Мазмұнды ойын есептерді қолдану


Мазмұнды ойын есептерді қолдану
Дидактикалық ойындардағы жұмыс үшін дайындық деңгейіндегі бастауыш мектеп оқушыларын топтарға бөлу кезінде мұғалім бұл жерде нашар, орташа және күшті даярлық деңгейіндегіге дәстүрлік бөлу тиімсіз екендігін есте ұстауы қажет. Дидактикалық ойынның өзіндік үлгісі оның ішкі жан дүниесін жандандыра алатындығынан және әдеттегі жағдайларда тек қанағаттанарлық білім көрсететін оқушылар да, ойында жеңімпаз бола алады. Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық құрылымы ерекшеліктерін, ынтасын, ерік күштерінің сипаты мен қарқындылығын білу маңызды.
Мәселен дидактикалық ойынға енгізілген материал бойынша сабақтың алғашқы бөлігінде қанағаттанарлықсыз баға алған оқушыларға «Дидактикалық ойында тапсырмаларды нақты шешуге саған не көмектесті, сен 5 минут алдын ғана берілген материалды түсінбегендігіңді көрсеттің ғой?» деген сұрақ қойдық. Оқушы: «Мен ойын ережелері мен міндеттерін түсіндіруді, мұғалімнің сыныпқа берген сұрақтары мен оларға берілген жауаптарды, мұғалімнің топ басшысымен әңгімелесуін бәрін-бәрін тыңдадым және бәрін түсіндім және мен артта қалуды қаламадым» деп жауап берді (Арысбек Айда. әңгіме-сұхбаттан) .
Бастауыш мектеп оқушылары мұғалімнен сабақ барысына дидактикалық ойынды енгізу жөніндегі түсіндірмені тыңдай отырып, оқу тапсырмасын, ережені, бақылау сұрақтарын, жауаптарды айрықша мұқият тыңдайды және мұғалімнің топ басшысымен әңгімелесуіне де құлақ салады. Оқушы бар күшін сала отырып жеңіске жету тілегі оның танымдық іс-әрекетін жандандырады, өзіне деген барынша жоғары талаптарды алға қояды.
Осылайша оқу үрдісінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар психологиялық, қоғамдық-құлықтық, дидактикалық және әдістемелік негіздердің сақталуы кезінде ғана оң нәтижелерге алып келеді.
Кейбір дидактикалық ойындардың мысалдарын қарастырайық
Дидактикалық мақсаты. Берілген математикалық, тілдік тапсырмалар баланың ұғым-түсінігіне сай күнделікті өмірінде көріп, қолымен ұстап, сезіп-біліп жүрген қарапайым нәрселерін қамтиды. Бала берілген тапсырмаларды орындау барысында қиялдайды, ойланады. Демек, оның логикалық ойы дамиды. Заттар мен ұғымдардың суретін салу, оларды бояу арқылы эстетикалық сезімі оянып, соларға ат қою барысында сөз, сөзден сөз тіркесін, одан сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастырады. Нәтижеде баланың логикалық ойлау қабілеті, эстетикалық талғамы мен тілі қатар дамиды, сөздік қоры молаяды.
Оқушылардың берілген тәртіпте санай алу шеберліктерін тексеру.
Тапсырма
1. Сөйлемді аяқтаңыз: «Сурете алма көп, ал конфет . . . (біреу) ». Сіз өзіңіз өте жақсы көретін затты бояңыз
2. Қуыршақтардың көйлегін бояңыз. Қызыл қуаршақтың көйлегі сары қуыршақтікінен ұзын, бірақ жасыл қуыршақтікінен қысқа. Неге олай?
2. Дидактикалық мақсаты. Оқушылардың 1, 2, 3, 4, 5 сандарын білуі мен оларды жаза білу шеберлігін; есептеу кезінде алдыңғы және артқы сандарды анықтай алу шеберлігін; «қанша?» және «есеп бойынша қайсысы?» сұрақтарына жауап бере алу шеберлігін; тапсырма сұрақтарына жауап бере алу шеберлігін тексеру.
Тапсырма мәтіні
1. Жоғарғы қатарда 3 саны жазылған. Оның сол жағына есептеу кезінде 2 санының алдында жүретін санды жазыңыздар. 2 санының оң жағына есептеу кезінде оның артынан жүретін санды жазыңыздар.
2 санын табыңыз. Оның сол жағына есептеу кезінде 4 санының алдында жүретін санды жазыңыздар. 4 санының оң жағына есептеу кезінде оның артынан жүретін санды жазыңыздар.
3. Мұхаметжанда 1 жасыл және 1 сары машинасы бар. Мұхаметжанда қанша машина бар? Жауапты қызыл торкөзге жазыңыздар.
4. 3 машина тұрды. 1-еуі кетіп қалды. Қанша машина қалды? Жауапты көк торкөзге жазыңыздар.
5. Аяқталу ұшы қызыл нүктелер (көк нүктелер) болып табылатын кесіндіні сызбалаңыз.
Сабақ барысында оқытудың әдіс - тәсілдерін қолданудың мәні зор. Оны нәтижеге жету үшін ойынды өткізу кезінде көп нәрсе назар аударылған жөн. Бұл бағыттағы ой түйінін ежелгі грек философы Демокрит пікірімен тұжырымдасақ: «Өнер де, даналық та егер оны үйренбесе қолға түспейді». Осы бағытта ұлттық ойындарын сабақ жүргізудің бір тәсілі ретінде пайдаланып отыру - оқытылудың тиімді жолдарының бірі
«Бүгінгі таңда өздерінің тәлім - тәрбие беріп жатқан бүлдіргендер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлемейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілу қажет » деп Білім және ғылым министірі Шәмші Көпбайқызы мұғалімерге арнау сөзінде атап көрсетті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Кенжебекова Р. И. Бастауыш сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын есептерін пайдалану әдістемесі. Пед. ғыл. канд. дисс. - Шымкент, 2004-139б.
- Керімбаева Р. Қ., Жиеналиева Р. Д. Бастауыш сыныпта ұлттық-дидактикалық ойындарды пайдалану. //Қазақстан мектебі, 2006, №10, 24-25б.
- Қайыңбаев Ж. Т. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың мазмұны мен оның құрылымының ерекшеліктері: Пед. ғыл. кан . . . дисс. −Алматы, 1998. -101б.
- Н. Н. Медетбекова Ұлттық ойындарды бастауыш математикасын оқытуда пайдалану. «Білім берудің инновациялық моделі: бағыттары мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Ақтөбе-2007
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz