Патриоттық тәрбие



Жоспар


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІ
1.1Патриотизм ұғымдарының маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Отансүйгіштік, интернационалдық тәрбие мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Патриоттық тәрбие беруде дамыта оқыту технологиясын қолдану ... ... ... ..15
2.2 Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Отан дегенміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық - сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім.
Патриоттыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек.
Патриоттық сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде шіркін бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шұқтырмай қалай аман сақтаған деп таңданамыз. Шынында талай зобалаң кезеңді бастан кешірген қазақ жері "Найзаның ұшымен, білектің күшімен " өз жер көлемін сақтап қалған.
Бұрын-соңды даму үрдісінде отансүйгіштік ұғымы бізде, негізінен, біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп келгені белгілі.
Сонау Жәнібек пен Керей, Тәуекел мен Тәуке, Есім мен Касым, кейінгі Абылай мен Әбілқайырдың тұсындағы ахуал да осындай болатын. Ал қазір елдік мақсаттары көпұлтты қоғам жағдайында шешілу керек. Әр түрлі себептермен қалыптасқан нақты тарихи шындыққа шекеден қарау ешқашанда ел тағдырына деген жанашырлық болып шықпайды. Нағыз жанашырлық қиыннан жол таба білумен бағаланса керек.
Бұл ретте академик Шаухитдинов Еренғайып қазақстандық патриотизмді қазақ ұлтының мүддесімен байланыстыра келіп, басқа ұлттар мүддесін жоққа шығармайтын келелі пікір айтады.
Зерттеудің нысаны: Ол азаматтардың құқықтық еркіндігі, басқа ұлттардың қазақ халқының дәстүрін сыйлауы, олардың қазақ мемлекетінің намысын қорғауы, қазақ елін жатсынбай, жүрегімен сүйе білуі, ұлттық тіл, дін, ділімізді сақтауға кедергі жасамай қолдау тауып жатса, міне, осыларды қазақстандық патриотизмнің белгілері деп санайды.
Зерттеу пәні:Отанын сүйген саясатшы да, басқа да азамат көпті кеудемен итеруге емес, ортақ отбасына тартуға мүдделі болса керек.
Зерттеу мақсаты:Көп ортасында көзге түсу үшін де кемел болмыс керек. Төл тарихы, мәдениеті мен өнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал оларды кең таныту үшін алдымен, қадір-қасиетінді өзің жақсы білуің, мақтаныш ете алу керек.
Елдік қасиеттер аспаннан түспейді, жоқтан пайда болмайды. Өзі туған топырақ тозаңы және ана сүтімен ұйыған ұлтжандылық сыртында өскен ортасы мен азамат ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де текті дүниетаным негізінде ғана түзіледі.Алайда, жас адамның тағдыры бүкіл адамзат кеңістігінің кұрамында болғандықган, ол қоғам тағдырымен тығыз байланыста екені белгілі. Сондықтан "бүгінгі әлеуметтік саяси орта адамға өзі өмір сүріп отырған мемлекеті мен қоғамы, ел-жұрты, атамекені және жалпы адамзат өркениетінің тағдыры алдындағы жауапкершілікті мойындауды ескертеді" дейді. Бұл ретте ол көнені жоққа шығару, патриоттық тәрбиені әлсірету, көне ататектілік, танымдық, тәрбиелік өзектен адасып қалу секілді кемшіліктерді белгілейді.
Зерттеу міндеті:Ата-бабадан қалған патриоттық киелі шарттарын жаңартуда "белгілі бір этно-мәдени" тәрбие жүйесін қалыптастыру керек екенін дәлелдеуге ұмтылған.Біздің пікіріміз бойынша, ол үшін, ең алдымен, қазақ жұртының ішкі патриоттық "менін" құрайтын этно-әлеуметтік мінез-құлықты қандай болған, ол қандай ұстанымдарға негізделгендігінің мәнін ашу қажет.
Зерттеу әдісі:зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Шаймерденов Б. Ертеңіміз жастар - Егемен Қазақстан. 2004. 24 ақпан.
2.Раев Д. Казақстандық патриотизм мен гуманизм. Ақиқат - 2000, №8.
3.Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары патриоттық сезімді қалыптастыру.-Қазақстан мектебі,2006,№12.
4.С.Рахметова, П.Жаманқұл, Б.Қабатаева. Менім отаным.-Анатілі,2004,16 наурыз.
5. Жалпы білім беретін мектептерде патриоттық тәрбие беру.-Тәрбие құралы,2007,№3.
6.Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова.Педагогика. - Алматы, 2004. - 437 б.
7. Ә.Әмірова. Патриоттық тәрбиені қалай түсінеміз.-Сыныптағы тәрбие,2009,№4.
8.А.А.Сарсенов.Патриоттық тәрбие.-Қазақстан мектебі,2008,№7.
9.А.Айталы. Ұлттану. Оқу құралы. Алматы. "Арыс", 2000, 226-6.
10.М.Әбсеметов. "Оян, қазақ!". Алматы. Алтын Орда, 1991, 81-6.
11.Н.Елікбаев. "Ұлттық психология". Алматы. Қазақ университеті, 1992.
12.Мұқанов.М.Патриоттық сезімді қалыптастыру.-Алғашқы әскери дайындық,2009,№4.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІ
1.1Патриотизм ұғымдарының
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Отансүйгіштік, интернационалдық тәрбие
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 11
2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Патриоттық тәрбие беруде дамыта оқыту технологиясын
қолдану ... ... ... ..15
2.2 Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 22
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 23

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Отан дегенміз - халық. Халық дегеніміз -
адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық - сонау ерте
замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім.
Патриоттыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас
өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға
бағытталуы керек.
Патриоттық сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп
келеді. Кейде шіркін бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ
жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға
шұқтырмай қалай аман сақтаған деп таңданамыз. Шынында талай зобалаң кезеңді
бастан кешірген қазақ жері "Найзаның ұшымен, білектің күшімен " өз жер
көлемін сақтап қалған.
Бұрын-соңды даму үрдісінде отансүйгіштік ұғымы бізде, негізінен,
біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп
келгені белгілі.
Сонау Жәнібек пен Керей, Тәуекел мен Тәуке, Есім мен Касым, кейінгі
Абылай мен Әбілқайырдың тұсындағы ахуал да осындай болатын. Ал қазір елдік
мақсаттары көпұлтты қоғам жағдайында шешілу керек. Әр түрлі себептермен
қалыптасқан нақты тарихи шындыққа шекеден қарау ешқашанда ел тағдырына
деген жанашырлық болып шықпайды. Нағыз жанашырлық қиыннан жол таба білумен
бағаланса керек.
Бұл ретте академик Шаухитдинов Еренғайып қазақстандық патриотизмді қазақ
ұлтының мүддесімен байланыстыра келіп, басқа ұлттар мүддесін жоққа
шығармайтын келелі пікір айтады.
Зерттеудің нысаны: Ол азаматтардың құқықтық еркіндігі, басқа ұлттардың
қазақ халқының дәстүрін сыйлауы, олардың қазақ мемлекетінің намысын
қорғауы, қазақ елін жатсынбай, жүрегімен сүйе білуі, ұлттық тіл, дін,
ділімізді сақтауға кедергі жасамай қолдау тауып жатса, міне, осыларды
қазақстандық патриотизмнің белгілері деп санайды.
Зерттеу пәні:Отанын сүйген саясатшы да, басқа да азамат көпті кеудемен
итеруге емес, ортақ отбасына тартуға мүдделі болса керек.
Зерттеу мақсаты:Көп ортасында көзге түсу үшін де кемел болмыс керек. Төл
тарихы, мәдениеті мен өнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да
қызықсыз. Ал оларды кең таныту үшін алдымен, қадір-қасиетінді өзің жақсы
білуің, мақтаныш ете алу керек.
Елдік қасиеттер аспаннан түспейді, жоқтан пайда болмайды. Өзі туған
топырақ тозаңы және ана сүтімен ұйыған ұлтжандылық сыртында өскен ортасы
мен азамат ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де текті дүниетаным
негізінде ғана түзіледі.Алайда, жас адамның тағдыры бүкіл адамзат
кеңістігінің кұрамында болғандықган, ол қоғам тағдырымен тығыз байланыста
екені белгілі. Сондықтан "бүгінгі әлеуметтік саяси орта адамға өзі өмір
сүріп отырған мемлекеті мен қоғамы, ел-жұрты, атамекені және жалпы адамзат
өркениетінің тағдыры алдындағы жауапкершілікті мойындауды ескертеді" дейді.
Бұл ретте ол көнені жоққа шығару, патриоттық тәрбиені әлсірету, көне
ататектілік, танымдық, тәрбиелік өзектен адасып қалу секілді кемшіліктерді
белгілейді.
Зерттеу міндеті:Ата-бабадан қалған патриоттық киелі шарттарын жаңартуда
"белгілі бір этно-мәдени" тәрбие жүйесін қалыптастыру керек екенін
дәлелдеуге ұмтылған.Біздің пікіріміз бойынша, ол үшін, ең алдымен, қазақ
жұртының ішкі патриоттық "менін" құрайтын этно-әлеуметтік мінез-құлықты
қандай болған, ол қандай ұстанымдарға негізделгендігінің мәнін ашу қажет.
Зерттеу әдісі:зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен қажетті
мәліметтерді жинақтау.

1.ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІ
1.1 Патриотизм ұғымдарының маңызы
Қазақстан мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің өткені мен дәл
бүгінгі таңдағы жай-күйін зерттеу барысында оның әдісі, тәсілі мен
формаларының сан алуан болғанына және оларды бүгінгі күн жағдайына бейімдеп
қолданудың мүмкіндігі мол екеніне көзіміз жетті. Бірақ, оның мазмұны кеңес
дәуірінде (1970-1990 жж.) сол кездегі идеологияға қызмет еткендіктен, сыңар
жақты болғаны да айқындала түседі, өйткені онда ұлттық патриотизм
ескерілмей қалған. Сол себепті "ұлттық патриотизм", "ұлттық сана" деген
секілді аса маңызды ұғымдар кеп жағдайда терең зерделенбеген.
Қазақстан жағдайында осындай бір топ мәселенің басын ашып алмай тұрып
патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анықталды.
Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа
сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде мектептегі тәрбие
жұмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда замана ағымына
қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі
туындайды. Өйткені, ұғымдар арқылы оқушылар санасында білім қалыптасып, ол
өз кезегінде оның іс-әрекетіне бағыт береді. Біздің пайымдауымызша,
патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар: "ұлттық патриотизм"
және "қазақстандық патриотизм". Ұғым дегеніміз - заттар мен құбылыстардың
жалпы айырмашылықтарының белгілі бір жиынтығы негізінде ой жүргізу. Ол
ғылыми және тәжірибелік білімдерді қалыптастыруда қолданылады. Ұғымдар
негізінде пікір, ой тұжырымдар қалыптасып, ой қорытындылар мен пайымдаулар
жасалады. Бұл жерде ұлттық патриотизм" және "қазақстандық патриотизм"
ұғымдары арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған
халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік
дегеніміз - бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, "ұлттық
патриотизм" және "қазақстандық патриотизм" ұғымдарына анықтама беру,
олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-
дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-
тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Осыларды көздеп жүргізген зерттеу
еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын-жазушылардың ой-
пікірлеріне сүйене отырып "ұлттық патриотизм" және "қазақстандық
патриотизм" ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай-ақ бұл үғымның
маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек
күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр.
Адамның жеке психологиясының әскери қызметтегі маңызын аша келіп
Б.Момышұлы "патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-
саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын
сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз
жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм
дегеніміз мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен
бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді" деп терең,
жан-жақты анықтама берген. Қаһарман жазушы біз іздеп отырған "ұлттық
патриотизм", "қазақстандық патриотизм" ұғымдарына философиялық анықтама
беруге ұмтылған. Ол ұлттық патриотизм - бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның
асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүиіспеншілігі, өз халқымен қан
жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-
қүлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері қалыптасқан, тарихи
дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және
ерекшеліктерімен де байланысты дейді. Жазушының пікірін жіктей отырып
бүгінгі патриотизмнің мазмұнын анықтау әбден мүмкін.
Бұдан келіп шығатын тұжырым: Б.Момышұлы көрсеткен рухани ерекшеліктерді
сақтау ұлттық патриотизмнің критерийі болып табылады. Жаңа қалыптасып келе
жатқан жас мемлекетіміздің болашақ азаматтарын патриотизмге тәрбиелеуде,
міне, осылар оның негізгі ұғымдарын құрауы керек. Ойымызды айқындай түссек,
Б.Момышұлы айтып отырған белгілердің педагогикалық негізі тұлғаның
патриоттық сана-сезімін қалыптастыру, патриоттық іс-әрекетін үйымдастыру,
мінез-құлқына патриоттық сипат беру, мектептегі оқу-тәрбие ісінің өзегі
болуы керек. Бұл оқулықтар оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнынан бастама
алып, сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарда жалғасуы орынды.
Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік,
ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық
өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін - "Отаным" деп тануы, оның
негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарына бас ию,
рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін
болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы
керек деген ой келіп туады. Қазақстан егемендік алғаннан кейін мерзімді
басылымдарда "қазақстандық патриотизм" және "ұлттық патриотизм" жайлы
сұрақтар жарияланып, оған көптеген белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар өз
пікірлерін білдірген болатын. Сол пікірлерді және басқа да педагог ғалымдар
мен философ-психологтердің пікірлерін зерттей келе біз бір кездегі
"Советтік патриотизм" ұғымы "қазақстандық патриотизм" болуы керек деп
түйдік. Оның туындап, қалыптасып, тәлім-тәрбие айналымына енуі өз
қолымызда. Берілген сұрақтар бізге патриот адамдардың мінез-құлық, іс-
әрекеті, ой-сана сезімдерінің белгілеріне қарап оған сипаттама беруге
көмектеседі. Бұл өз ретінде жас буындардың көз алдына нақты мысалдарды
көлденең тарту арқылы өнеге көрсетуге шарт түзеді.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің
(патриотизмнің) керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып,
қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ
ерлігінің арқасы. Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар
шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ,
ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей (кеңес дәуіріндегідей) жүйелі
патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ елін, жерін, Отанын
қорғауда жанын тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи
тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің
қалыптасуына ата-ана, ауыл аймағының ықпалының күшті болғанын көреміз. Өсіп
келе жатқан жас буындардың бойында отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына
отбасындағы тәрбиенің ыкпалын елемей қоюға болмайды.
Қоғамның өз азаматтарына қызмет етуі адамның өзіне байланысты екені
белгілі. Бұл - қоғамның жай-күйі оның әрбір азаматына байланысты деген сөз.
Демек, Қазақ Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайып
дамуының басты шарттарының бірі оның азаматтарының патриотизмі. Адамдар
санасындағы бұрынғы кеңес одағы кезеңіндегі патриотизмнің мазмұны жаңа
қоғамдық жағдайда біртіндеп жаңғыру үрдісін бастан кешіруде, бірақ соны
құндылықтар әлі қалыптасып бола қойған жоқ.
Жаңа тарихи әлеуметтік жағдайда патриотизм жаңа сипатқа ие блды өйткені,
енді Қазақстанда өмір сүріп отырған барлық халықтар Қазақ елі атын беріп
отырған "Қазақстан" деген мемлекетке бірікті. Демек, олардың мүддес,
мақсаты, күн көріс жағдайлары да бір бағыт ұстануы керек. Міне, осынык өзі
бұдан былайғы кезде "қазақстандық патриотизм" ұғымын қалыптастыру мақсатын
қойып отыр. Ендігі кезеңде қазақстандықтардың күш-қуаты "қазақстандық
патриотизмді" орнықтыруға жұмсалуы керек.

1.2 Отансүйгіштік, интернационалдық тәрбие мәселесі

Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе
жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, елжандылықты дарыту -қазіргі
кезде көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Н.Назарбаевтың "Қазақстан -
2030" стратегиялық бағдарламасының "Қазақстан мұраты" деп аталатын
бөлімінде еліміздің тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау
міндетінің өзі жастарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта
тәрбиелеуді жүктейді.
Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан кешірді,
бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп,
азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады.
Жаппай патриотизм үлгісі кешегі 1986 жылғы әлемді дүр сілкіндірген
қасіретті желтоқсан оқиғасы болатын. Соны бүгінгі ұрпақ білуге, қастерлеуге
тиіс. Сондықтан жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ҚР Білім министрлігі
ұсынған "Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы" жобасында, ҚР "Білім туралы" Заңы, ҚР
мемлекеттік "Білім" бағдарламасы, "ҚР жалпы білім беретін мектептер
тұжырымдамасы", т.б. қаулы-қарарларда қазақ халқының ерлік, жауынгерлік
тарихымен, ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір -
өнегесімен таныстыруға, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды, ұлттық намысы
мол, жігерлі азаматтар тәрбиелеуге ден қойылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығымен
бекітілген Қазақстан халықтары Ассамблеясының орта мерзімді кезеңге
арналған стратегиясы және ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-
2008 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында патриоттық тәрбие беру
жүйесін нысаналы дамыту арқылы азаматтардың бойында жоғары патриоттық
сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімдерін, Отанның мүдделерін қорғау
жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға
дайындығын тәрбиелеуді көздейді.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің "Қазақстан мектептерінде
әскери-патриоттық тәрбие беру" еңбегінде оқушыларға патриоттық тәрбие
берудің әр түрлі формалары мен әдістеріне, мектеп жасындағы балаларды Отан
қорғауға дайындық жұмыстарына мән берілген.
Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ
даласының ойшылдары Әбу-Насыр әл-Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмүд
Қашқари, жыршы-жыраулары Асан қайғы, Доспамбет жырау Аймауытұлы, Бұхар
жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы да айтқан болатын. Аталған
ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік алуымен байланысты педагогикалық
тұрғыда зерттеліп, бір жүйеге келтіріліп, жас ұрпақ тәрбиесіне пайдаланылып
отыр.
Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. Абай өз
қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінеді. Оның шығармалары
Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген
қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына,
мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына
деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты.
ТМД ғалымдарының патриоттық тәрбиеге арналған зерттеу жұмыстарында
патриоттық тәрбиенің әдістемелерін жетілдірудің мүмкіндіктері мен
педагогикалық шарттарын анықтауға аса ден қойылып келеді. (Н.Крупская,
А.Макаренко, В.Сухомлинский және т.б.)
Патриоттық, интернационалдық тәрбие мәселесін зерттеумен біздің
республиканың бірқатар ғалымдары айналысып келеді. Мәселен, Б.Момышұлы,
К.Меңлібаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Иманбаева, Е.Жүматаева және т.б. бүл
мәселені өз еңбектерінде қарастырған.
Кейінгі жылдары қазақстандық патриотизмге аса мән берілуде. Бүл тұрғыда
жазушы Ә.Нүршайықов, Ә.Қалмырзаев, Л.Ахметованың және т.б. енбектерін
атауға болады.
Ғалым-педагогтер Н.Қайшыбаева, Д.Қүсайынова, Г.Сламбекова, Е.Жүматаева
және т.б. патриоттық тәрбие беруді әдебиет сабағы арқылы сыныптан және
мектептен тыс оқу-тәрбие мекемелерінде ұйымдастырудың жағдайларын,
мүмкіндіктерін жазса, А.Луначарский, Н.Крупская өз еңбектерінде оқушының
жеке тұлға ретінде қалыптасуына патриоттық тәрбиенің әсерін қарастырады.
Көпұлтты Қазақстан халқына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыратын
азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Қазақстанды мекендейтін әрбір ұлттың
өзінің мемлекет алдындағы міндеті - қоғамдық байлықты, яғни мемлекеттің
материалдық базасын нығайту, өмірдегі тату-тәтті тірлікті, азаматтық
келісімді жолға қойып, ұлттық бірлікті сақтау.
Жас ұрпақ тәрбиесі Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздік жағдайына ие
болғанда өз мемлекеттігін қалыптастыруға байланысты бала тәрбиесін қайта
қарау маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. "Қазақстан - біздің ортақ
үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер
біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен
жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда
біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік" деген Елбасы
Н.Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас
ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында
тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.
Патриоттық тәрбиені ойға алғанда бірінші санаға Отан түсінігі келеді.
Отанға құрмет көрсету тұрғысындағы патриоттық сезім жалпы адам баласына тән
туған түйсік-қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне,
ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын
пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Патриоттық сезімнің нысаны мен
қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр,
тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.
Қазақ халқының бертінгі тарихында патриоттық тәрбие жүйесі бірқатар
кемшіліктерге бой алдырды. Бұл бір жағынан, қазақ елінің шырмауға
түскендігінен болса, екінші бір жағы, кейінгі КСРО империялық, мемлекеттік
саяси-идеологиялық тұрғыдан басқарған тоталитарлық жүйенің, жеке адамның
Отанына, бабалар мұраты мен халық дәстүріне сүйенген патриоттық тәрбие
көздерін жалған идеология арқылы бұрмалауында еді. Жалпы адамзат
өркениетіне тән ізгілікке жеткізер жолдың бастауы патриоттық тәрбие түп
негізінен айырылып, тоталитарлық мүддеге қызмет етті. Соның салдарынан жеке
адамның Отанына, халқына деген сүйіспеншілік негіздерінің бірі болып
табылатын патриоттық сезім, ой-сана қуғынға ұшырады. Шығармашылығына
патриоттық сезімдері қуат берген ақын Ж.Молдағалиев
Мен қазақтын мың өліп, мың тірілген.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Қуанғанда кұлкімнен түн тұрілген...
деп жырлаған "Мен - қазақпын" поэмасы үшін әкімшілік қысымға ұшырады.
ҚР тәуелсіздік алғаннан бері балалардың оқу-тәрбие ісіне ұдайы көңіл
бөлініп келеді. Осы оқу-тәрбие ісіне әлі де болса назар аударып, жетік
қарауды қажет ететін салаларының бірі - патриоттық тәрбие. Өйткені, олардың
бойында Отан деп соққан жүрегі бар. Сол жүрек ел намысын қорғау жолында
қашанда жалындап түруы шарт. Мысалы, мектептерде сабақ басталғанда, ант
қабылдағанда, көптеген бұқаралық іс-шаралар кезінде Мемлекеттік ту
көтеріліп, Әнұран орындалады.
Тарихи деректерге зер салатын болсақ, патриотизм ұғымы XV ғасырдың
басында француз халқының ұлттық батыры Жанна д'Арк ұлтының тәуелсіздігі
үшін басқыншылармен күресіп, өз Отанының дербестігін сақтап қалуды көздеген
ұлы жеңістің нәтижесінде пайда болды десек, артық айтпаған болар едік.
Басқа елдердегі патриотизм де француз еліндегідей сырттан келген жаулап
алушыларға, әртүрлі жаман пиғылдарға қарсы күрес тұрғысынан сипатталады.
Француздар "Әр адамның екі Отаны болады: өзінің Отаны және Франция" дейді
екен. Көрдіңіз бе, өздері сүйіп қана қоймай, басқалардың да Францияны
құрметтеп қарауына ықпал еткілері келеді.
Патриотизмнің мәнін ашу барысында, ең алдымен, осы патриотизм
идеяларының ерте замандарда туып, қалыптасқанын айта кеткен жөн. Патриотизм
идеясының дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен тығыз байланысты.
Аристотель өзінің атақты "Риторика" еңбегінде дәстүрлер мен құқықтардың екі
түрі: жалпы және жеке түрлері бар деп тұжырымдайды. Біріншісі - әрбір халық
өзіне арнап тұжырымдаған дәстүрлер мен заңдар. Бүкіл халық мойындаған
дәстүрлер мен заңдарды ол жалпы деп атайды. Ал жеке дәстүрлер заңдарды
жазба түрдегі және ауызша деп, екі түрге бөледі. Дәстүрлер мен заңдардың
ауызша түрін бөліп алып, философ оның тек қана жазбаша түрден айырмасын
ғана емес, әлеуметтік маңызы мен адамгершілік тәрбиесіндегі алатын орнын да
атап көрсетеді.
Туған жерді, елді қорғауға айбынды халық перзенттері - Төле би, Қазыбек
би, Әйтеке би, Абылай хан, Бөгенбай, Наурызбай, Есет, Қабанбай, Жәнібек,
Олжабай, Райымбек, т.б. шықты. Ел басына дүркін-дүркін қара түнек орнаса
да, мойымаған ата-бабаларымыз ғүн, сақ, сәмби, жужан, қыпшақ, оғыз
заманынан бергі мәдени мұралар мен патриоттық тәлімді бүгінгі күнге дейін
жеткізді. Мәселен, қазақтардың патриотизмін жоңғар қоңтайшысына Қазыбек би
былай деп сипаттаған: "Біз - қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге
соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің
шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаган
еліміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достығымызды сақтай білген елм: дәм-
тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, ордасын таптай білген
елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күн
боламын деп тумайды! Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз...
Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең шабысқалы
келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен - арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа
үйреткен жас тұлпар - жарысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен, жабысқалы
келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жерін айт.

Ұлттық сезім, Отанға, елге деген сүйіспеншілік негізінде Алаш Орда
қайраткерлері нақтылы іс атқарып, тарихтың жарқын беттерін жаза білді. Егер
Міржақып Дулатұлы "Оян, қазақ!" деп ұлттық сананың жаңа бір белесіне
шақырса, Ахмет Байтұрсынұлы "Қазақ" газетін ашып, бүкіл алаш жұртын
тәрбиеледі.
Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар - ұлттық
сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық игі дәстүрлер, ұлттық парыз,
бірлік және міндет.
Ұлттық сезім - өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген
сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу.
Б.Момышүлы өзінің "Соғыс психологиясы" еңбегінде ұрыста адамға тән барлық
жоғарғы және төменгі сезімдерді барынша ашып көрсетеді. Жоғарғы сезімдер:
парыз, адамгершілік, ержүректілік, ерлік, батырлық, қаһармандық және т.б.
Төменгі сезімдер: опасыздық, ұждансыздық, үрей, қорқыныш, т.б. Әрбір адам
өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлттарды
танып, құрметтеуге тиіс.

1.3Оқушыларды патриоттыққы тәрбиелеу маңызы 
    Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл
әлемге делелдеді. Ендігі басты міндет – осы мемлекетміздің өркендеп өсуі,
халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды Отаным деп
таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы – бұның басты шарттарының
бірі. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Қазақстан халқына Жолдауының Қазақстан
мұраты деп  аталатын бөлімінен көруге болады. Мұнда: ... біздің
балаларымыз  бен немерелеріміз ... бабаларының  игі дәстүрін сақтай отырып
қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады.
Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы
өз елінің патриоттары болады, - деп үміт артылады.     Жастарды Отаншылдық
рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай, патриоттық тәрбие мәселесі
– адамзат тарихының өн бойында ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы
мақсат болғандықтан, мектеп  оқушыларының бойында Отанға деген
сүйіспеншілік қасиетін дарыту көкейкесті мәселе болып отыр.
Патриоттық тәрбие мәселесі- адамзат тарихының өнбойына ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше
биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас
мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақстандық патриотизм,
азаматтық парыз, ар тазалығы қала бермек.
    Қазақстанда болып жатқан саяси әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
тәуелсіздігімізді одан әрі қамтамасыз ету үшін, еліміздің тізгінін берік
ұстауға қабілетті, парасатты отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеп шығаруды талап
етеді. Ғасырлар бойы жинақталған халықтың бай рухани қазынасын және ғұлама
ғалымдардың патриоттық тақырыптағы еңбектерін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
келе жатқан патриоттық ой-пікірлері мен отансүйгіштік тәрбие мұраларын
зерттеу бүгінгі таңда жалпы ғылымаралық проблема болып табылады. Әр тарихи
кезең өз ұландарын тудырады. Қоғамның заңы бойынша, уақыттың талап етуі
бойында қабілеті бар жастардың тезірек өмір сахнасына шығуына негіз
қалайды. ХХ ғасырдың басында жарқырап көрінген қазақ халқының кемеңгер
ұлдары Ә.Бөкейханов, А,Байтұрсынов, М.Дулатов, О.Жандосов, С.Сейфуллин,
Б.Майлин, М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, Н.Төреқұлов, С.Қожанұлы, Т.Рысқұлов
және т.б уақыт тудырған отансүйгіш азаматтары еді.
    Қай ғасырда болмасын оқу-ағарту, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып
көрген емес. Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті деген сөзді
Платонның өзі де бекер айтпаған. Әрбір ұлттың, қай кезеңде болмасын алдында
тұратын, ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы, өзінің ісін, өмірін
жалғастыратын салауатты, саналы және отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ
қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі
озық азамат етіп тәрбиелеу біздің міндетіміз.
    Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың
күмбірлеген күміс күйі мен сыбызғы-сырнайының үні, асқақтата салған әсем
әні, ғашықтық жырлары, шешендік саз, айтыс өлеңдері мен бостандық үшін жері
мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандары ғасырлар бойы
өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат
етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса, тәуелсіздік туы
желбіреген егеменді елеміздің болашақ отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеуде,
олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілдік, әдептілік, елін,
жерін, отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді, қаны мен жанына
сіңіруде осынау ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін негізге ұстансақ, өте
ұтымды болар еді.
    Осыған орай, жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру үрдісіндегі
іс-әрекетіне қажетті төмендегі педагогикалық категориялар мен тұжырымдардың
мәнін тереңірек анықтауға ой жүгірткен дұрыс деп таптық: отансүйгіштік-
қоғамдық құбылыс, тарихи ұғым. Ал патриот дегеніміз әр адамның өзінің
араласқан белгілі бір саяси, мәдени және әлеуметтік ортасына- Отанына деген
аса терең сезімі деп түсінеміз. Сондықтан қазақстандық патриотизм-
Қазақстан Республикасын біртұтас Отаны ретінде қабылдап, өзін республика
халқының құрамдас бөлігі сезінетін парызы болып табылады.
    Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында былай деп атап
көрсетілген: "Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық  құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері  негізінде жеке
адамды  қалыптастыруға  және кәсіби шыңдауға  бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар  жасау;... Оқытудың  жаңа технологияларын енгізу, білім
беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу..." – делінген. Осындай ізгі мақсаттарды орындаудың басты факторы –
мектеп, мектеп-гимназия мұғалімі, жоғары оқу орындарының профессор-
оқытушылары екені анық. Осы орайда бұл міндеттерді жүзеге асыру жастарды
патриоттық рухта тәрбиелеу үшін аса маңызды.
    Соңын жарқын көрінісінің бірі – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
Жеке тұлғаның қалыптасу философиялық негізі
Оқу пәндері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің маңызы
Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Жоғарғы мектеп студенттеріне патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбие дәстүрлерін пайдалану
Отан қорғаушының жеке басын дамыту
Пәндер