ЖЕКЕ АДАМ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЖЕКЕ АДАМ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті[1] . Осы талаппен «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының, өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу басымдылығының мәнін күшейтуге бағытталған, жалпы мақсаттары ұштасады.

Өзін-өзі тану, білім мағынасының құндылығын күшейте отырып, жеке тұлғаның өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін-өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады.
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапаларға адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеу керек» [2], деген Шәкәрім атамыздың терең ойын негізге ала отырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттың құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуды тәрбиелеу ұстаздар міндеті.

Әр адам өз өмірінде бір рет болса да «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің өмірімнің мәні неде?» деген сұрақтарды қояды. Бұл күрделі философиялық сұрақтарға әр адам әр түрлі жауап беріп жатады, кейде жауап таба да алмай жатқан кездері болады.

Адамның ішкі жан дүниесін қандай құбылыстармен теңеуге болады? (ғалам, дүние, ғарыш) .

Өзін-өзі тану дегеніміз не? Өзін-өзі тану дегеніміз - өзін тану, өзінің ішкі потенциалын, өзекті қасиеттерін, жекелік ерекшеліктерін, интеллектуалдық сапаларын, ерекшеліктерін, мінез бітістерін, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауын тану үрдісі.

Қазіргі кезеңдегі еліміздің күннен-күнге гүлденіп дамуы, жаңа саяси-экономикалық өрлеу, болашақ дамуға бағдарланған өзгермелі өмір жағдайлары адамнан ақыл-ой белсенділігін, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, болашаққа нық сеніммен қарайтын азамат пен азаматшаларды тәрбиелеуді талап етеді. Сондықтан өскелең ұрпаққа өзін-өзі тану пәнін оқытудың маңыздылығы өте жоғары.

  • Ғылыми-педагогикалық зерттеулер мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдаулар, мектеп практикасында жас ұрпақты даярлаудың дидактикалық мүмкіндіктері мен оны дамытудың бағдарын сараптау нәтижелері төмендегідей қарама-қайшылықтарды көрсетті: жас ұрпаққа өзін-өзі тану пәнін оқыту мәселесінің дидактикалық тұрғыдан негізделуінің жеткіліксіздігі арасында; өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемісінің қажеттілігі арасындағы қайшылықтар зерттеу проблемасын анықтап берді.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр жастың ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары жастардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері мынадай:

- адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

- жастардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

- қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру[3] .

Әрбір жас кезеңінің негізгі ерекшеліктері жастардың өмірлік жолын таңдауына байланысты тұлғаның көпқырлы өзіндік «Менін» қайта қарауынан туындайды. Бұл алуан түрлі қызығушылықтар, талпыныстар, мақсат қою мен міндеттер, іс-әрекеттерін жоспарлау, рухани ізденістер, абырой іздеу, кез келген ықпалдан өзін алшақ ұстау, қарым-қатынас аясын таңдау, өзін-өзі дәлелдеуі арқылы көрініс береді[.

Ежелден дана халқымыз «бала -бауыр етім» деп, өскелең ұрпақтың көңілі рухты, жаны пәк, таза болғанын армандайтын. Атаның қанымен, ананың сүтімен бойға біткен қасиетті дарытатын орта болады. Ол ең біріншіден отбасы, екішіден мектеп, негізінде жалпы қоғам. Сондықтан да, осындай ортаны құру біздің парызымыз, біздің міндетіміз.

«Өзін - өзі тану» пәнін оқытудың негізгі мақсаты -адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін -өзі басқару негізінде адмгершілік -рухани әлеуетті көтеру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны адмгершілік -рухани тұрғыдан дамыту, ар -ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиеттерімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. «Өзін - өзі тану» пәнінің басқа пәндерден айырмашылығы Қазақстанның білім жүйесінде педагогтарды жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіруге бағыттап, өскелең ұрпақтың өзіндік «менін» қалыптастыруды көздеуінде болып отыр

«Өзін - өзі тану» пәні арқылы жан -жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір -біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарйтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғарғы жеке тұлға тәрбиелей аламыз.

Дан халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған.

Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгешілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.

Ұрпақ тағдыры - ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы - оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт озады. Бұл тұрғыдан алғанда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастыруда «Өзін - өзі тану» адамгершілік - рухани білім беру пәнінің орны ерекше.

Пән ерекшелігі адамның жан дүниесін байытуда өзіндік барлық тұтастығын дамытады. Бала бойында белсенділік, ерлік, жігер, саналылық шыңдалып, ішкі жан дүниесі рухтанып, өз ортасына деген сүйіспеншілік арқылы рухани байлыққа кенеледі. Баланың мінез -құлық сапалары ашылып, оғаш қылықтан аулақ болуға, өзіндік баға бере отырып, жақсы қасиеттерге, биік белестерге талпынтады.

Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны төмендегі дидактикалық негіздемелерге сәйкес іріктелді:

- рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты адамның қабілеттіліктерін ашуға, оның дене, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық әлеуеттерін үйлесімді дамытуға бағытталған;

- өзін-өзі тану пәнінің білімдік мақсаттары жастар дың бойында зияттылық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік мәдениеттерді дамытуға ықпал етуді қарастырады;

- күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесі жалпы орта білімнің жинақтап келгенде оқушылардың оқу жетістіктерінің алты кезеңіне сәйкес және жастардың оқу жетістіктерін қадағалау мен бағалауға қойылған мақсат ретіндегі оқушылардың адамгершілік мінез-құлқы негіздерін қалыптастыруды көздейді[4] .

Пән мазмұнының логикалық құрылымын өзін-өзі тану бойынша күтіл

Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 1-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.

Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін арттыруда пайдалану ерекшелiктерiн айқындау мақсатында жүргiзiлген тәжiрибелiк эксперименттi ұйымдастыру айқындау және оқыту деп аталатын екi кезеңдi қамтыды.

Оның негiзгi мақсаты мектеп практикасында өзін-өзі тану пәнін оқытуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану жағдайын және оның оқушылардың оқу жетiстiктерiне ықпалын айқындау. Соған байланысты мынандай мiндеттер шешiлдi:

- оқушылардың оқу жетiстiктерiнiң деңгейiн және олардың оқу үрдiсiнде педагогикалық технологияларды пайдаланумен өзара байланысын белгiлеу;

- мектепте қолданылатын педагогикалық технологиялардың сипатын анықтау;

- оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерінің төмен болу себептерiн айқындау.

Осы белгiленген мiндеттердi шешу мектептегі өзін-өзі тану пәнi оқытудың ерекшеліктері айқындатады.

Бүгінгі күнде біз бір кісідей «Жаңа заман -жаңа дәуір, жаңа ғасырға» аяқ басып отырмыз. Біздің басты міндеттеріміз -руханилыққа, ұрпақты бейбітшілік рухында ынтымақтастыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениетпен ұлттық мәдениетті кіріктіре меңгерту. Осындай адами қасиеттерді жүзеге асыру идеямын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының призиденті, бар балаға қамқорлық нұрын төккен Сара Алпысқызы ұсынды. Сара Алпысқызың өркениетке өріс алған еліміздің дамуына деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы өмірге «Өзін - өзі тануды» алып келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі
Балалардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Болашақ химия мұғалімінің креативті тұлғасын қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
Өзін-өзі тану, өзіндік сана сезім, өзін-өзі бағалау мәселелері
Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен дамуы
3-сынып «Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Оқушының зерттеушілік қабілетін қалыптастырудағы мұғалімнің ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz