М.Әуезов және фольклортану мәселелері
М.Әуезов және фольклортану мәселелері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. М.Әуезов және ұлттық өнер
2. М.Әуезов және қазақ әдебиеті
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Болашақ жазушы 1897 жылдын күзiнде қазiргi Семей облысының Абай
ауданында дүниеге келдi. Түрiк, араб-парсы әдебиеттерiнен жақсы хабардар
Әуез атанын мұхтар деген сөздiң азат, бiлiмдi, таңдаулы деген
мағынаны бiлдiретiнiн кiтаптан көзi шалып, көкiрегiне түйгенi бар едi. Сол
сөздi таңдап алып, өзiнiң үлкен ұлы Омархан мен сүйiктi келiнi Нұржамалдан
туған тұңғыш немересiне Мұхтар деп ат қояды.
Әуез қарт ұлы ақын Абайдың адал досы болған. Ол Абайдың асыл өлеңдерi
халқынын асыл казынасына айналса екен деп арман етушiлердiң бiрi едi. Ол
кезде қазақ елiнде сауатты адамдар аз болатын, кiтап басылмайтын. Осындай
жағдайларда Әуез қарт өзiнiң сүйiктi ақыны Абайдың өлеңдерiн көшiртiп,
түптетiп алады. Соны оқулық орнына пайдаланып, өз балалары мен немерелерiне
өзi сабақ бередi. Алдымен араб әрiптерiн үйретiп, хат танытады. Содан соңғы
Әуез ұстаздың бар педагоктiк әдiсi-Абай өлеңдерiн шәкiрттерiне бiрiнен соң
бiрiн жаттата беру болады. Күндердiң күнiнде Әуез атаның алдына бес-алты
жасар кең маңдай, бұйра шаш бала Мұхтар да шәкiрт болып, тiзе бүгедi.
Әуез ақсақал өз баласы Қасымбекті Семейдегі орыс мектебiне бергiзген
едi. Артынан сол Қасымбек, Әуез атасының рұқсатымен, Мұхтарды қолынан
жетелеп апарып, Семейдегi бес кластық орысша оқытатын училищеге түсірді. Он
екi жасында әкесi олiп, он бес жасында шешесiнен айрылған әрi қамқор атадан
жырақ жерде оқуда жүрген Мұхтарға осы ағасы үнемi бас-көз болды. Орыс
училищесiн бiтiргеннен кейiн Мұхтар Семейдегi мұғалiмдiк семинарияны
тамамдады.
Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ халқының ұлттық рухани дамуындағы ұлы
тұлғалардың бірі М.Әуезов тек қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік
әдебиеттің де жарқыраған жарық жұлдыздарының қатарынан рухани сәуле шашуда.
Өзгеге ұқсамайтын өзіндік болмысымен тарихтың небір тауқыметі мол ауыр
жолдарынан өтіп келе жатқан халқымыздың өмірдің бұралаң тұстарында жоғалтып
алған немесе пайдалануға мүмкіндігі болмай келген асыл қазыналары да
баршылық. Солай десек те ғасырлар бойғы тарихтың ұлы көшінде ұлтымыздың
келешегі үшін өмір сүре, күресе жүріп ой маржанын сұлу сөзбен суреттеп
жасаған әдеби дәстүрін ұлы М.Әуезов әрі қарай жалғастырып, адамзаттық
әдебиеттің ақ айдынына шығарды. Ұлттық әдебиетімізді әлемдік әдебиеттің
биік дәрежесіне дейін көтерген дарабоз дарын қазір қазақ халқының ұлттық
мақтанышына айналып отыр. Сондықтан да М.Әуезов туралы әңгімелеу- сонымен
бірге қазақтар оның әдебиетінің тағдыры туралы да сөз қозғау болып
табылады.
Жазушының мәдениет, әдебиет мәселелеріне араласып, баспасөз бетінде
мақалалар жаза бастауы аласапыран кезең – Қазан төңкерісіне тұспа-тұс
келеді. Бұл алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларын отаршылдық езгіде есеңгіреген
елдің ертеңі ойландыра бастаған уақыт болатын. Қазақ халқының болашақ даму
жолдары қай бағытта болмақ керектігі жайлы қызу пікір алысулар жүріп жатты.
Патша өкіметінің қазақ халқы орыс мемлекетінің қол астында ғана дұрыс дами
алады деген сырты жылтыр саясатын жергілікті оқығандар арасынан да кейбір
қолдаушылар кездесті.
1. М.Әуезов және ұлттық өнер
М.Әуезовтің шығармаларында қазақ халқының ұлттық тұрмыс-тіршілігі
шынайы көрініс тапса, оның өзі де кеңестік кезеңдегі қазақ зиялыларының
басына төнген зобалаңдарды бірге көрген, тағдырлас. Қазақ халқының тарихи
дамуы қанай ауыр жолдардан өтсе, өткен ғасырдың соңында өмірге келген
Мұхтарды жеке адамдық тағдыры да, шығармашылық тағдыры да жиырмасыншы
ғасырдың алғашқы жарымында қоғамымызда жүріп өткен әлеуметтік
сілкіністердің дауылына ұшырап, небір қиын-қыстауларды басынан өткерді.
Талай рет таразының бір басында өмір, екінші басында өлім де түсіп, адам
баласы үшін ең ауыр байтал түгіл, бас қайғы шыбын жан шырқыраған азапты
күндердің де болғанын көптің бәрі біле бермес.
Өмірі де, өнерпаздығы да аса күрделі М.Әуезовтің халқына талантымен
танылауы да талай рет танымның талқысына пайымдылық пен парасаттылық,
даналық пен дарақылықтың, парасаттылық пен надандық, білімділік пен
білімсіздіктің, өнерпаздық пен өнерсіздіктің, ең соңында дарындылық пен
дарынсыздықтың додасына өмірдің тайғақты тұстарында қатар шығып, тайта-
ласқа түскен ауыр жолдардан кейін ғана мүмкін болды. Таптық принципке
негізделген кеңестік кезеңде көп нәрсені атымен атап айтуға мүмкіндіктер
бола бермеді. Кезінде айтылмай, айтылса да белгілі бір мақсаттарға орай
бұрмаланып келген ақтаңдақтар М.Әуезовтің өмір жолында да,
шығармашылығында да баршылық. Олардың бәрін ашық айтып, жайып салу
М.Әуезовтей әлем таныған жазушының беделіне кір келтірмейді; керісінше
тоқсан толғаулы тарихтың еншісіне айналған ұлы суреткерді бар болмысымен
танып-білуге көмектеседі; кең жол ашады.
Жазушының 90 жылдық мерейтойында О,Сүлейменов: Осы баяндамаға
дайындалу барысында мен жазушының шығармашылығы жөнінде сонау жиырмасыншы
жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін жарияланған мақалаларды, сын
пікірлерді, сөйленген сөздердің жазбаларын қадағалап оқып шықтым . Сонда
сол бір баға жетпес аса зәру материалдардың беті ғана қалқып оқырмандарға
бертінгі кездегі мақтауларды ғана жеткізу арқылы біз қандай тарихтан бас
тартып отырмыз деген ойға қалдым. Егер де осы бір байлықты дербес кітап
етіп құрастырып, соған лайық ғылыми түсініктеме беріп жарияласақ, өте
қызықты әрі қат-қабат тартысқа толы шығарма дүниеге келер еді. Мұндай кітап
қоғамның басынан кешкен кезеңдері жөнінде біздің кейбір баяндамаларымыздан
гөрі оқырманға анағұрлым терең түсіндіріп бере еді-деп, М.Әуезов өмірінің
көпшілікке беймағлұм, кезінде сыңаржақ саясатың салдарынан қудаланған, ұр
да жық солақай социологиялық сындардың салдарынан қараланған тұстарына
назар аударады. Өзі де осы оқылықтардың орнын толтыру мақсатымен жазушының
шығармашылық жолындағы бұрындары айтылмай келген біраз фактілерді, кеңестік
жүйенің әдебиет пен мәдениетке қатысты ащы шындықтарын жайып салады
(Қараңыз: М.Әуезов әлемі, А., Жазушы, 1997, 288-298-беттер). Өмірдің
ылғи да бір ыңғай, яғни не ақ, не қара болып келе бермейтіндігі, өмір
шындығының өзінде көбіне күңгейі мен көлеңкелі жақтарының араласып
жататындығы белгілі. Тар жол, тайғақ кешуі, ылдиы мен өрі көп М.Әуезовтің
өнерпаздық көшінің жүріп өткен жолдарын ад ащы шындықтарды айта отырып
зерделеген жөн. Сонда ғана бүкіл саналы, шығармашылық, ғұмыры кеңестік
кезеңде Сұм өмір абақты ғой саналыға, Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі
(Мағжан) деп, халқының қамын ойлап зарланумен өткен алашшыл ұрпақтың соңғы
тұяғы М.Әуезовтей абзал азаматтың, ұлы суреткердің күрделі тұлғасын бар
болмысымен тани аламыз.
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы кезеңді көшпелі дәуір
әдебиеті деп атаған. Көшпелі дәуірдегі ақындардың бәрінің жайынан айтатын
сөз – бұлар - өз заманының бел баласы. Олардың заманы – қараңғыда сипалап
сенделудің, қиналудың заманы. Ел дертіне не нәрсенің ем екенін білмей, бірі
дінді, бірі ескілікті жақтап, бірі орыс ұлығын жамандап, бірі қазақты
жамандап, түпкі дертті таба алмай жалпақ адасқан заман - деп сипаттайды
бұл дәуірді. Осы кезеңнің көрнекті өкілдерінің қатарында Ш.Қанайұлы,
Ы.Алтынсарин, М.Ж.Көпеев, Н.Орманбетовтерді көрсетеді. Ш.Қанайұлы туралы
Зар заман - әдебиеттегі, тарихтағы көшпелі дәуірдің зор айнасы. Бұл
өлеңнің ішінде қазақ тұрмысына жанасқан кемшіліктің айтылмағаны жоқ деуге
болады деп жазады.
Мұхтар Әуезов қазіргі қазақ поэзисында реализмнен гөрі романтизм,
сыршылдық басым дегенде, әрине, Мағжанды мегзеп отыр. Жазушы кейінгі бір
жазбаларында осы мақаладағы негізгі ойларын тереңдете түскен:
Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен
асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой
ұрғанда, маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей
кездері бар секілді. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған сүйіс
емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен пара-пар
болатыны бар.
Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын сүйемін. Европалығын,
жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып,
Европадағы мәдениетпен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын
көріп-сезгендей боламын. Мағжан – мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестесінің
келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай,
айналып келеді деп көрсетеді.
М.Әуезов 1934 жылы кеңес жазушыларының І құрылтайында Драматургияның
бүгінгі жайы мен алдағы міндеттері, 1953 жылы КСРО жазушылар одағы
басқармасының XIY пленумында Драматургия заңы туралы кейбір ойлар, 1954
ылы Қазақстан жазушыларының құрылтайында Реалистік драма жолында атты
баяндамалар жасап, өрелі ойлар білдірді. Жаңадан қалыптасып өсіп келе
жатқан қазақ драматургиясының жетістіктері мен кемшіліктерін теориялық
тұрғыдан одақтық деңгеймен салыстыра отырып, саралайды. Алдағы даму
жолдарын айқындай түсуге ұмтылады. Осындай мақсаттармен қазақ пьесаларының
көркемдік қырларына жіті көз жібереді. Мысалы, Драматургияның бүгінгі жайы
мен алдағы міндеттерінде қазақ пьесаларының жаңалықтарын, 1) тақырыбынан,
2) драмалық түйінінен, 3) тұлғасынан (образына), 4) сюжетінен (әңгіме
өнерінен) іздейді.
М.Әуезов алдымен прозашы, романшы. Сондықтан да жазушыны роман жанрының
теориялық, практикалық мәселелері көп қызықтырады. Үлкен көркемдік
жинақтаулар үшін (Забольшие художественные обобщения, Казахстанская
правда,18. ІҮ. 1936), Өмір мен шығарма (Қазақ әдебиеті, 27. ІҮ. 1956),
Қазіргі роман және оның геройлары (Қазақ әдебиеті, 26.Ү. 1961) сияқты
мақалаларында прозалық шығармаларда өмір шындығын көркем бейнелеу
мәселелерін кеңінен қозғады. Әсіресе, роман жанрында бүгінгі өмірдің тыныс-
тіршілігін көрсетудің, замандас бейнелерін сомдаудың қиындықтары жайлы
ойлар бөліскен, Абай романының жазылуы жайынан (Әдебиет және
искусство, 1955, №3) мақаласында жазушы өзінің роман жанрындағы
шығармашылық тәжірибелерін ортаға салған. Өткен ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ өмірінің энциклопедиясы атанған Абай, Абай жолы
романдарының жазылу тарихын, өмір шындығын шынайы бейнелеуде, негізгі
кейіпкерлерді толыққанды сомдауда ұстанған негізгі қағидаларды түсіндіреді.
Шығармашылық шеберханасының қыр-сырларын баяндай отырып, өмір шындығының
көркем шындыққа айналу диалектикасын ашып көрсетеді.
М.Әуезов тек қана үлкен суреткер, дарынды драматург немесе тамаша
аудармашы, белсенді сыншы ғана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz