Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

МАГИСТРАТУРАМАМАНДЫҚ 6N0205 - Филология:

МАГИСТРАТУРА

МАМАНДЫҚ 6N0205 - Филология

Енгізу күні

1 Қолдану саласы

Осы стандарт магистратурадағы білім беру бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумына және оны бітірушілерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандарттың ережелері барлық магистратура бойынша мамандар даярлау ұйымдарында олардың ведомстволық бағыныштылығы мен ұйымдық кұқықтық нысандарына тәуелсіз қолдануы және сақталуы тиіс.

Стандартты, сонымен қатар мемлекеттік басқару, білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау және лицензия беру комиссиялары, оқу-әдістемелік бірлестіктер, тапсырыс берушілер мен жұмыс берушілер пайдалана алады және ол магистрлерді дайындаудың сапасын саралауда негізгі құжат болып табылады.

2 Нормативтік сілтемелер

Осы стандартта төмендегі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

ҚР ПР 40. 1. 01-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын құруға, мазмұндауға, рәсімдеуге, мазмұнына және белгілеуіне қойылатын жалпы талаптар;

ҚР МЖМБС 5. 04. 019-2008 Жоғары білім. Негізгі ережелер.

ҚР МЖМБС 5. 04. 033-2008 Магистратура. Негізгі ережелер.

3 Терминдер мен анықтамалар

Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, ҚР МЖМБС 5. 04. 019-2008, ҚР МЖМБС 5. 04. 033-2008 сәйкес қысқартулар, терминдер мен анықтамалар. Сонымен қатар, бұл стандартта төмендегідей қысқартулар қолданылған:

Ресми басылым

МЖМБС - Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

БП - базалық пән

ПП - профильдік пән

МК - міндетті компонент

ТК - таңдау компоненті

Т - тәжірибе

ҒЗЖ - ғылыми-зерттеу жұмысы

ЭЗЖ - эксперименттік-зерттеу жұмысы

ҚА - қорытынды аттестация

МЕ - мемлекеттік емтихан

МДҚ - магистрлік диссертация қорғау

PhD - философия докторы

4 Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы

4. 1 Магистратураның білім беру бағдарламалары ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан, магистратураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру құқы және лицензиялары бар білім және ғылым ұйымдары (бұдан әрі - мекемелер) арқылы жүзеге асады.

4. 2 Магистратурада мамандар даярлау төмендегі талаптарға сәйкес іске асады:

- осы стандарт негізінде;

- Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының Классификаторы негізінде;

- оқу-бағдарламалық құжаттары негізінде;

- магистранттардың жеке жұмыс жоспары негізінде;

- белгіленген тәртіпте бекітілетін басқа да құжаттар негізінде;

4. 3 Магистратурада 6N0205 - Филология мамандығы бойынша мамандарды даярлау екі бағытта жүреді:

- бейіндік;

- ғылыми және педагогикалық.

4. 4 Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертация қорғаған тұлғаға 6N0205 - Филология мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі тағайындалады.

4. 5 Осы стандарт ережелерінің негізгі мақсаты:

- магистранттар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру;

- магистранттардың өз бетімен оқу, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметін ынталандыру;

- «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау туралы ҚР құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету.

4. 6 Кәсіби қызметінің объектілері.

Магистратура бітірушілерінің кәсіби қызметінің объектілері бейіндік даярлық бойынша жоғары оқу орындары, орта мектептер (оның ішінде гимназиялар, лицейлер), орта кәсіптік оқу орындары (колледждер, училищелер), басқару органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі ұйымдар, мекемелер;

Ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша жоғары оқу орындары, орта мектептер (оның ішінде гимназиялар, лицейлер), орта кәсіптік оқу орындары (колледждер, техникумдар, училищелер), ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу бөлімдері.

4. 7 Кәсіби қызметінің түрлері:

6N0205 - Филология мамандығы бойынша магистратураны бітірушілер келесі кәсіби іс-әрекеттерді атқара алады:

профильдік даярлық бойынша:

- педагогикалық-ұйымдастыру;

- әкімшілік-басқару;

- мәдени-ұйымдастыру;

ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша:

- ғылыми-педагогикалық;

- ғылыми-зерттеу;

- білім беру-педагогикалық;

- педагогикалық-ұйымдастыру.

4. 8 Оқу мерзімі

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативті мерзімі:

ғылыми және педагогикалық дайындау бойынша 2 жылды құрайды.

кәсіби дайындау бойынша 1, 5 жылды құрайды.

4. 9 Магистратурада білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критерийлері магистранттың:

- профильдік даярлауда 36 кредиттен кем емес

- ғылыми және педагогикалық даярлауда 47 кредиттен кем емес кредитті меңгеруі болып табылады.

5 Магистратураға түсушілерге қойылатын талаптар

5. 1 Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың алдыңғы білім деңгейі:

жоғары білім, филология бакалавриаты (немесе гуманитарлық) бейіні бойынша мамандықтар: 050205 (521230) - Филология, 050117 (021240) - Қазақ тілі мен әдебиеті, 050118 (021340, 030940, 521235) - Орыс тілі мен әдебиеті, 021540 - Шетел филологиясы, 521430 - Лингвистика, 021740 - Қолданбалы лингвистика, 050207 (021440) - Аударма ісі және т. б.

5. 2 Магистратураға азаматтарды қабылдау тәртібі жоғары орыннан кейінгі білім беру кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының Типтік қабылдау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

6 6N0205 - Филология мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері

бейіндік даярлықта:

- өзгеріс үстіндегі әлемде кәсіби компетенттілік пен әлеуметтілік мобильділікті қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, сондай-ақ іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі дайындықтың болуы;

- лингвистикалық / әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту;

- педагогикалық қызметті іске асыру үшін психологиялық-педагогикалық (ұйымдастыру-педагогикалық, білім беру-педагогикалық) білімді меңгеру;

- қазіргі заманғы редакциялау мен баспа құралдарын пайдалана отырып, жұмыс қорытындысын есеп, реферат, мақала түрінде таныстыра білуді қалыптастыру;

- кәсіби қызметте қазіргі компьютерлік технологияларды, қазақ/орыс тілінің Ұлттық корпусы ресурстарын және т. б. пайдаланудың практикалық машықтары мен дағдыларын қалыптастыру;

- магистранттардың өзін-өзі жетілдіру, дамыту қабілетін ашуды және өздігінен жаңа білім жолдарын шығармашылықпен игеру талабын төселдіру;

ғылыми және педагогикалық даярлықта:

- өзгеріс үстіндегі әлемде кәсіби құзіреттілік пен әлеуметтілік мобильділікті қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, сондай-ақ іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі дайындықтың болуы;

- зерттеуге қажетті ғылыми әдістерді игеру, нақты филологиялық зерттеудің міндеттерін шешу үшін Интернет электронды қоры мен қазақ/орыс тілінің Ұлттық корпусы мәліметтерін іске қоса отырып, бұрыннан бар әдістерді жаңарту және жаңа әдіс-тәсілдерді зерттеп дайындау біліктілігін қалыптастыру;

- ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет барысында туындайтын міндеттерді шешуге және түсіндіруге, өзіндік ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызмет дағдыларын меңгеруге қажетті жағдайды қамтамасыз ету;

- лингвистикалық / әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту;

- ғылыми проблеманы тану, түсіндіру және шешу қабілеттілігін, филология ғылымының қажетті саласына сәйкес әңгімені өрістете алу біліктілігін дамыту;

- педагогикалық қызметті іске асыру үшін психологиялық-педагогикалық (ұйымдастыру-педагогикалық, білім беру педагогикалық) білімді меңгеру;

- қазіргі заманғы редакциялау мен баспа құралдарын пайдалана отырып, жұмыс қорытындысын есеп, реферат, мақала түрінде таныстыра білуді қалыптастыру;

- қазіргі заманғы компьютерлік технологияны, оқытудың интерактивті әдістерін, орыс тілінің Ұлттық корпусы қорын т. б. пайдалана отырып, жоғары және орта оқу орындарында тілді/әдебиетті оқытудың кәсіби-практикалық біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру;

- оқушылардың өзін-өзі жетілдіру, дамыту қабілетін ашуды және өздігінен жаңа білім жолдарын шығармашылықпен игеру талабын төселдіру;

- жоғары дәрежелі, білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды, өзін-өзі жетілдіруге, әлеуметтік тұрғыдан икемделуге қабілетті жалпы және кәсіби мәдениетінің деңгейі жоғары кәсіби элитаны дайындау;

7 6N0205 - Филология мамандығы бойынша магистрлік білім бағдарламасының мазмұны

7. 1. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы әртүрлі білім беру мазмұнын анықтайтын оқу және ғылыми жұмыс, практика түрлерінен құралады, олардың өзара ара қатынасын, өлшемі мен есебін көрсетеді.

Оқу жұмысының еңбегін есептеу меңгерілген материал көлемі мен кредит бойынша өлшенеді. Бұл тұста алдындағы білім беру деңгейлерінде жинақталған кредиттерді есепке алатын жинақтаушы кредиттік жүйе күшінде болады.

7. 2. Магистратурадағы оқу жылы жалпы ұзақтығы 30 аптаға созылатын академиялық кезеңдерден (семестрлерден), аралық аттестаттаудан, қорытынды бақылаудан, тәжірибелерден, демалыс және қорытынды аттестаттаудан тұрады.

7. 3 Магистратурада оқыту тек қана күндізгі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады.

7. 4 Теориялық оқыту міндетті және таңдау компонентінен құралады. Міндетті компонент пәндері тізімі мен оған сәйкес кредиттердің минималды көлемі магистратура мамандығының осы және оған сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде анықталады. Таңдауы бойынша пәндер тізімі мен оған сәйкес кредиттердің минималды көлемі жұмыс берушілер мен еңбек нарығының сұранысына сәйкес жоғары оқу орнының шешімімен бекітіледі.

7. 5 Магистратураның оқу бағдарламаларының мазмұны даярлық бағытына байланысты кестеге сәйкес қалыптасады.

1-кесте

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кадрларды жинақтау мен қабылдау
Кадрларды таңдау процедуралары мен әдістерін бір қалыпқа келтіру
Жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру
Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар
Практикалық және лекциялық дәрістерді өткізу және оған дайындық
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОҚЫТУ ПРИНЦИПІ
Өнім сапасын басқарудың шетелдің тәжірибесі
Қазақстан экономикасының басқаруын жетілдіру
Жергілікті басқару органдарының құрылымы мен функцияларына талдау
Шағын бизнес және оның құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz