Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 145 бет
Таңдаулыға:   

МАРАТ ОСПАНОВ атындағы бАТЫС қАЗАҚСТАН

мемлекеттік медицина УНИВЕРСИТЕТІ

Мамандық 5В130100 - «Жалпы медицина»

5В130200 «Стоматология»

Интернатура

2013 - 2014 оқу жылына арналған

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

Актобе - 2013

«5В130100 - Жалпы медицина» мамандығы бойынша ҚР МЖМБС 3. 07. 475-2006; «5В130200 - Стоматология» мамандығы бойынша ҚР МЖМБС 3. 07. 476-2006; 2011ж. 20 сәуір №152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың ережесі»; 5В130200 - Стоматология мамандықтары бойынша 20. 01. 2008ж. жоғары және жоо-нан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша Қаз ММА жанындағы ОӘС бекіткен 2006ж МЖМБС арналған элективті пәндер тізімі; 2013-2014 оқу жылына арналған элективті пәндер тізімі негізінде жасалған.

Құрастырғандар:

Батырова Г. А., тіркеу қызметінің жетекшісі;

Медеуова Ж М., тіркеу қызметінің аға маманы.

Марат Оспанов атындағы БҚММУ

ОӘК мақұлдады № 3 хаттама 16. 01. 2013ж

КЕЛІСІЛДІ

БҚММУ оқу- тәрбие

жұмысы жөніндегі проректоры

м. ғ. к А. Б. Тусупкалиев

16. 01. 2013 ж.

БЕКІТІЛДІ

Марат Оспанов атындағы БҚММУ

Ғылыми Кеңесінің шешімінде

№8(672) хаттама 22. 01. 2013ж

Құрметті студенттер!

Сіздердің назарларыңызға білім алушының өз бетімен таңдалатын элективті пәндер курсы ұсынылып отыр. Бұл таңдау Сізге, келесі 2013-2014 оқу жылына жеке оқу жоспарын таңдауыңызға көмектеседі. Жеке оқу жоспарын құру турасында кеңесті, тіркеу кезінде өзіңіздің эдвайзерлеріңіз қамтамасыз етеді. Пәндерді таңдап алғаннан соң, Сіз 1 наурыз және 31 сәуір аралығында офис тіркеуші қызметіне тіркелуіңіз қажает. Сіз таңдаған пәнге 6 адамнан кем жазылса, мұндай жағдайда пән ашылмайды (оқытылмайды) .

Пәнді таңдау барысында пререквизиті және постреквизитіне назар аудуруларыңыз сұралады. Пререквизиттер - таңдалған пәнді игеру және өту барысында меңгеру үшін міндетті. Постреквизит - таңдалған пәнді оқығаннан кейін меңгеру үшін міндеті.

«Стоматология» мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері, 6 курс, 270 сағат

Элективті пән: «Эндодонтия »

Оқу сағаттарының көлемі: 90 сағат

Курс: 6

Семестр: 11, 12

Қорытынды бақылау түрі: емтихан

Пәнді өткізу қажеттілігін негіздеу:

Ұлпаның, периодонттың ауруларын эндодонтиялық тістің қызметін және құрылысын қалпына келтіру, тәжірибелік стоматологиялық маңызды бөлігі болып табылады. Қазіргі технологиялар тіс түбірінің бұзылуында қалпына келтіре алады. Олар тістің периодонтальды байламының анатомиялық құрылымын сақтауға жағдай туғызады

Пререквизиттер: Адам анатомиясы, бас сүйегі мен мойынның клиникалық анатомиясы, гистология, Адамның қалыпты физиологиясы, Терапиялық стоматология пропедевтикасы, хирургиялық стоматология пропедевтикасы, ортопедиялық стоматология пропедевтикасы, балалар жасындағы стоматология пропедевтикасы, терапиялық стоматология, Ортопедиялық стоматология, Хирургиялық стоматология, Балалар жасындағы стоматология

Пәннің қысқаша мазмұны: Эндодонтия - эндодонттың (пулпо-дентин, пульпо-периодонт) морфофункционалдық кешенін зерттейтін ғылым әртүрлі тіс топтарының қуыстарының топографо-анатомиялық ерекшеліктері жоғарғы және төменгі жақтың әртүрлі тіс топтарындағы эндодонтиялық шаралардың әдістері. Эндодонтиялық құралдар.

Пәннің мақсаттары: Эндодонтия курсының мақсаты тіс қуысының құрылысы мен топографиясы, қазіргі заманғы эндодонтиялық құрал-жабдықтары, пульпит пен периодонтиттің эндодонтиялық емдеудің кезеңдері, пломбылық материалдардың құрамы, қасиеті, дайындау техологиясы және пломбылық материалдарды және түбір өзектерін обтурацияға арнадған жүйелерін таңдау сұрақтары бойынша интерндердің білімін қалыптастыру.

- дәрігер-стоматологты дайындауда эндодонтия курсының маңыздылығын қалаптастыру

- эндодонтияға арналған құрал-жабдықтар, эндодонтиялық ем кезінде қауіпсіздік техникасы туралы білім қалыптастыру;

- тіс қуысын жалпы құрылысын және әртүрлі тістердің анатомиялық ерекшеліктері жайлы ұғыну;

- эндодонтиялық емнің принциптері, кезеңдері және техникасы жайлы ұғыну;

- түбір өзектерінң уақытша және тұрақты обтурацияға арналған материалдардың түрлерін, құрамын және қасиеттерін қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді және пломбылау әдістерін үйрену;

Интерн білуге міндетті :

1. Терапиялық стоматологияны дәрігер-стоматологқа келешекте игеруге эндодонтия курсының ролі;

2. Эндодонт туралы ұғым;

3. Жоғарғы және төменгі жақтың күрек тістер, иттістер, премолярлар және молярлардың сипаттамасы және топографиялық ерекшеліктері;

4. Жоғарғы және төменгі жақтың күрек тістер, иттістер, премолярлар және молярлардың алғашқы эндодонтиялық жолын қалыптастыру ерекшеліктері;

5. Терапиялы стоматология кабинетін жабдықтау;

6. Эндодонтиялық құралдарға қойылатын талаптар;

7. Эндодонтиялық құралдардың жіктелуі мен маркировкасы;

8. Эндодонтиялық құралдардың технологиялық дайындау ерекшеліктері;

9. Түбір өзегінің сағасын кеңейтуге, түбір өзегінің жұмыс ұзындығын анықтау, түбір өзегін кеңейтуге, түбір өзегін пломбылауға арналған эндодонтиялық құралдар;

10. Стерилизацияға дейінгі өңдеу, стерилизация және эндодонтиялық құралдарды күтіп- ұстау ережелері;

11. Эндодонтиялық тәжірибеде қолданылатын құрал-жабдықтар;

12. Эндодонтиялық құрал-жабдықтармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы;

13. Тістің жұмыс ұзындығы және түбір өзегінің ұзындығы туралы ұғым;

14. Тістің жұмыс ұзындығы және түбір өзегінің ұзындығын анықтау әдістемесі;

15. Ұлпа қабынуы, ұлпа қабынудың емдеу әдістемесі туралы түсінік;

16. Ұлпаның девитализациялауға арналған сықпалардың құрамы, қасиеті және салу әдісі;

17. Ұлпа қабынудың эндодонтиялық емінің мақсаты және кезеңдері;

18. Түбір өзектерін өңдеу әдістері (медикаментозды, инструменталды, физикалық, химиялық, физико-химиялық) ;

19. Периодонтит және периодонтитті емдеу әдістері туралы түсінік;

20. Периодонтитті эндодонтиялық емінің мақсаты және кезеңдері;

21. Эндодонтиялық тәжірибеде қолданылатын пломбылық материалдардың түрлері;

22. Түбір өзектерін уақытша және тұрақты обтурацияға арналған пломбылық материалдар (силерлер, филерлер), олардың артықшылықтары, кемшіліктері, қолдануға көрсеткіштері мен пломбылау әдісі;

23. Түбір өзектерін пломбылауға арналған обтурациялық жүйелер;

24. Ұлпа қабынуды эндодонтиялық ем кезінде кездесетін қателіктер мен асқынулары, себептері, оларды түзету әдістері;

25. Периодонтитті эндодонтиялық ем кезінде кездесетін қателіктер мен асқынулары, себептері, оларды түзету әдістері;

Интерн орындай білуге міндетті :

1. Жұмыс орнын ұйымдастыру;

2. Стоматологиялық қондырғыны, наконечниктерді, борларды, эндодонтиялық аспаптарды қолдана білу.

3. Тістің қандай топқа, қай жаққа меншікті екендігін анықтай білу.

4. Ұлпа мүйізін аша білу.

5. Фантомны блокта күрек, иттістерде, кіші және үлкен азу тістерде біріншілік эндодонтиялық жолды қалыптастыра білу.

6. Түбір өзегінің ұзындығын анықтау.

7. Түбір өзекке аспаптық өңдеу жасау.

8. Эндолубриканттарды қолдану.

9. Түбір өзектің антисептикалық өңдеуді жасау.

10. Түбір өзекті уақытша обтурациялауға материалды дайындау.

11. Түбір өзекті тұрақты обтурациялауға материалды дайындау.

Интерннің машықтары болуы қажет:

1. Біріншілік эндодонтиялық жолды қалыптастыруға қажет құралдарды таңдау.

2. Стоматологиялық қондырғыны, наконечниктерді, борларды қолдану.

3. Тіс қуысын ашып-кеңейту.

4. Девитализациялау сықпасын салу.

5. Ұлпаны ампутациялау.

6. Түбір өзекткрдің сағаларын кеңейту.

7. Эндодонтиялық құралдармен жұмыс жасау.

8. Ұлпаны экстирпациялау.

9. Түбір өзегінен ұлпаның ыдыраған қалдықтарын эвакуациялау.

10. Түбір каналын антисептикалық өңдеу.

11. Түбір каналын эндолубриканттар көмегімен инструменталды өңдеу.

12. Түбір өзегін мақта турундалар және қағаз сорбенттерді (пиндерді) қолданып кептіру.

13. Тұрақты және уақытша обтурациялауға арналған пломбылық материалдарды таңдау.

14. Қатаятын және қатаймайтын пластикалық материалдарды дайындау. .

15. Түбір өзегін қолмен және машиналық тәсілдерімен пломбылау.

16. Түбір өзегін бетта-фазадағы гуттаперчамен обтурациялау.

Элективті пән: «Ортопедиялық стамотологияның имплантологиясы»

Оқу сағаттарының көлемі: 90 сағат

Курс:6

Семестр: 11, 12

Қорытынды бақылау түрі: емтихан

Пәнді жүргізуге қажеттілікті негіздеу:

Тістердің имплантациясы- имплант қондыратын операцияны жүргізетін дәрігердің үлкен жауапкершілігі мен тәжірибесін талап ететін, күрделі хирургиялық процесс. Бірақ та операциядан кейінгі импланттың орнықпауы немесе қабылдамауы асқынуларды максимальды төмендету науқастыңда өзіндік «жауапкершілігін» қажет етеді. Негізінен имплантологиялық емнің 95-99%, яғни 5 тен 20ға дейін белгілі бір себептермен имплант организмде орнықпайды немесе қабылдамайды. Ескеретін жағдай, бұл процентке түсу оңай емес және көп жағдайларда тіс импланттарын орналастыру асқынусыз өтеді. Мұнда дәрігердің квалификациясы, имплант дайындалған материал, науқаста қосалқы сырқаттардың (мысалы, қант диабетінің ауыр түрлерінде қабылдамау қауіпі жоғары) және жалпы ем жоспары басты роль атқарады.

Пререквизиттер:

Стоматологиядағы алдын алу және бас пен мойынның топографиялық анатомиясы.

Постреквизиттер: мемлекеттік аттестация, резидентура

Пәннің қысқаша мазмұны: 1. Тістердің имплатациясына анықтама.

2. Тістердің имплатациясына көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер.

3. Импланттардың жіктемесі және имплантация әдістері.

4. Имплантация жүргізуге құрал- жабдықтар.

5. Тістердің имплатациясына науқасқа қажетті құжаттар.

6. Имплантация жүргізу кезеңдері.

7. Тістердің имплатациясынан кейінгі қайта қалпына келу кезеңі.

8. Имплантациядан кейінгі ауыз қуысы гигиенасының ролі.

9. Стоматологиядағы имплантологияның құқықтық аспектілері.

Пән мақсаты :

Ортопедиялық стоматологияның имплантологиясы» пәнін жүргізу мақсаты жоғары квалификацияланған мамандарды дайындауда тісжақ жүйесінің бұзылуларын қалпына келтірудің қазіргі кездегі әдістерін толық меңгеру.

Интерн білу қажет:

Дағдыларды меңгеру:

  • әрбір науқасқа имплант түрлерін таңдау.

тістердің имплантациясына көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер

Икемделу қажет:

  • тістердің имплантациясына келісім кезіндегі құқықтық құжаттардың негізі
  • стоматологиялық емханалар мен клиникалар жағдайында имплантология принциптерін ұйымдастыру негізі
  • «Имплант», «Синуслифтинг» түсінігі, ұйымдық-тәртіптік және есеп-тіркеу құжаттарының ережелерін құру және рәсімдеу, олармен жұмыс реті;
  • Имплантацияға дайындау кезінде тексеру әдістерінің жіктелісі және сипаттамасы;
  • Импланттармен адам организім әсер негізі және адам денсаулығына олардың әсері;
  • имплантациядан кейінгі ауыз қуысы гигиенасының ролі.

имплантацияға науқасты дайындау кезінде құқықтық құжаттармен жұмыс;

  • әртүрлі құжаттарды құру және рәсімдеу;
  • альвеолярлық өсіндінің биіктігін және енін анықтау;
  • импланттарды орналастыру үшін «Физиодиспансер» аппаратымен жұмыс;
  • имплантация жүргізу әдістері мен түрлері;
  • импланттың сауыттық бөлігін дайындауда қалып алу;
  • импланттарда сауыттарды бекіту;

Дағдылану қажет: науқасқа жеке имплант таңдау;

  • импланттың сауыттық бөлігін дайындауда қалып алу.

Студент төмендегі сұрақтарға компетентті болу қажет:

Имплантация кезеңдерін жүргізу, имплантацияға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді анықтау.

Элективті пән: « жедел көмек »

Оқу сағаттарының көлемі: 90сағат

Курс: 6

Семестр: 11, 12

Қорытынды бақылау түрі: емтихан

Пәнді өткізу қажеттілігін негіздеу:

Оториноларингология басқа медицина пәні аралығынан ерекше орнын алады, жоғарғытыныс жолдарының ішінене емдеу мекемесіне келген науқастарлың 15% құрайды. Олар өмірге қаіп төндіретін отогенді және риогенді минингтер, миабсцессі, бас сүйек ішіндегі синустарды тромбозы, сепсиске себепкер болады. Қазіргі оториноларингологияда ЛОР ауруларында шұғыл көмек көрмсету маңызды және жауапты мәселелердің бірі болып саналады. Бейбіт және соғыс кезінде ЛОР мүшелерінің травматикалық зақымдануы, бөгде денелері және қан кету жие кездеседі, уақытылы жедел көмек көрсетуді кез келген профиьдегі дәрігер білуге тиісті. Уақытылы емдеу тактикасын пайдалана білу және қазіргі кездегі уақытқа сәйкес көмек көрсете білу аурудың қолайлы болжамына және өмірін сақтап қалуға тікелей байланысты.

Пререквизиттер: Қалыпты анатомия, қалыпты физиология, патофизиология, травматология, неврология офтольмология.

Постреквизиттер: мемлекеттік аттестация, резидентура

Пәннің қысқаша мазмұны:

Құлақ жарақаты, бөгде денелер және сол кездегі жедел жәрдем.

Құлақ зақымдалуы және жарқаттары. Құлақ қалқасының, сыртқы есту жолының, дабыл жарғағының, ортаңғы құлақ, ішкі құлақ қуыстарының зақымдалуы мен жарақаттары. Самай сүйегінің сынуы: ұзына, бойы көлдең. Ортаңғы құлақтың жедел және созылмалы қабынуындағы асқынулар: бет нервсінің параличі. Шектелген, диффузды серозды және іріңді лабиринттиттер, хирургиялық емдеудің принциптері . Отогенді бас ішілік асқынулардың емдеу принциптері.

Мұрын жарақаттары, бөгде денелер және сол кезіндегі жедел жәржем.

Мұрын жарақаттары: сыртқы мұрынның соғылған жарақаттары, мұрын пердесінің гематомасы мен абсцессі, мұрын сүйектерінің жабық ығысқан, ығыспаған сынығы, мұрыннан қан кетуі. Мұрынның бөгде денесі, оның алу әдістері. Мұрын қосалқы қуыстарының бөгде денесінің диагностикасы және хирургиялық әрекетінің түрлері.

Жұтқыншақ жарақаты, бөгде денелер және сол кезеңдегі жедел жәржем.

Жіктемесі. Жұтқыншақтың күюі, жарақаты, бөгде денесі. Паротонзиллярлы абсцесс және оны ашу. Парафарингеалды абсцсесс оның ашу әдістері. Жұтқыншақ арты абсцесс, оны ашу.

Көмей және өнештің жарақаты, бөгде денелер және сол кезендегі жедел жәрдем.

Бұл мүшелердің травматикалық зақымдануының түрлері. Көмей шеміршегінің соғылған жарақаттары, қысылуы, сынуының клиникасы. Осы жарақаттары жедел көмек. Көмей және өнештің күюі. Көмейдің стенозы. Жіктемсі. Жедел вирусты ларинготрахеит, күл, аллергия, жасына байланыстынервтердің жарақаты кезіндегі жедел стеноздың клинкасы, диагностикасы. Интубацияға көрстекіш, оның қолдану ұзақтылығы. Көмегей стенозынан және трахеотомия кейінгі еңбек ету қабілетіне сараптама және реабилитация.

Пәннің мақсаты: теориялық білімі мен практикалық дағдыны негізінде, құлақ және жоғарғы тыныс ауруларының диагностикасы және емдеуіне уйрету, сонымен қатар ЛОР ауруларының алдын алу мақсатында өткізілген профилактикалық шараларды жүргізе алатын мамандарды дайындау.

Пәннің міндеттері: студенттерге жалпы патология ішнде алатын үстік салмағын көрсету, уақытылы құлақ, тамақ, мұрын аурулпрын анықтау және профилактикалық шараларына, , диспансерлік жұмыстың принциптеріне және әдістеріне үйрету

  • студенттерді ЛОР ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникасымен және шұғыл көмек көрсетумен таныстыру;
  • студенттерді ЛОР мүшелерінің функционалды және қосымша зерттеу әдәістерімен таныстыру;
  • студенттерді ЛОР мүшелерінің ауруларының диагностикасы және еміне үйрену;

Оқытудың соңғы нәтижелері.

Интерн білуі керек:

-ЛОР- мүшелерің жарақатын, бөгде денелерінің себептерін;

- ЛОР- мүшелерің жарақатын, бөгде денелерінің клиникасын;

-отогенді және риногенді бас сүйек ішілік асқынудың себептерін;

-көмей стенозының себебін;

- көмей стенозының клиникалық белгілерін;

-ЛОР-мүшелері ауруларында шұғыл көмектің негізгі принциптерін;

- ЛОР-мүшелері ауруларында алғашқы дәрігерлік көмектің тактикасын:

Интерн істей білу және дағдыны меңгеруі керек:

- Эндоскопиялық зерттеу әдістерін ;

- Жарақатқа алғашқы өңдеу жүргізу;

- Алдыңғы, ортаңғы риноскопмя;

-ЛОР мүшелерінене бөгде денелерді алу;

-Мұрынға алдыңғыс тығын қою;

Интерннің машықтары болу қажет:

-ЛОР мүшелерінің сыртқы қарауын жүргізу;

-Маңдай рефлекторын қолдана білу;

-Мұрынынның кілегей қабығынан жағынды алу;

-Мұрынға турында салу;

-Мұрыннан бөгде зат алу;

-Мұрынның алдыңғы тампонадасын;

-Орофарингоскопия;

-Жұтқыншақтан бөгде затты алу;

-Жұтқыншақтың артқы қабырғасымен таңдай бадамшаларын жағу;

-Отоскопия жасау;

-Естуді сыыбырлап сөйлеу және айқайлап сөйлеу арқылы зерттеу;

Элективті пән: « Клиникалық фармакология»

Оқу сағаттарының көлемі: 90 сағат

Курс:6

Семестр: 11, 12

Қорытынды бақылау түрі: емтихан

Сабақ жүргізудің енгізу маңыздылығы:

Стоматология факультетінде клиникалық фармакологияны оқу болашақ стоматолог мамандырына тиімді, қауыпсіздігі фармакотерапияның жүргізу үшін көмектеседі. Курстың негізгі мақсаты- студенттерге қолданылатын дәрілік заттармен емдеуді жүргізуінің нақты тауып алу.

Пререквизиттер: Патологиялық физиология (негізгі)

Патологиялық анатомия

Биохимия

Фармакология

Ішкі аурулар пропедевтикасы.

Постреквизиттер: мемлекеттік аттестация, резидентура

Пәннің қысқаша мазмұны: Осы курста клиникалық фармакологияның негiзгi қағидалар енгізілген (фармакокинетика, фармакодинамика, тиiмдiлiк және дәрiлердi қауiпсiздiктiң клиникалық бағасы) . Курс дәрiгер-стоматолог тәжiрибесiндегi дәрiлердi қолданудың сұрақтары бөлiндiлерде кездеседі. Жеке препараттардың зерттеулерi үшiн жеке синдромдар және аурулар бойынша ереже және дәрiлердi таңдаудың алгоритмдары қарастырылады. Пәннің мақсаттары: Стоматология факультетіндегі клиникалық фармакологияны оқу студент-интерндерге фармакодинамика, фармакокинетиканы, рациональды және дифференциальды терапияда нәтижелі және қауіпсіз дәрілік заттардың өзара әсер етуі және қарсы әсерін үйренуге мүмкіншілік береді.

Оқыту міндеті:

-Клиникалық фармакология жалпы мәселелерi туралы ұсыныс беру (фармакокинетика, фармакодинамика, дәрiлердi қарсы әсер және өзара әрекеттесу) .

-Дәрiлердi тиiмдi қолдану туралы ұсыныс құрастыру.

-Тиiмдi және қауiпсiз дәрi терапияның бағасының қазiргi әдiстерi туралы ұсыныс құрастыру.

Пәнді оқытудың нәтижесі:

Интерн білуге міндетті:

-Дәрілік заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасын зерттеу нәтижелердi интерпретацияны.

-Дәрiлердiң әсерiнiң бағасы үшiн зерттеудiң әдiстерiнiң кешенi.

-Өте тиiмдi және қауiпсiз дәрiлердi теңбе-тең таңдап тағайындау.

-жас шамасының есепке алуымен, етек, нақты аурудың физиологиялық және патологиялық профильсi, мөлшерлеудi ұтымды тәртiп препараттың параметрлерi есепке ала бiлсiн, кiрiспенiң әдiсiн таңдау.

-Нақты клиникалық ситуациядағы дәрiлердын өте тиiмдi және қауiпсiз комбинациялар.

-Дәрiлердi қарсы әсерілер және олардың коррекциясы.

-Құрылыс, функциялар және негiзгi биоорганикалық қосулардың қасиетi: көмiрсутек, липоидтар, белоктер, витамин және тағы басқалар.

-Өту және метаболиялық процесстердiң регуляциясының молекулалық механизмдерi.

-Ең маңызды органдар және кездемелердiң жұмыс жасауының молекулалық механизмдерi.

-Айырбастау процесстерi және физиологиялық функциялардың регуляциясының механизмдерi және олардың бұзушылығының салдары болуы мүмкiн.

- Қалыпты және патологиялық жағдайда адамның организмның биологиялық сұйықтарының негiзгi биохимиялық тұрақтылары

Интерннің машықтары болуы қажет:

Дәрiлiк заттардың фармакокинетиктер және фармакодинамиктер зерттеу нәтижелердi талдау.

-Дәрілік заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасын зерттеу нәтижелердi интерпретацияны талдау.

-Дәрiлердiң әсерiнiң бағасы үшiн зерттеудiң әдiстерiнiң кешенi талдау.

-Өте тиiмдi және қауiпсiз дәрiлердi теңбе-тең таңдап тағайындау.

-Жас шамасының есепке алуымен, етек, нақты аурудың физиологиялық және патологиялық профильсi, мөлшерлеудi ұтымды тәртiп препараттың параметрлерi есепке ала бiлсiн, кiрiспенiң әдiсiн таңдау.

- Нақты клиникалық ситуациядағы дәрiлердын өте тиiмдi және қауiпсiз комбинациялар талдау.

- Дәрiлердi қарсы әсерілер және олардың коррекциясы.

- Ерте кезеңдердiң дәрiлердi қарсы әсерiлерді айқындалып, олардың коррекциясын өткiзу.

Дағдылармен бiлу:

- дәрiгер-стоматологтiң тәжiрибесiндегi дәрiлердi тиiмдi қолдану.

- дәрi-дәрмекпен дәрiгерлiк көмектiң көрсетулерi стоматологиядағы шұғыл күйлерiнде.

Элективті пән: «Стоматологиядағы жедел жәрдем »

Оқу сағаттарының көлемі: 90сағат

Курс: 6

Семестр: 11, 12

Қорытынды бақылау түрі: емтихан

Берілген пәнді жүргізудің қажет екендігінің негіздемесі:

Жедел жәрдем негіздерін терең оқыту «ЖТД стоматология» мамандығы бойынша түлектер үшін мамандандырылған, арнайы стоматологиялық көмекті көрсету үшін қажет.

Тіс жақ жүйесі дамуыныңнегізгі заңдылықтары Стоматологиялық оперативті кірісулерді өткізу кезінде және одан кейін терминалды жағдайлардың негізгі белгілері туралы білім ересектер мен балаларда мақсатқа жетерлік алдын алу шараларын ұйымдастыру үшін қажет.

Постреквизиттер: мемлекеттік аттестация, резидентура

Пререквизиттер: Хирургиялық стоматологияның пропедевтикасы. Балалар жасындағы стоматология мен ортодонтияның пропедевтикасы. Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы. Ортопедиялық стоматологияның пропедевтикасы.

Пәннің қысқаша мазмұны: Терминалды жағдайлардың негізгі белгілері. Стоматологиялық оперативті кірісулерді өткізу кезінде және одан кейін естен тану, талықсу, шок, гипертониялық криз, кома, эпилепсия ұстамасы, бронхиалды астма ұстамасы. Амбулаторлы стоматологиялық қабылдауда, стоматологиялық стационарда бірінші көмек көрсету жағдайында науқасты терминальды жағдайдан шығару кезінде көмек көрсету реттілігі. Ересектер мен балаларда жасанды тыныс алу, трахеотомия, жүректің тікелей емес массажы және реанимацияның басқа әдістері.

Пәннің мақсаттары:

Дәлелді медицинаның қағидаларына және емдік диагностикалық технологиялардың қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес стоматологиялық аурулар кезінде ересектер мен балаларғажедел көмек көрсетуге қабілетті дәрігер стоматологты дайындау.

Оқыту міндеті:

-ересектер мен балаларда жедел жағдайлар көрсету үшін негізгі медициналық емдік -диагностикалық және алдын алу шараларынң дағдыларын бекіту;

-ересектер мен балаларда жедел жағдайлар кезінде науқастарды текскру және анықтаудың қазіргі заманғы және құралмеәдістерінің интерпретациясында интерндердің білімін жоғарылату;

-ересектер мен балаларға жедел көмек көрсету кезінде жеке келуді қамтамассыз ету үшін білім мен іскерліктің интеграциясы бойынша дағдыларлы дамыту;

-дәлелді медицинаның қағидалары негізінде кәсіби шешім қабылдауға үйрету;

Пәнді оқытудың нәтижесі:

Дәрігер-интерн білуге міндетті:

Тіс жақ жүйесі дамуының анатомиялық және морфо-функционалды жастық ерекшеліктерін;

Тістер, тіс қатарлары, тістесу ауытқуларының, жақтардың туа пайда болған және жүре біткен ауытқуларының этиопотогенетикалық негіздерін;

Ортодонтилық аппараттардың жіктелісі мен қасиеттерін, олардың әсер ету қағидаларын;

Тіс жақ жүйесі ауруларын ортодонтиялық емдеу әдістерін;

Дағдыларды игеру:

-ересектер мен балаларда шоа кезінде жедел көмек көрсету;

- ересектер мен балаларда талықсу кезінде жедел көмек көрсету әдістемесі;

-ересектер мен балаларда анафилактикалықшок кезінде жедел көмек көрсету әдістемесі;

- ересектер мен балаларда қан кету кезінде жедел көмек көрсету әдістемесі;

- ересектер мен балаларда тыныс жолдары өткізгіштігінің жедел бұзылысы кезінде

жедел көмек көрсету әдістемесі;

-ересектер мен балаларда бронхиалды астмса ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету әдістемесі;

«Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері, 6 курс, 360 сағат

Элективті пән: « Жүрек және ревматологиялық аурулармен ауыратын жүкті әйелдерді жүргізу ерекшеліктері . »

Оқу сағаттарының көлемі: 90сағат

Курс: 6

Семестр: 11, 12

Қорытынды бақылау түрі: емтихан

Сабақ жүргізудің енгізу маңыздылығы: Фертильді жастағы әйелдерде жиі кездеседі және гестация уақытының даму барысын қиындатып, әйелдің, ұрықтың және нәрестенің өміріне қауіп төндіреді.

Пререквизиттер: Анатомия, физиология, патологиялық физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, акушерлік іс және клиникалық фармакология, факультеттік терапия.

Постреквизиттер: мемлекеттік аттестация, резидентура

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби бағдар беру әдістемесі
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі
Медициналық білім берудің қазіргі жағдайы және даму болашағы
Тізбектер мен прогрессиялар тақырыбында элективті курс құрастыру
Оқу - тәрбие жұмыстары және педагогикалық жүктеме
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Мейірбике ісі мамандығы
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) Әдістемелік құрал
Бейіндік оқытудың жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz