Кедейлер - әлеуметтік тап ретінде



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кедейлер - әлеуметтік тап ретінде
ХҚТУ, аға оқытушы Тулеев Ж.М.

Кедейлер әлеуметтік тап оны ерттеу өте маңызды әлеуметтік проблема.
Әлеуметтік тап - әлеуметтік стратификация теориясындағы ірі
таксометриялық талдау бірлігі. Бұл ұғым стратификация теориясынан көп бұрын
пайда болған. әлеуметтік құрылымды талдаудың маңызды принципі таптық
көзқарас болып табылады. Оның негізінде әлеуметтік қарым қатнастар мен
материалдық өмірдің әртүрлі шарттарының себеп салдарын түсіндіру жатыр. Тап
ұғымы – айтарлықтай ірі көлемдітаңдамалық бірлік, ол қоғамдағы елеулі,
шегіне жеткен жалпы өзгерістерді зерделеуге және қазіргі замандағы қоғамның
ғаламдық өзгерістерді зерттеуге арналған. Әлеуметтік тап ұғымының
тұжырымдамасы бұл әлеуметтік топтардың материалдық қажеттіліктерінің
деңгейіне байланысты өлшемі, ерекшелік белгісі. Кедейшілік – жекеменшік пен
нарықтық қарым–қатнас дамыған таптық қоғамның жемісі. Кедейлер - әлеуметтік
тап, өйткені бұл топтардың өзіндік материалдық ерекшелігі белгісі бар,
яғни, тамақ, киім, пәтер, ақша, тағы басқа жетіспейді. Кедейлік дегеніміз
дені сау өмір сүруді қолдауға қажетті материалдық және мәдени ресурстардың
жеткілікті болмауы. Кедейшілік- тұрғындардың немесе жанбасылардың
белгілі бір бөлігінің ең төменгі деңгейдегі ақшалай, мүліктік және басқа да
ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану-
физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруының
ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік- экономикалық жағдайы[2]. Кедей адамдар
тек қана табысы жағынан төмен жандар емес, ол қоғамның нақты бір мүшелері
болып табылады.

Кедейлік сонымен қатар адам мен отбасының өмір сүруінің барлық
қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда кедейлік
адамның, не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол
жеткізе алмауын, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді.
Кедейлік сонымен қатар адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның
кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен анықталады. Бұл факторлар
адамның мәдени келбетінің, өмір салтының өзгеруіне алып келеді. Яғни,
кедейлік тек объективтік факторлармен ғана емес, субъективтік факторлармен
де анықталады. Сондықтан да кедейлікті зертттеуде жүйелік әдісті қолдану
керек. Кедейлікті адамдардың экономикалық, саяси, мәдени, психологиялық
жағдайы ретінде талдау қажет.
Кедейлер экономикалы тәуелсіз азаматтар қатарына жатпайды. Олар
мемлекеттің көмегіне сүйенбей өзінің отбасының материалдық жағдайын
қамтамасыз етуге қабілетсіз. Қоғамдағы дотация, жәрдемақы, әртүрлі төлемдер
алушылардың саны қоғамдағы кедейліктің деңгейін көрсетеді.Әлеуметтік
мүмкіндіктерге қол жеткізудің нақты жабықтығы, өздерінің құқықтарын жүзеге
асырудың мүмкін болмауы кедейлердің экономикалық тәуелділігін арттыра
түседі. Кедейлер машина, қазіргі тұрмыстық техника, супермаркеттер
қызметін пайдалану, қаланың мәртебелі жерінде мекендеу, жақсы тұрмыстық
жағдайлар, мәртебелі білім және жұмыс сияқты материалдық байлықтары
болмауымен сипатталады.
Кедейлерді әлеуметтік тап ретінде XVIII ғасырда батыс ғалылымдары А.
Смит, Т. Мальтус, Д. Рикардо өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде
туындайтын құбылыс, дәстүрлі қоғамнан индустралды құрлысқа өту ретінде
сипаттаған. А. Смит халықтардың байлықтарының себебідеген трактатында ірі
жекеменшікке ие болу тек азаматтық қоғам орнағанда ғана мүмкін. Мұндай
қоғам жекеменшік иелерінің құқықтары мен мүдделерін қоғап отырады.Яғыни,
кедейшілікпен күрес жүргізеді деп жазды. Адам Смид өз еңбектерінде
мемлекеттің басты ролі азаматтық қоғамда деп анықтады. Т. Мальтустың айтуы
бойынша, кедейлік халықтың шектен тыс өсуі мен азық-түліктің жетіспеуі
болғанда орын алады. Яғни, кедейлік адамзаттың тым көбеюіне байланысты және
оның туындауына кедейлердің өздері кінәлі деген ой айтады. Т. Мальтустың
көзқарасы бойынша мемлекеттік көмек жүйесі осындай адамдардың санын тек
қана арттырады, бұл процесс аштық, әртүрлі ауырулар, соғыс сияқты тиімді
“көмекшілер” арқылы реттеліп отырады..[4]
Мұндай қоғамға құлиеленушілік және капиталистік қоғамды жатқызамыз.
Сословиелік қоғамда кедейшілік жалпылама сипатқа ие болды. Кедейшілікпен
күресу ортақ мүдде болып есептелінді. Сонымен буржуазиялық қоғамда
кедейшілік –материалдық құндылықтардың жетіспеуінен пайда болған құбылыс
емес, арнайы мақсаттармен жасалған механизм. П. Элкок кедейшілікті түсіну
деген кітабында Англиядағы капитализм орнау кезіндегі кедейшілік туралы
жазады. Кедейшілік әлеуметтік және экономикалық саясаттың нәтижесі. Ол
феодализмнен капитализмге өту кезеңінде пайда болған. нақ осы кезде
адамдардың күнделікті үйреншікті өмір сүру жағдайы өзгеріп, шаруа
–егіншілерден жұмысшыларға айналды. Яғни, олардың өмір сүру деңгейі, күн
көрісі еңбектеніп тапқан нәпақасына тәуелді болып қалды. Сондай –ақ П.
Элкок кедейшілікті капиталистік қоғамға тән және одан құтылуға болмайды
дейді. П. Элкок материалистік -әлеуметтанушылардың пікіріне қарсы шықты. Ол
капитализм өте күрделі экономикалық жүйе, сондықтан мұндайда қоғамда кез
–келген адам өзі қалаған өндіріс формасымен шұғылдана алады деді.
Ол - әлеуметтік құбылыс. Кедей тап - әлеуметтік баспалдақтың төменгі
баспасында тұрған төменгі тап. Олар ең төмен әлеуметтік статусқа ие,
мәртебесі төмен қызмет түрлерімен айналысады, мамандану деңгейі төмен.
Кедейлердің жалпы білім деңгейі төмен, ал кейбіреулері сауатсыз. Білімнің,
мамандықтың, мүмкіндіктің материалдық шектеулерге байланысты болмауы,
рухани құндылықтарды қолдана алмауы кедейлерді мәдени артта қалуға алып
келеді Кедейлер негізінен әлеуметтік-мәдени дамуы жағынан артта қалған
адамдар. Кедейлік адамның моралдық-адамгершіліктік жағдайына күшті әсер
ететін келеңсіз құбылыс. Көбінесе бұл әсердің кері жатары көп болып
келеді. Бұл кедей адамдардың бәрі тәртіпсіз, адамгершілігі жоқ адамдар
деген сөз емес. Олардың арасында да шыншыл, адамгершілігі жоғары адамдар
баршылық. Дегенмен, кедейлік адамдарды қоғамға жат қылықтарға не қылмысқа
итермелейді. Кедейлік әлеуметтік мәртебесі жоғары әлеуметтік құбылыс бола
алмайды.
Кедейлік бүгінде адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ғана емес,
жалпы қоғамның тіршілік тынысын анықтайды. Кедейліктің ушығуы қоғамның
әлеуметтік өміріне кері әсер етеді. Кедейлік тұрақты әлеуметтік тап ретінде
әлеуметтік құрылымның бұзылуына, оның жаңа түрлерінің қалыптасуына алып
келеді. Дүниежүзінде кедейліктің таралу ауқымы кеңи түсуде. Дүние жүзінде
қазір 1,3 миллиард адам қайыршылық жағдайында өмір сүруде.
Бұл мәселені зерттеуде кедейлікті түсінуге байланысты үш түрлі
көзқарасты бөліп көрсетуге болады.
1. Кедейлікті табыс негізінде түсіну – кедейлік мәселесін тар
ауқымда түсіну. Адамның табысы анықталған деңгейден төмен
болса оны кедейлер қатарына жатқызады.
2. Кедейлікті негізгі сұраныстар деңгейінен түсіну – кедейлік
мәселесін кең мағынада түсіну. Бұл жерде кедейлік адамның
сұраныстарын, тамаққа деген сұранысын қосқанда, ең төмен
деңгейде қанағаттандыруға қажетті материалдық алғышарттардан
тыс қалуы ретінде қабылданады.
3. Кедейлікті адамдық потенциалдардың даму мүмкіндіктері тұрғысында
түсіну – адамның негізгі мүмкіндіктері мен таңдауының
жоқтығын көрсетеді. Адам тамаққа, киімге, баспанаға, білімге,
денсаулықты сақтауға деген негізгі сұраныстарын
қанағаттандыру мүмкіндігінен шектеулі емес, сонымен қатар
адам өзінің одан да кең қажеттіліктерін, салауатты және ұзақ
өмір сүруге, қажетті білімге, қоғамдық өмірге араласуға,
басқа да әлеуметтік-мәдени сұраныстарын қанағаттандыруға
деген қажеттіліктерін, қатағаттандыруда да шектеулі.[5]
Өмір сүру деңгейі теориясы кедейлікті жеке жағдайдың қыры ретінде
анықтайды. Демек, кедейлік адамның нені иеленуіне байланысты. Кедейлік шегі
бұл концепцияда индивидтің және отбасының физикалық қабілетін сақтауға
қажетті өмір сүрі деңгейімен анықталады. Өмір сүру адамның маңызды
қажеттіліктерін төмен деңгейде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін табыс
деңгейімен өлшенеді.
Қазақстанда кедей тапқа ерекше көрсеткіш ретінде сипаттама береді. Ол
материалды және мәдени құндылықтары төмен сондай-ақ кіріс әкелу мүмкіндігі
жеткіліксіз, өз еңбегін сату мүмкіндігінен айрылған әлеуметтік топтар
жатады.

Падаланылған әдебиеттер:
1. Адам дамуы туралы есеп беру. Алматы 2003ж.
2. Кедейлік социологиясы: Оқу құралы. – Алматы: қазақ университеті,
2004ж. - 67 бет.
3. Концепция по снижению бедности в Республике Казахстан на 2003-2007
годы. С.7.
4. Жаназарова З.Ж., урбеова Ж.А., Социальный анализ реформи проблемы
бедности Казахстане. Весик КазНУ, серия психология и социологии.
№1(4). 2002.
5. Әлеуметтану 1-кітап: Оқулық Жалпы ред. басқ. М.М. Тажин.-
Алматы : Қазақ Университеті, 2005 -346б

Сонымен қатар ол капитализмнің кедейшілікті туғызатын қоғам болып
табылатынымен келісті. Себебі, мұндай қоғамда жұмыс беруші барынша өз
мүддесін ойлап, жұмысқа аз жалақымен жалданғанды дұрыс көреді.
Кедейшілікті зерттеген Кедейшіліктің полиэкономикасы деген кітабы
үшін Нобель сыйлығының иегері болған Сен кедейлікті тұтынатынтауарлардың
көлемімен емес, осы тауарға адамдардың қол жетімділігімен өлшеу керек деді.
Тіпті бай деп саналатын Батыс Еуропа елдерінде кедейшілік міндетті элемент
болып табылады.(Құрылымдық кедейшілік).
Кедейшілік жалқаулық пен кінәнің жемісі деген көзқараспен адамдардың
өзін-өзі қамтамсыз етуге, масылдықтан құтылуына мемлекеттік саясат
бағытталуы тиіс. Жұмысшыларды еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыссыздықпен
қорқыту тектен–тек пайда болған жоқ. Себебі, жұмыссыздықтың соңы кедейшілік
–аштыққа соқтырады.

Кедейшілік түсінігі Батыста капитализмнің келуімен орын алды. Осы
кезден бастап кедейлерге көзқарас өзгерді. Ф. Бродель кедейшілікті ХVІ-
ХVІІ ғасырларда өршіген буржуазиялық қатыгездік деп жазды. Ло өзінің
жазбаларында келесідей деректерді келтіреді. Еуропа қалаларында ХVІғ.
кедейлерді емдеп, тамақтандырса, ХVІІІ ғ. Оларды ұрып- соғып, азапты
жұмыстарғ салған.
Кедейлердің әлеуметтік құрылымын әлеуметтанулық нақты зерттеудің 200
жылдан астам тарихы бар екендігіне көз жеткізуге болады. АҚШ пен Батыс
Еуропада бұл мәселе ертеден қарасырылып келеді.
Кедейшілік – жекеменшік пен нарықтық қарым – қатнас дамыған таптық
қоғамның жемісі. Мұндай қоғамға құлиеленушілік және капиталистік қоғамдарды
жатқызуға болады. Сословиелік қоғамда тен құқықтық адамдардың қоғамында
кедейшілік жалпылама сипатқа ие болды және оны мен күресу ортақ мүдде болып
есептелді.
Батыста кедейшілік түсінігі.капитализмнің келуімен орын алды. Осы
кезден бастап кедейлерге көзқарас өзгере бастады. Ф. Бродель кедейшілікті
XVI-XVII ғасырлардағы өршіген бржуазиялық қатыгездік деп жазды. Ол өзінің
жазбаларында келесідей деректерді көрсетті.

Х1Х ғ. Ортасында белгілі философ және социологияның негізін
қалаушы Герберт Спенсер кедейлікке қоғамдағы заңдылықтардың бірі ретінде
баға береді. “Әлеуметтік статика” деген еңбегінде ол кедейлік пен теңсіздік
қоғамдық өндірістің өсуіне орай туындап, өсіп отырады дейді. Яғни,
өндірісті тоқату мүмкін болмағандықтан бұл мәселені толық шешу мүмкін емес.
Г. Спенсер кедейлікке қоғамдық әлеуметтік құбылыс, ол әр адамның жеке
проблемасы деген пікір айтады. Бір адамдар қыйыншылыққа мойымай,
проблемаларын шешіп жатса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедейліктің түрлері мен әлеуметтік құрылымы, мәдениеті
Әлеуметтану пәнінен лекциялардың қысқаша мазмұны
Отандық ғалымдардың кедейлік мәселесін зерттеуі
Кедейшілік қазіргі қоғамның өзекті проблемасы
Қазақстанның әлеуметтік құрылымы
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде
Бірінші кедейлік мәселесі
Кедейлік ұғымы, онымен күрес тәжірибесі. Халықтың тұрмыс-деңгейін көтеру жолдары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ САПАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ПӘНІНІҢ ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Пәндер