Кедейшілікті төмендету - мүгедектерді әлеуметтік қорғау


Кедейшілікті төмендету - мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушысы Ж. М. Тулеев
Тағдырдың жазуымен «мүгедек» атанған жанның қай-қайсысы болсын мүсіркегенді қаламайтыны анық. Алайда өздерінің әлеуметтік жағынан қорғалмай отырғандықтарына наразы. «Жарлылығын жасырған жарымас» демекші, олары орынды. Мүгедектер әлеуметтік төмен топтар өйткені олардың Шынымен де, бар-жоғын түгендей қалсаң, министрлік тарапынан мүгедектерге лайықты көңіл бөлінбейді дегенге лажсыз сенесің. Мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қаржы-қаражаттан бастасақ, мүгедек жандарға тиесілі жәрдемақының мөлшері мынадай: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы ҚР «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заңымен реттелсе, арнаулы көмек ҚР «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңының негізінде тағайындалады. Мүгедектердің құқығын қорғауда мынадай қажеттіліктерінің дұрыс жүзеге асырылмаған:
- жәрдемақы тым төмен;
- инфрақұрылымдар мүгедектер жайын мүлде ескермейді;
- мүгедек жандарды ешкімнің жұмысқа алғысы келмейді;
- мүгедектерді психологиялық тұрғыда бейімдеу жағы қарастырылмайды;
- медициналық көмек әрі сапасыз, әрі өз деңгейінде емес;
- дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының (ВТЭК) жұмысында кертартпалық көп;
Әлеуметік көмекті қажет ететін мүгедек топтар - кедейлік деңгейінде өмір сүреді. Кедейшілік ол материалдық және рухани қажеттіліктердің жетіспеушілігі, атап айтқанда, тамақ, киім, баспана, денсаулық т. б. Денсаулығы қалыпты деңгейде емес, немесе қандайда бір ситуациялардың еңбекке жарамсыз болып қалған адамдар. Статистикалық мәліметке жүгінсек, бүгінде республика бойынша 470 мыңға жуық мүгедек бар екен. Бұл жалпы халықтың үш пайызын құрайды. Әрбір үшінші мүгедек еңбекке жарамды бола тұра, оларды жұмыспен қамту мүмкін емес көрінеді. Деректерді алға тартсақ, ІІ топтағы мүгедектердің 2, 5 пайызы, ІІІ топтағылардың 15 пайызы ғана жұмыс істейді. Еліміздің заң шығару органдарында мүгедек ұйымдарының бірде-бір өкілі жоқ. Демек, ғаріп жандардың мұң-мұқтажы түгел дерлік ескеріле бермейді. Мәселен, осыдан біраз уақыт бұрын «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» қоғамдық бірлестігі «Нұр Отан» партиясына хат жолдап, жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында көліктердің әйнектерін көмескілеуге тыйым салынғанда, мүгедектер мүдделерінің ұмыт қалғандығын айтып, хат жазған болатын. Нақтырақ айтсақ, қала көшелерінде пандусы бар дәретханалар жоқ. Сол себепті мүгедек жандар «памперс» ауыстыруды болмаса басқа да қажеттіліктерін көлік ішінде отырып жасауға мәжбүр болады. Ал мұндай жағдайда көмескіленбеген көліктің қандай қолайсыздық туғызатыны айтпаса да түсінікті. Алайда «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» қоғамдық бірлестігінің бұл өтініштері аяқсыз қалды. Айрықша айтпағым, атқарушы болмаса өкілетті органдарда жұмыс істеп жатқан бірде-бір мүгедек жан жоқ. Барлығы кішігірім цехтарда отыр. Заңға сәйкес, әрбір мекемедегі жұмыс орындарының үш пайызы мүгедектерге тиесілі. Қазір барлық жұмыс орындарын аралап көріңіздерші, мүгедек жанды таба алар ма екенсіз. Сондықтан ғаріп жандардың жоғары білім алуларына, қызметке араласуына Үкімет тарапынан жағдай жасалуы керек. Олардың барлығын бірдей тегін оқытуға тиіспіз. Мүгедектердің құқықтары өз дәрежесінде қорғалып отырған жоқ десем, артық айтқандық емес. Тіпті мүгедектердің өздері де өз құқықтарынан бейхабар. Сол себепті де еліміздегі мүгедектердің қоғамдық ұйымдары жарымжан жандардың мүдделерін қорғауға тырысып жатады. Десек те ауыз толтырып айтарлықтай көмек көріп отырғанымыз жоқ. «Бұл - елдігімізге сын» дер едім. Мүгедектер құқықтарын қорғау және көтермелеу сияқты қызметтің осындай басымдығымен жұмыстың маңызды бағыттары мүгедектер құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттары туралы, олардың орындалуын бақылау және оны әзірлеуге қатысу туралы ақпараттарды тарату болып табылады.
Мүгедектік проблемасын зерттеу және мүгедектерді қорғау бойынша практикалық қызметі олардың құқықтарын қорғау үшін халықаралық жеке жүйені құру қажеттігін айқындады. Осыған байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қатысты мемлекеттің саясатын анықтайтын халықаралық құжатты қабылдау - бұрыннан қажетті шара. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары мен ар-намысы туралы Конвенция мүгедектер құқықтары бойынша халықаралық стандарттар кешенін және оларды қамтамасыз етуді бақылау жүйесі болатындығын ескере отырып, адамның дене және психикалық ерекшеліктеріне бойынша кемсітушілікті жоюға мүмкіндік беретін тиімді механизм болып табылады деп күтілуде. Қазақстанның осы халықаралық құжатты әзірлеу процесіне қатысуы, алдағы уақытта шартқа да бірігуі демократиялық қоғам және адам құқықтары идеяларын ұстанатынын білдіреді.
Басымдық бойынша жұмысты жүзеге асыра отырып, Уәкіл халықаралық деңгейде мүгедектер құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен және көтермелеумен айналысатын ұйымдармен белсенді ынтымақтастықта болады. Сонымен, Уәкіл Халықаралық оңалту орталығымен (АҚШ, Вашингтон) ынтымақтастықта болуға және «Мүгедектердің құқықтарының халықаралық мониторингі» жобасы шеңберінде Қазақстанда адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуге әзір екенін білдірді. Халықаралық оңалту орталығы халықаралық ұйым бола отырып, әлемнің барлық аймақтарында халықаралық құқық қорғау идеяларын алға тартуға өзінің бағалы үлесін қосады. Осы мақсатта ұйым мүгедектер құқықтары мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады, оның нәтижелері жыл сайынғы баяндамаларда көрініс береді Уәкіл мекемесі «Мүгедектердің халықаралық қоғамдық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің 2005 жылғы 29-30 қыркүйекте Алматы қаласында өткен «Науқастарды үй жағдайында оңалту бойынша жұмыс тәжірибесі туралы және мүгедектердің еңбекпен қамтылуы туралы» республикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақыруын жылы қабылдады. Конференция мақсаты мүгедектердің құқықтарын өзекті ету, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды еңбек және медициналық оңалту бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу, осы бағытта жұмыстарын жетілдіру үшін мемлекеттік органдардың практикалық ұсыныстарын әзірлеу болып табылады. Мүгедектер құқықтары мәселесі жөніндегі республикалық конференцияны өткізу қоғам өмірінде және әділ сотта мүгедектердің жан-жақты қатысуының халықаралық стандартын іске асыру жолымен мүгедектердің әлеуметтік және экономикалық интеграциясы үшін жағдайлар жасау қажеттігі көрсететін құқық қорғау органдарының ең алғашқы көлемді әрекеті болып табылады.
Мүгедектердің басты проблемасы, бұрынғыдай, мүгедектерге арналған арбалармен қамтамасыз етілмеуі. Осы уақытта, қосымша құралдарды қажет ететін Мүгедектердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің стандарттық ережелеріне сәйкес оларды пайдалану мүмкіндігі болуы қажет. Тараз қаласындағы № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған тұлғалар үшін ескі модельді арбалар пайдаланылады, қазіргі заманғы мүгедек арбасы мен қозғалу құралының жетіспеушілігі байқалады. Уәкілдің мүгедектер үйіне бару кезінде айқындалған проблемаларды шешу қажеттілігі туралы бірнеше рет жасалған ұсыныстарына, арнаулы баяндамада көрсетілген проблемаларға қарамастан, көптеген мүгедектер мамандандырылған мекемелерде арбалардың болмауы себебінен, қолдан жасалған қозалыс құралдарын пайдаланады.
Тараз қаласындағы № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде қазіргі уақытқа дейін тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған тұлғалар үшін қозғалудың ортопедиялық құралы ретінде шарикті тетікті жөңгелектерімен кең тақтайларды қолданады, бұл мүгедектердің құқықтары мен ар-намыстарын бұзады, экономикасы дамыған мемлекеттің қазіргі кездегі деңгейіне сай келмейді.
Материалдық қоршаған ортаны пайдалануға кедергі келтіретін бөгеттерді жою үшін мемлекеттің қандай да бір шаралар қабылдауын міндеттейтін Мүгедектердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің стандарттық ережелерінің 5-тармағының мамандандырылған талаптары есебінің оң үрдістері де бар. Алайда, осы жағдайда да шешілмеген проблемалар қалады. Сонымен, Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйі пандустармен және арнаулы қанаттармен жабдықталған, бірақ арнаулы лайықты етіп жасалған дәретхана орындары жоқ, бұл мүгедектердің ерекше қажеттіліктері әлеуметтік және әлеуметтік жоспарлаудың барлық кезеңінде назарға алыну қажет деп белгілейтін Мүгедектер құқықтары туралы декларацияның 8-бабының талаптарына сәйкес келмейді.
Мамандандырылған мекеме штатын кейбір мамандармен жеткіліксіз қамтамасыз ету проблемасы сақталып отыр. Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйінде терапевт-дәрігер және психолог сияқты мамандар жетіспеушілігі байқалады.
Мүгедектердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің стандарттық ережелерінің 7-тармағына сәйкес мүгедектер жұмыспен қамтылу саласында өз құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін алуы қажеттігіне сәйкес принципті мемлекет іске асыруға міндетті. Бірқатар барған мекемелерде мүгедектерді жұмыспен қамту проблемасы әлі де шешімін толық таппаған. Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйінің жанындағы мекемесінде оқу шеберханалары, мүгедектердің еңбек нарығында қажеттілігіне мүмкіндік беретін жас мүгедектер үшін кәсіптік оқыту курстары жүргізілмейді.
Барынша маңызды проблема - ол интернат үйіндегі адами ар-намысты дөрекі және кемсіту әрекеті проблемасы болып табылады. Тараз қаласындағы № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде осындай жағдайлар орын алған. Уәкілдің қолданған шаралары туралы «Қарттардың құқықтарын қорғау және көтермелеу» бөлімінде берілген. Орал қаласындағы интернат үйінде тұратындар арасында сауалнама жүргізу кезінде медбикенің қамқорлықтағы адамдарға дөрекі қарым-қатынасы жағдайы айқындалды.
2005 жылғы 4 қазанда Астана қаласы Білім департаменті Оңалту орталығында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және Оңалту орталығының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасындағы Мүгедектер күніне арналған іс-шаралар өткізілді, осы іс-шара шеңберінде мемлекеттік органдар (омбудсмен, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және т. б. ) және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының өкілдері (ЮНИСЕФ) және мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдары оқыту, қарым-қатынас жасау және тәртібінде қиындықтары бар балаларға кешенді психологиялық-медицина-педагогикалық көмек көрсетуге тағайындалған аталған арнаулы коррекциялық мекемесіне барып қайтты.
Осы акцияның мақсаты қоғамдағы балалар мүгедектігі проблемасын өзекті ету, мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтарын көтермелеу, мүгедек балалар құқықтарын көтермелеу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz