Мағжан Жұмабаевтың поэмалары



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың поэмалары

Жоспар

1. М. Жұмабаевтың әрқилы тақырыпта жазған поэмалары
2. М. Жұмабаевтың поэма жазудағы шеберлігі

Пайдаланған әдебиеттер

1. М. Жұмабаевтың әрқилы тақырыпта жазған поэмалары

Мағжан Жұмабаев әрқилы тақырыпта көлемді поэмалар жазу саласында аса
өнімді еңбек еткен ақын. Оның белгілі поэмалары Қорқыт, Толғау,
Оқжетпестің қиясында, Жүсіпхан, Тоқсанның тобы, Ертегі, Батыр
баян сияқты бірнеше поэмалары бар. Бұлардың тақырыптары әртүрлі, көркемдік
деңгейлері әркелкі болғанымен қазақ поэзасында өзіндік орны бар дүниелер.
Мұның ішіндегі көркемдігі келіскен терең мағыналы шығармаларының
бірі - "Қорқыт".
Қорқыт поэмасы - қазақ ауыз әдебиетіндегі белгілі аңыздық кейіпкер
- Қорқыт турасындағы туынды. Бұл поэмада әлемдік әдебиеттегі қаһармандық
ұлы тұлғалардың бірі, ұлы мақсат арқалап, адамзатты өлімнен арашалауға
ұмтылған, өлімнен қашып, ажалмен күрескен Қорқыт бейнесін сомдай отыра,
ақын Қорқыт образын өз рухымен ұштастыра береді. Поэманың соңындағы мына
жолдар осының айғағы.
Енді менің жолдасым - жалғыз қобыз,
Сарна қобыз, мұң-зарлы шығар лебіз,
Сен жыласаң, жылармын мен де бірге,
Жан жыласа жыламай қалама көз ?!
Өмірде арманым жоқ - Қорқытқа ерсем,
Корқыттай жанды жаспен жуа білсем.
Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сорлап,
Құшақтап қобызымды көрге кірсем!..
Мағжанның бұл сөздерін өмір мәнін, ондағы тартысты күрес сырын
толғаудан туған шешім деп қабылдау керек. Бұл-ақынның сол тұстағы өз
өмірінде тап болған қиындықтардың әсерінен жазылған поэма. Өлімнен қашып,
ажалмен күрескен Қорқыт - Мағжан үшін мәңгілікке символ болар; Қаһармандық
бейне, өлмес рух. Оны жырлау - өмір үшін күресті жырлау. Тағдырдың
тақсіретін көп тартқанмен ақын о аңсайды деген ой тумауы керек, ол - өмірін
күреспен өткізіп "Қорқыттай қобызыммен көрге кірсем" деген ұлы арман иесі.
Ол өлмес рухтың күйін шерткен Қорқыт қобызын ажалға қарсы күрес қарғы
көреді. Ал Мағжанның жан қобызы - оның поэзиясы, мәңгі жас, өміршең
өлеңдері. Мағжанның сыршыл лирикаларынан бастау алған бұл сарын - яғни
өмірді бейнешілдік арқылы суреттеу, өмір мұң-зары туралы ой толғау оның
"Қорқыт" поэмасында жинақталып, ең шырқау биігіне көтерілген.
Мағжанның поэманы "Қорқыт" деп атауында үлкен мән-мағына, терең сыр
жатыр. Ақынның өз поэмасына арқау етіп, аңыздағы ажалмен алысқан Қорқыт
бейнесін алу себебі біріншіден, туған әдебиеттегі озық бейнелердің болмысын
жанымен түсініп, соны өзінше жырлауды мақсат тұтқан ойдан туса, екіншіден,
жалпы түрік елінің өткенінен өзінің тынымсыз ойына тиянақ тауып, бабалар
рухына бас июді мақсат тұтқан ұрпақтың парыз көрінісі.
Мәңгілік өмір үшін күрескен Қорқыт Мағжан поэмасында аңыздық бейне
күйінде қалып қоймайды. Қазақ санасына ой мәйегі тұнып қалған дана
ойшылының, өнерлі рух ұстазына айналған күй атасының романтикалық
құлшыныстан туып, көркемдік шындықтан жаралған көркем образы жасалады.
Акынның ол туралы:
Өткен күн ертегі ғой тамаша таң,
Ойласаң өткен күнді жұбанар жан.

Байқасаң адамзатта болғанба ақын,
Қорқыттай атасынан бата алған. -
деуі осыны танытса керек. Қорқыт - жанды бейне. Рухы күшті ұлық ұстаз
ажалмен күреске саналы түрде барады. Мағжан "Қорқьтты" белгісіздігі басым
аңыздың ішінен шығып, өмірлік болмыстан туған ақиқатты тұлғаға айналады. Ол
ажалмен сенімсіз, тылсым күштер арқылы емес, ұлы өнер күшінің құдіреті,
күңіренген күйдің сазы арқылы кездеседі. Мұны ақын Қорқыттың ішкі әлемімен
астастыра бейнелеп, биік романтикалық рухтың табиғатын ашып, нанымды
суреттейді.
Мағжанды Қорқыт тақырыбы рух үндестігімен қызықтырған. Өйткені
Қорқыттың ажалмен күресі - ақынның бостандық сүйгіш, азатшыл рухымен үндес.
Мәңгілік өмір идеясы - мәңгілік еркіндік идеясының әу бастағы шамшырағы
іспетті. Қайда барса алдынан "көр" шыққан Қорқыт тәрізді тәуелсіз өмірді
аңсаған Мағжан әлемі де үнемі қайшылыққа ұрынудан көз жазбайды. "Қолмен
ұстап, көзбен көріп" сендім дегені сағымға айналып шыға келсе амал бар ма?!
Аз уақыт ішінде тәуелсіздікке қол жетті деп, екі рет алданған шерлі жүрек
қалайша күніренбесін. Ақын жаны қалай алас ұрмасын.
Ес білдім, алас ұрдым сағым қуып,
Жете алмай бетті талай жаспен жуып.
Артымда-ор, алдымда көр, өтеді өмір...
Дариға бесігімнен көрім жуық.
Көп заман жетеледі жынды жүрек,
Ойладым: "Жүрек жетер, ой не керек?!"
Тәтті у еді, сол удан неге айныдым?
Дариға үміт өлмек, жүрек сөнбек.
Қорқыт поэмасындағы автор ұсынған идея – мәңгілік күрес идеясы. Бұл
Мағжан поэзиясындағы азатшыл сарынның негізгі желі екендігінің тағы бір
дәлелі.
Мағжанның бір-біріне жалғас туған, алған тақырыбы да, айтар ойы да
ортақ екі поэмасы бар. Алғашқысы - "Оқжетпестің қиясында", соңғысы -
"Ертегі". Алдыңғысы Кенесары жайлы болса, кейінгісі оның батыр ұлы Сыздық
туралы. Екеуі де азаттық атты ұлы идеяны арқау еткен, соған бағытталған
Мағжан мейлі аңыз араластырсын, не қиял қоссын соның бір ғана нәрсені
жырлаудың ұтымды тәсілі болып шығады, Ол - бостандыққа ұмтылған халықтың
күресшіл рухын ештеңе баса алмайтындығы, оның ғасырдан-ғасырға жалғасын
тауып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып кете беретіндігін меңзеген азатшыл идея.
Соның бір куәсі - Әлихан, Ахаң, Жахаңдармен тізе қосқан ақынның өзі.
Олар - кешегі Кенесары, Сыздық рухының ұшқыны. Олардың бұл ісінде
Кенесары ұрпақтарының қатар жүруі - алтын арқаудың үзілмесінің белгісі.
"Оқ жетпестің қиясында" поэмасы арынды шабытпен басталады:
Арқада Бурабайға жер жетпейді
Басқа жер ойды ондай тербетпейді,
Бурабай көліменен Көкшетауды
Көрмесең көкіректен шер кетпейді.
Қиясы мен бұлт құшқан Оқжетпестей,
Басқа тау ойды аспанға өрлетпейді.
Арқада Бурабайға жер жетпесе,
Алашта Кенекеме ер жетпейді
Көкшеде күңіренген Кенен қайда?!
Дариға жүрегімді дерт өртейді.
Мағжан поэмаларының бір ерекшелігі ақын қай шығарылмасын алғашқы
түйдекті шумағынан жазар тақырыбының мәнін, айтар ойын айқындап тастайды.
Әрі бастау - әрі түйін. Алғашқы жолдардан-ақ оқырман жүрегіне жол тауып,
көкейіне ұялап, көңіл қылын шерте жөнеледі.
Мағжан жаны Кенені неге іздейді?! Міне, бар түйін осында. Поэманың
жазылу мерзімі 20-22 жылдар. Сана серпіліп, рух көтеріліп, ел деп атқа
мінген күндер артқа қалған, жүрекке қайғы салған жылдар бұл. Сондықтан да
өткенге қайырылады, содан жанына тыншу табады. Ақын жаңа
Кенесарыны көре алмай, жалған арман, сөнген үміт зарын жырлағандай әсерде
болады. Қиялы көк пен жердің арасын кезіп, өткен мен бүгін, бүгін мен
ертеңнің арасын айырып, жалғасын тауып, ой түбіне жетпек болған Мағжан мен
"Оқжетпестің қиясындағы" Кенесары ойы үндес. Сондықтанда ол:
Құдай-ау, мәңгілікке қорғамасақ
Кенедей енді неге ер тумайды?!
Кене жоқ, ізін басар іні де жоқ,
Дариға, жүрегімді дерт улайды, -
деп күңіренеді. Поэмадағы лирикалық сезіммен ұштастырылған асқақ
романтика осы күңіреністен нәр алады. Өйткені дэл Мағжандай ойы онға
бөлініп, қалың күдіктен босар жол таба алмай санасы сансырап "ой теңізін
құлаштаған" Кенесарыны ұлы күреске жетелеген ата-баба "аруағы" емес пе?!
"Ата - пір, қасиетті қарт баба" - елдің сағы сынбас, мәңгілік ұлтпен жасар
ұлы рухы. Кенесарыны туғызған сол ұлы рухтағы сондай ұл берері ақиқат.
Мерт болсаң мақсұтыңа жетпей егер,
Сол сағат мен осы жерде тасқа айналам.
Алашта тағы сендей ер тууын,
Төбеде тас боп шөгіп күтіп қалам.
Қара тасқа айналған, мәңгілік қалғымас рух ескерткіш - күресшіл ел
қайсарлығының киелі белгісі. Атар таңға, шығар күнге деген сенім күші.
Кенесарыны ел тәуелсіздігі жорығына бастаған "аруақтың", бүгін болмаса да
бір заманда қайта ораларына сенеді ақын. Аңыздан шындыққа тұқыр болар
арқауды осылай табады. Мағжан үміті үзілмейді, оған поэманың мына жолдары
куә:
Содан бері бірталай заман өтті,
Алашты улай-улай жаман өтті.
Тұлпар-тулақ, ел арып, аруақ боп,
Сарыарқа сайран жердің сәні кетті.
Жолбарыстар жортатын сар далада,
Қорсылдаған доңыздар мекен етті.
Жалғыз-ақ Оқжетпестің қиясында,
Шөккен қарт күн шығысқа түзеп бетті,
Көп заман талмай-тозбай тау басында,
Алаштан Кенекемдей бір ер күтті.
Ел арысы Кенесарының Оқжетпес қиясында ойға беріліп, аруақпен сырласып
нықшешімге келгені жайлы шындығынан аңызы басым бір сәттік оқиғадан ақын
биікті шарлаған іргелі ой туғызады. Ұрпақ жүрегіне от жағып, санаға сәуле
құяды.

2. М. Жұмабаевтың поэма жазудағы шеберлігі

Ертегі поэмасында ақын өзіне тән тәсілі - өз жайынан белгі беруден
бастайды. Тағы қайталап айтарымыз, Мағжан қаламынан жаралған әр туынды оның
жанымен жарасып, жүрегімен үндесіп кететіндігі. Бұл - Кенесары жырына
дайындық іспетті поэма. Ақынның поэма жанрындағы алғашқы талпынысы ғана
емес, "тіл кісендеулі" заманда қиял, аңыз, ертегі т.б. астастыру арқылы,
түсінер жанның түйсігіне жетер терең ойды сыналап беріп, санаға ендіру
тәсілін игерудегі алғашқы қадам. Айтарын ашып айта алмаған ақын тордағы
арыстандай аласұрады. Көкейдегі кермек ой қалайда сыртқа шығуға тиіс. Ол
жырға айналуы, жыр болғанда өксік емес, өзегінде шоқ жатқан, үп етсе отқа
оранар отты жыр болуы тиіс. Көкіректің гөй-гөйін шертер күй, дастанның
құлақ күйін қалай келтірмек?! Кенет, міне, табылды. Ол - есте қалған,
ертегінің елесі, сананың аялаған аңызы. Ақынның ашынған жаны содан байыз
табады, қиыннан қиыстырған "қызығына" жұбанады. Шым-шытырық дүниеге шым-
шымдап шындық енгізеді.
Бүгін жаным өртке оранған жанға ұқсап,
Бүгін жаным тым аңсады от құшақ.
Жынды жүрек тығылады аузыма,
Тілім-тілім тілсе келіп у пышақ ...
Аласұрад, жынданады жас жүрек,
Қарак, керек, Арақ керек!
Не керек!
Бәрі де жоқ, жалғыз жолдас - қиялым,
Жұбатады айтып маған тәтті ертек.
Ертегінің бас қаһарманы - Кенесарының Көкжал ұрпағы Сыздық. Бірақ бұл -
Абылайдың арыстан заманы, Кененің қабылан заманы өтіп, ел азып, ер арыған
заман. Ел рухын көтере алмай, көкжал Сыздықтың түзде жортқан заманы.
Алты алаштан алты адам ермеген...
Алаш сорлы келешегін көрмеген.
Орыс алды, қимылдаған қазақ жоқ,
Қайран Сыздық құса болды шерменен.

Қайран Сыздық елден үміт үзеді,
Жап-жас Сыздық елден, үйден безеді.
Жатып өлмей, жортып жүріп өлем деп,
Түркістанның бетпақ шөлін кезеді.
Марсан поэманы неге "Ертегі" деп атады десек, онда үлкен мән бар.
Айналасын өрт шалып, санасы түтінге тұмшаланған ақынды құтқарушы - қиял
сәулесі. Ол ертегіден ем іздейді. Жапанда жалғыз жортқан Сыздық - еркіндік
символы. "Ел бүгіншіл, меніңкі ертеңгі үшін" деген Ахаң ойымен астасатын
бір сыр бар мұнда. Сыздық - өз еркі өзінде жоқ. Торға түсіп тыпырламаған,
қараңғы түнді қақ жарып, түн жамылған "жәдігой жауын" жеңіп, өзіне деген
сенімін жоғалтпаған жолбарыс жүрек. Осы сенім оның кеудесінғ үміт отын
жағып, жүрегіндғ запыран уды жаяды.
Осы ойлармен Сыздық атын ерттеген,
Тап сол кезде ер жүрегі өрт екен...
Заман озды, адам тозды, ерлер жоқ...
Заман озды, ер заманы ерте кен.
Сыздықтың жалғыздығы - еркіндігі, еркіндігі сл үшін жасалар ерлікке
жетелейді. Ертегі ермек емес, айтар ой сыртқа шықпай тұншыққан заманда "ой
түбінде жатқан сөзді" шығарар көркемдік тәсіл.
Бітті ертегі. Аласұрад жас жүрек,
Қарақ па әлде? Арақ па әлде? Не керек?
Арағы да, қарағы да құрысын!
Қиялтайым айтшы тағы, тағы ертегі!..
Мағжанның жанына жұбаныш, жалғыз алданыш осы - "ертегі". Ол үшін
"ертек" шындықтан да қымбат. Шындық шырмалған, сапа уланған заманда одан
басқа не жұбаныш болмақ. Ақын тағы "ертек" тудырады, ол - "Оқжетпес
қиясында". Ондағы "жынды қиял" - тіпті шарықтап кетеді.
Мағжанның шағын поэмасының бірі - "Қойлыбайдың қобызы". Мұнда ақын
"Қорқыттағыдай" өнер құдіретін, рух құдіретін жырлайды. Бұл поэмада
Қойлыбай бақсының бәйгесіне қобыз қосқаны жайлы аңыз арқау болған. Мұндай
әлеуметтік астар басым. Өнерпаздың ел алдындағы мерей халық құрметі бар
мұнда. Өнерпаздың өнері келелі, аузы дуалы, сөзі жұғымды, ойы ұғымды
болған, елі ардақтап, қадір тұтқан заманды аңсау меңзеледі.
Найманның арыстаны - батыр Барақ,
Өмірінде жан ба Барақ жаудан тайған.
Жарасқан бай мен биі, батыр, бақсы,
Алыста елестейсің заман қайран!
Құдай-ау, албастының ойнағындай,
Мынау сұм заманға кез кылдың қайдан?
Шіркін-ай кер заманды күл кылар ем,
Бата алсам Бағаналы Қойлыбайдан.
"Батыр Баян" - қазақ тарихының белгілі кезеңіне арналған көркемдік
деңгейі жоғары поэма. "Қазақтың өткендегі деп өмірі мінсіз, кірсіз, идеалын
өмір көрінеді, оған бұрынғы өткен қарттар да, батырлар да, ақындар да,
жақсылар да бұ заманда болмайтын жат адам болып көрінеді. Нағыз өмір, нағыз
дәурен соларда болған "адам" деп "ер" деп ауыз толтырып айтуға солар
жарайды. Бүгінгілер немене? Адамгершілік ар-ұяты жоқ, қыбырлаған қоңыздар,
қорсылдаған доңыздар".., сықылды көрінеді.
Қазақ әдебиетінде романтизм дәуірі аяқталуға Мағжан көмек көрсетті
деуге болады. Бұрын Мағжан өлеңдерінде орыстың түрлі ақындарына еліктегені
көрініп тұрса, қазақты ақындарымен танысқаннан кейін Ақан сері,
Шәңгерейлердің жинағаннан былай, Мағжан өлеңінің бетін ескілікке қарай
бұрады. Енді қазақтың ескі ақындарын дәріптейді. Қазақтың ескі заманын
жырлайды.
Ертегі, Қорқыт, Баян - Мағжанның романтизмі күшейгендігіне делел", -
дейді Ж.Аймауытов. Ақынды бүкіл болмысвынан түсінген қаламгердің бұл
ойлары "Қорқыт" пен "Батыр Баян" поэмалары тек қана романтизммен шектеліп
қалмай, бойында реализмге тән белгі, әдіс-тәсілдер түгелдей бой көтеріп,
бір-бірімен тоғысып, толығудан, түйісуден туған дүние деп қарауға
жол ашады.
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ҚИЯЛ
Қорқыт пен өлім
Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі - Мағжан Жұмабаев
КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІ
Батыр Баян поэмасы
Мағжан Жұмабаевтың шығармалары арқылы қазақ халқының рухының мықтылығын дәлелдеуі
Мағжан Жұмабаев жайлы ақпарат
Мағжан кейін Тоқсанның тобында
Мағжан алдымен сыршыл ақын
Пәндер