Марксизм философиясы. Өмір философиясы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Марксизм философиясы

Өткен кезеңдердің саяси-философиялық көзқарасының өздеріне қажетті деген ілімдерін әрі қарай дамыта және сол кездегі ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, осы қойылған сұрақтарға жауап ретінде XIXғ. 30-40 жылдарынан бастап, көптеген саяси-философиялық ілімдер пайда бола бастады (либерализм, консерватизм, анархизм, ницше ілімі, марксизм т. б. )

Осы тұжырымдардың ішіндегі әлемдік тари хтың дамуына пәрменді әсер етіп, өзіндік із қалдырғаны - марксистік философия болды. Негізгі өкілдері: Карл Маркс, Фридрих Энгельс, В. И. Ленин.

Марксизм материяны түйсіктерімізге тәуелсіз бола тұрып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі, бейнесі түсетін объективтік нақтылық деп тұжырымдады. Шын болмыс материя ғана. Оның өмір сүру түрлері - кеңістік пен уақыт . Кеңістік ұғымы заттардың бір-бірімен қатар және бөлек өмір сүруі, олардың бір-біріне қатысты орналасу тәртібі болса, уақыт - материяның материалдық процестер өрістеуінің жүйелілігін, бір-бірінен бөлек екенін, олардың ұзақтығын және дамуын сипаттайтын ұғым. Материяның өмір сүру тәсілі - қозғалыс . Марксизм қозғалыстың бес түрін атайды: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік. Қозғалыстың бұл түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Марксизм құбылыстардың ішкі байланысы мен өзара шарттастығын заңдылық деп түсінеді.

Өмір философиясы.

Өмір - Батыс философиясының белгілі, өкілдері өте көп бағыттарының бірі. Өмір философиясы өмірді дүниенің бір бөлігі ретінде ғана қарастырумен шектелмей, оны дүниежүзілік тұтастықтың қақ ортасына қояды, өмір ұғымына сүйене отырып, дүние мен өмірді толық түсінуге талпыныс жасайды. Өмір философиясының өкілдері философияның міндетін тек осылай түсіндіреді, себебі философия адам мәселесін зерттейтін ғылым болса, адам үшін өмірден маңызды ештеңе жоқ деп есептейді.

Өмір философиясының танымал өкілі - Артур Шопенгауэр(1788-1860) адам мен қоғам өмірінің қараңғы, көзге көріне бермейтін жақтарын, ащы шындығын жайып салды. Оның пікірінше, адам өмірі қайғы мен азапқа, күншілдік пен бақталастыққа, күнә мен әділетсіздікке, қатыгездік пен бақытсыздыққа толы. Адамның толық бақытты сәттері аз, жоқ десе де болады, себебі бақыт оның болашағы мен өткен өмірінде, ал болашақ үмітсіз, өткен өмір қайтып келмейді. Адам уақыттың уысында, ол біздің қуаныш пен рахатқа толы күндерімізді жоқ қылып отырады. Бейшаралық өмір кешу адамның маңдайына жазылған, себебі оны билейтін дүниежүзілік ырық. Шопенгауэрдің ойынша, азап пен қайғы шегу адамға пайдалы, себебі адам төрт құбыласы тең болып, рахат пен бақытқа бөленіп өмір кешсе, жақсы нәрсенің қадірін білмейді, бағалай да алмайды. Ол өмірді тек қара түске бояп көрсетеді: ізгіліктен зұлымдық көп, қоғам бір-бірімен арпалысқан, бірін-бірі аңдыған адамдарға толы, адам бақытсыз болуға жаратылған және бақытсыз. Осының бәрі - адам эгоизмінен, оның «адам адамға қасқыр» принципін ұстанғанынан. Сондықтан бұл өмір түсінген адамға көрмен бірдей мәнсіз, оны өліммен алмастырған жөн. Шопенгауэрдің түсінігінше, өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, себебі ол азапты өмірдің ақыры. Өмір қайғысына ұшыраған адам өзін осындай өмірден құтқарушы өліммен жұбатуы керек, ал өлім алдында өмірдің азаптарынан құтылғанына қуанғаны дұрыс. Өлім мен азапты өмір тұтас нәрсе екені ақиқат. Дүние жүзілік ырық мағынасыыз болса, оның туындысы адам өмірі одан екі есе мағынасыз, ал өлім адамды осы мағынасыздықтан құтқарады. Яғни, өлім - адам өмірінің мақсаты.

Шопенгауэр өмірді осылайша қасірет пен азапқа толы мәнсіз нәрсе ретінде түсіндірсе, өмір философиясының келесі өкілі Фридрих Ницше (1844-1900) оның пессимистік мазмұнына оптимистік рең беріп, замандастарының бойында өмірге деген құштарлық пен іңкәрлік оятты. Өмірге деген осындай көзқарас Ницшенің «Заратустра осылай деген» еңбегінен мықты сезіледі. Ф. Ницше өмірден қажып-шаршаған адамды, жалпы халықты серпілтіп, олардың бойында өмірге деген құштарлықты ояту үшін Ницше өмірді сүйген «ең жоғарғы адамнан» үлгі алуды ұсынады. «Ең жоғарғы адам» - еркін, ешкімнен де, ештеңеден де тәуелсіз, өз өмірін өзі жасауға ұмтылған адамның бейнесі. Ницшенің түсінігі бойынша, адам бүкіл әлемге жалғыз өзі қарсы тұруы, өзіне ғана сенуі арқылы өз еркіндігі мен бостандығын мойындата алады.

Бергсон - француздың идеалист-философы, интуитивизм өкілі. Бергсон идеализмінің негізгі ұғымы - «таза», яғни материалдық емес ұзақтың - барлық ақиқаттың түп төркіні. Бергсон қоғамдық көзқарасында ол таптық үстемдік пен бағынуды жақтады, оны «табиғи ахуал» деп, ал соғысты табиғаттың «сөзсіз заңы» деп есептеді. Бергсон философиясы XX ғасырдың идеологиясына тән иррационализмнің жарқын көрінісі болды.

З. Фрейдтің және К. Г. Юнгтің психоаналитикалық философиясы

Психоанализ - XIX ғасырдың соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзі тазарту методы ретінде пайда болып, кейінірек австриялық невропатолог Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. З. Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша «саналыдан» ғана емес, «бейсаналыдан» және «саналының алдындағыдан» да тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі туралы қорытындыға келді.

Юнг Карл Густав (1875-1961) - Швейцария психологы, «аналитикалық психологияны» жасаушы. Юнг «инивидтену» процесін - жеке адамның өз мүмкіншілігін толық жүзеге асыруға ұмтылуын адамның психикалық тіршілігінің негізгі мазмұны деп санады. Егер бұған жеке немесе әлеуметтік мәселелері кедергі жасайтын болса, санасыздық архетиптік құрылымдары жанданып, симводық бейнелер пайда болады, олар түрлі халықтардың аңыздарында қайталанып отырады және әрбір адамның бойында түс беріп, оны таңғажайып күшпен баурап алуы мүмкін. Дәрігерлердің пациенттерінде пайда болған архетиптік бейнелерді түсіндіруін Юнг «аналитикалық психологияның» міндеті деп есептеді. Ол ұлы идеялардың барлығы архетиптік негізде жатыр деп санады. Юнг концепциясының иррационалистік, мистикалық жақтарын өнерді архаизмдендіру, көркем шығармашылықтың әзәзілдік, санасыз сипатын дәлелдеу үшін пайдаланды. Сонымен бірге Юнг еңбектері салыстырмалы аңыздар жөнінде зерттеулердің пайда болуына жәрдемдесті.

Позитивизм, неопозитивизм, постпозитивизм.

Позитивизм - қазіргі заманғы таным теориясының бағыты. Оның негізін қалаушы - француз философы Огюст Конт. Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т. б. ұғымдарға, абстрактылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз себебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына, математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзінің дамуында 3 кезеңнен өтті:

  1. бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті - объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп пайымдады. Бұл кезеңнің өкілдері - О. Конт, Г. Спенсер, Дж. Милль.
  2. махизм - дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі - австриялық физик Э. Мах.
  3. неопозитивизм - ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салыстырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналысты. Өкілдері: К. Поппер, Лакатос, Кун және т. б. Олар ғылыми білімдерді тексерудің негізгі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

Неопозитивизм философиялық ағым ретінде 1922жылы құрылған Вена үйірмесінің қызметімен байланысты дүниеге келді. Ол өзінің даму сатыснда 3 кезеңнен өтті. Біріншісі XIX ғ. 30-40 жж. Қалыптасқан О. Конт, Дж. Милль, Г. Спенсердің позитивтік ілімдерімен тікелей байланысты. Олардың ілімдері бойынша, ғылым ешқандай философияға мұқтаж емес, сондықтан ол философияның пайдасыз, өздеріне өздері қайшы келетін идеяларынан арылуы қажет.

Неопозитивизмнің екінші кезеңі XIX ғ. аяғы мен XXғ. басында қалыптасқан эмпириосыншылдық ілімімен байланысты. Неопозитивизмнің үшінші, қазіргі кезеңі сатысында Б. Рассел, Л. Витгенштейн, М. Шлик, А. Айер, Поппер т. б. ілімдерінің арқасында «логикалық позитивизм», кейінірек «семантикалық позитивизм», ал оның орнына «лингвистикалық философия» т. б. сол сияқты неопозитивистік ағымдар дүниеге келді.

Экзистенциализм: Хайдеггер, Камю, Ясперс, Сартр, Марсель, Кьеркегор.

Экзистенциализм тіршілік ету философиясы өз бастамасын дат философы С. Кьеркегордың адам - өз өмірінің себепкері, өзінің ауыртпалығын өзі көтеруші және өзі сияқты жекеленген, бірақ құдіретті Құдайдың алдында қорқып тұратын тіршілік иесі деген ілімінен алады.

Экзистенциализмнің өзі үш түрлі бағыттағы ілімдерден құралған. Біріншісі Хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде қалыптасқан экзистенциализм антологиясы. Екіншісі К. Ясперстің экзистенциялық нұрландыру идеясы. Үшіншісі экзистенциализм ұғымын бірінші қолданған Жан Поль Сартрдың ілімі. Экзистенция ешқашан зерттеу объектісі бола алмайтын ұғым, өйткені ол біріншіден - жеке даралық болғандықтан, сол себепті жалпы мәнділікке ұмтылмайды, екіншіден - экзистенция - біздің өзіміз.

Кьеркегордың ойынша, адамның тіршілік етуінің ақиқаттығы, яғни экзистенция дегеніміз ойлаудың ұғына алмайтындығы, оның дәрменсіздігі. Ендеше, ақиқатқа жетудің негізгі формасы тек қана сенім бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасуы және зерттеу обьектілері сипаттаңыз
Орыс және Қазақ философиясының орталық идеялары
Қазіргі замандағы қазақ философиясы
Марксизмнің таптық қоғам теориясы
Канттан кейінгі классикалық неміс идеализмінің өкілі
Өмір философиясы
ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясы
Социализм теориясын нақтылау
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
ОРЬІС ФИЛОСОФИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz