Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік
тәрбие беру мәселелері . . . 4
1. 2. Халықтық дәстүрлердің тарихи танымдық сипаты . . . 10
2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТА ХАЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮР АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Ұйымдастырылған іс-әрекет негізінде ұлттық дәстүр арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің әдістері . . . 21
2. 2 Ойын-сауық өткізу барысында адамгершілікке тәрбиелеу . . . 28
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 32
Кіріспе
Еліміз Егемендігін алып, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын, халқымыздың еңсесін тік ұстап болашаққа сенуін елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің жыл сайынғы дәстүрлі халыққа жолдауында айтып, халықты бірлікке, ынтымаққа, білімділік пен төзімділікке шақырып отыр. 12-жылдық мектеп реформасын жасауды, балабақшаларды көбірек іске қосуды, оларға маман дайындауды, білім мен ғылымға тереңірек көңіл бөлуді халыққа аманаттап отыр. [1]
«Ел болам десең - бесігіңді түзе» дейді біздің дана халқымыз. Бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан негізгі қасиеттерінің бірі. Бала - ұрпағының жалғасы, ертеңгі күнге аманатым деп бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Кісі, қонақ келгенде қолына су құйғызып батасын алған, қонақты аттан түсіріп, үйге бастап әдеп танымын көрсеткен.
Осындай керемет үлгілерімізден айрылып қалардай уақыттарды бастан кешкен халқымыз мына жаңа заманда дәстүріміз бен салт-санамызды қайта бір жаңғыртқандай.
Сонау заманда адам баласының мәңгі жасауын арман еткен Қорқыт атамыздың тәлім-тәрбиелік әңгімелері мен мақал-мәтелдері, әл-Фарабидің білім, ғылым, тәрбие жөніндегі тұжырымдары, А. Ясауи ілімдері, Жүсіп Баласағұни тәлімдері, Абай мен Ы. Алтынсариннің тәрбиелік ойлары, А. Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, М. Жұмабаевтың «Педагогикасы», Ж. Аймауытовтың қазақ психологиясын зерттеуі бәрі де біздің қасиетті де құймақұлақ, шешен де пайымды халқымыздың болашағы үшін тер төгіп, халықтың қамы үшін этнопедагогиканың негізін салған ағартушы-ғалымдар.
Бүгінгі таңда осы проблеманы қолға алып, оқулықтар жазып, жанашырлық көрсетіп отырған Оразбекова К, М. Оразаев, М. Смаилова, Қ. Жарықбаев, Ә. Табылдиев, С. Ғаппасов, С. Қалиев, Ұ. Асылов, Ж. Нұсқабаев т. б. ғалым-зерттеушілеріміз тәрбие ісін жүргізудің оны оқу бағдарламасына енгізудің түрлі жолдарын көрсетіп, мақсатын жеткізе білді. [2]
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру мәселелері
Қаншама заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім-тәрбиенің туы қазығына айналдыру ата-ананың да, мектептің басты борышы.
Қоғам барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми-педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды.
Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін әділ, ержүрек ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырды. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәрбиесін сыннан өткен салт-дәстүрлерді педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді.
Халықтық педагогика дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып, шым болаттай тіршілік тынысы және салт-дәстүрлерімен біте қайнасып, бірге жасалып келе жатқан қазына.
Қазақ халқының ұлы педагогы, этнографы Ы. Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын пайдалана білген.
Ы. Алтынсарин барлық еңбектерінде жеке адамның жоғары қасиеттерін қалыптастыруда еңбек, адамгершілік ақыл-ой тәрбиесінің ерекше орын алатынын атап көрсетеді. Кемеңгер ұстаз Ы. Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін қайта жаңғырту кезеңінде кең мағынада насихаттау әрбір педагог-тәрбиешінің басты борышы болуы қажет.
Қазақтың ағартушы-педагогтары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов ұстаздық етуде және тәлім-тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлттының салт санасын терең зерттеген. Сан ғасырлық тарихы бар ата-бабаларының халықтық педагогикасына терең ғылыми талдау жасады. Сөйтіп, олар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп-ғұрып, салт-дәстүрімен тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа, ұлттық тәрбие беруде пайдалану жолдарын көрсетті. Сол мақсатта олар қазақ мектептерінің жас жеткіншектеріне арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды.
А. Байтұрсынов қазақтың халық педагогикасын жан-жақты зерттеп, қазақ этнопедагогикасының негізін қалады, ұлттық білімнің шамшырағы болды.
Халық педагогикасының арқауы-ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлері. Ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлері-ұлттық тәрбиенің негізі. Міне, осы тұғырлы-тұжырымды ірі ғалым лингвист, әдебиет зерттеуші дарынды ақын, аудармашы, қазақ тілі бөлімінің іргетасын қалаушы, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін жасаған талантты көсем сөз иесі, туған халқының рухани дүниесін жандандырған ғұлама - А. Байтұрсынов жан-жақты зерттеп, олардың тәрбиелік мәнін ашып берді. Ол қазақ этнопедагогикасының негізгі нұсқаларын зерделей зерттеп, талғай тауып, олардың ғылыми теориялық негіздерін жасады.
М. Жұмабаевтың ”Педагогикасы” нағыз ұлттық тәрбиені насихаттауға бағытталған, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында мектеп мұғалімдері мен тыңдаушыларға арналып жазылған тұңғыш халық этнопедагогикалық еңбек деп толық айтуға болады. Өйткені, Мағжан ”Педагогикасының” басты ерекшелігі - оның қазақ топырағымен тығыз байланыстылығында. Оқулықтың басынан аяғына дейін ұлттық тәрбие басшылыққа алынып, оған сүйеніп, ұлттық тәрбие беруге тәлімгерлерді даярлау туралы ой-пікірлерінің айтылуы қазіргі кезде мектепте оқу-тәрбие үрдісіне ұлттық мазмұн беру қажеттілігімен сипатталады. [3]
Ж. Аймауытов - ақын, жазушы, драмматург, сыншы, публист, аудармашы педагог. Ұстаз жазушы ”Тәрбие жетекшісі” деген педагогикалық еңбек жазып, қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесіндегі елеусіз жағдайларды ашып көрсетті де, тәрбие ісінде баланы ынталандыру тәсілдерін ұсынды. Баланы шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу үшін, оған талап қоя білу, қойған талаптың орындалуын қадағалау, баланың ішкі дүниесіне терең үңіліп, оны арман-тілегіне қарай демеуші тәсілдерді қолдау әдісін уағыздайды.
Дарынды зерттеуші 1926 жылы қазақтың ұлттық жан тіршілігін терең көрсетіп, бүкіл адамзаттық психологияның негізінде оқулық жазып, оны «Психология» яғни оны «Жан жүйесінің ғылымы» деп атады.
Мұхтар Әуезов - қазақ халқының ұлттық мәдени мұраларын жоғары бағалап, рухани байлығын ұлылықпен ашып көрсете білген, қазақ халқын бүкіл әлемге танытқан ғұлама жазушы. Ол қазақ этнопедагогикасының бір негізі - ауыз әдебиетін жан-жақты терең зерттеп, халық педагогикасын қадірін халыққа таныта білді.
М. Әуезов ең әуелі батырлық жырлар мен ғашықтық жырлардың халықты тәрбиелейтін қасиеттерін ашып ”Қыз Жібек”, ”Қозы Көрпеш - Баян сұлу” сияқты ғашықтық жырлардағы қазақтың салт-дәстүрлерінің қайырымды қасиеттерін толғап, таңдап, мөлдір махаббат пен табанды күрескерлікті жастарға үлгі етіп көрсетеді. Қазақ халқының ақындық, өнерпаздық қасиеттерін рухани мұра ретінде ұрпаққа ұлағаттылықпен ұсынды.
Батырлық жырлардың әлемдік әсем нұсқаларын, әсіресе, қырғыз халқының ”Манас” эпосын қазақ эпосымен салыстыра зерттеген ғалым, эпостық ұлы шығармалардың қазақ ауыз әдебиетінде мол екенін дәлелдеп, қазақ халық педагогикасының кереге-қабырғасы кең екенін кейінгі зерттеушілерге айқындап береді.
Халық педагогикасының ауқымды бір саласы - ертегілер. Ұлы ұстаз ертегілердің тәрбиелік мәнін терең ашып, ”Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, хайуанның мінез-құлқын дәл адамның мінез-құлқындай етіп суреттеу әсерлі болады”- деп көрсетеді. Педагог жазушы:… ”Ертегілердегі аса мол атаулар, ұғымдар, ақындық, образдық, стильдік теңеу сөздер қазақ халқының тілін байытады” - дейді.
Торайғыров Сұлтанмахмұт қазақ халық педагогикасының ой-мақсаттарын өз шығармасы арқылы халық санасына жеткізе білген ұлы ақын. Өз өмірінде біраз жылдар журналистік, педагогтық қызмет атқарған ақын ұлттық білім, халықтық тәрбие ісінің келеңсіздік жағдайларын зерделей зерттеп, ұрпақтың үмітін оздырып, келешегіне кемелді жол сілтеді.
Дарынды жазушы, ”Қамар сұлу” романы мен ”Кім жазықты”, ”Кедей” т. б. поэмаларында қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріндегі келеңсіз жағдайларды қатты сынап, дәстүрлердің озықтарын, жаңаша қалыптаса бастаған түрлерін ұлттық мәдениетке пайдалана білуді ұсынды. Халық педагогикасының негізгі бір саласы - ұлттық салт-дәстүрлердегі ”қалың мал” беріп еріксіз үйлендіру, еріксіз ”аттастыру” т. б. кесір дәстүрлерге жол беру - ұлттық мәдениетке зардабын тигізетінін ашып айтты.
Ақын ”Мен кіммін”, ”Қала ақыны мен дала ақыны” деген шығармалар арқылы тұрмыс-салт дәстүрлерінің пайдалы, зиянды жақтарын айқындап айтып, ұрпақтың келешегін кемелдендіретін ата дәстүрлерді алға тартады. Әсіресе, халықтың қайырымдылық дәстүрін жоғары бағалап, ”Бишараны шын досқа санар едім” сол үшін оқ астыма барар едім” деп қайырымдылықтың үлгісін көрсетеді [4] .
Этнопедагогика - белгілі бір халықтың, халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады: халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.
Этнопедагогиканың зерттеу обьектісі халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдардың бай тәжірбиесінің эмпирикалық жиынтығы.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.
Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.
Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде ХVІІ - ХVІІІ ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының тарихын 3 кезеңге бөліп қарастырамыз:
Бірінші ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш еңбектер жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демокрит ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының қолжазбалары десек, ІІ жартысы - ХХ ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда қарастырып сөз еткен Ә. Диваев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, Х. Досмұхаммедов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Әуезов т. б. болды. Яғни, кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз. Үшінші кезең 35-40 жылдық үзілістен кейін қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз.
«Этнос» гректің тайпа халық, ұлт, ұлыс деген сөзден шыққан. Ғылымда халық терминінің орнына этнос термині қолдана бастады.
Әр ұлттың өзіне тән мінез-құлықтың құрылысы ұрпақтан ұрпаққа көшкен сайын өзгеріп отырады. Ол этностың үнемі әлеуметтік дамуда болатындығының айғағы.
Этностар өмір сүру кезеңінде нақтылы тарихи жағдайлардың себебінен бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Этностар орта есеппен 1200-1500 жыл өмір сүреді. Бірақ ол түрлі географиялық, экономикалық - әлеуметтік жағдайларға байланысты бірде ұзақ, бірде қысқа болуы ықтимал.
Әр халықтың тархи өзіне көрші халықпен тығыз байланысты. Тіпті бір-бірінен алыс жатқан халықтардың да тарихында себеп салдарлық байланыстың болуы мүмкін.
Иә, қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өресі биік, сан сапалы өскелең мәдениетіне бір күнде, бір ғасырда жеткен жоқ. Осы қазынаның түп төркіні санау VІІІ-ХІ ғасырлардағы Орхон-Енисей, ежелгі түркі жазбаларынан басталады
Халықтық педагогиканың мұрасының бірі - дәстүр. Дәстүр - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын қоғам. Өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен қарай дамитын халықтың қоғамдық тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс.
Қазақ халық педагогикасының үлкен бір саласы - қазақ халқының салт-дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәсімдер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік-барлық мәдени үлгі - өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі - әдеп деп аталады. [5]
Халықтың ұрпақты әдептілікке (мәдениетке) тәрбиелейтін ұлағатты ұғымдары мен ырым, тыйым сөздерінің мәдени-тәрбиелік мәні зор. Салауаттылық, үнмешілдікке, ұқыптылыққа, яғни мәдениеттілік негіздерін білуге тәрбиелейтін.
Халық ұрпағынан ағайын, жекжат жұратты сылау дәстүрлері арқылы аталас, ауылдас, құда, нағашы, күйеу, жезде, жиен, дос, таныс, ұжымдас адамдармен сыйласу мәдениетін талап етеді. «Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын», «Құдаңды құдайыңдай сыйла», «Шын дос болу - бақыт» деп халық адам сыйлаудың ғажап үлгілерін ұрпағына үнемі үйретіп отырған.
Ер намысы, қыз абыройы - қазақ халқының ұлттық тәрбиедегі мәдени мұралық белгілерін білдіретін тәрбиелік тіректері. «Жақсы жігіт он бесінде баспын дейді, жаман жігіт отыз бесінде жаспын дейді» деп, жеке тұлғаның мәдениеттілігі жастайынан-ақ белгілі болатынын дәлелдейді. Халық қыздың абыройлы болуына көбінесе ана жауапты деп қарап, қызды әдепті (мәдениетті) етіп тәрбиелеу - ұлттық міндет екенін баса көрсетеді.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу - міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса ондай тұлға ұлт алдында «мәңгүрт», мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік - мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.
Мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептегі, жоғары оқу орындарындағы ұжымдық, әдептілік дәстүрлері де этнопедагогиканың мәдениеттаныммен сабақтастығын көрсетеді. Яғни, этнопедагогика пәні - ұлттық мәдениеттің бейнесін көрсететін және сол ұлттық мәдениеттің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетте қолданыстарын үйрететін пән.
Ұлттық (этнопедагогикалық) ойлар тарихында Қорқыт ата (VIII-IX ғғ) «өлмейтін өмір кілті өнерде» деп, мәдениеттің негізгі саласын мәңгі дамытып, ұлттық мәдениетті арттыра беруді уағыздап және отбасы мәдениетіндегі шешуші негіз - әйел ана - дейді.
Әлемнің екінші ұстазы аталған ғұлама Әл-Фараби (870-950 жж) ұлттық мәдениет жеке адамның мінез-құлқынан басталатынын дәлелдеп, мінез әдеттен бастау алып, «абзал әркет» инабатты (мәдениетті) мінез-құлықты қалыптастыратынын айтады. Білімді адам тәрбиелі (мәдениетті) болу керек дейді. «Тәрбиесіз «мәдениетсіз» білім адамзаттың қас жауына айналады» дейді. «Қайырымды қала» мәдениетін арттыратын негізгі мәселелер - білім, өнер, әдебиет (поэзия), музыка деп көрсетеді.
Нағыз ұстаз аталған Жүсіп Баласағұни (ХІ ғ) адам мәдениетінің негізгі екі тегі бар бірі - тіл, бірі - діл деп көрсетіп, тіл мәдениетінің мәні зор екенін, егер ол мәдениетті игере алмасаңыз «басқа пәле - тілден» деп көрсетеді. Отбасындағы мәдениет ата-ананы сыйлаудан басталатынын дәлелдеді. Елді мәдени кемелдендіру үшін ұлттық білім беру жұмысының мемлекетік дәрежеде жүргізілуі қажет екенін айтады. «Білімсіз адам -мәдениетсіз, ол хайуанмен тең» деп көрсетеді. «Білім -байлық, азаймас һәм жоғалмас. Білім жарық нұрын саған ашатын», - дейді.
Ұлы тәлімгер, тарихшы Мұхаммед Дулати (1499-1551 жж) ел басқарушы, халықтың ойынан шығатын басшы болу үшін кішіпейіл, қарапайым, сөзге шебер, көргенді, көсем, адал, әділ (яғни мәдениетті) болу керек дейді. Данышпан ғұлама әрбір адам - нағыз әдепті (мәдениетті) тұлға болу үшін: жеті түрлі күнәдан (қан төгу, бұтқа табыну, адамды қаралау, ұрлық жасау, нәпсі құмарлық, ұрыс кезінде бас сауғалау, ата-ананы сыйламау) аулақ болу керек деп уағыздайды. [6]
Қазақ халқының ұлы педагогы Ы. Алтынсарин ұлттық мәдениетті дамытудың негізгі құралы - оқу, мектеп ашу (елге білім беру) деп, ауылдық, болыстық мектептер ашып, қыздар училищелерін, мұғалімдер семинарияларын ұйымдастырды. «Өнер-білім бар жұрттан» үлгі-өнеге алуға шақырады.
Абай дана «Ғылым таппай, баптанба, өнер таппай мақтанба» деп, ұлттық мәдениетті дамытудың түп негізі - білімде, өнерде деп көрсетті. Ол үшін «өткірдің жүзі, кестенің бізі» сала алмаған өрнекті сөзбен өрнектейтін ана тілін қадірлеу қажет екенін айтып, бес нәрседен (өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншек бекер мал шашпақ) қашық болуды, бес нәрсеге (талап, еңбек, терең ой, қанағат рахым) асық болуды уағыздайды. Яғни талап, қанағат, рахым сияқты мәдениеттілік белгілерін жоғары бағалап, жеке тұлғаға жеткізе ұсынады. Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уалиханов (1835-1865 жж. ) «үш жүз жыл бойы бірде бір ғалымның қазақ жұртында болмауы» - өнерпаз, қабілетті халықтың мәдениетіне жасалған қиянат деп көрсетіп, халықтың мәдениетін өркендету үшін мектептер ашып, ұрпаққа ғылым үйретіп, білім беру қажет екендігін дәлелдеді.
ХХ ғасырдың басында қазақ халқының рухани көсемі А. Байтұрсынов (1873-1937 жж. ) ұлттық мәдениетті дамыту үшін ұлттық ғылымның негізін қалап, білім беру жүйесін жасады. «Әліп-би» (1911ж. ), «Тіл құралы» (1913ж. ) «Қазақ грамматикасы оқулықтарын» жасады. М. Жұмабаев (1893-1938 жж. ) «Педагогика» оқулығын, Ж. Аймауытов (1889-1931 жж. ) «Психология» оқулығын жазды.
Ұлттық мәдениеттің болмысы этнопедагогика ғылымында айқын көрінеді. Этнопедагогика пәнін оқытудың негізгі бір мақсаты - ұлттық мәдени мұралардың болмысын айқындап көрсетумен қатар, сол ұлттық мәдениетті дамытудың қозғаушы күштерін дәлелдеп, оның тәрбиелік қолданылмалы тәсілдерін бағдарлап көрсете білу болып табылады. [7]
Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесі халықтың салт-дәстүрлері мен ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен, оның да өзіндік мақсат-мүдделері, негізгі қағидалары, тәрбие әдістері, құралы мен құрамы, өзіндік мазмұны бар.
Ата-ананың тәлімі, өнегесімен ештеңе теңесе алмайды. Халқымыз кезінде арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмаса да өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең, жыр, ертегі, асыл сөздері арқылы тәрбиелілікке баулыған. Қазақ халқы ұрпақ тәлім-тәрбиесінде өз ұлтына тән, оның ұлттық тектілігін сақтайтын сәтті қағидалар мен ережелерді дүниеге келтіріп, ұстаған.
Отбасында ұл мен қыздың тәлім-тәрбиесіне терең көңіл бөліп, «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», - деп әке-шешенің бала тағдырына, болашағына жауапкершілігін міндеттейді.
Кез келген халық немесе ұлт өзінің тек экономикалық, әлеуметтік даму дәрежесімен ғана емес, сонымен қатар өмір сүру салтымен, тұрмысымен, тілі, дәстүрімен, өзінің мәдени байлықтарымен, психологиясымен, мінез-құлық, сезім, өзіндік сана ерекшеліктерімен дараланады. Соның ішінде ұлттық мінез-құлықты қалыптастыру мәселесінің негізгі бастауы отбасынан басталады.
Қазақ халқының ұлттық мәдениеті - тарихи мәні бар өзіндік ерекшеліктері бар құбылыс. Этнопедагогика - ұлттың мәдени мұрасы, тәрбие негіздері. Белгілі ғалым А. Қасымжанов: «Мәдени эмперикалық деректер мен айғақтарға талдау жасай келе және ғылыми ілімдерге сүйене отырып, этномәдени уақыттың рухани дүниетанымдағы (негізінен қазақ халқының) кезеңдерін (мифологиялық ауқыт, архетиптік уақыт, өркениеттік уақыт, дәстүрлік уақыт, инновациялық уақыт) ғылыми түрде айқындап көрсетеді. Ағартушылық - қазақ халқының XIX ғасырдағы рухани мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады-дейді. [8]
1. 2. Халықтық дәстүрлердің тарихи танымдық сипаты
Бала тәрбиесіндегі ең негізгі тірек бұл халықтық педагогиканың бай мұрасы деп есептейміз. Осыған орай жас ұрпақтың бойында халықтың педагогиканың озық дәстүрлері арқылы адамгершілік қасиет саналарды қалыптастыруда мүмкіндік жасайтынын дәлелделеді.
Балалардың жас ерекшелерін еске алу негізгі қағида болып есептеледі. Мұнда ең алдымен балалардың адамгершілік сезімі мен адамгершілік дағдысына ерекше мән бердік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz