Маркетинг концепциялары



Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Маркетинг концепциялары
Маркетингтің әлеуметтік – экономикалық
мән – мағынасы
Көз алдыңызға бизнеспен айналысайын деп жүрген кәсіпкерді
елестетіңіз. Айталық ол керекті заттарды тауып сатып алады, фирманы
мемлекет органдарына тіркеп, банкты есеп – шот ашты, қажет іс орнын
жалдады, материалдар мен өндіріс құрал жабдықтарды жинап алды, өндірісті
жүргізіп, тауарлар шығарды, оларға жарнама жасады делік. Міне осы жерде оны
ойда жоқ сәтсіздік күтеді: тауарға рынокта сұраныс болмады. Кәсіпкер
жарнамаға шығындарын көбейте түседі. Сонда да алушылар оның тауарына назар
аудармайды. Ешкім оны сатып алмайды. Осыдан сұрақ туады: бұның себебі неде?
Мүмкін тауардың сапасытөмен, немесе оның бағасына сәйкес емес шығар?
Болмаса тауар үмітсіз ескерген болар? Мүмкін рынок соған ұқсас өтімді
тауарларға толы шығар? Ал немесе алушылар өздері үйренген, бұрыннан білетін
фирмалардан алғысы келетін шығар? ... Себептер өте көп болуы мүмкін. Бірақ
бір нәрсе айқын – ол біздің кәсіпкеріміздің маркетингтен мүлдем бейхабар
екендігі.
Маркетинг термині ағылшынша сөзінен шыққан және дәлме – дәл
мағынасы рынокпен байланысты кәсәпкерлік әрекетті білдіреді. Алайда ұғымның
мәні одан өте кең де, өте ауқымды. Сондықтан мұның көптеген анықтамалары
бар. Терминологиялық түсіндірмелерге байланысты пікір – таластарға
тоқталмай – ақ, оалрдың өзара жүйелік жақындығы арқылы маркетингтің бірнеше
аспектілерін қарастырайық.

Маркетинг – бизнестің концепциясы
Тауардың өмірге келуін әрине сұраныс белгілейді. Ал сұранысты
айқындайтын да, оны қалыптастыратын да маркетинг үрдісі болады. Сондықтан
маркетинг қазіргі бизнестің концепция ретінде зерттеу, талдау, ойлау және
болжау үрдісін қамтиды. Ол әртүрлі шешімдерің әр дәрежеде қолданылуын
қамтамасыз етеді. Маркетинг концепциясына сәйкес фирманың жан – жақты
жұмыстарын рынок жағдайында алдын ала реттеу және әлуетті тұтынушылардың
мұқтаждығы мен қажеттіліктерін нақтылы білу, олардың болашақта өзгеруін
болжамдар арқылы есерке алынып отырады. Өндірген тауардың орнына,
сатылатын затты өндіріңіз, Тауарды емес клиентті жақсы біліңіз - бұл
маркетинг концепциядағы фирманың сенімі.
Маркетинг саласындағы белгілі маман Ф. Котлер мынадай анықтама
береді: Маркетинг – айырбас арқылы мұқтаждық пен қажеттілікті
қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі.
Бір жағынан мұндай қызмет рынокты жан – жақты, жүйелі зерттеуге,
тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін және талғамдарын табуға, оларға
өндірісті бейімдеуге бағытталған. Сонымен қатар өндірілген таурларды тиімді
өткізу үшін рынокты және қажеттілікті қалыптастыруға бағытталған нысаналы
және белсенді іс - әрекеттерді болжап белгілейді. Маркетинг қызметінің
негізгі мақсаты – тұтынушы мен өндірушіні бір – бірімен тығыз байланыстыру,
бір – бірін табуға көмектесу болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрін тұжырымдасақ, маркетинг қызметіне
төменгілер жатады:
• әртүрлі тұтынушылар топтарының мұқтажын, қажеттіліктерін, сұранысын
анықтау;
• тұтынушыға керекті және қажеттілігін қанағаттандыратын тауар
шығару;
• тауардың құндылығына сәйкес тұтынушыға қолайлы және өндірушіге
пайданы жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін баға қою;
• өндірген тауарды тұтынушыға ең пайдалы және ыңғайлы арнамен
жеткізуді анықтау;
• рынокқа, сұранысты қалыртастыруға және өтімді ынталандыруға
белсенді әсер ету жолдарын табу.
Осы маркетинг қызметтерінің әрқайсының бағыттары, олардың
құндылығы және маңыздылығы тек оларды бірге қарастырлып қолданса
өседі. Бұл жағдайда маркетинг концепциясы қалыптасады және оның
қолданылуы мүмкін.
• кәсіпоырнды басқару принципі ретінде тиісті рынок шешімдерін
дәйекті бағыттау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру
жолдары мен әдістері белгілейді;
• рынок әрекетінің құралдары ретінде ерекше тәсілдер арқылы
бәсекелестерге қарағанда басымдылық алуын қамтамасыз етеді;
• рынок әдісі ретінде өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделері
үйлесуіне қол жеткізеді.

Маркетинг концепцияларының дамуы
Маркетинг дегеніміз дүние жүзі кәсіпкерлерінің бірлескен
творчествосының туындысы. Олардың қорытқан тәжірибесі тұтас бір
философиялық бизнес идеологиясын дүниеге әкелді. Сөйтіп маркетинг бүкіл
кеңістікте орын алып дамиды. Рынок қатынастары дамуының әр сатысына сәйкес
өзінің неше түрлі концепциясы қалыптасты.
Маркетинг концепциясының мына сатылары белгілі.
• өндірістік
• тауарлық
• өткізу
• маркетинг
• әлеуметтік – этикалық
Осы концепциялар экономика дамуының әр түрлі кезендерін, сонымен қатар
соңғы жылдарды болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және саяси
өзгерістерін бейнелейді.

Өндірістік концепция
Тарихи тұңғыш қалыптасқан маркетингтің өндірістік концепциясы
тұтынушыларының арасында кең тараған тауарларды қолайлы бағамен сатылуын
көбейтуді көздейді деген пайымдаумен негізделеді. Ол технологияны және
өндіру процесін әрқашан жетілдіруді, өндіріс көлемін ұлғайтуды, өндіріс
шығындарын төмендетуді талап етеді. Бұл жағдайда барлық назар өндірістің
ішкі мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалануға аударылады. Сондықтан осы
жолмен рынокты әлде бір тауармен тез толтыруға, молынан пайда алуға болады.
Осы концепция келесі екі жағдайда кеңінен қолданылады:
• тауарға сұраныс ұсыныстан басым болғанда өндіріс көлемін ұлғайтуға
болады;
• тауардың шығының жаппай кең өндіру арқылы төмендетуге болады, ал
төмен шығын төмен баға арқылы таурдың сатылуын қамтамасыз етіп,
пайданы ұлғайтады.
Өндіруші мен рыноктың өзара байланысын мына схемамен сипатталады:
өндіріс
рынок
Демек, өндіріс сұраныстың қанағатсыз болуын пайдаланып өз үстемдігін
алды. Мысалы, концерн Тексас инструментс өндіріс көлемін кеңейтіп,
шығындарын азайту арқылы тауарларының бағасын төмендетіп американдық қол
калькулятор рыногының негізгі үлесіне ие болды.

Тауар концепциясы
Өндірістік концепциямен бірге тауар концепциясы пайда болды. Бұл
концепциясының негізі тауарды жетілдіруге, оның сапасын, дизайының, орауын
жақсартуына көңіл бөледі. Тұтынушылар жетілген тауарларды алады, өйткені
олардың сапасы жоғары және бағасы қолайлы.
Бірақ тауарды шамадан тыс қызығып артық шығару маркетингтік
соқырлыққа апаруы мүмкін. Осындай жағдайдың пайда болуын оның себептерін
маркетинг саласындағы белгілі маман Теодор Левитт анықтады. Ол Гарвард
жоғары бизнес мектебінің ғылыми хаттарында Близорукость маркетинга деген
экономикалық – публицистикалық мақаласын жариялады. Левитт американдық
үлкен темір жол компанияларының күйреуге ұшырауы себептерін талдап,
мынандый қортындыға келген: сол компаниялардың басқарушылары тек қана темір
жол бизнесімен айналысып, бәсекелес транспорт түрлерінің дамып кеткенің
ескере алмай қалған.
Тұтынушы тауарды емес, оның қанағаттандырушы қабілетіне мүдделі.
Тауарлар біршама басқаша көрінетін, алайда ұқсас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы өнімдерін сату техникасы
Маркетинг негіздері
Маркетингпен басқару концепциясы
Маркетингтің мәні мен мағынасы және негізгі концепциялары
Маркетингтің негізгі мақсаттары
Отандық кәсіпкерлерге маркетинг
Банктік маркетинг туралы ақпарат
Маркетингтің дамуының тарихи қағидалары
Нарықтық экономика жағдайындағы өнім сапасын арттыру және маркетинг
Бизнес этикасының ерекшеліктері
Пәндер