Лицей оқушыларын әлеметтендірудің психологиялық мүмкіндіктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Лицей оқушыларын әлеметтендірудің психологиялық мүмкіндіктері

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының президенті өзінің 2012
жылғы жолдауында адами капиталдың сапалы өсуі туралы білім мен денсаулық
мәселелеріне назар аударды және оның алты іс-шарасын атап көрсетті. Атап
айтқанда бесінші шарасында оқуда жастарға тек қана білім беріп қана қоймай,
сонымен бірге, оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де
үйретуіне назар аударды.
Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен қалыптасқан іскерлік
дәрежесіне байланысты. Яғни лицей оқушыларының дүниетанымы, зердесі,
адамгершілік мінез-құлқы, дарындылардың қабілетін дамыту үшін, алдымен
олардың өзіндік ерекшеліктерін танып білуіміз керек және сапалық қасиеттері
заман талабына сай дамып қалыптасуы қажет.
Әлеуметтену әлеуметтік өмірге еңгізетін процесс. Тұлғаны
әлеуметтендіруге де феномен ретінде әр кезде түрлі ғалымдар, психологтар,
әлеуметтанушылар, философтар мен педагогтер де мән берген: А.Г.Асмолов,
Л.С.Выготский, И.С.Кон, А.В.Мудрик, И.П.Подласный, В.Мардахаев, ал Отандық
ғалымдарымыз Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Қ.Қожахметова,
М.Демеуова және т.б.
Тұлғаны әлеуметтендіру теориялық негізін айқындауда біз алыс және жақын
шетел, Қазақстан ғалымдарының еңбектерін негізге алдық.
Зерттеу жұмысымыздың теориялық және әдіснамалық негіздері Ресей
ғалымдарының еңбектерінде баса назар аударылған. О.С.Газман, С.С.Гиль,
Н.Л.Селиванова, И.В.Руденко, М.Е.Кульпединова және т.б. ғалымдар үлкен үлес
қосты. Жеке тұлғаның, жастардың әлеуметтік мәселелерін зерттеуде үлес
қосқандар: И.Ж.Сапарбеков, К.Ү.Биекенов, Е.В.Никитенко, Г.О.Әбдікерова,
Н.М.Кудро,С.А. Золотухин, О.Н.Нұсқабаев, Л.Қасымова, Л.И.Ізтілеуова,
Г.С.Әбдірайымова, Р.С.Салықжанов, Т.Царева, Д.К.Қазымбетова, Ж.М.Ляднева.
Жеке тұлғаның әлеуметтендіру мүмкіндіктерін зерттеу барысында қазақ-
түрік лицей оқушыларын әлеуметтенуіне басты назар аудару қажеттілігі
туындады.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2030-жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасына
сүйеніп, сапалы білімімен ХХI ғасырда жан-жақты дайындалған, қазақ үшін
жаным пида болсын дейтін рухы мықты жастарды тәрбиелеу мәселенің ықпал
етуі әр түрлі факторларға байланысты.
Мұндағы оқушы тұлғаның төрт негізгі аспектілерімен өзара байланыста
сипатталады. Олар: интеллект (зияттылық), шығармашылық (креативтілік),
мотивация, тұлғаның әлеуметтік бейімділігі. Сондықтан лицей оқушысы
әлеуметтенудің субъектісі ретінде жеке дара зерттеуді қажет етеді. Ал
лицейдегі оқушыларды әлеуметтендіру барысында төменгі мәселелерді
көздейді:
- оқу үрдісінде оқушылардың іс-әрекеттердің қай аймағында өздерінің
бейімділігі мен қабілеттілігін саналы түрде танып білуге жаңа жағдаяттар
жасауды ұйымдастыру;
- психологиялық қызмет әрекеттерін күшейту (оқушылардың қызметтік
ынтасын, белсенділігін, яғни олардың өзін-өзі тұлғалық айқындауын көрсетуін
дамытуға бағытталған арнайы дайындығы);
-лицейде ақпараттық-кеңестік орталықтарды ұйымдастыру (оқушылардың өз
іс-әрекеттеріне өз бетімен мақсат қою, өзі үшін негізгі және жалпы пәндерді
айқындалуына мүмкіншіліктер туғызу).
Қазіргі кезде тұлғаны қалыптастырудағы өзекті аспектінің бірі ол
әлеуметтік және психологиялық ғылым аймақтарының негізгі зерттеу
мәселелерінің бірі тұлғаның әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктері болып
табылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып біз қазіргі білім беру
процесіндегі әлеуметтендіру қайшылықтар мен өзектілігі, сондай-ақ, оның
теориялық және практикалық мәні біздің зерттеуіміздің Лицей оқушыларын
әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктері деген тақырыбын анықтап
берді.
Зерттеудің мақсаты: Лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық
мүмкіндіктерінің теориялық негіздерін анықтау және олардың бейімділігі мен
қабілеттілігін тәжірибеде пайдаланудың тиімді жолдарын айкындау.
Зерттеу нысаны: Оқу-тәрбие процесінде лицей оқушыларын
әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктері (Қызылорда қаласындағы № 10
дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының оқу-
тәрбие процесі).
Зерттеу пәні: Лицей оқушыларының бейімділігі мен қабілеттілігін
пайдалану негізінде әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерін ашу.
Зерттеу әдістері: Ғылыми болжамды анықтау үшін зерттеу тақырыбы бойынша
философиялық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтану және әдістемелік
әдебиеттерге теориялық талдау жасау, әлеуметтендірудің психологиялық
мүмкіндіктерін еңгізудің әдістемесіне сипаттама беру, бақылау жүргізу,
тәжірибелік-эксперимент жұмысын ұйымдастыру, алынған мәліметтерін өңдеудің
математикалық әдістері және нәтижесіне баға беру, қорыту.
Алынған нәтижелері, олардың жаңалығы: Лицей оқушыларын
әлеуметтендірудің психологиялық мәселелерінің теориялық маңыздылығы
анықталды; әлеуметтену, әлеуметтендіру, бейімділік, қабілеттілік,
дарындылық т.б ұғымдарының мәні мен мазмұны нақтыланды; Лицей оқушыларын
әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерін дамыту атты әдістемелік
тапсырмалар жинағы жасалынып, оның тиімділігі тәжірибе арқылы дәлелденді.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:
- лицей оқушыларының әлеуметтендіру мүмкіндіктері бойынша теориялық
білім жүйеленді, әлеуметтену, әлеуметтендіру, қабілеттілік,
дарындылық түсінігі нақтыланды;
- жеке тұлғаның әлеуметтендірудің факторлары көрсетілді;
-лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерінің
мазмұны ашылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары:
-лицей өміріне әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерінің
шарттарының негізі – әлеуметтену үдерісі болып табылады;
-лицей оқушыларын әлеметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерін ашуға
тренингтік жағдайда ұйымдастырылған арнайы психологиялық техникаларды
пайдалану тиімді;
-оқушылардың дарындылығын дамытудың теориялық негіздері тұрғысында
айқындалған дарындылықты дамыту ұғымының мәні мен мазмұны;
-лицей өміріне бейімделу қасиеті, яғни өзімен және айналасындағылармен
қарым-қатынаста, өз бетімен қол жеткізе білу қабілеті тұлғаны
психологиялық қолдаудың ақырғы нәтижесі болады;
-инвариантты және вариантивті құрамдас бөлімдерді қамтитын
әлеуметтенудің психологиялық қолдау технологияларының құрылымдары мен
мазмұнын өзгерту;
-әлеуметтендіру, үдерістерді ықпалдастыруға негізделетін – білім беру
қызметтерін жетілдіру.
Диссертация тақырыбы бойынша жұмыстын нәтижесін мақұлдау: № 10 дарынды
балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты.
Зерттеудiң практикалық мәнділігі: Лицей оқушыларын әлеуметтендірудің
психологиялық мүмкіндіктерінің көрінуі бойынша диагностикалық материалдар
ендірілді.
Жариялау: Зерттеу негізгі нәтижелері республикалық (1) ғылыми-
тәжірибелік конференцияда баяндалды, сондай-ақ №10 дарынды балаларға
арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының (1) мерзімді әдістемелік
семинарында көрініс тапты.
Дарынды балаларды әлеуметтендіру мәселесі – Білім. Ғылым. Инновация:
Өзекті мәселелері мен даму жолдары атты II Республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференция 15 қараша. Қызылорда, 2011.
Жұмыстың құрылымы және көлемі: Диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер (106) тізімінен және (5) қосымшадан
тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

Лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерінің
ғылыми-теориялық негіздері атты бірінші тарауда зерттеу мәселесінің
әдіснамалық-теориялық негіздерін анықтау мақсатында лицей оқушыларын
әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерін ашу мәселесі саласында жарық
көрген көптеген еңбектерге талдау арқылы көзқарастарының мазмұны анықталып,
жан-жақты сипаттама беріледі, оның ішінде қазақ ғалымдарының материалдарын
пайдалану мәселесі ғылыми тұрғыдан аз қаралғандығы айқындалады.
Тұлғаның әлеуметтену мәселесі көптеген психологиялық-педагогикалық
теорияларда қарастырылған.
Әлеуметтенудің бейімделушілік тұжырымдамасының өкілдері Дж.Дьюи,
В.Кукартц, Т.Парсонс, О.Брим, Р.Кениг және т.б. Джон Дьюидің әлеуметтенудің
бейімделушілік тұжырымдамасы теориялық жүйесінде бейнеленді. Ол мектепті
буржуазиялық демократияның лабораториясы және әлеуметтік орта мен
адамаралық қатынасты өзгертудің керемет құралы деп есептеді.
Дж.Дьюи адамның табиғаттан берілген қасиеттері әлеуметтену барысында
ғана көрінеді және әлеуметтену адамды қоғамдық ортаға бейімдейді, сонымен
қатар әр адамның даралығының да көрініс беруі деп түсіндірді.
Талпыныс, көзқарас, сенім орта әсерімен беріледі, орта адамды белгілі
бағытта ойлау мен сенуге көмектесіп, бір көзқарастарды өзгертсе,
екіншілерін бекіте түседі.
ХХ ғ. 50 жылдардың аяғы мен 60 жылдардың басында әлеуметтенудің
бейімделушілік тұжырымдамасы позитивистік әдіснама негізінде құрылымдық
функционализм (Т.Парсонс, О.Брим, Р.Кениг, В.Брецинка, В.Кукарту, П.Фулкье,
Р.Лафон т.б.) ықпалымен қалыптасты. Әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы
индивидтердің әлеуметтік бейімделуі нәтижесінде жүзеге асады, әлеуметтену
процесі – әлеуметтік жүйе талаптарына жақсы бейімделген тұлғаны
қалыптастыру. Сәтті әлеуметтену ұғымы индивидтің әлеуметтік белсенділік
мәселесіне оншалықты мән бермейді.
ХХ ғ. 60 жылдарының аяғында әлеуметтенудің бейімделушілік модельдері
қайта қарала бастады, өйткені Еуропа мен АҚШ-та жастар қозғалысы өрши
түскен еді: мемлекеттің жастарды әлеуметтендіру мәселесін шешуі көкейкесті
болып табылады.
ХХғ. 70 жылдары осы сұранысты жүзеге асыру үшін әлеуметтенудің рөлдік
тұжырымдамасы қалыптасты, бұл тұжырымдаманы гуманитарлық педагогика
өкілдері (Р.Дарендорф, Ф.Тенбрук, К.Лэнгтон т.б.) белсенді түрде дамытты.
Олар әлеуметтенуді жастардың өз референттік тобының нормасын
интериоризациялау арқылы әлеуметтік рөлдер жүйесіне енуі болып табылады
деп түсіндірді.
Әлеуметтену мәнін түсінуде рөлдік тұжырымдама өкілдерінің көзқарасы әр
түрлі болып табылады, олар: К.Лэнгтон әлеуметтенуді әлеуметтік топ пен
қоғамның мінез-құлық моделі мен қатынасын игеру, ал Х.Рейнольдз өз
қоғамының құндылығын, дәстүрін, салтын зерттеу процесі, сонымен қатар
Р.Дарендорф қоғамда алатын орнына сәйкес әр тұлғаны белгілі әлеуметтік
рөлді орындауға дайындау.
Әлеуметтенудің сыни ой тұжырымдамасының жақтаушылары өздерінің
теориялық жұмыстарында мынадай ұғымдарды қолдануда:
- өзін-өзі басқару;
- өзіндік айқындау;
- өзіндік нақтылау;
- рухани өзін жинақтау т.б.
Әлеуметтенудің сыни тұжырымдасының басты теоретиктерінің бірі –
К.Роджерс. Ол психотерапиядағы ерекше бағытты жасаушы және ғылымға
гуманистік психологияның теоретигі ретінде танымал. Ол өз жұмысында
әлеуметтену баладан жасанды тұлға жасау емес, оның өзін дамытуын қажет
етуі, - деп түсіндірді. Тұлғаның әлеуметтенуі барысында өзін бағалаудағы
өзгергіштік және әлеуметтік тәжірибесін жинақтауы нәтижесінде құндылықтар
жүйесін қайта қарайтындығына мән берді. Адам ұзақ уақыт бойы өзін
экономикалық күштерді бейсана күштерін немесе қоршаған орта әсерін сезінуші
ретінде ұғынды, бірақ ол біртіндеп тәуелсіздіктің жаңа декларациясын
ұсынады да, күрделі және қайшылықты әлемде өзімен-өзі болуды таңдайды деп
айқындады К.Роджерс.
Әлеуметтенудің когнитивтік тұжырымдамасы өкілдері тұлғаның әлеуметтік
әрекеттерді игеруінің басты мүмкіншілігі ретінде когнитивтік процестердің
рөлін ерекшелеп көрсетті.
Теоретиктер өз зерттеулерінде генетикалық психологияның өкілі Жан
Пиаженің психологиялық идеяларына сүйенеді, өйткені ол тұлғалық даму
ойлаудың дамуына әсер етеді деп түсінді. Ж.Пиаженің маңызды идеясы – бала
ойлауының қалыптасуына әлеуметтену мен қарым-қатынастың әсерін айқындайды.
Бала ер жете келе, әлеуметтене отырып екі жақты қарым-қатынасқа түседі:
біріншіден ересектермен қарым-қатынаста әлеуметтік өмірдің нормасы мен
ережесін; екіншіден құрбыларымен қарым-қатынаста өмірлік тәжірибені игеру,
өзара бақылауды, көмек беруді, пікір алмасуды игереді. 7-8 жастағы
балаларды әлеуметтендіру үшін ережелерді айтып, әрекетінің салдарын
түсіндіріп және бала мінез-құлқын бақылау қажет. Ж.Пиаже балалар дамуындағы
психологиялық жаңа құрылымның көрінуін теориялық тұрғыда негіздеді.
Әлеуметтенудің когнитивтік тұжырымдамасының жетекші өкілдерінің бірі –
американ психологы мен педагогы Лоуренс Кольберг. Ол тұлғаның әлеуметтену
процесін моральдық сананың дамуы мен әлеуметтік өмір нормасы мен ережесін
игерту деген болатын. Әлеуметтік ортаны сыртқы ықпалдар жүйесі ғана емес,
сонымен қатар әлеуметтік рөлдерді қабылдауға ынталандырушы деп түсіндірді.
Психодинамика тұжырымдамасының теоретиктері адам ақыл ойы, күйзелісі,
бағалауы әлеуметтену барысында бейімделуге көмектеседі деді.
Курт Левин адам мінез-құлқы үшін тұлғаның ішкі және сыртқы ықпалдарын
есепке алу керектігін нақтылады. Тұлға ортамен өзара әрекет еткенде
әлеуметтік шындық өзінің оқиғасымен, құбылысымен, қатынастармен, тұлғалық
оқиғаларды қабылдауымен, түсіндіруімен маңыздырақ болып келетіндігін
нақтылады. К.Левин адамның әлеуметтік мінез-құлқы оның өмірлік кеңестігін
өзгерту деп түсінді.
Барлық тұжырымдама өкілдері әлеуметтену міндетін адамның әлеуметтік
байланыс жүйесінде бағдар алуы, әлеуметтік шындықты ұғына алуға көмектесуі
деп қорытындылады. Бұл мәселелердің диалектикалық бірлігі адамның қоршаған
ортамен өзара әрекетінде тұлға ретінде нәтижелі дамуын қамтамасыз ету болып
табылады.
Әлеуметтену – қарым-қатынас пен іс-әрекетте жүзеге асатын әлеуметтік
тәжірибені белсенді қайта жаңғырту мен игеру процесі мен нәтижесі.
Әлеуметтену – әлеуметтік норма мен мәдени құндылықтарды игеру мен қайта
жаңғырту барысында қоршаған ортамен өзара әрекетте өмірінің барлық
кезеңінде адамның дамуы, сонымен қатар өзі өмір сүретін ортада өзін-өзі
айқындауы мен өзін жүзеге асыруы болып табылады.
Американ әлеуметтанушысы Н.Смелзер әлеуметтануды индивидтің әлеуметтік
рөліне сәйкес іскерлік пен әлеуметтік бағдарының қалыптасу процесі деп
айқындайды.
Поляк елінің әлеуметтанушысы Я.Щепанский бойынша әлеуметтену дегеніміз
ортаның бүтіндей ықпалы, индивидті қоғамдық өмірге қатыстыру, мәдениетті,
ұжымдағы мінез-құлықты ұғынуға, әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауға
үйрету болып табылады.
Әр түрлі сөздіктерде әлеуметтену былай айқындалады:
- адамның қоғамның әлеуметтік нормасы мен мәдени құндылықтарын игеру
процесі;
- индивидтің әлеуметтік-мәдени тәжірибені игеру және дамыту процесі;
- қоғам, әлеуметтік қауымдастық, топқа сәйкес құндылық, норма, мінез-
құлық үлгілерін игеруі, тұлғаның қалыптасу процесі.
- адамның әлеуметтік практикаға енуі, әлеуметтік қасиеттерді, қоғамдық
тәжірибені игеруі.
И.С.Кон әлеуметтену мәселесін қарастыруға үлкен үлес қосты және ол бұл
ұғымның философиялық, әлеуметтанушылық, әлеуметтік-психологиялық,
этнографиялық, педагогикалық аспектілерін айқындап берді. Оның көзқарасы
бойынша Әлеуметтену ұғымы тәрбие ұғымынан кеңірек. Тәрбие индивидке
қажетті қасиеттерді игертуге бағытталған ықпалдар жүйесі, әлеуметтену
индивидтің мәдениетті игертуі және қоғамның тең құқылы мүшесі болуы үшін
спонтанды ықпалы болып табылады.
Тұлға дамуы іс-әрекетте жүзеге асады. Ойын іс-әрекеті әлеуметтенудің
жоғарғы деңгейін және дүниетанымның қалыптасуын қажет етпесе де, оқу-
өндірістік іс-әрекетте әлеуметтік фактордың рөлінің өсуі, ал шығармашылық
іс-әрекетте толыққанды дүниетанымның қалыптасуы жүзеге асады.
Әлеуметтену барысында тұлға бірнеше міндеттерді жүзеге асырады:

Сурет 1 - Тұлганың әлеуметтену барысы

- табиғи-мәдени міндеттер – әр жас кезеңінде өлкелік және мәдени
жағдайлардың ерекшелігіне сәйкес дене және сексуалдық дамудың белгілі
деңгейіне жету (жыныстық толығудың әртүрлі темпі, этнос пен өлкедегі әйел
мен ер кісінің эталлондары):
- әлеуметтік-мәдени міндеттер – тұлғаның әр жас кезеңінде танымдық,
моральдық-адамгершілік құндылықтарының дамуына социумның әсерін айқындау.
Бұл міндеттер адамның өлкелік ерекшелігімен және жақын ортасымен, әрі
бүтіндей қоғам ықпалымен анықталады.
Әлеуметтік-мәдени міндеттер екі түрде көрінеді:
- бірінші жағынан – адамға қоғамдық институттардың міндеттерін
вербальды түрде нақтылауымен;
- екінші жағынан – қоғамдық практика, салт-дәстүр, жақындарының
психологиялық стериотиптерімен айқындалады. Бұл екі мәселе әр уақытта
сәйкес бола бермейді, кейде тіпті бір-біріне қарама-қайшы болуы да мүмкін.
Әлеуметтік-психологиялық міндеттер – тұлғаның өзіндік санасының
қалыптасуы, өмірде өзін айқындауы, әр жас кезеңінде оны шешудің ерекше
мазмұны мен тәсілін қажет етуі. Тұлғаның өзіндік санасы әр жас кезеңінде
өзіндік танымның, өзіндік қабылдаудың дамуымен және Мен тұжырымдамасы,
өзіндік сыйлау деңгейінің қалыптасуымен нақтыланады.
Тұлғаның өзіндік танымының үш жолы бар:
- біріншісі, өзге адамдардың бағалауы мен пікірі. Бағалау қарапайым
(серіктесінің ескертуіне кекетіп жауап беру) және күрделі (өндірістегі
аттестаттау жүргізу кезіндегі пікірлердің маманның кәсіби дамуын нақтылауы)
болып бөлінеді.
- екіншісі, әлеуметтік салыстыру. Кез-келген адам өзін өзге адамдармен
салыстырады, сөйтіп құрбыларымнан, әріптестерімнен қалып қойдым ба және
өзгелер мені түсіне ме деп қынжылады, әсіресе жастық кезеңде өзгелерден
қалмау, уақытқа сәйкес болудың маңызы зор.
- үшінші мүмкін жол – өзіндік бағалау. Адам сырттай өз қылығын, қарым-
қатынасын бақылап, өзінің тұлғалық қасиеттері туралы қорытынды жасайды.
Лицей оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерін
дамытуға бағытталған эксперименттік зерттеу атты екінші тарауда лицей
оқушыларын әлеуметтендірудің психологиялық мүмкіндіктерін ашу мақсаттары
мен міндеттеріне негізгі қағидаларына мазмұндық сипаттама берілді және оның
нәтижелері болжамға сәйкес дәлелдігі көрсетілді, оны жүзеге асыруға
байланысты дайындалған ғылыми-әдістемелік құралдардың мазмұны сипатталды
және келесі реттегі эксперименталдық әдістемелер қолданылды:
1. Әлеуметтік интеллектіні зерттеу.
2. Түсініктерді салыстыру.
3. Интеллект лабилділігі немесе ауыса білу іскерлігі әдістемесі.
Лицей оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызды құрамдас
бөліктерінің біріне оқушыларды олардың тәртібіне, әрекетіне қарай түсіну
біліктілігі деп аталатын әлеуметтік интеллект жатады.
Берілген тест бойынша жоғары бағалағандар оқушылардың бейвербальды
әрекеті арқылы олардың қалпын, сезімдерін, мақсат, мүдделерін дұрыс
анықтауға қабілетті. Мұндай оқушылар, ең алдымен, коммуникацияға
қатысушылардың бейвербальды әрекетіне баса назар аударады. Мұндай қабілет –
бейвербальды экспрессияны сезіну қабілеті адамдардың өзгелерді түсіну, тану
қабілетін күшейтеді.
Ал тест нәтижелері бойынша төмен баға алғандар онтогенезді ерте
меңгеріліп, вербальді тілден гөрі көп сенімділік туғызатын дене қозғалысы
тілін, көзқарас, ишарат, ымды жақсы игермеген. Олар бейвербальды
реакциясына жеткілікті көңіл бөлмегендіктен, басқалардың сөздерінің мәнін
түсінбеуі мүмкін.
Егер тест нәтижелері бойынша жоғары ұпай жинасаңыз, онда сіздің
қолыңыздан төмендегі әрекеттер келеді деп айтуға болады:
- бейтаныс адамның суреті бойынша оны толық, дәл, анық суреттей аласыз;
- іскерлік қарым-қатынас барысында басқалардың эмоционалдық қалпын,
жағдайын түсіне аласыз;
- тілдесім барысында өзіңіздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаңырақ оқушылар қауымдастығы жұмысының жылдық есебі
МЕКТЕП БЕЙНЕСІ МЕН ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ КОМПОНЕНТТЕРІН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Ұлттық білім беруді дамыту стратегиясы
Оқыту принциптерінің сипаттамасы
Сынып жетекшісінің қызметтері
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Білім беру жүйесінің басты сипаты
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Оқытудың белсенді әдістері ұғымы
Жаңа типті мектеп гимназияда оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Пәндер