Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздардың бірі- Мағжан Жұмабаев



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мағжан Жұмабаев
(1893-1938)
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздардың бірі- Мағжан
Жұмабаев. Өмірі мен өлеңі бір кезде аңызға айналған ақынның аты соңғы жарты
ғасырдан артық уақыт бойы айтылмайтын болған. Сол себепті кейінгі буын бұл
ақынды аз біледі. Ақынның кітаптары тыйым салу салдарынан сарғайып, тозып,
жыртылып, жоғалып жатты. Ақты қара, қараны ақ деп түсіндірген зорлық-
зомбылық дәуірінің құрбаны болған ақын тағдыры аянышты.
Өзінің кім екенін, ақындық қуатын, қайраткерлік қарымын “ Мен кім?” деген
өлеңінде бір аңғартып өтеді.

Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,
Тұлпармен мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын.

Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қалдың деп тергейді?

Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына, керек
десеңіз, өмір тағдырына кәміл сенгенің байқаймыз. Мұның алдында “
арыстанмын, кім шыдар” деген жолдар бар. Осының бәрі – асып-тасудың,
астамдықтың белгісі емес, асылдықтың, жайдың жасылындай өткірліктің жөні.
Ақын сөзі ащы шындықтың айнасы болып отырған. Өзі оны түсінген де, білген
де. Асыл сөздерінің қадырменді иесі – зерделі оқушылар екенің кәміл ұққан.
Ол парасат қайнары, мейірбан жүректі туған елі еді. Мағжан ақын бар өмірін,
білгенің сол туған халқына, еліне арнаған да, сарнаған да. “Жан сөзі” деген
әйгілі өлеңінде (1920):

Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған:
Болғайсын, сыншы болсаң, әділ сыншы,
Кінәні жүрекке қой , қойма маған,-
Деуінің де төркіні сонда.
Мағжан - өз тегін де, өз жерін де мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық
орнын ақтауға ұмтылған, өлең сөздің асыл маржанын төгілткен, сұлу жарымен
оқырманын егілткен, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп,
ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы
перзенті. “Мен өлмеймін, менікі де өлмейді” дегенде, қауіп-қатер жоқ
дегені емес, бірақ ақырында қылша мойын талша қиылатынын біліп пе? Жалпы
алып қарағанда, “мен өлмеймін” деген сөздерде терең шындық та жатыр. 60
жылдан аса уақыт бойы үстемдік құрған қоғам ақын үнін шағармай, тұмшалап
келсе де, енді естіліп, ақыры жалғастық тауып отырғаны шындық. Ақын өлеңі
мен дана сөзі өлмек емес. Ақын өлеңі мен дана сөзі өлмек емес. Ақын көзін
алсатап, өлеңін жауап жоқ қылған әкімшілік дәуір үстімізден енді ғана ауап
барады. Қазақстанның тәуелсіз ел болып қайта құрылуы әрбір жеке адамның бас
бостандығын қамтамасыз етпек.

Ақынның тағдыры.

Мағжан Жұмабаев өлеңдерін бастыру, оқу Кеңес дәуірінде мүмкін болмады.
Енді жарты ғасырдан аса уақыт өткенде ғана, аты аңызға айналған ақынның
шығармалары халқына қайта оралды.
Дүлей қара күш ақыл-парасатты ауыздықтап, шідерлегенін, ата-баба жолын
ұмыттырып, тексіздікке сүйрегенін кешегі тарихтан білеміз. Бүгіндері
өткендегі орасан қателерді жөндеп, рухани байлықты халықтың өз иегіліне
қайтаруға мүмкіндік туып отыр.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі
Полуденовский болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы,
“Молдёжный” совхозы ) дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен хат
танып, сауат ашады, ал 1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавл) медресеге
оқуға түседі, бұл медресені араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген,
Стамбұлда оқып, дәріс алған, ауқатты әулеттен шыққан жергілікті интеллигент
Мұқамеджан Бегішев ашқан. Ол өзі Шығыс ғалықтарының тарихы жөнінде де сабақ
берген. Мағжан Жұмабаев бұл медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.
Бірақ, бұл оқумен қанағаттанбаған, ол, яғни болашақ ақын, 1910 жылы күзде
өзінің ауылдасы, талапкер жазушы Бекмұқамбет Серкебаевпен Медресе – Ғалияға
түсу үшін Уфаға сапар шегеді. Медресе өзінің дәрежесі жағынан алғанда
жоғары оқу орнымен бара-бар болған. Мағжан сол медреседе сабақ беретін
ұстаз, белгілі татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен , медресенің жетекшісі
Сәлімгерей Жантуринмен, жерлесі , болашақ көрнекті жазушы Бейімбет
Майлинмен танысады.
Болашақ ақын талантын таныған Ғалымжан Ибрагимов (көпшілікке таныс “Қазақ
қызы” романының авторы ) оған білімін әрі қарай көтере түсу керектігін
айтып, ақыл-кеңес береді. Осыдан соң Мағжан Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер
семинариясына түсіп, сол қалада орын тепкен. 1912 ж. Қазан қаласында
Шолпан атты тұңғыш жинағы басылып шығады, оған Ғалымжан Ибрагимов көп
жәрдем еткен.
Өлеңдер жинағы өзінің соны сезімдегі лирикаларымен, қазақ поезиясындағы
жаңа өрнегімен көзге түседі. 1909 ж. Питербургте жарық көрген Абай жинағы
бұл кезде көпшілікке мәлім етті. Мағжан да, әрине оны оқыған. Семинарияда
Мағжан Жұмабаев болашақ күрескер ақын Сәкен Сейфулинмен танысады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Мағжан Жұмабаев көпшілік қауым
мойындаған, қалыптасқан ақын болып танылады. Оның жырлары қазақ даласын
шарлап кетеді. Жан сөзі атты атақты өлеңінде ақын өзінің Медресе –
Ғалиядан кетуіне үзілді-кесілді қарсы болған әкесі Бекенмен арадағы
салқындықты және жергілікті даушарға қатысқысы келмеген жайын, өзінің сол
тұстағы қауымға наразылығын зарлай жырлайды. 1919 ж. Ақын екі бірдей
қасіретке душар болды; тағдыр қосқан қосағы толғақ үстіне қайтыс болса,
азамат соғысы уақытына орай есімін Граждан қойған перзенті бір жылдан соң
олда да үзіледі. Осының бәрі ақын жүрегіне зіл батпан ауыртпалық түсіріп,
із қалдырады. Мені де, өлім, әлдиле өлеңі осы сәттерде туған.
1912-1914 жылдары Мағжан Жұмабаев Қазақ газетінің редакторы,
түркітанушы, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновтан және
Шығыс мәдениетімен де, Батыс мәдениетімен де жан-жақты, терең қаруланған,
аса дарын иесі Міржақып Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір
қырына көтеріледі. Мағжанға еуропалық білім алуға, орыс тілін үйреніп
мәдениетінен қанығуға олар көп себін тигізген.
1916 ж. Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер дайындайтын семинариясын
ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында Алаш партиясын
құруға қатысып, чех көтерілісін бастан кешеді; кейін Ақмола губерниялық
Бостандық туы газетінде істейді.
Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында Мағжан Жұмабаев Ташкентте
шығармашылық өнімді еңбекпен шұғылданады. Сонда шығатын Шолпан, Сана
журналдарында, Ақжол газетінде қызмет атқарып, біраз дүниелерін жарыққа
шығарады. Дәл осы кезде қалың қауымға таныс поэмасы Батыр баянды жазды.
1923-1927 жылдары Мағжан Жұмабаев Мәскеуде Жоғары әдебиет–көркемөнер
институтында оқыды. Ол кезде институтты В.Брюсов басқаратын еді. Бұл
жылдары ол орыс әдебиетін, батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, оқиды.
Орыс мәдениеті қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-
қатынаста болады.
1929 ж. Мағжан Жұмабаев Алқа атты жасырын ұйым құрды деген
айыптаулармен он жылға сотталады. Шын мәнісінде бұл Сибревком жанындағы
Қазақ АССР өкілінің келісімімен құрылған, көпшілік қауымға белгілі,
отырықшылыққа айналдыру жөніндегі ресми түрде рұқсат етілген ұйым еді.
Өкініші сол, 1929 жылдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, 1920 - 1940 жылдар Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі
Бернияз Күлеевтің ақындық әлемі
Түрік-қазақ әдеби байланыстары
«Қазақ» газетінің шығу тарихы мен зерттелуі
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай мен оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Мағжан Жұмабаевтың еңбектері
Қазақ баспасөзінің пайда болу тарихы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
Пәндер