Ақынның өмірі мен шығармашылық өсу жолдары


МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ (1893-1938)
Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі. (М. Әуезов. )
Ақынның өмірі мен шығармашылық өсу жолдары.
Мағжан - қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі өрі бірегейі. Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кетті.
Жарты ғасырдан аса оның есімін де, шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышты.
Мағжанның туып өскен жері - Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Булаев ауданы. Әкесі Бекен - көзі аіпық, өжет, қайратты, пара-сатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап, өз балалары мен басқа да ауыл балала-рының оқуына қамқорлық жасайды. Бұл мектепте патша өскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген. Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті дана-лары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз, Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.
Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді. Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиет-терге ден қояды. Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.
Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.
Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы « Ғалия» медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді. Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған.
Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген - ұстазы Ғалымжан Ибрагимов. Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай жалғастыруына да ақыл-кеңес береді. Өзінің «Қазақ қызы» романына Мағжанның:
Кең дала - көресің ғой - ана жатқан,
Жібектей жасыл шөптер бетін жапкан.
Асқар тау, балдан тәтті сулары бар -
Әне, сол анам еді мені тапқан, -
деген бір шумак өлеңін эпиграф етіп алады.
Мағжан орыс һәм Еуропа мәдениетінен сусындамақ болып, Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі. Осы оқу орнында ол Сәкен Сейфуллинмен алғаш танысады. Мағжан семинарияны алтын медальмен бітіреді.
Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген. Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горький, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған.
Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып отырады. Мерзімді баспасөз беттерінде өлеңдері мен мақалалары жиі жарық көреді. Бірнеше өлең жинақтары да шығады.
Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел-жұртының тағдырына бағышталған.
Мағжан тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түрік жұртының мүдде-мақсатына ортақтас болған. Ақынның осындай еліне, халқына, бүкіл түрік нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігін тоталитаризм заманы айыптап, оған ұлтшыл, түрікшіл деген таңба тағып, талай қуғын-сүргінге ұшыратқан, абақтыға да жапқан, айдауда да болған, көрмеген мехнаты болмаған, ақыры, ақынды азаппен өлтірген.
Мағжан - ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін . . . Мағжан культурасы зор ақын . . . Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда, бұл бар заманның шегінен асқандай . . . бүгінгі күннің бар жазушының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын дөп басып айтқан.
Мағжан - лирик ақын, сыршыл ақын. Ақын поэзиясының ең қомақты жағы осы лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жан тербетеді, адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар-адамгершілік, шынайы махаббат, т. б.
Мағжан - эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған.
«Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген суымас перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген.
Еліміздің, жеріміздің бүтіндігі жолында жанын пида еткен халқының кемеңгер ел басшысы, « . . . желекті найза қолға алып, желкілдетіп ту ұстап» жауға атой берер ер жүрек батырлары, ақылгөй, данагөй, ақын бабаларымыз бен аты шулы батырларымызды жыр арқауына енгізіп, асқан ілтипатпен бейнелеген.
Халқымыздың сондай ер жүрек перзенттерінің бірі - батыр Баян. «Батыр Баян» поэмасы «алашым» деп еңіреп, «майданда жолбарыстай» ерлік көрсеткен осы аруақты көкжал батырға арналған.
Баян Абылай ханның талай қанды шайқастарда ересен ерлік көрсеткен сүйікті батыры, қалың жауға қаймықпай барар жолбарыс еді. Поэмада ханның оған деген ілтипаты нақтылы айшықталған.
Дастанда батыр Баян ерен ерлігімен ғана емес, жан тазалығымен, ізгілігімен көрінген. Оның сол адамгершілік, азаматтық қасиеті інісі Ноян мен қалмақ қызының еліне де, өзіне де жасаған опасыздығы үстінде ашылады. Екі жастың бұл қылықтары біріне аға, біріне көке болған батырдың намысына қатты тиеді. Ақын батырдың сондағы жан арпалысын былайша суреттейді:
Өлді ақыл, атып тұрып батыр Баян,
Боз үйден оқ жыландай шыға келді.
Батырды ақылынан адастырған не? Ол, біріншіден, батырдың қалмақ қызына деген өрттей махаббаты:
Сол сұлу, сұлу екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай,
Лебізі, жібек лебі, жұмақ желі
Кәусардан татқан адам қалар қанбай.
Осы періштедей сұлу қызға батыр қалайша ынтық болмасын. Екіншіден, ең бастысы, туған інісі Ноянның қалмақ қызының арбауына түсіп, ел намысын, Алаш намысын таптап кеткені.
Құл болып бір қыз үшін болдырғаны,
Алашқа бұдан да ауыр шер болар ма?
Поэманың екінші тарауы Баянның ерлік қылықтарына арналған. Дастандағы батыр Баянның қанды шайқастағы көзсіз ерліктерін бейнелеген тұстары оқушыны толғандырмай тұрмайды, бейтарап қалдырмайды. Ақынның батыл қимылдары мен жан әлеміндегі арпалыстары суреттелген жерлерде сөз маржандары буырқана, бұлқына төгіледі. Айқас сөзге, сөз айқасқа айналғандай, асқан ерліктің тұтас бітімін тұрғызғандай, қайғы-қасірет күйін сөз өрнегімен шыңына жеткізгендей. Баян соңғы демі біткенше, жалғыз өзі шабысады.
Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен,
Аузынан көбік болып бұрқырап қан.
Оң-солға алдаспанды сілтегенде
Бұлақтай қалмақ қанын бұрқыратқан.
Есіл ер жаумен бітімсіз шайқаста дүние салады. Жау масайрайды. Мейірімсіз қанішерлер батырдың өлігін де қорлайды. Жау мейірімі түспесе де, табиғат - ана өзінің асыл перзентін жас төге ыстық құшағына алады.
... жалғасыАлаштың ардагері батыр Баян,
Бір қиырда қала берді топырақ қауып,
Жаудан да мейірімді боп жылады жел,
Күңіренді ер денесін кұммен жауып, -
деп, табиғатты да батыр қазасына ортақтастырып бейнелейді. Ақын поэманы:
Арқаның селі, желі, шөлі, белі,
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас, -
деген жолдармен тамамдайды. «Мағжанның ақындық күші, сөзге еркіндігі, суретшілігі, - деп жазады қазақтың асқан сөз зергері Жүсіпбек Аймауытов, - «Баянда» толық көрінеді. Абай айтқан сөз патшасы «Баянда» бар. Адамдардың мінезін дұрыс келтіру, махаббатты, батырды, соғысты, өлімді суреттеуі өмірді түйе білгендігін көрсетеді. «Баян» - қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс».
Мән-мазмұны жағынан болсын, көркемдік айшықтары жағынан болсын Мағжанның келесі үлкен көркем туындысы - «Қорқыт» поэмасы.
Ақынды ұлы бабасы Қорқыт жайында поэма жазуға ынталандырған не?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz