Шеберлердің керамика өнімдерінің белгілі бір түрлерін дайындау жөнінде мамандануы



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚОЛӨНЕР

Қала халқының қолөнершілік қызметінін мейлінше жаппай тараған түрі қыш-
құмыра ісін сипаттау үшін ең көп мөлшерде деректер алынды. Отырарда XVI
ғасырдың аяғы — XVII ғасырдың бірінші жартысындағы қыш-құмырашылар
махалласы қазып аршылды. Ондағы ең ірі шеберхана 105 шаршы метр алаңды алып
жатыр. Оның өндірістік бөлігінде 5 бөлме болған.
Олардың біреуінде тандыр мен қыш-кұмыра пеші орналасқан. Пеш екі
қабатты, оның асты күмбезделіп жасалған, одан ыстық өткізетін 7 со-пақша
тесік тазаланды. От жағылатын қуысының диаметрі 1,1 және биіктігі 0,9 м.
Оттықтың оң капталында оттың аузынан 0,4 м тереңдіктен от жағылатын қуысқа
қосымша ауа беріп тұруға арналған көлденең қуыс оқап тазартылды.
От жағылатын көмейден түтін үй қабырғаларының түйіскен жеріне
жасалған тік мұржа арқылы шығарылған. Көлемі 18 шаршы метр қатар бөлме
қойма болған. Онда солтүстік-шығыс қабырғада шикізат сақтауға арналған үш
қуыс орналасқан. Шеберхананың жылытылатын бұл бөлігі қыста жұмыс істеген.
Жазғы жайдың төбесі жарым-жартылай, жеңіл жаппамен жабылған. Бұл жайда
екі пеш болған. Олардың біреуі жақсы сақталыпты. Ортасында ас-тынғы жағында
шаршы тесік түрінде ыстық өткізгіш бар. Дөңгелек тұрдегі от жағылатын қуыс
аула бетіне бұрыштап орналастырылған. Батыс жак бұрыштағы пеш нашар
сақталған. Оның түбі от жағылатын қуысқа ірі ке-сектер болып құлап түскен.
Еденнің жаппа астындағы бөлігіне күйдірілген кірпіш төселген. Бұл
жерден диаметрі 1,5 метрге жуық кұмыра ұршығын орнатуға арналған шұңкыр
аршылып алынды. Шеберхана кұрамына тағы да екі бөлме кірген. Оның біреуі
қыш балшығын араластыру үшін пайдаланылған деп санауға болады, мұны
табанында бөлменің калған алаңынан аласа жақтау мен кішкене арықша арқылы
бөлінген, тапталып тасталған тегіс дөңгелек алаңшаның болуы дәлелдейді.
Шеберхананы аршыған кезде тас диірменнің төменгі жағы, сақар домалақтары
бар тас ыдыс, шыны тәрізді қоқыстар, ыдысты қалыптауға арналған төс және
бояуға арнап саз балшықтан жасалған палитра табылды. Тегінде шеберхана
үйлері нақ сол махаллада шеберхананың карсысында орналаскан екі, тіпті үш
адамның иелігінде болса керек. Үш үй иесінің керамика кәсіпшілігімен
байланысты болғанын барлық үйлерден табылған кұралсаймандар мен бір үйдің
бөлмесіндегі тазартылған ыдысы бар ұра-қойманын болуы дәлелдейді.
Екінші шеберхана жоғарыда суретгелген шеберхананың қасында орналасқан.
Шеберхана жалпы көлемі 56,5 шаршы метр болатын үш жайдан тұрады. Бірінші
жай махалла ішіндегі көше жағынан ашық, бұл — ашық албар. Тағы бір жайда
сыланған таңдырлы сәкі бар және ол өндірістік жұмыстар атқаруға арналған.
Үшіншісінде қыш-құмыра пеші орналаскан. Ол алаңның жартысын алып жатыр
деуге болады. Бұл шеберхананың иесі, шынына келгенде, оның қарсысындағы,
махалла ішіндегі шағын көшедегі тұрғын үйде тұрған болса керек.
Махаллада жоғарыда суреттелгеніне ұқсайтын тағы бір шеберхана болған.
Оның көлемі 77 шаршы метрге жуық. Бір бөлменің бұрышында тұрған пеш қирап
калған, одан үйілген кірпіш сакталыпты. Шеберхана оның карсысындағы үйде
тұратын шебердің иелігіңде болуы ыктимал.
Отырардың XVII ғасырдағы басқа махаллаларынан жекелеген қыш-құмыра
шеберханалары табылды. Көлемі жөнінен ең үлкен шеберхана V махалласында
болған. Оның көлемі 215 шаршы метрге жуық. Онда тұрғын үй және өндірістік
бөлік бар. Өндірістік бөлік 5 жайдан тұрган, олардың екеуінде қыш-кұмыра
пештері орналаскан. Баскаларының неге арналғанын сақталған безендірілу
қалдыктары бойынша анықтау қиын, олар шикізатты сақтау, өндірістік
операциялар, бұйымдарды кептіру үшін пайдаланылған деп жорамалдауға ғана
болады. Қыш-құмыра пештерінің біреуі толык, қираған, екі қабатты екіншісі
төрт бұрышты болған. Пеш оттыктың ортасына орналасқан сопақша тесік арқылы
күйдіру қуысына қосылған. Қуыстың төрт бұрышынан ауа өткізгіш шығарылған,
олар түтін таратып, жылуды реттеп отырған.
Ірі шеберханалармен қатар шағын қыш-құмыра пешінің үйдің ауласына
салынуы ұсақ қоленер кәсіпшілігінің болғаңдығын айқындайды. Мәселен, А
махалласында екі бөлмелі үйдің шағын ауласында пеш сопақша шұңқырда тұрған:
Пеш екі қабатты, күйдіру қуысымен көптеген ауа өткізгіштер арқылы
жалғанған. Оған күйдірілетін зат жоғарғы жағындағы екі тесік арқылы
салынған. Пеш стандартты құйылатын кішкене құйма кеселер өндіру үшін
пайдаланылған, олар күйдірген кезде жабысып қалған үйінділер түрінде пештің
ішінен табылды және нақ сол жерден қазып аршылған шұңқырдан сынықтары
алынды.
Ф махалласында шағын екі үйшік бар, ол кішкене албар және қойма-мен
қатар тұрған бөлмеден тұрған, ауласында кішкене ыдыстар шығаруға ар-налған
шағын қыш-кұмыра пештері бар.
Отырардың қыш-кұмыра шеберханаларын Орта Азия этнографтарының
суретгеген шеберханаларымен салыстыру олардың құрылысы мен жарақтануы жақын
екенін, тіпті бірдей деуге болатынын көрсетеді. Хорезм шеберханасының
сипаттамасы мынадай. Өндіріс жайының көлемі 41 шаршы метр, қара көлеңке,
бір терезесі бар, сазбалшық шеберханаға сол арқылы берілген. Терезенің
қасында құмыра станогы тұр. Ол шұңкырға орнатылған, тік өзекке орнатылған
екі дөңгелек ағаштан тұрады: төменгісі - айналдыруға, жоғарғысы бұйымды
қалыптауға пайдаланылған. Нақ соның қасына су құйылған қазан орнатылған
және шебердің қолдарын балшықтан тазартуға арналған ылғал шүберек жатыр.
Отырар шеберханаларындағы қыш-құмыра станоктары да сондай, оларда қыш-
құмыра дөңгелегін орнату үшін дөңгелек шұңқырлар аршылды, ал қасына су
құюға арнап ыдыстар қазып орнатылған, тегінде құрылысы ұқсас.
Хорезм шеберханасының бұрышына, кіреберісте бұйымдар кептіретін жаппа
жасалған, қасыңда балшық илейтін алаңша бар. Әдетте, шеберханаларда екі пеш
болған, оның қыста жұмыс істелетіні — үйдің ішіне, жазғысы аулада
орналасқан. Пештердің осылайша жазғы және қысқы болып бөлінуі Отырардың ірі
шеберханаларынан байқалды. Соңғы орта ғасырлардан жаңа заманға дейінгі
уақыт бойындағы қыш-құмыра құрал-саймандарының жиынтығы ұқсас. Бұлар —
ыдыстың жиектерін тегістеуге арналған саз қырғыш (Отырарда сүйек қалақшалар
кездестірілді), пышақ, көлемі әр түрлі, саңыраукұлақ сияқты төстер, құйма
балқытуға арналған бөшке сияқты тас ыдыстар, глазурь ұнтақтауға арналған
келсаптар.
Отырардың ірі шеберханаларының қожайындарында бір немесе екі шәкірті
және қосалқы жұмысшылары болған. XVI ғасырда Самарқандағы қолөнер
шеберханасында шебер — устад, шәкірт — шагирд және жұмысшы — коргар
жұмыс істегені мәлім. Шеберге кіші шеберлер — халпа, шарик, үйрену
мерзімін аяқтаған, дербес жұмыс істеуден тәжірибесі бар шәкірт — зиризаст
бағынған. Осыған байланысты XVII ғасырдағы қыш-құмырашылар махалласының
шеберханаларында Отырар үйлерінін тұрғын үй кешендеріне ұксас тандырлы
бөлмелердін болуы назар аудартады. Бұлар-да, тікелей шеберханалардың
әздерінде шәкірттер мен кіші шеберлер тұрған болуы мүмкін.
Л махалласыңдағы ірі шеберхананың үш қожайыны болуы ықтимал. Сірә,
олар бірлесіп иеленген болса керек. Солармен бірге кем дегенде екі отбасы
екі шеберхананы иеленген. Тегінде бұл қала махалласының қолөнерге
мамандануы байқалатын жағдай және қалада әрбір махалла белгілі бір
қолөнермен айналысқан деген жорамал факт күшіне ие болып келе жатса керек.
Бірақ махаллалардың бұлайша сәйкес келуі мен оның мамандануы — XVII
ғасырдағы Отырарда бірен-саран жағдай. Қыш-құмыра қолөнерінің шоғырлануымен
қатар, қыш-құмырашылардың қаланың басқа махаллаларында коныстанғаны
байқалды.
Қыш-құмырашылар махалласында қоленершілер тегінде, сақталып қалған цех
жарғылары бойынша белгілі рисольдар сияқты цехтарға біріккен болса керек.
Этнографтардың мағлұматтарына қарағанда, қолөнершілері өздерін ұлпагар
деп атаған, бұл — кәсіп бойынша серіктестік деген сөз.
Цех жиналысында сайланған калантар цех басшысы деп саналған.
Ферғанада цех басшысы бобо және ақсақал деп аталган. Самарқанда да нақ
сондай терминдер қолданылған. Бір қызықтысы, Түркістандағы қазба жұмыстары
кезінде XIX ғасырдағы қабаттан бір жағдайда Жүніс деген шебердің есімі,
екіншісінде — оның есімі мен кулоли калон — аға құмырашы деген атағы
жазылған қалып түсірілген көзелердің қалдықтары табылды. Хорезм
қалантарларының, Ферғана боболары мен ақсақалдарының болғаны сияқты
Жүніс шебер, тегінде, Түркістандағы бір цехтың басшысы болуы ықтимал.
Әдетте қалантар қыш-құмырашылардың жоғары тобынан ұсынылған. Мысалы,
Хиуадағы Каттабаг қышлағының қалантары ата-бабасынан ұста, ықпалды әрі
дәулеті асқан бай Тәжі-Палуан болған. Ол шеберлердің жұмысын бақылап,
өндіріс техникасын қадағалап отырған, базарда сауда жасаған кезде қыш-
кұмырашылар қатарының ақсақалы ретінде әрекет етіп, шеберлер мен кіші
шеберлер арасындағы қатынастарды реттеген.
Цехтық кұрылыстың дәстүрлері мен ғұрыптары, орныққан рисольдар
ғасырлар бойы жасалған және Қазақстанның соңғы орта ғасырлардағы кіші-
құмырашыларында өмір сүргені даусыз. Қыш-құмырашылар махалласыңдағы бір
үйдің ішкі керінісінің байлығына қарағанда, ол цех бастығаның үйі болуы
мүмкін, ол сонымен бірге махалла басшысы да болған, өйткені үйден екі
тандыр табылды, бұл, біздің ойымызша, махалда басшыларының үйлеріне тән
болатын.
Өндірістің мамандануыда байкалады. Отырардың ірі шеберханаларында
негізгі тауарлы өнім ретіңде белгілі бір сипаттағы бұйымдар — су таситын
құмыралар, екі тұтқалы құмыралар мен көзелер өндірілген. Аулаларында
кішкене пеші бар шағын шеберханалар мамандандырылған сипатта болды. Олар
ұсақ және құймалы емес ыдыстар: кесе сияқты тостағандар мен кеселер,
табақшалар шығарған.
Сонымен, алдын және дамыған орта ғасырлар кезеңімен салыстырған-да,
қалалық шеберлер - қыш-құмырашылардың мамандану сарыны жаңа заманға
жақындаған сайын үдемелі сипат алғанын атап өтуге болады. Бұл кұбылысты
Орта Азиядағы қыш-құмыра кәсіпшілігінің сипатына жасалған этнографиялық
қадағалаулар да растайды. Бір қыш-құмырашылар ыдыс-аяқ, екіншілері су
құбырларын, үшіншілері тандырлар жасаған. Өз кезегінде, ыдыс-аяқ
дайындайтын қыш-құмырашылар құйма керамика және ұршықшада айналдырып
керамика жасаушыларға, сондай-ақ көлемі үлкендерін жасауға маманданған қыш-
құмырашыларға бөлінген.
Жер-жерде кұймалы емес және құйма ыдыстар кәсіпшілігіне мамандану;
құйма керамика дайындау ісіне мамандану байқалды.
Ортағасырлық қалада қолөнершілер мен саудагерлер арасында айқын межелену
болмағаны, олардың көпшілігі өз бұйымдарын шеберханадан өздері сатып
отырғаны мәлім. Кейінгі уақытта Хорезмде тауарлы өнімді өндірілген жерінде
және базарда ішінара сату байқалды. Өнімді алыпсатарлар арқылы да сатуға
болатын еді. Отырардың қыш-кұмырашылар махалласында мекен-деген шеберлер
тауарды тікелей өндірілген жерінде, үлкен көше жаққа шығарылған
дүңгіршектер арқылы сата алатын болған.
Сонымен, соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан қаласында қыш-құмыра
қолөнері Орта Азия—Қазақстан аймағының керамика кәсіпшілігінің жалпы
арнасында дамыған деуге болады. Егер де алдындағы кезде қыш-құмыра
қолөнерінің ішкі ұйымдастырылуы көп жағынан болжамға сүйеніп, ал оның
мамандандырылуы еңді ғана байқалған болса, XIII ғасырдың екінші жартысы -
XV ғасырда, әсіресе XVI - XVII ғасырларда, қазба жұмыстарының
материалдарына қарағанда, серіктестік, цехтық ұйым ұғымдарын қолдануға
болады.
Шеберлердің керамика өнімдерінің белгілі бір түрлерін дайындау
жөнінде мамандануы байқалады.

Керамика.

Қыш-құмыра шеберханаларының өнім түрлерінің, оның нұска-ларының мейлінше
алуан түрлі болуымен, құйылу түсімен, әшекейлену бояуларымен және
элементтерімен ерекшеленген.
Мәселен, XV ғасырдың екінші жартысы — XVI ғасырдағы керамика бүйірі
сопақша және мойыны аласа, тік немесе аздап кеңейе түсетін көзелер мен
кішкене көзелер болып келеді. Мойнының ернеуі мен негізі көбінесе терең
ойылған каннелюрлермен кескінделген. Су таситын құмыралар стандартты түрде
— олардың бүйірі сопақша ұзын, мойыны цилиндр тәрізді болып келеді. Тұзақ
тәрізді жалпақ тұтқалары ернеуі мен бүйірінің жоғарғы бәлігіне бекітілген.
Ең көп кездесетін топ — кұмыра тәрізді ыдыстар.
Құйма керамика ашық түспен ангобтап тегістеліп, үстінен сақарлы және
қорғасынды глазурьмен қапталған. Түссіз (кейде күңгірт түсті) және көгілдір
түспен боялған кұймалар кездеседі, ақсары, аздап жасыл, көкшіл және қою-
жасыл түсті құймалар неғұрлым сирек кезедеседі. ХҮ ғасырдың екінші
жартысында қорғасын құймалармен қатар натрийі басым сілтілі құймалар
кеңінен таралады.
XVI—XVII ғасырдың бірінші жартысыңда қыш-құмыра кәсіпшілігінің
технологиясында кейбір өзгерістер болды. Сілтілі құймалар глазурьдың
жетекші үлгісіне айналады. Өрнек салғанда кобальттің тотығы, марганецтің,
натрийдің калийдің, мырыштың, глиноземнің тотықтары бояу ретінде
қолданылады. Мыс тотығы пайдаланылады және хромның, никельдің, сүрменің
тотықтары мүлде жойылып кетеді. Боялмаған құймалы бұйымдар екі түсті және
бір түсті әшекеймен өрнектелген.
Екі түсті әшекейлі ыдыстардан, негізінен, биік тостағандар, кеселер,
табақтар кездеседі. Қыш-кұмыра тәрізді ыдыстар мен тагор үлгісіңдегі қалың
қабырғалы ірі бұйымдар да ұшырасты. Ыдыстар ашық түсті ангоб үстінен
глазурьмен қапталып, әшекеймен өрнектелген, онда марганец (түрлі сипаттағы,
кейде ақшыл көк-қараға дейін) пен көгілдір; марганец пен көкшілтім, кобальт
пен ақшыл көк-қара; қою-жасыл және көкшіл түстер ұштастырылып отырады.
Негізгі сурет марганецпен немесе кобальтпен орындалған; көкшілтім және
көгілдір бояулармен оның нобайы ғана салынған. Нақ сол түстермен дербес
мәні жоқ түзу немесе ирек сызықтар жүргізілген.
Әдетте, екі беті әшекейленген, бірақ олардың бір жағына баса көңіл
бөлінген. Композицияда әшекей екі-үш жерге шоғырландырылған. Шағын
тостағандарда негізгі өрнек түп жағында орналаскан, ал өрнеуін бойлата
енсіз жиек жүргізіледі. Орталық статикалық композиция басым. Оның
негізіне шеңбер, сопақ немесе шиыршык алынып, иректелген сызықтар немесе
ирек тер тарап жатады, олар түбін түгел толықтолтырып тұрады.
Кейде орталық шеңберден төрт сәулелі білік тартылып, олардың
аралығына стильдендірілген гүлдер мен жапырактар салынған.
Сирек болса да түп жағы ішінен бүйірінің ортасына дейін өрнектелген.
Бұл жағдайда шеңбер немесе сопақша етіп сызылған ортасынан жеке-жеке
орналастырылған өсімдік бейнелері тарап жатады. Түп жағында өзге де
композиция — тік композиция да кездеседі, бұл орайда өрнектің жоғарғы
және төменгі жақтары болады. Жалпақ түбіне (кейде иілген жақтары бар алты
бұрыш қосып салынған) лала гүл үлгісіндегі бір шоқ немесе бір тал гүл
орналастырылып, сақинаның айналасынан ұсақ шиыршықтармен көмкерілген. Сырт
жағының әшекейлері кейде тура түбіне дейін әр түрлі композициядағы орталық
бейнеулер етіп орналастырылған.
Бұлар — еркін шашырап жатқан шиыршықтармен қоршалып, алмасып отыратын,
стильдендірілген жапырақты бұтақтар; әдіптелген картуш бетінде бөлек-бөлек
жатқан шырша бұтақтары; үстіңгі және төменгі жақтарынан бейнесіз
геометриялық мүсіндермен толықтырылған сопақшалар тізбегі; жұлдызшалармен
толтырылған бағандар; ұсақ өсімдік шиыршықталып оралған үлкен сопақша
жемістер. Бұл композициялар кейде геометриялық мүсіндер немесе орамдар
белдеулерімен шектеледі.
Кобальтпен, марганецпен, көгілдір бояумен бір түсті әшекейленген,
негізінен алғанда, түрі де, өрнектелуі де ыдыстардың жоғарыда суреттелген
тобы сияқты ыдыстар. Мұнда да өрнектің статикалық және тік композициясы
басым. Тостағандардың сыртқы беті ромб тәрізді ұялар құрайтын сызықтары бар
белдеулермен безендіріледі.
Тагор түріндегі ыдыста екі беті де тегістелген ақ түс үстінен мөлдір
глазурьмен қапталған. Ішкі жағы түгел әшекейленген. Өрнек композициясыңда
түбі мен бүйірі бөліп көрсетілген. Орталық етіп орналастырылған әшекейлер
бір-бірінен түзу жолақтармен бөлінген.
Көгілдір, көкшілтім, ақ сары және қою-жасыл құймалы қыш-құмыра
бұйымдарынан тостағандар, шыныаяқтар, табақшалар, тагорлар, құмыралар және
құмыра тәрізді ыдыстар бар. Әшекейсіз ыдыстарда да көгілдір глазурь
кездеседі, бірақ көбінесе ол қара бояумен және марганецпен әшекейлегенде
ұштастырыла пайдаланылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының қолөнерінің даму жолы
Сәндік қолданбалы өнер
Ою-өрнектер
Өндірісті ұйымдастыру типтері
Ұлттық тамақтар мейрамханасы
Көркемдік өлшемінің бір бағыты - композициялық өлшем бірліктері
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда халықтық қолданбалы өнердің мүмкіндіктерін пайдаланудың жолдары
ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ШЕБЕРІ С.А. ТӨЛЕНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеу. Оқушылардың шығармашылық кабілетін арттыру–технология пәнінің міндеті
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
Пәндер