Мақта-тоқыма өндірісі-өңірдің болашағы


Мақта-тоқыма өндірісі-өңірдің болашағы
Еліміз дамудың жаңа белестеріне кетерілді. Эканомикалық өсудің жоғары қарқыны әлеуметтік мәселелердің шешілуін жеделдете түсуде. Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты биылғы Жолдауында: «Біз Қазақстанның жахандық эканомикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шаған да болса өзіне лайық «орнын» иемденген әрі жаңа эканомикалық жағдайларғацылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз, деп атап көрсетуі жаңа эканомика қалыптастырудың маңызды екендігін танытады. Жаңа эканомиканың дамуында мақта-тоқыма кластерінің маңызы айрықша.
Облысымыздың табиғи-климаттық жағдайы мақтаны өндіріп, баптауға қолайлы, сондай-ақ, Тәжікістан, Өзбекстан, Түркіменстан секілді мақта өндіретін елдерге, мақта-маталарына сұраныс есе түскен Қытай, Ресөй, Таяу Шығыс елдеріне жақын. Мысалы, Азия - Тынық мұхит аймағының мақта өнімін тұтыну көлемі жылына 16, 5 млн. тонна болса, бұл көрсеткіш
Европада - 1, 6 млн. тонна, ТМД елдері бойынша - 0, 6 млн. тонна екен. Яғни, облысымыздың шикізаттан бастап дайын бұйымдарға дейінгі өңдеу процесіндегі өндірістің тиімділігіне қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті тауар өндіру және оны экспортқа шығару мүмкіндгі мол. Бұрындары шикізат күйінде шетелге арзан сатылатын мақта дақылы елімідің өндірісін өркендететіндей кезге жетті. Дамыған елдердің тәжірибесіне жүгінсек, эканомиканың маңызды саласы болып табылатын тоқыма өндірісі ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) мен экспорт айналымының үлкен бөлігін құрайды. Демек, бұл саланы дәмыту рынокты отандық тауарлармен толықтыруға, тұрғындардың еңбекпен қамтылу деңгейін жоғарылатуға, тігін өнеркәсібін және сауданы дамытуға ынталандырады. Еліміздің сауда-өнеркәсіп палатасының мәліметі бойынша, Германия, Франция, АҚШ елдерінде тоқыма өнеркәсібі ІЖӨ-нің 8-9 %-ы, Түркия мен Қытайда бұл көрсеткіш -12 %, ал Үндістанда 14%-дан асады екен, бұл мемлекеттік бюджеттің бестен бірін құрауға, сондай-ақ рынокты отандық тауармен 75-80% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қытай, Үндістан, Пәкістан тиісінше 50 млн. 10 және 7 млн. фермерлік шаруашылықтар тоқыма саласымен айналысады.
Міне, осы және басқа да жәйттер сараланып, мақта-тоқыма кластерін жүзеге асыру мақсатында Елбасының жарлыгымен өткен жылы «Оңтүстік» арнайы эканомикалық аймағы құрылды. Қазіргі уақытта аймақта бірқатар жұмыс атқарылды. Арнайы аймақтың дамуына Үкімет 821 млн. теңге бөлген болатын. Әкімшілік, кеден салық ғимараттары салынды. Телефон, газ жүйесі, терминал, автожол, көпір, теміржол секілді өндіріке
қажетті салалардың жобалары дайындықтан өтті. Сағатына 90 мгВт қуат беретін электр станциясы іске қосылмақ. Сондай-ақ, барлық инженерлік-коммуникациялық желелер жүргізіліп, АЭА-ның салық және кеден органы құрылды. Келешекте 5000 адамды жұмыспен қамтитын 15-тен аса ірі көсіпорын салынады деп күтілуде. «Оңтүстік АЭА-ның 2015 жылға дейінгі даму бағдарламасы дайындалып, Үкімет қаулысымен бекітілді. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған ведмствоаралақ жұмыс тобы мақта-тоқыма кластері дамыған, тоқыма өнімдерін өндірудің әлемдік көшбасшылары шоғырланған Түркия, Пәкістан мен Үндістан елдерінде болып қайтты. Нәтиже жаман емес. «Оңтүстік» АЭА-ға тоқыма кәсіпорның салу жөнінде пәкістандық «Табани» тоқыма компаниясымен хаттамаға қол қойылды. Мақтааралдағы мақта зауытының құрылыс аяқталып көледі. Қуаттылығы 60 мың тонналық мақта шикізатын тазалайтын мақта зауытының құрылысына Үкіметтен 12 млн. АҚШ доллары бөлінген. Биыл алғаш рет диқандардан мақта қабалданған зауыттың шаруашылықтарға тигізер пайдасы көп. Мақта бағасы өткен жылдағыдан біршама өсіп, 50 теңгеге жетті. Бұл да мемлекеттің мақташыларды қолдауының нәтижесінде болып отыр. Ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеуде. Онда көптеген мақта сорттарының орнына осы тұқымның аз мөлшердегі аудандастырылған, табиғи-климаттық жағдайға бейімделген сорттарын шығару қолға алынды. Осы уақытта ПА-3031, ПА-3044, МА-3047, М-4003, М-4005, М-4007 жаңа, жоғары өнімді мақта сорттары өсірілуде. Мақта-тоқыма кластерін құру шеңберінде, сондай-ақ, тұқым өндіру заводының құрылысы басталды, мақта тапшылығының сапасын анықтайтын зертхана құру жоспарлануда. Аумағы 7, 168 мың шаршы метр, қуаты 10 мың тонна мақта талшығы, «Қазақстан Карго контрол» ЖШС-І көлік-логистикалық орталық және карго-қоймалар құрылды. Мақтаны ауыл шаруашылығы зиянкестерінен қорғау үшін 450 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Одан басқа биыл мақта тұқымын дамытуға - 24 млн. минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға - 245 млн. жанар - жағармай сатып алуға - 672 млн. егінді суғаруға 250, 6 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік қолдау өндіріс саласына да көрсетілуде. Қазақстан Даму Банкі арқылы «Ютекс» ЖШС-іне 13, 1 млн. АҚШ доллары бөлінген. Сондай-ақ, «Қазақ-Ресей тоқыма Альянсы ЖШС-не 26 млн евро, «Меланж» АҚ-ына 34, 4 млн. АҚШ доллары бөлініп, іске қосылған көсіпорындар қазір өнім көлемін қаржы жұмсалған трикотаж-тігін фабрикасы іске қосылуға дайын.
«Қазақстанда тоқыма өндірісін дамыту» тақырыбында II Халықаралық тоқыма конференциясының Шымкентте өтуі де облысымыздың мақта өндірсіндегі мүмкіндігінің мол екендігін аңғартады. Конференциға еліміздің министірліктері мен қаржы секторының мамандары, халықаралық ұйымдар және Германия, Италия, Швейцария, Балгария, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, ҚХР, Пәкістан, Түркия, Ресей, Өзбекстан тоқыма өндірісінің және Қазақстан мақта компанияларының екі елдері қатысты. Олардың 40-тан астамы инвесторлар, 20-сы даму институттарының өкілдері. Қазақстандық тоқыма енеркөсібінің инвестициялық мүмкіндігін шетелдік ірі инвесторларға таныстыру мақсатында өткен конференцияда «Оңтүстік» арнайы эканомикалық аймағының келешегі, онда жұмыс істеуге ниет танытқан кәсіпорындарға көрсетілер жеңілдіктер сараланды. Сонымен қатар, «Оңтүстік» АЭА-ның және мақта-тоқыма кластері бағдарламасына қатысушылардың инвестициялық жобалар көрмесі ұйымдастырылды.
Сынау әдістері
1. Ауа өткізгіштігі.
Ауа өткізгіштік деп бұйымдардың өздерінен ауаны өткізуге қабілетін айтады. Тоқыма материалдары үшін ол ауа өткізу коэффициентімен сипатталады. Онда ауа көлемі [м 3 ] 1м 2 ономнен 1с уақытта бірқалыпты р қысымда үлгінің 2 жағына қарай ауаның өтуін сипаттайды. Ауа өткізгіштік коэффициентін мына формуламен есептейді
кезде)
мұндағы
V - ауа көлемі, м 3
F - үлгі ауданы, м 2
T - уақыт, с.
Тоқыма материалдарынң неге арналғанына байланысты олардың ауа өткізгіштік қасиеттеріне әртүрлі талаптар қойылады. Қыстық киімдерге арналған материалдардан жаздық киімдердің ауа өткізгіштігі жоғары болуы шарт. Ауа өткізгіштік қасиеті парашют және фильтр жасауға арналған материалдарының ауа өткізгіштігін анықтау өнімнің құрылымына, талшықтар мен жіптердің геометриялық сипаттамаларына және олардың дайындалу жолдарына байланысты.
Ауа өткізгіштікті анықтауға арналған әртүрлі құралдардың ортақ ережесі микронометрмен өлшенетін ауа қысымын р материалдардың жоғарғы бетіне түсіру. (155- сурет) матаның ауа өткізгіштігін анықтауға арналған құралдың сызбасы. 3-жұмыс камерасы, 2-микронометр, 4-газ өлшеуші, 1- материалдың беткі бөлігі;
2. Драпталуы Д-тоқыма бұйымдарының ілінген жағдайда өз салмағы әрәкетінен жеңіл қатпарлар түзуге қабілеттілігі Бұйымның драпталуы негізенде материалдың иілуге қаттылығына байланысты. Драпталуды В. Я. Евдокимов және А. К. Бухарова әдістерімен анықтау қарапайым әдіс болып табылады. Үлгіде 400х200м өлшемді өнімсде 1, 2, 3, 4 нүктелерін белгілейді (144-сурет) .
Үлгіні бағанға іліп, белгіленген нүктелерге (5) 3 қатпар шығатындай етіп қадайды. Қатпарлар жазылып кетпеуі үшінүлгіні 6, 7 тығындарымен қосып қояды. Үлгіні 30 минут қалдырып қойып, уақыт өткеннен соң драпталуын есептейді. Ономның драпталуын (%) мына формуламен табады.
(1)
бұл әдіс драпталудың 2 бағытын толық сипаттап бере алмайды. Мұндай мүмкіндікті дисктің әдіс береді. Үлгінің дөңгелектік қалыңдығы йентрі (1) Д диаметрі (145-суретте) кіші диаметр
-ға қозғалтылады. Үлгі (3) дискпен бекітіледі. Жоғары жағынан жарық түсіріледі. (6) астына қойылған заттың үстіне төселген қағазға (5) дисктер аралығын суретке салып алады. Яғни, өнімнің драпталуының коэффициентін проекциядағы өзгермелі өлшемдері арқылы тапқан.
Драпталу коэффициенті
проекция ауданының
үлгінің ауданына
қатынасын білдіреді. Ол
ке тең.
жібек маталары үшін үлгі диаметрін 150 мм деп, қалғандарына 200 мм деп алу ұсынылған.
Қыртыстанбаушылық.
Қыртыстану - маталардың қайырылу, бүктелу кезінде қыртыстар түзу қасиеті. Қайта қалпына келу бұрышы
- өнімнің екі қабатталғанда ашылатын бұрышы. Бұл бұрыш толық қалпына келу бұрышынан 180
0
проценттік сипатталуы, өнімнің қыртыстанбаушылығын көрсетеді.
Қыртыстанбаушылық - бұйымның киілу процесі кезінде пайда болған қыртыстары мен қатпарларын бастапқы қалпына қайта келтіру қасиеті. Қыртыстанбаушылық қасиеті стандартты әдіспен анықталады. Құрал келесі құрылымға ие (146-сурет) негізінде (2) деңгеймен (3) винтпен бекітілген (4) дөңгелек бағдарша. Бағытталған бағдарша (5) бағанға (6) қысқыштар орналастырады, (7) Винт сызықың сынуын (9) бағдарша арқылы көрсетеді. Оң қолмен қысқышты ашып, сызықтың бір ұшын (10) жібереді. Оның бұл ұшы келесінің ұшына бекітілген. Осы уақытта секунд өлшеуішін іске қосады. Босатылғаны үшін күш әсерінен
бұрышқа жылжып кетеді. Секундомер қосылғаннан 5 минуттан кейін бағыттаушылар срезден көлденең жалпақтығын анықтайды. Бұл сызықтың бос шетіне параллель анық орналасқан. (11) құралы арқылы 1
0
дәлдікке дейін қалпына келу бұрышын
табады.
Матаның барлық бағыттағы жіптерінің қыртыстанбаушылық шаласын (%) келесі формуламен есейтейді.
(3)
мұндағы, 2орт - қалпына келу бұрыштарының арифметикалық ортасы.
Сынаудың стандарттық әдістемесі бойынша арқау бойынша 5, негіз бойынша 5 қатарлар бөлу қабылданған. Мұндай жағдайда (3) формула келесі түрге өтеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz