Әлібекмола кенорын туралы жалпы мәліметтер



Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
1 Геологиялық бөлім

1.1 Әлібекмола кенорын туралы жалпы мәліметтер

Әлібекмола мұнай-газ кенорны әкімшілік қатынаста халықаралық разграфканың М-40-ХХХІV бетінің шектерінде Қазақстан Республикасы Ақтөбе ауданының Мұғалжар ауданының территориясында орналасқан. Геоморфологиялық қатынаста аудан Урал үстіртінің оңтүстік бөлігінде Урал-Эмба өзен-аралығының бөлшектенген жазығына ұштастырылған және құрғақ өзектермен және жыралармен әлсізадырлы бөлінген жазықтықты сипаттайды. Ауданның солтүстік-батыс бөлігіне Құмжарған құмдары жалғасады. Ең үлкен абсолюттік биіктік +281 ауданның орталық бөлігіне ұштастырылған, минимал белгі +160 Эмба өзенінің алқабында бақыланады. Жобаланған мұнайды дайындау бөлігі алаңы жайпақ-толқынды жазықта орналасқан. Жер бетінің абсолюттік белгілері 264,0-ден 267,0 м-ге дейін ауытқиды. Жердің жалпы еңісі солтүстік-батысқа қарай. Жобаланған мұнай құбыры трассасы төменгі жерлерде ұсақ құрғақ өзектермен және жыралармен қиылысып, әлсіз адырлы жайпақ-толқынды жазық бойымен өтеді. Төмендегі 1.1-суретте кен орынның жалпы шолу картасы көрсетілген.
Жазық бөлігінде диаметрі 20-50 м дейін табақ тәрізді төмендеулер байқалады, оларда еріген және жаңбыр сулары жиналады. Трассаның жалпы еңісі оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай. Жер бетінің абсолюттік белгілері теңіз деңгейінен 182,87-ден 266,67 м-ге дейін ауытқиды.
Гидрографиялық жүйе ауданның солтүстік бөлігін ендік бағытта қиып өтетін Эмба өзенімен сипатталады. Көктемгі су тасуы кезінде өзен жайылмасы айтарлықтай кеңістікте еріген сулармен толады, бұл мамыр айының соңына дейін сақталады. Эмба өзенінің суы минералданған және техникалық мақсаттарда ғана қолдануға жарамды. Аудан шұғыл-континенталды климатпен сипатталады: ыстық құрғақ жаз, суық қатты қыс, үлкен тәуліктік және мезгілдік ауа температурасының ауытқулары жазда +35° +40°С-тан қыста -33° -45°С-қа дейін. Ең суық бес күндіктің есептік температурасы -29°С құрайды, жылыту мезгілінің орташа температурасы -6,9°С, ұзақтылығы 197 тәулік. Ылғалдың негізгі мөлшері қыста түседі. Олардың ортажылдық мөлшері 200 мм-ден асуы сирек емес. Қар жамылғысы әдетте қарашаның ортасында түсіп және наурыздың соңына дейін сақталады.
Топырақтың қату тереңдігі 1,6-1,8 м-ге жетеді. Шығыс және солтүстік-шығыс бағыттағы күшті желдер жазда жиі құмды борандарды, ал қыста жиі құммен аралас қарлы борандарды туғызады. Желдің орташа жылдамдығы 5-10 мсек құрайды.
Ең жақын елді мекендер кен орнынан батысқа қарай 5 км жерде орналасқан Жағабұлақ селосы және Жаңажол және кенорнынан батысқа қарай 45-50 км қашықтықта тұрған Шұбаршы поселкесі болып табылады.

0.1 - сурет. Әлібекмола кенорнының жалпы шолу картасы
Масштаб 1:1000000
Ең жақын темір жол станциясы және аудан орталығы кенорнына солтүстік-шығысқа қарай 50-55км жерде орналасқан Эмба станциясы болып табылады. Облыс орталығы Ақтөбе қаласына дейінгі қашықтық - 250 км. Әлібекмола кенорнының жанында Ақтөбе-мұнайгаз ААҚ-мен өнідірілетін Жаңажол және Кеңқияқ кенорындары орналасқан.
Бұл кенорындарының мұнайлары мұнай құбырлары бойынша Орск қаласына (Ресей Федерациясы, Орынбор обл.) магистралдың өнім өткізгішке беріледі. Жаңажол және Кеңқияқ кен орындары облыс орталығымен тас жолмен байланысқан. Әлібекмола кенорнында 4240 м тереңдікте палеозой, мезазой және кайнозой шөгінділері қазылған. Тұнбалы қабық шөгінділері үш түрлі жыныс кешендерімен: тұзасты, тұзды және тұзүсті көрсетілген.
Әлібекмола кен орнының өнеркәсіптік мұнай-газдылығы қиманың тұзасты бөлігімен байланысты. Бұнда екі азықтық топтамалар бөлінеді: төменгі карбонатты топтама KҚ-ІІ және жоғарғы карбонатты топтама КҚ-І, олардың арасындағы сазды бөліктің (флюдоцпор) қалыңдығы 500-ден 670-м-ге дейін болады. КҚ-І азықтық қалыңдығында газ конденсатты шоғырды сипаттайтын бір нысан бөлінген. Бұл шоғыр Әлібекмола құрылымының оңтүстік бөлігінде дамыған, шомбал-қойнау қатты, жинақты, мұнайлы, газды тақиясымен коллекторларды өткізбейтін жыныстармен бөліктік қалқалауымен және су мұнайгазды белдемнің болуымен сипатталады. Тиімді газ қаныққан бөліктің қалыңдығының орта өлшеулі мәні 0-ден 36,8 м-ге дейін өзгеріп, 14 м құрайды. Мұнай қаныққан - 42,2м орта өлшеулі мәні 20 м. Азықтық қойнауқат бос газының баланстық қоры -1476,8 млн.м3 мұнайдікі - 19723,6мың тонна, бұл кенорны-мұнайының барлық қорының 6,2%-н құрайды.
Кенорнының геологиялық қорының 93.8%-ы мұнай шоғырының КҚ-ІІ карбонатты қалыңдығында жинақталған. КҚ-ІІ карбонатты қалыңдығы екі нысанға бөлінген: I қойнауқат, жалпы қалыңдығы 149-186 м, және II қойнауқат, қалыңдығы 299-362 м. Бұл қойнауқаттар қуаты 23-51 м аудан бойынша төзімді, өткізбейтін жыныстардың топтамасымен бөлінген. Шоғырлар қойнауқатты, жинақты, мұнайлы, бір ғана су мұнайлы байланысымен 3300 м белгісінде бар. Мұнайдың негізгі шоғырында II карбонатты қалыңдықта эпизодтық түрде мұнайдың литологиялық қауқаланған шоғырлары пайда болады.
Әлібекмола кен орны 152990,6мың тонна құрайтын айтарлықтай мұнай қорымен сипатталады, бұл кезде мұнайдың біраз бөлігі КҚ-ІІ-І қойнауқаттарында және КҚ-ІІ-ІІ қойнауқатының оңтүстік күмбезінде жинақталған, олардың мөлшері сәйкесінше 64022,0 және 63036,0 мың тонна құрайды. Әлібекмола кен орнының тексермелі пайдалану кезеңінде 8 өндіруші ұңғыма салынуы қарастырылады. Бұл ұңғымалардың өнімі АГЗУ-ға өлшеу үшін келіп түседі, бұдан кейін мұнай газ қоспасы мұнайды тауарлы кемелге дейін дайындау үшін Жаңажол газ өңдеу зауытына жіберіледі. Бұл кезеңде мұнай өндіру көлемі 222,9 мың тжыл құрайды. Алайда Жаңажол газ өңдеу зауытының шектеулі өндірістік қуаты салдарынан, Казақойл-Ақтөбе ЖШС мұнай дайындауды өздігінен жүргізуге және тауарлы мұнайды КазТрансОйл ЖАҚ Ақтөбе филиалына тапсыруға шешім қабылдады.
Әлібекмола кен орнында қабатқа айдалатын агент ретінде өндірілетін табиғи газ немесе қабат суы қолданылады. Кен орында ұңғымалардың барлығы тік. Көлденең ұңғымаларды қолдану ұңғыма дебитін арттырғанымен, көрсетілген зерттеулер көрсеткендей, қабаттан сұйық ағынының төмендеуіне әкеледі.

1.2 Литологиялық-стратиграфиялық сипаттамасы

Жоспарланып жұмыс жасалынып жатқан жерде ең ескі ашылған шөгінді болып төменгі девон шөгіндісі табылады. (скв 15, Д-5).
Төменде орналасқан шөгінділер Бузулук ойпаты, Шығыс - Орынбор және Соль - Илецк тұз күмбездері аудандарына байланысты бөлінеді.
Кристалды іргетас.
Шығыс - Орынбор тұз күбезі маңайларында іргетас 4.1 км тереңдігінде ашылған. (Землянская ауданы) Соль - Илецк тұз күбезінде (Росточинская), Бузулук ойпатында (Зайкинская), 4,5 - 4,7 км тереңдікте ал Булатов дөңесінде 5260 м. тереңдікте (П - 9 Чинаревская ұңғысы) ашылған.
Сейсмобарлау нәтижесіне қарай отырып, жоспарланған жұмыс орындарында іргетас жату жадайы (горизонт ф) шамамен 7 - 9 км құрайды.
Жоғары протерозой тобы - PR
Жергілікті таралу осы ауданды екі үлкен комплекс рифей және венд комплекстерінен тұрады. Рифей комплексі Волга - Урал антиклизасында архей протерезой магмамоторфтық жынысты іргетастан тұратын массивтерін бөліп жатқан опырықтарда (грабен) дамыған.
Рифей шөгінділері 300 - 400 м тереңдікте Үлкен - Өзен, Рожков, Землянская аудандарында ашылған. Комплекстің қалыңдығы қолда бар сейсмобарлау деректеріне сүйенсек 1000 м шамасында.
Венд терригенді комплексі бұрғылау арқылы Шығыс - Орынбор тұз күмбезі маңында ашылған. Комплекстің қалыңдығы 600 - 800 м құрайды. Шөгінділер іргетас трансагрессивті жатқан немесе рифей шөгіндісі сұры түсті құмтастармен және аргилиттермен қосылған карбонатты жыныстар қабықшаларынан тұрады.
Әлібекмола ауданында, сейсмобарлау нәтижесіне байланысты фундаментпен және қарастырылған Пэ горизонтының арасы 2 км-ге жетеді. Бұл жоспарланған қимада тек девон ғана емес және де көптеген ескі, соның ішінде рифей - вендтік шөгінділердің бар екендігін дәлелдеуге болатын шешімдер шығаруға негіз бола алады.
Палезой тобы - PZ
Ордовик шөгіндісі Шығыс - Орынбор тұз күмбезінің шығысында және оңтүстігінде, Соль-Илецк тұз күмбезі маңында және оларды бөліп тұрған ойпатта анықталған. Табылған шөгіндінің максималды қалыңдығы ұңғы 1 арқылы ашылған.
Қызыл Яр Соль - Илецк тұз күбізінің көлденең тұсында ордовик шөгінділерінің ұңғымалары 2020 м-ден асып және толық қуатымен оларды әлі ашып үлгерген жоқ. Шығыс - Орынбор тұз күмбезінің оңтүстігінде және шығысында да силур шөгіндісі ашылған, оны максималды қалыңдығы 40 м-ді құрайды.
Төменгі палезой шөгіндісі тығыз құмтастардан және сұр түсті аргилиттерден құралған.
Әлібекмола ауданының қимасында шамамен 1000 м қалыңдығындағы төменгі палеозой шөгінділерінің бар екендігін мөлшерлеуге болады.
Әлібекмола кен орнында терең бұрғылау кезінде тұз асты, тұзды, тұз үсті кешендерінің шөгінділері ашылған.
Девон жүйесі D.
Девон шөгінділері орта және жоғарғы бөлімдерімен берілген. Орта бөлімі: Ортадевон шөгінділері эйфель және живет ярустары көлемінде бірлік ұңғыларымен (15, Д5) ашылған. Эйфел ярусы төменгі жағында аргеллит қара, жоғары қарай ізбестас және тығыс, микро жіңішке қабатшалы аргелликтер. Ярустың ашылған қалыңдығы 59 метр. Живет ярусы - қалыңдығы 64 метр. Жоғарғы бөлім: Жоғары девон шөгінділері тек фамен ярусымен берілген.
Төменгі жүйесі D1
Жоспардың уақытын құрастыру үшін тек бір ғана іздеу ұңғымасы Д -5 -пен ерте девон жасындағы шөгінділерді ашқан.
6245 - 6248 м интервалынан алынған керн - аргилиттен және қара - сұры бурыл түстен құралған.
Төменгі девон шөгіндісі шамамен 30 м қашықтықты құрайды.
Орта девон D2
Живет ярусы шөгінділері қара - сұры тіпті қара әктастардан жиі органогенді аргилиттерден құралған. Сонымен қатар қиманың жоғары жағында 3 мм жететін ашық - сұры ұсақ кристалды әктастар қабықша ретінде орналасқан.
Жоғарғы девон D3
Төменгі - орта фаменді бөлшектенбеген шөгінділер стратиграфиялық үзілістермен орта девон шөгінділерін жауып жатыр. Нақты толық қима 15 -ұңғымасында зерттелген. Бұнда сұры және қара - сұры органогенді түйіршікті әктастар және қара түсті ұсақ кристалды доломиттер қабықша ретінде кездеседі.
Әктастарда көп мүшелі бір камералы фораминиферлер, криойд мүшелерінің кесектері кездеседі. Ерте - орта фамен ярусы бір камералық форминифер комплексі бойынша тұрақталады.
Максимал қалыңдығы 368 м (ұңғыма 15).
Жоғары фоменді шөгінділер келісім бойынша төменгі - орта фамен шөгінділерін жауып жатыр. Олар орталық батыс және шығыс бөліктерінен -кристалды әктастар бар жерлерінен ашылған. Тек кен орнының оңтүстік бөлігінде әктастар қосымша мәнде есептелінеді.
Таскөмір жүйесі C.
Төменгі бөлімі жоғары фамен шөгінділерінде турней ярусымен берілге. Қалыңдығы 80 метр. Орта бөлімі қызыл аудан горизонтымен берілген, қалыңдығы 9 дан 55 метрге дейін.
Пермь жүйесі - Р
Пермь жүйесі ұңғылармен ашылған, қиманың негізгі бөлігін алып жатыр. Төменгі бөлімі: Ассель ярусы (известняк, доломит), қалыңдығы 290-390 метр. Сакмар ярусы 5-25 метр, Артин ярусы 15-280 метрге дейін, Кунгур ярусы: төменгісі ангидритті 4-20 метрден 300-ге дейін. Жоғарғысы тұзды - қалыңдығы 3178 метрге дейін. Жоғарғы бөлімі: Уфим ярусының шөгінділері (84-1252-1630 метр), Қазан ярусы: төменгі литологиялық қалыңдығы 138-299 метр, жоғарғысы 192-1118 метр, Татар ярусы 700-1925 метр. Пермь жасының шөгінділері кен орны аумағының стратиграфиялық үзілісті таскөмірде орналасқан. Пермь жүйесі төменгі карбонат, орта тұзды және жоғары терригенді қалыңдықтардан құралған.
Төменгі бөлімі - Р1
Бұл бөлімнің құрамында ассель, сакмар, артин және кунгур ярустарын ашып зерттейміз.
Ассель ярусы - үш түрлі қима негізінде құралған.
Бірінші - биогермді әктас. Екіншісі - дөңес биоморфты - детритті әктастар. Үшіншісі - терең сулы, қара битуминозды жыныстар. Ассельде шөгінділердің максималды қалыңдығы 557 м - ге дейін жетеді, дөңес түрі 42м-ден 216м-ге дейін барады. Терең сулы ассельді артин шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 20 м-ден 40м-ге дейін болатындары ярустарға бөлінбейді.
Сакмар ярусы - рифті фацияларында сұры әктастардан, дөңес түрлерінде органогенді детритті және пемитаморфты әктастардан тұрады. Бірінші түрінің қалыңдығы 23м-ден 30 м-ге дейін, ал екіншісінікі 15 м-ден 56 м-ге дейін ұзарады.
Артин ярусы - рифті және дөңес қималар негізінде екі подярусқа бөлінеді: төменгі және жоғарғы артиндік болып. Біріншісі екі түрлі рифтің қимасынан (биоморфно - детриттік әктастар) және дөңес түріндегі (екінші доломиттер). Бұлардың қалыңдығы 90 м-ге дейін жетеді. Екіншісі литологиясы жағынан бірінші подярусқа ұқсас. Артин шөгінділерінің биогенді түрінің қалыңдығы 143 м-ден 303 м-ге дейін, ал дөңес түрінде 5 м-ден 217 м-ге дейін өзгереді.
Конгур ярусы - толық қималарының төменгі қабаттарында карбонат сульфатты сұры, көкшіл сұры ангидриттер доломит қабықшаларымен, жоғарғы жағында тұзды тас тұздарымен және тұзды терригенді жыныстармен құрастырылған. Алғашқысының қалыңдығы 1 м-ден 300 м шамасында, ал тұзды шөгінділер 172 метрден 3028 м-ге дейін ұзарады.
Жоғарғы бөлім - Р2
Бөлімнің шөгінділері уфимдік, қазандық және татар ярустары белгілі шарттармен анықталған. Олар қызғылт, қоңыр сұры саздармен және тұз, гипс, ангидрит ұяшықтарымен көмкерілген. Уфим ярусының қалыңдығы 84 м-ден 1630 м-ге дейінгі қашықтықта. Қазан ярусы - 138 м-ден 180 м-ге дейін, ал татар ярусы 700 м-ден 1925 м-ге дейін ұзарады.
Мезозой тобы - MZ
Триас жүйесі - Т
Триас жүйесінің шөгінділері жыныстың терригенді қалыңдығымен, ұсақ бөлшектерге бөлінбейтін қасиетіне ие. Бұлар қызыл - қоңыр түсті саздар, құмдар және алевролиттер.
Триас шөгінділерінің қалыңдығы 1068 - 2040 метр, Әлібекмола күмбезінде 60 - 578 метрге дейін азаяды.
Юра жүйесі J.
Юра жүйесінің шөгінділері: орта бөлімі (песчанник, құм, саз, құмтас) - 121 - 392 метр; жоғарғы бөлімі: Волж ярусы (сазды мергель, фосфорит), шөгінділер қалыңдығы 53 - 132 метр.
Бор жүйесі K.
Мел жүйесінің шөгінділері: төменгі бөлім - валонянин, готерев, баррем және апт ярустарымен берілген. Волонянин - готорев ярусының қалыңдығы 13 - 44 метр (саз, мергель және фосфорит). Баррем ярусы (қара саз, мергель, сидерит) - 24 - 80 метр. Апт ярусы (қара саз, сидерит, мергель, фосфориттары бар құм тастар), қалыңдығы 76 метр.
Неоген жүйесі N.
Неоген жүйесі жоғары бөліммен (плиоцен) берілген, оның шөгінділерінің қалыңдығы 20-125 метр (сұр саз, құм, құм тастар, алевролит).
Төрттік жүйесі.
Төрттік жүйесінің шөгінділері (суглинка, супесь, құм, галечник, саз), қалыңдығы 8-20 метр.

1.3 Тектоника

Әлібекмола кен орны регионалды тектоникалық сызбада Каспий ойпатының шығыс зонасында орналасқан. Басты геоқұрылымдық элемент болып Ақтөбе-Астрахань жүйесіне кіретін Жарнамыс - Темір төбесі болып тұрды. Кен орнының докунгур уақытында геологияның даму ерекшелігінің сипаттамасы болып Урал геосинклиналь облысының, содан кейін жоғары палезой Урал қатпарлы жүйенің түзілуінің ұзақ уақытқа созылуы болып табылады. Регионның қалдықты жабуы екі құрылымдық қатардан тұрады: тұзүсті және тұзасты. Әлібекмола кен орынының тұзүсті түсінігі Жаңажол тектоникалық сатысында орналасқан. Мұнда брахиантиклиналдық типтің көтерілуімен карбонатты массивтер қатты дамыған.
Осы жұмыс өнімді қабаттың жыныс-коллекторларының параметрлерінің орташа шамалары біріншіден, 1994 жылы орындалған мұнай мен газдың қорларының және басқа компоненттердің есептеулері деректері негізінде, екіншіден, №51,№52 ұңғылар бойынша коллектордың қасиеттерін анықтау нәтижелерін есептей отырып алынды. Көрсетілген ұңғымаларды бұрғылау процесінде кеуектілікке 454, өткізгіштікке 445 үлгісі талқыланған керннің жоғары алынуы қамтамасыз етілді. Оның ішінде 144 және 139 үлгісі коллекторлық қасиеттердің кондициялық мағынасымен.
Жоғарыда аталған мұнай мен газдың қорларының және басқа компоненттердің есептеулері кезінде өнімді қабаттардың тас материалдармен сипатталуы төмен мөлшерде болып отыр. КҚ-І қабатының кернмен айқындалуы 1,9%, КҚ-ІІ-1 қабатының - 5,5% және КҚ-ІІ-2 қабатының - 6,5%.
№51,№52 ұңғылар бойынша мол керннің талдану нәтижелері өнімді қабаттардың литолого-петрографиялық сипаттамасы туралы қосымша ақпарат алуға, кеуектілік пен өткізгіштіктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коллекторлардың қалыңдықтарының сипаттамасы
Мұнай мен газды өндіру
Бақтықарын тұзүсті құрылымы
Ақтөбе – Астрахан күмбезі
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларына жалпы шолу
Жұмыстар нәтижесі авторы
Алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайту
Кен орны бойынша жалпы мәліметтер
Кеніш ауданның оңтүстік аумағының мұнайғақанығу қалыңдығы
Ұңғы бұрғылау
Пәндер