Ахмет Байтұрсынотың ғалымдық, ақындық, қайраткерлік істері



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Азаттық үшін күрес жолында
2. Мысалмен айтқан көп ойлар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Мағжан Жұмабаев

Ол 1893 ж. Қазіргі Сол түстік Қазақстан облысы Булаев ауданы
“Молодежный” совхозында дүние келген. Алғаш – 1903 ж. дейін молдадан, кейін
Уфада Ғалияда дәріс алған 1913-1917 ж.ж Омбы мұғалімдер семинариясын, 1923-
1926 ж.ж Мәскеудің Әдеби – көркем институтын бітіреді.
Отбасы. Әкесі Бекен 1868 ж. Сасықкөлде дүниеге кедген, Анасы Гүлсім 7
ұл, екі қыз туады. Ең үлкені Мүсілім, Қаһарман, Мағжан, Мұхамеджан,
Сәлімжан, Қалижан, Сабыржан қыздары Күландай, Гүлбаһрам. Бекеннің аулына
Ахмет атты бір жігіт келіп, бұл ауылға мұғалім болып мектеп ашады. Мағжан
бұл мектепке 4 жасынан барады. Мағжанға атасы Жұмабай: “Менің атымды осы
немерем түбінде әлемге әйгілі ететін болады” деп бата берген екен. Зерек
баланы әкесі Қызылжардағы М. Бегішов ұстаздық еткен медресеге оқуға береді.
Ол онда төрт жыл оқиды. Бұдан соң 1910 ж. Медресе – Ғалияға оқуға түскен.
Мағжанның педагогика саласындағы өрісінің биіктігі, білімінің тереідігі
тәрбиені жан иесінек тиісті азық беру деп түсінгендігінде. Ол тірбиені төрт
тұрге бөледі: 1. Дене тәрбиесі; 2. Ақыл тәрбиесі; 3. Сұлулық тәрбиесі; 4.
Құқық тәрбиесі; Осы тәрбиелердің бәрін дұрыс алуы тәрбиешіден, дейді ақын.
“Бала істеген жауыздықтың жазасын, тәрбиеші көтерсін” деген Иран елінің
мәтелі “шын, дұрыс” дейді.
Оның Педагогика кітабының осы заманғы құндылығы. Педагогика
кітабында тәрбиешінің өзіне қолайлы жолы тәрбиеленушіге қолайлы болмауы
мүмкін. “Баламды өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма, деп үйрет” деген
Әзрет Әлінің сөзінде көп шындық бар, дейді.
М. Жұмабаев “ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы көп болғаны сықылды,
жамандық жағы да көп. Қысқасы, ұлт тәрбиесі қанша кадірлі болғанымен,
адастырмайтын дұрыс жол деуге бола бермейді” дейді.
Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына
лайық қып шығару керек деп армандаған.
Қазақлық тұрмыс жағдай, қалып. Мағжан Халық тәрбиесін қастерлей отырып
(бесік, рәсімдер), онда да зиянды әдеттер толып жатыр дейді. Бастыс,
тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштауға назар аударғаны дұрыс дейді.
Бесік – Баланың таза, жатуына көп себепші дей келе, оның құрлысын
жетілдру керек, дейді.
Психологиялық бағыттар. Түйсіктерді – көру, есту, иіскеу, тату, сезіну,
айыру қасиеті – бұларға ерекше назар аударады. Бұл сезімдердің сау, берік
болуына ыждағаттың керектігін айтады. Сәбидің ә дегенде есту арқылы өсе
бастайтыны айтылып, әдемілікті алғаш сөзді есту ықпалы зор, дейді.
Абай(Зейін). Бұл адамның өз ішкі және сыртқы дүниесіне бағыты, бағдары,
өлшемі, дейді.
Психологиясы. Жан туралы көзқарасы. Ол бұрынғы философтарға сүйеніп
жанның үш түрлі жағдайдағы көрінісін мысалға клтіреді. Біріншісі – жан
денеден бөлек. Екінші – жан деген дененің тірлігі дейді (материализм).
Үшінші жан көріністерінің (есту, көру, сезу, ойлау т.б.) жалпы атауы.
(Эмпиризм).
Бастапқы кезде жөбішенді білінбейтін баланың жан тұрмысы бала өскен
сайын бірте-бірте біліне бастайды. Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан
тірбиесі қатар алып бару керек. Қатар алып бару емес, бала өскен сайын
тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай беруге міндетті.
Тегінде берік ұңу керек: адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ нәрсесі де сол
жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан. Жанды дұрыс тірбие қыла білу үшін
жанның жайын баяндайтын ғылыммен таныс болу керек. - деп тұжырымдайды.
2. Жан көріністерінің дене көріністерінен айырмасы. Жан көріністері
белгілі орында иемденбейді, түсі салмағы, оңы мен солы жоқ, т.б.
3. Сыртқы дүниеде бірнеше зат, яки көріністер бір мезгілде бола береді.
Дене де солай: қан түруі, дмалу, ойлау, қозғалу т.б. Ал жан көріністері
бір уақытта бола алмайды. Мыс, біз бір уақытта екі ойлай алмаймыз.
Жан тұрмысының бірлігі. Абайдың Әуелде бір суық мұз... өлеңінің мәні.
Ақыл көріністері. Әсерлену. Құлақ нирванасы. Әсерлену күші. Иллюзия.
Үлкен адам мен бала әсерінің айырмасы. Көру әсері. Есту әсері (сезімі). Иіс
сезімі. Тату сезімі.
Абай. Ерікті бай. Еріксіз бай. Тұрақтылығы боыйнша: табанды бай,
табансыз бай. Абайдың болмауы – жанның шаршауы.
Сұлулық тәрбиесі. (Эстетика: көркемсуреті саз)
Құлық тәрбиесі. (Үйрену қадағалау)
Ес. Көру есі есті өркендету жолдары.
Мінез.
Темперамент. (тұқым қуалайды).
1) Сангвиник – сыртқы әсерлі. Жеңіл әрі тез алу, бірақ терең алмау.
Тиянақсыз адам. Істі бастап тұрып тастап кетеді.
2) Холерик – сыртқы әсерлі. Тез һәм терең алу. Бір алған әсеріне мықты
бекем. Көздеген мақсатын қадағаламай, тиянақтамай жолдан қайрылмайды.
Табанды.
3) Флегматик – әсерлі әлсіз алу һәм ішкі сезімдердің созалақ оянуы.
Бірақ түбі берік болады. Ауыр мінезді. Көрсе қызар емес. Мәселені тез
шешуге асықпайды. Іс істегенде саспайды. Бірақ бір бастысы, салпақтап
артынан қалмайды.
4) Меланхолик – адамның ішкі сезімдердің билігінде болуы. Ішкі дүниесіне
берілген меланхолик аулақты жақсы көреді, ешкіиге сенбейді. Үміттен
уайымы. Қуаныштан қайғысы көп болады. М. өзіне берілген адам, өзім
деген кісіге құл болоғандай жақын болады. Бірақ ана кісіден қарсы
мінез шығып қалса, оған қас болып кетеді. Сіркесі су көтермейді. М.
Бір бет, қыңыр, қисық болады,
Өлеңдер жинағы. 1913 ж. “Шолпан” кітабы, “Алтын хаким Абайға” өлеңі,
“Үш жүз” шығармалары жарық көрді.
Жазғы таң, Сорлы қазақ, Өнер-білім қайта табылар, Қазағым т.б.
– надандық түйрейді, өнер білімге шақырады.
М.Жұмабаев қазақилық тұрмыс, жағдай, қалыптарды қастерлей отырып
(бесік, рәсімдер), онда да зиянды әдептер толып жатыр дейді. Ол тәрбиенің
психологиялық бағыттарын адам тұүйсіктері арқылы ашады. Түйсіктер – көру,
есту, искеу, тату, сезіну, айыру, қасеттеріне ерекше назар аударады.
Сәбидің ә дегенде есту арқылы өсе бастайтынын айтып, әдемлікті алғаш рет
сүюіне есту ықпалы зор дейді.
Оның педагогиқалық көзқарастары 1913 жылы шыққан тұңғыш рет өлеңдерімен
“Шолпан” кітабында байқалды. Ол Абайды ерте таныды.
Поэмалары – “Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қорқытта” –
сүйіспеншіліктің, махабаттың адам жанын тәрбиелеудегі рөліне маңыз берген.
Ол Абай қадірін, орнын жақсы түсінді.
XIX жарқын жұлдызы Ахмет Байтұрсыновжаңа буынның төл басы, дарынды ақын,
ірі ғалым, өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте
бұқараның жүрегіне қозғау салар, ұйқысынан оятар қаруы - өлең сөз деп
түсінді. Ағартушылық жолға түсіп, қайтсем, халқыма пайдамды тигізем,
қалай көзін ашам, ұйқысынан қалай оятам деген мақсат Ахметті әдебиетке
алып келеді.
Ахмет Байтұрсынотың ғалымдық, ақындық, қайраткерлік істері өз
заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс
ғалымдары берген тарихи тұжырымдарының орны ерекше. Ақынның тарихтағы
орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық істерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін
айтқан адамның бірі – Сәкен Сейфуллин. Қалайда халықты ояту, оның санасына,
жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы
сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан
соқпақ – орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне
мойынсұнады. Бұрынғы ескі – ертегі, хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік
форма – мысал арқылы жаза бастады. Бір жағынан қызықты форма, екінші
жағынан, ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет – жақын суреттер
ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.

Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас.
Әуелі бірлік керек болса жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, -
деп, елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады. Маса кітабына
енген өлеңдерде жеке бастың мұң – шері, тұрмыс – салт суреті емес,
негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі
күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар-абыройын сатқан жақсылығы өз
басынан артылмаған, бос белбеу, бір тойғанын ар қылмаған шалдар сыналады.
Әр түрлі оқиғаларға, халықаралық жағдайға, заң, жер мәселесіне арналған
көптеген мақалалар Ахмет Байтұрсынотың көзқарас эволюциясын, тарихи
білігін, ойшылдық деңгейін, журналистік стилін көрсетіп, рухани даму
кезеңдерімізден мол хабар берді.
Ал ғалымның тілші, әдебиетші ретінде жазған мақалалары тұтас том
боларлық мол дүние. Бұлардың ішінде 1913 жылы жазылған Қазақтың бас ақыны
еңбегі оқшау, дара тұр. Абайдың тарихи миссиясы, рухани болымысымыздағы
орны, көркемдік – эстетикалық сипаттар дұрыс көрсетіліп, терең талданып,
алғаш рет қазақ оқырманының алдына тартылды.
Адам тәрбиелеудің жан – жақтылық тәсілдері, келісті кісі қалыптастырып
шығару мәселелеріне арналған ойлардың тоғысқан бір тұсы – Тәні саудың
жаны сау мақаласы.
Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген
реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды
ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып, өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш
анықтама бергені, дыбыс жүйесін, сөз жүйесін, сөйлем жұйесін қалыптастырып
шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын.
Ахмет Байтұрсыновтың күріс жолынан айнымайтын, қаншама қиыншылық
болса да, төтеп беретін күрескерлік болмысы оның өлеңдерінде анық көрінеді.
Нәзипа Құлжанова ханымға арналған өлеңінде:

Рахатсыз өтсе де өмір жасым,
Бұл жөнімнен құдайым айырмасын.
Ұзақ жолғаниет қып бір шыққан соң
Жарым жолдан қайтпасын, қарындасым, -

дейді. Бұл айтылғандар Ахметтің әлеуметтік шындықтың ақыны екенін танытады.
А. Байтұрсынов ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр. Ол орыс
ақындарын беріле мол оқыған. Ахмет Байтұрсынов 1910 жылы Орынборға жер
аударылып келгеннен кейін ағартушылық іске, ел ішіне ғылым – білім тарату
жұмысына ден қоя шұғылданады. Оның қазақ елінің жоғын жоқтап, санасына
сәуле құюға байланысты еңбектері елге тарай бастайды. Ол газет шығару
мәселесін қозғайды. Бұл іске оқыған жастар белсене кірісіп, елден қаржы
жиналады. Ол газет Қазақ деп аталады да, редакторлық міндет А.
Байтұрсыновқа тапсырылып, 1913 жылдың 2 ақпанынан шыға бастайды. Ахмет елге
жеткізсем, ұқтырсам деген көкейіндегі көптеген мәселелерді енді газет
арқылы жеткізуге мүмкіндік туады.
Өз қөлымен жазған Өмірбаяннында Ахмет Байтұрсынов былай дейді:
Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық,
морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ
алфавитін, орфаграфиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен;
үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің
синтаксистік ықпалынан тазартумен; ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза
тілін кітаби тіл арқылы халықтың жанды тілінің арасына көшіру істерімен
айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған өқулықтар және өзім редакциялаған
Қазақ газеті арқылы іске асты. Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған
істері тиянақты, жүйелі түрде айтылған.
Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау,
жүйелеу, оларға тарихи тұрғыдан баға беру тілші ғалымдардың еншісіндегі –
зор жауапкершілігі бар іс. Көп жылғы көзжұмбайдан, қиянаттан арылатын тұс
келеді. Шолу түрінде көз жүгіртіп, ат – үсті қарағанның өзінде толып жатқан
соны шындық алдыңнан шығады.
Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы
дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге
түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса,
ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің
заманымыз – жазу заманы, жазумен сөйлесу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғалым, ағартушы, тілші - Ахмет Байтұрсынов
Тұтас буынның төлбасы - Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы
Байтұрсынов қарапайым кісі емес, оқыған кісі
А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі
Ахмет Байтұрсынов өмірі туралы
Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі
А. Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі(1873-1937)
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
Пәндер