Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Тарих-педагогика факультеті
Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесің кафедрасы

” Бекітемін”
Тарих-педагогика факультетінің
деканы, т.ғ.к., профессор

”___” _______ 2009 ж.

050102- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
(2009-2010 оқу жылына қабылданған білімгерлер үшін)

ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

Түркістан 2009

Элективті пәндер каталогы 050102- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен
әдістемесің мамандығының оқу жоспары негізінде жасалды.

Кафедраға тиісті пәндер тізімін дайындағандар:
1.Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент С.Қожагелдиева
2.Кафедра оқу әдістемелік секция төрайымы А.Сейтметова
3. Топ эдвайзері п.ғ.к., аға оқытушы А.Рысбекова
Кафедраға тиісті пәндер тізімі № 1 01 09 2009ж мәжілісінде қаралды.

Жалпы білім беру пәндер циклы (ЖБТ)

1. ІTG 234 Түркі мемлектеттерінің тарихы 3-курс 5-семестр – 1 кредит
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Өз дәуірінде дүниені дүр сілкіндірген түркі
халықтарының тарихын зерттеу қарқыны бүгінгі таңда күн өткен сайын арта
түсті.Қызыл империяның басқару жылдарында мұндай мүмкіндік берілмегенді.
Сол жылдары түркі халақтарының тарихы бір –бірінен бөлек зерттеліп,
империяның идеологияландырылған тарихына тәуелді етіліп келді. Осы түста
Кеңес өкіметінің түркі халақтарының өз мәдениетінен, әдет-ғұрпынан, төл
тарихынан ажыратып, орыс мәдениетінің ішіндеерітуді көздегенін атап өткен
абөал. Көне түріктер батыс пен шығысты байланыстыратын көпір қызметін
атқарумен қатар, Ұлы Жібек жолы дамуына үлес қосты, мәдениетін дамытты.
Түркі халықтарының тарихи әлеуметтік байланыстар тұрғысынан және олардың
саяси тарихын зерттеу талпыныстары жүргізілмегендіктен, бүгін таңда тұтас
түркі халықтарының шынайы тарихын айқындайтын еңбектер санаулы. Ал КСРо
ыдырағаннан кейін тәуелсіздіктерін алған түркі мемлекеттері мен автономды
түркі республикалар тарихын өз ұстанымдары негізінде жасауға бет бұрды.
Пәннің мақсаты. Түркі мемлекеттерінің тарихы пәні студенттерге өзінің төл
тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ жаһандану
процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қарулануды мақсат
етеді.
Пререквизиттер: Философия, мәдениеттану
Постреквизвттер: Қазақстан тарихы, түркі тарихы
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мынандай дағдыларды меңгеруі тиіс:
Студенттердің ғылыми көз қарастары мен санасын қалыптастыру, түркі
тарихының ерекшеліктерін үйрену, ұлтжандылық пен отансүйгіштік сезімдерін
ояту, тұтас тағдырлас халақтардың қазіргі таңда даму ерекшеліктерін,
олардың даму перспективаларын ашып көрсету, жаһандану заманында
халықтардың ұлттық болмысын сақтау жолдары мен оны іске асыру мәселелеріне
талдау жасай отырып, студенттердің дұрыс шешім қабылдауына көмектесу.

Базалық пәндер циклы

1. TUR 124 Түрік тіл 11-кредит 1-2 курс, 1-4 семестр

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Практакалық түрік тілін
оқыту барысында грамматикалык минимумдарды ерекше меңгеру негізге алынады.
Ауызекі сөйлеу дәрежесі арттырылады. Білімгерлерге тілді үйрету
практикалық жолмен іске асырылады. Білімгерлерге белгілі бір
лексикалық тақырып және оған сәйкес грамматикалық материалдың
тереңдетілген көлемі ұсынылады Лексикалық тақырыппен
актуалдандылырған коммукикативтік кірістіру, тұрақты клише мен стандартты
айналымдар қарастырылады. Сонымен қатар, білімгерлер жадында
коммуникативтік, ұжымдық және тәрбиелік білім қалыптастырылады. Сабақ
барысында естіп түсіну, оқып ұғыну, жазу, оқу методтары қолданылып,
тақырыптарға байланысты аудио-видео техникалары әртүрлі көрнекіліктер
пайдаланылады
Пәннің мақсаты: Студеттерге түрік тілінің фонетикасын,
лексикология және грамматикасы бойынша теориялық білім беру және
практикалық дағдылармен қалыптастыру.
Пререквизиттер: тіл біліміне кіріспе
Постреквизиттер: шетел тілі
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс:
Студенттер, ең алдымен түрік тілінде өз ойым еркін жеткізе біуі тиіс
сөздік қоры байып, грамматикалық ережелерді дұрыс қолдана білуі
гиіс, практикалық дағдыларды қалыптастыру.

2. Ясауитану 1-кредит. 1 курс, 1 семестр
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Мәдениетсіз рух тіршілік ете алмайтыны
сияқты, қоғам да мәдениетсіз , тарихсыз яғни ұстанымдарсыз өз болмысы мен
дамуын баянды да ете алмайды. Ал ұлттық рухани дамуы оның төл мәдени
–рухани арналармен үндестігіне байланысты екендігін тарих тәжірибесі
айқындап отыр. Сондай-ақ рухани бастау болып табылатын Қода Ахмет Ясауи
ілімі мен дүниетанымы қазақ мәдениеті мен адам әлемінің ділдік түлеу
құбылысы тұрғысынан маңызды орынға ие болып отыр. Бұгінгі таңда Ясауи
ілімінің мәнін маңызы мен ерекшеліктерін анықтау-тарихымыздың өткені мен
бүгіні арасындағы рухани арналар сабақтастығын қалпына келтіруге ықпал
етеді.
Пәннің мақсаты: білім алушыларға халқымыздың тарихымыздың ұлттық
мәдениетіміздің түркірік шынайы дін түсінігімізді қалыптастыру. өзіндік
дүниетанымы , ой еркіндігі, ар-ождан бостандығы, білімне құштарлығы,
ақиқатты сүйетін, отаншылдықты қалыптастыру болып табылады.
Прекреквизиттер: Қазақстан тарихы, философия
Постреквизиттер: Мәдениеттану, түркі халықтарының тарихы
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мынадай дағдыларды меңгеруі керек:
Діни ұғымы анықтамасы, оның шығу тегіне қатысты тұжырымдамаларды,
әлеуметтік қызметтерін, қоғамдағы ролін білу, ислам діні, қайнарлары, Құран
мен Сүннет мазмұны мен құрылымы, сопылқ қайнарлары, ерекшеліктері,
трактаттар. Ясауидің жеті ұстанымы. Оның ілімінің тарихы, маңызы, хикмет
мағыналарын талдай білу.

3. SP 48 03 Салыстырмалы педагогика 2-кредит 4-курс 7 семестр
Пәннің қысқаша сипаттамасы: салыстырмалы педагогика пәні әр түрлі
елдердің, әлемнің әр түрлі аумақтарындағы педагогикалық теория мен
практиканы, қазіргі білім мен тәрбиенің дамуын танып білуде үлкен роль
атқарады. Білімгерлермен жаңа коммуникативтік, танымдық және тәрбиенің
білім қалыптастырады. Мұғалімдерді кәсіби даярлауда әр алуан елдердің
педагогикасының салмастырмалы түрде оқыту барысында жүзеге асырылатын
психологиялық – педагогикалық, пәнді-теориялық компоненттерді қамтиды.
Пәннің мақсаты: Қоғамдық даму мен білім беру саласындағы әр түрлді
процестерді зерттеу арқылы жағымды және жағымсыз жақтарын анықтау және даму
тенденциясын белгілеу, нәтижесінде қажетті білімдерді игеру.
Пререквизиттер: Педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы ,
педагогиканың тарихы.
Постреквизиттер: Этнопедагогика
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс.
Студенттер қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздері мен білімді
меңгеруде және бастауыш мектепте педагогикалық процесті ұйымдастыру үшін
қажетті білікті игеруге тиіс.

4. MІІ 304 Музыкалық аспап (домбыра) 3-кредит 1-2 курс 1-3 семестр

Пәннің қысқаша мазмұны: аспапты дұрыс ұстап, дұрыс отыру және сол қол
қойылымын дұрыс меңгеру. Қарапайым қағыс түрлерін жеке апликатура түрлерін
жетілдіру. Дыбыс қатары. Музыкалық дыбыстарды домбыра пернесіндегі
орналасуы мен олардың нота желісінде жазылуы. Музыкалық дыбыстардың
ұзақтығы мен олардың жазылуы.
Пәннің мақсаты: домбыра аспабында ойнап, үйрену арқылы студенттердің
музыка-педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерін ұлттық музыка өнерімен байланыстыра қазақтың
әдет-ғұрып, салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу.
Пререквизиттер: Хорды дирижерлау
Постреквизиттер: Вокал класы
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс:
1. Қарапайым қағыс түрлерін үйрену;
2. Күй тартып үйрену;
3. Мектеп репертуарларына арналған ән мен күйлерді тартып үйрену;
4. Домбыраның сүйемелдеуімен ән айта білу;
5. Сабақ беру әдістемесін меңгеру;
6. Аспаптағы орындаушылық шеберлігін меңгеру.

5. HІPB 230 Әнмен хор айту 3-кредит 3-курс 6 семестр
Пәннің қысқаша мазмұны: Хормен орындауға арналған материалдарға қазақтың,
орыстың, шет ел композиторларының классикалық шығармаларының мектеп
бағдарламаларына лайықталған әндерінен үзінділер орындату. Бағдарламаға
болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің музыкалық сауатын жетілдіріп,
тиянақтау үшін мектеп бағдарламасынан тыс классикалық шығармалар
енгізілген.
Пәннің мақсаты: студенттердің хормен ән айтуды мәдениетті орындай алуын
жетілдіру болып табылады.
Пререквизиттер: Хормен жұмыс істеу әдістемесі,

Постреквизиттер: Хор партитураларын оқып үйрену

Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс:
1. Әнді айту белгілерін білу;
2. Ноталық таңбаны білу;
3. Қарапайым және күрделі өлшемдерді білу;
4. Балаларға арналған әнді өз бетімен талдап, оны оқушыларға үйретуге
дайындау;
5. Балалардың дауысын таңдай білу;
6. Бастауыш мектепке арналған ән репертуарын білу.

6. Kaz 4706 Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы
1-кредит 4-курс 7- семестр
Пәннің қысқаша мазмұны: қазақ тілін оқыту тарихы әріден, Ы. Алтынсарин
өмір сүрген кезеңнен басталады. Тілді оқыту мәселесі сол кезден бастау алып
біртіндеп даму, жетілу үстінде болды. Кейінгі жылдары қазақ тілін оқыту
әдістемесінің бірсыппыра мәселелері ғылыми тұрғыда арнайы зерттеліп, мазмұн
жағынан толыға түсті.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуға байланысты жазылған әдістемелік
еңбектерді жинап, зерттеудің ғылыми мәні зор. Әрі бұл – студенттерді ғылыми
ізденіске үйретудің бірден-бір жолы. Студенттер үшін әдістемелік
еңбектердің ерекшеліктерін, құнды жақтарын, кемшіліктерін байқай білудің
және өз байқағандарынан дұрыс қорытынды жасай алуының ерекше маңызы бар.
Пәннің мақсаты: БОПӘ факультеті студенттеріне бастауыш сыныпта қазақ
тілін оқыту әдістемесі тарихынан жүйелі білім беру, оның келелі
мәселелерімен таныстыру, қазақ тілін оқытуға байланысты жазылған
әдістемелік еңбектердің мазмұнын терең ұғынып, талдау жасай білуге үйрету.
Пререквизиттер: сауат ашу, әдебиеттік оқу және грамматика, тіл дамыту
әдістемесінің тарихы.
Постреквизиттер: қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс:
1. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихының шартты
түрде қанша кезеңге бөліп қарастыруға болатынын;
2. Ы. Алтынсариннің әдістемелік ой-пікірлерін;
3. А. Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектерін және әрқайсысының мазмұнын;
4. Ғ. Бегалиевтің әдістемелік еңбектерін;
5. Ш. Сарыбаевтың әдәстемелік ой-пікірлерін;
6. 1936-1953 жылдар аралығында бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуға
байланысты жазылған әдістемелік еңбектер мен мақалаларды және
оқулықтарды;
7. 1953-1969 жылдардағы оқу бағдарламалары мен оқулықтағы
өзгешеліктерді;
8. М. Балақаев пен Р. Әміровтің әдістемелік ой-пікірлерін;
9. 1969-1984 жылдардағы әдістемелік еңбектерді;
10. Қазіргі кезеңдегі еңбектерді;
11. Жаңа оқу әдістемелік кешенді білуі тиіс;
12. Әдістемелік еңбектерге өз пікірлерін айтуға;
13. Рецензия жазуға;
14. Әдістемелік еңбектерді өзара салыстырып, жетістігі мен кемшілігін
көрсете білуге үйренуі тиіс.

7. Mat 4707 Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің тарихы 1-
кредит 4-курс 7- семестр
Пәннің қысқаша мазмұны: Бастауыш мектепте математиканы оқытудың
әдістемесінің қалыптасуы мен даму динамикасы туралы білімдерді тереңдете
және кеңейте түсу, сондай-ақ өткен кезеңдегі және қазіргі күнгі әдістемелік-
математикалық ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің ғылыми әдәстемелік
идеяларымен таныстыру болып табылады “Бастауыш сыныптар мұғалімінің
математиканы оқыту әдістемесінің тарихыхан 051002 БОПӘ” мамандығы бойынша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес білім,
білік және дағдыларын қалыптастыру. Курс бойынша лекция, практикалық
сабақтар және студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары жүргізіледі.
Практикалық сабақтарда әралуан сипаттағы әдістемелік тапсырмалар (оқу
бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды және кіші жастағы
оқушыларға математиканы оқытудың әртүрлі жүйелерін, озат ұстаздардың іс-
тәжірибелерін талдау) орындалады, тарихи-әдістемелік әдебиетпен оны
шығармашылық тұрғыда пайдалану бағытындағы жұмыстар жүргізіледі.
Пәннің мақсаты: болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдеріне әдістемелік
–математикалық білімдердің дамуы туралы түсінік беру, бұл тәжірибелерді
меңгеру олардың кіші жастағы ғылыми ойлаудың логикалық, қатаң түрдегі
дағдыларын қалыптастыру болып табылатын кәсіби міндетін орындауға
көмектесетіндігін көрсету.
Пәннің өзге пәндермен байланысы: педагогика, математика, математиканы
оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысының әдістемесі.
Пререквизиттер:педагогика, педагогика тарихы, математика тарихы,
психология, әлеуметтік педагогика, қарым-қатынас этикасы.
Постреквизиттер: Педагогика (педагогикалық үрдіс,өзіндік білім алу,оқу-
тәрбие процесі) педагогика тарихы (тарихи деректер), математика тарихы:
(тарихи деректер)
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс: Оқу
бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды және оқушыларға
математиканы оқытудың әртүрлі жүйелерін, озат ұстаздардың іс-тәжірибелерін
талдай алу және тарихи-әдістемелік әдебиетті шығармашылық тұрғыда пайдала
білу.

8. ІІіT 4708 Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен
технологиясы және практикумы 1-кредит 4-курс 7- семестр
Пәннің қысқаша мазмұны: бірінші бөлім бейнелеу өнерінің әдіснамалық
негіздерің деп аталады, онда дидактикалық ғылымның жалпы жүйесінде қазіргі
заманғы көркемдік білімнің негіздері, эстетикалық тәрбиенің мәні, өнер
құралдары арқылы балаларды көркемдік дамытудың мақсаттары мен міндеттері
қарастырылады. Бейнелеу өнерінің теориялық негіздерің деп аталатын
екінші бөлімде сурет өнерінің, кескіндеме, композиция және сәндік
–қолданбалы өнердің негізгі теориялық мәселелері, сонымен бірге – бейнелеу
өнерінің түрлерімен жанрлары қарастырылады. Бейнелеу өнерінің
технологиясы ң деп аталатын үшінші бөлім сурет, кескіндеме, сәндік
–қолданбалы өнер саласында бейнелеу өнерінің білік және дағдыларын иеңгеру
процесінде студенттерді даярлау мәселелрін қарастырады. Төртінші бөлім
кіші мектеп жасындағы оқушыларды бейнелеу өнеріне оқытуәдістемесің деп
аталады, бұл бөлім кіші мектеп жасындағы оқушыларға бейнелеу өнерін оқытуда
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлау процесіне арналған. Онда
бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың әдістемелік негіздер, мазмұны
мен құралы мен формалары, кіші мектеп жасындағы оқушылардың білім, білік
және дағдыларын тексеру және бағалаудың жүзеге асыру мәселелері
қарастырылады.
Пәннің мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің эстетикалық және
кәсіби жағынан дайындау.
Пререквизиттер: Педагогика, бейнелеу өнері
Постреквизиттер: Бастауыш мектепте бейнелеу өнері мен еңбекке баулуды
үйрету әдістемесінің тарихы.
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс:
1. бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері;
2. эстетикалық білім беру мен тәрбие беру процесінің негізгі идеялары,
тұжырымдамалары, заңдары, заңдылықтары мен принциптері;
3. бейнеоеу өнерінің негізгі категориялары мен ұғымдары;
4. оқыту мен тәрбиенің мәні, мазмұны, формалары мен әдістері;
5. жаңа педагогикалық технологиялар мен тәрбиенің мәні.

9. KuІ 2409 ШКМ оқу тәрбие процесі 2-кредит 4-курс 7- семестр
Пәннің қысқаша мазмұны: Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және
саяси дамуының шарттарымен анықталатын білім беру саласында болып жатқан
түбегейлі өзгерістер бастауыш сыныптағы болашақ мұғалімдерді даярлауды
жаңа тұрғыдан қарауды талап етіп отыр.Білім берудің қазіргі парадигмасы
бастауыш мектептің болашақ мамандардың оқу және оқудан тыс іс-әрекетін өз
бетімен білім алу даярлығын қалыптастыруға, өзінің кәсіби дайындығының
белсенді субьектісі болуға бағыттайды. Бұл курс болашақ мұғалімнің кәсіби
мәдениетінің жалпы ауқымын және негізін қалайды. Студенттердің
педагогикалық мамандыққа бағдарын тереңдетеді. Студенттердің кәсіби-
тұлғалық дамуын талдауды қамтамасыз етеді және мектептен ЖОО оқу
жүйесіндегі оқу арқылы бейнелеуге көмектеседі.

Пәннің мақсаты:- Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік
стандарытының, жаңа буын оқулықтарының пайда болуы бастауыш сыныптар
болашақ мұғалімдерін даярлау мазмұнының мақсатқа бағыттылығын өзгертуді
талап етеді.
Пререквизиттер:педагогика, педагогика тарихы, математика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беру пәндер циклы
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) Әдістемелік құрал
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
«Мамандыққа кіріспе» пәнінен дәрістер
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Болашақ Мұғалімдердің Оқу-Тәрбие Үдерісінде Ізгілік Қасиеттерін Қалыптастыру
Пәндер