М.Дулатовтың педагогикалық-психологиялық көзқарастары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

М. Дулатовтың педагогикалық идеяларының теориялық

негіздері

М.Дулатовтың педагогикалық-психологиялық көзқарастары. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік
және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім
беру саласында –қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие
беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби
дайындау проблемаларын шешу қажеттігін қойып отыр.

Жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің
және оған болашақ мұғалімдерді дайындаудың бағдарлы идеялары еліміздің
тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 халыққа Жолдауының
Қазақстан мұраты бөлімінде былай айтылған: ...Олар бабаларының игі
дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында
жұмыс істеуге даяр болады. Олар... күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы,
өз елінің патриоты болдаы... Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады:
оның сакулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды:.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру
жүйесінің міндеттері: ... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны –Қазақстан
Республикасына сүйіспеншілкке, мемлекеттік рәміздері құрметтеуге, халық
дәстүрлерін қастерлеуге, ...әлемдік және отандық мәдениеттің
жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республикасының басқа да
халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен республиканың басқа да халықтарының
тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілде, орыс,
шетел тілдерін меңгеру, - делінген.

М.Дулатовтың педагогикалық-психологиялық көзқарастары.

Қазақ халқының ұлы ағартушы-педагогтары, ойшылдары мен қоғам
қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов,
Х.Досмұхамедов өз еңбектері арқылы қазақ этнопедагогикасының қалыптасуына
теориялық алғышарттар жасады. Олар бүкіл қазақ халқына ұлттық тәрбие беру,
ол үшін қазақтың ұлттық мектебін жасау, ол мектептегі ұлттық тәрбиенің
мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен құралдары және нәтижесін
негіздеді. Сол арқылы олар XX ғасырдың басында қазақ халқының болашағын
ойлап, оның мектебінің ұлттық болуы, қазақ тілінің тазалығын, мектептегі
білім мазмұнының қазақ халқының ұлттық мәнімен, оның ұлттық рухымен
бірлікте болуын дәлелдеді. [3]

Қазақ ұлтынан тұңғыш педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне
1962 жылы ие болған профессор Т.Тәжібаев өзінің 60-шы жылдардың басында
жазған Ауылдағы қазақ балаларының тәрбиесі және Қазақстанның мектептері
атты мақаласында Қазақтардың мәдени өмірінде фольклор, музыка, қолданбалы
өнер және халықтың тәрбиелік дәстүрлері басты рөл атқарған дей келіп,
қазақ балаларының ауылдардағы тәрбиесі халықтық педагогика негізінде
жүргізілгенін айтып, қазақ педагогикасының тарихында алғаш рет Халықтық
педагогика терминін былай өндіріпті: Халықтың сан ғасырлық тәжірибесін,
ойы мен мұң-мұқтажын білдіретін мақалдар мен мәтелдерде қазақтың халықтық
педагогикасы көп жинакталған.

Қазақ халық педагогикасын зерттеу қажеттігі туралы қазақ ғалымдары
арасынан ең алғаш пікір айтқан профессор М.Ғабдуллин еді. Ол өзінің Ата-
аналарға тәрбие туралы кеңес атты ғылыми-зерттеу еңбегінде былай деп ой
қозғаған: Қазақ халқының өмірінен орын алған тәрбиенің тарихын жан-жақты
түрде қарастыру өз алдына зерттелетін мәселе. Біздің мақсатымыз -
революцияға дейінгі қазақ арасында жас ұрпақты еңбек пен ерлікке
тәрбиелеуде халықтың нені арман еткенін және баланы жастайынан
тәрбиелегенде өсе келе кім болуын көздегенін шолып өту. Мұндай шолудың
керек болып отырған себебі, біріншіден, халқымыздың бала тәрбиелеудегі
өткен кездегі арман-мақсатымен танысу, екіншіден, оларды бүгінгі күннің
тілек-міндеттерімен салыстыру еді. Мұндағы автордың мақсаты қазақ халқының
сан ғасырлық ұлттық тәлім-тәрбиелік дәстүрлерімен елді таныстыра отырып,
болашақ зерттеушілерге халқымыздың өмірінен орын алған тәрбиенің тарихын
зерттеу қажеттігін, оны зерттейтін ғылымды анықтау керектігін керегендікпен
болжауы еді деп толық айтуға болады.

Ғылыми айналымға этнопедагогика терминін тұңғыш рет өндірген шуваш
ғалымы, профессор Г.Н.Волков екені XX ғасырдың 60 жылдары ортасында белгілі
болды. Ал Қазақстанда этнопедагогика терминін тұңғыш рет 1978 жылы
профессор Қ.Жарықбаев өзінің Революцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық
ой-пікірдің даму тарихынан атты әдістемелік ұсынысында берген еді. Сондай-
ақ ол 90-шы жылдары Халықтық педагогика - халықтың тәрбиелеу және оқыту
туралы білімдерінің қосындысы, ал Этнопедагогика - халықтық тәлім-
тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы
ғылым саласы деп, оларға өз анықтамаларын нақты жасап, қазақ
этнопедагогикасы бойынша зерттеу проблемаларын анықтап берді.

Осындай әдіснамалық негіздерге сүйенген қазақ ғалым-педагогтары 1990
жылдан бастап қазақ халық педагогикасы мен оның тарихын зерттеуге ерекше
кірісті.

Қазақстанда қазақ этнопедагогикасы және оның тарихы бойынша педагогика
ғылымдары докторы ғылыми дәрежесіне 14 адам ие болды, оның жетеуі -
Әмірғазин К., Балтабаев М., Ералин Қ., Қалиев С., Қожахметова К., Наурызбай
Ж., Ұзақбаева С. - қазақ этнопедагогикасынан; жетеуі - Жарықбаев К.,
Ильясова А., Көбесов А., Құнантаева К., Халитова I., Тәнекеев М., Әлсатов
Т. - қазақ этнопедагогикасының тарихынан қорғаған. Ал педагогика
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне қорғалған диссертациялардың саны
89 болды, олардың 60-ы қазақ этнопедагогикасынан, 29-ы қазақ
этнопедагогикасының тарихынан қорғалды. Барлығы - 103 диссертация болды.

Қазақ этнопедагогикасынан ғылыми-зерттеу жұмысы соңғы 10 жылда ерекше
қарқынмен жүргізіліп жатқанын және олардың нәтижелері республиканың
үздіксіз білім беру жүйесіне өндірілу барысын 1-кестеден көруге болады.

Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі - XIX ғасырдың екінші жартысы
және ол осы тұстағы ағартушы-демократ, ойшыл зиялылардың еңбектерімен тығыз
байланысты десек те, шын мәнінде, сол ғасырдың аяғына дейін қазақ
(этнопедагогикасы мен этнопсихологиясы дербес ғылым дәрежесіне көтеріле
алмады. Оның бірнеше себептері болды. Біріншіден, Қазақстаңда қоғамдық
ғылымдардың сан-салалы тараулары бір-бірінен дараланып, ғылыми терминдер
әлі қалыптасып жетілмеген болатын. Екіншіден, әр ғылым саласын жеке ғылыми
тұрғыда зерттейтін ғалымдар жетіспеді. Үшіншіден, ғылым салаларын
өрістетерлік ғылыми-техникалық материалдық база (арнаулы зерттеу мекемелері
мен баспа орындары) болмады.

Кейін еліміздің экономикалық және мәдени-әлеуметтік өмірінде болған
өзгерістер мен ілгерілеулер ғылым мен мәдениеттің, оқу-ағарту ісінің өркен
жаюына мүмкіндік туғызды. Көптеген арнаулы орта және жоғары оқу орындары
ашылып, ғылым мен мәдениеттің әр саласынан білікті маман кадрлар көбейді.
Ғылымның сан-саласын қамтитын ғылыми-зерттеу институттары ашылып, оларға
басшылық жасайтын орталық -Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы құрылды.

Республикада соңғы 60 жыл ішінде педагогика ғылымының дамып,
қалыптасуына ондаған баспа, орындарының, ғылыми-әдістемелік арнаулы
журналдар мен газеттердің ашылуы, жыл сайын жүздеген оқулықтар мен ондаған
ғылыми-педагогикалық зерттеу еңбектерінің шығуы да игі әсерін тигізді. Бұл
істе 1933 жылы Қазақ КСР Халық ағарту комиссариаты жанынан тұңғыш құрылған
Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты үлкен рөл атқарды.
Педагогика, психология ғылымдарының терминдерін қалыптастырып, арнайы
зерттеу еңбектері мен оқулықтарын, сөздіктерін жасауда, сөйтіп бұл ғылым
салаларын қалыптастыруда 1920-1935 жылдары Ә.Диваев, Ш.Құдайбердиев,
А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов,
Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Кемеңгеров, Қ.Жұбанов, Н.Құлжанова,
М.Жолдыбаев, Ш. Әлжанов сияқты біртуар зиялы азаматтар орасан зор еңбек
сіңірді. 1950-1980 жылдарда Ә.Сыдықов, Р.Г. Лемберг, А.П. Нечаев,
Т.Тәжібаев, Е. Бекмаханов, Ә.Сембаев, Ә.Қоңыратбаев, Ш.Кәрібаев,
С.Қожахметов, М.Ғабдуллин, Қ.Жарықбаев, М. Мұқанов, Қ.Бержанов, т.б.
ондаған көрнекті педагог-ғалымдар бұл іске белсене атсалысып, қазақ
этнопедагогикасына қатысты елеулі монографиялық зерттеу еңбектерін
қалдырды. Сөйтіп, Қазақстанда ұлттық педагогика, психология ғылымдары, шын
мәнінде, ХХ ғасырдың 20-30- жылдарында қоғамдық ғылымдар ішінен дербес
ғылым болып бөлініп шығып, қалыптаса бастады.

Бұл еңбектің төртінші трауында қазақ этнопедагогикасының туып,
қалыптасу кезеңі (1920-1937жж.) жайында сөз болады да, оның ғылыми-
теориялық негіздерін арнайы зерттеу ісімен айналысқан Ә.Диваев,
Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ж.
Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, М.Әуезов, еңбектеріне талдау жасалады.

Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер тарихының түп тамыры
көне мәдени мұра-халықтық педагогика мен VI ғ. Орхон-Енісей жазуларынан
басталып, орта ғасыр ойшылдарының парасатты тәлімгерлік ой толғаныстарымен
толысып, XIV—XIX ғ.ғ. ақын-жыраулардың терме, толғауларында жалғасып, XIX
ғ. екінші жартысында өмір сүрген қазақтың ғұлама ағартушы-демократ ұлдары:
Шоқан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт еңбектері арқылы өркен жайғанымен, шын
мәнінде Қазан төңкерісіне дейін педагогика, психология ғылымдары дербес
ғылымдық дәрежеге көтеріліп жетпеген еді. Оның бірнеше себептері болды.
Біріншіден, Қазақстанда қоғамдық ғылымдардың сан салалы тараулары бір-
бірінен дараланып бөлініп шығып, ғылыми терминдері қалыптасып жетілмеген
болатын. Екіншіден, әр ғылымның салаларын жеке-жеке ғылыми тұрғыда
зерттеуші ғалымдардың жоқтығы, үшіншіден,— ғылым салаларын өріс-тетерлік
ғылыми-техникалық материалдық базаның (арнаулы зерттеу мекемелері мен баспа
орындарының) болмауы себеп болды.

Қазан төндерісінен кейін еліміздің саяси-экономикалық және мәдени-
әлеуметтік өмірінде болған ұлы өзгерістер мен жаңалықтар ғылым мен
мәдениеттің, оқу- ағарту ісінің барлық саласының өркен жаюына толық
мүмкіндік туғызды. Көптеген арнаулы орта және жоғары оқу орындары ашылып,
ғылым мен мәдениеттің әр саласынан білікті маман кадрлардың көбеюіне жағдай
жасалды. Ғылымның сан саласын қамтитын ондаған ғылыми зерттеу институттары
ашылып, оларға басшылық жасайтын орталық Қазақстан ұлттық Академиясы
құрылды. Оларда 4,5 мыңнан астам ғылыми қызметкерлер еңбек етті. Оның
ішінде Академияның 53 толық мүшесі, 85 мүше-корреспонденті, 204 ғылым
докторлары, 1486 ғылым кандидаттары бар.

Республикада соңғы 50 жыл ішінде педагогика ғылымының дамып
қалыптасуына ондаған баспа орындарының ашылып, 5 ғылыми-методикалық арнайы
журналдар мен 2 газеттің халыққа қызмет етуі, жыл сайын жүздеген оқулықтар
мен ондаған ғылыми педагогикалық зерттеу еңбектерінің шығуы да игі әсерін
тигізді. Бұл істе 1933 жылы Қазақ ССР Халық ағарту комиссариаты жанынан
тұңғыш құрылған педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты үлкен рөл
атқарды.

Педагогика, психология ғылымдарының терминдерін қалыптастырып, арнайы
зерттеу еңбектері мен оқулықтарын жасауда, сөйтіп бұл ғылым салаларын
қалыптастыруда 1920—1935 жылдары Ш. Құдайбердиев, А.
Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, X.
Досмұхамедов, Қ. Кемеңгеров, Қ. Жұбанов, С.
Асфендияров, Н. Құлжанова, Жолдыбаев, Ш. Әлжанов сияқты біртуар асыл
азаматтар орасан зор еңбек етсе, ал 1935—80 жылдарда М. Әуезов, Ә.
Сыдықов, Р. Г. Лемберг, А. П. Нечаев, Т. Тәжібаев, Е. Бекмаханов,
Ә. Сембаев, Ә. Қоңыратбаев, Ш. Кәрібаев, С. Қожахметов, М. Мұқанов,
М. Ғабдуллин, Қ. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұламаның Оян, казақ
Зерттеудің негізгі кезеңдері
Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Дулатовтың педагогикалық көзқарастары
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Зерттеудің жетекші идеясы
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
М. Дулатовтың педагогикалық идеяларының теориялық негіздері
Архимед Мыңбайұлы мен Рафиха Нұртазинаның негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі
Бастауыш мектептің дамуында М.Дулатовтың педагогикалық көзқарастары мен ғылыми ізденістерінің алатын орны
М.Дулатұлының алаш партиясы мен кеңес өкіметі кезеңдеріндегі көзқарастары
Пәндер