Болашақ педагог мамандардың инновациялық іс-әрекетінің құрылымы мен педагогикалық шарттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Садуова Ж. Н- Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, аға оқытушы

Берентаева А. - Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, аға оқытушы

Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады.

Қазіргі кезеңде білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда. Тиімді оқыту жолдарын бүкіл әлем педагогтары қарастыруда. Нәтижелі оқыту мәселесі педагогика мен психологияның соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде жүргізілуде.

Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде практика жүзінде оқытуды ізгілендіру, демократияландыру бағытындағы әдіс-тәсілдер көптеп қолданылады. Себебі біздің қоғамымызға заман талабына сәйкес қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, білімді, белсенді, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азаматтар қажет-ақ.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні -қараң, келешегі тұман», - деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі білім беру мекемелеріндегі мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- білім алушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияны тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Білім алушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі - жоғары интеллектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудың үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен студенттердің, педагог пен білім алушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру педагогтың теориялық білімінің, инновациялық іс-әрекетінің болуын талап етеді.

Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп - мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік - оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдын туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.

Осыған орай қазіргі кезеңде «маман-моделін»-маман профессиограммасын жасау міндеті тұр.

В. А. Сластенин төмендегі маман-мұғалім профессиограммасын ұсынады:

1. Әлеуметтік-психологиялық, этикалық-педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары

2. Психологиялық және педагогикалық даярлық

3. Мамандық бойынша даярлық

4. Пән бойынша даярлық

Әрбір педагогтың инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:

  • инновация туралы білімі;
  • инновацияны жан-жақты меңгеру;
  • инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;
  • инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары;
  • инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ:

- білім сапасының төмендігі;

- білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы;

- құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы;

- білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;

- білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсекеге қабілетті болашақ мамандардың креативтік іс-әрекеттерін белсендірудің педагогикалық-психологиялық шарттары
Мектепте инновациялық білімдік іс-әрекетті ұйымдастыруға болашақ педагог-психологтарды психологиялық-педагогикалық даярлау
Болашақ педагог-психологтардың интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері мен шарттары
Болашақ педагог-психологтерді инновациялық іс-әрекетке дайындаудың құрылымдық-мазмұндық моделі
Болашақ педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастырудың әдістемесі
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздері
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру: теориялық негіздер, жаңа педагогикалық технологиялар және модель
Кәсіптік мамандық негізінде болашақ мамандардың акме-креативті іс-әрекетін қалыптастыру
Инновациялық технологиялар негізінде болашақ кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Болашақ педагог-психологтардың педагогикалық мәдениетін дамытудың ғылыми негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz