ЛЕНИН (Ульянов) Владимр Ильич
ЛЕНИН (У л ь я н о в) Владимр Ильич (10 (22). 4. 1870, Симбирск, қазіргі
Ульяновск,—21. 1. 1924, Горки пос, қазіргі Ленинские Горки, Москва обл.—
адамзаттың данышпан ойшылы, еңбекші адам атаулының ұлы ұсатазы, кемеңгер
көсемі, К. Маркс пен Ф. Энгельстің істерін ілгері дамытушы. Асқан шебер
пролетариат революционер, Совет Одағы Коммунистік партиясын ұйымдастырушы,
советтік социалистік мемлекеттің негізін салушы.
'Лениннің мәңгі өшпес есімімен, өнегелі
өмірімен, ерлік ісімен байланысты
нәрсенің бәрі әрбір адал еңбекші адам үшін, адамзат қоғамының игілігі үшін
аса қадірлі, әбден қасиетті. Мұның өзінше табиғи сыры бар. Ленин өзі туып
өсіп, тәрбие алған әлеуметтік ортасы — қалың халық бұқарасымен тығыз
байланысқан, өз еңбектерімен күн көрген аяулы адамдар еді. Оның әкесі Илья
Николаевич Улъянов озат педагог-демократ, өмір бойы оқытушылық қызметпен
айналысып, ұстаздық етті, жас ұрпақтарды тәрбиеледі; анасы Мария
Александровна Улъянова — өз заманында мейлінше білімді, аса жоғары
мәдениетті, көргені көп, тәрбиесі мол, халық мұға-гі лімі деген ардақты
дәрежеге ие болған адам. Бұлар өздерінің барлық саналы өмірін, тамаша
педагогтық қабілеті мен мол тәжірибесін балаларына арнаған, оларды білімді,
идеялық жағынан ұстамды, парасатты адам етіп тәрбиелеуге жұмсаған. Мұның
өзі өз жемісін ойдағыдай етіп берді. Ульяновтардың жас шағында қайтыс
болған Ольгадан басқа бес баласы Анна, Александр, Владимир, Дмитрий,
Мария жалынды революционер, көрнекті қоғам қайраткерлері болып көзге түсті?
а Осындай ортадан шыққан Ленин бала кезінен-ақ өте зейінді, алғыр,
өмірлік мәселелерге тура да дұрыс баға бергіш болып өскен. Гимназияда оқып
жүрген шағында-ақ бірнеше шет тілдерді жете үйреніп, әдебиеттің әр алуан
түрлерін оқып, ол қоғам өмірінен, айналасындағы халық тұрмысынан, адамдар
арасындағы әр қилы қатынастардан көп нәрсені түйіп, қорытынды шығара
білген. Қоғам өмірінің осындай мәселелерін түсінуде өзінің дүниеге сын
көзбен, материалистік тұрғыдан қарауына оған сол кездегі озат орыс
әдебиеті, орыс революциялықолюцияшыл демократтарының шығармалары, Батыс
Европа революционерлерінің еңбектерінен оқығандары елеулі әсер еткен.
Өзіне біткен осындай аса зор зейін, таудай талап арқасында Ленин 1887
жылдың жазында Симбирск гимназиясын алтын медальмен бітіріп, сол жылдың
күзінде Қазан университетінетіне оқуға түседі.
Бұл кезде Лениннің дүниеге материалистік көзқарасы,
революциялықолюциялық іс пен күреске, деген пікірі тұрақты
қалыптасқан.
Сондықтан да ол университетке түсісімен-ақ ондағы студенттер арасындағы
революциялықолюциялық қозғалысқа араласады, жиындарда патша өкіметіне қарсы
жалынды сөздер сөйлейді. Бұл алғашқы ашық революциялықолюциялық қызметі
үшін-ақ ол 1887 ж. декабрьде қамауға алынады, университеттен шығарылады,
одан соң Қазан губерниясындағы Кокушкино (қазіргі Ленино селосы, Қазаннан
40 шақырым жерде) дейтін дереволюциялықняға айдалып жіберіледі. Дәл сол
кезден бастап Ленин бір-жолата революциялықолюциялық іске бел байлайды,
ендігі жерде менің алдымда бір ғана жол қалды, ол — революциялықолюциялық
күрес жолы дейді. Келесі жылы (1888) Қазан қаласындағы жасырын маркстік
үйірмелердің біріне кіріп, онда Маркс пен Энгельс шы-ғармаларын, бүкіл
революциялықолициялық әдебиеттің елеулілерін жан-жақты оқып үйрене-ді,
әсіресе Маркстің басты еңбегі .Капиталды мұқияттап оқиды, одан өзіне мол
рухани азық табады. Мұның нәтижесінде революциялықолюциялық күрестің тео-
риясын, стратегиясы мен тактикасын терең түсінеді. Сонымен, алты жыл
(1888—93) бойы Қазан мен Самара губларында дәйекті және жүйелі түрде
революциялықолюциялық жұмыс жүргізеді, қоғамды революциялықолициялық жолмен
өзгерте алатын бірден-бір жеңімпаз күш — жұмысшы табы екеніне көзі жетеді.
Россияда өріс алған халықшылдардың бұл мәселелер жайында ұстаған жолдарының
мүлдем теріс екенін ұғады, оларды марксистер арасында әшкерелей бастайды.
Ол кезде осындай революциялық жұмыстармен қатар Ленин өздігінен оқып, өз
білімін үздіксіз толықтыра береді. 1891 ж. Петербург университетінің заң
факультетіне экстерн ретінде емтихан тапсырып, 1-дәрежелі диплом алады.
Мұның өзі де Ленинге біткен талант пен іскерліктің айрықша бір бейнесі еді.
Волга бойындағы қалаларда жүргізген революциялық жұмыстары кезінде-ақ Ленин
өзінің білімділігімен, іскерлігімен, революциялық жұмысқа деген
алғырлығымен ерекше көзге түседі, революциялық күрес жолдарындағы
жолдастары мен әріптестері арасында аса жоғары құрметке ие болады. Самара
қаласындағы Ленин ұйымдастырған маркстік үйірме мүшелері естеліктеріне
қарағанда, олар 20 жастағы жас Ленинді мынадай екі топ қасиеттері үшін: бір
жағынан, мейлінше қарапайымдылығы, қамқоршылдығы, жарқын жүзділігі үшін;
екінші жағынан, терең білімділігі, асқан дәйектілігі, керемет көрегендігі
үшін аса жоғары қадір тұтқан. Ленин жайында сол кездің өзінде-ақ мұндай
бірыңғай қоғамдың пікірдің болуы — әбден табиғи құбылыс. Өйткені ол адам
үшін, оның өсуі мен өркендеуі үшін күрес майданына шыққан қаһарман
күрескер, жалынды революционер, жетік марксист еді. 90 жылдың басынан бері
революциялық қозғалысқа белсене араласқан, Коммунистік партиямыздың қарт
ардагерлерінің бірі Г. М. Кржижановский айтқандай, Ленин үшін марксист —
алдымен революционер еді.
90 жылдың басында Лениннің революциялық қызметінде жаңа кезең басталады.
1893 жылдың 2-жартысында ол Россиядағы жұмысшы қозғалысының маңызды ор-
талықтарының бірі — Петербургке келіп, революциялық істің қайнаған
орталығы-нан орын алады, аз уақыттың ішінде-ақ мұндағы марксистердің жұрт
таныған беделді басшысы болып, революциялық қозғалыстың одан әрі өрістей
түсуіне үлкен әсер етеді. Мұндағы атқарған ісімен Ленин революциялық
қозғалыс тарихында, Коммунистік партияның ұйымдасу тарихында өзіндік із
қалдырды. Мұнда ол алдымен либерал-халықшылдарға қарсы батыл" күрес
жүргізді, олардың патша өкіметіне құлдарша бас иіп, оған ашықтан-ашық
қызмет істей бастағанын аяусыз сынады. Осыған байланысты 1894 ж. Халықтың
достары деген не және олар социал-демократтарға қарсы қалай күреседі?
деген атақты еңбегін жазды. Мұнда ол сан алуан теориялық мәселелерді
шешумен қатар мына төмендегідей екі күрделі проблеманың басын ашып берді:
бір жағынан, халықшылдардың идеялық көзқарастарының теріс екенін, өмірден
мүлде қалып қойғандығын және сонымен қатар мейлінше зиянды екенін анықтады;
екінші жағынан, орыс жұмысшы табының тарихи ролін, Россияны социалистік
негізде қайта құру қолынан келетін нағыз революциялық күш екенін дәлелдеді.
Осы жағдайларды жан-жақты баяндай келіп, Ленин бұл еңбегін ғылми социализм
идеялары жұмысшылар арасына кең тараған кезде, бұлардың арасында берік
ұйымдар құрылған кезде орыс жұмысшысы барлық демократияшыл элементтердің
бастаушысы болып көтеріліп, абсолютизмді құлатады, сөйтіп орыс
пролетариатын ашық саяси күрестің тура жолымен жеңімпаз коммунистік
революцияға апарады деген қорытындымен аяқтады. Бұл — бірден-бір сол
кезеңдегі алдыңғы қатарлы қағида еді. Мұның өзі Лениннің нағыз революциялық
теоретик екенін, қоғам өміріндегі өз орны бар саяси қайраткер екенін
айқындай түсті.
Лениннің Петербургке келгеннен кейінгі қолға алған алып жұмыстарының енді
бір тобы — түрлі маркстік үйірмелерді жинастыру мен топтастыру негізінде
жұмысшы табының өзіне тән партия ұйымын, алдыңғы қатарлы бастауыш отрядын,
авангардын құру болды. Осыған байланысты 1895 жылдың 1-жартысында
шетелдерге барып, ЦІвейцариядағы Плеханов бастаған Еңбекті азат ету
тобымен байланыс жасады. Батыс Европадағы басқа да марксистермен танысады.
Ол жақтан қайтып келісімен сол жылдың күзінде Петербург қаласындағындағы
маркстік үйірмелерді біріктіріп, Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес
одағын ұйымдастырады. Бұл одақ Россиядағы жұмысшы табы партиясының ұйтқысы
болды. Бірақ патша өкіметінің жендеттері бұл ұйымның ізіне түсіп, Ленинді
бірсыпыра серіктерімен тұтқынға алды, ақырында, 1897 жылдың бас кезінде
Сібірге (Шушенское) жер аударды. Мұнда жүріп те Ленин өзінің революциялық
жұмыстарын тоқтатпады, марксистермен байланысын үзбей, отыздан аса ғылми
еңбек, соның ішінде Россияда капитализмніц дамуы атты атақты еңбегін
жазды.
1900 жылдың басында Ленин айдаудан қайтып, елдің бірсыпыра қалаларын
аралайды, олардағы революциялық. жұмыс жүргізушілермен байланысады. Бірақ
патша өкіметінің қуғындауына байланысты шетелге кетіп, бес жыл бойы
(1900—1905) Мюнхенде, Лондондат Женевада тұруға мәжбүр болады. Сонда жүріп-
ақ өзінің революциялық қызметін бұрынғыдан бетер күшейте түсті, Россиядағы
революциялық. қозғалысқа басшылық етті, жұмысшы табының жаңа типтегі
партиясын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты тікелей қолға алды, бұл жайында сан
алуан теориялық еңбектер жазды. Алдымен Искра газетін шығарып, онда
жұмысшы партиясын ұйымдастырудың барлық мәселелерін кеңінен жаза бастады,
РСДЖП Программасы мен Уставының жобасын жасады, яғни жұмысшы партиясының
идеялық-саяси және ұйымдық негіздерін тұжырымдады. Лениндік осы негіздерде
1903 ж. РСДЖП-нің 2-съезі шақырылып, онда Россия жұмысшы табының шын
мәнісіндегі партиясы— большевиктер партиясы ұйымдасты. Большевизм,— деп
жазды ол,— саяси ой ағымы ретінде және саяси партия ретінде, 1903 жылдан
бері өмір сүріп келеді (Шығ., 41-т., 6-6.). Бұл кезде жазылған лениндік
тамаша теориялық еңбектерде жұмысшы партиясының барлық негізгі
принциптері, стратегиялық жоспары мен тактикалық бағыты, алда болғалы
тұрған революциядағы міндеттері жан-жақты шешілді. Не істеу керек? атты
еңбекте Революциялық теория болмаса, революциялық қозғалыс та болмақ
емес... Алдыңғы қатарлы теорияны қолданған партия ғана алдыңғы қатарлы
күрескердің ролін атқара алады (Шығ., 5-т., 394, 396-6.) деген қағида
тұжырымдалды. Ал Со-циал-демократияныц демократиялыц
революциялықолюциядагы екі тактикасы атты кітапта: Пролетариат,
самодержавиенің қарсылығын күшпен жаныштау үшін және буржуазияның
тұрақсыздығын күрмеу үшін, шаруалар бұқарасын өзіне қосып алып,
демократиялық төңкерісті ақыр аяғына дейін жеткізуге тиіс. Пролетариат
буржуазияның қарсылығын күшпен тойтару үшін және шаруалар мен ұсақ
буржуазияның тұрақсыздығын күрмеу үшін, халықтың жартылай пролетар
элементтерінің бұқарасын өзіне қосып алып, социалистік төңкеріс жасауға
тиіс (Шығ., 9т, 90-б.) деген нақты нұсқау берілді. Лениндік туындыларда
сол тұста жасалған осы тәрізді теориялық қорытындылар Россиядағы жұмысшы
қозғалысының өрістеуіне, партия ұйымдары жұмысының жандануына үлкен әсер
етті. Бірінші орыс революциясының болуына елеулі ықпал жасады.
1905 ж. күзінде Ленин еліне қайтып келіп, Петербургте болыпевиктік
ұйымдардың жұмысына тікелей басшылық етті, газеттерін басқарды, шығарысты.
Бірақ, амал не, 1906 ж. жазында полицияның қуғындауына байланысты ол
Финляндия жеріне ауысады, ал 1907 жылдың аяғында тағы да амалсыздан шетелге
кетеді. Содан он жыл бойы шет жерде жүріп, Россиядағы революциялық.
қозғалысқа, большевиктік партия ұйымдарының жұмыстарына үзбестен басшылық
етеді. Материализм және эмпириокритицизм атты кітабын жазып,
диалектикалық материализмді жаңа сатыға көтеріп дамытады, маркстік
философияны түрлі ревизиялаудан қорғап қалады. Революциялық қозғалыстың
жаңадан өрлеу тұсында Ленин партия жұмысының жан-жақты жандануына қолма-қол
әсер етеді, большевиктік жұмысшы газеті Правданың шығуына тікелей көмек
көрсетеді, партия кадрларын даярлауға қатысады, 1912 ж. Прагада РСДЖП-нің 6-
конференциясын өткізіп, меншевик-жойымпаздардан іргені аулақ салып,
партияның жаңа жағдайдағы нақты міндеттерін белгілейді. Ал 1-дүние жүзілік
соғыс тұсында 2-Интернационал қатарындағы социал-шовинистерді әшкерелейді,
империалистік соғыстың Азамат соғысына айналдыру үшін ұран көтереді. Дәл
осы тұста жазылған еңбектерінде бірнеше теориялық жаңа қағидалар
тұжырымдайды. Соның бірі — бір елде социализм орнату мүмкіндігі.
Экономикалық және саяси дамудың әркелкілігі — капитализмнің сөзсіз заңы,—
деп жазды Ленин,— олай болса, социализмнің әуелі бірнеше елде немесе тіпті,
жеке алынған, бір капиталистік елде жеңуі мүмкін (Шығ., 26-т., 354-6.).
Екіншісі — империализм капитализмнің соңғы, ақырғы сатысы деп дәлелдеуі.
Лениндік бұл қағидалар революциялық теорияда ашылған зор жаңалық еді,
социалистік революция теориясына қосылған үлкен үлес еді. Лениннің соғыс
кезінде жазған көптеген еңбектері Россияда болғалы тұрған революция тұсында
большевиктік партия ұстауға тиісті стратегия мен тактиканы айқындап ашып
берді.
1917 ж. Февраль буржуазиялық-демократиялық революция басталысымен Ленин
жұмысшы табы мен большевиктік партияның жаңа жағдайындағы міндеттерін
белгіледі. Алыстан жазылған хаттарында ол былай деп үн көтерді: Жұмысшы
жолдастар! Сіздер кеше патша монархиясын құлатып, пролетарлық ерліктің
кереметін көрсеттіңіздер. Империалистік соғысты жүргізіп отырған помещиктер
мен капиталпстер өкіметін құлату үшін сондай ерліктің кереметін бір шама
таяу уақыттың ішінде... сіздердің қайтадан көрсетулеріңізге тура келетіні
сөзсіз. Егер пролетарлық ұйымшылдықтың кереметін көрсетпесеңіздер осы
алдағы, нағыз революцияда сіздер түпкілікті жеңіп шыға алмайсыздар! (Шығ.,
31-т., 37-б.). Бұл — революцияның екінші кезеңіне, социалистік революцияға
шақыру еді. 1917 ж. 3(16) апрельде шетелден Петроградқа келіп, Ленин
Жасасын социалистік революция! деп ұран көтерді, өзінің атақты Апрель
тезистерінде буржуазиялық-демократиялық революциядан социалистік
революцияға өтудің, Бүкіл өкіметті Советтерге берудің қажеттігін
дәлелдеді. Сөйтіп, бұл міндеттерді іс жүзіне асыру жолында партиямызға,
жұмысшы табына басшылық етті, оларды социалистік революцияға бастады, мұны
іс жүзіне асыру жөнінде 1917 жылдың жеті айы (апр.— октябрьде) ішінде екі
жүзден аса еңбек жазды. Солардың ішінде Мем-лекет және революция, Апат
қаупі және онымен қалай күресу керек?, Большевиктер мемлекеттік өкіметті
ұстап тұра ала ма? деген сияқты ірі, елеулі жұмыстарды астыртын жүріп
жазды. Өйткені 1917 ж. июльде Уақытша буржуазиялық өкімет Ленинді қамауға
алу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты ол астыртын жұмысқа көшуге
мәжбүр болды.
Осындай жағдайда жүріп-ақ ол большевиктік партияға басшылық етіп, Россия
жұмысшы табы мен кедей шаруаларын социалистік революцияға бастап алып
келді. Соның нәтижесінде 1917 ж. 25 октябрьде (7 ноябрьде) В. И. Лениннің
тікелей басшылығы арқасында социалистік революция іс жүзіне асты. Сол күні
сөйлеген сөзінде В. И. Ленин былай деді: Қажеттігін большевиктер әрқашан
айтып келген жұмысшы және шаруа революциясы жасалды... Қазірден бастап
Россияның тарихында жаңа кезең басталады, сондықтан бұл үшінші орыс
революциясы өзінің түпкі қорытындысында социализмнің жеңуіне жеткізуге
тиіс
Бұл — сол кезеңдегі қоғам өміріндегі бірден – бір дұрыс болжам еді. Ұлы
Октябр Социалистік революциясы адамзат тарихында жаңа заманның бетін ашты,
тарихта тұңғыш рет социализм заманы басталды. Жұмысшылар мен шаруалардың
тұңғыш өкіметі — Совет өкіметінің басшысы, Коммунистік, партияның көсемі
ретінде Л. енді пролетариат диктатурасын нығайту, социализм орнату
жолындағы міндеттерді шешу ісіне басшылық етті, бұл күреске барлық партия
ұйымдарын, еңбекшілер жұртшылығын жұмылдырды. Ленин ең алдымен ел ішінде,
бүкіл дүние жүзінде бейбітшілік орнату ісін қолға алды, дүние жүзілік
соғысты тоқтату туралы барлық елдер мен халықтарға үндеу жазды. Совет
өкіметінің өзі қол қой-ған бірінші декретін бейбітшілік мәселесіне арнады.
Бұл өте шиеленіскен мәселені шешудегі Лениннің ұлы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz