ТҮЙЕ ТӨЛДЕРІНЕН АЛЫНҒАН ЖҮННІҢ ТАУАРЛЫҚ ҚҰРАМЫ


ТҮЙЕ ТӨЛДЕРІНЕН АЛЫНҒАН ЖҮННІҢ ТАУАРЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Түйе жүніңің технологиялық қасиеттері ерекше екені белгілі. Ол құрамы жөніңен әркелкі болып, түбіт, ауыспалы талшық және қылшықтан тұрады. Дегенмен түйе жүніңің құрамындағы түбіттің үлесі мейлінше жоғары. Түйе жүніңің басты ерекшелігіне оның құрамында өлі талшықтардың болмайтынын жатқызуға болады.
Тоқыма өнеркөсібіңде түйе жүні қой жүніне қосып жүнді және жартылай жүнді сапалы маталар дайындау үшін пайдаланылады.
Құрамында түйе жүні бар маталар мен матадан жасалған бұйымдар жеңілдігімен, беріктігімен қатар, жұмсақтығымен де ерекшеленеді.
Түйе төлдері жүн өнімділігінің жеткілікті дәрежеде зерттелмегеніңе байланысты қазақ бактрианы мен дромедарларынын бір, екі және үш жасар, еркек және ұрғашы төддерінің жүн өнімділігін анықтау жөніңде тәжірибе жүргізілді. Жұмыс нысаны ретінде сыртқы тұлғасы мен тірілей салмағын анықтауға пайдаланылған тәжірибе топтарындағы боталар пайдаланылды.
Жүн түсімі бойынша қазақ бактриандарынын өздері қатарлас қазақ дромедарларынан жоғары болатыны белгілі.
Бір жасар қазақ бактриандарынын орташа жүн түсімі 3, 0 кг шамасында болып, онын 2, 7 кг жұмсақ жүн, 0, 3 кг шуда болып келеді.
1-кесте. Тұқымына, жасына және жынысына байланысты түйе төлдерінің жүн өнімділігі (килограмм есебімен)
Түйе төлі
жасы
1-кестеде қазақ бактрианы мен қазақ дромедары тұқымдарына жататын түйе төлдерінің жүн өнімділігін анықтау нәтижелері келтірілген.
Бір жасар ұрғашы боталардын жұмсақ жүнінің шығымы (2, 8 кг) біршама жоғары болғанымен, жүн өнімділігі еркек боталарға қарағанда 0, 2 кг кем болды.
Бір жасар еркек дромедар тұқымды боталардын жүн өнімділігі 2, 6 кг болса, оның 2, 1 кг-ын жұмсақ жүн, 0, 5 кг-ын шуда құрады. Ұрғашы дромедар боталардың бір жастағы орташа жүн түсімі 2, 5 кг, онын 2, 0 кг-ы жұмсақ жүн, 0, 5 кг-ы шуда.
Түйе жүнің жұмсақ және шудаға жіктеу мынадай белгілерге байланысты жүргізілді.
Жұмсақ жүн құрамында шамалы мөлшерде өскелен қылшықты жүн талшықтары бар, түбіт пен ауыспалы талшықтан тұратын, қысқа жене жіңішке тұлымша түрінде болады.
Шуда құрамында түбіт, ауыспалы талшык және қылшығы аздау болып келетін қатқыл тұлымшалардан құралады.
Бактриандарда жұмсақ жүн жалпы денесімен қылшықты жүн өркешінің 2/3 бөлігінен, жал өркешінің 1/3 бөлігі мен мойын бөлігінің алқымынан қырқылады.
Қылшық жүнді жалдың қарқынды өсуі мал екі жастан асқанда басталады.
Қазақ дромедарларында жұмсақ жүн жалпы дене жағынан және мойынның жанынан қырқылады. Шуда өркешінің іш жағындағы бөлігінен қырқылып алынады. Жал мойынның үстінгі және астыңғы жағыңда, сонымен қатар өркешінің жогарғы 1/2 бөлігінде пайда болады. Жас төлдердің жалы үш жастан асқанда пайда болады. Түркімендік дромедарлардың жалы екі жастан асқанда өсе бастайды.
Түйенің жүмсақ жүніңің сатып алу бағасы орта есеппен қылшықты жүннен 30%, ал жалдан 20% жоғары болып келеді.
Түйе жүні ластану дәрежесіне байланысты екі түрге бөлінеді: қалыпты - жүн салмағының 5 пайызына дейін шөп-шаламмен ластанған; ластанған - шөп-шаламмен ластануы жүн салмагының 5 пайызынан жоғары.
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының "Созақ" АҚ мен "Жылтырақ" шаруа шаруашылығының жер жағдайыңда қырқылған түйе жүнінің шөп-шаламмен ластану дәрежесі 3 пайыздан 5 пайызға дейінгі деңгейде болды.
Боталардың қай тұқымға немесе жынысқа жататынына қарамастан, жасы өскен сайын жүн өнімділігі де сенімді дәрежеде өсіп отырады.
Екі жасар еркек бактриандардың орташа жүн түсімі 3, 8 кг құраса, оның 3, 5 кг жүмсақ, 0, 3 кг дөрекі қылшықты жүннен тұрады. Бұл көрсеткіш ұрғашы малда тиісінше 3, 5; 3, 3; 0, 2 кг шамасында.
Үш жасар еркек малдың жүн тұсімі орта есеппен 5, 0 кг, оның жұмсақ жүні 4, 5, шудасы 0, 3 және жалы 0, 2 кг.
Үш жасар ұрғашы бактриандардың жүн түсімі 4, 5 кг, онын 4, 2 кг жұмсақ, 0, 3 кг шуда.
Жүннің үшінші сортына жататын жал еркек бактрианның тек ұш жасында ғана қырқылатыны анықталды.
Екі жасар қазақ дромедарының орташа жүн өнімділігі еркек малда 3, 4 кг, ал ұрғашыларыңда 3, 2 кг болды. Жұмсақ жүн шығымы еркектерінде 3, 0 кг, ұрғашыларында 2, 8 кг. Қазақ дромедарларында шуданың шығымы қазақ бактриандарына қарағанда едәуір жоғары.
Үш жасар еркек дромедардың орташа жүн өнімділігі 4, 0 кг болса, онын 3, 5 кг жұмсак, 0, 5 кт-ы шуда. Ал, ұрғашы малда тиісінше 3, 8; 3, 3; 0, 5 кг.
Тұқымына және жынысына қарамай боталардын жүн өнімділігі өсіп отырады. Қазақ дромедарларында шуданын тұсімі қазақ бактриандарына қарағанда едәуір жоғары. Бұл олардың тұқымына байланысты (бір өркешті тұқым) .
Еркек малда шуданың шыгымы ұрғашы малдардан жоғары болатыны белгілі.
Қазақ дромедарларынын жүн өнімділігінің түркімен дромедарларымен салыстырғанда едәуір жоғары болуы олардың будандастырудан шыққандығына байланысты.
И. К. Жұмағұловтың мәліметтері бойынша Қазақстан КСР-ның № 125 түйе зауытындағы түркімендік тұқымға жататын дромедарлардын бір жасарларында орташа жүн тұсімі 2, 33 кг құраса, оның 2, 44 кг жабағы жүн; екі жасарларында жүн түсімі 2, 62 кг, оның 2, 44 кг жабағы жүн; үш жасарларында тиісінше 3, 31 және 2, 94 кг болған.
Алынған деректер Оңтүстік Қазақстанның жер жағдайында өнім бағыты бойынша әмбебап қазақ бактриандары мен қазақ дромедарларын өсірудін тиімділігін көрсетті. Соңдықтан келесі жылдары жүн өнімділігін арттыру және жоғары сапалы түйе жүнін өндіру технологиясын жетілдіру жөніндегі селекциялық жұмыстарды айқындап алу мақсатында жас ерекшеліктеріне қарай қазақ бактриандары мен дромедар түйелердің түк жамылғысының морфологиялық ерекшеліктерін анықтау бағытында бірқатар зерттеулер жүргізілуі қажет.
Бір, екі және үш жасар қазақ бактрианы және қазақ дромедары түйе төлдерінен алынған жүннін құрамына салыстырмалы талдау жүргізілді (2-кесте) .
2-кесте. Түйе төлдері жүніңін морфологиялық құрамы
Қазақ бактрианы боталарының бір жастағы жүн өнімділігі орта есеппен 3, 0 кг құраса, екі жасында 3, 65 кг, үш жасында 4, 75 кг болды. Онымен жасты қазақ дромедары боталарының орташа жүн өнімділігі тиісінше 2, 55, 3, 3 және 3, 9 кг құрады.
Малдың жасы өскен сайын түбітінің үлес салмағы қазақ бактриаңдарында 97, 0 пайыздан 93, 0 пайызға дейін, ал қазақ дромедарларында 90, 0 пайыздан 88, 5 пайызға дейін кемиді. Сондай-ақ, түйелердің жасы өскен сайын түбіті жуандап, бактриандарда 16, 0-17, 0 мкм, дромедарларда 19, 0-20, 0 мкм болатыны анықтадды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz