ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Садуова Ж. Н- Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, п. ғ. к., доцент
Қазіргі кезде елімізде білім мазмұны жаңа үрдістен біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің жедел дамуы, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының жедел нақтылануы, әсіресе, білім саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектептегі осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйелі жүйесі жасалып әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алып, педагогика теориясы мен оқу тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты білім беру парадигмасы өзгеріп: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас; оқыту технологиясын жеделдетудің психологиялық педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегінше сипатталады:
• есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл ойды дамытатын оқуға көшу;
• білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
• білім алушыға әрбір деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің жинақталған бай тәжірибесі - педагогикалық үрдісті технологияландыру.
Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек.
Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтік негізін қалыптастыруды, білімді еңбекпен ұштастырып, іс-әрекеттің сапалылығын дамытады, мақсатты өмір сүруге ұмтылуға әсер етеді. Оқыту технологиясы оқу бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс-құрал тұрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнда, тиімді әдістер мен құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнда, тиімді әдістер мен құралдарды, бағдарлама мен алға қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу.
Оқу процесінің тиімділігі ең алдымен білім алушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне қатысты бұларды қамтамасыз ететін сол басқару болып табылады.
Жаңаша оқу-әдістемеліктердің жүйелі оқытуды жаңа педагогикалық технологиясының қоятын негізгі талаптары білім жүйесінің барлық компоненттеріне түзетүлер енгізіп, оқу процесін қайта құру, ондағы мұғалімнің рөлін қайта қарап, артық ақпараттан арылту, қалыптасқан дәстүрлі әдістердің ендігі жерде жарамайтындығы себепті жаңа өмір талабына сай, мамандықтың стандартына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды ұштастыру болып табылады.
Осымен байланысты интелектуалдық эмпирикалық, іскерлік, коммуникативтік жағынан білім алушыны айналадағы дүниемен, табиғатпен, басқа адамдармен, өз-өзімен т. б. өзара белсенді әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындауды, жүйелі жаңа педагогикалық технологияларды қамтамасыз етеді.
Оқыту үдерісінде білім алушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен, білім берудің мақсат приоритеті түбегейлі өзгеруі керек; бірінші кезекке, бұрынғыша білім алушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жекебас тұлғасын тәрбиелу мақсатын жаңа педагогикалық технологиялар арқылы шебер жүзеге асыруға болады.
Білім мазмұнының жалпы адамзаттың құндылыққа бағдарлануы білім беруді ізгіліктендірудің міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, оқытуды шамадан тыс идеологизациялауға жол бермейді, саясаттандыруды болдырмайды.
Оқу әрекетінің қалыптасуы білім мазмұнының теориялық деңгейін көтеру ұстанымымен тығыз байланысты. Бұл білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыруды қажет етеді.
Осыдан объектілер мен құбылыстардың тек сыртқы түрін, белгілерін бақылап, көріп тану, тәсілін ғана емес, білім алушыны ынталандырып шығармашылық әрекетке жетектейтін ішкі байланыстарды, өзара тәуелсіздікті заңдылықтарды өздігінен ашып, түсініп танитындай әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік туады, оқу әрекеті арқылы білім алушыны осындай тәсілдермен жұмыс істеу біліктерін меңгереді.
Сабақ үстінде оқыту процесінің тиімділігін білім алушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне тәуелді, ал мұндай белсенділікті ең алдымен тиімді басқарудың қамтамасыз ететінін ұмытпайық. Оқу процесін толық басқарудың идеясы жүйелі көзқарасқа сүйенген педагогикалық технология негізінде жатыр.
Жаңа педагогикалық технологиялар бойынша оқыту процесі түгелімен мақсатты саналы таңдауға негізделініп, білім алушыларды өз бағдарламасы мен комплексті дидактикалық мақсатымен таныстырудың есебінен жүргізіледі. Оқу процесінің ең маңызды аспектілері ең алдымен, білім алушы таным-әрекетінің қарқынды дамуы мен белсенділігі, қабілеттілігінің жедел дамуы, ойлау мен өзін-өзі басқару жүйесі бұлардың бәрі жүйелі көзқарас болып табылады.
А. П. Сейтешев адам баласының білімге, білуге ұмтылысы күшейген сайын, солғұрлым кәсіби шеберлігі жеделдей түседі деп ұқтырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz