М.Дулатұлы Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы ақын



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Міржақып 1885 ж., Қостанай облысы Жангельдин ауданында Қызбел атырабы-
5.10.1935, Ресей, Каремея, Беломор-Балтық каналы Сосоновек бекеті- Алаш
қозғалысының қайраткері, жазушы ақын, драматург, журналист. 20 ғасырдың
бас кезіндегі ірі әкім. Дулат 2 шешеден, 10 жаста әкеден айырылып, ағағсы
Асқар Дулатовтың қолында өскен. Алғашында ауыл молдасынан хат танып,
кейін Торғайдағы Ы.Алтынсарин ықпалымен ашылған 2 сыныптық орыс-қазақ
мектебінде білім алған (1902) Ауыл мұғалімі деген куәлікалып, ауылда бала
оқытады. 1904 ж. Омбы қаласына қоныс аударған. Осы қалада А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейхановпен танысады. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург
қалаларында көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлесу, саяси
қозғалыстарға араласу Дулаттың саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына
ықпал етеді. Дулат 1905ж. 17 қазанда Ресей үкіметіне қазақ халқы атынан
жолдаған Қарқаралы құзырхатын дайындаушылардың бірі болды. 1905-1907 жж.
Зайсан уезіндегі Бекмұхамбет қажы ашқан қазақ мектебінде сабақ берген.
1906 ж. Дулат Конституциялық демократтар партиясы делегаттар қатарында
Санкт-Петербургке барады. Түрлі сипатты жиындар мен саяси күштер
ұйымдастырған көше шерулеріне, ерелуілдерге қатысады. Осы кезден бастап
Ресей үкіметі құпия полициясының саяси сенімсіз адамдар тізіміне ілігеді.
1907 ж. Санкт-Петербургте жағыз ғана нөмірі шыққан Серке газетінде
Дулаттың Жастарға деген өлеңі басылады. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы 1909
ж. Қазан қаласындағы Шарқ баспасынан Оян қазақ деген атпен басылып
шығады. Қазақ оқырмандары үшін бұл кітаптың әсері үлкен болады. Ауыл
арасында қолдан-қолға таралып, аз уақыттың ішінде ақынның есімі танымал
болды. Ресми әкімдер тарапынан бұл кітапты оқуға тыйым салып, қолға
түскен даналары тәркіленген. Дулат Қызылжарда сот кеңесінде тілмаштық
қызымет атқарып, мұғалімдігін де жалғастырады. Қазақ балаларына орыс
тілінен сабақ береді. Сол кезде біраз уақыт М.Жұмабаев одан дәріс
алады. 1910 ж. Қазақстандағы Каримовтар баспасынан Бақытсыз Жамал
романы жарық көреді. Қазақ басылымдарына, әсіресе Айқап журналына үзбей
мақала жазып тұрады. Әр өлеңдегі ел тұмысын өз көзімен көру ниетімен
1911 ж. Қазақ ауылдарын аралап, Қызылжардан Семей облысына қарай
саяхатқа шығады. Құпия полиция тыңшыларының маусым айының жетісі күні
Семей қаласына келгенде ол түскен М.Малдыбастың үйіне тінту жүргізіліп,
тұтқындалады да 19 ай қамауда отырады. 1912 ж. Орынборға келеді. Осындағы
қазақ зиялылары ақын қосып, ел санасын оята беру мақсатымен баспасөз
қызыметін қолға алуды ұйғарады. Дулат 1913-1918 жж. Қазақ газетінің бас
редакторы Байтұрсыновтың орынбасары, жауапты хатшысы қызыметінде болады.
Сол кезеңде Дулаттың Азамат (1913), Бақытсыз Жамал (екінші рет 1914),
Терме (1915) кітаптары жарық көреді. 1917 ж. 20 ақпанда Торғай
губернаторы М.Эверстан, Э.Бөкейхановтың ұсынуымен Дулатқа және дәрігер
Э.Алдияровқа арнайы куәлік беріп, оларды Минск маңы мен Баранович
қаласында тыл жұмыстарында жүрген қазақтарға қолдау көрсетіп, жетекшілік
етуге жібереді. Дулат Минскіде Бөкейханов ұйымдастырған Еркін дала
(1917) атты саяси үйірменің ісін жандандырып, қазақ жастарының көзқарасын
қалыптастыруға ықпал етті. Дулат 1916 ж. Оқиғалардың зардабынан қырғынға
ұшырап, босқынға айналған елге көмектесу мақсатында Семей қаласында қазақ
тарихындағы ең алғашқы Жанар жәрдем қорын ұйымдастырды. Осы жылдары
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің жұмысына белсене араласады. Дулат
Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі ретінде 1917 ж. Орынборда өткен 1
және 2 жалпы қазақ съезіне белсене қатысып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысына қатысқан Кереку өңірінің қайраткерлерінің ұлтшылдығы
Міржақып Дулат
М.Дулатұлының алаш партиясы мен кеңес өкіметі кезеңдеріндегі көзқарастары
Міржақып Дулатұлының өмірлік ұстанымдары
Әлихан Бөкейхановтың өмiрi мен қызметi
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
Қазақтың шығу тегі
М.Дулатұлының шығармаларындағы сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын оқыту
Пәндер