Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту
Васильковка негізгі мектебі
мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен
байланыстыра отырып оқыту
Дайындаған: Оразаева Ж.Ж.
2009-2010 оқу жылы.
Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту.
1. Физика-математика пәндерін оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі,
мектептерде пәнді оқытып үйретудің тиімді жолдарының бірі оқушылардың іс-
әрекеттерін белсендіру мен білім алуға құштарлығын арттыру. Осы тұрғыда
негізгі мектепте оқытуды ұйымдастыру мәселесіне, оқу-тәрбие жұмысының
деңгейін көтеруге және оның беделін жоғарылатуға көңіл бөлу қарастырылған.
Қазіргі кезде оқытудың тиімді әдістерін зерттеп, оны іс жүзінде қолдануға
ұсыну күрделі мәселелердің біріне айналды. Оқушыларды қоршаған орта
заттарымен, құбылыстарымен таныстырып, олар жайында ғылыми ұғымдарын
жүйелеп, көз-қарастарын қалыптастыруда негізгі мектепте оқытылтын
математика - физика пәндерінің мәні зор.
Негізгі білім беру мекемелерінің тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің
түрлері көп. Соның бір түрі – математика пәніне этнопедагогика элементтерін
негізге отырып оқыту.
2. Бүгінгі қазақ мектептерінің алдында тұрған басты міндет – оқушының
ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық
педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт-
дәстүр, үлгі-өнегені сіңірту.
Ұлт болашағы бүгінгі оқушыларымыздың білім мен біліктілігіне, санасы мен
тәрбиелілігіне байланысты. Халқымыз “сана берсін!” деген тілекті тегін
айтпаса керек. Ал ғұлама ғалым әл-Фараби балаға ең алдымен тәрбие берілуі
керек, онсыз берілген білім оның өміріне зиян келтіретіні туралы айтқан.
Олай болса тәрбиелей отырып білім алуға мүмкіншілік туғызу, жағдай жасау
негізгі міндет болуы керек.
Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық
ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану – тасада қалып келген
дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін
тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз
тастап, қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.
3. Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына, өздері күнбе-күн өмірден
сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын
алады. Соның ең негізгісі – қазақтың халықтық педагогикасы. Қазақ халқының
сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасын, салт-
дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлең-жырлары,
ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.
Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған
бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың міндеті. Математика
пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір
тәжірибесінен, салт-дәстүрінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, сондай-ақ
ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере
отырып оқытқан тиімді.
Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның салт-дәстүрі мен
мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуі сөзсіз.
Халықтық педагогиканың математика пәнінің есептері мынандай түрлерге
бөлінеді:
- мақал-мәтелдер;
- жұмбақтар;
- ойлан тап отауы;
- халық есептері;
- ертегі есептер;
- санамақтар;
- жаңылтпаштар;
- матемаикалық сиқырлар;
- тоғыз құмалақ ойыны;
Халықтық педагогика мен ұлттық психология тағылымдарын пайдалана отырып,
математика-физика пәндерінің әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері
оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау
кезеңін сапалы өткізуе, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен
бірге, оқушылардың ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыларды
құрғақ жаттандылықтан бойын аулақ салып, дербес ойлап, әрекет етуге
жетелейді.
Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу мұғалімнің берген тапсырмасы бойынша
оқушылардың үлкен мақсатты жұмысының нәтижесі. Оқушылардың қосымша
әдебиеттермен жұмыс істеуі, ізденістері, өз бетінше бақылаулары
қорытындыланады. Жекелеген тақырыптарда ұлттық бұйым, ұлттық ұғымдарды
пайдалануға болады.
Мысалы, мынадай логикалық есептерді оқушыларды ойлануға үйрету арқылы
ізденулеріне, ұлттық салт-дәстүрлерді еске түсіріп отыру үшін пайдалануға
болады.
Халықтық дәстүрлі ойындар:
“Бәйге” ойыны. Бәйге ойыны ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен
шабандоздар қатысады.
“Ақсүйек ойыны”. Оқулықпен жұмыс жасауға.
“Ақ серек, көк серек ойыны”. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге
жаттықтыру.
“Қазақша күрес ойыны”. Бұл ойында Білекті бірді жығар, білімді мыңды
жығар дегендей білімдерін есеп шығару арқылы көрсетеді.
“Сақина салу ойыны”. Бұл ойынға қатысушылар екі-екіден қатар отырады.
Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады.
Ол сақинаны қолдан қолға, жүгіртіп отырғандардың біреуінің қолына салу
керек. Алақанына сақина түскен адам мұны қасындағы көршісіне білдірмей
орнынан шапшаң тұру керек. Егер ол тұра алмай қалса айып төлейді. Ал біз
ойын ретінде білім және еңбек туралы мақал-мәтелдер айтамыз.
“Қыз қуу” ойыны. Тақтаға бір ұл мен бір қыз шығып, тездетіп есеп
шығарады. Егер ұл бала бұрын шығарса, қызды қуып жеткен болып есептеледі,
ал қыздан қалып қойған жағдайда айып төлеу ретінде қыздың қойған сұрағына
жауап береді.
“Арқан тарту”. Оқушылар парта бойынша екі топқа бөлініп, тақтада жіпке
ілінген тапсырмаларды кезек-кезек шығып орындайды. Әр шығарған есепке
сәйкес жіпті өз тобы жағына қарай тартып отырады. Қай топқа жіптің көп
бөлігі жетсе сол топ жеңімпаз аталады.
Бала ойынмен өседі. Осыны жақсы түсінген бабаларымыз ұлттық ойынның небір
түрлерін ойлап тапқан. Асық ату ойыны көне заманнан қазірге дейін жалғасын
тауып келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын түрімен әсіресе ауыл балаларының
барлығы жақсы таныс. Осы ойынды физика пәнінде 9 - сыныпта Импульстің
сақталу заңы тақырыбында төмендегі есепті қарастыруға болады.
Массасы 20 г асық 0,5 мс жылдамдықпен қозғала отырып, 9 г тыныш тұрған
асыққа соқтығысады. Соқтығысқаннан кейін бірінші асықтың жылдамдығы 0,2 мс-
қа өзгереді. Екінші асық қандай жылдамдықпен қозғала келеді?
Берілгені:
Шешуі:
m1 = 20 г = 0,002 кг m1v0 + m2u0 =
m1v + m2u
v0 = 0,5 мс m2u0 = 0
m2 = 9 г= 0,009 кг m1v0 + 0 = mv10+ m2u
v = 0,2 мс m1v0 - m1v = m2u
v0 = 0 u = m1 (v0
-v)m2
Тк: u-?
Есетелуі:
u = 0,002 кг * (0,5 мс – 0,2 мс)0,009 кг = 0,67 мс
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта оларға
физикалық ертегі немесе әңгіме құрастыру олардың ойлау қабілеттерін шыңдай
түсетіні анық. Бұл оқушылардың сөзік қорын молайтуға, өз бетімен дербес
жұмыс істеу дағдысын дамытуға көп септігін тигізеді.
Осындай ойындар ұйымдастыру үшін мынандай әдістемелік нұсқауларға көңіл
аудару керектігін ескерейік.
Мысалы: Квадрат теңдеу тақырыбында “Зерде” ойынында мақал-мәтелдер,
даналық сөздер жұргізуге болады. Оның ішінде екі сан есім квадрат теңдеудің
түбірі, яғни Виет теоремасына кері теоремасы бойынша квадрат теңдеу құру
керек.
1. х2-11х+10=0 х1=1; х2=10
Бір тал кессең, (он тал ек).
2. х2-8х+7=0 х1=1; х2=7
Жеті рет өлшеп (бр рет кес).
3. х2-9х+8=0 х1=1; х2=8
Жігіт сегіз қырлы (бір сырлы).
4. х2-70х+1200=0 х1=7; х2=7
Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім ал)
5. х2-14х+49=0 х1=30; х2=40
Ұлға 30 үйден, (қызға 40 үйден) тыю.
6. х2-10х+24=0 D=4 х1=6; х2=4
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді (төртеу түгел болса, төбедегі жетеді).
7. х2-1001х+1000=0 D=998001 х1=1; х2=1000
Білімді мыңды жығады (білекті бірді жығады).
Санға қатысты мақал-мәтелдер:
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал)
2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сына ма, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
10. Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі)
11. Қырық кісі бір жақ (қыңыр кісі бір жақ)
12. Жалқаудың екі досы бар: (бірі - ұйқы, бірі – күлкі)
13. Бір түйір дәнде, (бір тамшы тер бар)
14. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады)
15. Алдына бір қарасаң, (артына он қара)
16. Досының мың болғанына мақтан, (дұшпаның жалғыз болса да сақтан)
17. Алты аға бірігіп әке болмас, (жеті жеңге бірігіп ана болмас)
18. Дос сегіз болса, (дұшпан сегіз)
19. Бермегенге бесеу де көп, (алғанға он болса да аз)
20. Бір құмалақ, (бір қарын майды шірітеді)
Жұмбақтар: (математикалық атаулар мен ұғымдарға байланысты)
1. Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізгі,
Дәл жауапты қостадым.
(Шеңбер)
2. Бүтін сан, бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі осында
(Рационал сандар)
3. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай.
(Натурал сан)
4. Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі.
Квадраттасаң егер оны,
Жоғалтпассың сен оны.
(Квадрат түбір)
5. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(Сызғыш)
6. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,
Құралған фигура бар қарапайым.
Салу үшін сен оны сызғыш ізде,
Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым.
(Түзу)
7. Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді,
Бірін-бірі көрмейді.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz