Қазақстандықтардың Ленинград қаласына көрсеткен материалдық және рухани көмегі


Қазақстандықтар - Ленинградқа. Тыл мен майданның құрыштай берік бірлігі, СССР халықтарының мызғымас достығы тыл еңбеккерлерінің қаһарман-қалалардың, соның ішінде Ленинградтың ержүрек қорғаушыларын моральдық және материалдық жағынан қолдауынан айқын көрінді. 1941 жылдың сентябрінде гитлершіл басқыншылар Ленннградты қоршады. Алайда артиллериядан атқылау да, әуеден бомбалау да, тұрмыстағы қиыншылықтар мен қатерлі аштық та Ленннградты қорғаушылардың табандылығы мен ерлігін мұқалта алмады. Леиинградтықтарды бүкіл совет халқы қолдады. «Бауырымыз ленинградтықтар, - деп жазды Қазақстан еңбекшілері, - бұл қатерлі күндер үстінде Сіздермен біргеміз. Сіздің қалаңыз біздің бәрімізге жақын, бәрімізге қымбат қала . . . Ленинградтық жолдастар, мынау естеріңізде болсын: Сіздер жалғыз емессіздер . . . бүкіл дүние жүзі сіздердін күресіңізге көз тігіп отыр . . . Алыстағы қазақстандық достарыңыз, бауырларыңыз, апа-сіңлілерініз біздер де Сіздермен біргеміз.
Күштеріңізді өрбітіп, жігерлене түсіңіздер, өз қалаңызды фашистік мерезден қорғайтын мызғымас қамал болып сап түзеңіздер».
Қазақ халқы социалнстік кұрылыс жылдарында ленинградтықтардың өзіне қаншалықты орасан зор туысқандық көмек көрсеткенін ұмытқан жоқ. Ленинград Қазақстанға камқорлық көмек көрсетіп, мешеу қалған өлкеден гүлденген социалистік республикаға айналуына жәрдемдескен болатын. Қазақстан еңбекшілері ленннградтықтарға көмектесу үшін майдандық вахтаға тұрды.
Халық ақыны Жамбыл ленннградтықтарға «Ленинградтық Өренім» атты жалынды өлеңін арнады. Ол үлкен плакаттарға басылып, қала үйлерінің қабырғаларына жапсырылды. Қаһарман-қаладағы халық жасағының жауынгері, көрнекті қазақ ғалымы К. Мыңбаев Жамбылға былай деп жазды: «Қымбатты Жамбыл, сенің үніңді бүкіл Ленинград естіді. Өз халқыма, өз ақыныма деген мақтаныш сезімі менің жүрегімді кернеді, сенің сөздерің біздің ленинградтықтардың бәрін жаңа ерлікке жігерлендірді».
Қазакстанның халық ақыны Жамбыл Жабаевтың Ленин қаласы еңбекшілеріне арналған өлеңінен
Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін.
Қарсы аттанды жауға жұрт,
Көтерілді қалың ел.
Жау батпаны жатыр деп,
Қайысқан жоқ біздің бел.
Тірек болған еліме,
Туым едің сен алғаш,
Ленинградтың төріне
Жау тырнағын сала алмас!
Қялаына Лениннің
Жан-жағынан елімнің
Ағытылған от арба,
Батырларын жібергеи
Ауыл, қыстақ, шаһар да,
Қазақстан жерінен
Мұнай да ағып тасыған;
Сұр қорғасын темір мен
Сол тасқынға қосылған.
Қара көмір, қызыл мыс
Секілденіп жалын күш
Барып жатыр осыдан;
Оққа ұқсаған дәндерім,
Қызыл шырай алмалар
Бал татытып дәмдерін,
Барып жатыр бәрі де
- Жүйрікпенен жорғаларСоның бәрі көмегім, Қанқұмарды жеңуге, Жел сесінен жегеніңСығып алып беруге!
Қатты майдан алда бар,
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар!
Құс ұйқылы көнемін
Қайтіп ұйқы көремін!. .
Жетсін деймін сендерге
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласындағы Лениннің
Сайып қыран өренім!
Жамбылдың жолдаған хатына ленинградтықтар былай деп жауап берді:
Жауға қаһар, - жырың бізге арнаған,
. . . Тыңда бізді, ант етеміз, туған ел:
Танк болып, самолет боп самғаған . . .
Ленинградты жау қолына бермейміз
. . . Жеңіс жайлы жырларыңнан нұр-шуақ
Ертең қайта жадырайды бұл, әлем,
Бойымызға құйылады күш-қуат.
Сертіміз сол, тышнымаймыз жеңбей біз
Белгілі жазушы Всеволод Вишневский осы бір жүрек тебірентерлік күндер жөнінде кейіннен былай деп еске алды: «Біз бұл хатты көзімізге жас алып, қуаныш толқуы сезімімен оқыдық- Бұл хатты күшті резервтің келуі секілді қымбат сезіндік. Қазақстан халқы бізге өзінің туысқандық сәлемін, сүйіспеншілігі мен достығын жолдады, сондықтан да біз ұрысқа күш-жігеріміз тасып аттандық».
1942 жылғы 4 майда Қазақстан К(б) П Орталык Комитеті Ленинградтың қаһарман қорғаушыларына материалдық көмек көрсету туралы арнаулы шешім қабылдады. Азық-түлік пен сыйлықтар жинау айлығы жарияланды. 1942 жылдың 28 майыңда Ленинградқа республиканың түкпір-түкпірінен азық-түлік пен сыйлықтар тиелген 139 вагон жөнеліілді. Қазақстандықтар делегациясы өздерімен бірге «Ленинградтық бауырларға» атты өлеңдер жинағын апарды. Оған Жамбылдың, С. Мұқановтың, Т. Жароковтың өлеңдері және коллектив болып жазған «Өшпес қала туралы баллада» енді. Бұл қаһарман Ленинградты қорғаушыларға Қазақстаннан жіберілгеи алғашқы сыйлықтар еді. 1943 жылдың ноябріне таман республика еңбекшілері ленинградтықтарға сыйлықтар тиелген барлығы 400 вагон жіберді. «Бұл сыйлықтар, - деп жазды қазақстандықтар, - біздің ойымыз, ең жақсы сезімдеріміз қашанда сіздермен бірге екенін еске салатын болсын. Біздің сыйлықтарымызды туысқандық көмек, біздің сіздермен бірлігіміздің көрінісі деп, жауды тезірек жеңу үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге деген мұқалмас жігеріміз деп қабыл алыңыздар. Ленинградтық аға-інілер мен апа-қарындастар! Бүкіл совет халқы сіздермен бірге. Ұлы Ленин қаласымен біздің айнымас достығымыздың арқауын ешкім ешқашанда үзе алмайды».
Қазақстан Ленинград облысының партизандарымен тығыз байланыс орнатты, олардың арасында қазақстандықтар да ерлікпен шайқасқан еді. Қазақстан өкілдері Ленинград партизандарына сыйлықтар апарып екі рет барып қайтты. Алғашқы кездесу 1942 жылдың ноябрь айынын аяғы мен декабрь айының басында болды. Қазақстандықтар азық-түлік тиелген 17 вагон жеткізді, ал жыл аяғында партизандар сыйлықтар тиелген тағы да төрт эшелон алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz