СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз және аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-дің негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындау. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі сұрақтары қарастырылады. Семинарлық сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына жауаптардық өздерің дайындаңдар. Әрбір сұрақты дайындау барысында қысқаша әрі сызба жүзінде негізгі ережелер мен жауап тезистерін дайындап, формулалар мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғаннан кейін өзін-өзі тексеріге арналған сұрақтар көмегімен өз білімдеріңді тексеріңдер. Өздерің талдай алмаған сұрақтарды жазып алып, дәрісте немесе СӨЖО процесінде оқытушыға қойыңдар.

СӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалу керек. Ал дәрісте дербес алынған білімдер тереңдетіліп, кеңейтілуі керек.

Алайда семинарлық сабақта қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан студент өз білімін одан әрі тереңдету мен кеңейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Бұл СӨЖО процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖО-да тақырып мазмұнын толық ашатын қосымша сұрақтар мен есептер, жаттығулар қарастырылып, талдау жасалады.

СӨЖ формалары мен мазмұнын өңдеу.

«Макроэкономика» курсының ерекшеліктері СӨЖ формаларының кең жиынымен байланысты. Бұл мынадай формалар:

  • оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;
  • семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;
  • белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;
  • реферат, эссе, баяндамаларды өзара рецензиялау;
  • курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;
  • аса жоғары есептерді шығару;
  • статистика мәліметтерін талдау;
  • кәсіпоын іс - әрекетін модельдеу;
  • топтық жобаға қатысу;
  • таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;
  • глоссарий жасау;
  • тақырып бойынша шолу жасау.

Жоғарыдағылардың кейбіреулерінің мазмұны мынаған байланысты:

Тақырып бойынша шолу жасау - бұл дегеніміз басылым мен Интернеттің ақпарат ресурстарын тартумен ұсынылатын тақырып бойынша жазбаша 1-2 бет қысқаша шолу жазу дегенді білдіреді.

Глоссарий - қазақ және орыс тілдерінде, мүмкін болса шет тілдеріне аудару арқылы терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі; ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарийді құру макроэкономиканың түсініктілік аппараты білімінің қалыптасуына және оны пайдалану дағдыларының өңделуіне ықпал етеді.

Реферат , СӨЖ-дің неғұрлым кеңейтілген формасы бола отырып, әдебиетке міндетті түрде шолу жасау арқылы белгілі тақырыпқа баяндама жасауды немесе ғылыми жұмыс, кітап мазмұнын баяндауды білдіреді. Рефератты оппонирлеу неғұрлым қызықты да ғылыми жұмыс болып табылады. Осының нәтижесінде жұмысқа талдау жасау, пікір - талас жүргізу дағдысына ие болады.

Коллоквиум білімді, әңгімелесу формасында нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар, тәртіп бойынша, ерекше құрылымға ие, сондықтан жауаптар жиналған материалды талдау негізінде ғана берілуі керек.

Эссе - бұл сын мен публицистиканың түрлі жанрларында өзекті әлеуметтік - экономикалық мәселелерге деген өз ойларын білдіру, баяндау.

Дәріс конспектілеріне талдау жасау, өткен материалды қайталау бағдарламалық материалды игеруге, теориялық білімдерді нығайтуға мүмкіндік береді.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты тәжірибелік сұрақтарды шешуде теориялық білімдерді пайдалану дағдысы мен ептілігіне ие болу болып табылады.

Мақсаттар бұтағын құру - ол үшін тыңдаушыларға тақырыпты таңдап, деңгейлер бойынша мақсаттарды белгілеу, барлық деңгейлердегі тапсырмалар мен жоспарларды анықтау, осы мақсаттарға қол жеткізуде кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымдарын анықтау, жұмыс сапасының өлшеуіштері мен тапсырманы бақылау формаларын таңдау ұсынылады.

Презентация - тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез - келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез - келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың неғұрлым ашылғаны және сырт көздерден қаншалықтықызығушылық тудырғаны, сондай - ақ тыңдаушының қарастырылып отырған мәселені қаншалықты кәсіби деңгейде қарастыруы тұрғысынан бағаланады.

Оқытушылық нақты жағдайлар (кейстер) - тыңдаушыларға сұрақтарға жауап беру немесе мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіру бойынша көптеген қарапайым да күрделі жағдайлар ұсынылады; неғұрлым дайындалған тыңдаушыларға өз кейсін жазуға болады.

Іскерлік ойындар тыңдаушыда болашақ кәсіби іс - әрекеті үшін қажетті дағдыны өңдеуге көмектеседі; кейбір ойындар бойынша үйде дайындалып немесе кітапхана мен өндірісте аяқтау қажет.

Топтық жоба (мысалы, кейстік жағдайды құру немесе шешу бойынша) - топта 3-5 адамнан артық болмауы керек, әрбір топ өз жобасын өңдеуі керек.

Жеке жоба - неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек; жоба нәтижелері ғылыми конференцияда ұсынылуы мүмкін.

СӨЖ (СӨЖО) тиімді ұйымдастыруға қатысты тыңдаушыға ұсыныстар

Өткен материалды қайталау. Өткен дәріс материалын қайталау өзіндік жұмыстың неғұрлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындауда оңайырақ болады. Бірінші сабақтан бастап, өткен дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәріс материалын түсіну мен тәжірибелік және лабораториялық сабақтар материалдарын игеру үшін қажетті жағдай болып табылады.

Материалды өңдеуге кірісе отырып, мыналарды жүзеге асыру керек:

  • жұмыс орнын анықтау;
  • егер үйде жұмыс жасау үшін қажетті жағдайлар болмаса, университет пен қалалық кітапхана қызметтеріне жүгіну;
  • дәріс конспектісіне ие болу;
  • курс бағдарламасына ие болу;
  • ұсынылатын әдебиетке ие болу (оқулық, есеп кітапшалары), қажет болған жағдайда материалдар мен құрал - жабдықтарға ие болу.

Жұмыс әдісі:

  • дәріс материалын дереу қайталау (кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұнын ұмытып кетуге болады) ;
  • конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап (бұл емтиханға дайындалу барысында қажет), қажетті толықтырулар мен түзетулерді енгізу;
  • тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсіну мен есте сақтауға дейін жалғасуы керек;
  • тақырыппен жұмыс жасау оқулықтар мен пособияларда келтірілген есептер мен мысалдарды талдаумен аяқталады;
  • егер тақырыппен жұмыс жасаудан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, онда оларды оқытушыға кезекті дәріс барысында қою керек.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Тапсырманы орындау әдістемесі:

  • аталмыш тапсырмаларды орындауды аталмыш тақырып бойынша дәріс материалын қайталаудан кейін ғана бастауға болады;
  • есептерді шығаруға кірісе отырып, оның шартын мұқият оқу;
  • шығару жоспарын ойластыру;
  • есепті шығару барысында қолданылатын формулаларды анықтау;
  • формулаға кіретін шамалардың мағынасына тағы бір рет үңілу;
  • шығаруды алдымен жалпы түрде жүзеге асырып, содан кейін әріптік шамалардың сандық мәндерін қою керек;
  • аралық және соңғы шешім нәтижелерінің өлшем бірліктерін көрсету;
  • дұрыс шешімге талдау жасау.

Коллоквиумдарға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курс тарауының теориялық бөлімін меңгеру дәрежесін бағалау үшін колоквиум өткізіледі.

Осыдан шығатыны:

  • коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек;

Бақылау жұмыстарына дайындық. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:

  • бакалавриаттың ағымдық үлгерімін тексеру;
  • топ бакалавриаттарының дайындығын анықтау;
  • үлгерімділігі нашар тыңдаушылармен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;

Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып, мыналарды жүзеге асыруы қажет:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білу;
  • теориялық материалды, аталмыш тақырыптағы негізгі формулалар мен есепті шығару әдістерін ойға түсіру;
  • оқулықта талданған есептер мен мысалдарды, және тәжірибелік сабақтарда қарастырылған есептерді қайта қарастыру,

Егер студент бірінші дәрістен бастап, өткен материалмен жүйелі түрде жұмыс жасаса, онда бақылау жұмысына дайындалу еш қиындық тудырмайды және ол көп уақытты алмайды.

Жобаны орындау. Жобалар мен жұмыстарды орындау барысында кафедраларда тапсырмалармен бірге берілетін әдістемелік нұсқамаларды басшылыққа алу керек.

Тапсырманы орындау тәртібі:

  • тапсырманы орындауға өзіндік жұмыс графигімен бекітілген мерзімнен кеш кіріспеу керек;
  • егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына оралып, толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу керек;
  • осыдан кейін де қиындықтар болса, онда оқытушыға қосымша сабақтарға келу керек;
  • алынған шешімге талдау жасау,
  • тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережелерін тексеріп, кейбір мәліметтердің өзгеруі жағдайындағы шешімді ойластыру;
  • тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;
  • тапсырма графикпен бекітілген мерзімнен кеш қорғалмауы керек, өйткені ол академиялық берешек болып саналады.

Өзіндік жұмысқа берілетін уақыт айтарлықтай шектелген болғандықтан, өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға үйреніп, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылып, тәжірибе алып, тиімді түрде жұмыс істеп және жұмысқабілеттілігін сақтау үшін саналы түрде демалу керек. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның тыңдаушылардың өзіндік жұмыс әдістемесіне үйрету жауапкершілігі артуда.

«Макроэкономика» курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары

Тақырып атауы
СӨЖО өткізу формалары
Тақырып атауы: Тақырып 1. Макроэкономика пәні. Ұлттық шоттар жүйесі
СӨЖО өткізу формалары: Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу. *
Тақырып атауы: Тақырып 2. Игіліктер нарығы
СӨЖО өткізу формалары: Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, мақсаттар бұтағын құру. *
Тақырып атауы: Тақырып 3. Ақша нарығы
СӨЖО өткізу формалары: Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *
Тақырып атауы: Тақырып 4. «IS-LM» моделі және жиынтық сұраныс
СӨЖО өткізу формалары: Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау. *
Тақырып атауы: Тақырып 5. Жиынтық ұсыныс. AD-AS моделі
СӨЖО өткізу формалары: Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *
Тақырып атауы: Тақырып 6. Ашық экономика
СӨЖО өткізу формалары: Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, жеке шолу жасап, статистикаға талдау жасап, оны рецензиялау және оппонирлеу. *
Тақырып атауы: Тақырып 7. Айырбас курсының тәртібі және жиынтық сұраныс
СӨЖО өткізу формалары: Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, мақсаттар бұтағын құру. *
Тақырып атауы: Тақырып 8. Инфляция және жұмыссыздық
СӨЖО өткізу формалары: Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат жазу, жек шолу жасап, топтық жобаларды өңдеу. *
Тақырып атауы: Тақырып 9. Бюджет тапшылығы және инфляция
СӨЖО өткізу формалары: Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *
Тақырып атауы: Тақырып 10. Ұзақ мерзімді экономикалық өсім
СӨЖО өткізу формалары: Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, қосымша глоссарий құру. *

* - СӨЖ (СӨЖО) қосымша немесе баламалы формадағы тақырыптар бойынша тыңдаушылардың инициативалық ұсыныстарын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған

Тақырып 1. Макроэкономика пәні мен әдісі. Ұлттық шоттар жүйесі

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
  2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
  3. Тест сұрақтарына жауап беру
  4. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару
  5. Төмендегі тақырыптарға рефераттар дайындау:

«Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер», «Кірістер мен шығыстар айналымы», «Мемлекеттік бюджет және мемлекеттік қарыз»

  1. «Негізгі макроэкономикалық мектептер және макроэкономикадағы бағыттар» тақырыбына ауызша баяндама дайындау
  2. Тақырыптың 1 сабағының сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады. 2 сабақтың сұрақтары презентация формасында талқыланады.
  3. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Макроэкономика және микроэкономика арасындағы айырмашылық қандай?
  2. Макроэкономикамен зерттелетін кілтті мәселелерді атаңдар?
  3. Макроэкономикада қолданылатын экономикалық модельдерді атаңдар.
  4. ЖІӨ қандай тәсілдермен өлшенеді?
  5. Нақты ЖІӨ мен номиналды ЖІӨ-нің айырмашылықтары қандай?
  6. Қандай айналым модельдері Сізге белгілі?

Есептер:

1. 2 жыл үшін келесі мәліметтер берілген:

Номиналды ЖІӨ
ЖІӨ дефляторы
: 1929жыл
Номиналды ЖІӨ: 96 млрд. доллар
ЖІӨ дефляторы: 100%
: 1933 жыл
Номиналды ЖІӨ: 48 млрд. доллар
ЖІӨ дефляторы: 75%

1933 жылы нақты ЖІӨ қанша болды? Егер базистік кезең ретінде 1929 жыл алынса?

2. Жабық экономика келесі көрсеткіштермен сипатталады:

  • тұтынушылық шығындар (С) =1200;
  • жалпы инвестициялар (I) =500;
  • мемлекеттік шығындар (G) =300;
  • мемлекеттік трансферттер (TR) =200;
  • мемлекеттік қарыз бойынша пайыздар (N) =100;
  • салықтар (T) =400;
  • таза экспорт (Xn) =-100.

Мыналар неге тең:

а) жеке жинақтаулар;

б) мемлекеттік жинақтаулар;

в) сыртқы әлем жинақтаулары?

3. 2 өнім өндіріліп, тұтынылады деп болжайық: алма және апельсиндер. Апельсиндер 1982ж. 1 долл., ал 1990ж. - 0, 5 долл. тұрды. Алмалар 1982 ж. 0, 5 долл., ал 1990 ж. - 1 долл. тұрды. 1982 ж. 10 алма мен 5 апельсин өндірілген болатын ал 1990 ж. 5 алма мен 10 апельсин өндірілді. базистік жылға 1982 жылды ала отырып, 1990 жыл үшін ЖІӨ дефляторын есептеңдер.

4. 1929 жыл үшін АҚШ экономикасы бойынша келесі мәліметтер келтірілген ( млрд. доллар) :

Трансферттік төлемдер
4, 0
Трансферттік төлемдер: жалпы ішкі инвестициялар
4, 0: 16, 2
Трансферттік төлемдер: бизнеске жанама салықтар
4, 0: 7, 0
Трансферттік төлемдер: жеке табыс салықтар
4, 0: 2, 6
Трансферттік төлемдер: таза экспорт
4, 0: 1, 1
Трансферттік төлемдер: корпорацияның бөлінбеген пайдасы
4, 0: 2, 8
Трансферттік төлемдер: Амортизация
4, 0: 7, 9
Трансферттік төлемдер: жеке тұтынушылық шығындар
4, 0: 77, 2
Трансферттік төлемдер: корпорация пайдасына салықтар
4, 0: 1, 4
Трансферттік төлемдер: әлеуметтік сақтандыруға жарналар
4, 0: 0, 2
Трансферттік төлемдер: тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу
4, 0: 8, 5

а) ЖІӨ көрсеткіштері мен қолда бар жеке табысты есептеңдер.

б) Жеке жинақтаржың көлемі қандай?

в) Экономикадағы капитал қоры қаншаға өсті? (ЖІӨ=ЖҰӨ)

5. Экономика келесі көрсеткіштермен сипатталған:

  • тұтыну шығындары (С) =2300;
  • инвестициялар (I) =700;
  • мемлекеттік шығындар (G) =800;
  • мемлекеттік трансферттер (TR) =100;
  • мемлекеттік қарыз бойынша пайыз төлеу (N) =100;
  • салықтар (T) =800;

ЖІӨ=ЖҰӨ деп болжанады.

Есептеңдер:

А) жеке жинақтарды;

Б) мемлекеттік жинақтарды;

В) мемлекеттік облигациялар мен мембюджет тапшылығын жабу үшін арналған ақшаның қосымша көлемін, егер тапшылық 80% облигация шығарумен қаржыландырылатыны белгілі болса?

Тесттер:

  1. Мөлшерлік макроэкономикалық талдау кезінде жүзеге асырылады:

A) экономикалық субьектінің теориялық әрекет моделінің негізі;

B) макроэкономикалық көрсеткіштерінің өзгеруіне экономикалық субъектілер әсер етеді;

C) макроэкономикалық саясатының құралдарын пайдалануы туралы ұсынысы;

D) ғылыми теориялық болжаудың дұрыстығын сезім арқылы және табиғи жағайда да дұрыстығын тексереді;

E) ғылыми абстракциямен.

  1. Қай жауаптар макроэкономиканың құралдарына жатпайды:

A) бюджет-салық саясаты;

B) ақша саясаты;

C) сыртқы сауда саясаты;

D) кадр саясаты;

E) несие саясаты.

  1. Макроэкономика қандай сұрақтарды зерттейді:

A) үй шаруашылықты, фирма, жеке тұтынушылар мен өндірушілердің сияқты мінез - құлқын зерттейді:

B) жалпы экономикалық жүйеде инфляцияны, жұмыссыздықты, ақша айналысын және экономикалық тепе-теңдіктің себептерін талдайды;

C) өндірістің өнімін сату және өндірістің тиімділігін арттыру мәселелерін зерттеу сұрақтарын;

D) қант қызылшасының өндірісін ұлғайту процессін мәселесін зерттейді;

E) шағын бизнес секторын мен қызметін талдайды.

  1. Макроэкономикалық процестерді оқып үйренудің негізгі әдістері мен құбылыстарына не жатпайды:

A) ауызша моделдеу;

B) математикалық моделдеу;

C) қыйсық сызықпен (кестемен) моделдеу;

D) ғылыми тәжірибе;

E) .

5. Макроэкономикалық модельдер нені білдіреді:

A) әр-түрлі экономикалық көрсеткіш және процесстерінің құрылуы арасындағы функционалдың қарым-қатынастарының мақсаты орындалуымен байланысты;

B) ең белсенді әдістері экономикалық саясатты аймақтарда жүргізу үшін арналады,

C) психологиялық және сала-аралық қозғалыстар;

D) нақты қызметтің ғылыми абстрактісі;

E) экономикалық саясат пен заңдылықтардың жетілмегендігін.

6. Позитивті макроэкономика нені зерттейді:

А) нақты экономикалық құбылыстар мен олардың өзара байланысын;

В) «не болуы тиіс»;

С) бағалау пікірін;

D) кәсіпорынның рентабельділігін;

Е) абстрактілі категорияларды.

7. Макроэкономиканың модельдерінің құрылуында қандай ғылыми - абстракциясының әдісі қолданылады:

A) модельді нақты өмірге келіспелі қылады;

B) экономикалық процестің ішкі логикасын өзгертеді;

C) мәселенің шешілуін жеңілдетеді;

D) математикалық заңдылықтардың қолдануын жеңілдетеді;

  1. моделдердің экономикалық мәнің өзгертеді.
  1. Макроэкономиканың негізгі субъектісі не болып саналады:

A) орталық банк;

B) үй шаруашылығы;

C) фирмалар;

D) тауарлар нарығы және қызметтер;

E) мемлекет.

  1. Макроэкономиканың ерекше белгілеріне не жатады:

A) тұтастай экономиканың қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын зерттеу;

B) аса актуалды мәсеселелер бойынша бір текті фирмалар арасындағы шаруашылық қатынастарының жағдайын зерттеу;

C) нарықтың экономикадағы агенттерінің экономикалық әрекеттерін зерттеу;

D) теориялық гипотезаның дұрыстығын эмпирикалық тексеру;

Е) нақты кәсіпорын қызметінің рентабельділігін талдау.

10. Мысалы, Орталық банк хабарлауы бойынша есеп ставка ақшаға деген сұранысты төмендетеді инфляцияның баяулауына әкеледі. Бұл хабарламада макроэкономиканың анализдің қорытындылары сипатталады:

A) нормативтік;

B) позитивтік;

C) жүйелі функционалдық;

D) формалдық логика;

E) математикалық моделі.

Әдістемелік ұсыныстар. Семинарлық сабақтарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. 1 семинарлық сабаққа дайындалу барысында макроэкономика пәнінің нені оқытатынына назар аударып, макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығын түсініп, макроэкономикалық талдау ерекшеліктерін сипаттап (экономикалық категориялармен агрегирлеу), макроэкономика құралдары мен модельдерін қарастырған жөн. 2 сабақта ақшалай және материалдық ағындар айналымының моделін ашып, үш айналым моделі нені бөліп қарастыратынын көрсету: жабық экономикадағы айналым моделі (экономикалық субъектілердің екі тобы қатысады- үй шаруашылықтары мен фирмалар), мемлекеттің қатысуымен айналым моделі, мұнда үй шаруашылықтары мен фирмалардан басқа мемлекет қатысады, және шетелдің қатысуымен айналым моделі, яғни ашық экономика моделі. БҰҰ, ХВҚ, ББ, ЭДЫБ және Еуропалық одақтың статистика бөлімінің бірлескен күш салуымен өңделген ұлттық шоттар жүйесі түсінігін қарастыру. 3 семинарлық сабаққа дайындалу барысында ҰШЖ-нің маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің өзара байланысын сипаттайтынын көрсетіп, теңдеудің көмегімен негізгі макроэкономикалық теңдік формуласын шығарып, экономикалық өсімнің нақты ЖІӨ өсімінен байқалатынын көрсету.

Тақырып 2. Игіліктер нарығы

СӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Тест сұрақтарына жауап беру

4. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

5. Төмендегі тақырыптарға рефераттарды дайындау:

«Жиынтық сұраныс және оны анықтаушы факторлар», «Тұтыну және жинақтау: мәні, олардың деңгейін анықтайтын факторлар», «Мемлекеттік шығындар және Кейнс мультипликаторы».

6. «Мультипликатор - акселератор моделі : мәні және әрекет ету механизмі» тақырыбына баяндама дайындау.

7. «Кейнс мультипликаторының мемлекеттік шығындарға ықпалы», «Экспортқа сұраныс жиынтық сұраныс құраушысы ретінде», «Бюджет-салық саясаты және оның мемлекеттік шығындардың қалыптасуындағы ролі» тақырыптарына жеке жобаларды дайындау.

8. «ҚР-ғы инвестициялық саясат» тақырыбына бұтақтар мақсатын құру

9. Тақырыптың барлық сабақтырының сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады.

10. Тақырып бойынша қысқаша глоссарий құру.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Психология – ғылым ретінде. Дәрістер
«Персоналды басқару» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Тауарларды кодтау негіздері
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Жас ерекшелігі психологиясы жайлы
Сапа менеджменті пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz