Мектептегі сыныптан тыс кезінде сауықтыру жұмыстарды ұйымдастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мектептегі сыныптан тыс кезінде сауықтыру жұмыстарды ұйымдастыру
Оразалиева Манзура Тұрсынмаханбетқызы
Аймақтық әлеуметтік-инновациялқ университеттің 2-курс магистранты

Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
бір-бірімен тығыз байланысқан екі бағытта: көпшілік спортты дамыту және
спортшылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру бағытында жүргізіледі. Осы
екі бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей топтарға бөлініп
жүргізіледі.
Спорт түрлерінен спорт секцияларын ұйымдастыру жұмыстары.
- спорт түрлерінен икемі бар оқушыларды шақыру, іріктеу, секцияда
жаттығушылар құрамын, жаттықтыру кестесін бекіту;
- спорт секцияларында спорт түрлерінен спортшыларды даярлау жоспарын
жасау;
- секцияларда, командаларда, топтарда жиналыстар өткізу, жалпы
жоспармен, жаттығу кестесімен таныстыру, староста, команда капитанын
сайлау.
Спорттық жарыстарға дайындалу, өткізу.
- сыныптарда, сыныптардың құрама командаларын спорт түрлерінен өтетін
жарыстарға дайындау,
- спорттық жарыстарға алдын ала дайындалу: мәлімдеме - өтініш
құрастыру, бекіту, тарту, спорт төрешілерін тағайындау, сұраныстар
дайындау;
- спорттық жарыс алдындағы дайындық: спорт залды дайындау, әнұран,
ту, дыбыс-жабдықтарын, жеңімпаздар шығатын баспалдақ, марапаттау
қағаздарын т.б. дайындау;
- мектеп басшыларын, қонақтарды қатыстырып, жарысты жоғары деңгейде
өткізу;
- аудандық, қалалық жарыстарға, мектеп құрама командасының мүшелерін
іріктеу, дайындау, қатысу.
Президенттік сынама сынақтарына дайындық және тапсыру:
- оқу сыныптарын Президенттік сынама нормаларымен таныстыру,
дайындау;
- Президенттік сынама жарыстарына дайындау, дәрігерлік қамтамасыз
ету, өткізу;
- жарыс құжаттарын толықтыру, есеп беру.
Ұйымдастыру және есепке алу жұмыстары:
Спорт түрлерінен жаттықтыру құжаттарын толтыру;
- спортшылар орындаған разряд пен атақтарының құжаттарын толтыру,
жоғары тұрған мекемелерге ұсыну, бұйрық шығару;
- оқу-жаттықтыру жұмыстарының барлық бақылау және есепке алу
құжаттарын, жұмыстарын жүргізу;
- жоғарғы көрсеткіштер мен разрядтар, Президенттік сынама
тапсырушылар кітабын жүргізу.
Мұғалімдер арасында денсаулық топтарын ұйымдастыру:
- спорт ойындарымен айналысатын топтар: волейбол, баскетбол,
футбол т.с.с. Спорт ойындарымен айналысатын топтардағы жаттығуларды дене
тәрбиесі мұғалімі немесе мұғалімдер арасынан разряды бар адамдар
жүргізеді;
- жүгіруді жақсы көрушілер тобы. Бұл топ жаттықтыру уақытында мектеп
спорт залында жиналып, мектеп стадионында немесе мектеп маңындағы орман,
тау, жазық жерлердің соқпақтарымен жүгіреді. Жүгіру әдістемесін, жүктеме
мөлшерін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері белгілеп береді;
- жалпы дене қуатын дамыту топтары. Бұл топ дене қыздыру
жаттығуларынан кейін мектеп спортзалдарындағы стандартты емес
снарядтарда, штанга, гир, батпандармен жаттығады. Дене жаттығулары
кешенін мектептің дене тәрбиесі мұғалімі құрастырады;
- әйелдердің жаттығуына арналған: аэробика, шейпинг, у-шу, әр
түрлі гимнастикалық топтар. Жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе осы
спорт түрлерінде тәжірибесі бар басқа пәннің мұғалімдері жүргізеді;
- мұғалімдер арасындағы аудан, қала, облыстық жарыстарға команда
дайындау, қатысу.
Көп адам қатысатын көпшілік спортты насихаттау түрлері:
- туристік жорықтарға дайындалу, бару;
- спорт мерекелерін өткізу;
- көп адамдар қатысатын кростық жарыстарды, шаңғы жарыстарын өткізу.
Сыныптан тыс спорт – көпшілік жұмыстарын жоспарлаудың негізгі
құжаты - көпшілік-спорт шараларының жылдық күнтізбелік жоспары. Ол жоспар
төмендегідей бөлімдерге бөлінеді:
1. Көпшілік қатысатын жарыстар: шаңғы, жеңіл атлетика, кростар,
Президенттік сынамалар жарысы, әр түрлі конкурстар, көңілді старттар (Ал
қане, жігіттер).
2. Мектептегі кең тараған спорт түрінен жарыстар.
3. Басқа мектептермен өткізілетін жолдастық кездесулер.
4. Аудан, қала біріншіліктері.
5.Спорт түрлерінен іріктеу жарыстары.
6. Спорттық мерекелер, көрнекі орындаулар (насихаттау) түрлері.
Бұл жоспарды құрастырған кезде ауданның, қаланың жоспарын есепке ала
отырып жасау керек. Жоспарды құрастырғанда оқу жылының басындағы
қыркүйек айында өткізілетін жарыстардан бастап оқу жылының аяғы мамыр
айындағы қорытынды спорт мерекесіне дейінгі барлық спорттық шаралар
қамтылуы қажет. Спорттық шаралар рет-ретімен өздерінің жүргізілетін
кезеңдеріне байланысты құрастырылады.
Оқушылармен оқу күні ішінде жүргізілетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Дене тәрбиесінің жалпы мақсаты мен міндеттілігі жайлы жалпы
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Дене шынықтыру жөнінен мектептен тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері
Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі
Дене тәрбиесінің теориялық негіздері
Пәндер