Макроэкономикалық есептеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

1. 1. Макроэкономикалық есептеу

Макроэкономика бүкіл ел, мемлекет көлеміндегі жалпы халық шаруашылығы деңгейіндегі экономиканы есептеп, талдап айқындайды. Макроэкономика негізінде жалпы ел мемлекет қарамағында нарықты заманда, жалпы экономиканы индикативтік жоспар бойынша әлеуметтік - экономикалық даму қамтамасыз етеді. Онда ең жоғары үкімет басқарушы органдардың тікелей әрекеті, жұмысы ұйымдастырылып басқару, осы жоспар арқылы қамтамасыз етіледі. Сол негізде бүкіл ел бойынша, бар халық шаруашылығы көлемінде экономикалық даму негізі салынады. Сондықтан да макроэкономикалық теорияның негізі - барлық шаруашылық оның түгелдей қалыптасатын экономикалық теориялық негізі. Макроэкономикалық методологиялық негізінде, яғни, теория негізінде арнаулы әлеуметтік - экономикалық даму нұсқалары жасалып, оны құрып, пайдаланып, жалпы әр кезеңде мемлекет ел көлемінде даму қамтамасыз етеді. Макроэкономикалық теория негізінде техника - экономикалық керсеткіштер жүйесі пайдаланылып, онымен қатар арнаулы критерийлер қолданылады. Ондай нұсқаны жасауда экономикалық есептеу -талдау үш кезеңде немесе үш этап бойынша жасалады. Бірінші кезең, экономикалық нұсканың жалпы немесе дара түстері, толық информациялық құрамы, ақша массасы, жұмыссыздық деңгейі негізгі мәселелер болады.

Екінші кезең, теориялық негізі әр түрлі балама варианттар концепциясының бірнеше түрі қаралып анықталды. Үшінші кезең, ол гипотеза құру нұсқа негізін салу, яғни, түрлі экономикалық бағыттармен байланысқан және барлық көрсеткіштердің әсіресе, техникалық - экономикалық жүйелер көрсеткіштерінің қарым - қатынастары арқылы және әлеуметгік - экономикалық даму деңгейін есептеу арқылы экономикалық балама жүйесін құру арқылы, экономикалық-әлеуметтік даму жолдары мен бағыттары анықталып, деңгейлері көрсетілді. Макроэкономикалық гипотеза құруда, осы кезеңде ақша массасының өзгеруі, базасының деңгейінің өзгеруі, жұмыссыздықтың ұлғаюы қарастырылады. Макроэкономикалық есептеу негізінде ресурстарды қалай пайдалануды есептеу, оның тиімді пайдалану негізін қарау макроэкономикадағы есептеу түрлі әлеуметтік төлемдердің қатарында есепке алынатын басты түрлері - ол экологиялық төлемге байланысты зиянды жағдайларды, оның төлемдерін есептеу.

1. 2. Макроэкономика - нарықтық экономика жүйесінің негізі

Нарықтық экономика негізінен жекеменшікке сүйенеді және онда экономикалық дамуда нарық жүйесі негіз болады. Осы жүйеде жоспарлар тек қана ұсыным жоспары, жалпы стратегиялық жоспар, индикативтік жоспар болып, мемлекет қарамағында өкімет басқару негізіне алады, жалпы макроэкономикалық дамуды қамтамасыз етеді. Ал, нарық экономика жүйесінде: әрбір мекеме бойынша, қандай да болмасын шаруашылық субъектісінде, ұжымда, яғни, өндірістік, өндірістік емес мекеме болсын онда бизнес жоспары жасалып, пайдаланылып, іске асырылып, осы деңгейде олардың әлеуметтік - экономикалық дамуы қамтамасыз етіледі. Онда баға шектелмейді, баға қалыптасуында мемлекеттің қатынасы болмайды, нарық механизмі негізінде баға еркін қалыптасады. Экономиканың негізі -теориялық методологиялық негіз болып, экономикалық есептеу-талдау арқылы, әлеуметтік -экономикалық дамудың ең тиімді жолын тауып, сол бойынша нұсқа құрып, экономикалық даму тиімділігін қамтамасыз етеді. Осындай тиімді жолды табуда ең басты мәселе, ресурстарды ысырапсыз дұрыс жолда экономикалық негізде тиімді пайдалану, бірден бір басты экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету болып келеді. Осы негіздегі жасалған болжам, экономикалық нұсқа құруда жалпы және өндірістік шығынның баламалары түгел қаралып, оның нақты негізі белгіленеді. Сонымен қатар, фундаменталдық қасиет, ол өнімділіктің төмендеп немесе жоғарылау тенденциясының басты негізінің біріне айналады. Экономикалық болжам нұсқасы, оны жасауда ресурстарды қандай негізді көлемде, қандай тәсілмен пайдалану керек деген экономикалық проблема шешілуі қажет. Экономиканың, ең тиімді жолын анықтау кажет болады. Тауардың тұтыну құны, макроэкономика деңгейінде:

а) тауар өндірушілердің нарық арқылы көрінетін қоғамдық қатынасы;

ә) бұл белгілі бір тауардың басқа тауармен айырбас қасиеті:

б) ол заттың пайдалылығы, қоғамның немесе адамның белгілі бір кажетін қанағаттандыру қасиеті;

Макроэкономикадағы ақша айналысының заңы ең бірінші айналысқа түскен ақша мөлшерінің тауар айналымына тәуслелдігін білдіреді және айналысқа шықпаған тауар мөлшеріне, тауар бағасы дәрежееіне, ақша айналымының қозғалысына байланысты. Макроэкономикадағы ақша айналысы оның заң айналысқа керекті ақша мөлшерін белгілейді, яғни, айналысқа шығарылатын тауар көптілігіне, тауар бағасының дәрежесіне және ақша айналымының тездігіне байланысты. Макроэкономикадағы жалпы құн заңына келсек, ол жеке тауар өндірушінің арасында тауарды өндіру және тиімді сату үшін қолданылатын заң. Сонымен қатар тауарлардың өндірілуі мен айырбасталуы қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуды талап етеді.

1. 3. Макроэкономикалық есеп - нарық жүйесінде.

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты экономика, макро және микро экономика болып бөлінеді. Микроэкономика - барлық әлеуметтік, экономикалық есептеп талдауды жоспарлап, дамуды жеке бірлестік немесе мекеме жеке шаруашылық субъектісі деңгейде қарап, қорытындылап, тұжырымдап, даму негізін салады. Макроэкономика болса, ол аса үлкен аймақтық немесе бүкіл елдің эканомикасы көлемінде қаралып дәріптеледі. Макроэкономикалық теорияның негізіне ең басты экономикалық көрсеткіштер, жалпы ел көлемінде еселтеліп қаралып, әр мемлекеттің экономикалық даму нұсқасы құрылып, даму болжамы жасалып, индикативтік жоспары есептеліп шығарылып, әлеуметтік-экономикалық дамуда пайдаланылады. Нарық экономика жүйесінде ондай жоспардың негізі индикативтік макроэкономикалық жоспар есептеліп шығарылады. Ол экономикалық көрсеткіштердің бастылары -жалпы қоғамдық өнім, жалпы ұлттық өнім, таза ұлттық өнім және ішкі жалпы өнім болып келеді. Сонымен қатар, макроэкономикалық деңгейде: жалпы шығын, өндірістік шығын, еңбекақы көрсеткіштері табыс-кіріс болып келеді. Осы көрсеткіштер арқылы және макроэкономикалық теориялық мәнде методологиялық экономикалық нұсқа жасалып, елдің даму негізі салынады. Сонымен қатар, макроэкономикалық теорияның негізінде, нарық экономика жүйесінде арнаулы экомомикалық және әлеуметтік терминдер. категориялар, анықтамалар қалыптастырылып, әлеуметтік - экономикалық этаптық даму қамтамасыз етіледі. Осы заманда нарық жүйесінде Қазақстан оның ең бастылары - девольвация мәселелері инфляңияға қарсы іс-әрскеттер жалпы бюджеттің тапшылығы, монстарлық проблемалар экономикалық тұрғыдан есептеліп талданып, қорытыңды жасалады. Нарық заманында индикативтік жоспар бойынша, ел өкімет деңгейінде түрлі бағытта олардың әрекеті жоспар негізінде қалыптасады. Осы негізде бүкіл ел - Қазақстан республикасының тиімді және прогрессивтік даму негізі салынады. Сондықтан да макроэкономикалық өрлеу, оның халық шаруашылығы, оның әлеуметтік салалары, инфрақұрылымы жыл санап дамуы қамтамасыз етіледі. Экономикалық есептеуде, есеп алып талдауда: қор айналымы және капитал айналымы, қосынды шығын көлемі негізі макроэкономикалық көрсеткіштер болып келеді. Сонымен қатар, жалпы шығын оның элементтерінің қосындысы макроэкономикалық тұрғыдан негізгі экономнкалық есептеу-талдау көрсеткіштерінің қатарына жатады.

1. 4. Макроэкономиканың негізгі көрсеткіштері

Осы замандағы макроэкономиканың негізгі көрсеткіштерін есептеп шығарудың өзіндік ерекшеліктері бар. Түпкілікті негізі өнімнің - тауардың өзіндік құны, яғни барлық шығынның ақшалай есептеуге қосындысы. Өзіндік құн - барлық өнім өндіруден қажетті шығынды есепке алады. Ол шығын мына бөлімдерден тұрады:

  1. тікелей шығын;
  2. қосымша не көлденең шығын;

Тікелей шығынға жататын шығындар: бүкіл шикізатка, материалдарға, энергия, су, жылуға және жұмысшылардың еңбек ақысын тәлеуге, өнім өндіруге тікелей қажетті жұмсайтып шығын, қаржының сомасы болып келеді.

Қосымша шығын - әкімшілік - ұйымдастыру, басқару жұмыстарына қажетті шығын - қаражаттың бәрі, ақшалай есептеп, қосындысын шығарады. Яғни, өнімнің өндірістік құны және дара басына шаққандағы шығыны, өзіндік құн көрсеткішімен есептелініп отырады.

Қандай да болмасын жалпы ұлттық экономикалық дамуда, оның негізін салуда, теория арқылы оның ғылыми концепциясын жасау және экономикалық, техника экономикалық жүйесін құруда ең басты көрсеткіштерінің бірі, ол - тұрақты капиталды пайдалану, яғни, күрделі қаржыны пайдаланып, халық шаруашылығына әлеуметтік салаға пайда келтіру. Ұлттық экономикада елдің әлеуметтік салаларын дамыту негізі, өндірістік және өндірістік емес негізгі қор. Өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар, бүкіл және мемлекеттің, елдің халық шаруашылығының әлеуметтік саласының даму негізі болып келеді. Халық шаруашылығын дамытуда тұрақты капиталды пайдалану, жалпы өнім шығаруда және әлеуметтік жағдайда жасалуы, капиталды пайдалану әлеуметтік міндетті болып келеді. Айналмалы қор дегеніміз -бір циклде пайдаланып, өнім - тауар шығаруда немесс әр түрлі жұмыс орындауда, қажетті материалдар, заттар, шикізат, ақша, еңбек ақы қоры тағы сондай материалдық ақша қоры жатады. Айналмалы қор екі негізден тұрады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы ұлттық өнім
ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ ТУРАЛЫ
Ұлттық байлықты актив пен пассив арқылы есептеу
Үкіметтің макроэкономикалық саясатын талдау туралы
Макроэкономикалық көрсеткiштер
ЖҰӨ дефляторы
Макроэкономикалық саясат түсінігі және оның мақсаттары
Макроэкономикалық өлшемдер
Ұлттық есеп жүесi – макроэкономикалық статистиканың негiзi
Макроэкономикалық көрсеткіштер жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz