Мұнайгаз кен орындарын игеру гидросфера


5 Қоршаған ортаны қорғау

Әлібекмола кен орнының аймағының қоршаған ортасын қорғау «Әлібекмола кен орнын игерудің технологиялық сұлбасының» құрамдас бөлігі болып келесілерге зиянды заттардың әсер етуін төмендету болып табылады:

  • жануарлар мен өсімдік әлемі мен топырақ жағдайның қазіргі күйі;
  • ауаның қазіргі күйі;
  • берілген геологиялық ортасында ақаба суы мен өзен, көлдердің қазіргі

жағдайы.

Мұнайгаз кен орындарын игеру гидросфера, атмосфера және литосфераның айтарлықтай ластануына алып келеді. Құрамында әртүрлі химиялық заттары бар сұйық және қатты қалдықтар жер үсті суларын, жерді, топырақты ластап, олардың санитарлы- гигиеналық жағдайы мен биологиялық өнімділігін төмендетеді. Мұнайгаз өнеркәсібінің барлық технологиялық процестерді белгілі бір жағдайларда қоршаған ортаға экологиялық зиян келтіреді. Мұнай, мұнай көмірсутектері, мұнай және бұрғылау шламдары, ағын сулар іртүрлі химиялық қоспалардан тұрады. Олар ауа, су, топырақ, өсімдік, жануарәлемі және адамға зиянды әсер етуге қабілетті. Мұнайды өндіру кезінде алынған қабат сулары жоғары минералды болып табылады. Ол тұрмыстық пайдалануға жарамсыз. Оны жер бетін төкпей қайтадан қабатқа айдап жіберу керек. Бірақ көптеген жағдайларда ағын суларды қабатқа айдау кезінде, олар ұңғы жабдықтарын коррозияға ұшыратып, олардың герметикалығын бұзады. Осының кесірінен ағын сулар жер бетіне жақын орналасқан қабаттарға өтіп, тұрмыстық қолданыстағы тұщы суларды ластайды. Жердің құнарлы бөлігін тұздандырып, өсімдіктердің жойылуына алып келеді. Сонымен бірге негізгі қоршаған ортаны ластаушыларға мұнайгазды өндіру, тасымалдау, дайындау, өңдеу кезінде бөлінетін күкіртті ангидрит, азот қосылыстары, күкірт сутегі, көмірсутегі қос тотығы газдары жатады.

Қоршаған ортаны қорғаудағы анықтайтын негізгі нормативтік және құқықтық құжаттар

Қоршаған ортаны және жер қойнауыш қорғау бойынша шаралар бұрғылау, сынау және мұнай қабаттарын игеру кезінде жүргізілетін арнайы жұмыстар есебімен көзделген жобада қабылданған технологиялық жұмыстар конструктивті-техникалық мәселелер қоршаған ортаны қорғау бойынша болашақта қажетті қымбат шараны жүргізуден мүмкіндігінше арылу үшін жеткілікті көлемде табиғатты қорғау талаптарын есепке алады. Бұрғылау және кен орнын пайдалану процесінде қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау ауданында заңды және нормативті құжаттардың талаптарын қатаң сақтау қажет. Жобалау, бұрғылау, жабдықтау және пайдалану сатысында барлық кәсіпорындар қызметтері геологияалық, су және ауа ортасына кері әсердің максималды төмендеуі есебімен жүргізілуі керек. Мұнай кен орнын пайдалану игеру жобасымен қатаң сәйкестікте жүргізілу қажет.

Мұнай саласында қоршаған ортаны қорғау « ҚР-ның Экологиялық кодексі» арқылы жүргізіледі. Төмендегі әр салалар кодекстегі баптармен көрсетіліп, қорғау шаралары мен экологиялық талаптарға негізделеді.

  1. Атмосфералық ауаны қорғау

Әлібекмола кен орнында қолданылатын технологиялық құрал жабдықтар: ысыту пештері, резервуарлар, аппараттар, газды турбиналық двигательдер және факельдік жүйелер ауа бассейінін ластаушылардың негізгі көздеріне жатады. Олар атмосфераға көбіне көмірсутегі газдарын, азот оксидін, күкірт газдары қоспаларын шығарады. Атмосфераны зиянды заттардан қорғау үшін мынадай жағдайлар қарастырылуы керек:

  • пештердің, жылу жүйелерінің, газотурбиналық двигатель

жұмыстарының оптималды жинау режимін бақылау;

  • магистральды құбыр өткізгіштерде конденсат жинағыш орнату және

атмосфераны газ, конденсат, мұнай өнімдерінің булануы арұылы ластанудан сақтау

  • істен шыққан мұнай құбырларын, желілерді, коллекторларды дер

кезінде жөндеуден өткізу;

  • факельдардан бөлінетін зиянды заттарды 15%-ке дейін азайтатын

арнайы қондырғыларды орнату;

  • өндіру, дайындау, тасымалдау техникаларын қоршаған ортаны қорғау

шарттарына сәйкес жетілдіріп отыру.

Мұнай кен орны, пештер және т. б. ластанудың 4-ші категориясына жатады. Мұнай дайындау және жинау пункттері 2-ші немесе 3-ші категориясына жатады. Атмосфераның ластану көздеріне мыналар жатады: пайдалану ұңғылары, өлшеу қондырғылары, мұнай резеруарлары, сепараторлар, пештердің түтін шығаратын трубалары, сораптар. Негізгі тікелей ластануға қатысы барлар мыналар: газды жағу факелдері, пештерден шығатын трубалар, резервуарлардың қысымды және вакуумды шығаратын клапандары, булану.

“Gidromet LTD” зерттеу өндiрiстiк орталығы далалық жұмыстардың су, топырақ үлгiлерiн iрiктеу және атмосфералық ауадағы ластайтын заттардың концентрациясын өлшеу, олардың талдаулары мен камералдық өңдеулерiн талдау нәтежелерiн орындайды. Аналитикалық зертхана тәуелсiз сыннан өткен зертхана болып табылады және ол қоршаған ортадағы келесi нысандардың экологиялық мониторингiсiн жүргiзедi: елдi мекендердегi атмосфералық ауа, жұмысшы аймағы, бұралқы және жер асты сулары, топырағы. Зертхананың жұмысы қоршаған орта аймағында мөлшерлiк басқару құжаттары арқылы, санитарлық-гигиеналық мөлшерлермен, талаптармен, шектi жiберу концетрациясының тiзiмiмен (ПДК), жорамалдық-қауiпсiздiк әсер ету деңгейi (ОБУВ), шектi жiберу лықсымаларымен (ПДС) және Қазақстан Респуликасының аумағына әсер ететiн шектi жiберу зиянды заттардың тастамаларымен реттеледi. Зертхана қазiргi заманғы техникалармен жабдықталған.

Атмосфералық ауаның мониторингiсi

Жұмыс түрi мен көлемi

Тұрғын үй секторындағы ластайтын заттардың концентрациясын күнделiктi аспаптармен өлшеу.

ССЗ шекарасындағы 7 қоспа бойынша атмосфераның жергiлiкiті қабатының жағдайын бақылау:

  • шектi көмiрсутектер (С1 - С10) ;
  • көмiртегi қышқылы;
  • азот диоксидi;
  • күкiрт диоксидi;
  • күкiртсутегi;
  • меркаптандар;
  • күйелер.

Жұмыстың мақсаты - атмосферадағы жағымсыз жағдайларды, ластаушы заттардың эмиссиясы, олардың таралуы жайлы ауа ортасының сапасына әсер ететiн ластауышы нысандардың бағалануы жайлы ақпараттар алу болып табылады.

Бақылаулар МЕСТ 17. 2. 3. 01 - 86 “Табиғатты қорғау”. Атмосфера. Тұрғылықты жерлердiң ауасының сапасын бақылау ережелерi және МЕСТ 12. 1. 005 - 88. “Еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының жүйесi”. Жұмысшы аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар бiрге жүргiзiледi.

Ауадан сынама алумен бiрге метеорологиялық параметрлер анықталады:

  • желдiң бағытталуы;
  • желдiң жылдамдығы;
  • ауаның температурасы;
  • қысым;
  • ылғалдылық.

Атмосфералық ауа мониторингiсiнiң талдануы

Әлiбекмола кен орнының атмосфералық ауасының өндiрiстiк мониторингiсiнiң бағдарламасы 6 қоспа бойынша ластанушы заттарды анықтау келесi нысандарда қарастырылады: № 51, 28, 53, 55, 56 ұңғыларында, АТӨҚ; Сан Дрилинг вахталық елдi мекенi.

Әр нысанда атмосфералық ауаның сынамасын 4 айда бiр рет, күнiне екi рет алып отырады. Ауаның сынамасын алу; № 51, 28, 53, 55, 56 ұңғыларында және АТӨҚ бiр нүктедегi желдетiлген жағынан 0 км қашықтықта; жел жағынан 3 нүктедегi 1; 5 және 10 км қашықтықта басқа нысандарда 1-2 нүктелерде .

ЖШС “Қазақойл - Ақтөбе” нысандарындағы атмосфералық ауада алынған сынаманың талдау қортындысы көрсеткендей, қоспалардың құрамы(ПДК) нормаларынан аспайды. Басқа бөлек қоспалардан сынама алудың уақыты және желдiң бағытына байланысты көрсеткiштерi өзгередi. Осылай жазғы кезеңде SO2, NO2, CO құрамдарының көрсеткiштерi өзгередi; желдетiлген және жел жағынан алынған сынаманың анализ көрсеткiштерi өзгередi.

5. 2 Су ресурстарын қорғау

Жер беті және жер асты суларын ластанудан және таусылудан қорғау үшін жалпы талаптар:

  • өндіру алаңын су қорғау аймағынан алыс орнату;
  • су көлемінің сақталуын қамтамассыз ететін су жинағыш ретінде

конструкция қолдану;

  • амбарларға арнап шұңқырлар жасау және олардың орнын дайындау

нұсқа мен шектеуші құжатқа сәйкес жүргізілуі тиіс;

  • су жиектерінің қорғалу дәрежесіне тәуелді сумен қамтамассыз етудің

жер асты көздері үшін санитарлы қорғау жолағының шекарасын анықтау;

  • ұңғымадағы жөндеу жұмыстары кезіндегі мұнай өнімдерін жинауды

жабық жер асты канализация ыдысында тазарту жабдығын келесі ретті шығарумен жүргізеді;

  • мұнай мен газды тасымалдау үшін барлық жер асты құбырларын

немесе екі қабатты эпоксидті жабындысы бар зауыт құбырын не күшейтілген битумды-резеңкелі оқшаулағыш орнату;

  • мұнай өндіру мен ұңғыманы бұрғылауда тұщы жер асты суын қорғау

шаралары бойынша ұсыныстарды орындау: ұңғыма сағасына дейін цементті көтеру; тік колонна шегінде ағынды болдырмау мақсатында ұңғыманы сапалы бекітуді тексеру;

  • кондукторды түсіру тереңдігі, оны сапалы цементтеу тұщы су

аймағын толық жабуды және тереңдігі сұйықтың жер беті гидросферасына түсуін болдырмауды қамтамассыз ету керек; бұрғылау шұңқырларының және де канализацияның жергілікті жүйесінің сапалы оқшаулануын қарастыру;

  • айдау ұңғымасы колоннасының тығыз жабылуын тұрақты тексеруді

қамтамассыз ету;

  • бұрандалы жалғаулардың герметизациясы үшін сәйкес жайларды

қолдану;

  • пайдаланатын колоннаның коррозиясын болдырмау үшін СКҚ арқылы

айдауды жүргізу;

  • айдау ұңғымасы сағасында кері клапан орнату; мұнай кәсіптік нысанда

алаңның қоршалуын қарастыру;

  • өзен және саға арқылы өтетін құбырларды екі қабатты ораумен

құбырларды оқшаулауды қарастыру;

  • мүмкін апаттық жағдайда: төгілген ластаушы затпен бірге алаңқайды

қоршау және оған компоненттердің фильтрациясын азайтатын құм-цементті қоспаны шашу;

  • бонды қоршау көмегімен өзендегі мұнайдың ластануын оқшаулау;
  • қоршалған алаңнан сұйықты айдау және су және жер бетінен мұнайды

бөлу, әдістердің бірімен жоюды қарастыру.

Әлібекмола кен орнындағы жерасты суларының мониторингі

Ақпаратты алудағы мақсат- жерүсті суларына ұңғыманы капиталды жөндеу мен бұрғылау жұмыстарының әсерін бағалау, қолайсыз жағдайларымен, мүмкін өзгерістерінің әсері туралы мағлұматтар жинау. Суға сынама жасау мен іріктеу ҚР территориясында жүзеге асатын нормативті- әдістемелік басқаруларымен, МЕСТ бойынша жүргізіледі. Суға сынама жасау жалғыз жақында орналасқан Ембі өзенінде 4 айда бір рет жүргізіледі және 53, 56 ұңғымалардан алынған сынамалар.

5. 1- кесте - Ембі өзеніне жасалған химиялық сынаманың нәтижесі

№:
Көрсеткіштің аталуы, мг/дм3: Көрсеткіштің аталуы, мг/дм 3
Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/дм3: Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/дм 3
ШРК, мг/дм3СанПин№ 4630-88 № 3. 01. 070. 98 РК:

ШРК, мг/дм 3 СанПин

№ 4630-88 № 3. 01. 070. 98 РК

№: Кен орнынан жоғарыда
Көрсеткіштің аталуы, мг/дм3: Кен орнынан төменде
№: 1
Көрсеткіштің аталуы, мг/дм3: рН
Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/дм3: 6. 7
ШРК, мг/дм3СанПин№ 4630-88 № 3. 01. 070. 98 РК: 6. 9
6, 5-8, 5
№: 2
Көрсеткіштің аталуы, мг/дм3: Хлоридтер, Cl -
Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/дм3: 337
ШРК, мг/дм3СанПин№ 4630-88 № 3. 01. 070. 98 РК: 337
350
№: 3
Көрсеткіштің аталуы, мг/дм3: Сульфаттар, SO 4 2-
Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/дм3: 380
ШРК, мг/дм3СанПин№ 4630-88 № 3. 01. 070. 98 РК: 372
500
№: 4
Көрсеткіштің аталуы, мг/дм3: Азот аммонийы, NH 4 +
Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/дм3: 0, 1
ШРК, мг/дм3СанПин№ 4630-88 № 3. 01. 070. 98 РК: 0, 1
2
№: 5
Көрсеткіштің аталуы, мг/дм3: Нитраттар, NO 3 -
Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/дм3: 0, 5
ШРК, мг/дм3СанПин№ 4630-88 № 3. 01. 070. 98 РК: 0, 3
45
№: 6
Көрсеткіштің аталуы, мг/дм3: Нитриттер, NO 2 -
Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/дм3: 0, 330
ШРК, мг/дм3СанПин№ 4630-88 № 3. 01. 070. 98 РК: 0, 262
3, 3
№: 7
Көрсеткіштің аталуы, мг/дм3: Мұнайөнімдері
Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/дм3: 0, 032
ШРК, мг/дм3СанПин№ 4630-88 № 3. 01. 070. 98 РК: 0, 029
0, 3
№: 8
Көрсеткіштің аталуы, мг/дм3: Фенол, C 6 H 5 OH
Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/дм3: Төменгі шектер анықталған
ШРК, мг/дм3СанПин№ 4630-88 № 3. 01. 070. 98 РК: Төменгі шектер анықталған
0, 001

5. 2 - кесте - Әлібекмола кен орнындағы 53, 56 ұңғыларынан жер асты суларынан алынған сынамасының химиялық талдауының қортындысы

№:
Көрсеткіштер аталуы: Көрсеткіштер аталуы
№53 ұңғыма: №53 ұңғыма
№56ұңғыма:

№56

ұңғыма

ШРК, мг/дм3СанПин№4630-88№3. 01. 070. 98 РК:

ШРК, мг/дм3

СанПин

№4630-88

№3. 01. 070. 98 РК

ШРК-ның неше есеге өсуі: ШРК-ның неше есеге өсуі
№: 1
Көрсеткіштер аталуы: рН
№53 ұңғыма: 6. 4
№56ұңғыма: 6. 2
ШРК, мг/дм3СанПин№4630-88№3. 01. 070. 98 РК: 6, 5-8, 5
ШРК-ның неше есеге өсуі:
№: 2
Көрсеткіштер аталуы: Жалпы қаттылық мг-экв/дм3
№53 ұңғыма: 27. 1
№56ұңғыма: 23. 6
ШРК, мг/дм3СанПин№4630-88№3. 01. 070. 98 РК:
ШРК-ның неше есеге өсуі:
№: 3
Көрсеткіштер аталуы: Кальций, Ca2+
№53 ұңғыма: 313
№56ұңғыма: 263
ШРК, мг/дм3СанПин№4630-88№3. 01. 070. 98 РК:
ШРК-ның неше есеге өсуі:
№: 4
Көрсеткіштер аталуы: Магний, Mg2+
№53 ұңғыма: 140
№56ұңғыма: 128
ШРК, мг/дм3СанПин№4630-88№3. 01. 070. 98 РК:
ШРК-ның неше есеге өсуі:
№: 5
Көрсеткіштер аталуы: Сульфаттар, SO42-
№53 ұңғыма: 882
№56ұңғыма: 635
ШРК, мг/дм3СанПин№4630-88№3. 01. 070. 98 РК: 500
ШРК-ның неше есеге өсуі: №53 ұңғы 1, 8 есе, № 56 ұңғы 1, 3 есе

5. 2- кестенің жалғасы

№:
Көрсеткіштер аталуы: Көрсеткіштер аталуы
№53 ұңғыма: №53 ұңғыма
№56ұңғыма:

№56

ұңғыма

ШРК, мг/дм3СанПин№4630-88№3. 01. 070. 98 РК:

ШРК, мг/дм3

СанПин

№4630-88

№3. 01. 070. 98 РК

ШРК-ның неше есеге өсуі: ШРК-ның неше есеге өсуі
№: 7
Көрсеткіштер аталуы: Мыс, Cu 2+
№53 ұңғыма: 0, 1
№56ұңғыма: 0, 1
ШРК, мг/дм3СанПин№4630-88№3. 01. 070. 98 РК:
ШРК-ның неше есеге өсуі:
№: 8
Көрсеткіштер аталуы: Азот аммониі, NH4+
№53 ұңғыма: 0, 3
№56ұңғыма: 0, 4
ШРК, мг/дм3СанПин№4630-88№3. 01. 070. 98 РК: 2, 0
ШРК-ның неше есеге өсуі:
№: 9
Көрсеткіштер аталуы: Нитраттар / NO3-
№53 ұңғыма: 0, 1
№56ұңғыма: 0, 1
ШРК, мг/дм3СанПин№4630-88№3. 01. 070. 98 РК: 45
ШРК-ның неше есеге өсуі:
№: 10
Көрсеткіштер аталуы: Нитриттер / NO2-
№53 ұңғыма: 0, 337
№56ұңғыма: 0, 321
ШРК, мг/дм3СанПин№4630-88№3. 01. 070. 98 РК: 3, 3
ШРК-ның неше есеге өсуі:
№: 11
Көрсеткіштер аталуы: Мұнай өнімділік
№53 ұңғыма: 0, 062
№56ұңғыма: 0, 084
ШРК, мг/дм3СанПин№4630-88№3. 01. 070. 98 РК: 0, 3
ШРК-ның неше есеге өсуі:

Әлібекмола кен орындағы жерасты суларының мониторингі- ұңғыманы бұрғылау кезінде жерасты суларының сапасы туралы ақпаратты алу мақсатында жүргізіледі. Жерасты судың мониторингі гидробақылаушы ұңғымаларда (техникалық суды беру үшін арналған ұңғыма) орнатылады.

5. 3 Жер ресурстарын қорғау

Әлібекмола мұнай кен орнының жобасы кен орынды өндірістік игеру үшін мұнай және газды кен орындарды игеру ережелеріне сай жасалды. Негізгі шарттар: уақыттан бұрын сулануға, қабаттың дегазациясына, өнімді және көршілес горизонттарға сұйықтың құйылуы, мұнайқаныққан тау жыныстардың бұзылуына әкелетін ұңғымалардың төмен сапалы орналастыруы нәтижесінде мұнайдың жер қойнауында жоғалу қаупін болдырмауға бағытталған комплексті шаралар; Игеру жүйесінің рационалды негізінде жұмыс агенттерінің максималды мүмкін утилизациясы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның мұнай-газ потенциалы
Жер планетасының қабаттары
Бұрандалы сораптарды пайдалану
«Қалаларда қоршаған ортаны құқықтық қорғау»
Мұнай кен орындарын дамыту және пайдалану
Ластаушы заттардың трансшекаралық тасымалдау мәселелері
Мұнайгаз кешені кәсіпорындарындағы инновациялық қызмет
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі: тарихи аспектісі (1991-2007 жж. )
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ
Жаһандану жағдайында мұнайгаз өнеркәсібін кешенді дамытудың тиімділігі мен жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz