Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына шолу


Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына шолу
Мағжан Бекенбаласы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, "Молодежный" совхозында (қазір "Мағжан Жұмабаев" атындағы совхоз) дүниеге келген. Орташа ауқатты семьядан шыққан. Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады. 1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавловск) медресеге оқуға түседі. Бұл медресені араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, Стамбулда оқып, дәріс алған, аукатты семьядан шықкан жергілікті интиллигент Мұхамеджан Бегишев ашқан екен. Ол өзі Шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан Жүмабаев бұл медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.
Мағжан он екі жасында Қызылжар каласындағы Бегишев медресесіне түскеннен бастап әдебиетпен қатты шұғылданған. Тіпті қазақ, татар әдебиетін былай койғанда, ол араб-парсы ақындарының, атап айтқанда, Фирдоуси, Сағади, Хафиз, Омар Хайям, Низами, Науаи сиякты даналардың ұлы дастандарын түп нүсқадан оқып үйренуді өзінің машығына айналдырған. Ал ұлы Абай мен Дәрдман өлеңдерінің казақ дүниесіне келуі кішкентай Мағжанның жан-жүрегіне ауызбен айтып жеткізе алмайтын телегей-теңіз әсер әкеледі. Әрбір сауық кештерінде, шілдеханаларда қыз бен жігіттер Абай мен Дәрдман өлеңдерін ең алдымен әсем әнімен шырқайтын болған.
1909 жылы шыкқан Абай өлеңдерін оқып, Абайға арнап: "Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға" деген өлең жазды. Абайға деген махаббатынын нәзік кылын шертті. Ақын болуды арман етті. Жас жігіттің өлең жазып жүрген талабы қазак халқының әйгілі қамқоршысы, қазақ еліне: "Қаным - башқұрт, тәнім - татар, жаным - қазақ" деп мәтел таратқан ұлы жазушы Ғальмжан Ибрагимовты катты толғантады. Сондықтан да Ғалымжан 1910 жылдың күзінде Мағжан өлеңдерінің қолжазбаларын Қазандағы Кәрімовтардың баспасына табыс етеді. 1912 жылы Мағжанның "Шолпан" атты өлеңдер жинағы жарық көреді.
Елдегі оқумен канағаттанбаған болашақ ақын 1910 жылы күзде өзінің ауылдасы, талапкер жазушы Бекмұхамбет Серкебаевпен бірге Медресе-Ғалияға түсу үшін Уфаға сапар шегеді. Медресе өзінің дәрежесі жағынан алғанда Жоғары оқу орнымен бара-бар еді. Мағжан сол Медреседе сабақ беретін ұстаз, жоғарыда айтылған белгілі татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен, медресенің жетекшісі Сәлімгерей Жантуринмен, жерлесі, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады.
Өлеңдер жинағы өзінің сезім лирикаларымен қазақ поэзиясындағы жаңа өрнегімен көзге түседі. Бір айта кетер жай, 1909 жылы Петербургте жарық көрген Абай жинағы бұл кезде көпшілікке мәлім еді. Мағжан да әрине оны оқыған. Семинарияда Мағжан болашақ революционер ақын Сәкен Сейфулинмен танысады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Мағжан Жұмабаев көпшілік қауым мойындаған, қалыптасқан ақын болып танылады. Оның жырлары қазақ даласын шарлап кетеді.
"Жан сөзі" атты атақты өлеңінде ақын өзінің "Медресе-Ғалиядан" кетуіне үзілді-қарсы болған әкесі Бекенмен арадағы салкындықты және жергілікті дау-шарға келмеген жайын, өзінің сол тұстағы кауымға наразылығын зарлай жырлайды.
1912 - І915 жылдары Мағжан Жұмабаев «Қазақ» газетінің редакторы қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновтан және Шығыс мәдениетпен де, Батыс мәдениетімен де, жан-жақты, терең суарылған аса дарын иесі Міржақып (Мир-Якуб) Дулатовтан дәріс альп шығармашылықтың жаңа бір кырына көтеріледі. Мағжанға европалык білім алуға, орыс тілін үйреніп, мәдениетімен канығуға олар көп себін тигізген.
1916 жылы Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер даярлайтын семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында "Алаш" партиясын құруға қатысып, чех көтерілісін бастан кешеді, кейін Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде істейді.
Мағжан өмірінің бұл тұсы драмалық жайларды бастан кешірген кез еді. Уақытша өкімет кезінде және онан соң әсіресе Колчак әскері, біресе Совдоп билік құрып тұрған кезде, "Алашорда", "Үш жүз" партияларының айтысы кезінде М. Жұмабаев "Алаш" партиясынын мүшесі ретінде ұзақ уақыт түрмеге жабылады. 1919 жылы, өзі сүйіп қосылған жары Зейнеп баладан қайтыс болады, аздан соң ұлы да шетінейді. "Баланың қабір тасына " деген өлең жазады. "Өлгені емес, жерді тастап кеткені, ізгі оймен қайлы жаннат төрінен орын алып, ата-анасын күткелі" дейді ақын. Бұл тұстағы белгілі, әрі әйгілі өлеңі "Мені де өлім, әлдиле". Әлеуметтік жалайырык кезінде шар тарап ой құшағындағы қамығулы акынның жанына жара боп түскен соң ең жақындарынан айырылу кайғысы қатты күйзелтеді. Бірінен соң бірі келген қаза оған тағдырдың сайқымазағындай көрінеді де, ашынған көңілден "Өлім күйі тәтті күй. Балқиды жаным бұл күйге, Мені де өлім, әлдиле" дегізеді. Жастайынан өмір сүріп, ақырында сүйіп косылған жары Зейнепке арнаған "3-ға" деген өлеңінде: "косылған жас күнімнен жарым едің, сүйікті анык досым, жаным едің, алысқа ұзақ жолға шыққанымда сарғайып мені күтіп калып едің" деген жолдардан ақыкның өкініш, қиқалыс, қан толқуын аңғаруға болады. Екінші әйелі Зылихаға Мағжан 1921 жылы үйленеді. Ол кісі 96 жасқа келіп, 1989 жылы дүние салды.
1923-1927 жылдары Мағжан Жұмабаев Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркем-өнер институтында оқиды, ол кезде институтты В. Брюсов басқаратын еді. Бұл жылдары ол орыс әдебиетін, Батыс Европа әдебиетін терең зерттеп, оқиды. Орыс мәдениет қайраткерлерімен жеке танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады.
Бұл кезеңде де ақын жаны жай таппайды: ылғи сын, қаңку, шаншу сөздерден көзі ашылмайды. Ескішіл, байшыл, ақын атанады. Оқушы қауымға Мағжан өлеңдерін жат өлең ретінде. өткенді көксейтін, жаңа өмірге ілестірмейтін, кертартпа, уайымшыл шығармалар деп уағыздайтын мақала, сөздер баспа бетінде көбейе бастайды. Әсіресе, өзі Мәскеуде оқуда жүргенде мұндай материалдар қаптап кетеді. 1923 жылы Ташкент жұртшылығы алдында Ж. Аймауытов Мағжан ақындығын талдап, терең түсіндіретін баяндама жасап, оны "Лениншіл жас" журналына бастырып шығарса да, сыңаржақ сыншылар тобы ақынның соңынан қалмайды. Қайта Ж. Аймауытовтың өзін қоса сынайды. М. Жұмабаевтың ескішіл, жат өлеңдері орынсыз мақталды деп, оған кінә қояды. Ойламаған жерден болған төтенше окиға Мәскеуде оқитын қазақ жастарының Мағжанға қарсы жиналысы еді. 1924 жылдың аяғына таман еткен бұл жиында Мағжан өлеңдері талқыланып, оның ақын шығармаларын теріске шығарған қаулысы елге, Қазақстанға жіберіледі. Мұндағы газеттер жиын ұйымдарын басып шығарады. Мәселен, "Еңбекші қазақ" газеті оны 1925 жылы 14 қаңтарда жариялаған. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан акын "Сәлем хат" деген өлең жазады. Ол "Тілші" газетінде жарияланады. Өлеңде мынадай жолдар бар:
Қайтуым хак, белді буып тас қылып,
Кет деме, елім, енді мені басқа ұрып.
Дейтін болсаң: қой жырыңды, жырауым,
Қобызымды киратармын тасқа ұрып.
"Еңбекші казақ" газетінің 1924 жылғы 19 желтоксанындағы санында "Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына" деген ескертпемен "Сәлемге сәлем" деген жауап өлең басылады.
1912-1923 жылдары шыққан жинақтарын қарап отырсақ, ылғи ғана қазақтың сор, бейшара халі, ғылым-білім, теңдік жоқтығы жырланады. Сонда Мағжанның ғажайып ақындық талантына бақталастықпен, бақастықпен қарсы шықпаса да неге осыншама шүйліккен деген ой туады. Бұл жорамалды кейінгі 60 жылдар жайы да дәлелдей түседі: ақталған ақынға жол бермей, атын мүлде өшіріп тастау, 1960 жылы "Өмір және поэзия" деген кітабында Ә. Тәжібаевтың Мағжан Жұмабаев творчествосын жоққа шығаруы, 1968 жылы "Простор" журналының ақын жайында ақтау мақалалар басылған нөмірінің солайымен жойылып кетуі, айналып келгенде, осының бәрі Ілгері дәуірде дәлелсіз қудалау қылыктарының әшкере болуынан сескеніп, қорқу салдарынан емес пе екен деп ойлайсың. Әйтпесе, Мағжан ақындығына осындай адамдар шүбә келтіреді деу қиын. Мәселен, 1927 жылдың өзінде Ә. Тәжібаев:
Мағжандай Іздемеймін Қорқыт көрін,
Қобызбен сарнамаймын сұрап өлім.
Кезбеймін есуас боп ен даланы,
Қуатты орыс, қазақ еңбекші елім.
Көр де аулақ, өз басымнан өлім де аулақ,
Көрсетем Мағжандарға көрдің төрін, - деп жазады.
Белгілі "Тоқсанның тобы" поэмасына да қарсы ұзақ өлең жазғаны мәлім. Бірак енді, 90-жылдары, Әбділда Тәжібаевтың өзін-өзі сынға алып, "Мағжанның алдында кешірілмес күнә жасадық" деп, 1989 жылғы Мағжан жинағына мүлде жаңа көзқараспен мақала жазуын ақын алдындағы, жұрт алдындағы адалдығы деп қарауымыз керек. Мағжан шығармаларына көп тоқталып, саяси жағынан, таптық жағынан катты сынға алғандардың бірі Ғаббас Тоқжанов. "Мағжан совет тұсында" деген мақаласында ол Мағжанды табы, тобы бөлек, сөзі жат ақын дегенге дейін барады. "Пікір - идея жағынан Мағжан идеяшыл ақын, қиял Мағжанньң тәңірісі. Қазаққа келгенде, Мағжанның саяси жолы қазақ байына косылып отыр. Бүгінгі қазақ еңбекшілерінің жаңа тұрмысы оған ұнамайды. Бүгінгі заман "сұм заман". Бұл жағынан қарағанда, Мағжан байшыл ақын. Бұл күндегіден безген, келешегі жоқ, уайымшыл, жылауық ақын". Тек саяси жағынан, тап тұрғысынан келіп сынап отырғаны көрініп тұр. Сол кездегі ағым солай, жаңа саяси идеологияның орнай бастаған кезі. Кейін бүкіл әдебиет саясатқа айналып, өзіндік, тәуелсіздік хұкығынан түгелдей айырылғанын тарихтан білеміз. Ал өлеңнің ажары, әдемілігі, көркемдік қасиеті дегенге келгенде мұнан Ғаббас Тоқжанов безбейді, мойындайды. "Қазақ әдебиетіне Мағжан кіргізген жаңалықтары жоқ емес. Мағжан күшті ақын. Көркемдік, әдемілік жағынан қарағанда Мағжан өлеңдері үлкен оқиға. Жүсіпбек айтқандай: "суретті, кестелі көркем сөз Мағжаннан басталады". Мағжан сөзге еркін ақын. Күшеншік ақын емес, айтам дегенін оқушының көңіліне қонғандай қылып айтады. Кейбір өлеңдерінде "шешендік, толғау күй төгіліп кететіні" рас. Көріп отырсыз, бәрі де әділ. Сонда Мағжанға неғыл дейсің деген сұрақ туады. Өзі күшті, тапқыр ақын болса, сөзге шебер, керкемшіл болса, ойдағыны айтатын болса, енді оған не істемедің деп өкпелеу керек? Ол тек, ұрандап кетпеуі, ''тап-тап" леп жар салмауы, "айқайлап" қол соқпауы. Шындығына келгенде, алақайдың жөні жоқ екенін 1927-28 жылдардағы кәмпескелеу, онан соңғы колхоздастыру, одан барып орасан, қырғын аштыққа ұрыну - осының бәрі қып-қызыл ұрандарға байсалдырақ қарау керек екенін, сабырмен, сын көзімен карау керек екенін әбден дәлелдеді.
Мағжанның өз басы жайында, оның әркилы шығармалары, кейбір жеке өлеңдері туралы сан-алуан пікірлер туып, шабуыл сынға қаптай бастады. Қазақстанға жаңа келген, өлең, әдебиет түгілі, халық, ұлт жайын әлі аңғарып біле қоймаған Ф. И. Голощекиннің өзі Мағжанды сынай бастауы сол үлкен. әрі қауіпті дүрбелеңнің салдары екені анық. Осыншама айқай-шудың аяғы Мағжанды түрмеге жабуға апарып соқты. Онымен де бітпей жанжал ұлғая берді.
1929 жылы Мағжан Жұмабаев "Алқа" атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен 10 жылға сотталды. Шын мәнісінде бұл Сибревком жанындағы Қазақ АССР өкілінің келісімімен құрылған көпшілік қауымга белгілі, отырықшылыққа айналдыру жөніндегі ресми түрде рұқсат етілген ұйым еді.
Өкініші сол, 1929 жылдан 1938 жылға созылған ақынның он жылдык ғұмыры бізге беймәлім. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен аз ғана уақыт бостандық алады, еліне келеді. Петропавлда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып істейді. Бірақ біраз уақыттан кейін бүл қызметтен босатылады. Ол туралы өзі: "не себепті босатылғанымды сұрасам, қалалық оку ісінің меңгерушісі жалпы саяси себептерге байланысты дегенді айтты. Міне, 20 шақты күн болды жұмыссыз отырмын" деп жазады, Алматыға Жазушылар одағының бастығы Сәбит Мұқановқа жолдаған хатында. Аударма ісімен айналысқанын, бірақ шарт жайында баспадан хабар жоғын айта келіп, Мағжан тағы да: "мен Қазақстанға жаңа жолға түскенімді өз қалам күшіммен көрсетсем деген "тілекпен оралдым. Қалай болғанда да орталыкқа жетуім керек деп шештім. Егер жолға каражат тапсам, орталыкқа баруды ойлап отырмын" - дейді. Бұл хат 1937 жылы 20 ақпанда жазылады. Наурыз айында Алматыға келеді. Бұл кез айтыс-тартыс дегеннің нағыз кайнап тұрған кезі еді. Біреудің үстінен біреу жала жауып, ұстатып. айдатып жатқан уақыт. 13 тамызда Ілияс Жансүгіров ұсталады. 29 тамызда Жазушылар одағыньң хатшысы М. Қаратаевтың "Социалистік Қазакстанда": "Қазак әдебиетіндегі авербаховшылдықтың қалдығын толык жою керек" дегең бас-аяғы жиырма шақта жазушыны, ен алдымен Сәкенді қаралаған, мұндай фашист жендеттерінің көзін жою керек деген макаласы басылды. 16 қыркүйекте "Казахстанская правдада" осы мақаланың орысшасы басылды. 24 кыркүйекте Сәкен үйінен үсталып әкетілді. Мүндай жағдайда өзі 7-8 жыл отырып келген Мағжанның күні не болмак? Аласапыран тұста, ақыры 30 желтоқсанда Мағжан ұсталады да, 1938 жылы атылады*"Бұл тағдыр тапта, тапшылықта, партияны колдау, яки қолдамауда емес, халыктьң оқыған, бетке ұстар қаймағын түгелдей жойып жіберуінде болған. 1936 жылы Омбы жағында жүрген сәттің бірінде інісі Мұхамеджанга жолығып, осы тұста жазған "Өміріме өкпем" деген өлеңімен таныстырады.
Бұл кейін Мұхамеджанның қызы Гүлханыстан табылды. Онда акынның трагедиялық мүшкіл халі, өмірге налуы өте қайғылы суреттелген.
Сұм өмір, сұлу дүние, алдадың ба?
Тән арып, тамырда қан қалмадың ба?
Жалған үшін жан қиып, жапа шектім,
Еңбегім екі болып жанбадың ба?
Жайшылықта жан қиған, жақын дүние,
Талып тұрсам, назарың салмадың ба?
Ортекедей орғытып, оққа жығып
Жалмауыз, жауыз жалған, жалмадың ба?
Ақын үнін 1927 жылдан кейін естімейміз. Ақын үні тынды. Өзі бір кездері толғана жазған үні өшкен бұлбұл кейпі акынның басына келді:
Дариға аяқталмай үзілді жыр,
Сұм жүрек жалын болып калды ғой құр.
Бұлбұлдың үнін үзген не болды екен,
Мынау не, көлдің беті жыбыр-жыбыр?
Мағжан Жұмабаев өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен, бар білген-түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оныц творчествосыньң бір қырында, мұңлы толғаныс. өкіну және қайғы-қасірет, күйініш жатса, таразысының екінші кырында, романтикалық өршілдік, махаббат, сүйініш-күйініш, арман, мақсат, үміт жатады. Көп қайғы касірет шеккен, азап пен уайым тауқыметін тартқан ақын осы бір екі оттың жалынына шалынып, соған шарпылған! Оның творчествосында тарих тұңғиығын терең түсіну, өткенді бажайлау, болашақты болжай білу, бүгіннің ақиқатына көз жеткізу сияқты терең толғаныстар заманның астан-кестен. аласапыран жайымен астасып жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz