МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫН ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫН ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ

Балала дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделендіруден тұрады. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер ең алдымен педагогтар, оқыту мазмұны яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді.

Бала ақыл-ой дамуының негізгі өлшемі-репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық тапсырмаларға көше отырып, әр түрлі типтегі тапсырмаларды өз бетімен шығармашылық тұрғыдан орындай білу.

Әр сыныпта баланың жас ерекшеліктеріне сай жүргізілетін педагогикалық-психологиялық зерттеу жұмыстары оқушылардың қабілеттеріне қарай, олардың талап-тілегін қанағаттандыратындай білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда тәрбиешілерге үлкен қозғау салады, оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды.

Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол-жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, ой-өрісін, сана - сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім дағдыларға үйрету. Сәбидің тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдениетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі - тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ақыл-ойының жетіле түсуіне негіз болады.

Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Дәл осы жас шамасында баланың сөз қолдану ерекшелігін терең зерттеп, талдаған балалардың көрнекті жазушысы К. Чуковский оларды данышпан лингвистер деп атаған болатын.

Ақыл - ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл тозбас киім, білім сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен - ақ байқауға болады.

Оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Білім оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. «Көзбен көрген, құлақпен естіген ақиқат емес, тек қана мұқият зерттелген - ақиқат». Мектеп жасына дейінгі баларда тәрбие, оның бөліктері туралы ұтымдардың анықтамаларының да ғылым анықтамаларымен сәйкес келетіндігі байқалады. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл - ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана - сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогиканың анықтамасы бойынша ақыл - ой тәрбиесі деп мектепке дейінгі балалардың ақыл - ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл - ой еңбек мәдениетін дамытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс - әрекетін түсіндіруді айтамыз.

Бірақ бала өмірінің іс - әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша баланы қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл - ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.

Ақыл-ой тәрбиесі - тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, медениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн. Ақыл - ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез - құлық, еңбек нәтижесі, білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш - қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.

Ақыл - ой тәрбиесі - адам зиялылығының негізі. Ақыл - ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл -ой күштері.

Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі.

Жалпы айтқанда, ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс - әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным бұл әр жақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.

Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой - түйсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өнделуі, мәнге айналуы. Ойлау - барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсінуі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, балалардың ақыл - ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.

Енді әр бір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етейік.

Нақты және абстракт логикалық ойлау. Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалык ойлау балалардың ойнау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс - әрекетінде байқалады.

Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой - пікір-леріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәнді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.

Жинақтай ойлау бөлігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принциптерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.

Алгоритмдік ойлау көз деп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.

Индуктивтік ойлау ғьлыми зерттеу немесе оқушыларға жаңа білімдерді баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.

Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты.

Сонымен, ойлау түрлері шәкірттердің нақты зиялылық білігін сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне, іс - әрекеттеріне, оның алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр - түрлі сатыда іске асады.

Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл -ой күштері деп атайды. Ақыл - ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгертуге қабілетті етеді.

Ақыл - ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады. Олар:

  • ойлау іс - әрекетінің шарты болатын білім жинау;
  • негізгі ойлау операцияларын меңгерту;
  • зиялылық біліктерді қалыптастыру;
  • дүниетанымды қалыптастыру;

Аталған міндеттерге жеке - жеке тоқталайық.

Білім қорын жинау. Балаға зиялы белсенді іс - әрекетке қажетті ақылдың бірде бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін білім беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.

Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайындығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелер, заңдар, зандылықтар, формулаларда бейнеленетін және аралардағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді.

Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсіл-дерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніңдегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір белігінің орнын түсіну де жатады.

Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс - әрекетке итермелеуші себептер-мен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс - әрекетке дағдылану қажет.

Ақыл - ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларыиа ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.

Анализ дегеніміз бүтінді беліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.

Синтез - заттың бөліктеріне ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру.

Анализ бен синтез біріне - бірі қарама - қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір - бірімен үздіксіз байланыста болады.

Белгілі бір сабақтастықта нақты бір белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.

Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды.

Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдар-лығын көрсетеді.

Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие жұмысындағы алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс - әрекеті іскерліктерінің тобын оқушылардың меңгеруі өте қажет.

Жалпы оку іс - әрекеті іскерліктерінің қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік әр - түрлі пәндер және сыныптар бойынша сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп алған білім негізінде шәкірттердің практикалық әрекетінің іске асырылуын атайды. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу, жазу және сөйлеу техникасын меңгеру. Ал сауатты оқи білу - сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу.

Жалпы оқу іскерліктерін оқушыларға үйрету, олардың білім саласында теориялық сауаттылығының деңгейін көтеру болып табылады. Ал бұл мәселе мұғалімнің әдіскерлігіне, ғылыми педагогикалық сауаттылығына байланысты.

Ақыл - ой тәрбиесінің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардын ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының зандарын ұғыну. Жинақты етіп айтсақ, оқушылар барлык пәндерді оқу процесінде негізгі дүниетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.

Ақыл - ойды дамытудың ең басты құралы - оқыту. Ақыл - ой күштерін оқыту барысында дамыту оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыра-тын, оқу әрекеттерін орындататын танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүреді.

Теориялық тұрғыдан қарағанда: баланың ақыл - ойын дамытуға бағытталған оқыту әдістемесі «дамыта оқыту» тұжырымдамасынан орын алады.

Бұл тұжырымдаманың мәні оқытуды шамалай отырып қиындықтьң жоғары денгейінде құруға келеді. Бұл үшін оқушының білім қорын жинақталған теориялық білімдерден, ғылымдағы жетекші қағидалар-дан тұруы қажет. Осының негізінде қажырлы ақыл - ой еңбегіне қатыса отырып, оқушы жеке деректер мен құбылыстар сырына ене алады. Сондықтан да дамыта оқыту әдістемесінің негізгі оқытудың мазмұнын іріктеу мен әдістерін тандап алудан басқа, оқушы алатындай оқу қиындық-тарының сипаты мен дәрежесін дәл анықтауға тіреледі.

Мазмұнды әдістемелік дұрыс ашып беру, дамыта оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдап алу оқушылардың жалпы ақыл - ойының дамуын қамтама-сыз ететін сабақта белсенді ақыл - ой еңбегіне қол жеткізуге талаптанудағы мұғалімнің шынайы шығармашылық еңбегінің ауқымы болып табылады.

Зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалар-дың түрлері де ақыл - ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдаланылады. Мұндай оқу тапсырмалары көптен саналады. Біз мысал есебінде кейбіреулерін еске түсірмекшіміз.

1. Зерттеу және бақылау ісіне қатысы бар тапсырмалар; бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыстар т. б.

2. Шығармашылық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру, өз бетінше әр түрлі пәндер бойынша есептер құрастыру, сурет салу, белгілі тақырыптарға баяндамалар, рефераттар жазу т. б.

3. Салыстыруға байланысты тапсырмалар: логикалық және жинақтай ойлау.

4. Ойлау әрекеттерін реттеуге бағыттталған тапсырмалар; алгоритмдерді, алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру т. б.

5. Анализдеу оқу жұмысына байланысты тапсырмалар: заттарды, құбылыс-тарды топқа бөлу.

Жалпы айтқанда, ақыл - ой тәрбиесін ақыл ойдың дамуын қамтамасыз етуде тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұлғасын қалыптастырғысы келсе, өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.

Ақыл - ой тәрбиесінің міндет-терін шешу мұғалімнің біліміне, жалпы және әдістемелік мәдениетіне, оның өзінің танымдық күшінің дамуына байланысты екендігі сөзсіз. Барлық оқушыларды белсенді танымдық іс - әрекетке тарту, түрлі тапсырмаларда пайдалану, оқытуды дұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттіктерінің өсуін қамтамасыз етеді.

Балалалардың іс - әрекетін ұйымдастыруда ақыл - ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру айрықша орын алады. Оқу еңбегінің мәдениеті оқушлардың ақыл - ой іс - әрекетінің сапасын сипаттайды. Еңбектену мәдениеті - бұл оқу еңбегін дұрыс жоспарлау және тиімді ұйымдастыру, оқу гигиенасы ережесін сақтау, жұмыс орнын және қажетті материалдарды реттеу, оқу құралдарын пайдалана білу.

Ақыл - ой жұмысының дұрыс ұйымдастырылған ырғағы демалыспен еңбек түрлерінің орынды ауысып келіп отыруын қажет етеді. Оқушы осылардың бәрін бірізділік пен жүйелі түрде басшылыққа алып отырса, оқу еңбегінің тиімділігі артады.

Оқу еңбегінің мәдениеті ақыл - ой іс - әрекетінің жалпы ережелерін білуді және оны өз еңбегінде басшылыққа ала білуін талап етеді. Жалпы ережелерді білу оқушының болашақта оқу еңбегіндегі өзіндік еңбек мәдениетінің тәсілдері мен стилін қалыптастыруға көмектеседі.

Ақыл - ой еңбегінде балалар мәдениеті оқулықтармен, ғылыми және әдеби кітаптармен жұмыс істегенде байқалады. Сондықтан оқушыларды жұмыс істей білуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, текстің түсініксіз жерлерін бөлу, текске сұрақтар қою, оларға жауап қайыру, жұмысты жоспарлау, конспектілеу, қысқаша желісін (тезис) дайындау т. б.

Баланың өзіндік жұмысы, одан білімнің әр түрлі саласына байланысты кейбір ерекше қасиеттерді талап етеді. Мысалы: жұмыс барысында жинақты бөлу; қиыншылықты жеңу; ақыл - ой қабілетін дамыту; естің әр түрлі формаларын пайдалану - логикалық моторлы және көз қапері; бақылау, жазып алу т. б. Бұл қасиеттер тұлғаның өзін - өзі үстай білуіне және жан - жақты сауаттылығына байланысты.

Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары: Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, логикалық ойлауын дамьпу болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық сипаттама
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процестерін дамытудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін қалыптастыру
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың типологиялық ерекшеліктері
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың үйлесімді сөйлеуін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz