linuxфайлдық жүйесін құру үшін MLEFS-ті орындау.
  • Linux программасын инсталяциялаймыз.
  • Жаңа Linux жүйесінің іске қосылуы үшін жүктемелі жүктемелі дискті құрыңыз.

Бірақ Linux-тің нұсқасына қарай кейбір қадамдар автоматталған болуы мүмкін.

Көптеген дистрибутивтер Linux бөліктерін F диск программасының көмегімен құруыды айтады. Linux-тің дисковаттарымен бөліктерін басқа операциялық жүйелермен салыстырғанда аттары басқаша болады. MS DOS-та иілгіш дисктер А: және В: болады. Ал қатты дисктер С:, D: т. с. болады. Ал Linux-та IDEV каталогында орналасқан құрылғылар драйверлері жүйе құрылғылырамен үйлесу үшін қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі
Электрондық оқулықтарды құруды маңыздылығы
Интерактивті тақтаның құралдары
Қазақстан экологиясын инновациялық технологиялар көмегімен оқытудың жолдарын ұсыну
Инфoрмaтикaның нeгізгі ұғымдaры жәнe oны oқыту әдістeрі
Электронды оқыту құралының құрылымы
Ақпараттық мәдениет
Электрондық оқулықты айдалану жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz