Адам саясатпен, ғылыммен, философиямен шұғылданудан бұрын жеу, ішу, киіну, баспана соғу т.б. керек



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қоғамның даму процессін материалистік тұрғыдан
қарайтын көзқараста: Адам саясатпен, ғылыммен,
философиямен шұғылданудан бұрын жеу, ішу, киіну, баспана соғу
т.б. керек, - деген. Егер адамдардың жәй күнделікті
қажетгіліктерін еске алсақ, бәлкім солай болуы мүмкін. Бірақ, жәй ғана
қарапайым өмір сүру деңгейіңде, не әдеттегіден тыс тірі қалу қаупі
туындаған жағдайда ғана адамдар өздерінің алғашқы инстинктеріне
бой беруі мүмкін және сол әрекеттерге дейін төмендейді. Ал, негізінен
қандай бір қоғамда болмасын адам ең алдымен дұрыс жеуді, ішуді,
киінуді, өмір сүру үшін дүние табуды, адамдармен қатынасуды үйренуден
бастайды. Бұл қызметтердің дерлік барлығы қоғамда қордаланған
мәдениетті меңгерусіз және оны сақтаусыз іс жүзіне асуы мүмкін
емес. Олай болмаған күнде, әрбір келесі ұрпақ қатынасу, тамақ табу,
баспана соғу сияқты т.б. дағдыралды өзінше қайта жаңадан
игеріп отырған болар еді. Шын мәнінде қоғамдағы нормативтік - ретгеу -
материаддық өндірістің қажетті алғы шарты. Инстинкт пен ізденудің (драйвы)
деңгейінде ешқашаңда аштық та , шөл де, баспана соғу да
қанағаттандырылмайды. Оларды қанағаттандыру үшін адамдар жануарларға
қарағанда анағұрлым күрделі іс-әрекет жасауы қажет. Аштықты басу
үшін ақша тауып дүкенге немесе базарға барып, тамақтың түрін
тандап сатып алып, одан дәмді тағамды дайындап болғаннан
кейін, әдептілікті сақтай отыра жақын адамдардың дастархан басыңда отырысы
басталады. Бұларсыз адам санда бар, сапта жоқ болып
Қалады. Әрине, шұғыл жағдайларда (апат, әскери қимыл, террор)
немесе әлеуметтік депризацияда (жазалау орындарда, криминалдық
ортада), аман қалудың жәй зандылықтары күшіне енеді, мәдени қабыршық
жойылады, күш пен қианаттылық адам тәртібінде басымдау болады.
Мұндай жағдайда пайда болатын шексіздіктер, уақытша болса да тұрақтылықты
қамтамасыз ету үшін, адамдарды, соған лайықты зандарды (соғыс заңдары,
ұрылардың заңдары) жасап шығаруға мәжбүр ететіні жалпыға мәлім.
Мәдениетті меңгере отырып, өткен және кәзіргі
ұрпақтардың жетістіктерімен таныса отырып, адам өзінің субъективтік
бастамасын қалыптастырады. Адам о бастан қалыптасқан мәдениетпен таныс
болғандықтан, ол оның бақылауына, өзінің қисынсыз эмоциясын және мағынасыз
қылықтарын тежеу арқылы , көнуі қажет. Сол себептен мәдениет жеке адамның
санасынан немесе оның еркінен тәуелсіз және белгілі бір жоғарғы бастауды
(Құдайдың, Жоғарғы ақыл-естің, Дхарманның және т.б.) белгілейтін өріс
ретінде көрінеді. Бұл З.Фрейдтің, мәдениетті репрессивтік бастама деп
айтуына негіз болды. Ол адам табиғатындағы мәдениет пен инстинктивтік
ұмтылыстардың келіспеушіліктерін суреттеді. Шыңдығында мәдениет біздің
кейбір сексуаддық агрессивтік мақсат-ниеттерді басады, оларды мейлінше
қатал бақылайды және бағыттайды. Керек жағдайда мақсат - ниеттерге шектелуі
келісімін беріп қанағаттандырады немесе керісінше бір бағытта жағдай жасап
ынталандырады. Адам қажеттігін қанағаттандыру үшін мәдениет оның құралын ,
ыңғайлы уақытын, орнын белгілеуге мәжбүр етеді.
Мәдениеттің мұндай мәжбүр ететінін қасиетін көптеген
ойшылдар атап өткен Э.Дюркгеймнің өзі мәжбүр ету термин
мақсаты іс-әрекетгі сипаттау үшін және сол қарекеттің нормативті өзара
байланысын анықтау үшін кеңінен пайдаланады. Мәдениетті енгізу,
оны қоддау, оның тәрбиелік және ағартушылық мәңдерінің әралуандылығын қоса
отырып үйрену - сайып келгеде, аталмыш барлық мәдени
детерминацияның (анықтаудың, айқындаудың, себепші болудың) түрлері, мәжбүр
етудің элементтері деп аталады.
Әрине, мәдениетті опералық театрмен, көркем сөзбен, жақсы тәрбиемен
бара бар деп түсінуге болмайтындығы өзінен өзі белгілі. Шеберлікті игеру,
ақша жинай білу немесе оларды жұмсай білу, сауда жасау немесе сатып ала
білу, міндетті түрде тәжірибелік бағытталған, бір іспен шұғылдануға ықыласы
бар мәдениеттің белгілі алғышарттарын талап етеді. Бірақ, бұл қасиеттер
барлық субмәдениетке тән емес.
Материямен аракдтыстағы мәдениет саналы түрде игерілген
сананың бір бөлігімен шектелмейді және сол себептен тек қана сананың
құрамында болады деп қарастыруға болмайтындығын әсте естен шығармау керек.
Шала түсінік пен ессіздік сияқты, жеке адамның және қоғамның болмысымен
тікелей байланысты экзистенциалдық өрісті қалыптастыратын кең сфера да бар.
Бұл жерде сана оның бір бөлігі болып құралады.
Экзистенция (лат. тілінде - ғұмыр кешу). Кез келген тысқы нәрсенің
объективтендірілген түріне баламалауга болмайтын, адам әсерлерінің
тасқынын, ішкі тұлғалық, болмысының ақиқатын білдіреді. Бұл
логикалық тұрғыда берілмейтін Мен ақиқаты. Ғұмыр кешудің
басты қасиеті оның жалғандығы (временность) ақырғылығы. Термин,
ең алғаш рет С. Кьеркегордың философиясында пайда болды.
Ессіздік, белсеңділік тарихтың маңызды бөлігі. Ол ақыл-ойдың талап-
тілегін шектей отырып, мәдениетке үлкен кеңістік қалдырады.
Сайып келгеңде, мәдениет жалпы қарекеттің
(шоғырланған өндіріс сияқты), маңызды компоненті. Көркем
мәдениетке байланысты үлкен бөліктің, мақсатталған өндіріске
жатпайтындығына күмән болмауы қажет. Сөз немесе бейне шеберлерінің
шығармашылығы, орындаушылық өнер, көптеген мерекелер, ойын сауықтар мен
мәдени уақыт өткізу адам болмысын тольпсқанды өткізеді де қарекеттің
әралуан түрлеріне айналады. Алайда, бұл түрлердің қоғамдық өндірістің
жиынтығымен байланысты болуы міңдетті түрде емес.
Адамдардың шабытқа бөленуі, таланты, дарындылығы, мәдени көркем
шығармаларды дүниеге келтірудегі асқан данышпандығы, интуицияның маңызы,
өнер немесе ғылымның басталу алдыңдағы нұрға бөлену сияқты т.б. қасиеттер
бұған айғақ бола алады. Ішкі дүниенің бостандығы, өзін еркін ұстауы жоғары
мәдениеттің қалыптасуының алғышарттары.
Мәдениеттің жетістіктері өзінің оңды ықпалын қоғамдық өндіріске де
үлкен көлемде тигізбей қоймайды. Мәселе кітапты, суретті, музыкалық
шығармаларды жазуда, спектакльді қоюда, ғылыми бағытта еңбек етуде емес,
осылардың барлығының белгілі әлеуметтік және заттық алғышарттарды,
жағдайды, материалдық қамтамасыз етуді қажет етуінде. Макроөлшемдегі
мәдениет-әртүрлі нұсқауларда, деңгейлерде қоғамды және адамды өңдірудің ең
маңызды механизмі. Отбасы, тайпа, этникалық бірлік, ұлт және өркенниеттілік
сияқты көптеген адам болмысының әртүрлі деңгейі жинақталған материалдық
өндіріс арқылы ғана қалыптасып қоймайды, сонымен қатар, әртүрлі деңгейдегі
және әрбір құрылымдық бөлшектегі мәдени элементтер - мен, нормалар,
образдар, құндылықтар сияқты сана арқылы да қалыптасады.
Материаддық өндіріс тұрғысынан қарағанда мәдениет өзінің көркемдік
өлшемдерімен көпшілік жағдайда шығынды қарекеттің типі, ойын сауыққа сөзсіз
кететін бос уақыт. Осыған қарамастан қарекеттің бұл типтерін қажет
тұтпайтын немесе оларды толығынан өндіріс мүддесіне бағындырған қоғам жоқ,
Материаддық өндіріс қабылданған нормалардың жүйесінсіз , құндылықтарсыз,
білім мен мағыналарсыз, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани мәдениеттiң элементтерi және құрамдас бөлiктерi
Орта ғасыр ойшылдарының мінсіз қоғамы және әл-Фарабидің ізгілік қаласы
Мал - мүліктерін ысырап еткендерге ешнәрсе бермеңдер
Қазақ халқының рухани мәдениеті жағдайы мен даму тенденциясы
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктердіңлексика-семантикалық ерекшеліктерініңтеориялық аспектісі
Қоғамдық сана ұғымы
Зат есімнің денотаттық және сигнификаттық мағынасы
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ (ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ЭТИКА-ЭСТЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ)
Церебральді параличке шалдыққан мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін түзету-дамытушылық жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Туристік жорықтар, саяхат сұрақ-жауап түрінде
Пәндер