Мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Тарих-педагогика факультеті
Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Мақал мәтелдерді, жұмбақтарды,
жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Қабылдаған:
Қожагелдиева С.
Орындаған: Ерубай А.
Тобы: ППМ-111
Түркістан 2014
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І МАҚАЛ МӘТЕЛДЕРДІҢ, ЖҰМБАҚТАРДЫҢ, ЖАҢЫЛТПАШТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Мақал – мәтелдердің құрылымдық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ..5
1. 2 Жаңылтпаштардың әдеби жанрлық қызметі мен ерекшеліктері ... ...10
1. 3 Жұмбақтардың түрлері, тәрбиелік мәні және
ерекшеліктері ... ... ... .15
ІІ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІН САБАҚТА ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ
2. 1 Мақал-мәтелдердің тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...20
2.2 Жаңылтпаштың жасалу жолдары мен
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ халық ауыз әдебиеті қазіргі замандағы жан
- жақты тілдік тәрбиенің маңыздылығы. Осы орайда пайымдау мен ой - пікірдің
тобықтай түйіні, тамаша қорытындысы болып табылатын ұшқыр да ұтқыр сөз
ретінде көзге түседі. Осы жағынан алып қарағанда, мақал-мәтелдер,
жаңылтпаштар және жұмбақтар тілші, әдебиетші ғалымдардың ғылыми
еңбектерінде қарастырылып, сөз өнері, халық ауыз әдебиеті үлгісі есебінде
жан - жақты зерттеуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ғасырлар тоғысы
атты еңбегінде, Тәрбиенің түпкі мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-
қатынасқа көшуі кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарда жеңіп
шыға алатын, ізгіленген ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-
жақты, мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру, – деген тұжырымдама
жасаған. Осы орайда халықтың мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін,
тарихын, өнер сүю арқылы нағыз мәдениетті адамды қалыптастыру бүгінгі жаңа
қоғам, тәуелсіз мемлекеттің алдында тұрған үлкен мақсат [1].
Қазіргі қоғам барған сайын күрделене түсуде. Жаңа XXI ғасырға сай
өзгеше қабілет қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Ал мұның бәрі тікелей
ғылым, білім саласына байланысты. Сондықтан да білім беруді жетілдіру
жөнінде маңызды реформалар, жаңа технологиялар мен ғажап идеялар пайда
болуда. Ұзақ жылдар бойы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде өз халқымыздың
педагогикалық аса бай мұраларын ұрпаққа беруді аңсаған едік. Жас
жеткіншектерді халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық
тәрбие ерекшеліктерін терең білуге, құрметтеуге үйретуге – міндеттіміз.
Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында, ғасырлар бойы
жинақталған бай тәжірибесінде бала, ұрпақ, жастар арасындағы тәрбие
мақсаттары жатыр. Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмірде,
отбасында, тұрмыс-тіршілікте батырлық пен батылдыққа, әділдік пен
адамдыққа, махаббат пен ізгілікке, инабаттылық пен имандылыққа үздіксіз
тәрбиелеп отырған. Бұрын ата-әже тәрбиесіне көп көңіл бөлініп, баланы
отбасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелеген.
Қызың өссе, қызы жақсымен, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,
Қызға қырық үйден тыю, бір үйден жыю деген нақыл сөздер осының айғағы.
Қызыңды бөтен үйге қондырма, ұлыңды бөтен үйден тойдырма деп, ортақ талап
қойған. Мұнда ұлдың да, қыздың да ретсіз жүруінің, мезгілсіз қыдыруының
жағымсыз екендігін ұқтырып отырған. Үлкеннің алдын кеспе, бос шелекпен
өтпе деп баланы үлкендерді сыйлауға, жол беруге тәрбиелеген. Еңбекке,
төзімділікке, ептілікке, шеберлікке, шыншылдыққа, ар-ұят, әдеп, үлкенді
сыйлау секілді қасиеттерді үй ішілік карым-қатынастарда, тұрмыста ұрпақ
зердесіне сіңіре білген бабаларымыз. Сіз – деген сыпайылық, біз – деген
көмек, сыйға – сый, сыраға – бал, Жаным десе жан семірер деген мақал-
мәтелдер арқылы игілікті істерге бастаған. Халық педагогикасының
имандылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейтінін өмірдің өзі көрсетіп
отыр.
Мақал-мәтелдер - халық данышпандылығының айнасы, оларды
тудырған халықтық тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдердің көбі
өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Олардың
бәрі заңның, өсиеттің, ереженің күшіндей күші бар қысқы-қысқа нақыл сөзге
айналып тілде сақталып қалады .
Мақал- мәтелдер М. Ғабдуллин [2], М. Әлімбаев [3], Б. Адамбаев [4],
Б. Абдуллина [5], А. Сабыр [6], Р. Сәрсенбаев [7] еңбектерінде әр қырынан
қарастырылған.
Т. Әбдіков шығармаларындағы мақал-мәтелдер тақырыптық жағынан әр
алуан. Олар түрлі мақсаттарда қолданылған [8].
Жұмбақтардың қай - қайсысы болса да халықтың ғасырлар бойы жинаған
тәжірибесіне негізделіп, оның тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен,
ұлттық дәстүрімен тығыз байланысты туып, дамып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып
отырған.
Жаңылтпаштар тақырып жағынан алуан түрлі. Тұрмысқа қажетті күнделікті
қолданылатын заттар, табиғат және табиғи құбылыстар, шаруашылық түрлері,
жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі, т. б. тақырыптарды қамтиды.
Зерттеудің мақсаты: – Талдау, саралау негізінде ұтқыр, дәл айтылған
тіркестерде берілген қазақ халқының ділінің жалпы және жеке
ерекшеліктерін анықтау; ұлттық мінез-құлықтың мақал-мәтелдерде, жаңылтпаш,
жұмбақтарда айтылған өзіндік ерекшеліктерін зерделеу.
Зерттеудің міндеттері: Оқушылардың, менің достарымның сөйлеу тілінде
пайдалануын белсендіруге және жеке өмірлік тәжірибесін кеңейтуге ықпал
ететін қазақтың тіл шығармашылығының бірегей формасы, мақал-
мәтелдердің, жаңылтпаш, жұмбақтардың тақырыптарын зерделеп, мәнін ашу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Мектепте тек қазақ тілі мен
әдебиеті пәні ғана емес, сонымен қатар басқа да оқу пәндерін оқыту
іс-тәжірибесінде; әсіресе, жастардың сөйлеу тілінде пайдалану
керек.
Зерттеудің базасы: әл-Фараби атындағы № 14 мектеп-гимназиясы.
І МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ, ЖҰМБАҚТАРДЫҢ, ЖАҢЫЛТПАШТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Мақал – мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері
Мақал – мәтелдің өн бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік,
саздылық, ұйқас, ырғақтылық байқалады. Онда басы артық сөз
болмайды. Барлығы өз орнында, екшеленген, сұрыпталған, жымдаса
біріккен, ой-өрнек ажыраспас туыстық тапқан, ішкі мазмұнына
сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. Ер дәулеті -
еңбек деген мақалды талдап көрелік. Осындағы сөздердің бірін
де өзгерту мүмкін емес. Мұндағы негізгі ой – еңбектің құдіретін,
ол бүкіл бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру. Ой қазығы
еңбек деген сөз болған соң, е дыбысы ерекше естіліп
тұр. Мақалға саздылық, үнділік беріп тұрған да – сол.
Дәулет сөзінің мақал бітіміне кіруі де соған байланысты. Оның
орнына ырыс, байлық, молшылық т.б. сөздердің біреуін де ала
алмайсың. Сөздер сол бітімінде ғана үлкен ой жүгіне ие.
Сөздерді ауыстырып қолдансақ, онда бұл мақал поэтикалық
қасиетінен де, мән – мағынасынан да айырылады, мақалдық қасиеті
жұтаңдайды.
Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданады. Тіпті
кейде кейбір сөзді тастап кетіп отырады. Мысалы, Ақыл – жастан,
асыл – тастан мақалында шығады деген сөз қалып қойған. Бірақ
одан мақал
ойсырап тұрған жоқ. Түсіп қалған сөз өз өзінен ойға оралып,
ишарамен білінеді.
Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Мысалы,
Өнер алды – қызыл тіл, Ер қанаты – ат, Елін сүйген ер
болады, Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді деген мақалдар
ешқандай тұспалдаусыз тура мағынада айтылып тұр. Ал, Қызым, саған
айтам, келінім, сен тыңда, Тоқпағы күшті болса, киіз қазық
жерге кірер, Не ексең, соны орарсың, Жауырды жаба тоқиды, т.
б. мақал-мәтелдерде айтпақ ой тура айтылмай, жұмбақтап, астарлы
мағынада ишарамен білдірілетінін көреміз.
Мақалдарды жасаудағы көркемдік тәсілдердің бірі – әсірелеу.
Мысалы, Көп түкірсе – көл, Жақсы – ай мен күндей, әмбеге
бірдей. Сондай-ақ салыстыру әдісі жиі қолданылады. Мысалы, Жақсы
қыз – жағадағы құндыз, жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз. Мақалдар
мен мәтелдердің үш жақты ерекшелігі бар тұлғалар екендігіне
А.Байтұрсынұлы және көптеген ғалымдар ертеден-ақ назар аударып келеді.
Біріншіден, мақалдар мен мәтелдер – фразеологизм сияқты тілдік
құбылыс. Екіншіден, пайымдау мен ой - пікірдің түйіні ретінде
логикалық тұлға. Үшіншіден, келелі ой, кең мазмұнды қысқа айтып,
қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Мақал-мәтелдердің осындай үш жақты
қасиеті оларды тілдік құбылыс ретінде және ойлау құбылысы
ретінде бөлек-бөлек зерттеуді қажет етеді [9].
Мақал мен мәтелдер сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбайды, даяр
қалпында жұмсалады, құрамдары әрқашан тұрақты болады. Мақал- мәтелдер
– сан ғасырлар жемісі, сондықтан әбден ой елегінен өтіп,
екшеленген, сөйтіп тұрақталған сөз оралымдары. Мақал мен
мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да бар, яғни
олардың мағыналары сол мақалдарды құрастырушы сөздердің
мағыналарынан туады. Олардың тұрақтылығы мағыналарының астарлы
келетінінде емес, керісінше, олардың даналық қорытындылар болып
келуінде.
Мақал-мәтелдердің игі қасиеттерге үндеу, ақыл-өсиет сипатында
болатындары баршамызға мәлім, яғни ішкі мазмұнның сыры олардың
өздеріне ғана тән, меншікті мағынасы бар оралымдар екендігін
дәлелдейді. Мақал-мәтелдердің мағынасы сөйлемнің бастапқы мағынасымен
жарыса отырып дамиды да, келе-келе астарлы мәнге өтеді. Мысалы, Адам
аласы ішінде, мал аласы сыртында, Біреуге ор қазба, өзің
түсесің дегендер тура мағынасымен қатар, ауыспалы мағынаға да ие.
Ол мағыналар бір-бірімен астарласып, байланысып жатыр. Адам аласы,
яғни адамның жаман пиғылы, жағымсыз жақтарын сырт бітімінен
көре, сезе алмайсыз. Демек, сөйлемнің фразеологиялық мағынасы
ала сөзінің ауыспалы мағынасының негізінде қалыптасқан.
Біреуге ор қазба, өзің түсесің сөйлеміндегі туынды мағына
біреуге
ор қазу бөлігінің мағыналық өзгерісінің жемісі, яғни басқаға
жамандық жасау деген ұғымды білдіреді. Ал өзің түсесің сыңары
ор сөзімен байланысты туынды мағынасын дамытып, тұтас сөйлем
басқаға жамандық жасасаң, өзің де жамандықтан аулақ қалмайсың
дегенді білдіріп тұр.
Кейбір мақалдар тура мағынаны ғана білдіреді дедік. Көп
жасаған
білмейді, көпті көрген біледі деген нақыл шын мәніндегі
өмір тәжірибесінен алынған, көбіне тура мағынасында қолданылады.
Сонымен қатар, әрбір мақалды айтқанда адам, кісі категориясына
байланыстырып айтамыз, соларды сипаттауда қолдынамыз. Мақалдардың
тура мағынада ұғынылатындарының өзінде әйтеуір салыстыру, теңестіру,
астарға айналдыру білініп тұрады. Қамшыға бүлдіргі, баға үлгі
керек дегенде халқымыз балаға жаман әдет, әдеп үйретпе деген
мәнді қоса ұғындырады. Мақал-мәтелдер ауыс мағынада қолданылғанда
да, олардың құрамындағы барлық сөздер тұтас мағынадан қалыс
қалмайды. Мысалы, Қисық ағаш қиыспайды, қыңыр адам сыйыспайды
деген мақал жөн білмейтін адам ешкіммен тіл табыса алмайды
дегенді меңзейді. Дыбыстық жағынан да, грамматикалық жағынан да,
сонымен қатар мағынасының кесек ойға, мәнге құрылуы жағынан да
тиянақты болып келетін мақал-мәтелдер тілдік тұлға болып табылады.
Мақал-мәтелдер құрылысы жағынан сырттай ұқсас болып
келгенімен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік
ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мен ерекшеліктер
мақал-мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да
байқалады.
Мысалы, Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады деген
мақалда ердің ағайыншыл болуының себебі жаттан көрген қиянатымен
байланыстырыла білдіріліп тұр. Яғни, іс - әрекеттің себеп-
салдары сөз тіркесінен-ақ байқалып тұр. Тағы бір мысал талдап
көрелік: Тоқпағы күшті болса, киіз қасық жерге кірер деген
мақалды алсақ, бұл екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдар
көбінесе екі бөлімді болатынын көреміз. Оның үстіне мақалда ой
тиянақты болып келеді. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің
шарты түрінде келеді. Киіз қазықтың жерге кіруі тоқпағының күшті
болуына байланысты екендігі анық айтылып тұр.
Мезгіл жетсе, мұз да ерір деген мақалдан да осыны
байқауға болады. Мақалда бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар мен
нәрселер салыстырылып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі
басым болып келеді.
Мысалы: Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді,
Ырысы кеткеннің иті ұры кеткен соң үреді.
Немесе: Ақымақ бастан ақыл шықпас,
Ақыл шықса да мақұл шықпас,
дегенде ақымақ пен ақылды – қарама-қайшы ұғымдар, осы екеуі
салыстырыла келіп, ақымақтан шыққан ой-пікір де дұрыс болмас
деген қорытындыны шендестіру арқылы беріліп тұр. Осы келтірілген
мақалдардан өмір құбылыстары типтендіріліп, дәлелдеу мен
қорытынды пікір бірдей жүріп отыратындығын байқаймыз.
Ал мәтел құрылысы жағынан мақалдан өзгешерек. Мәтелде қорытынды
ой, түйін айтылмайды, тұспал ғана болады. Бейнелі сөз айшығы
арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды, тұжырым
жасайды.
Мысалы, Көппен көрген – ұлы той дегенде тұспал ғана бар. Бұл
жерде мағынаны тыңдаушы өзі қорытуына тура келеді. Мәтелде
дәлелдеу де, тиянақты тұжырым да болмайды, мағына ашық емес,
қорытынды пікір жоқ.
Мақал мен мәтел бір-бірінен осындай белгілерімен ерекшеленеді.
Мақал-мәтел – сөз мәйегі, саф алтыны. Мақалдар мен мәтелдерді,
сара сөз бен нақылдарды халқымыз ежелден жақсы көреді, сүттей ұйып,
сүйсіне тыңдайды. Сөздің көркі – мақал деп қадірлейді, Аталы
сөзге арсыз жауап қайырады деп, сөз қадірін білмейтіндерді
сынайды, Өнер алды – қызыл тіл деп, сөз өнерін жете бағалайды.
Мақал – сөз атасы. Олар сөз дәлдігімен, ықшамдылығымен
ерекшеленеді. Мақал-мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады.
Олардың қайсысында болсын поэзияға тән ырғақ, үйлесім, саз,
интонация барлығы бар.
Мақал-мәтелдерде бейнелі көркем сөз айшықтарының нелер асылы
кездеседі. Оларда көркем өрнек жасалынады. Мысалы, Түсіне қарасаң,
күндей, ішіне қарасаң, түндей деген мақалды алайық. Жүзі күндей
күлімдеп, іші сұм адамдарды түндей деген теңеу арқылы қапысыз
тануға болады.
Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Олар халықтың әлеуметтік,
шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Мақал-мәтелдердің басты
тақырыбының бірі – Отан, туған жер, атамекенге байланысты. Елін,
Отанын емірене сүйген халқымыз Отанын шексіз сүюді ұрпағына
өсиет еткен. Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы,
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас, Өз елің —
алтын бесігің, Өз елім – өлең төсегім, Ер жігіт елі үшін
туады, елі үшін өледі деген мақал-мәтелдерде халықтың туған
жеріне, атамекеніне, Отанына, еліне деген сүйіспеншілігі терең
түйінделген.
Мақал-мәтелдердің үлкен бір саласы еңбекке арналған. Халық
еңбекті әр уақытта ардақтап, бүкіл игіліктің көзі деп таныған.
Бұл Еңбек түбі – береке, Еңбек етсең, емерсің, Ер дәулеті –
еңбек, Бейнет, бейнет түбі – зейнет, Еңбек ет те, егін ек –
жарымасаң, маған кел, белді бу да бейнет қыл, байымасаң,
маған кел деген мақалдардан айқын аңғарылады. Халық еңбек пен
бақытты егіз деп қараған. Адамды ер атандырып, құрмет, қуанышқа
жеткізетін де еңбек деп білген. Еңбегіне қарай – құрмет, жасына
қарай – ізет, Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік мұратқа жеткізер,
Еңбек еткен – мұратқа жеткен, Әрекет болмай, берекет жоқ,
Еңбексіз рақат жоқ, Бір еңбектің көп рақаты бар, Біткен іс –
піскен жеміс деп, халық еңбекті мейлінше дәріптеген.
Мақал-мәтелдердің бір алуаны достыққа, жолдастыққа арналған.
Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды, Ағаш
тамырымен, адам досымен мықты, Жолдасы көптің олжасы көп,
Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады, Жолдасы жақсы жолды
болар, жолдасы жаман қолды болар деген мақалдарда достық пен
дұшпандық, жақсы жолдас пен жаман жолдас салыстырыла отырып,
адал дос, жақсы жолдастың үлгі етілгенін көреміз.
Қазақ халқының негізгі күн көрісі, кәсібі, тіршілігі малға байланысты
болғанын білеміз. Сондықтан төрт түлік малға қатысты мақал-
мәтелдер де – өз алдына бір сала. Мал – баққандікі, жер –
жыртқандікі, Ат – ер қанаты, Өлкенің көркі мал болар, өзеннің
көркі тал болар, Мал өсірсең, қой өсір, пайдасы оның – көл-
көсір деген мақал-мәтелдер – осы ойдың айғағы.
Сол сияқты егіншілік кәсібіне байланысты мақал-мәтелдер аз
емес. Жердің сәні – егін, Ексең егін, ішерсің тегін, Берген –
алар, еккен – орар деген сияқты т. б. мақалдар бар.
Енді бір алуан мақал-мәтелдерде өнер-білім, оқу, ғылым
дәріптеледі. Халқымыз олардың қоғамдық өмірдегі орнын ерекше
бағалаған. Адамзат баласының дүние тіршілігіндегі қол жеткен
табыстары – адам еңбегінің, ғылым-білімнің жемісі. Сондықтан халықтың
Білімді өлмес, қағазда аты қалар, ұста өлмес, істеген заты
қалар, Өнер – ағып жатқан бұлақ, білім – қайық, Оқусыз білім
жоқ, білімсіз күнің жоқ деген мақал-мәтелдері білімге, өнерге
үндейді.
Адамгершілікке байланысты мақал-мә телдер де – қазақ мақал-
мәтелдерінің ең бір қомақты саласы. Бұл тақырыпты қамтитын
Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі, Жарлы болсаң да арлы
бол, Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер
адамның ісі деген сияқты мақалдар көптеп кездеседі.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет
Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит
Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин т. б. шығармаларында да мақал-мәтел
болып кеткен жолдар аз емес [10].
Мақал-мәтелдер – сан ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп
келе жатқан қастерлі қазына. Мақал-мәтелдер – ел аузында, сөйлеу
тілінде қолданылатын мазмұнды салалардың бірі. Сөз асылы – мақал
деп тегін айтылмаса керек. Мақал – логикалық, образдық ойдың қос
қанаттасқан ғажап табысы, тәжірибеден туған философиялық
сөздер. Сөздің ұйтқысын ең алдымен мақалдан іздеу керек. Онда
этикалық, философиялық, ұжымдық мазмұн бар. Мақалдың қорытындыларын
халық еш уақытта теріске шығара алмайды дейді ғалым Ә. Қоңыратбаев.
Мақал мен мәтелдер де әр түрлі дәуірдегі нақты өмір
шындығына, халықтың ерте кездегі ұғымына, ой-санасына сай
келіп отырады. Мақал-мәтелдер фразеологизмдер сияқты құрамын сақтап
қолданылады, олардың сөздерінің орнын ауыстыруға болмайды. Олар
қай тұрғыда болсын, я морфологиялық, я синтаксистік тұрғыда
болсын, өзгеріссіз, даяр күйінде қолданылады. Мысалы, Аздың
қадірін білмеген, көптің қадірін қайтіп білер деген мақалда
құрамындағы жеке сөздердің берер мағынасы сөз болып отырған жоқ,
түгел бір мақалдың тұтас мәні сөз болып тұр [11].
1. 2 Жаңылтпаштардың әдеби жанрлық қызметі мен ерекшеліктері
Қазақ халқының ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті жанрларының бірі —
жаңылтпаштар. Жаңылтпаш адамды өнерге, ойын дамытуға, тілін жаттықтыруға
үйрететін этнопедогогикалық туынды болып есептеледі. Жаңылтпаш - баланың
ойлау қабілетін дамытуда, тілін ширатуда, дүниетанымын дамытуда маңызы зор.
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз
қадірін білу сезімі қалыптасып, ойы қиялы дамиды, тәлім-тәрбие алады.
Мағыналық жағынан әр түрлі болғаныман дыбысталуы жағынан жақын
сөздерден, фонемалардан түзіле отырып, жаңылтпаш белгілі бір ырғақ
пен әуезге негізделеді. Жаңылтпашта ырғақтың, аллетерациялық, тәсілдің
болуы заңды құбылыс. Қазақ тіліндегі жаңылтпаш жанры туралы аз-кем
айтылып қалатыны болмаса, осы уақытқа дейін аталған жанрдың құрылысы мен
жасалу жолдары, тәсілдері туралы әлі зерттелмей келеді.
Жаңылтпаштардың шумағы құрылысына қарай қос тармақты, үш тармақты, төрт
тармақты және көп тармақты болып келетіндігі белгілі.
Жаңылтпақтың шумағының ең кішісі – екі тармақтан тұрады. Тармақтың
толымдысы, толымсызы болады.
Толымсыз шумақтар жаңылтпашта және ауыз әдебиетінің кейбір ұсақ
жанрларында ғана кездеседі. Қос тармақты жаңылтпаш шумақтарының кәсібі
толымды болып келеді.
Жаңылтпаш шумақтарында тармақтардың үнемі ұйқасып келуі шарт емес,
теңдес мағыналы дербес жаңылтпаштар бірыңғай буын-бунақта тұрып-ақ үш
тармақты шумақ құрай алады.
Бір қыз кесте тікті,
Кестесін түсте тікті,
Кеште тікті.
Жаңылтпаштың тармақ саны мен тармақтағы буын саны неғұрлым шағын болса,
шумақ соғұрлым жинақы да ширақ естіледі.
Жаңылтпаш құрылысында қайталаулар еркекше орын алады. Олар үш түрлі
болып келеді. Дыбыс қайталау, буын қайталау және сөз қайталау. Дыбыс
қайталау мен буын қайталау, әдетте жаңылтпаштардың үндестігін арттырып,
көркейту қызметін атқарады және көбінесе қайталаудың бұл екі түрі жарыса
қатар жүреді.
Жаңылтпаштар құрылысында сөз қайталаудың да мәні зор. Сөздер көбіне
тармақтардың аяғында қайталайды және ойды жалғастыру, бір шумақта тұрған
тармақтарды бір-бірімен байланыстыру қызметтерін атқарады.
Жаңылтпаш сөздер мен дыбыстарды қиындата қайталау, айтқанда тіл
мүдіретін сөйлемнің бөлігін шапшаң, жиі қайталау арқылы тіл ширатуға
лайықтап құрылады.
Мысалы:
Ай, Тайқарбай, Тайқарбай
Қойыңды мақараға жай Тайқарбай,
Тайқарбай Майқарбайлар толып жатыр,
Ай, Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай.
Зерттеуші педагог С.Ұзақбаева [12] Балалар ойынының қызықты да пайдалы
түрлерінің бірі – жаңылтпаш. Жаңылтпаш жастайынан балаға ана тілінің бай
қорын игеруге, таза, майда, анық әуенді, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді
қастерлеуге тәрбиелейді, - дейді. Өйткені халық баласының тілін ширату
үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын кеңейту мақсатында жаңылтпаштарды
пайдаланып келген. Сәбилік кезеңнен өтіп, мектепке дейінгі жас кезеңде жас
баланың тіл байлығы өседі. Сәбилік кезеңімен салыстырғанда мектеп жасына
дейінгі баланың сөздік қоры үш есеге артады екен. Мұншалықты сөздік қорының
өсу тұрмыс және тәрбие жағдайларымен тікелей байланыста болады.

жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі, т.б. тақырыптарды қамтиды.
Шығарма астарында жатқан ойды аңғарып, ой қорытындысын жасау алғашқы
кезде балаларға қиынырақ түсуі мүмкін. Бірақ үлкендердің көмегімен бала
астарлы мағынаны табуға дағдылана бастайды. Соның нәтижесінде кейін бала
өлеңнің, әрбір жұмбақтың, әрбір жаңылтпаш пен өзге де шығармалардың
байыбына барып, мазмұнына терең үңіліп, қорытынды шығара білуге үйренеді.
Бұл бір жағынан баланың ақыл-ойын, санасын, тілін, логикасын дамытса,
екінші жағынан оған рухани, этикалық және эстетикалық тәрбие береді.
Айтылмақ ой жаңылтпаш арқылы тыңдаушыға қызықты да әсерлілігімен
көкейге қонымды болып, қарапайым жеткізіледі.
Себебі, олар біріншіден, оқушылардың білім, білік, дағдысын
қалыптастырады; екіншіден, логикалық ойлау қаблетін дамытып, ақыл-ой
ұшқырлығына, шапшаңдыққа баулиды; үшіншіден, халқымыздың тұрмыс-
тіршілігінен мағлұмат беріп, ата – салт – дәстүріне аялы көзқарасты
қалыптастырады; төртіншіден, әрбір оқушы осы ата дәстүрі мен әдет- ғұрлы
арқылы жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа
халықтарға жақын да түсінікті ете алуға мүмкіндік алады; бесіншіден,
оқушыда ұлттық сананы, адамгершілік ізгі қасиеттерді, отан сүйгіштікті
дамытуға жәрдемдеседі.
А. Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде: Жас кезінен жақсы сөз естіп
өскен бала кейін есті адам болады дейді. Сондықтан баланы жас кезінен
бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен
сусындату қажет. Себебі, халықтың даналық ойлары халық педагогикасының
шамшырағы болған. Ал халық даналығы тәрбиелік мәні зор жаңылтпаштардан
көрініс табады. Қорыта айтқанда жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы
баланың ана тіліне деген құштарлығы артып, ойлау қабілеті шыңдалады. Сондай-
ақ баланың аңғарымпаздығы, алғырлығы ұштала түседі. Бұлар, бір жағынан
баланың ойлауын жетілдірсе, екінші жағынан сөздік қорын да молайта түседі.
Жаңылтпаштар өз ұлтын, өз мұрасын мақтан етуге үйретеді. Жаңылтпаштар
баланың дүниетанымын, тілін дамытып, кішкене кезден бастап мақсатты іс-
әрекетке үйретеді [13].
1. 3 Жұмбақтардың түрлері, тәрбиелік мәні және ерекшеліктері
Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты
бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға
Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ
әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны
ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын
алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар
әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі.
Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Ғалымдар жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен және табумен төркіндес
деп есептейді. Бағзы дәуірлерде адамдар айналадағы өктем күштерден
сақтанғандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен.
Жұмбақ кейінгі даму барысында табу мен тыйым сөздерден жіктеліп, бөлініп
шыққан. Қазақ жұмбақтары ежелгі дәуірде туып, қазіргі кезеңге дейін ұзақ
даму жолынан өтті. 13 ғасырдың 2-жартысы мен 14 ғасырдың басында
құрастырылған қыпшақ тілінің сөздігі “Кодекс Куманикусте” көптеген
Жұмбақтар берілген. Ондағы Жұмбақтардың құрылымы, табиғаты қазіргі қазақ
Жұмбақтарына ұқсас. Мысалы, Сенде, менде жоқ, Сеңгір тауда жоқ, Өте берік
таста жоқ, Қыпшақта жоқ (құс сүті). Сонымен қатар Махмұт Қашқаридің “Түрік
тілінің сөздігінде” де қазіргі қазақ жұмбақтарының алғашқы үлгілері
кездеседі. Қазақ халқы Жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын
аңғартатын үлкен өнер деп есептеген, сондықтан жар таңдаған жастар,
ақындар, ел ішіндегі шешен, би, т. б. данагөй, қадірменді адамдар бір-
біріне жұмбақ жолдап, ақыл-ой сынасып, таным салыстырған. Жұмбақ қара сөз
түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Жұмбақ
бейнелі суретпен айтылады. Мысалы, “Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау”
(жұмыртқа), “Отқа жанбас, суға батпас” (мұз). Заттың сапасына (“Бауыздасаң,
қан орнына су ағар” – қауын), қызмет-қимылына (“Жанды сағат айқай салад” –
есек) қарай құрылатын Жұмбақтар көп. Кейде жұмбақ тікелей ашық сұрау
түрінде айтылады. Жұмбақ шешендік сөздермен де (“Ағат деген немене? Сағат
деген немене?”), мақал-мәтелдермен де (“Сырты жылтырауық болғанмен, іші
қалтырауық”) жанасымды.
Қазақ әдебиетінде ақындардың ауызша, жазбаша жұмбақ айтыстары көп
кездеседі (мысалы, Жігіт пен қыздың жұмбақ айтыстары, Сапарғали мен
Нұржанның айтысы, т. б. ). Жұмбақтың композициялық құрылымы, әдетте, екі
бөлікті болып келеді, бірінші бөлікті жұмбақтың байлауы, екінші бөлікті
Жұмбақтың шешімі деп атайды. Жұмбақта заттың түрі-түсі, көлемі, қасиетімен
қатар, оның атқаратын қызметі немесе қимыл-әрекеті де айтылады. Жұмбақ –
таным құралы, сондықтан бір құбылысты түрлендіре құбылту арқылы әр тарап,
сан қырынан тануға болады. Кейде байламның барлық қасиеттері толық
суреттелмей, бір ғана белгісі айтылуы мүмкін. Сондықтан жұмбақ шешуін
табудың ауыр-жеңілдігі нысан суретінің қаншалықты толық, дәл берілуінде.
Жұмбақты шешу – сипаттамадан соң сыңар бейнеден байламды табу арқылы
жүреді. Сипаттамада байламның белгілері айтылады, осы белгілерге қарап
нысанды ойша кескіндеу, елестету, мәтінді ести отырып, ұқсастырылған нәрсе
мен байлам арасындағы байланысты зерделеу процесі өрбиді. Жұмбақта белгілі
бір өлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық-ұйқастық құрылымы сан алуан
жолдармен өрнектеледі. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын,
құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге
бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен
өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде
кездеседі. Жұмбақтың ең басты поэтикалық құралы – метафоралық тәсіл.
Жұмбақта тұспалдап айтылатын нәрселер дайын, ап-айқын күйінде көрінбей,
емеурінмен елес береді. Тұспалдау арқылы байламның сыңар бейнесі сомдалады,
оның бейнесі басқа құбылысқа көшіріледі. Жұмбақтар түрлі жағдайларды
суреттеуді мақсат етпейді, оқиғаларды да баяндамайды, тек әр түрлі заттар
мен құбылыстардан образдарға нақыш боларлықтай өрнектер табады [14].
Жұмбақтың тілдік өрнектерінде халықтың тарихи-қоғамдық өміріндегі,
тұрмыс-тіршілігіндегі өзгешеліктерді танытатын, солардан туындаған нақыш-
өрнектер, ауыстырулар өте мол. Көбінесе көзбен көріп, қолмен ұсталған,
тұтылған заттар тұспалдауға, жасыруға желі болады. Метафораларға ұйытқы,
тірек сөздер алуан түрлі, олар сан-саналы табиғат құбылыстарына, тұрмыс пен
шаруашылық, әдет-ғұрып, қоғамдық қатынастарға байланысты лексиканы қамтиды.
Жұмбақ нысанасына айналған байламдар өмірдің барша құбылыстарын тақырып ете
алады. Мысалы, аспан әлемі, табиғат құбылыстары, жер, хайуанаттар, құстар,
жәндіктер, адам, үй жабдықтары, киім-кешек, тамақ-сусын, ыдыс-аяқ, өнер,
шаруашылық, іс-құралдары, жол, қатынас, техника, оқу-білім, ойын-сауық, ән-
күй, уақыт, дін, т. б. Сонымен қатар кейінгі кезде Жұмбақтардағы дәстүрлі
тақырыптардың арнасы оқу-білім, ғылым мен техника дамуына байланысты толыға
түсті.
Қазақ жұмбақтарын жинау ісі 19 ғасырдың 2-жартысында басталып, 20
ғасырда одан ары жалғасты. Қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетін жинақтап,
алғаш рет жіктеп көрсеткен Ш.Уәлиханов, сондай-ақ, ағартушы Ы.Алтынсарин
[15] өз шығармашылығында Жұмбақтарға арнайы тоқталған. Ауыз әдебиетін
зерттеуші орыс ғалымы А. В. Васильев, сондай-ақ қазақ ғалымдары
С.Аманжолов, Т.Жанұзақов, Қ.Саттаровтардың құрастыруымен қазақ Жұмбақтары
жинағы бірнеше мәрте кітап болып шықты. Өзінің бастау көзін, өсіп-өркендеу
жолын фольклор қойнауынан алатын Жұмбақ қазақ жазба әдебиетінде жалғасын
тапты. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілдері Абай, Шәкерім, С. Торайғыров, т.
б. Жұмбақ жанрында қалам тартты. Қазақ әдеби жұмбағының өсіп қалыптасуына
М. Жаманбалинов, Ж. Смақов, М. Әлімбаев, Қ. Ыдырысов, Қ. Мырзалиев, К.
Баянбаев, Қ. Шұғаев, Ә. Ысқабаев, Әбжанов М. т.б. ақындар қомақты үлес
қосты. Қазіргі уақытта Жұмбақ қазақ әдебиеттану ғылымының арнаулы нысаны
ретінде зерттеліп келеді [16].
Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде
беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде
келе жатқан асыл мұра. Жұмбақтардың асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі
сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп
мән - мағынасының артып отырғандығында.
Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына жатады.
Жаңылтпаштар, мақал - мәтелдер, т.б. сияқты ұсақ жанрлар деп аталғанымен,
жұмбақтар - халық ауыз әдебиетінің күрделі бір саласы.
Жұмбақтар жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына өз халқының
игілігін дарытып, ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу
дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Сонымен қатар, жұмбақтарды
пайдалану оқушыларды қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын
жетілдіреді.
Ертеден келе жатқан жұмбақтар үлгісі мен қазіргі таңдағы ақын -
жазушылардың жұмбақтары арасындағы ортақ мақсат - міндеттерді айқындай
отырып, жұмбақ түрлерін жүйелеу, топтастыру әдістері жүргізілді. Әдебиетші
ғалымдардың ғылыми еңбектері де қарастырылды.
Жұмбақ – адамның ой - өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында
нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Ол
халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрі және барлық жұрттың фольклорына
ортақ дүние саналады. Жұмбақ – халық шығармаларының ең ескі түрінің бірі
және барлық жұрттың фольклорының ортақ түрі. Әуелгі туысы арғы, ерте
заманда болғанымен, жұмбақ бертін келе, тіпті бүгінгі біздің дәуірімізде де
өз керекті қасиетін жойған жоқ.
Қай кезде алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында
бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлық сөздері қатарында саяси
құрал есебінде тап жауына қарсы қолданған орындар да аз емес. Жұмбақ қазақ
халқының арасында да және басқа халықтарда да әлі күнге тыңнан туып,
молайып дамып келеді Олай болса халықтың жұмбақ секілді фольклор қорын
жинап басып, тексеріп тану ғылымдық зор міндет болады.
Алғашқы кезде адам баласына дүниедегі заттардың, құбылыстардың
барлығы, олардың сыры, неден жасалатындығы мәлім болмаған, жұмбақ болған.
Бірақ адам баласы сол жұмбақты шешуге тырысқан. Ол үшін айналаны қоршаған
жаратылысты, еңбек, кәсіп құралын, әр түрлі хайуанаттар жайын, бір затты
екінші бір бейтаныс затқа салыстыра отырып, ұқсас белгілеріне қарап неден
шыққанын қандай зат екенін анықтаған. Жұмбақтардың алғаш үлгілері осылай
шыққан, - дейді Мәлік Ғабдуллин.

деп есептейді. Бағзы дәуірде адамдар айналадағы өктем күштерден
сақтағандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен.
Кейін жұмбақ табу мен тыйым сөздерден бөлініп шыққан.
Қазақ жұмбақтарының алғаш жиналып, баспа бетіне түсуі XIX ғасырдың екінші
жартысынан басталады. 1842 жылы Татар хрестоматиясын құрастырып
бастырған. М. Иванов оған қазақ жұмбақтарында енгізген.
Жалпы алғанда, жұмбақ – адамның дүниетану жолындағы ой - өрісін,
қиялының белгілі бір сатысын көрсететін ұшқыр ойдың бір түрі. Жұмбақты шешу
адамның зеректігін, ақыл - парасатын, білімін байқатады.
Жалпы алғанда, жұмбақ – адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының
шамасын білдіреді, - дейді Мұхтар Әуезов. Өйткені, жұмбақ өзге фольклорға
қарағанда бітімі бөлек, ерекше затты деректі сөз. Сол деректілікке
сүйенетіндіктен жұмбақ әр заттың жағдай, бөлім - бөлшектеріне көбірек көз
салады. Дүниетану жолдарын еңбегіне байланыстырып, осыдан барып қорытынды
жасайтын халық, көп жұмбақты нәрселердің неден пайда болғандығын айтуға
арнайды. Ал бұның өзі адам танымын тереңдетіп, ұрпақты ұлағатты, зерделі
етіп тәрбиелейді.
Жұмбақпен толғап жыр айту Асанқайғы, Бұқар жырау, Базар жырау,
Шортанбай, Әубәкір сияқты қазақ ақындарының жырында, Сырым, Төле би,
Жиренше, т. б шешендік сөздерінде жиі кездеседі. Шешендік сөзге құрылған
жұмбақтардағы ақыл - парасат, тапқырлық, терең логика жазу - сызу болмады,
сауатсыз еді деп күстәналап келген халқымыздың асқан даналығының
көрінісіндей көзге ұрады.
Қазақ жұмбақтарын өзінің құрылысы, айтылуы, мазмұны жағынан іріктеп
алғанда, негізінен жеті түрге бөлінеді.
Балалар әдебиеті – әдебиетіміздің тамырын тереңге жайған өзіндік саласы
болса, жұмбақ – сол әдебиеттің көркемдік нысанасы мен бейнелік әлемі
өзгеше, шағын жанры. Жұмбақтың қуаты мен қызығын, қадірін терең сезінген
әдебиетіміздің алыптары өз кезінде бұл салаға мүмкіндігінше көңіл бөліп,
фольклор үлгілерін, оның ішінде жұмбақтарды да жинауы және жариялауы –
кейінгі ұрпақ үшін де тағылымды, қызықты құбылыс. Мәселен, сонау
жиырмасыншы жылдары балалар әдебиетіне де қалам тартқан М.Жұмабаев [17],
Ж.Аймауытов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин сынды қаламгерлеріміз халық
жұмбақтарын жинап жарияласа, одан кейінгі кезеңдерде де бұл талап
толастаған жоқ.
Әдеби жұмбақтардың жанр ретінде аяғынан тік тұрып кетуіне тікелей ықпал
еткен – балалар басылымдары. Осы басылымдар балаларға не ұсынып отыр, сыр-
сипаты қандай? деген сауалдар ертеңін ойлайтын кім-кімді де селсоқ
қалдырмаса керек. Осы тұрғыдан алсақ, Балдырған, Айгөлек, Мөлдір
бұлақ, т. б балалар басылымдарында жарық көрген жұмбақтардың саны да,
сапасы да әртүрлі екеніне көз жеткізу қиын емес.
Егер халық жұмбақтарына зер салсақ, негізінен көзге шалынған жаратылыс
құбылыстары, тұрмыс-тіршілікте тұтынған заттар, еңбек құралдары болып
келетінін аңдау оңай. Заман ағымына сай жұмбақтардың тақырыбы, нысандары
өзгеріп отырды. Қазіргі әдеби жұмбақтардың тақырыбы сан алуан. Кешегі
жұмбақ та, бүгінгі жұмбақ та қалай дегенде де кәдуілгі тіршілікпен
сабақтас.
Демек, біріншіден техникасы жағынан ойдағыдай. Екіншіден жұмбақты
шығарушы тыңдаушыға қарата: Көресің бе?!, – дейді. Диалогқа жауап беруге
шақырады, назарыңды еріксіз аудартады. Бір қара, жаны жоқ,
қимылдауға, сүйегі, ішіндегі, бақша-бақша, жалғыз көзі,
төбесінде – осының бәрі киіз үйдің поэтикалық белгілері. Бұған алыста
деген нұсқау мен көресің бе? деген сұрақты, бар екен деген белгісіз
автордың аңғаруын қосқанда, бұл туындының айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ
отау немесе кішкентай ғана тостаған, мені көтеріп тастаған немесе
кішкене ғана тостаған, айдалаға тастаған деген секілді екі тармақты,
айтуға да, жаттауға да, шешуге де жеңіл, шайнауға оңай жұмбақтарға
қарағанда, күрделірек екенін сезіну қиын емес.
Ғылым мен техника дамыған сайын адам баласының өмір сүру мәдениеті
жоғарылаған кейінгі кезеңде көптеген өзгерістер болғанын жұмбақтардың
тақырыбынан, мазмұнынан көреміз. Заман ағымымен келген жаңалықтарды, ғылым
мен техника атауларын жасыруда ізденіс бар. Бүгінгі техника жетістіктерін
арқау еткен туындылар баршылық.

2. 1 Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні
Мақал-мәтелдердің адамды игі қасиеттерге үндеу, уағыз-өсиет
сипаты бар екені баршаға мәлім. Бұл қазына тәрбиелі қыз,
ұлағатты ана, ардақты ұл, елі аялаған ер, жылы жүректі әке
қандай болуы керек, осының бәрін тобықтай сөздің түйінінде
түйіндейді.
Қазақ халқы мақал-мәтелге өте бай. Мақал-мәтелде халқымыздың
өніп-өсуіне, мінез-құлқын қалыптастыруға, тіршіліктің қыры мен
сырын түсінуге, оның қайшылығын тануға терең баға беріледі. Мақал-
мәтелді кез келген адам шығаруға құқылы. Ал ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып, уақыт арқалатқан жүкті мойымай көтеріп, сөйтіп,
қалың елдің мұқтажын өтейтін мақал-мәтелдер салиқалы ой иесі,
ділмар шешен, адуын мінезді ақындар араласуымен жасалған.
Қазақтың мақал-мәтелдеріне өз үлесін қосып, отты сөздері ел аузына
кең тараған М.Әуезов, Б.Момышұлы, Ғ.Мүсірепов, Ғ. Мұстафин сияқты
ұлы адамдар есімі ел есінде сақтаулы [18].
Жастарға өнер-білім, тіл үйретуге, жан-жақты тәрбие беруде
мақал-мәтелдің мән-маңызы өте зор. Білім мен өнер еңбектің бір
түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып, білімін байытқан
бала ғана өмірден өз сыбағасын алып, өз орнын таба
алатыны сөзсіз.
Қазақ халқының даңқын шығарып, абыройын асырған айтулы
ұлдардың бірі – жазушы, қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының
Ер серігі – сергек ой, Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды,
Азаматқа өмірден ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz