Мораль принциптері



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мәдениет дегеніміз не? — деген сұраққа жауап беру
үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды
білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне
бұл термин арабтың маданият — қала, қалалық деген сөзінен
енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу
кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке
берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшы-
лық) деп атауға болады Бұл жерде алдымен көзге түсетіні —
мәдениет пен табиғатты культура мен натураны қарсы
қоюшылық. Көне заманда культура деген ұғым жерді өңдеу
деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицерон-
ның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) Бұл сөздің мағынасы тереңдеп,
жанды жетілдіру деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын
еуропалық тілідерде мәдениет сөзі білім беру, даму,
қабілеттілік, құрметтеу сияқты мағыналарға ие бола баста-
ды; Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анық-
тамалар берілген: а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жет-
кен табыстары мен шығармашылығының жиынтығыі ә) мәде-
ниет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі
қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-
микен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж.т.б.; б) мәдениет — адам-
дық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу
мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.); в) агро-
мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет
ж.т.б.).
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей
қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ
даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған
философтар болды. Бірақ, өкінішке орай,ХУІП ғасырға, яғни Ағартушылық
дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида
жүзеге асқанға дейін мәдениет сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде
қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды.
Сөзіміз дәлелді болу үшін, мәдениет ұғымын талдауды Көне заманнан
бастағанды жөн көрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы
мағынасы жер-ана мен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды.Демек
мәдениет ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және
жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен
тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен
мәдениет ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау
көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдетіиетті
бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің
қайнар бұлағы болып табылады Сонымен бірге мәдениет сөзі құрмет тұту,
сыйлау, құрметтеу, табынушылық деген мағыналарға да ие". Осылардың
ішіндегі ең бастысы — дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әруақытта
да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды.
Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап
отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле-
жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар, белгілі эллинист Макс Поленц
полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Полис дегеніміз — шағын ғана халқы
бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз
қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажетті
азаматтық міндеттері мен борыштарын (халық жиналыстарын өткізуге, сот
орындары мен қаланың басқа да мекемелерінің жұмыстарына және т.б. қатысу)
мұлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі
дінге табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік
көне полистерде қала аза-маттарының азамат болып қалыптасуына; ерекше ықпал
жаса-ды Гректер бұл процесті пайдейя (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл
термин тәрбиелеу, оқыту деен ұғыммен қатар, білім беру, білімділік,
ағартушылық, мәдгниет деген мағына-ларға да ие болғаіЯ Бұл жағдайда тәрбие
мен білімнід жәй ғана байланыстары жайындағы идеяны аңғаруға болады.
Гректер сонау көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты
қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру
жүйесін жасады. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық
бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы
жатыр. Бұл жөнінде В. Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: Грек
мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас
еді де, ал Батыс Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді Щрач Г.В.
Культурология. — Ростов-нД., 1995. — С. 26). Грекияда негізінен
мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның
негізінде терең генеалогиялық дәстүрлер жатыр.Ақсүйектік қасиеттермен
қатар, адамзаттық қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінді. Басты мақсатқа
апарар жол — білім жолы болды. Г.Е. Жураковский былай деп жазды: Көп
жылдық Афин мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты — оқушыларға афин
қоғамының толық құқылы мүшесі екендігін толық сездіру болып табылады
(Жураковский Г.Е. Очерки по истории античной педагогики. — М., 1940. — С.
42). Балаларды мектепте жазып-сызуға үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды..
Грамматика мен музыка сабақтары байланыстырылды, өйткені көптеген өлеңдер
музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды. 12 жастан бастап ұл балалар
палестраға барды, гимнастикамен айналысты. Жастар тыңдаушылар ретінде
мемлекеттік істер қаралатын жиналыстарға да қатыса алатын болды. Демек, Бұл
айтылған жағдайлардың бәрі көне пайдейяның гуманитарлық қызметімен қатар,
көне мәдениеттің дамуына ықпал жасағандығын көрсетеді. Ерекше атап өтетін
бір жай, мұндай білім беру жүйесі белгілі бір талаптар мен ережелерді
игерумен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмірге де дайындады. Демек, грек
қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің сан-саласына араласу
белгіленген ережелер талаптарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал
бұларды гректер даналық табыстар — нома (заңдар) деп атады. Демек
мәдениеттің мақсаты адам бойында ойлау, пікір айтып пайымдау қабілеті мен
эстетикалық сезімді дамыту болды. Бұл жағдайда көне заман адамы өзінің
табиғатпен байланысын ешуақытта жоғалтқан емес, ол үшін табиғат ерекше
ыстық та, жақын да болды.
Жаңа заманда (XVII—XIX ғ.) жоғарыда көрсеткеніміздей, мәдениеттің
көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен
ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оған шындық тұрғысынан
қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі — буржуазиялық қайта
құруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең
рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше
үлес қосқан өз ойшыл ғалымдары болды. Олар (Англияда — Толанд, Францияда —
Вольтер мең Монтескье, Германияда — Лессинг, Гете, Шиллер және т.б.) дүние
мен адамзат жөніндегі ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамзаттың
ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл қорғайды. Адам өзінің табиғи жаратылысынан-
ақ мүмкіндіктері мол, ақылды жан және соны тиімді пайдаланудың нәтижесінде
адам игілігіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Журналист және оның жүріс-тұрыс әдебі
Моральдық сана және оның құрылымы
Саясат және мораль
Адамгершілік тәрбие
Спорттық этика ғылым ретінде
Сана және оның формалары
Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат және мораль, дін
Қазақ этикасының зерттелуі
Кант философиясының сыни кезеңдегі қойған мәселелері
Пәндер