М.Әуезов – үлкен ойшыл ғалым, ұлағатты ұстаз


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

М. Әуезов - үлкен ойшыл ғалым, ұлағатты ұстаз

Кезінде М. Әуезовтың өзі: «Дүниеде болып өткен нелер ұлы жандар бар, олардың ішінде даналары да аз емес-ті. Көбінен қалған дарынды кітап, ұлы шағармалар саналы тірлігінде үнемі есіңе түсіп, қатарыңа ілесіп жүргендей болады, біз оларды әр уақытта керегіне қарай пайдаланамыз, ісімізге жаратамыз»- деп жазған еді. Тек әдебиет сүйер қауым ғана емес, өнер иелері, мәдениет пен ғылым қайраткерлері, ұстаз-педагогтар мен қоғамдық ғылымдардың өкілдері, бір сөзбен айтқанда, қалың көпшіліктің, М. Әуезов творчествосымен сусындамайтыны жоқ десек, ағат айтпаймыз. Тек М. Әуезовтың өмірі мен шығармалары жөнінде жазылған еңбектердің авторлары саны жағынан қазірдің өзінде көптеп саналады.

«Қазақ тілі» газетінің 1920 жылғы 31 желтоқсандағы санындағы мақаласында «Бойына азын-аулақ шыдам жиып аз ғана еңбек қылса, көркейіп кеткелі тұрған істер көп. Ол істердің бірі деп менің айтарым - оқу ісі» - дейді ойшыл. Бұдан әрі мақалада әлі күнге дейін ұлан-байтақ териториясы бар кең қазақ жеріндегі қалаларда қазақ халқының оқып, сауат ашуына арналып салынған мектеп, клуб үйлерінің жоқтығын қынжыла жазады. Қазақ халқы көшпенділігін қойып, қала өмірінен үлгі алса мәдениеті де тез озар еді деген қорытынды жасайды.

Дарынды ұстаз, тек оқу мәселесі жөнінде жалаң пікір айтушы теоретик ғана емес, сол іске тікелей араласқан ұйымдастырушы да болды. қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборға басшы қызметке ауысқан М. Әуезов 1922 жылы сәуір айының аяғында Семейге іс-сапармен келіп, оқу мәселесі төңірегіндегі істерге тікелей араласады. Мәселен, ол 1922 жылы 20 мамырда Семей губерниясының оқу бөлімінің жағдайы туралы мәселе қаралған губерниялық мәслихатқа қатынасса, 8 маусымда мектеп үйлерін бұрын кіріп алған мекемелерден тез арада босату мәселесін жедел шешуге кіріседі.

М. Әуезов Семей губерниялық оқу бөлімі жанындағы ғылыми-методикалық кеңесінің де мүшесі болған. 1925 жылғы 8 ақпанда «Ауыл» газетінде жарияланған «Бәрекелде» деді ме екен? Атты мақаласында М. Әуезов қазақ даласындағы ауыл мектептерінде оқыту жұмыстарының нашар дәрежеде екендігін, ал оны бақылайтын оқу инспекторларының өз міндеттеріне жүрдім-бардым қарайтындықтарын қатты сынға ала келіп, «үкімет өзінің болмашы қорының көпшілігін оқу жұмысына жырып беріп отырғанда, оқытушылар бетімен қыдырып жүрсе, инспекторлар мұндайды тексермей жүрдім-бардым деп отырғанда, губерниялық оқу бөлімі «Бәрекелде» деді ме екен?» - деп жазады.

М. Әуезов өзінің көптеген ғылыми мақалаларында, сөйлеген сөздерінде мектепте нәтижелі жұмыс жасауы үшін оқытушының бойында білім мен біліктен басқа, педагогикалық қызметке деген табиғи бейімділік, зор талап терең талғам мен ұғымдылық, ынталылық қажет екендігін ескертіп отырады. Өйткені оқытушы өзінің жұмысына селқос қараса, шәкірттерді шын жүрегімен сүймесе, ол жұмысты да ықылассыз жасайды. Ал ықылассыздық пен енжарлық, дөрекілік пен менмендік бірімен-бірі жақын тұрған адамгершіліктің көмескі жақтары ғана емес, тәрбиенің да жауы. Ушинскийдің «тәрбиеші чиновник емес, ал егер ол чиновник болса тәрбиеші емес» - деуі де осыдан болса керек.

М. Әуезов оқытушыларды тек өз істері төңірегінде тоқырап қалмай, өмірдің, білімнің әр саласынан жан-жақты хабары бар «тарихты өз қолдарымен жасаушы саналы да белсенді қайраткерлері» болуға шақырады.

«Студент - деп жазады М. Әуезов, - қайда оқымасын, қай саладағы мамандықтың иесі болмасын, әр кезде өз бойында интеллектуалдық мәдениетті мол жинауға бой ұруға тиіс».

М. Әуезов кезінде тіл тазалығына, аударма мәселелеріне де аса көңіл бөлген әдебиетші-ғалым, ұстаз. Ол 1918 жылы Л. Толстойдың «Будда», 1924 жылы проф. Вагнердің «Жердің жаратылысы жайындағы әңгімелерін» қазақшаға аударды. Шекспирдің «Отеллосы», Гогльдің «Ревизоры, Н. Погодиннің «Ақ сүйектері» тағы басқалар 30-шы жылдары аударылды. Әуел бастан-ақ аударма мәселесіне зор дайындықпен келген және жауаптылықпен қараған. М. Әуезов басқа да ресми іс қағаздарында орыс тілін дұрыс игеруге ұмтылыстың жоқтығынан қазақ тілінің сонша шұбарланатындығын ашына жазған. «Қазақша жазу қазақ сөздерінің кез-келгенін құрастыра беру емес» атты мақаласында ресми документтердің орысша жүргізілген нұсқасын қазақшаға мағынасына қарамай, сөзбе-сөз жауапсыздықпен аударудың нәтижесінде қазақ тілінің өрескел бұрмаланып жүргенін қатты сынға ала келіп, бұл секілді өрескелдікті жою қамына кірісу керек» - деген сөздерінің мәні бүгінде ерекшелене түседі.

М. Әуезовтың «Әдебиет тарихы» 1927 жылы сол кездегі Қазақстан астанасы Қызылорда қаласында жарық көрді.

Оқулық 7 бөлімнен тұрады. :

  1. Сыршылдық - салт өлеңдері.
  2. Батырлар әңгімесі.
  3. Ел поэмалары.
  4. Тарихи өлеңдер.
  5. Ертегілер
  6. Айтыс өлеңдері
  7. XVIII-XIX ғасыр ақындары.

М. Әуезовтың «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты еңбегі 1927-1960 жылдардың арасында әлде неше рет өңделіп қайта жазылып, ақыры толықтырылған түрінде қазақ әдебиеті тарихының І-ІІ томдарының негізгі бөлімдеріне енді.

М. Әуезовтың ойшыл, әрі ғалым-педагог ретінде өзін танытқан іргелі жұмысының бірі - бастауыш мектеп программасына сәйкес жазылып 1930 жылы Қызылордада жарық көрген «Жеткіншек» атты ересек жастар мектебіне арналған оқу құралы.

М. Әуезов әңгімелерін оқыту.

Мұхтар Әуезов қалдырған асыл мұраның бірі - «Бүркітші» әңгімесі. Бұл - әдебиет бағдарламасында 60 жылдан бері қарай орын тепкен, хрестоматиялық мәнге ие болған туынды. Оның мектеп оқушылары үшін танымдық мәні айрықша.

Әңгімеде колхозға еніп, жаңаша өмір сүрген Бекбол, Жәнібек тәрізді қазақ еңбекшілері мен Сәтбек сияқты социалистік құрылыстың дұшпандары арасындағы таптық күрес суреттеледі. Бекбол - «тығылып, жортқан аң ғана емес, жасанып жортқан Совет жауының да талайын тұмсыққа ұрып ұстасқан» қырағы құсбегі.

Бір түнде топ жылқысы жоқ болып шыққан Оспанқұлдың алдымен Бекболға соғуында да мән бар еді. Бүркітші әңгімені тыңдап алып, мән-жайды шекарадағы комендатураға хабарлауды мақұлдады да атқа қонды. Бірден бет алған жағына жүріп кетті. Бекбол жолшыбай түлкі ғана емес, ұрылардың ізін кезумен болды. Ол жолшыбай көде түбіндегі екі-үш тұяқтың ізіне, шаншыла түскен тезекке, ат тұяғынан ұшып түскен тастың, жапырылған шөптің ыңғайына, қураған аққұлақтың басына ілініп қалған көдеге, аспандап ұшқан екі ақ бас құстың беталысына қарап, өздерінің ұрыларды өкшелей басып келе жатқандығына көзі жетті. Осы жерде ғана ол ұрыларды алдаусыратып ұстау туралы өз шешімін Жәнібекке айтты. Олар бейбіт аңшылық кәсібіне көшті. Қызылбалақты түлкіге қосып, түлкі аулады. Жаудың бекінген тұсын білу үшін Каракерді ұшырды. Оның құстар ұшқан жаққа бет алғанын көріп, ұрылардың Ожар тауына бекінгендігіне көзі жеткен Ербол Жәнібекті комендатураға жіберіп, өзі Қаракер ұшқан жаққа жол тартты.

Жау ортасынан бет белгі беретін болып уәделесті. Дегендей-ақ Ербол ұрылардың үстінен шығады. Ақыры Сәтбектен айласын асырып, оның серіктерімен шекара комендатурасына ұстап берді.

Әңгіменің тақырыбы - қырағылық, қоғам мүлкін көзінің қарашығындай сақтау болғанда, мазмұны жоғарыдағыдай, сырткөзге, талас-тартысына оңай шешіле салған тәрізді көрінгенмен, жазушы кейіпкердің қимыл-әрекетіне, әрбір ісіне ерекше мән беріп, сөзіне үлкен салмақ артқан. Оны жіті талдау арқылы ғана оқушыға танытуға болады.

Әңгіме уақыт мөлшерін сағатпен емес, таңның атуы күннің батуымен жобалап, жолаушының мезгілсіз, асығыс, жедел жүрісіне қарап, әлденеден секемденген түз қазағының психологиясын суреттеуден басталады. Жүргіншінің келуі Бекболға аңшылыққа қоса барлаушылық міндетін артты. Бір емес, бірнеше кеңес жауын ұстаған Бекбол осы жол да ұрылар туралы өзі болжам жасаған еді. Бірақ оны ешкімге айтпады. Жаудың ізімен келе жатқанына анық көзі жеткенде ғана ендігі байламын Жәнібекке айтқан еді. Бұл - Бекболдың даурықпаның, бос мақтанның адамы емес, істің адамы ендігіне дәлел.

Бекбол - көреген, өте сақ адам. Ұрыларды өкшелеп келе жатқандығына көзі жетісімен, енді оларды ұстаудың әдіс-айласын іздестіреді. Ол бейбіт аңшылық жүріспен келіп бандалардың үстінен түсуді, олардың ортасында тұрып кейінгілерге белгі беруді, сөйтіп іздеген жауын алдаусыратып ұстауды жоспарлады. Бекболдың ол ойын ұққан Жәнібек оның дегенін екі айтқызбай орындауға тырысты.

Жәнібекті комендатураға жөнелтіп, өзі ұрылардың соңына түседі. Бекбол жаудың осал еместігін, олардың ортасында жер жағдайын білетін адамның барлығын жобалағанымен, нақ сол сатқынның Сәтбек боларын күптеген еді. Ұрылар ортасынан Сәтбекті көргенде, селт еткен бойын тез билеп, Бекбол бірден айлаға көшеді. Қарсыластарының сеніміне кірудің амалын қарастырады, бау кеспелерге сыр бермеуге, қорқақтық жасамауға тырысады. Құсын жоғалтқан бейбіт аңшылық қалпын сақтап, олардың сеніміне енеді. Сөйте жүріп соңындағыларға белгі беріп те үлгереді. Сөйтіп, ұшқан құс, жүгірген аңның машығын ғана емес, адамның соның ішінде ұрылар психолгиясын білу Бекболға осы жолы да үлкен септігін тигізді.

Бүгінде елімізде білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибелерде өзін ақтаған жаңа түрлерін дамыту, оқытудың басты ұстанымдарын айқындау мақсатында көптеген игі істер атқарылуда; қазір педагогика ғылымында жаңа ұғымдар көбейді. Солардың бірі «инновация» ұғымы. Оны жете меңгеріп инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу оқушының саналы да сапалы білім алуына көмектеседі. Инновация - нақты мақсатты жүзеге асыратын жаңа идеялар. Осы бағыттағы әдістемелік тұжырымдамалардың негізінде жаңа әдіс-тәсілдер туындайды, бұл пәрменді түрде жүргізіліп жатқан ғылыми-әдістемелік зерттеулердің нәтижесі әдістеме ғылымын дамытып толықтырады.

«Қазіргі заманда жастарға озық технология мен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп ел Президенті атап көрсеткендей, инновациялық әдіс-тәсілдерді оқу үрдісіне енгізу, үнемі жетілдіріп отыру қажеттігі туындайды.

Кезінде М. Әуезов айтқан: «Тегінде әдебиеттен сабақ беретін әр адам - өз сабағын шын мәніндегі эстетикалық сұлулық биігіне көтеріп әкетуі шарт» деген сөздердің бүгін де әдебиетті оқыту әдістемесіне бағыт-бағдар беруде құндылығы жоғары екенін көреміз.

М. Әуезовтың өмірін, бүкіл шығармашылығын, әлемдік мәдениетке қосқан үлесін бағдарлама бойынша берілген сағат аясына сидыру мүмкін емес. Бұл орайда, балалардың өзіндік шығармашылық ізденісі әр түрлі әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылып, сабақтастыра жүргізілгенде ғана әдебиет пәні мұғалімі өз мақсатына жетеді.

Ақын-жазушылар туындыларымен ғана емес, өнегелі өмірімен оқушыларға әрқашан үлгі-өнеге. Өмірбаянымен танысу оқушыны жазушының шығармашылық өсу жолына үңілдіре отырып, шығармаларына деген ынта-ықылас, қызығушылық туғызады. Әр туындының көркемдік-эстетикалық табиғатын терең ұғынып талдауға бағыт-бағдар сілтейді. Демек, әдебиет сабағының өзіндік оқыту тәсілін талап ететін сабақтың бір түрі - жазушы өмірбаянын оқыту. Бұл тұрғыда, ең алдымен, өмірбаян деректерін, сан түрлі тарихи, әдеби материалдарды мейлінше ұтымды сұрыптап, ең маңызды үлгі-мысалдарды жазушы шығармашылығы суреттелген кезеңмен байланыстыра қамтып, суреткердің әдебиеттен алатын орнын, рухани болмысын, азаматтық тұлғасын таныту қажет.

«Адамзаттың Айтматовы» атанған Ш. Айтматовтың төмендегідей сөздерін әдеби-ауызша журналдан оқиды: «Бүкіл әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсіру үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін өз биігің - Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек» . . . М. Әуезов ұлылығын түсініп, шыңына шығу сабақтың негігі мақсаты екені айқындала түседі. Баларға ой қозғау мақсатында: «Жазушы, ірі суреткер, ойшыл ғалым, ұлағатты ұстаз М. Әуезов жайында не білеміз ?» деген сұрақ қойылады. «Әуезовтың 100 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде бүкіл қазақ халқының абыройын аспандатқан ұлы оқиға болды (сөздің мәнін ашуға жетелеу) ».

Мұғалім шолу ретінде жазушының өскен ортасы, балалық шағы, білім алу жолы, әдеби және қоғамдық қызметінің алғашқы кезеңі т. б. сондай өсу, іздену, кемелдену шағын әңгіме өзегіне айналдырып баяндайды. (Жазушы өміріне арналған хронологиялық кестені пайдалану. ) Бала Мұхтардың алғашқы сауатын Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашуына балалардың көңілін аударудың мәні ерекше. Абайдың жүрек тебіренткен асыл сөздерімен тәрбиеленген, жастайынан нәр алған М. Әуезов бір сөзінде: «Абай - қазақ халқының көзі, көз қарашығы» деді. Осы сөздің астарында не жатқанын ұғуға балаларды жетелеу қажет. Танымдық іздендіргіш сұрақтар арқылы әр оқушының ой-пікірі тыңдалса артық емес. Мысалы, «Қалың елі қазағы үшін Абай атамыздың сөзі шам нұрындай десек артық емес», «Ол надандықпен күресті, жастарға үлкен сенім артты, білімге үндеді», т. б. деген пікірлері сабақты жандандыра түседі. Мұхтар Әуезовтің өз халқының жүрегіне үңіліп, ұлы Абай шеше алмаған түйіндерді шешуді мақсат тұтқанын балалар ұғынады.

Жазушының жастық шағын, еңбекқорлығын, ізденгіштігін әңгіме еткенде «Біздің Мұхтар» атты жинақтағы Семейдің мұғалімдер семинариясының орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы В. И. Поповтың естелігінен үзінді келтіреміз: «Ол әрқашан байсалды, әдепті, мінезінің ұстамдылығымен оқытушылар алдында, жолдастары алдында қадірлі саналатын, тіпті өз класында ерекше көзге түсетін, курстастар арасында өте беделді болатын. Орыс тілін өте жақсы игерген үстіне, сол тілдің жай-жапсары жайындағы білімінің кеңдігі бізді таң қалдыратын». Жазушы шығармашылығын таныстыруды өзімен істес болған, бірге өсіп, бірге оқыған басқалардың естеліктерін тиімді пайдалана білу ұлылықтың қыры мен сырын ұғына түсуге оқушыларды ұмтылдырары сөзсіз.

Демек, Мұхтар Омарханұлын өз көздерімен көрген әдебиетші замандастар аузынан ғалым-жазушы жайлы естеліктер тыңдауды игі дәстүрге айналдыру керек. Мұндай дүниелер бүгінгі жас ұрпақтың сана сарайын ашудағы, үлгі-өнеге, тәрбие берудегі асыл қазыналардың бірі болары сөзсіз. Мысалы, «Естеліктер сыр шертеді» атты әдеби-альманах журнал жинағы әр қазақ мектебінде болса нұр үстіне нұр болар еді.

І бөлім. Қазір ортамызда жүрген ғалым, жазушы, ақындарды өз даусын балаларға үнтаспадан тыңдаудың әсері мол.

ІІ бөлім. Қазір арамызда жоқ. Аяулы әдебиеттанушы ағалар, ақындар, зерттеуші-сыншылар.

Қоғам қайраткерлерінің, т. б. суреттерін көріп, сөздерін тыңдап, ұғып-сезіну балалар үшін үлкен сабақ.

Абайтанушы ғалым Қ. Мұқаметқанов: «Мұқаң - бүкіл қазақ елі үшін мәңгілік зор мақтаныш. Қазақ елі Абай мен Әуезов арқылы бүкіл адамзаттық парасат салтанатына өз үлесін қосты және соны мақтаныш тұтады».

Өмірі де, өнері де аса күрделі күрмеуден өткен, тағдыры таным талқысына түскен ұлы жанның өзі де тылсым тақырып, ол жастарға ерекше сенім артты: «Өскелең ұрпақ тар шеңберде қалып қоймайды. Жан дүниесі бай, талап-тілегі зор, ой-өрісі кең нағыз мәдениетті маман болады, белгілі мамандықтың шеңберінен адамдық қасиеттің биік деңгейіне шығады», - деп жазды «Үмітті ұрпаққа ізгі тілек» мақаласында («Лениншіл жас», 1957) .

З. Қабдолов: «Мұхаң - әрі жазушы, әрі ғалым әрі ұстаз, әрі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол осының бір де бірінде осалдық көрсетпеген, бәрінде де орасан күшті, бәрін де қатар және тең ұстаған адам. Ол ғажайып бүтіндіктің, «сегіз қырлы, бір сырлылықтың», Абайша айтқанда «Тас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісімнің» үлгісі болатын. Демек, шешендік - Мұхаңның көп қырының тек бірі ғана. Қайран Мұхаң . . . тиіп кеткен жері тәрбие, үлгі-өнеге болатын».

Ш. Айтматов: «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып өзіммен бірге қастерлей ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі - «Манас», бірі - «Мұхтар Әуезов».

Мен қазақпын ба, қырғызбын ба ? Мұны білгісі келгендерге «Манас» жөнін, Мұхтар Әуезов жайын айтып беремін. Бұл екеуі - менің қандас халықтарымның мерейі, осы екуіне иек артсам болғаны жат жұрт арасында жалым күдірейіп шыға келеді». О. Сүлейменов «Мухтар Ауезов - фигура возрожденческого масштаба. Такие проявляют себя во многих областях духовной жизни общества, они влияют на всю культуру в целом.

Ауезов - первый професиональный драматург, первый режиссер и организатор театра, в числе первых журналистов и прозаиков, первый литературовед, даже игрок первой футбольной команды, организованной в Казахстане».

Ұлы жазушы М. Әуезовтің ең ірі еңбектерінің бірі Абайды әлемге таныту болды. Мұхтар жазған «Абай жолы» эпопеясының құндылығы бүгінде ерекшелене түседі. Төменде ақын Абайды жастарға терең меңгертудің әдіс-тәсілдерінің үлгілерін ұсынамыз.

Абайдың ақындық әлемін танытудың кейбір жолдары

«Өткен адам болады көзден таса,

Өлді, өшті оны ешкім ойламаса.

Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,

Керектісін ескеріп, ұмытпаса».

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бүгінде әлемдік деңгейде кең қанат жайып келе жатқан ғаламдану процесінде халқымыздың рухани құндылықтарын сақтай отырып, ұлттық ерекшеліктерімізді өркениет талаптарына сай үнемі жетілдіріп отыру - өзекті мәселелердің бірі.

Абай туындылары - сол кездегі қоғамдық өмірдің ең көкейкесті, күрделі, өте маңызды мәселелерін дөп басып айтқан құнды дүниелер. Абай поэзиясы - қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихындағы өрісі биік, ерекше құбылыс. Ақын өз шығармаларында қазақ халқының бүкіл өмірін, тыныс-тіршілігін сөзбен айрықша бейнелей отырып, шынайы шабытпен көркемдеп өрнектей білген. Абай сөзін жастарға терең, дәлелді, түсінікті етіп талдай жеткізу - біздің парызымыз. Абай кешегіні де, бүгінгіні де, ертеңгіні де жеріне жеткізе айта білген.

Кезінде Ахмет Байтұрсынов: «Абай сөздері дүниеде қалғаны зор бақыт . . . Абайды қазақ баласы тегіс білуі керек» деген сөздерінің мәні ерекше. Бүгінгі, келер ұрпақтың жан дүниесін Абай сөздерімен тәрбиелеу ақын мұрасын танып білу қай кезде де болмасын жалғаса беретін құбылыс.

Біз төменде жоғары санып, 1-2 курс студенттеріне арналған «Абайдың ақындық әлемі» атты поэзия апталығының үлгісін ұсынамыз.

Лирикалық шығармаларды оқыту барысында ақынның ой дүниесіне, сезім қозғалысы, жүрек лүпіліне, шығарманың сөзбен өрілген құпияларына, автор поэзиясына оқырманды үнемі жетелеп отыру қажет. Сонда ғана лириканы терең түсініп, сезіне қабылдау өз нәтижесін береді. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең», -

деп ұлы Абай айтқандай халқымыздың табиғатында ақынжанды екенін, поэзиядағы ақын жүрегінің жалынына орала шалқар шабытпен берілген сом сурет, әсерлі бейнелер, қоғамдық жеке бастың өмір белестері, сезім сырлары жастарды тебірентпей, жанын аяламай өтуі мүмкін емес.

Әдебиетке байланысты аудиториядан, сыныптан тыс ұйымдастыратын жұмыстардың түрлері баршылық. Солардың бірі - поэзия апталығы. Апталықтың бірінші күні: «Жүрегімің түбіне терең бойла» деп аталады. Мұнда Абай шығармашылығына арналған кітап көрмесі:

1) Ақынның өмірбаяны (шолу) .

2) Ақын жайында айтылған ой-толғамдар. Ауызша әдеби журнал.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу
Абайдың ақындық өнері
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ
Шешендік сөздер
Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
Шәкірттің жақсы болмағы ұстазынан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz