Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Мақал-мәтел, жұмбақтар бір ғасырдын ғана жемісі емес. Олардың алғашқы
үлгілері есте қалмаған ерте заманда туып, өзінін қалыптасу, даму, өсу
процесінде талай расырмен бірге жасасқан. Бұл жолда әр түрлі қоғамдық,
таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жанарып отырған.
Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл-өнегесі
мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, тұр
жағынан ықшамдығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан салалы құбылыстарына
баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде
пікір айтылады.
Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызы, шебер беруге тырысады. Сөйтіп,
тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жинақтан, қорытып береді.
Мақал-мәтелдердің тақырыптары. Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан.
Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірінің бар саласын қамтиды.
Шаруашылық кәсіпке, тіршілік тұрмысқа байланысты мақал-мәтелдерде төрт-
түлік малға, егіншілікке, аңшылыққа, қолөнерге байланысты тәжірибелер
жинақталып, қорытылып берілген. Мақал-мәтелдердін бұл түрінде малдың адамға
тигізетін пайдасы, өнімі, т. б. қасиеттері сөз болады. Мысалы, Қойдың сүті
қорғасын, қойды соққан оңбасын, Жылқы - малдың патшасы, Сиыр судан
жериді, Сиыр алсаң танып ал, танымасаң тарғыл ал, т. б.
Отанды сүю, ерлік тақырыбында Ерлік тәрбиеден туады, Ерлік білекте
емес, жүректе, Отанын сүйген ер болар, Ер жігіт елі үшін туады, елі
үшін өледі, Батыр майданда, болат қайнауда шынығады, т. б. көптеген
мақал-мәтелдер туған. Ерлік пен еңбек егіз деп ұққан қазақ халқы бір топ
мақал-мәтелдерін еңбектің мән-мағынасын ашуға арнаған. Мәселен, Еңбек ер
атандырады, Еңбекпенен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер, Еңбек
қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей, Еңбек түбі - береке, т. б. деп,
еңбектің адам өміріндегі орнын айқындауды көздеген.
Өнерді пір тұтқан ата-бабамыз Өнерлі өлмейді, Өнерді үйрен, үйрен
де жирен, Өнерлі жігіт өрде озар, Жігітке жетпіс өнер де аз,
Өнерлінің қолы алтын деп, өнердің тіршіліктің тұтқасы екенін кейінгі
ұрпаққа сездіруді мақсат еткен.
Сондай-ақ халқымыз білімді адам өмірін жеңілдету үшін, алға қойған
мақсатқа жеткізу үшін қызмет ететін күшті құрал деп білді. Мысалы: Оқусыз
білім жоқ, білімсіз күнің жоқ, Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні
ғаріп, Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы, т.б.
Бір топ мақал-мәтелдер адамның бойындағы жақсы қасиеттерін
марапаттауға, адамгершілікке баулып тәрбиелеуге бағытталады. Мысалы:
Атаның баласы болма, адамның баласы бол, Ақ жүрек адам азбас, Ақылың
болса арынды сақта, ар-ұят керек әр уақытта, т.б. мақал-мәтелдерде
кісілік, адамгершілік, достық мәселелеріне ерекше мән беріледі.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы
болғанда білерсің, Бала - ата-ананың бауыр еті, көз нұры, Ана алдында -
құрмет, ата алдында - қызмет, Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі,
т.б. көптеген мақал-мәтелдер баланың ата-анаға деген сүйіспеншілігін
тәрбиелеуді көздеуден туған.
Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері. Мақал-мәтелдің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz