Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесі
Н5-33
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
Мектепке дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесі пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
КЖ. 050101. 12.12.17.СБ.
Тақырыбы: Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесі
Жетекші: п.ғ.к., проф. А.Бакраденова
Қолы - - - - - - - - - - - күні
Орындаған студент - - - - - - - - - - - - - - - -
тобы - - - - - - қолы - - - - - - -
Павлодар 2017
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 Ойын - тәрбие және тіл дамыту құралы
1.1 Ойын әрекетінің зерттелуі және олардың кейбір түрлерінің балалар тілін дамытудағы рөлі туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Дидактикалық ойындардың бала тілін дамыту міндеттерін
жүзеге асырудағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2 Балабақшада тіл дамыту жұмыстарында ойын элементтерін пайдалану іс- тәжірибесі
2.1 Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын дидактикалық ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16 Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Кіріспе
Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені тіл - адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы. Тіл адам қоғамына тән. Ол қоғамдағы еңбек процесіндегі қажеттіліктен, мұқтаждықтан келіп туған. Бұл жөнінде К. Маркс пен Ф. Энгельс: Тіл де сана сияқты, ертеден келе жатқан нәрсе, тіл практикалық сана.., Тіл де, сана сияқты, басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттілігінен келіп туады, - деп көрсете келіп, тіл мен ойлауды тығыз бірлікте үздіксіз дамып отыратынын айтады. Марксизм-ленинизм ілімдерін дамытушылар өз еңбектерінде тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы, олардың диалектикалық бірлігі, тілдік және логикалық материалдардың, сөйлеу мен ойлаудың қарым-қатынастарының сипаты туралы мәселелерді баян етті.
Өткен зерттеулерде бастап тіл - ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының белгілері бейнеленетіні айтылып келді. Тіл мәдениетін меңгеру - адамның сәби шағынан іске асатын, келе-келе біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде, балабақшада, мектепте жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасында: баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселелері барлық сабақта жүзеге асырылады. Бағдарлама бойынша балаларға тілдің қоғамдық ролі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған. Тақырыптың өзектілігі: Мектепке дейінгі бала - әрдайым ойын баласы. Сондықтан да, баланың тілін дамытып, қалыптастыруда ойынның маңызы зор. Себебі ойын технологиясы арқылы баланың тілін дамыту жеңіл болмақ. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, ұлттық және шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Бала тәрбиесінде, танымдық-тілдік білімін дамытуда қолданылатын әрбір ойында негізгі мақсат: баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыру. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін тиімді қолдану балабақша тәрбиеленушісінің мектепке байланысты тілмен сөйлеп баруына ықпал етеді. Бұл орайда дидактикалық ойынды сабақ түріне, тақырыбына қарай дұрыс пайдалану өзекті болып табылады. Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдануды практикалық тұрғысында негіздеу; балалардың байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіру; сөздік қорын молайту, құрастыра сөйлеуге үйрету. Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі балалардың тіл дамыту сабағындағы оқыту процесі. Зерттеу пәні: тіл дамыту сабағында пайдаланылатын дидактикалық ойындар жүйесі, олардың тиімді қолданылуы. Зерттеу міндеті:
oo Дидактикалық ойын ұғымын сипаттау және ол туралы ой-тұжырымдар жинақтау;
oo Дидактикалық ойындардың балалардың тілін дамыту іс-әрекеттерінде баланың танымдық-тілдік белсенділігін арттырудағы ықпалын айқындау;
oo Баланың сөздік қорын байытып, фонематикалық есту қабілетін дамытуға байланысты дидактикалық ойындар өткізу әдістемесін сараптау;
oo Балалардың байланыстырп сөйлеуіне арналған дидактикалық құралдарды ҰОІӘ тақырыптарына сай дайындау және жас топтары бойынша іріктеу. Зерттеу болжамы: егер тіл дамыту сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемелік жүйесі жасалынса, онда мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда, сөздік қорын байытуда дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі арта түседі. Өйткені дидактикалық ойынның әдістемелік жүйесі баланың жас ерекшелігіне қарай жасалса, тәрбиеші оның әрбірін қай тақырыпта, қалай және қай уақытта дұрыс пайдалануына мүмкіндік ала алады. Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, үш бөлімнен, қосымшадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Ойын - тәрбие және тіл дамыту құралы
1.1 Ойын әрекетінің зерттелуі және олардың кейбір түрлерінің балалар тілін дамытудағы рөлі туралы
Ойын - баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес, -деген В. А. Сухомлинский. Ойын ұғымына түсініктеме берсек -- бұл адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі. Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде-ақ атақты ғұлама ойшылдар, педагог, психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын ұсынған. Ертедегі ұлы ойшылдар Я. Коменский, Ж. Руссо, Дж. Локк, И. Пестолоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В. А. Сухомлинский, С. П. Шацкий және Н. К. Крупская өз пікірін білдірген.
К.Ушинский : Сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу үрдісін жеңілдетеді. Ойынды балалардың өз бетімен ерікті атқаратын іс-әрекеті, ойын арқылы адамның жан дүниесінің барлық қырлары, жүректілігі, ерік-жігері қалыптасады,- деген ой айтады.
А. Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас қате. Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді.
Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз - ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз, балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай - ақ заман ағымына да белсене қатысады.
Балабақшаларда оқыту - тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.
Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа, байсалдыққа, тапқырлыққа үйрететін де ойын. Бала үшін ойын өзін - өзі жетілдіру мен өзін - өзі көрсетудің құралы. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс - әрекетін ойын түрінде күрделендіре түсу керек.
Ойын баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, оның қиялын дамытады. Бала жалғыз ойнағанды ұнатпайды, ол қатар құрбыларымен бірлесіп ойнай отырып бір - бірімен қарым қатынас жасайды.
Оқу ісі - әрекетінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
:: Ұлттық ойындар;
:: Сюжетті рольді ойындар;
:: Дидактикалық ойындар;
:: Шығармашылық ойындар;
:: Қимылды ойындар.
Тәрбиеші ойынға тек қана баланы қызықтырып қоймай, бес саланы білім берудің негізгі құндылығы деп түсінсе ғана өз мақсатына жете алады.
Ойын түрлерінің тәрбиелік мәні зор, ол әрбір адам денесінің дамып-жетілуіне пайдасы мол. Ойын үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық процестері, сезімдері мен эмоциялары, ерік - жігер қасиеттері шыңдалады, мінез - құлық айқындала түседі. Бала өзіне жаңалық болып сезілген әрқилы нәрселерге еліктегіш келеді. Бала осы қасиетімен өз қабілетімен ерекшеліктерін аңғартады. Баланың жағымсыз мінезінің байқалатыны да осы тұста. Тәрбиеші ойын барысында тілдің дыбыстық мәдениетінің барлық жақтарын жетілдіруге, сұраққа толық жауап беруге, баланы үйретіп отыруы керек.
Үлкендер өзіне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектеп жасындағы балалар сабақ үстінде, ал мектеп жасына дейінгі балалар өз психологиясын ойын үстінде байқатады. Балалар ойын арқылы күрделі әрекеттерді, білімді үйренеді және үлкендер де үйретуге тиісті. Ойынның өз мақсаты, жоспары болады. Ойын мен еңбектің бір - біріне ұқсас сипаттары көп, кейбір педагогтар, ғалымдар Жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, ал жаман ойын - жаман жұмыс сияқты деген. Баланың қуанышы мен реніші ойын арқылы байқалады
Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшеліктері: бала ойланады, эмоциялық әрекетке ұшырайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өздігіндей қуаныш, реніш сезімге бөленеді. Ойын арқылы балалардың сөйлемдерді айту, сөйлем құрай білу, сурет бойынша әңгіме құрап айта білу, сондай - ақ әр баланы сөйлете отырып өз ортамен қарым - қатынасқа түсіп ашылуына себеп болады.
Ойындарда күтілетін нәтижелер:
1. Ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды, тілді ұштастырады, сөздік қорды молайтады, өзін қоршаған ортаны танып, мейрімділік сезімге тәрбиелейді.
2. Еркін мінез - қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
3. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
4. Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
5. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
6. Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Ойын баланы жан - жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танып түсінуге де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып бір - бірімен жақсы қатынаста болады. Ойын үстінде де бала өз денсаулығын қимыл арқылы нығайтады. Ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға яғни ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмір қажеттіліктерінен туады. Психологиялық жақтан денсаулықты нығайтуға негізделген.
Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді. Сонымен балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды.
Ойын жағдайлары мен ондағы іс-әрекеттер мектепке дейінгі шақтағы баланың ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді. Ойында бала заттың баламасымен іс-әрекет жасауға үйренеді. Ол балама затқа ойынға сәйкес ат қояды және осы қойылған атқа іс-әрекет етеді. Балама зат ойлау тірегі болады. Балама затпен іс-әрекет ету негізінде бала сол зат жөнінде ойлауды үйренеді. Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар туралы және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді. Сонымен, ойын едәуір дәрежеде баланың ұғым тұрғысынан ойлауға көшуіне көмектеседі.
Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына масыл болады. Құрдастарымен түсінісу қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.
Демек, баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала ересек адамдардың мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінез-құлқының үлгісі болады, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға қажетті қасиет болып саналатын араласа білудің негізі дағдыларына ие болады.ойын баланы еліктіре және оның өзіне алған роліндегі ережелерді орындауға мтермелей отырып, сезімнің және мінез-құлықтың ерікті жігерді реттеудің дамуына себепші болады.

жүзеге асырудағы маңызы. Дидактикалық ойындар арқылы оқу іс - әрекеті барысында балаларды қызықтыру мақсатында қолданылады және мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу іс - әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу іс - әрекеті барысында ойын түрлері жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылады.
Дидактика - білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы. Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты оқыту-үйрету тәжірибесінің негізінде пайда болды. Дидактика терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің Ұлы дидактика (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII - XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды. Дидактикалық ойын дегеніміз - оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл - ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту - мектеп жасына дейінгі кезеңнің негізгі ерекшелігі. Балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет.
Дидактикалық ойындардың мақсаты:
1. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру;
2. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;
3. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды тиянақтау және бекіту;
4. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қайталау және пысықтау;
5. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды тексеру.
Дидактиклық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Мұдай ойында балалар зат және оның ерекшелігі жеке қасиеттері туралы айта білуге үйренеді, жүйелі сөйлеу қабілеті дамиды.дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Ойындарда балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады. Олар балалардың түсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, кез-келген уақытта сабақта және сабақтан тыс уақытта да өткізіледі. Дидактикалық ойындардың бірнеше түрлері бар. Олар: дидактикалық қимылды; заттар мен ойыншықтармен ойналатын ойындар; сөздік дидактикалық; үстел үсті баспа; музыкалық ойындар. Бұл ойындар тіл дамыту сабағында баланың сөздік қорын молайтып, ой-өрісін дамытып, айтылған ойды түсіне біліп әрекет етуіне ықпал ете алады. Әсіресе, сөздік дидактикалық ойындардың маңызы ерекше. Өйткені, бұл ойын арқылы балаға сөздің қыр-сырын жекеше, көпше, сөз мағынасын, сөз тіркестерін, сөзді байланыстыруын жете түсіндіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоғарыда аталған дидактикалық ойындардың барлығын ойнатудағы мақсат- балаға тілді меңгерту, түсіндіру, еркін тілдік қарым-қатынаста бола білуі үшін таптырмайтын құрал болмақ.
Дидактикалық ойын арқылы баланың сөздік қорын дамыту.
Балабақшадағы тәрбиелеу - оқыту жұмысында балалардың тілін, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі. Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамытуға, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретіледі. Балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыруға баса назар аударылады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуге басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Баламен ойналатын ойындардың барлығы да баланың ой санасының толығып, сөздік қорының молаюына көмектеседі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрсенің қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың ерекше бір қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақта мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану балаларды заттарды бір-бірімен салыстырып, оларды қасиетіне қарай ажыратып, танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшклігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды үш түрлі етіп өткізуге болады: заттармен, үстел үсті және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz