М.Балақаевтың лингвистикалық ой-пікірлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Тақырып:
М.Балақаевтың лингвистикалық ой-пікірлері
Орындаған: Шегебаева
Айгерім
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент
Г.Қ.Жылқыбай
Түркістан 2012 ж.
М а з м ұ н ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
І тарау. М.Балақаев- қазақ тіл білімі негізін салушылардың бірі
1.1 М.Балақаев және қазақ әдеби тілі тарихы
мәселелері ... ... ... ... ...6-16
1.2 М.Балақаев және тіл мәдениеті
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... .16-18
1.3 М.Балақаев және қазақ орфографиясының принциптері ... ... ... 18-
22
1.4 М.Балақаевтың қазақ тіліндегі фразеологизмдердің
стильдік мәні туралы ғылыми
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22-30
ІІ тарау. М.Балақаев еңбектеріндегі қазақ тілі сөз тіркесі
синтаксисінің өзекті мәселелері
2. М.Балақаевтың қазақ тіліндегі сөз тіркесінің табиғаты туралы
танымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .31 -45
1. М.Балақаев еңбектеріндегі норма мәселесі және
сөз тіркесі жүйесіндегі
нормалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45-59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 60-61
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62-
64
К і р і с п е
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тіл білімінің туып, қалыптасуы,
бүгінгі кемел шағына жетіп, биіктерге көтерілуі оның іргетасын қалап, қазақ
тілін ғылым ретінде қалыптастырған ардақты есімдермен тығыз байланысты
екені даусыз. Қазақ тіл білімінің тарихында оның ғылыми-теориялық негізін
салған ғалымдардың әрқайсысының орны ерекше.
Артына қалдырған мол мұрасы арнайы зерттеуге лайық сондай біртуар,
бірегей ғалымдардың бірі-Қазақстан республикасы Ұлттық Ғылым академиясының
корреспондент мүшесі, республиканың еңбек сіңірген ғылым қайраткері,
филология ғылымдарының докторы, профессор Балақаев Мәулен Балақайұлы.
М.Балақаевтың қазақтың тіл ғылымында қалдырған мол мұрасын сараптап,
саралап айтуда М.Балақаев тағылымы деген атпен таразылап таратып айту сол
мұраның артында қалдырған сәулесі іспеттес,-деген пікір соған дәлел
[1,40].
Проф. М.Балақаев қалам тартпаған қазақ тіл білімінің саласы кемде-
кем.Қазақ тіл білімінің жекелеген мәселелеріне қатысты ғылыми еңбектерде,
монографияларда, мақалаларда проф. М.Балақаевтың пікірлері ескеріліп, әр
алуан аспектілерде талданғанымен, оның ғылыми мұрасы, атап айтқанда
синтаксиске қатысты концепциялары қазіргі ғылыми таным тұрғысынан жүйелі
түрде қарастырылып, арнайы зерттеу нысаны болған емес. М.Балақаевтың аса
күрделі де терең ғылыми-теориялық танымын зерделеу, жеке ғалымның мұрасын
зерттеу- ғылымның тарихын зерделеу, зерттеу болып табылады.
Кез-келген ғылымның тарихы оны жасаған адамдардың жетістіктері мен
кемшіліктерін, олардың өткен жолын ғана еске түсіріп қоймайды, сонымен
бірге бағыт сілтейді, тіпті көп жағдайда әрі қарайғы ізденістердің жолдары
мен тәсілдерін көрсетеді, сол сияқты зерттеулерде алдыңғылардың жіберген
қателіктерін қайталаудан сақтандырады,- дейді белгілі түркітанушы ғалым
А.Н.Кононов [2,8].
Тегінде мұндай зерттеулер тіл дамуының деңгейін белгілеу үшін аса
қажет. Бұл тәріздес зерттеулердің нәтижесінде қазақ тіл білімінің ірі,
проблемалы мәселелерімен қатар жекелеген, нақты мәселелері де шешімін
табады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жұмыста қарастырылатын коптеген түйінді
мәселелерде, атап айтқанда, сөз тіркесінің өзіне ұқсас категориялардан
айырмашылығы, әсіресе сөз, сөйлем мүшелерімен ұқсастықтары мен
айырмашылықтары, сөз тіркесі жүйесіндегі норма және тағы басқа мәселелерде
ғалым пікірлерінің қаншалықты дәрежеде шешімін тапқанын анықтаудың мәні
зор. Қазақ тіл білімінің теориялық мәселелерін жоғары ғылыми-теориялық
деңгейде шешу үшін мұндай зерттеу жұмыстары қажет-ақ. Сол сияқты ғалымның
лингвистикалық көзқарасының қалыптасуының ғылыми және теориялық негіздерін
көрсету, оның лингвистикалық мұрасына бүгінгі күннің емес, өз кезеңінің
деңгейімен қарай отырып, жан-жақты талдау жұмыстың көкейтестілігін
танытады.
Зерттеудің нысаны. Жұмысымыздың негізгі нысаны М.Балақаевтың қазақ
тілі синтаксисіне қатысты пікір, пайымдаулары мен ізденістері, ғалымның
синтаксистің іргелі мәселелеріне қатысты тұжырымдары.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты
профессор Мәулен Балақаевтың ғылыми танымын басшылыққа ала отырып,
еңбектерінде көтерілген проблемалы, актуальды мәселелерге қатысты
лингвистикада қалыптасқан ғалымға дейінгі және қазіргі таңдағы ғылыми ой-
пікірлермен салыстыра отырып, қазақ тіл біліміндегі ғалымның алатын орнының
ерекше екенін түсіну, оның қазақ тілі синтаксисіне сіңірген еңбегінің
мәнін, маңызын ұғыну, ғылыми мұрасына лайықты бағасын беру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
- қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесі синтаксисіне байланысты
еңбектерді жинақтау, зерделеу, салыстыру, талдау,қорыту;
- М.Балақаевтың сөз тіркесі синтаксисінің жекелеген мәселелеріне
қатысты ізденістеріндегі көпке танылып, орныққан пікірлерінің
мәнін саралау;
- ғалымның қазақ әдеби тілі тарихы, тіл мәдениеті, қазақ
орфографиясының принциптері, қазақ тіліндегі фразеологизмдердің
стильдік мәні туралы ғылыми қөзқарастарын саралау, зерделеу.
Зерттеу жұмысының әдістері. Ғалым еңбектеріндегі теориялық
принциптермен бірге өзіндік ой-пікірлерді қазіргі тіл білімінің
жаңалықтарымен салыстыра зерттеу тәсілі- негізгі бағытымыз, сондай-ақ
тарихи, лингвистикалық, сипаттамалы әдістерге басымдық беріледі.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысының теориялық-
әдіснамалық негіздері ретінде М.Балақаевтың тіл біліміндегі сөз тіркесі
синтаксисіне байланысты, ғалымның қазақ әдеби тілі тарихы, тіл мәдениеті,
қазақ орфографиясының принциптері, қазақ тіліндегі фразеологизмдердің
стильдік мәні туралы ғылыми қөзқарастары мен қазақ тіл білімі саласындағы
ғалымдардың зерттеу қағидалары теориялық-әдіснамалық тұрғыдан басшылыққа
алынып, жұмыстың орындалып шығуына ғылыми негіз болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Профессор М.Балақаевтың қазақ тілі
синтаксисіне қатысты танымы дипломдық жұмыста алғаш рет арнайы
қарастырылып отыр.
- зерттеу барысында ғалым ізденістерінің мәні жан-жақты ашылып,
оның тілтанудағы ілімі негізінде қазақ тіл білімінің туу,
қалыптасу, даму кезеңдеріне қатысты танымы түсіндірілді;
- сондай-ақ ғалымның салиқалы пікірлері тілтанушылардың ілімдерімен
байланыста қарастырылып, оның көрнекті түркітанушы ретіндегі
қырына айрықша мән берілді;
- ғалым мұрасының құндылығы дәлелденді., тұтастай алғанда, бұл
жұмыс профессор М.Балақаевтың қазақ тілі синтаксисіне қатысты
танымын толық, жан-жақты зерделеуге ұмтылыс жасалды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Қазақ тіл білімінің
теориялық мәселелерінің ғылыми негізін қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан
М.Балақаевтың қазақ тілі синтаксисінің өзекті проблемаларын қозғаған ой-
пікірлері күрмеуі мол күрделі мәселелердің шешімін табуға септігін тигізіп
қана қоймай, кейбір қалыптасқан пікірлерге өзгеше қырынан үңіліп, тереңдей
зерттеуге көмегін тигізеді.
Талдауға негіз болған материалдар ғылыми мұраны оқып-үйренудің
қажеттілігін анық көрсетті. Әрбір ғылыми мұра үлкен ғылымның бір-бір парағы
екенін ескерсек, аталған жұмыс қазақ тіл білімі тарихын оқып-үйренудегі
елеулі орынды толтыруымен маңызды.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім екі
тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 М.Балақаев және қазақ әдеби тілі тарихы мәселелері
Қай халықтың да өсіп өркендеген ғылымы мен ілім-білімінің көш басында
сол халықтың ғылымына, әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси өміріне еңбек
сіңірген,оның іргелі теориялық тұжырымдарына елеулі үлес қосқан ардақты
есімдердің тұрары сөзсіз. Көз көрген замандас тұрғыластары, тәлім-
тәрбиесін, үлгі-өнегесін алған ізбасар шәкірттері сол белгілі тұлғаның
халық үшін істеген ізгі істеріне, атқарған қызметіне, артында қалған
мұрасының салмағына қарап, оның қоғамдағы, тарихтағы немесе ғылымдағы алар
орнын тарихи тұрғыдан таразылап, баға береді. Ғылымға, өнер-білімге таласы
бар келер ұрпақ сол ғалым қалдырған баға жетпес өлшеусіз еңбектерден
іздеген жоғын тауып, өз керегіне жаратады, оны әрі қарай дамытады.
Қазақ тіл білімінің шаңырағын көтеріп, іргетасын қалаған, өлшеулі
ғұмырында артына мол мұра қалдырып үлгерген сондай тума талант, дарынды
ғалымдардың бірі-Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының

филология ғылымдарының докторы, профессор Мәулен Балақайұлы Балақаевтың
лингвистикалық мұрасының тереңдігі, құндылығы, ауқымдылығы оның еңбектеріне
арналған көрсеткіш мазмұнынан-ақ айқын аңғарылады [3].
Шын мәнінде, өз кезеңінде қазақ тіл білімінде ғалым араласпаған, оның
сындарлы, салиқалы ойлары мен толғақты, түйінді тұжырымдары айтылмаған,
өзіндік дара қолтаңбасын қалдырмаған саласы жоқ десек артық айтқандық
емес.Ендеше осынша ұшан-теңіз ғылыми мұраны зерттеудің ғылым тарихы үшін
маңызы өте зор. Ғалым мұрасын зерттеу тек жеке ғалымдардың еңбектерін оқып-
үйрену үшін ғана емес ғылымның даму деңгейін, эволюциясын айқындау үшін де
қажет.
Ғылыми мұраны зерттеудің маңыздылығына кейбір зерттеушілер күмәнмен
қарайды. Алайда лингвистикалық мұраны зерттеу өзге түркі тілдерінде әбден
орныққан, қалыптасқан дәстүр болып табылады.Қазақ тіл білімінде де бұл
мәселе 1970 жылдары басталып, жалғасын таппай қалған. Тек кейінгі кезеңде
ғана жеке ғалымдардың мұраларына көңіл бөлініп, жүйелі, тереңірек зерттеле
бастады.
Ғалым М.Балақаевтың шығармашылық қарымы жан-жақты, сан салалы. Ол
грамматика, орфография, тіл мәдениеті, стилистика, көркем әдебиет тілі,
әдеби тіл проблемалары жөнінде жиырмаға жуық кітап, ұзын саны жүзден асатын
ғылыми еңбек жариялады.Ғалым шығармышылығында баса айтылуға тиісті ең
шоқтығы биік тұсы- жай сөйлем синтаксисі. Сондай-ақ ол сөз тіркесі
проблемаларын бүкіл түркология көлемінде алғаш зерттеген ғалымдардың
бірі.Әсіресе оның грамматикалық зерттеулерінің орны бөлек. М.Балақаев бұл
салада Жай сөйлем типтері, Қазіргі қазақ тілі.Синтаксис тәрізді бірнеше
іргелі монографиялық жұмыстар жариялады.Бұл зерттеулерде тек қазақ тіл
біліміне емес, бүкіл түркология үшін маңызы бар, бірқатар тың шешімді
тұжырымдар жасайды. Жалпы қазақ тіл біліміндегі дербес сөз тіркесі
синтаксисі мен тіл мәдениеті бағыттары тікелей М.Балақаев есімімен тікелей
байланысты.Ол қазақ лингвистикасының осы екі саласында өзінің ғылыми
мектебін қалыптастырды. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің негізгі типтері
атты монография- ғалымның осы мәселеге байланысты көп жылғы ғылыми
ізденулерінің нәтижесі еді. Бұл тақырыпта оның көптеген шәкірттері де
зерттеулер жүргізді. Сөз тіркесінің түрлі теориялық мәселелеріне арналған
оннан астам монография жазылды. М.Балақаев қазақ тіл білімінің осы аталған
саласында лайықты бас тұлға болып саналады.
Ғалым еңбектерінің басым бөлігі қазақ әдеби тілінің даму мәселелеріне
арналған. Бұл орайда оның Қазақ әдеби тілі және оның нормалары деп
аталатын Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық берілген еңбегінің орны ерекше.
Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихи грамматикасы бойынша қол жеткен
табыстардың негізінде тілдік материалдарды басқаша тануды, өзгеше саралауды
мақсат тұтқандықтан, қазақ әдеби тілі теориясының іргетасы қаланды. Әдеби
тілді ғылыми негізде танып-білудің өзі тіл мен сөйлеу фактілеріне мән бере
қарауды, теориялық тұрғыдан терең меңгеруді қажет ететіндігін ескерсек, бұл
аса оңай шаруа емес, өйткені Ф.де Соссюрдің айтуынша осы екеуінің жиынтығы
лингвистиканы құрайды. Әдеби тілді зерттеудің күрделілігіне академик
В.В.Виноградовтың мына бір сөзі арқылы көз жеткіземіз: Изучите
литературного языка, как бы его ни понимать, влечет с одной стороны,
разговорный язык, письменный язык, с другой, языковой, речевой и
литературный стиль с третьей [4,288] .
Яғни, әдеби тілді зерттеуші маман ғана емес, нағыз адам болуы, тек
адам ғана емес, ұлт тілінің табиғатын терең түсінетін, өзгелерге таныта
алатын жан болуы тиіс. Ал тілдегі кез-келген ұсақ детальдарға дейін көңіл
бөліп, оларды мейлінше аялап, нәзік сезімталдықпен зерттеуді әдетке
айналдырған М.Балақаевтың бойынан бұл қасиеттердің бәрі де табылады.
Профессор М.Балақаев – тілдегі адам факторын барынша бағалай білген
зерттеуші. Біздің бұлай деуімізге оның мәтінтанушы ретіндегі танымал
еңбектерінің жекелеген жазушылардың шығармашылықтарын талдауға арналғандығы
себеп болып отыр. Ғалым жеке тұлғалар шығармаларының тілін зерттеу
барысында ауызекі тіл мен диалектілердің көркем шығармалар арқылы әдебилене
алатындығын, әдебиленуге әлеуеттігі бар сөздердің мол екенін батыл айтқан
алғашқы ғалымдарымыздың санатында.
Қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдерінің қай-қайсысы болмасын қазақ
әдеби тілінің теориясы төңірегінде өз ойларын, пікір-тұжырымдарын ортаға
салып отырған. М.Балақаев қазақ әдеби тіліне қатысты қандай байламдар
жасады, өзгелерден ерек қалай тұлғаланды? Бірден басын ашып айтар болсақ,
ол – қазақ әдеби тілі тарихының көкжиегін сан ғасырға кеңіткен, тарих
төріне сүйреген ғалым. Ол қазақ әдеби тілі тарихы мәселелерімен және әдеби
тіл теориясы жөнінде зерттеу жүргізген бірқатар қазақ ғалымдарымыздың
еңбектеріне талдау жасай отырып, ғалымдардың зерттеу обьектісі етпеген
әдеби тілге тән белгілер – оның нормалық сипаты, стильдік тармақтарының
салалануы, жұмсау аясының кеңдігі жөнінде өз тұжырымдарын ортаға салды.
Қазақ әдеби тілінің белгілі бір нысаны бар, қарастыратын мәселелері
көп аспектілі зерттеу обьектісіне, әрқайсысы дербестенген әрі бір-бірімен
сабақтасып жатқан бағыт-бағдарлары бар ғылым саласына, сондай-ақ әр қырын
функционалдық тұрғыдан тану, танытумен өрістеткен іргелі ғылымға айналуына,
сөйтіп барып жеке пән болып қалыптасуы жолында М,Балақаевтың сіңірген
еңбегі шексіз. Жан-жақты ізденістің нәтижесі екендігі айқын байқалатын
әдеби тілідің статусын орнықтыру мақсатында жазған ғылыми мақалалары,
сондай-ақ әріптестері, бүгінгі таңдағы белгілі ғалымдар Е.Жанпейісов.
Р.Сыздықтармен бірге отырып дүниеге келтірген Қазақ әдеби тілінің
тарихы(1968), Қазақ әдеби тілі(1987), Қазақ әдеби тілі және оның
нормалары(1984) атты зерттеулері бар.
М.Балақаев: Тіл мәдениеті жоғары адамдардың әрдайым көз тігетін жарық
жұлдызы - әдеби тіл ,-дей келе, -әдебиеттің не екенін, оның халық тілінен
айырмашылығын, қарым-қатынасы қалай болатынын білмей тұрып тіл мәдениетінің
биік шыңына қол созуға болмайды,- дейді [5,10] .
Бірақ қазақ тіл білімінде де әдеби тіл деген ұғымға тиянақты бір
анықтама берілмей келді. Күні бүгінге дейін қазақ әдеби тілі, қазақ
жазба әдеби тілі, қазақ ауыз әдебиеті тілі, қазақтың жалпыхалықтық
тілі деген категориялар бір-бірінен ажыратылып әрқайсысы нақты анықтамаға
ие болған жоқ. Мұның себебін қазақ әдеби тіл мәселесімен арнайы зерттеу
жүргізген ғалым Р.Сыздық: Қазақ тілінің бізге мәлім тарихының өн
бойындағы сыры, ерекшеліктері, жұмсау өрісі толық зерттеліп біткен жоқ.
Соңғы жылдарда қазақтың жалпыхалықтық тілі мен әдеби тілі тарихына қатысты
жеке мәселелерді қарастыру едәуір қолға алынғанымен, әрине ізденістер
проблеманы түбегейлі шешіп тастауға әлі де жеткіліксіз,- деп түсіндіреді
[6,6].
М.Балақаев: Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл
байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп, екшеледі. Жазуы болмаған
халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды,- деп жазады. Дәл
осындай пікірді Ғ.Мұсабаев та айтады: Әдеби тіл ең әуелі-ақ жазуға
сүйенеді. Жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес,- дейді. Бірқатар
зрттеушілер қазақтың әдеби тілін ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады
деп, мұны ұлы ағартушы-демократтар Абай мен Ыбырайдың есімдерімен
байланыстырады. Қазақ әдеби тілі мәселесімен айналысып көлемді еңбек жазған
С.Исаев М.Балақаевтың қазақ әдеби тіліне берген анықтамасына былайша талдау
жасайды: Қазақ тіл білімінде әдеби тілдің басты белгісін тек жазумен,
жазба әдебиетпен байланысты қарап, жазба әдебиет тілі ғана әдеби тіл бола
алады деген принципті соңғы кезге дейін бұлжытпай ұстанып жүрген ғалым –
М.Балақаев. Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары,
оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп екшеледі. Жазуы болмаған халықтың тілі
әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды. Әдеби тіл деген ұғым халықтың
жазу мәдениетімен тығыз байланысты екен. Әдеби тіл жазу арқылы әдеби
мұраларды баспаға басып, жұртқа тарату арқылы ауызекі тілдің байлықтарын
екшеп саралау арқылы қалыптасады,- деп жазады [7,68].
М.Балақаев негізгі еңбегінде: Әдеби тіл- ең алдымен, жазба тіл. Менің
түсінігімде жазусыз әдеби тіл жасалмайды,- деп әдеби тілді тек жазба тіл
деп танитындығын ашық айтады. Сөйте тұрып: сөйлеу тілінің әдеби тілі де
болады,-дейді [ 8,7].
М.Балақаевтың әдеби тілге берген анықтамасы мен Р.Сыздықованың
анықтамасы кереғар жарысқа түсіп отыр. Оның бірі - әдеби тіл тек жазуды
тірек етсе, екіншісі жазусыз да әдеби тіл болады дейтін концепцияны
жақтайды. Жазуды негіз етіп, табандылық танытып жүрген ғалым М.Балақаевтың
тіл мәдениетіне, стилистикаға және әдеби тіл тарихына байланысты бұрынғы-
соңды зерттеулерінің бәрінде де осы принципті басшылыққа алып келеді.
М.Балақаев Қазақ әдеби тілі және оның нормалары деп аталатын
монографиялық еңбегінде ол әдеби тілді халықтың өсуі, дамуы кезеңдерінің
биік сатысында цивилизация құшағына енген кезде, халық тілінің
мәдениеттенген, жан-жақты дамыған, өскелең сана-сезіміне үйлесе пайда
болатын құбылыс деп таниды да, оқу- білім азығы болса, жазу - әдеби
тіл азығы деген қағида ұсынады.
Ал Ө.Айтбаев Қазақ әдеби тілі тарихының проблемалары атты ғылыми-
теориялық конференцияда екі ғалымның қазақ әдеби тіліне берген
анықтамаларынан бұл проблеманың әлі де болса түбегейлі зерттелмегенін, оның
анықталмаған, тиянақты талданбаған арналары, көздері бар екенін байқатады
деген жіне әдеби тілді құрайтын арналарды терең зерттеп үлгермей жатып,
асығыстау жасалған түйін деген пікір айта келе: Жазуды тірек ететін
М.Балақаев пен жазусыз да әдеби тіл болады деген Р.Сыздық еңбектері де
өзінің көптеген ұтымды жақтарымен бірге бұлтартпай дәлелдейтін ақиқатты
алға тартып, дәлелді дәйектеме бере алған жоқ. Бірақ мұндай қарама-қарсы
екі пікірдің қатар өрбуі ғылым үшін зиян емес, қайта дамуға итермелеуші
стимул болып табылады,- деген тұжырым жасайды [9,118 ] .
М.Балақаевтың әдеби тіл мәселелеріне қатысты еңбектерін арнайы сөз
етіп, ғалым еңбектеріне өз пікірлерін білдірген ғалымдар баршылық. Атап
айтсақ, Ө.Айтбаев, Ш.Сарыбаев, Ә.Құрышжанов, Т.Сайрамбаев секілді ғалымдар
М.Балақаевтың әдеби тіл мәселесіне арналған тұжырымдарына оң көзбен
қарайды.Мысалы, М.Балақаевтың Е.Жанпейісов, М.Томановтармен бірігіп жазған
Қазақ әдеби тілінің мәселелері атты еңбегіне көрнекті ғалымдар
Ш.Сарыбаев, Ә.Құрышжановтар Әдеби тіл туралы елеулі еңбек атты мақала
жариялаған. Мақалада әдеби тілдің негізгі нормалары, оның ауызекі сөйлеу
тілімен өзара қарым-қатынасы, әдеби тілдің құрамы мен стилі туралы жазылған
тақырыптары авторлардың бір-бірімен өзектес қарайтындығын, әдеби тілдің
құрамы мен стилі туралы кейбір мәселелердің басы ашылып, онда көркем
әдебиет тілі, ғылыми әдебиет тілі, күнделікті баспасөз тілі және ресми іс
қағаздарының тілі деген әрбір рубриканың өзіндік сыры мен ішкі-сыртқы
сипаттары жан-жақты қамтылғандығын айтады [10].
Әдеби тіл сөз болса, бірдей талас тудыратын мәселе оның өсіп жетілу
тарихы болатын. Жоғарыда аталған еңбекте әдеби тілдің жасалу дәуірі мен
жетілу кезеңдерін баяндайтын әрқилы пікірлерді айта келіп, авторлар өз
тараптарынан әдеби тілдің тарихын төмендегіше дәуірлеуді ұсынады:
1) Абайға дейінгі әдеби тіл;
2) Абай кезіндегі әдеби тіл;
3) Октябрь революциясына дейінгі әдеби тіл;
4) Октябрь революциясынан кейінгі әдеби тіл.
Абай кезіндегі әдеби тіл мен Октябрь революциясына дейінгі әдеби
тілдің арасында ауыз толтырып айтарлық айырмашылық жоқтығын зерттеушілердің
өздері де сезсе керек, олар әдеби тіл тарихын осындай төрт кезеңге бөліп
қарау барынша шартты түрде алынды деп жазыпты [ 11,40] .
Қазақ әдеби тілі мәселелері төңірегінде өз ой-пікірлерін білдіріп
жүрген ғалымдар арасында қазіргі әдеби тіліміздің көне жазу нұсқаларымен
байланысы қандай деген сұрақ төңірегінде әр алуан пікірлер айтылып жүрді.
Әдеби тілдің нұсқасы деп еңбекте ескіліктен Орхон-Енисей жазуының
ескерткіштері (Ү-ҮІІІ ғасыр), көне ұйғыр жазуының үлгілері(ҮІ-Х ғасыр),
Құтадғу біліг(ХІ ғасыр), Алтын яруқ (Х ғасыр), Диван луғат-ит түрк
(ХІ ғасыр), Кодекс Куманикус(ХІІІ ғасыр) көрсетілген. Құрышжанов пен
Ш.Сарыбаев бұл жөнінде: Кітапта ескерткіштер тілінің өзіндік қасиеттерін
зерттеуден гөрі жалпылама жазылған мәліметтерге көбірек көңіл аударылған,-
деген пікірде [ 10] .
Сонымен қатар мақала авторлары қазақ тіліндегі диалектизмдерге
байланысты шешімін таппаған мәселелерді сөз етеді. Еңбектің Қарапайым
сөздер мен диалектизмнің әдеби тілге қатысы деген параграфы сәтсіз
шыққандығын атай кеткен жөн. Авторлар бұл тарауда арнайы сөз етіп отырған
лексикалық екі тобы – қарапайым сөздер мен диалектизмдердің өз
айырмашылықтарын сөз етуді керек етеді. Осы орайда диалектизмдердің әдеби
тілмен қарым-қатынасы олардың көркем әдебиеттегі көрінісі туралы алуан
түрлі мәселелерді сөз етуге болатын еді дей келе, мақала авторлары
солардың бір-екеуіне тоқталып өтеді.
М.Балақаевтың шәкірті Ө.Айтбаев өз естелігінде: Ол қазақ тілінің
қандай мәселесіне барсын, әдеби тіл мәселесін жадынан шығарған емес. Үнемі
ой үстінде, қайсыбір пікірін қайта қарап қадағалап жүрді. Сөйтіп жылдар
бойы толқытып жүрген ойларын жинақтап, ол 1984 жылы Қазақ әдеби тілі және
оның нормалары деген кітап жазып бастырды,-деп жазады [12] .
Ғалым бұл еңбегінде қазақ әдеби тілінің зерттелуі, әдеби тілдің
стильдер жүйесі, қазақ әдеби тілінің негіздері және оның даму арналары
жөнінде жан-жақты сөз етеді. Бұдан басқа жазудың, фольклор тілінің,
диалектизмдер мен ауызекі тілдің әдеби тілге қатысын сөз етеді. Әдеби
тілдің баю, молаю жолдарын анықтай келе, автор бұрын көп зерттелмей келе
жатқан мәселелерінің бірі – тіл мәдениеті мәселелерін, әсіресе оның
нормаларын сипаттауға көп көңіл бөледі. Еңбектің Әдеби тілдің жалпы
мәселелері атты бөлімінде әдеби тіл мәселелері төңірегінде жарық көрген
мақалалар мен кітаптар жайында сөз ете отырып өз пікірін білдіріп отырған.
М.Балақаев Әдеби тіл жайында байыпты, байсалды пікір айтушының бірі
М.Әуезов болды,- дейді [ 8,7] .
М.Балақаев М.Әуезовтің Қазақ әдебиет тілінің мәселелері атты еңбегін
талдай отырып, Қазақтың әдеби тілінің негізін салушы Абай, Ыбырай деуші
жолдастар пікірінің тағы бір терістік жағын айта кету шарт.Абайдың
алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы ұзынды-
қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы шебер, көркем өлең үлгілеріндегі
тілдерді ұмытуға бола ма? Оларда, немесе ХҮІІІ ғасырда көпке жайылған
жырлар тудырған Бұқарда, ХІХ ғасыр басында асыл, әсем, бай тілмен халықтық
асқақ жырлар тудырған Махамбетте қазақтың әдебиеттік тілінің үлгі-
өнегелері жоқ деп айтуға бола ма? деген пікіріне М.Балақаев мынадай
қорытынды жасайды: М.Әуезов бұларды тікелей әдеби тіл деп атамайды, әдеби
тілге солар негіз болып еді ғой дегенді аңғартады. Сол тұрғыдан егер әдеби
тілдің межелі жігін жазба әдебиет үлгілері тілі деп білсек (солай ету
бірден-бір дұрыс талғам), М.Әуезов айтып отырған эпостық, салттық, тарихтық
жырлардың тіл шеберліктерін әдеби тіл арнасына құйылатын бұлақ сияқты деп
танып, ХІХ ғасырдың басындағы жазба әдебиет тілін әдеби тіл тарихында оның
көркем әдебиет стиліне тән бастама, әдеби тілге берік бет бұру арнасы деп
бағалауға тиіспіз [8,9] .
Проф.М.Балақаев әдеби тіл мәселелері төңірегінде өз ой-пікірлерін
білдірген Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаевтың мақалаларына талдау жасайды. Талдау
жасай отырып, мақалада әдеби тіл туралы ғалымдардың пікірлерін, М.Әуезовтің
әдеби тіл мәселелеріне байланысты айтқан пікірлерін салыстыра отырып, сынға
алады. Сол жайында М.Әуезовтің жоғарыда келтірілген ескертпелеріне жүгінсек
те және әдеби тіл мен көркем әдебиеттен, поэзияның өзінен ғана
құралмайтынын, әдеби тіл болғанын ескерсек,әрине, Н.Сауранбаевтың да,
І.Кеңесбаевтың да сол жақсы ниетпен айтқандарын да сәл де болса,
үйлесімсіздік бар, бірақ екеуі де әдеби тілді жаңа бағытта дамыта түсуге
Абайдың ерекше көп еңбек сіңіргенін жақсы баяндайды .
Жалпы тіл мамандарының арасында әдеби тілдің даму тарихын дәуірлерге
бөлу мәселесінде де орныққан бірыңғай пікір жоқ. Ал қазақ әдеби тілінің қай
кезден бастау алғандығы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл жөнінде Р.Сыздық
қазақ әдеби тілінің басталар тұсы жайындағы көзқарастарды беске бөліп
қарастырады:
1. Қазақ әдеби тілінің тарихын ертеден, көне түркі дәуіріндегі, хундар
мемлекеті кезеңінен бастайды ( Ғ.Мұстафин ІІ ғасырдан, Ә.Марғұлан,
Б.Кенжебаев Ү ғасырдан т.б.)
2. Қазақ әдебиеті тілінің тарихы ХҮІІІ ғасырдан басталады
(Қ.Жұмалиев,М.Балақаев т.б.)
3. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан басталады Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев,
С.Аманжолов, І.Кеңесбаев)
Бұл концепцияны ұстанушылар ХІХ ғасырдың ІІ жартысына дейін де қазақта
әдеби тілді танытатын үлгілер болды дегенді қоса айтады.
4. Қазақ әдеби тілі Октябрь революциясынан кейін басталды
(Т.Қордабаев)
5. Қазақтың төл әдеби тілі ауызша дамыған авторлы поэзия түріне оның
халық болып құралған кезеңінен, ХҮ-ХҮІ ғасырлардан басталады, ал ескі жазба
әдеби тілі ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардан жаңа ұлттық жазба әдеби тілі ХІХ
ғасырдың ІІ жартысынан басталады (Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, Б.Әбілқасымов,
А.Ысқақов, Ә.құрысжанов) [ 6.7].
Әдеби тілдің тарих көшін анықтауда және оның өмір сүру барысын
кезеңдерге бөлуде көркем әдебиеттің даму кезеңдері жайындағы пікірлер көңіл
аудартады.Әдеби тілдің даму тарихын дәуірлерге байланысты әдебиеттанушылар
тарапынан түрлі пікірлер бар.Атап айтсақ,филология факультеттерінің
студенттеріне арналған Ертедегі қазақ әдебиеті
хрестоматиясынқұрастырушылар
Б.Кенжебаев,Х.Сүйіншәлиев,М.Жолдасб еков,М.Мағауин, (1968) қазақ әдебиетінің
тарихын бес дәуірге бөледі.
1. Көне дәуір (Ү-ХІҮ ғ.)-қазақ қауымының көптеген рулық-ұлыстық
дәуірі.бұл кездегі әдеби шығармалар көптеген түркі
халықтарына ортақ мұра.
2. Хандық дәуірдегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.қазақтың төл әдебиетінің
басталу шағы, алғашқы дәуірі).
3. ХІХ ғасырдағы әдебиет
4. ХХ ғасырдың басындағы (1900-1920) бұқарашыл әдебиет
5. Социалистік дәуір әдебиеті
М.Балақаев Қазақ әдеби тілі және оның нормалары еңбегінде
Б.Кенжебаевтың бұл пікіріне қарсы пікір білдіреді: Б.Кенжебаевтың бұл
пікірі дұрыс бола қояр ма екен? ру-ұлысты, ұлыстықдегендерін былай
қойғанда, төл әдеби тіл халық (ХҮ-ХҮІІІ ғ.) болып, артынан халықтық болмай,
ұлттық болып кете ме? Ру-ұлыстық әдеби тіл болды деу шындыққа жанасымды
ма?- деген сұрақ туады [ 13.15] .
Ә.Н.Сауранбаев қазақ әдеби тілінің тарихы әлі толық зерттелмеген,
сондықтан оны дәуірлеу қиын дей келіп, Пікір тудыру үшін өз ойымызды
айтуды дұрыс көрдік деп, бұл тарихты үш дәуірге бөледі:
1. ХІХ ғ.жартысына дейінгі
2. ХІХ ғ. ІІ жартысынан ХХ ғ.20-жылдарына дейінгі
3. Кеңестік дәуір.М.Балақаев,С.Жанпейісов ұсынған дәуірлеу
Н.Сауранбаев дәуірлеуіне жақын, айырмашылық ХХ ғасырдың басындағы әдеби тіл
деген 3-кезең бөлек танытылады.
М.Балақаев, .Мұсабаев, Б.Кенжебаев, Н.Сауранбаевтардың әдеби
тілді дәуірлеу кестелерін талдай келе мынадай тұжырымға келеді. Осылай
әдеби тілді тануда түрлі көзқарастар болғандықтан, оны топтастыруда белгілі
принцип жоқ. Жоғарыда аталған авторлардың ешқайсысы топтастырудың негізгі
принципін сөз етпейді. Оларды айтудан бұрын әдеби тіл дегенді мен былай
түсінемін демей-ақ, оның тарихына көз жүгіртіп, көпшілігі, ауызша-жазбаша
әдеби үлгілерінің қою,сұйықтығына қарап, оның дәуірін, кезеңдерін жалпы
түрде болжайды.
Біз жоғарыда ғалымдардың әдеби тіл тарихын дәуірлеу мәселесіне
байланысты және әдеби тілге берілген анықтамалры төңірегіндегі пікірлерді
сөз еттік. Ал енді М.Балақаевтың әдеби тілге тән белгілер жөнінде айтқан
пікірлеріне тоқталып өтер болсақ, ғалым әдеби тілге тән басты белгілерді
былайша көрсетеді:
1. Оның нормалық сипаты
2. Стильдік тармақтарының саралануы
3. Оның жұмсалу аясының кеңдігі [5,11] .
Әдеби тілге қалыптасқан нормалар тән. Халық тілінің байлығы ұшан-
теңіз, әр қилы, онда жалпы халыққа ортақ дыбыс, сөз байлықтары болумен
қатар, диалектілері де түрліше айтылып, түрліше ұғынылатын сөздер де,
бқзылып-құбылып айтылатын грамматикалық тұлғалар да бар, жаргон сөздер де
бар. Солардың бәрі бірдей алтын қазына емес. Әдеби тіл керегін ауызекі
сөйлеу тілінен алғанда, таңдап, сұрыптап, екшеп, әдебиет елегінен өткізіп
алады. Олар көркем әдебиетте, газет-журналда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында
барлық қарым-қатынас, іс-әрекетімізде дәстүрге айналып жүйелі қалыпқа
түседі, жалпыға ортақ тілдік әдеби нормалар пайда болады. Бұлар тілдің өн
боцында – фонетикада, орфоэпияда, грамматикалық құрылыста бар. Әдеби тілдің
нормалануы жөнінде, қалыптасуы туралы М.Балақаевтың пікірі төиендегіше:
Бірқатар тілдің ішкі заңы бойынша ертеден қалыптасып, әдебиеттік сипат
алып кетсе, бірқатары тілді пайдаланушы әдебиет майданының қызметкерлері,
ғылым қызметкерлері тағы басқалардың тіл жұмсауы нәтижесінде оқулықтар
арқылы нормаланады [ 5,12] .
Ғалым әдеби тілге тән белгілердің бірі ретінде сараланған стильдік
тармақтарының болуын айтады. Жазба әдебиеттің көп шығып тарауы тілдің
қоғамдық қызметін арттыра түседі. Әдеби тіл қызметінің әр алуандығы тілдің
қызмет бабына жанасымды стильдік тармақтарын қалыптастырады. Жазба әдебиет
тілі елдің дәстүрінде жұрттың бәріне ортақ әрі міндетті болады. Ол күллі
қоғамға, қоғам мүшелеріне, саяси-тәрбие жұмыстарына қызмет ететіндіктен,
ресми тіл деп есептеледі.Олай болуының негізі - әдеби тілдің жалыхалықтығы,
сондықтан Қазақстанның қай облысында болмасын, ресми емес әдебиеттердің
бәрі жалпы қазақ еліне ортақ бір әдеби тілде жазылуға тиіс.
М.Балақаев әдеби тілдің қоғамдық қызметінің әр алуандығы, жұмсалу
орталығы, құралдық қызметіне қарай стильдің мынадай тармақтарын көрсетеді:
1. Көркем әдебиет тілінің стилі
2. Публицистикалық стиль
3. Ғылыми-техникалық әдебиеттің стилі
4. Ресми іс қағаздар тілінің стилі
5. Оқу-ағарту және педагогикалық әдебиеттің стилі.
Ғалым әдеби тілдің басты сипатының келесі бір түріне оның қоғамдық
қызметінің әр алуандығын айтады. Әдеби тіл – қоғамдық құбылыс. Әр қоғам
оны өзінің мақсат-мүддесінің құралы етіп жұмсауға тырысады. Әдеби тілдің
осылай қоғамдық қызметі артып, оның халық тілімен, халықтық әдеби
мұраларымен байланысының нәтижесінде әдеби тілдің екі түрі қалыптасты
дейді:
1. Баспасөз тілі – жазба әдеби тіл де
2. Ауызекі сөйлеу тілінің әдеби формалары
М.Балақаев әдеби тілдің басты белгілерін осылайша талдай отырып, әдеби
тілге Жазба әдебиет арқылы нормалық қалыпқа түсіп, стильдік тармақтары
сараланған, қоғамдық қызметі әр алуан тіл,- деген анықтама береді
[11,17] .
Қорыта келгенде, профессор М.Балақаевтың қазақ тіл білімінің қай
саласына болса да қосқан үлесі зор екені анық. Ғалымның мұрасын зерттеудің
ғылым тарихы ұшін мәні ерекше. М.Балақаевтың іргелі және қолданбалы тіл
ғылымы аясындағы ғылыми құнды еңбектері, орнықты пікірлері ғылымның қазіргі
қол жеткен биігінен қарағанда күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
2. М.Балақаев және тіл мәдениеті мәселелері
М.Балақаевтың қазақ тіл ғылымында қалдырған мол мұрасын сараптап,
саралап айтуда М.Балақаев тағылымы деген атпен таразылап, таратып айту
сол мұраның артында қалған сәулесі іспеттес. Қазақ тілі мәдениетінің жан-
жақты зерттелуі М.Балақаевтың есімімен тікелей байланысты. Қазақтың
түсіндірме сөздігінде тағылым сөзіне тәлім, үлгі, өнеге, тағылым тұтты,
ісін, мінезін, ақыл-парасатын өнеге етті мағынасында анықтама берілсе, тіл
тағылымының көрнекті өкілі М.Балақаев қазақ халқының тілтану әлеміне зор
тағылым тастап кеткен ғалым екені ақиқат дүние.
М.Балақаевтың тіл ғылымында қалдырған мол еңбектерінің бірі – тіл
мәдениеті жайында. Тіл мәдениеті жайында жазу да, айту да қиын. Оның дайын
теориялық тұжырымы тіл ғылымының барлық саласымен, атап айтқанда, фонетика,
грамматика,қазақтың әдеби тілі, синтаксис т.б. тығыз байланыста қарастыра
отырып үлкен логикалық білгірлікпен, философиялық танымдылықпен жазылады.
М.Балақаев қазақ халқының ана тілін тіл мәдениеті, қазақтың әдеби тілі
және оның нормалары, қазақ тілінің стилистикасы салаларымен байланыстырып
өрбітті. Оның тіл мәдениеті жайында Тіл мәдениеті және қазақ тілін
оқыту(1989), Қазақ тілінің мәдениеті(1971), Сөйлеу мәдениеті атты
еңбектерінің жарық көруі тек қазақ тіл білімінде ғана емес, бүкіл
түркология көлемінде айтулы оқиға.
Қазақ халқының тілі – сонау арғы заманнан, рулық-тайпалық дәуірден
бастап күні бүгінге дейін келе жатқан асыл мұра. Өз мемлекетінің қоғамдық
өызметінің барлық жүйесінде қызмет ететін аса маңызды құралы тілі екендігін
М.Балақаев үнемі жазып отырған. Тіл мәдениетінің тірегі - әдеби тілдің
нормалануы мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен
астарласып жатқандықтан тіл мәдениеті деген ұғымның аясы кең деп, оның
дайын теориялық ережесін жасаудың өте күрделілігін түсінбей, оны оңай
олжа көретін кейбіреулер: Қазақ тілі өз ана тіліміз ғой, оған көп
қиналудың не керегі бар? Ол ғылымның өмірлік нысанасы бөрікпен ұрып
алатындай жерде ғой,- деп те ойлайды. Осы тіл мәдениеті жайлы тіл
ғылымындағы ақиқат пікірді түрлі мысалдармен түсіндіреді.
М.Балақаев тіл мәдениетінің екі түрі бар дейді. Біріншісі – баспасөз
тілінің мәдениеті және екіншісі – сөйлеу тілінің мәдениеті. М.Балақаевтың
тіл мәдениетін бұлайша бөлуіне Д.Әлкебаева: "Бұл жерде М.Балақаевтың тіл
мәдениетін осы екі түрге бөлуі жалпылама тәрізді. Тіл мәдениеті деген
ұғым жоғарыда аталынған екі түрге ғана емес, өзі айтып кеткен стильдер
жүйесінде толық көрініс тапса керек,"- деген пікір айтады [1,41].
М.Балақаев әдеби тілдің екі түрін айтып көрсетеді: біріншісі - әдеби
тілдің жазба түрі, екіншісі - әдеби тілдің сөйлеу түрі және бұлар өзара
тығыз байланыста дамиды дейді. Ғалым әдеби тілдің жазба түрімен әдеби
тілдің сөйлеу түрінің пайда болу себебін былайша түсіндіреді: Қазақ елінің
қазіргі әдеби тілі жалпыхалықтың ауызекі сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан.
Әдеби тіл сөйлеу тілінде бардың бәрін емес, оның құнарлы, жалпыға ортақ әрі
тиімді байлықтарын бойына сіңіреді де, керісінше сөйлеу түріне ықпалын
тигізеді, әдеби тілдің дәстүрлі жаңа - жаңа нормалары сөйлеу түріне
ауысады [5,32].
Сөйлеу тілі мәдениетінің жоғары формасы - шешендік өнер. Өнер алды
қызыл тіл екенін білген адам сол шешендік өнерді үйренуге құлшынады, бірақ
жұрттың бәрінің даңқты шешен бола алмайтындығын, әркімнің білім дәрежесі,
ақыл-ой, парасаты әр түрлі болатынындай, жалпы тіл мәдениетінің әсіресе
шешендік өнердің дәрежесі әр түрлі болатындығын, маңызын түсіндіреді.
М.Балақаев әдеби тіл мен тіл мәдениеті деген ұғымды екі түрлі жолмен
түсіндіргенмен, әдеби тіл де тіл мәдениетінің бір саласы, сөйлеу түрінің
онда қамтыла бермес бірнеше қиыншылығы болады; алдымен дидарласа сөйлескен
кісінің бет пішіні, көңіл күйі, өзара қарым - қатынасы, екіншіден сөйлеу
әуені, үні жазуда сол қалпында беріле қоймайды. Олардың қандай екенін
авторлык комментарийлермен де, тыныс белгілерімен де дәлме-дәл қағазға
түсіру мүмкін емес. Өйткені сөйлеу тілінің толып жатқан қатпарлы, күрделі
де нәзік, тіпті жазып жеткізе алмайтын елеусіз нақыштары көп деп
түйіндейді.
Бұл, біріншіден, тіл мәдениетін өнер ретінде тану керектігін анықтап
береді. М.Балақаев тіл мәдениетінің жоғары көрсеткіші оның
стильдік жүйесімен толығатынын, сонда ғана мәдениетті тіл дәрежесін сақтап
қалуға болатындығын ғылыми түрғыдан дәлелдесе, біз осы
пікірді былайша қорытындылаймыз. Стиль сөзінің сырына тереңірек
үңілгенде тіл мәдениеті сөзімен синонимдес болып тұратынын
айта келіп, адамның жеке интеллектуалдық түлғасын, болмысын,
мәдениетін, эрудициясын, білімін, зиялылық бітімін аңғартатындығына
тоқталып, стиль сөзінің лингвистика ғылымындағы басты мақсатына
тоқталамыз.
Стиль туралы ғылыми стилистика - тіл мәдениеті ғылымдарының басты мәні
тілдің қоғамдық ролінің алға зымырап бара жатқан уақыт талабына қазіргі
заман үрдісінде тілді жетілдіру, толықтыру, сондай-ақ стильдің жаңа
тенденцияларын меңгеру бағытын анықтайды. М.Балақаев стиль сөзін жаңаша
қырынан былайша саралайды: Стиль - әдеби тіл, стиль-тіл мәдениеті, стиль-
баспасөз тілінің мәдениеті, стиль- әдеби норма, стиль- тіл тазалығы, стиль-
шешендік өнер, стиль-сөйлеу мәдениеті.
Стиль тіл ғылымының басты салалары - фонетика, лексика, грамматикамен
т.б байланысты деген пікірлерді толық дәлелдеген еді. Осы пікірді таратып
айтқанда әдеби тіл, мәдениетті тіл өзінің қоғамдық қызметін атқарғанда оның
сан алуан функционалды қызметі пайда болатындығын аңғарамыз.
Сонымен қатар М.Балақаев сөз байлығын молайту, сөз тіркестерін,
сөйлемдерді дұрыс түсініп, дұрыс құрай білу, жұрт алдында сөйлей білу,
сөздердің орфографиялық нормаларын сақтап дұрыс оқу-қазақ тілі пәнін
оқушылардың бәріне ортақ, бәріне тиісті талаптар екенін ескертеді.
Тіл дамыту дегеніміз - адамдар белгілі дәрежеде тіл байлықтарын игеру
әрекеті, әдетте оның нәтижелері әр алуан болады. Тіл дамытуға байланысты
М.Балақаев мынадай пікір айтады: Мектеп оқушыларының тілін дамытуда
морфологияның сөз таптарын, синтаксистің сөз тіркестері мен
сөйлем мүшелерін,сөйлем құрылысын т.б. оқытумен тығыз байланыстыруға
әбден болады. Солар ғана емес, қалайда тіл дамыту әрекетіміздің
нәтижесіндеоқушы,
студент ана тілінің сөз байлығын толық игеруге, тілдің фонетикалық
және сөзжасам жүйесін жақсы меңгеруге, морфологиялық, синтаксистік
тәсілдерді жақсы біліп, оларды практикалық тіл жұмсау дағдысында ұтымды,
дұрыс пайдалана білуге тиіс [ 8,77].
1.3 М.Балақаев және қазақ орфографиясының принциптері
М.Балақаев - қазақ жазуы мен емлесін қалыптастыруға көп үлес қосқан
ғалым. Оның 1948 жылы жарияланған Орфографиялық сөздігі
кейінгі жылдарда түзілген үлкен емле сөздіктеріне негіз болды.
Және кезінде жазуымызда етек алған көптеген ала-құлалықты реттеуге
едәуір септігі тигені мәлім. Ал 1952 жылы жарық көрген Қазақ
орфографиясы мен графика мәселелері деген кітапшасы осы саладағы ғылыми
ой-пікірлерге бастамашы болғаны мәлім.
Қоғам өмірінің барлық саласында дұрыс жазу, емле қателерін жібермеу
мақсаты тұрса, сол сияқты дұрыс сөйлеу, әсерлі, әсем етіп сөйлеу де үлкен
жауапкершілікті қажет ететіндігі бұрыннан айтылып келеді. Бүгінгідей халық
жаппай сауатты болған кезеңде, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге
барынша күш жүмсап, шаршы топ алдында қазақша баяндама жасау, ауызша сөйлеп
беру, жүзбе-жүз әңгімелесу сияқты әрекеттер етек жая бастаған кезеңде,
қазақ тілінің осы қолданыстарында дұрыс, сауатты, мәдениетті сипатта болуы
- өмір талабы.
Қазан төңкерісінен кейінгі 1920-1930 жылдары дұрыс жазу, дұрыс сөйлеу,
жалпы әліпби, емле мәселелері жайында қазақ тілі білімпаздарының, жалпы
қазақ зиялыларының алдында жаңа емле ережелерін қалыптастыру, әдеби тілдің
фонетикалық, грамматикалық нормаларын түрақтандыру, термин қабылдаудың
принциптерін айқындау тәрізді сан-салалы міндеттер түрғандығы белгілі. Бұл
салада тер төккендер: А.Байтұрсынов. С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов,
Н.Төреқүлов, т.б сияқты қоғам қайраткерлері мен тіл мамандары болғандығы да
белгілі.
Алфавитіміз қандай болуы керек деген мәселе 1910 жылдан бастап
А.Байтұрсынов сол кезде қолданып жүрген араб графикасын реформалап ол
жөнінде Айқап журналы мен Қазақ газеті беттерінде жұртшылық пікірін
ұйымдастырғаны да белгілі. Сондағы емлеге қойылған негізгі талап-халықты
жаппай және тезірек сауаттандыру үшін емле ережелерінің әрі оңай, әрі
қарапайым болуын ойластыру болды.
А.Байтұрсынов та, Қ.Жұбанов та қазақ жазуы фонетикалық принципті
ұстануы керек деген пікірде болды. Яғни сөздерді айтылуы, естілуі бойынша
жазуды ұстанған болатын. Емлені қайта тексергенде ең алдымен оны қалың
елге, еңбекші бұқараға түсінікті жеңіл қылып шығару жағын ескеру керек –
дей келіп, Қазір біз туыс жүйелі морфологиялық емлені қабылдасақ бізде де
ағылшындардікі сияқты және басқа елдердікі сияқты дәстүрлі жазу болады",-
дейді Қ.Жүбанов[14,54].
Морфологиялық принцип бойынша көп вариантты қосымшалардың бір ғана
нұсқасы таңбалануы керек те, қалғандары еленбеуге тиіс. Мүнан оқыту жұмысы
қиындайды. Сауаттану жұмысы тезірек жүру үшін жазуда сөз естілуіне жақын
болуы керек.
Жазудағы сауаттылық әдетте , емле қателерінің аз-көптігіне қарап
белгіленеді. 1938 жылы ресми органдардың қаулысы бойынша Қазақ тілінің
емле ережелері жарияланды. Онда орфографиядағы бұрынғы қате-кемшіліктерді
жөндеу мақсаты көзделіп және олар жаңа ережелермен толықтырылды. Осы
ережелер жағында бірінші сөздер туралы былай делінген: екі түбірден
қосылып, бір мәнде мағына шығарған осы күнге дейін түлғаларын сақтап,
морфологиялық принципке сүйеніп, қосылып жазылады.
Бұл жөнінде А.Тасымов былай дейді. Осыдан кейін бірінші сөздерді жұрт
дұрыс жаза бастады, сөзді біріктіріп жаңа сөз жасау бағыты күшейді.
Біріккен бірікпегенінің жігі айқьндалмағандьгқтан оларды түрліше жазу да
жиі кездесетін болды. 30-жылдардың өзінде олардың орфографиясы көптеген
таластар тудырды, біреулер біріктіріп жазған сөздерді енді біреулердің
бөліп жазуы күшейді. Олардың жазуын бір арнаға түсіретіндей орфографиялық
ережелер болмай келіп, 30 жылдары жүртшылық оларға көңіл аудара бастады
[15,31].
Ал енді 1963 жылы жарық көрген орфографиялық сөздік пен 1973 жылы
шыққан сөздіктердің бірінде бірге жазылса, бірінде бөлек жазылып жүр. Сол
сияқты 1957 жылғы жарық көрген ережелер мен 1983 жылы шыққан сол ережелерге
түзетулер мен толықтыруларда да ала - құлалық ұшырасып жатады. Сондықтан,
орфографиялық ережелерді біріккен сөздердің жазылуын құбылта
бермей қатал нормаға айналдыру керек. М.Балақаевтың Тіл мәдениеті және
қазақ тілін оқыту атты кітабында Сөздердің айтылуы мен жазылуы
нұсқаларында мүмкін болғанша жақындық үйлесім болуға тиіс , - дейді
[5,55].
Мысалы: мол, астар, жақсылық, шаруашылық, терезе, кеңсе сияқты
мыңдаған сөздер әдетте айтылуы мен жазылуы арасында осындай ұқсастық болса
бір жөн , әрқашан солай бола бермейтіндігі белгілі. Сөздердің айтылуы мен
жазылуы арасында елеулі қайшылықтар болғандықтан, морфологиялық принцип
бойынша сөздердің түбірлері сақталып жазылуға тиіс болады. Бұл да бір жақты
дұрыс бола бермейтіндіктен, соңғы жылдары орфографиялық принципі фонетика -
морфологиялық болып өзгеріпті.
Проф. Қ.Жұбанов Емле негізіне қожа сол тілдің жаратылыс заңы болуы
керек. Тіліміздің жаратылысына қарасақ, емле дыбыс негізді болуы керек, -
деген болатын. Ал соңғы онжылдықтардағы оқулықтар мен зерттеулерге назар
аударсақ, кей оқулықтарда Қазақ орфографиясының негізгі принципі -
і морфологиялық принципі күллі түркі тілдері үшін қолайлы принцип болып
саналады. Морфологиялық принцип дыбысталудағы ерекшеліктерді ескермей, сөз
қүрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы қалпын сақтап жазуды
басшылыққа алады.
Тіл мәдениеті халықтың жалпы мәдени дәрежесімен әдеби тілдің қандай
белесте екенімен тығыз байланысты. Халықтың жазу мәдениеті мен сөйлеу өнері
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сөздердің орфографиялық және
орфоэпиялық нормалары берік те тұрақты болады.
М.Балақаев орфографиядағы қайшылықтар жөнінде Біріккен сөздердің
жазылуында да бірізділік жоқ. Бұл жайында әр баспа орны өзінше ереже
шығарып жүр. Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институты шығарған үлкен
орфографиялық сөздікте де бұл туралы қайшылық бар [16].
Қазақ жазуында біріккен сөздердің емлесі тиянақталмай-ақ қойды. 1935
жылы жазған бір мақаласында проф. Қ.Жұбанов біріккен сөздердің жазылуында
қате көп кететінін, бұл мәселеде таластық көп екенін сөз еткен болатын,-
дейді [14,155J.
М.Балақаев мұндай қайшылықтардың себебін Біз біріккен сөздерді
емес, олардың ережелерін құбылта береміз деп түсіндіреді.
1940-1960 жылдары біріккен сөздерді бірге жазу дағдыға айналған кезде,
кейін бөлек жазуды дәріптеп, қолғап, жарғанат, есекмия сияқты көптеген
біріккен сөздерді қайтадан бөлек жазуды ұсынды. Бірақ қазіргі күні бұл
тәжірибе өзін-өзі ақтамағаны байқалады.
М.Балақаев қазақ тілінің нормаларын айырып тануда мысалдар лексика,
грамматика кейде фонетикадан алынғандығын айтады. Соларға қарап
орфографиялық және орфоэпиялық нормалардың оларға қатысы жоқ деп түсінбеу
керек. Бүлардың да жүмсалуында жүйелілік, жиілік, модельдік болжамдар
болады. Солармен қатар ол екеуінің нормалық құрылыстарында елеулі
ерекшеліктер бар және олардың өзара байланысы да бар. Мысалы: емле
ережелері бойынша дауысты, дауыссыз дыбыс әріптері түбір сөздер мен
қосымшалардың түйіскен жерінде ілгерінді, кейінді ықпал заңдарына сәйкес
жазылады: қатаңнан кейін-қатаң, ұяңнан кейін - үяң, жіңішке дауыстыдан
кейін-жіңішке, жуаннан кейін - жуан дауысты жазылуға тиісті екені
орфографиялык ережелер жинағында бірнеше параграфқа бөлініп айтылады.
Солай жаз деп ережелер үстануымыздың негізгі принципі - қазақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz