ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәні бойынша СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА факультеті
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ кафедрасы
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ
пәні бойынша
Кафедра: Практикалық психология
2013-2014 оқу жылы ____ семестр
Кредит саны: _______
Оқытушының (авторлар ұжымының) аты-жөні: Садуова Ж.Н
Мекен жайы (көшесі, корпусы, кафедра аудиториясы):
Телефон раб: 3-21-46
ТҮРКІСТАН 2013
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Оқу кешен “Практикалық психология” пәнінен педагогикалық
мамандықтарға арналған силлабус (01.09.09 №1 хаттама) негізінде жасалған
Оқу кешен Жалпы психология кафедрасының мәжілісінде талқыланды
(26.08.2013ж №1 хаттама)
Кафедра меңгерушісі, ________ п.ғ.д., доцент Ж.З.Торыбаева
Оқу кешен Тарих-педагогика факультетінің Әдістемелік кеңесінде
мақұлданды.
28.08.2013ж. №1хаттама
Кеңес төрайымы _________п.ғ.к., доцент ма Ү.Мелдебекова
қолы
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ
ќысќаша лекция курсы
Алѓы сµз
Практикалық психология пәні студенттер бойында практикалық психолог
қызметінің негізгі жұмыс бағыттары туралы білімдерін тереңдетуге және
кеңейтуге бағытталған. Б±л пєнді оќыту барысында практикалық психолог
жұмысының негізгі бағыттарын, сфераларын, ғылыми парадигмалары туралы
толық меңгереді. Психологиялық қызметтің мазмұны мен маңызын, қазіргі
әдістерін, жаңа псиохотехнологияларды, Сонымен қатар, психолог жұмысының
жеке тұлғалық, мазмұндық, технологиялық компоненттері туралы біледі.
Практикалық психолгиялық білімдерді студенттің жеке басына қатысты
шешімдер қабылдау барысында тәжірибеде қолдану дағдысына ие болады.
Б±л пєн білім мен тєрбие беруге, оќытуѓа машыќтанушы педагогикалыќ
мамандыќтар суденттеріне оќытудыњ мањызы зор. Олар білім беруде єр халыќтыњ
±лттыќ ерекшеліктерін ескере отырып ±йымдастырса нєтижелі болмаќ.
Оќыту маќсаты:
- практикалық психолог қызметінің әлеуметтік саларындағы маңызын
анықтау;
- практикалық психологиялық іс-әрекеттің негізгі бағыттармен танысу;
- психологиялық кеңес беру мен психотерапия арсындағы айырмашылқтар мен
ұқсастықтарды анықтау;
Оќыту міндеттері:
- психологтың клиентпен жұмысының негізгі механизмдерін ашып қарастыру;
- психологлық тренинг тотарымен (терапиялық топ, үйрену, топтары, бизнес
топтары,) жұмыс жүргізу жолдарын талдау;
- психотерапияның қазіргі және классикалық бағыттарын талдау жасау;
- психологтың этикалық нормаларымен ережелерін сақтауға үйрену;
- Ќазаќ халќыныњ ұлттық психологиялыќ ерекшеліктерін, оныњ зерттеулін;
- Єлем ойшылдарыныњ, т‰рлі халыќ µкілдерініњ, ќазаќ ойшылдарыныњ ой-
пікірлерін теориялыќ т±рѓыдан ќолдану;
- Тәрбие мен білім беруде этнопсихологияның әдіснамасын қолдану т.б.
Кіріспе
Пcихотерапия - іс шаралардың, адамның психикасына ықпал етудің жүйесі,
психологиялық көмектің бір түрі, сондай-ақ сәйкес мәселелерді зерттейтін
дәрігерлік және тәжірибелік психологияның саласы. Психотерапияны
психологиялық құралдармен жүйке-психикалық және психосоматикалық ауруларды
және адамның (науқастың) бұзылыстарын емдеуді білдіретін дәрігерлік және
дені сау адамға (клиентке) бағдарланған әрі оның психологиялық
қиыншылықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес деп екіге бөледі.
Психотерапия — психология және медицина аралығындағы, адамдарға іс
жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру
адамдарды емдеу мақсатында қодданылатын психологиялык, құралдар ережелерін
қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Бұл термин сөзі адам әр
түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық
күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша
және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі.
Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына
деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның
клиникалық тәсілдері — гипнөз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі
иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен
ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады.
Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс
тануына себепші болады.
1 тақырып Психотерапия, оның мақсаты мен міндеті.
Жоспар.
1. Психотерапияның мәні, мақсаты және міндеті.
2. Психотерапияның даму тарихы.
3. Психотерапия әдістерінің жіктелуі.
Психотерапия (грек. psyche — жан және therapeia — емдеу).
Бастин (Bastine R., 1982) психотерапияны ондағы психикалық сипаттағы
мәселелер немесе қиындықтар туындағанда науқасқа психологиялық құралдар
арқылы кәсіби көмек көрсетілетін өзара жеке әрекет етудің ерекше түрін
айтады.
П.Ледер (Leder S., 1993) жан-жақтылығын белгілей отыра, психотерапия
туралы келесідей ұғымдарды атайды:
1) психикалық және тәндік қызмет саласында ағзаның жағдайы мен қызметіне
ықпал ететін емдеу әдісі ретінде;
2) үйрету үдерісін қөзғалысқа келтіретін әсер ету немесе ықпалын тигізу
әдісі ретінде;
3) әлеуметтік бақылау мақсатына қызмет ететін құрал қимылы әдісі ретінде;
4) адамдардың өзара әрекеттесу мен қатынасу барысында болатын құбылыстар
кешені ретінде.
Психотерапия терминін алғаш рет XIX ғ. Тьюк (Tuke D.Н.) енгізді.
Психотерапия термині гипнөз техникасының дамуына байланысты XIX ғ. 90-жж.
ғана жалпы қолданылатын болады.
Штротц (Strotzka Н. Н., 1982) пікірі бойынша: Психотерапия — бұл
психологиялық құралдармен мінез-құлықтың бұзылуын немесе аурушаң жағдайды
нақты белгіленген мақсатпен және қалыпты және ауытқушылық тәртібінің
теориясы негізінде оларға таныс тәсілдер арқылы емдеу мақсатында бір немесе
бірнеше науқастың және бір немесе бірнеше психотерапевттердің (тиісті оқыту
мен дайындықты өткендер) өзара әрекеттесуі.
Ағылшын әдебиеттерінде психотерапия термині медициналық, және одан да
тар мағынаны білдіреді. Бұл ұғым психикалық талдау амалдарын қолданбайтын
және ауру психикасының терең қабаттарын зерттеу талпынысынан бас тартуымен
терапияның психоаналитикалық тәсілдерінен ерекшеленетін емдеу әдістерін
белгілеу үшін қолданылады.
Білімі немесе қызмет түрі бойынша дәрігерлер болып табылмайтын
психотерапевттер жанмен емдеу бастапқы мағынасына негізделетін басқа –
философиялық және психологиялық — психотерапияның моделін ұсынады. Бұл
көзқарастың негізгі мақсаты психикалық бұзылуды емдеу емес, онда
психотерапевт аурудың серігі, досы, тәлімгері ретінде болатын сана және
жеке тұлға қалыптасу үдерісіндегі көмек.
Бүгінгі күні жалпы психотерпияның 500-дей жеке әдістері бар.
Психотерапияның бірыңғай жалпы қолданыстағы әдістер жіктемесі жоқ.
Психотерапия әдісінің ұғымы қолданылатын мағыналар түрлілігін талдауға
талпынған Александрович (Aleksandrowicz J.W., 1979) болды:
1) техникалар сипатындағы әдістер;
2) психотерапия мақсаттарына жету мен оңтайландыруға септігін тигізетін
жағдайларды анықтайтын әдістер;
3) психотерапевтикалық үдерісі барысында құрал мағынасында пайдаланылатын
әдістер;
4) терапевтикалық интервенциялар (араласу) мағынасындағы әдістер.
Сонымен қатар тәжірибеде топтық психотерапияның жекеден айырмашылығы
мағынасы да бар (Исурина ГИПНОТЕРАПИЯ, 1995), себебі олардың әрқайсысы
түсініктерге, психотерапевт және сеанстарды өткізу техникасының дайындығына
қатысты нақты алғышарттарға байланысты.
1985 ж. өзінде Б.Д.Карвасарский психотерапияны келесідей жіктеген:
1) жеке-нысаналы психотерапия әдістері;
2) суггестивті (ұйыту) психотерапия әдістері;
3) мінез-құлық (шартты-рефлекторлық) психотерапия әдістері.
Әр түрлі жіктеулерге қарамастан, психотерапияны симптомды және жеке-
нысаналы ретінде қарастыру қабылданған. Біріншіге дәстүрлі гипнотерапия,
аутогендік жаттығу, иландыру және өзін-өзі иландырудың алуан түрлерін
жатқызады. Маңызды жеке тұлғаның өзгерістеріне бағытталған психотерапия
заманауи психологияның негізгі ағымдарына негізделеді және осыған сәйкес
динамикалық, мінез-құлық және адамгершілік бағыттар болып бөлінеді.
Психотерапевтикалық әсер ету — бұл белгілі мақсаттарымен, сол
мақсаттарға сәйкес әсер ету құралдарының (әдістер) таңдауымен,
қызметтерімен, теориялық тұрғыдан дәлелділігімен, эмпирикалық тексерісімен
және кәсіби әрекеттерімен сипатталатын клиникалық-психологиялық араласу
(интервенция) түрі.
Психотерапевт – бұл емдеу құралы ретінде психологиялық әсер етуді
мақсатты түрде қолданатын, диагностика жасап, әсіресе психогендік ауруларды
емдей алатын дайындығы бар маман. Психотерапияның ерекшелігінен ол емдеу
үдерісіне қандай да болсын өзіндік тұлға, құндылықтар жүйесі, ең дұрыс
теоретикалық бағдарлар мен психотерапевтикалық технологиялар өзгешелігін
енгізеді. Психотерапияның әр түрлі бағыттарына емдеу тиімділігі үшін
психотерапевт жеке тұлға қасиеттерінің немесе психотерапевтикалық
тәсілдердің маңыздылығын бағалаудағы әр түрлі ерекшеліктер тән.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. П. Ледер бойынша психотерапия туралы ұғымдар.
2. Штротц бойынша психотерапия дегеніміз не?
3. Б. Д. Карвасарский психотерапияны қандай әдістерге жіктеген?
4. Психотерапевтикалық әсер ету деген не?
5. Психотерапевтің мақсаты.
Әдебиет
1. Авдеев Д.А., Невярович В.К. Наука о душевном здоровье: Основы
православной психотерапии. — М., 2001.
2. Бьюдженталь Дж. Искусство психотерапевта. — 3-е изд. Пер. с англ. и
общая редакция М.Р.Мироновой. — СПб., 2001.
3. Лоуэн А. Терапия, которая использует язык тела (биоэнергетика). —
СПб., 2000.
4. Минделл Э. Психотерапия как духовная практика. — М., 1997.
5. Ялом И. Теория и практика групповой психотерапии Пер. С.В.Жужанавы и
М.Р.Мироновой. - 5-е изд. - СПб., 2000.
2 тақырып. Психодинамикалық психотерапия.
Жоспар.
1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы, негізгі ережелері, мақсаттары.
2. Психолог-кеңес берушітың рөлі.
3. Талаптар және клиенттен күту.
Психотерапевтикалық әдісті Фрейд (Freud S.) зерттеген. Санасыз
психикалық үдерістер мен олардың талдауына қолданылатын психотерапевтикалық
әдістері туралы түсінік негізгі ұғым болып табылады.
Психологиялық талдау психотерапияның ең қарқынды және формасы бойынша
қатаң түрі. Пациент психоаналитикке аптасына 3-5 рет барады; емдеу курсының
ұзақтығы бірнеше айдан бірнеше жылға дейін. Клиент кушеткада жатады және
оның артында отырған психоаналитикті көрмейді. Пациент еркін ұқсатуға
талпынады, яғни бастапқы түп тамырдан шығатын ойлар қөзғалысын бақылау
үшін, басына келетіннің барлығын айтқысы келеді; сондай-ақ түс көрулері мен
психотерапия үдерісінде пайда болатын тасымалдау сезімі туралы айтады.
Психоаналитикке науқастың өз сезімі мен ойларын білдіре білгендігі,
айқындалған репрессиясыз психологиялық тұрғыдан қалыпты болып,
психоаналитикпен жасалатын эмоционалдық шиеленіске төзу, тұрақты
психотерапевтикалық альянсқа деген қабілеттілігі маңызды.
Психологиялық талдау мақсаты дерттік қорғаныстың азаюы арқылы мінез
құрылысын қайта құру болып табылады. Психологиялық талдау нәтижесі жетілген
тұлғаның қалыптасуы болу керек. Психологиялық талдау жүйкесі төзған, жеке
тұлғаның бұзылуы, сексуалдық бұзылулары бар пациенттерге қолданылады.
Психологиялық талдау қалыптасуының ерте кезеңінде, оның қолданылуы
Фрейд (Freud S.) және оның бірнеше шәкірттері қызметімен шектелгенде,
психоаналитиктерге үміткерлерді дайындауға қатысты талаптар шағын болды.
Бастапқыда психотерапевт тұлғасы мен оның науқастармен жұмысының
анализіне ерекше мән берілді. Психологиялық талдаудың дамуы мен ауруларды
емдеу мерзімінің арту дәрежесі бойынша оқуға деген талаптар да өсті. 1932
ж. Висбадендегі психоаналитиктер конгресінде Халықаралық тренингтік
комитеті құрылды және супервизорлар бақылауында 2 аурудан кем емес әрі
қарай психоаналитикалық психотерапия өткізумен 1,5 жылдан кем емес
мерзімінде жеке анализдің ұзақтығы белгіленді. 1947 ж. Психологиялық талдау
Лондон институты оқыту мерзімін белгіледі – 4 жылдан кем емес жеке
тренингті өткізу, ал кейін 2 ауруды 3 жыл бойы супервизия және теоретикалық
оқыту жағдайында ұстау. 1937 ж. Фрейд психотерапевттің жеке анализін әр 5
жылда қайталап отыруын ұсынды.
1994 ж. Халықаралық психоаналитикалық ассоциация принциптеріне сәйкес
Психологиялық талдау Шығыс-Еуропа институтының Ресей психоаналитикалық
ассоциацияның, Орыс психологиялық талдауының Қайта өрлеу фонды және
Психоаналитикалық медицинаның Мемлекеттік бөлімшесінің бірлескен шешімімен
Психоаналитиктерді дайындаудың (сертификация) ресейлік стандарты. Бұл
стандарт келесіні анықтайды:
1) алдыңғы жоғары білімнің болуы;
2) 1132 сағаттан кем емес нұсқаулық сабақтары кіретін ең аз дегенде 4-
жылдық теориялық және тәжірибелік дайындығы (клиникалық аналитиктерге — 2-
жылдық қосымша курс қосылады);
3) жеке анализдің ең аз дегенде 100 сағаты;
4) екі немесе екі оқытатын аналитиктермен (супервизорлар) ең аз дегенде 100
сағат бойы жұмыс жасалған ең аз дегенде екі (бір қысқа және ұзартылған)
өзіндік оқиғасы бар тәжірибе (сипаттама);
5) өзіндік супервизорлық тәжірибенің ең аз дегенде 300 сағат көлемінде
болуы.
Классикалық психологиялық талдау психотерапевттің (кеңес беруші) рөлі
мен ұстанымы айтарлықтай қатаң белгіленген. Оған деген негізгі талаптар:
араласпаушылық, шеттеу, бейтараптық және жеке тұйықталу; ауыстыруға және
контртасымалмен жұмыс жасауға төзе білу мен шыдау қабілеттілігі; аса
шебер бақылағыштық және ұқсатып түсіндіру қабілеті. Психологиялық
талдаушыға деген маңызды талаптардың бірі өзіндік мәселелерін, реакцияларын
түсіне білу және оның клиентке әсер ету мүмкіндігі болып табылады.
Классикалық психологиялық талдауға төмендегі бес базистік техникасы
кіреді:
а) ерікті байланыстар әдісі;
ә) түстердің мағынасын ашу;
б) түсіндіру;
в) қарсыласу талдауы;
г) ауыстыру талдауы.
Ерікті байланыстар әдісі еркін ойға кездейсоқ түрде келіп, клиенттің
кез келген күйзелісін айқындайтын ойларды жатқызуға болады.
Түстердің мағынасын ашу. Біріншіден, түс көру жарияланатын және
жасырын (соңғысына жабыраңқы, астарлы түрде ұсынылған күйзелістер
кіреді”) мазмұнды болып ажыратылады. Екіншіден, түс көру кезінде эго-
қорғаныс механизмдер әлсіреп, санадан жасырынған күйзелістер өз көрінісін
табатынының маңызы зор. Үшіншіден, түс көру — жабыраңқы күйзелістердің
айқын көрінісі ғана емес, сонымен қатар олардың қабылдауға және өзін-өзі
ұстауға болардық нысанға өзгеру үдерісі болып табылады. Түс көрудің дәл осы
қызметін З.Фрейд түс көру жұмысы деп белгілеген.
Түсіндіру, яғни мағынасын ашу, талдауға үш процедура кіреді: эмоциялық
сәйкестендіру (белгілеу), түсінік беру (жеке талдау) және клиенттің
күнделікті өмір тіліне аудару.
Қарсыласу талдауы. Бұл техниканың негізгі қызметі — клиенттің өз эго-
қорғаныс механизмдерін жете түсінуін қамтамасыз ету және дәл осы Эго
қарсыласуы түрлі мәселелерді жете түсіну жолындағы негізгі кедергі
болатынын есепке ала отыра, оларға қатысты қажетті конфронтацияны қабылдау.
Қарсыласу талдауындағы маңызды жағдай оған төзу емес, өйткені психологиялық
қорғаныс қажет, атап айтқанда, эго-қорғаныс қызметінің қажеті жоқ жерлерде
бас жоқ, көз жоқ әрекет ететін, психологиялық механизм ретінде түсінуі.
Ауыстыру талдауы (трансфер). Классикалық психоталдауда ауыстыру
психотерапияның міндетті ерекшелігі ретінде негізге алынады және арнайы
сарапшының ерекше ұстанымымен марапатталады (араласпаушылық, алшақтық,
жабықтық). Талдау “ауыстыру неврөзы” — психотерапияның негізгі сәті, себебі
белгілерді түсінуге жәрдемдеседі, сол белгілер клиенттің мінез-құлқы мен
күйзелістерін өмірдің алғашқы бес жылдық эмоционалдық жаралармен байланысты
қатынастар мен күйзелістер қосылатын психотерапевт фигурасы елес сияқты
болатындай анықтайды. Ауыстыру талдауының мәні мінез-құлықтың белгіленген
формаларының түпнұсқалық психикалық-эмоционалдық негіздерді табуда, олардың
түсінігін ашуда, сонымен қатар оларды қайта өңдеу мен жоюға көмек
көрсетуінде болады.
Пысықтауға арналған сұрақтар
1. Психотерапевтикалық әдісті зерттеген кім?
2. Психологиялық талдаудың мақсаты.
3. Классикалық психологиялық талдауға қандай әдістер кіреді?
4. Ерікті байланыстар әдісіне не кіреді?
5. Ауыстыру талдауының мәні.
Әдебиет:
1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е,
испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. —
(Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5
2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.:
Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.
3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских
ВУЗов. 2-е изд., 2002.
4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.:
Издательство Питер, 2000. – 464с.
5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов
вузов. – М.: ТЦ Сфера, 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4
6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб.
заведений. - М.: Издательский центр Академия, 1999. - 208 с. ISBN 5-
7695-0418-8, стр.4-14.
3 тақырып. Клиентке бағытталған терапиясы.
Жоспар.
1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы, оның шығу тарихы.
2. Теорияның негізгі ережелері және түсініктері.
3. Психологиялық көмектің мақсаттары, психологтың рөлі.
4. Кеңес берушілік үдерістің кезеңдері.
1930 ж. соңында — 1940-ж басында американдық психолог К.Роджерс
(1902—1987) кеңес берушілікке және психотерапияға деген жаңа, директивті
емес көзқарас дамыған бірқатар еңбектер жариялады. 1940-ж. басында
К.Роджерс оған клиентке бағытталған деген атау берді.. Бұл экзистендік
ағымның адамгершілік таратылуы. Батыста кең дамыды, 1986 ж. кейін — отандық
психологтар арасында да.
К.Роджерс өзінің психотерапевтік тәжірибе ортасына клиентті жеке тұлға
ретінде қойды. К.Роджерс ұстанымы бастапқыдан онымен адамға деген терең
сыйластық, оның қабілетінің барына деген сенім, бұл оң жеке тұлға
өзгерістер шарттары айқындалып көрінетін психолог пен клиент арасындағы
қатынастар болып құрылатын негізгі болжамы бар зерттеу болып жарияланды.
К.Роджерс тұжырымдамасының негізгі ұғымдары:
1. Эмпатия — толығымен негізгі сөздер МЕН-СЕН арқылы берілетін ұғым. Бұл
клиенттің тікелей оң жеке қатынасы және оның феноменологиялық әлемді
қабылдау арқылы қабылданып түсіндірілетін психологтың клиентке деген
қатынасы.
2. Қамқорлық — клиенттің қандай да болсын күйінде актуальды жағдайына
айқындалған дайындықпен көмекке келу және жеке тұлғалық клиент әлеуетін
көру болашағымен қабылдау.
3. Конгруэнттілік — сезімдер мен пікірлер мазмұны арасындағы сәйкестік;
мінез-құлықтың бір беттілігі.
4. Психологиялық климат — тұжырымдамадағы негізгі ұғымдардың бірі, себебі
онда терапевттік қатынастар жиналған, кәсіби (олар жеке тұлғалық) білік пен
қасиеттер психотерапиядағы тұлғаның оң өсуінің (өзгерісі) басты шарты болып
қарастырылады.
5. Өзіндік (self) — тұжырымдамадағы орталық ұғым. Бұл ішкі қатынастар
жүйесі.
Роджерс адамның өмірі мен дамуындағы шешуші рөлі ретінде МЕН-
тұжырымдаманы жатқызады, яғни оның өзін-өзі туралы көрінісі. Дәл сол МЕН-
тұжырымдамасы (өзін-өзі туралы көрінісі) кез келген жағдайда адам мінез-
құлқы мен іс-әрекетін анықтайды
Негізгі мақсаты — адамға тұтас әрекет ететін тұлға болуға көмектесу
(К.Роджерс). Ең басынан адам мәселелеріне емес, оның өзіне, оның МЕН
дегеніне көңіл аударылады. Сондықтан психотерапияның басты мақсаты — жеке
тұлға өсуінде, дамуындағы көмек, осының арқасында адам мәселелерді өзі шеше
алады. Жеке-центрлік кеңес беруде клиенттер мен кеңес берушітар мақсаттары
сәйкес келеді. Бұл мақсаттар Роджерс (Rogers, 1959, 1961), Уолкер, Раблен
және Роджерс (Walker, Rablen, Rogers, 1960), Маслоу (Ма51о\у, 1962,19'
КомбсаиСнигга (СотЬз, Snygg, 1959) еңбектерінде сипатталады.
Психолог – кеңес берушінің рөлі — қандай да болсын рөлді ойнаудан бас
тартып, өзін-өзі болуға тырысу. Психолог – кеңес берушітың басты кәсіби
міндеті — тиісті психологиялық климатты құру, онда клиенттің өзі қорғаныс
механизмдерінен бас тартушы еді. Сонымен бірге терапевт толығымен
психотерапевт рөлінен шеттеліп, қатынас жасау мен терминдердің кәсіби
әдеттерінен өзінің қарапайым және табиғи сезімдер мен ойларын білдіруге
көшу керек. Клиент тек қарапайым жолдастық қатынасты ғана емес, сонымен
қатар терапевттің ой-пікірлердің моральдық бағалауынан толық босауын және
клиент мінез-құлқын, яғни әңгімелесушінің өзін-өзі шын көрсетуін сезінуі
маңызды.
Кеңес берушілік үдерістің жеті кезеңі жіктеледі:
1. ішкі қарым-қатынастың оқшаулануы (МЕН+хабарлама немесе жеке тұлғалық
мағыналардың хабарламасы жоқ, мәселенің бары теріске шығарылады, өзгеріске
деген тілек жоқ );
2. Өз ойын білдіре алу (клиент қабылдау атмосферасында өзінің барлық
шектеулері мен салдарымен өз сезімдерін, мәселелерін ашуға бастайды).
3-4. өзін-өзі ашу және жалпы күрделілікпен, қарама-қайшылықпен, шектеумен
және аяқталмағандықпен өзін клиент ретінде қабылдау үдерісінің дамуы.
5. феноменологиялық әлемге өзіндікке сияқты жатқызу үдерісі болады, —
өзінің МЕН дегенінен жатсынушылық жойылады, және нәтижесі ретінде өзін-
өзі болуға деген қажеттілік артады.
6. конгруэнттілік, өзі қабылдаушылық және жауапкершілік дамиды, еркін ішкі
қарым-қатынас, орнығады, МЕН мінез-құлқы мен өзін-өзі сезіну органикалық,
сыртық әсерсіз болады. Жалпы жеке тұлғалық тәжірибенің бірыңғай тұтастыққа
интегралдануы болады.
7. Жеке тұлғалық өзгерістер сатысы, өзінің әлем ішінде ашылуы, психолог
енді керексіз болады, психотерапевтикалық жұмыстың негізгі мақсатына жеттік
— өзімен және әлеммен конгруэнттілік жағдайда болу, жаңа тәжірибеге деген
ашықтық және “МЕН+шынайы” және “МЕН+идеалды” арасындағы шынайы теңгерім.
Жеке тұлғалық-орталық кеңес беру белгілі бір әдістемелерге сүйенбейді
және клиенттер қызығушылығындағы кез келген әрекеттерді жасауды меңземейді,
Роджерс кеңес беру тиімділігі ең алдымен кеңес беруші мен клиенттің жеке
өзара әрекеттесу сапасымен анықталады деп есептеген (Rogers, 1962, .
416). Жеке тұлғалық-центрлік кеңес беру кезінде клиенттермен бірге кеңес
берушілердің де ойлары және сезімдерінің маңызы зор.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. К. Роджерс тұжырымдамасының негізгі ұғымдары.
2. Мен тұжырымдамасының негізгі мақсаты.
3. Кеңес берушілік үдерістің кезеңдерін ата.
Әдебиет:
1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-
е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма Класс, 2001. — 336 с.
2. Грановская Р. М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.:

3. Карвасарский Б. Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских
ВУЗов. 2-е изд., 2002.
4. Нельсон - Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.:
Издательство Питер, 2000. – 464с.
5. Осипова А. А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов

6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш.
учеб. заведений. - М.: Издательский центр Академия, 1999. - 208 с.
ISBN 5-7695-0418-8, стр.57-61.
4 тақырып. Гештальт терапиясы.
Жоспар.
1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.
2. Гештальт-терапияның негізгі ұғымдары мен ережелері.
3. Психологиялық көмектің мақсаты.
4. Гештальт-терапиядағы психолог пен клиенттің рөлі.
Гештальт-терапиясы — әлемдік тәжірибелік психологиядағы кеңінен
танымал және тиімді бағыт. Адамгершілік психология түрлерінің бірі болып
табылатын гештальт-терапиясы жеке тұлғаның дені сау психологиялық
ұстанымының күшеюіне, тұлғалық сана-сезімнің кеңеюіне бағытталған және анық
көрінетін қызметтік бағыттылығы бар. Көптеген бағыттар мен тәжірибелік
психология мектептер түйісуінде пайда болған гештальт-терапиясы тәжірибелік
психология мектептерінің ең таралған және қол жетімді мектептерінің бірі
болды.
Ф.Перлз, бағыттың негізін қалаушы бастапқыдан науқас қоғамда дені сау
тұлғаның өмірмен күресу мәселесін қойды. Сондықтан гештальт-терапияның көп
қырлы техникасы жеке тұлғаның психологиялық көмегін қамтамасыз етуге,
адамның оның өткен және болашақтағы ауырлықтан босауына және оның МЕНІНІҢ
қазіргі жеке тұлғалық өмірінің бай өзгеріске толы әлемге қайтуына
бағытталған. Пёрлз ерте балалық естеліктердегі фрейділік қопаруларды қате
және тиімсіз деп санап, классикалық психоталдаудан бас тартты. Перлз адамға
және оның психологиялық мәселелеріне өткен өмірдің (тіпті ертедегі бабалық
естеліктер), сондай-ақ ең алдымен осы күнгі және белгілі мөлшерде күтілетін
оқиғалар әсер етеді деп санады.
Гештальт сөзі неміс тілінен тұтас бейне деп те ауларылады, сондай-ақ
құрылым, осындай кең мағынада деп ұғынылады. Гештальтпсихология, гештальт-
терапия сияқты, психология (әсіресе психотерапия) тұлғаның жеке
бөлшектерімен, оқшауланған психикалық үдерістермен, психологиялық әсер ету
факторларымен айналыспай, оларды бірыңғай кешенде және өзара байланыста
қарастыру керек деген тұжырымдамадан шығады. Батыста гештальт-терапия
кәсіби емес психотерапевттер арасында неғұрлым кең таралған болып табылды.
Оны психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар қысқа мерзімде ғана
игеріп алады.
Негізгі ұғымддар:
Осында және қазір. Сені өткен немесе болашақ емес, бүгінгі күн
толғантсын. “Осында өмір сүр”. Қолыңда жоқпен емес, барымен жұмыс жаса.
Пішін және фон. Перлз тұтастай қабылдау мүмкіндігін, клиентке әсер
ететін барлық ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекеттесу есебін
нақтылай отыра, осы тұтас суретте пішін мен фонды бөліп көрсеткен. Осындай
кешенді көзқарас неғұрлым объективті бағалауға көмектеседі және гештальт
элементтерінің әрқайсысы, оның ішіндегі кемшілік болып табылатыны да,
кешенде психикалық бейімделудің маңызды факторы және басқа элементтердің
өзара әрекеті болуы мүмкін.
Ақыл-ойдың кеңеюі. Бұл термин психотерапияның басқа да түрлерінде кең
таралды, тіпті филисофия мен педагогикада. Оның мәні клиентке шешілмейтін
жағдаятты басқа қырынан (немесе әр түрлі жақтардан), сонымен қатар одан
шығу жолын көруге мүмкіндік туғызу болып табылады. Неғұрлым кең мағынада
ақыл-ойдың кеңеюі адамның өз өміріне және өмірдегі өз-өзіне тұтастай
басқаша қарауға, кедергілерді төтеп беру жолдарын ғана емес, сонымен бірге
толық өзін-өзі іске асыру мүмкіндігін көруге жағдай туғызады.
Қарама-қарсылықтармен жұмыс. Келесі қағида - қарама-қарсылықтармен
жұмыс. Біздің қабылдау қалыптармен кірленген.
Сезімдердің амбиваленттілігі. Бұл кез келген психикалық дені сау
адамның қалыпты қасиеті, мәселен, қызғанышта біз бір мезгілде жақсы көреміз
және жек көреміз. Дәл сондай балалардың ата-анасына, ата-аналардың
балаларына, ағалары мен сіңлілері қатынастарында және т.б. кездесе алады.
Аяқталмаған іс — гештальт-терапияда жеке тұлғаны өзертіп, жаңа
қақтығыстар тудырып, оның актуальды мінез-құлыққа әсер ететін кідіртілген
сезімдер айқындалады. Аяқталмаған іс тұжырымдамасына сәйкес әрекет
етілмеген эмоциялар болып жатқанды актуальды тану үдерісіне кедергі
келтіреді.
Қашқақтау — аяқталмаған істің қандай да болмасын жағымсыз
күйзелісінің мойындау және қабылдаудан бас тарту тәсілдерімен байланысты
мінез-құлықтың ерекшеліктері айқындалатын ұғым.
Жүйкенің төзу деңгейлері — Ф.Перлз шығарған ұғым. Жеке тұлға құрылысын
метафоралық түрде пиязға теңестірген Ф.Перлз бойынша психологиялық есеюге
жету үшін жүйке төзуының бес қабатын алып тастау керек деген:
1) жалған рөльдік мінез-құлық қабаты (әдеттегі стереотиптер, ойындар,
рөльдер;
2) қалыптар қабаты, онда клиент өзінің аурушаң күйзелістерімен
кездесуден қашуға тырысады;
3) тұйық және ашыну қабаты — өзіндік жеке шарасыздық күйзелісімен
байланысты сәттер;
4) өзіндік МЕН оңай кіру қабаты (адам ренжіген сәттерде өз
табандылығын сынап, өзі жағдаятпен күресуге бел буады;
5) эмоциональдық жарылыс қабаты, клиент өзінен жалған және
қоқысталғанды шешіп тастап, өзінің шынайы МЕНІНЕН өмір сүріп әрекет ете
бастайды.
Энергия және энергияның қоршалуы — психологиялық талдаудан енген
“энергия” ұғымы, оның кернеуде айқындалатын орналасуы мен қоршалуы (ең
алдымен денелік — күйі, қимылы, көзқарасы, дауыс үні) гештальт-терапияда
түсіндірмелі терминология және оқыту құралы ретінде қолданылады.
Бүгінгі күні гештальт-терапия жиі топтық нұсқада тәжірибеленеді. Осы
бағытта ойын және сынақ деп аталатын психотехникаларға гештальт-
терапияда үлкен мән беріледі.
Қызба орындық. Терапевтикалық топ мүшелері шеңбер болып орындыққа
отырады. Топ мүшесінің бірі өз еркімен, ол әрине, тактикалық шамада
терапевтпен арандатылады, шеңбердің ортасындағы қызба орындыққа отырады
және шынайы түрде өз мәселелері туралы айта бастайды, сондай-ақ басқа топ
мүшелерінің сұрақтарына жауап береді. Терапевт өз жұмысын осы адамнан
бастайды, ал топ бұл жұмысқа қолдау ретінде және осы жеке тұлғаның
белсенділігі үшін мейірбандылық жағдай тудырады. Мұндай қолдау арқылы жеке
тұлға батылдық пен дербестікке ғана ие болмай, сонымен қатар басқа топ
мүшелері өз мәселелерін жете ұғынуына және оның шешілуінің ұқсас жолдарын
өзіндік белсендіру арқылы табуға жағдай туғызады.
Екі рөлі. Қызба орындықта отырған клиентке қарам-қарсы бос орындық
қойылады; онда елестетілген адам отыратын тәрізді, клиентте онымен ашық
немес жасырын, бірақ жабырқаңқы немесе шешілмеген кикілжің пайда болады.
Клиент екі ролді атқарады. Өз орындығынан ол өз атынан елестегі серіктесіне
өтінеді, ал оның орындығында максимальды түрде басқа біреудің жай-күйін
түсінуге және оның орнына өз-өзіне жауап беруге тырысады. Кей кездері
клиентке қарам-қарсы клиентпен таңдалған топ мүшелерінің бірі бола алады,
клиент оған сол адамның рөлін түсіндіреді. Осындай түсіндіру үдерісінде ол
кикілжінге еріксіз түрде басқа көзбен қарай бастайды – басқа біреуді
жақсырақ түсіне бастайды.
Кері байланыс. Бұл клиент пен психотерапевттің тұрақты психологиялық
байланысы, ол клиенттің өз-өзін, өз жағдаятын (мәселе) жақсырақ көретін, өз
жай-күйлері мен олардың мінез-құлық құбылыстарын объективті бағалай
бастайтын айна тәрізді болып табылады.
Қазір мен ұғынамын... Бұл жаттығудың мәні – бұрын еске салынған
гештальттерапияның негізгі қағидасына сәйкес осы нақты сәтте өзіндік
санасының мазмұнын талдауға бағытталған клиенттің белсенділік пен
тырысуының машықтануы: осында және қазір. Жаттығу уақыт сайын қайталанатын
клиенттің іске қосу Қазір мен ұғынамын... фразасынан айтқаннан кейін
басталатын зейіннің жинақталуынан тұрады. Клиент бірнеше минут бойы бұл
фразаны нақты осы сәттегі өзінің сана мазмұнының бейнелеуін қоса қайталап
отырады.
Сараптау сұхбаты техникасы (диссоцияланған сұхбат), бос орындық
деген атаумен де белгілі, клиенттің ішкі кикілжіндерін талқыға салуға
арналған. Техника клиенттің екі полярлық бағдары арасында болатын
психодраманы пайдалануға құрылған. Сұхбат клиенттің өзімен жүргізіледі, ол
ілікпе сөздерді кезекпен алдымен бір психологиялық бағдар атынан, кейін
екіншінің атынан айтады.
Шеңбер бойынша жүру — клиент (топтық жұмыста қолданылады) барлық
қатысушыларды кезекпен аралап, оларға не бір нәрсені айтады, не олармен
қимылдар жасайтын психотехниканы атайды. Топ мүшелері мұндайда жауап бере
алады. Техника топ мүшелерінің белсендірілуі, оларды жаңа мінез-құлық
тәуекеліне және өзінің ойларын білдіру еркіндігі үшін мадақтауға
қолданылады.
Керісінше техникасы (“аударыспақ”) — клиент өзіне ұнамайтын мінез-
құлыққа қарама-қарсы ойнайды. Техника клиенттің өзін жаңа мінез-құлықта
қабылдауына және тәжірибенің жаңа құрылыстарының МЕН-де жинақталуына
бағытталған.
Сараптамалық асыра көрсету — дене, вокалдық және басқа қимылдардың
әсірелеу жолымен өзін-өзі тану үдерісінің дамуы — бұл әдетте кез келген
мінез-құлыққа тиесілі сезімдерді күшейтеді. Техниканы қолдану ішкі қарым-
қатынастың дамуына септігін тигізеді.
Мен бұған жауаптымын — психолог бұл тәсілді қолдана отыра, кей
сезімдерді білдіру туралы өтінішпен немесе мен де бұған жауаптымын
дегенді міндетті түрде қосып алу арқылы ой-пікірді білдірумен клиентке
өтіне алады.
Сезіну техникасы. Клиенттерді өз дене тілін, өзіндік тынысын, дауыс
пен эмоциялардың ерекшелігін сезінуге, сондай-ақ қандай да болсын миға
байланған ойларға есеп бере алатындай әрекеттер жасауды сұрайды. Шын
өмірдегі сезіну техникасы кей кездері фокальды сезіну деп аталатын
шоғырлану техникасы болып табылады. Бұл техника арқылы клиенттер әрбір
қазірді ойлауға және өзінің әрбір қажеттілігін, сондай-ақ олардың бір
салаға қатысты сезімдері мен мінез-құлықтары басқа салаға қатысты сезім мен
мінез-құлыққа байланысты екендігін сезінуге үйренеді.
Негізгі мақсаты — адамға толығымен өз күш-қуатын іске асыруға
жәрдемдесу. Бұл басты мақсат қосымшаларға бөлінеді:
1) актуалды өзін-өзі сезінудің толыққанды жұмысын қамтамасыз ету;
2) бақылау локусының ішке қарай жылжуы, тәуелсіздік пен өз-өзіне
жеткіліктілікті мадақтау;
3) өсуге кедергі келтіретін психологиялық блоктардың табылуы және
оларды жою.
Гештальт-терапияда психолог клиент тұлғасы гештальтқа, бірыңғай
тұтастыққа интегралданған катализатор, көмекші және жаратушы ретінде
қарастырылады. Психолог клиенттің жеке сезімдеріне тікелей енбеуге
тырысады, ол осы сезімдердің айқындалуын жеңілдетеді.
Гештальт-терапияда клиенттерге өзін жеке түсініктеме беру, бағдарлар
құқығы, серікті, өзінің мінез-құлқы мен өмірінің кестесін сезінуі кіретін
белсенді рөль беріледі. Клиент ұтымды етуден күйзеліске көшу керек деп
жорамалданады, бұл жерде сезімдердің вербалдануы мыңызды емес, мұнда клиент
шынында да сезімдерді сезініп, олар туралы жай хабарламай, олардың атынан
сөйлейтіндей болатын актуальды күйзеліс үдерісінің өзін клиенттің қабылдауы
мен тілегі.
Гештальт-кеңес берушінің басты мақсаты — клиентке әрдайым қоршаған
ортадан жәрдем күтуінен құтылуға және тәуелсіздікке көшуге көмектесу.
Гештальт-кеңес берушіліктерге өтілген клиенттер, алғашқы рет, негізінен, өз
мәселелерін шешуге қызығушылық танытуда. Гештальт-кеңес берушітар
клиенттерге ағымдағы мәселелерді шешуде өздерін тірек ретінде ғана емес,
сонымен қатар неғұрлым шынайы өмір сүруге көмек көрсетеді. Клиенттер
дербес болуы үшін, олар өздерінің организмикалық экзистенциалдық
орталықтарымен (мен — ол менің негізгі қалпым). Өзінің организмикалық
МЕНімен немесе сезімдерімен қатынаста болатын адамдар өзін-өзі
жігерлендіргіш немесе дербес болып табылады.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Гештальттерапияның негізін қалаушы кім?
2. Гештальт сөзінің мағынасы.
3. Сезімдердің амбиваленттілігі дегенді қалай түсінесін?
4. Жүйкенің төзу деңгейлерін ата.
5. Гешталь – кеңес берушінің басты мақсаты.

испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с.

7695-0418-8, стр.49-54.
5 тақырып. Когнитивтік психотерапия.
Жоспар.
1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.
2. Альберт Эллистің тиімді-эмотивтік терапиясы.
3. Аарона Бектің когнитивтік психотерапиясы.
4. У.Глассердің шынайы терапиясы.
Когнитивтік психотерапия эмоциональдық серпілістер мен психикалық
бұзушылықтар бұрын пайда болған танылатын құрылыстар мен актуальдық
танылатын үдерістермен жанамаланған сияқты қарастырылатын мінез-құлық
психотерапияның дамуы болып табылады, басқаша айтқанда, мұнда аралық
ауыстырылатынның орнына ой (когниция) жүреді.
Танылатын парадигма кеңес беру мен психотерапияда — тәжірибелік
психологиядағы таза американдық бағыт. Олардың мінез-құлық пен эмоцияларға
деген АКЦЕНТ пен Бихевиоризм мен гештальт-психологиясына реакциясы ретінде
танылатын психология дамуымен байланысты, когнитивтік психотерапия
негізінен психиканың танылатын құрылысына көңіл аударады және жеке тұлға,
жеке тұлғалық құрылымдар, және тұтас логикалық қабілеттерге сүйенеді. Ең
соңғы жылдары когнитивтік бағыт өзінде үш түрін біріктірді: А.Эллистің
рационалды-эмотивтік терапия (РЭТ), А.Бектің когнитивтік терапиясы және
Э.Бернның трансактілік талдауы.
РЭТ негізін қалаушы А. Эллис ортодоксальдық психоаналитик сияқты
бастаған, содан кейін К.Хорни басшылығында оқыды. Жиырмасыншы ғасырдың
елуінші жылдарында А.Эллис тәжірибешілік психологиядағы жаңа бағыттың
негізін қалаған ережелер қатарын тұжырымдаған. А. Эллиспен жиі айтылатын
сондай ережелердің бірі тарихшы Эпиктеттің нақыл сөзі болып табылады:
“Адамдарға нәрселер емес, оларды қаншалықты көру көзқарасы бөгет жасайды”.
А.Эллис тұжырымдамасында адам екі жағы бар белгілі күш-әлеуетпен туады:
рациональды және рациональды емес; махаббат пен өсуге және бұзылу мен өзін-
өзі кінәлауға ұмтылатын құрылымдық және бұзылған.
РЭТ-тегі маңызды ұғым қақпан болып табылады – дәлелсіз (жүйке
төзғандық) қорқыныш, ашушаңдықты сезінетін барлық когнитивтік құбылыстар.
А.Эллис латын әліпбиінің алғашқы әріптерімен (А+В+С+D — теория)
аталған жеке тұлғаның мінез-құлық актілерінің көп компонетті құрылысын
ұсынды. Бұл теория тәжірибелік психологияда кең қолданысын тапты, себебі ол
клиенттің өзіне күнделік жазбалары түрінде тиімді өз-өзін байқау мен өзін-
өзі талдауына жағдай жасайды. Бұл А тұжырымдамалық кестеде – активтеген
оқиға, В (belief) — оқиға туралы пікір, С (consequence) — оқиғаның салдары
(эмоциональдық немесе мінез-құлық); D (dispating) — оқиғаға деген кейінгі
серпіліс (ойлау өңделуі нәтижесінде); Е (effect) — аяқтайтын құнды пайымдау
(құрылымдық немесе бұзылған).
Жалпы РЭТ психологиялық келесі алғышарттары бар:
1) өз мәселелеріне жеке жауапкершіліктің мойындалуы;
2) бұл мәселелерге табанды әсер ету мүмкіндігінің бары туралы идеяны
қабылдау;
3) эмоциональды мәселелер рациональды емес түсініктерден шығатынын
мойындау;
4) осы түсініктердің табылуы (сезінуі);
5) сол түсініктерді талқылаудың пайдалылығын мойындау;
6) өзінің ұқсас көзқарастарының конфронтациясына күш салуға келісу;
7) РЭТ-ті қолдануға келісім.
Басты мақсаты — пікірлер, нормалар мен түсініктер жүйелерін қайта
қарауға көмек. Жеке мақсаты — өзін-өзі кінәлаудан босау. Осы тұжырымдамамен
жұмыс жасайтын психолог-кеңес беруші немесе психотерапевттің бағдары
директивті. Ол түсіндіреді, сендіреді, ол — олардың нақсыздығы мен
еріксіздігіне нұсқай отыра, қате пікірлерді жоққа шығаратын беделді болып
табылады. Клиентке оқушының рөлі беріледі, және сәйкесінше, оның табыстары
оқушының рөлімен мотивациясы мен сәйкестендірумен байланысты түсіндіріледі.
Клиент көрегендіктің үш деңгейінен өтеді деп жорамалданады: үстіңгі
(мәселені сезіну), тереңдетілген (өзіндік түсіндірулердің танылуы) және
терең (мотивацияның өзгеру деңгейінде).
РЭТ-ке жақын А.Бектің когнитивтік психотерапиясы болып табылады, онда
ең басты эмоционалдық бұзуларға көңіл бөлінеді. Эмоционалдық бұзылу
А.Бекпен ең алдымен танылатын бұзылу ретінде түсіндіріледі. Психотерапия
процедурасы психологпен қатынас жасауды арнайы ұйымдастырудан тұрады, онда:
Егер ... , сен неден айырыласың? немесе Сен білесің бе ... . тырысуға
нәтижесіз.... Өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі сынау деңгейі, баламалық шешімдер
мен әрекет ету тәсілдерін шығару қарастырылуда.
Рационалдық-эмоционалдық психотерапия тәрізді, когнитивтік
психотерапия объект не оқиғаны сезіну ойлау арқылы жүзеге асады, және тек
сол көмекші түйінді түсінген кезде ғана жеке тұлғаның серпілісін, ең
алдымен эмоциональды және мінез-құлық аспектілерін түсінуге болатынынан
шығады. Қоршаған орта мен жеке тұлғаның өзара әрекеттесу кестесі S-O-R
(түрткі — ең алдымен қабылданғанның когнитивтік өңделуі кіретін О аралық
ауысу серпілісімен болады) түрінде айқындалады. Когнитивтік психотерапия
нейрофизиологиялық бұзылулар кезеңінің алдындағы психологиялық бұзылулар
ойлау аберрациясымен байланысты. Бек ойлау аберрациясын объекті мен
жағдаятты көруін жоятын ақпараттың когнитивтік қайта өңдеу сатысындағы
(белгілеу, сұрыптау, шоғырлану, түсіндіру) бұзылулар деп түсінген. Бұзылған
танулар (когницийлер) жалған түсініктер мен өзіндік белгілердің, демек
сәйкес емес эмоциональдық сірпілістердің себебі болып табылады. Сондықтан
К.п. мақсаты сәйкес емес когницияларды түзету. К.п. өмірлік міндеттерді оң
жолымен шешуде және олардың шешілуінің мәселелі салаларға топтап
қорытуындағы науқас тәжірибесін максимальды түрде қолдану неғұрлым қажет
болып саналады. Бек когнитивтік психотерапевт жүргізетін жұмысты музыкалық
аспапта ойнау кезінде қөзғалмалы стереотиптің түзетуімен салыстырды.
Ақпараттың сәйкессіз өңдеу ережелерін сезіну және оларды дұрысына
ауыстыру – К.п. басты міндеттері. Ол адамдарға неғұрлым өзін-өзі байқау
және өз ойларын талдай білу қабілетімен көрсетілді. Психотерапевт пен
науқас арасындағы өзара серіктестікке жақын екі жақты қарым-қатынасын
айтады. Науқас және психотерапевт ең басында психотерапия мақсаты (түзетуге
жататын орталық мәселе), оған жету құралдары, емделудің мүмкін болатын
ұзақтығына қатысты келісімге келу керек. Психотерапия сәтті болу үшін,
науқас жалпылай К.п. эмоциялардың ойлауға тәуелділігі туралы базистік
деңгейді қабылдау керек: Егер біз сезімдерді өзгерткіміз келсе, оларды
тудырған идеяларды өзгерту керек. Қатынастың орнауы науқас ауруының
біртіндеп К.п. бағдарына ауысатын сырқаты туралы психотерапевтттің бірнеше
түсініктерін қабылдаудан басталуы мүмкін. Психотерапевттің артынан білмей
жүру және жоғары скептицизм – алдағы болатын емдеуге теріс қарым-қатынастың
полюсі. Сондықтан орталыққа осындай бағдарларды келтіру – психотерапия
сәттілігінің кепілі.
1960 жж. У.Глассермен жасалған шынайылылық терапия бастапқыдан жас
құқық бұзушы әйел адамдармен психологиялық түзету жұмысына арналған
болатын. У Глассер мінез-құлықтары ауытқыған қыз балаларға арналған
мектепте жұмыс істеп, өз тұжырымдамасын әзірлеген, оның негізгі
тағайындалуы — шынайы көріністегі ақиқат контекстінде, жауапты және шынайы
мінез-құлыққа оқыту.
У.Глассердің шынайы терапиясы адамның өзіндік шешімдерімен мінез-
құлқын негіздеуден сондай-ақ психодинамикалық көзқарастың кейбір
бағдарларынан шығады. У.Глассердің ойынша адам — негізгі психологиялық
қажеттіліктері бар өз-өзінен детерминаланған тіршілік иесі. Адам — өз
өмірінің субъектісі, ол өз-өзіне жасайтын әлемнің субъектісі.
Негізгі ережелер:
1) жеке тұлға өз бағдарын өзі таңдайды — құрбан немесе жаратушы;
2) жеке тұлға әрдайым оларға бақылау жасай отыра, армандайтын әлем мен
тілейтін мінез-құлықты өзі таңдайды;
3) психотерапияның медициналық үлгісін және, әрине, терминологиясын
жоққа шығару;
4) персоналдану мен оң жеке тұлғалық бағыттылықтың табыстылығы — жеке
тұлға денсаулығының шарты.
Ең бастысы — клиентке парасатты және эмоциональдық жағынан тұрақты
болуға көмек көрсету. Жеке мақсаттар — жеке тәуелсіздікке жету, өзін-өзі
сезіну деңгейін арттыру және өзін-өзі жетілдіру жоспарын әзірлеу. Психолог
бағдары мұғалімге жақын тәрізді анықталады; белгілі кәсіптік қасиеттер
қажет: сензитивтілік, эмпатичность, талапшыл болу қабілеті және мінез-құлық
үлгісі болу.
Психотехникамен пайдаланбай, (түсіндіру, көрегендік, іркіліс,
қарсыласу талдауы), шынайылылық терапияның өкілдері тәжірибешілік жұмыстың
негізгі құралы ретінде (У.Глассердің артынан) психопедагогикалық
мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін клиентпен бірге жасайтын жұмыстың жеті
кезеңінің (қадам) бірізді іске асуында деп тапты:
1.Клиентпен қарым-қатынасты орнату.
2. Өткенді ұмыту және негізі көңілді ағымдағы мінез-құлыққа аудару.
3.Клиент мінез-құлқын бағалауда мадақтау. Мұндағы маңызды сәті —
клиенттің жасағаны оған көмектесетінін немесе кедергі жасайтынын анықтауға
жәрдемдесу.
4. Әрекеттердің баламалық тәсілдерін іздеуге және жоспарды әзірлеуге
көмек көрсету.
5. Жоспарды орындау туралы міндеттемені алу.
6.Кешірімдерді қабылдаудан бас тарту.
7.Қатал болу, бірақ жаза қолданудан аулақ болу және бастысы, еш
уақытта клиенттен, клиентпен жұмыс жасаудан бас тартпау.
Пысықтауға арналған сұрақтар
1. РЭТ – ң алғышарттары.
2. РЭТ – ң басты мақсаты.
3. У.Глассердің шынайы терапиясының негізгі ережелері.

6 тақырып. Рационалды психотерапия.
Жоспар.
1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.
2. Даму сатылары.
3. Негізгі ережелері.
4. Психологиялық көмектің мақсаттары.
Ең алғаш рет жан-жақты және жүйелі түрде швейцарлық невропатологы
Дюбуа (Dubois P.) Психоневрөзы и их психическое лечение (1912) кітабында
баяндалған. Иландыру терапиясының баламасы ретінде пайда болған Р.п., ең
алдымен, науқастың ақылы мен ойлауына негізделді (лат. ratio — разум,
рассудок).
Р.п. бірінші даму кезеңінің ерекшелігі әр түрлі психикалық сырқаттану
кезіндегі ойлаудың бұзылуын толық сипатталуы, жетістіктерді формальды және
психоневрөз ауруымен сырқаттардың қате ойларын түзету мақсатымен
диалектикалық логикасын қолдану болып табылады.
Осы күнге дейін рациональдық-эмоциональдық және танылатын —
когнитивтік-мінез-құлық психотерапия әдістері — Р.п. қатысты анықталмаған,
бұл, бір жағынан, Р.п. ұғымдарының жойылуына әкеледі, ал екінші жағынан —
Р.п. әдісі дербестігінен бас тартуға. Р.п. шегін нақты белгілеп алу үшін,
Р.п. негізгі ережелермен қасиеттері бір психотерапевтикалық әдістерді
салыстыру аспектісінде көрсету керек.
1 кесте
Рационалдық, когнитивтік және когнитивтік-эмоционалдық психотерапияның
салыстырмалы сипаттамасы
ПсихотерапиПсихотерапевттік әдістер
я әдісінің
негізгі
сипаттамасы
Рационалдық Когнитивтік Рационалды-эмоцион
психотерапия психотерапия алдық психотерапия
Негізін Поль Дюбуа Аарон Бек Альберт Эллис
салушылар
Психикалық Формалды Когнитивтік Қатал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz