Түркішілдік пен кемализмге қарсы күресу


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Еңбекші қазақ» газетінің 9 наурыз күнгі санында партия ұлттық саясатының қазіргі жағдайы айтыла келіп: «соңғы жылдары партияның ұлттық саясатында ұлы орыстық және жергілікті үлтшылдық ағымдары күшейіп отыр», -делінеді. Осы газеттің материалдарына қарағанда, «кейбір жерлерде партия ұйымдарының әлсіздігі (!) салдарынан үлы орыс ұлтшылдығы ашықтан-ашық бой көрсетіп, жұмысшы, шаруалар және студент жастар арасында ұлттық алауыздық-тар күшейе бастаған көрінеді . . . » Осыған дәлел ретінде «Еңбекші қазақ» Түркістан-Сібір (Түрксіб) темір жолында

істеп жүрген түркістандық жұмысшылардың жағдайынан фактілер келтіреді.

Үштөбе стансасы маңайында істейтін жұмысшылар арасында казақ жұмысшылары небәрі 34-ақ адам. Олардың тұрмысы орыс жұмысшыларына қарағанда жантүршігерлік. Стансаның бастығы Чернышев деген орыс большевигінің аузынан «қазаққа берген ақша арам» деген сөз түспейтін еді. Оның бұл сөзі осындағы басқа орыстарға майдай жағады.

Қыстың қақаған аязында түркістандық жұмысшылар-дың жылы киімдерін тартып алып, орыстарға әперген. Жа-лынып-жалпайып киімін сұрағандарды ұрып-соғып, таякқа жыққан. Осылардың бәрін бір-бірлеп баяндай келе, «Енбекші қазақ» материалдарының бас жағына «Лениннің ұлттық саясатын бұрмалатпаймыз» деп жазып қойыпты. Түркістанда Лениннің ұлттық саясаты емес, Түркістанның ұлттық саясаты жүзеге асырылғанда бауырларымыздың киімі де жылы, тістері де бүтін болар еді. Олар айуанша емес, адамша өмір сүрер еді.

«Яш Түркістанның» осы санында Мәскеудің өзі тәрбие-леп өсірген түркістаңдық үш атақты коммунистің бірлесіп қол крйған мақаласын оқырмандарымыз назарына ұсынып отырмыз. Бұл мақалада күн-күн сайын тамыры шіріп, өзегі опырылып бара жатқан орыс большевиктік билігінің идео-логия майданындағы соңғы тартыстары көрінеді. Зия Сағит, Төреқүл және Камал Әлилер жазып жариялаған бүл мақала Мәскеу большевиктерінің Түркістандағы саясатының бет-бейнесін басқаларға қарағанда анағұрлым анығырақ көрсетеді. Сол себепті біз осы үш адамның материалына ар-найы тоқталғанды жөн көрдік.

Мәскеудің Түркістандағы үлттық саясатының мәні қандай екенін оқырмандарымыз өте жақсы біледі. Ол -атамекеніміз халқының ұлттық сана сезімін тұншықтырып, оның қандай да бір көріністеріне жол бермеу, түрікшіл-діктің белгілерін түбірімен құрту болып табылады. Сайып келгенде, Түркістан түріктерінің ұлттық рухына, түрікшілдік қасиеттеріне қарсы рақымсыз күрес жүргізу -орыс большевизмі мен кеңестік Ресейдің Түркістандағы

ұлттық саясаты қамтып отырған басты мазмұндар, міне, осындай.

Мәскеудің түрікшілдікке қарсы жүргізіп келе жатқан күресі бізге жақсы таныс. Талай жылдардан бері төңкерісшілдігімен танылып, төңкеріс туын көтеріп келе жатқан «қызыл қалам» бірлестігі де, «түрікшілдікпен улан-ған» делініп күмәнді күйге душар болды. Мәскеудегі ағала-рының көңілін табамын деп қанша күшенгеніне қарамастан, бәрібір оларды қанағаттандыра алмады. «Қызыл қалам» жа-былып, оның орнына бағдарламасы мен платформасы әлі айқындалмаған «Өзбекстан пролетар жазушыларының бірлестігі» күрылды.

«Қызыл қаламшылар» кеңестердің «жәннатынан» қуылып, қараңғы зындандарға қамап тасталды. Олардың ор-нына қолынан жазу келмейтін, сауатсыз пролетариат әдебиетшілері отырды.

«Қызыл қаламшылардың» органы «Еленге» журналы жабылып, оның орнына «Қ9рылыс» атты жана журнал шыға бастады. Енді, міне, бұл басылымның беттері осы сауатсыз пролетариат әдебиетшілерінің шатпақтарымен толтырыла-тын болады.

«Еленгеден» соң кезек көп жылдардан бері «төңкерістің ту ұстаушыларының бірінен» саналып келген «Жер жүзі» журналына келді. Бұл журналдың айыбы - бұдан 6 жыл бұрын өзінің жасөспірім қызу қанды төңкерісшіл шағында шыққан сандарының бірінде Түркиядағы кемалшылдық ағымына түсініктеме берген және «Кемалшыл Түркияға» достық пейіл көрсеткен бір мақаланы басып жібергендігі көрінеді. 1925 жылы жарияланып, көп адамдар әлдеқашан ұмытып үлгерген осы материалды большевиктер 6 жылдан соң архивтен қазып алып, автордың алдына тартты. Автор осы мақаласында «Түркия жоғары ұлттық мәжілісі үстінде желбіреп тұрған ай-жұлдызды қызыл байрақты» суреттеп мадақтайды. «Түркия жоғарғы ұлттық мәжілісін Түркия халқына өкілдік ететін нағыз ұлттық орган» деп атап көрсетеді. «Жер жүзінің» авторы күллі түрік дүниесі құрметтейтін әдеби қайраткер Хамидолла Сабихы бек ха-қында жаңа Түркияның саяси және жетекші жазушысы де-ген сөздер қолданылыпты. Сонымен бірге журнал Юнус Нади, Яқуб Қадриларға да симпатия көрсеткен.

«Жер жүзі» тағы тәуелсіздік жолыңдағы күрестерде қолы-на қару алып, түрік армиясы қатарында түрік жұртының жау-ларына қарсы күрескен және «Жаңа Тұран», «Әкеден қалған мұра» қатарлы романдарымен түрік әдебиетін көріктендіре түскен Халида ханым хақында да үнсіз қала алмаған.

Осылардың бәрі бұдан 6 жыл бұрын болып өткен әңгі-мелер. Егер Кеңес дипломатиясына сенетін болсақ, онда осы уақыт аралығында Кеңестер мен Түркия республикасы арасындағы достық қатынастың нығая түскені жайында сөйленуі керек еді. Осы кезеңде «Кемалшыл Түркияны» мақтап-марапаттауға келгенде Литвинов, Чичерин, Кара-хандар сөз бата алмай қалғанына бәріміз куәміз. Олай бол-са, осы орайда Зия Сағит, Жорақұл және Камал Әлилер тәрізді коммунист бөлтіріктер Мәскеу дипломатиясының Түркияға деген әлгі достық ілтипатын Түркістан түріктеріне тым қарапайым түрде білдіргеннің өзінде не үшін жазықты болады деген бір сауал өз-өзінен туады.

Бұл сауалдың жауабы қиын емес. Болыпевиктердің дип-ломатиялық ойындары Түркістан түріктерінің Түркиядағы өз туыстарына қарай табиғи ұмтылысын күшейте түсугеқызмет етпеуі тиіс.

Кеңес үкіметі Түркиямен достық келісімдер жасады. Сөйте түра сол Кеңес үкіметі Түркия түріктерін Түркістанға аяқ бастырмайды. Литвинов Мәскеуде отырып Түркиямен достық сезімдерінің адалдығын айтып тауыса алмайды. Тағы сол Мәскеуден Сталин Түркістан мектептерінен түркиялық мұғалімдерді қуалауға және Түркияда қолданылған оқулық-тарға сарындас мазмұнда жазылған оқулықтарды жоюға жарлықтүсіреді.

Түркішілдік пен кемализмге қарсы күресу - боль-шевик-теоретиктердің ең сүйікті кәсібі. «Кемал - Түркия-дағы қара күштердің басты өкілі», «Кемал - Түркиядағы оз-быр күштердің өкілі». Міне, бұлар Мәскеу басылымы «Төңкерісшіл Шығыс» журналы беттерінен түспейтін ең сүйікті сөздері болып отыр.

Түркістандық большевиктер де Мәскеудегілердің жо-лын қуа бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби байланыс: Х.Оралтай және Қ.Шабданұлы шығармалары
Әлем таныған тұлға – Мұстафа Шоқай
М.Шоқай—түрік әлемінің ХХ ғасырдағы демократиялық қозғалысының негізін салушысы
Қазан төңкерісі қарсаңында Оңтүстік Қазақстандағы саяси - қоғамдық ұйымдар
Қазан төңкерісі қарсаңында Оңтүстік Қазақстандағы саяси-қоғамдық ұйымдарын зерттеу
«ТҰРАН» ГЕОСАЯСИ БАҒЫТЫ: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ
Мұстафа Шоқайұлы-тарихи тұлғалығын зерттеу
Алаштықтардың мақсаты - қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру
Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы
Міржақып Дулатұлының өмірлік ұстанымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz