ҚОРҚЫТ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ СҰЛУ ЛЕГЕНДА, ҰЛЫ СУРЕТТІҢ БІРІ



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
ЖУРНАЛДАН ОҚИТЫНДАРЫҢЫЗ

Әлкей МАРҒҰЛАН: ҚОРҚЫТ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ СҰЛУ ЛЕГЕНДА, ҰЛЫ
СУРЕТТІҢ БІРІ

академик:

Қорқыт тарихта болған ба?
Қорқыт – тарихи адам. Тарихи жазулардың мегзеуінше, Қорқыт VII-VIII
ғасырларда билік құрған оғыз ханмен замандас. Сондықтан оғыз ханның
легендасы жүрген жерде Қорқыттың жыры бірге жүреді. Тарих пен шежіре сөзге
қарағанда, Оғыз да, Қорқыт та Қаңлы ұлысынан өскен. Ескі Оғыз тілінде
айтылатын Қорқыт жырындағы батырлар тегісімен Оғыз ханның ұрпақтары десе
де болады. 
Қорқыттың әңгімесі жай қиялдан шыққан нәрсе емес. Қорқыт – бір кездегі
қауым тіршілігінде белгілі орын алған атақты адамның бірі. Қай кездегі
легендаға айналған адам бейнесін алсақ та, ол бейне бір кездегі тарихи
шындықтан туғанына сөз жоқ. Оның ішінде Қорқыттың тарихи адам болғанына
ешкім таласпауы тиіс.
Қорқыт VII-X ғасырларда Сыр бойын мекендейтін Қаңлы ұлысының бір табы –
Оғыз руы қияттардан шыққан. Ол кезде бұрынғы қаңлылар Қаңлы-қыпшақ не
Оғыз-қыпшақ аталып, олардың астанасы Сыр-Дарияның жағасындағы Жанкент
қаласы болған. 
...Сырдарияның жағасында осы күнге дейін тұрған Қорқыт моласы қандай анық
тарихи іс болса, Қорқыттың да бір кезде тарихи болып, оның Сырдария, Арал
(Сыр) теңізі бойында, Жанкент қаласында жасағанын көрсетеді.
 
Әбу Насыр әл-Фарабидің Қорқытқа қандай қатысы бар?
Күншығыс әдебиетіне белгілі болған атақты күйші-музыкант Әбу Насыр әл-
Фараби Қорқыт тәрізді ол да осы айтқан Жанкентте туып, Отырар (Фараб)
қаласында өседі.
 Әбу Насыр әл-Фарабидің Қорқыт тәрізді атақты күйші болғаны Х ғасырдағы
Византия жазушыларына да белгілі болады.
Қобызымен ескі дүниені күңіренткен Әбу Насыр әл-Фараби Қорқыт күйшінің ізін
ала шыққан, соның шәкірттерінің бірі болуы тиіс. Арун-Рашит заманында әл-
Фараби күйшіні Жанкенттен Бағдатқа алдырып, Бағдат халқы Фарабидің сұлу
күйін тыңдайды. Бағдатқа барған соң Фараби араб, грек фәлсафасын үйренеді.
Бір кітабында Фараби: Мен Аристотель шәкірттерінің ішіндегі халыққа ең
белгілісі едім, музыка өнеріне маһир (шебер) едім,– дейді.
Бұған қарағанда, әл-Фараби Қорқыт күйін музыканың ең сұлу түріне жеткізіп,
екінші жағынан, Аристотельдің поэзия, музыка туралы жазғандарын оқыған, ол
кездегі данышпан адамның бірі екенін көрсетеді.
 
Қорқыт қай ғасырда өмір сүрген?
Абұлғазы-баһадүр жазған шежіресінің бір жерінде: Қорқыт – Аббас
халифасының (VII-VIII ғғ.) кезінде болған адам. Қорқыттың туып-өскен жері –
Сыр-Дарияның жағасы,– дейді. Қорқыттың күйші, тарихи адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт күйші
Түркі халықтарының алтындай таза мұрасы болған «Қорқыт ата» және оның кітабындағы негізгі тәрбие беретін әңгіме, өлең, мақалдардың мазмұны, оның халықты тәрбиелеудегі орыны
Қазақ халық прозасындағы әпсана-хикаят жанры
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Аңыз-әпсаналардың жанрлық ерекшеліктері
Жыраулар поэзиясындағы құт-береке ұғымы
Ғалымның қазақ ертегілеріне қатысты ұстанған көзқарастарының концепциясын айқындау
Қазақ әдебиеттануында “Манас” жырының зерттелу тарихы
Қорқыт туралы ақиқат және аңыз
Ислам фәлсафасы
Пәндер