С.Балғымбаев кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы
1 Геологиялық бөлім
1.1 С.Балғымбаев кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы
С.Балғымбаев кен орны үлкен, бірақ әлсіз дамыған тұз күмбезді болып келеді.
Құрылымдық карта бойынша көрсетілген VI горизонттардан үш тұз күмбезі айқын көрінеді: солтүстік, оңтүстік және оңтүстік - батыс. Шығысқа қарай С.Балғымбаев тұз күмбезі 1600 м тереңдікте Қамысты тұз күмбезіне айналады. Солтүстік құлама жағы 1400 м тереңдіктен 80 бұрышқа құлайды және 1600 м дейін сейсмикалық барлау жүргізілген.
Оңтүстік құлама бөлігі сейсмикалық суретке түсірілмеген.
С.Балғымбаев күмбезінің оңтүстік-батыс құламасы батыста Жаңаталап тұз күмбезіне жалғасады. Жоғарыда айтылған тұзды көтерілімдерде сейсмо-барлау әртүрлі жүргізілді. Солтүстігі нақты зерттелді, ал оңтүстігі аз зерттелді. Солтүстік көтерілім көлемі бойынша және көтерілу биіктігі бойынша үлкені. Көрсетілген VI горизонттың тұз жабыны осы көтерілім бойынша 1100 м тереңдікте орналасқан. Оның ұзындық өсі 8,75 км, ал қысқа өсі 2,25 км.
Оңтүстік тұзды көтерілім аз интенсивті келтірілген, амплитудасы кішкене. Көрсетілген VI горизонт бойынша, осы көтерілім шегінде (минус 1500 м) бір тұйықталмаған изогипс кездеседі. №17 ұңғы мәліметі бойынша осы көтерілімде кунгур жікқабаты 1460 м тереңдікте орналасқан. Тұз үсті бөлігінің құрылысы жайындағы мәліметті көрсетілген ІІІ горизонты бар құрылымдық картадан, өнімді горизонттарды бұрғылау кезінде алынған мәліметтер бойынша құрастырылған сурет А-да келтірілген құрылымдық картадан және осы мәліметтер бойынша тұрғызылған сурет Б-да көрсетілген геологиялық қимадан алуға болады. Тұз үсті бөлігінің тектоникасы күрделі және өзгеше және тұз ядросының морфологиясына тікелей тәуелді.
Тұз үсті бөлігі бойынша С.Балғымбаев құрылымы бір тұтастықты құрайды. Бұл жерден ірі 2 құрылымдық элементті бөліп көрсетуге болады: Солтүстік және Оңтүстік С.Балғымбаев, сәйкесінше бұлар солтүстік және оңтүстік тұз көтеріліміне жатады және оларды бөліп тұрған ұзын грабен. Құрылымның басқа элементтері, атап айтсақ Солтүстік С.Балғымбаевтың оңтүстік қанаты және Оңтүстік С.Балғымбаевтың солтүстік - батыс қанаты тұз күмбезде жүрып жатқан әртүрлі өзгерістер нәтижесінде пайда болған.
Солтүстік С.Балғымбаев шегінде солтүстік тұзды көтерілімге сәйкесті солтүстік қанаты және солтүстік тұзды көтерілімнің шұғыл құлауындағы оңтүстігі қарастырылады. Бұл қанаттар арасында грабен орналасқан. Солтүстік қанаты оңтүстік қанатқа қарағанда көтеріңкі жатыр. Оңтүстік қанатта барлау бұрғылауы жүргізілмегендіктен, жоспармен бөлінген. Оңтүстік С.Балғымбаев кен орнында оңтүстік қанаты бөлінеді, бұл негізі ұзыннан созылған антиклинал тәрізді.
Оңтүстік қанат көтеріңкі келген үлкен аумақты алып жатыр және де батыста, солтүстікте, солтүстік - шығыста F3 грабен құламасымен шектеседі. Құлама негізгі, қиылысты, мұнай горизонты бойынша 35-40м батыста және 10-15м солтүстікте және солтүстік - шығыста амплитудасы бар. Қиылысты
F6 құламасының амплитудасы 20-25м. құрайды. Сейсмикалық суретке кішкене амплитуда әсерінен ілінбеген.
Қанаттың құламалары біркелкі және ол триас, юра түзілімінде 30 аспайды. Жоғарыда жатқан неоком, апт, альб және жоғарғы бор түзілімінде 1-20 дейін азаяды.
F3 және F6 құламаларымен қанаттар үш ауданға бөлінген: солтүстік-шығыс, оңтүстік - батыс, оңтүстік.
Құрылымның барлық тұзды көтерілімінің ұзындық осінде күмбез тәрізді грабен созылып жатыр. Грабен ені барлық жерде біркелкі және 2,5км құрайды.
Осыларға қоса айта кететін жағдай, 01.01.2006 ж. С.Балғымбаев кен орнының мұнай және газ қорын есептеу кезінде 4 ұңғы бұрғыланды (129 а - №129 ұңғының қосымшасы, апт-неокомда; №179 ұңғы ІІ неокомда; №203, 205 ұңғылар орта юрада). Осы ұңғылардан алынған мәлімет бойынша, С.Балғымбаев кен орнының құрылымдық құрылысы айтарлықтай өзгеріске ұшырамағанын көруге болады.
1.1-сурет. С. Балғымбаев кен орнының шолу картасы
1.1.1 С.Балғымбаев кен орны туралы жалпы мағлұматтар
С.Балғымбаев (Мартыши) кен орнын өндірістік игеру 1962 жылдан басталады. Сол жылы орта юра түзіліміндегі Ю-І горизонтына қарасты №2 ұңғының 884-882 интервалынан 10мм штуцермен дебиті 223,2 м3тәу мұнай ағыны алынды.
1963 жылы оңтүстік қанаттың №1 ұңғысында өндірістік өнімділік қабылданды, бұл жердің 641-646м тереңдігінен (ІІ неоком горизонты) дебиті 38 м3тәу мұнай ағыны алынды.
1961-1964 жылдары тереңдік барлау бұрғылауы жүргізілді. Барлау бұрғылау нәтижесінде мына қабаттардан өндірістік өнімділік анықталды. Бор түзіліміндегі: апт - неоком, І неоком, аралық, ІІ неоком горизонттары. Орта юра түзіліміндегі: Ю-І, Ю-ІІ горизонттары.
1966 жылы Қазақстанмұнаймен біріккен ЦНИЛ 33 ұңғы нәтижесі бойынша кен орнының мұнай және газ қорын бекітті.
1968 жылы Қазақстанмұнаймен біріккен ЦНИЛ Мартыши кен орнын игерудің технологиялық сызбасын жасады. Бұл вариантты орындау үшін апт-неоком горизонтын контурішілік 400х400 м сеткамен суландыру қажет деп бекітті. Қалған горизонттарды табиғи түрде игеру ұсынылды.
1974 жылы Ембімұнаймен біріккен ЦНИЛ Мартыши кен орнын игерудің комплексті жобасын құрастырды. Бұл вариантты орындау үшін жаңа ұңғыларды бұрғылауды және игерудің бөлшектік түрін ұсынды.
1987 жылы Ембімұнаймен біріккен ЦНИЛ Мартыши кен орнын игерудің нақтыланған жобасын жасады. Бұл жобаны орындау үшін ІІ вариант алынды. Бұнда қосымша 27 ұңғының бұрғылануы қарастырылды.
1992 жылы Ембімұнаймен біріккен ЦНИЛ бұрғыланған 149 ұңғы мәліметі бойынша Мартыши кен орнының нақтыланған геологиялық құрылымын жасады.
1996 жылы Ембімұнаймен біріккен ЦНИЛ О.Мартыши кен орнының нақтыланған геологиялық құрылымын құрастырды.
Бұл кен орны, Орал мен Еділ аралығында, теңізді зонада орналасқан.
Облыстық өндірістік басқару орталығы Атырау каласы Аққыстау поселкесінен 84км қашықтықта, ал С.Балғымбаев кен орны 76км шығыс жақ бетте орналасқан. Бұл кен орны өте қолайлы экономикалық зонада, Ембі мұнайлы аймағының батысында және Солтүстік Каспийдің жаңалық аймағында орын тепкен.
С.Балғымбаев кен орны геологиялық барлау жұмыстарына сәйкес қолайлы құрылымдардан: Қамысты, Жаңаталап, Шәліп, Бақсай, Манаш, Граннан тұрады. Осылардың ішінде өндірістік мұнайлы деп табылған және мұнай игерілетіндер: Қамысты, Жаңаталап, Гран, Ровное.
Геоморфологиялық жағынан алғанда, қарастырылып отырған аудан теңіздік аккумулятивтік минус 20м белгіде, ал солтүстікте абсалюттік белгі минус 30м болады.
С.Балғымбаев тұз күмбездерінің төмен түсуіне байланысты ол жер рельефті жаззықтармен сипатталады.
Топырағы құмды, кейбір жерлерінде саз балшықтармен алмасады.
Өсімдіктер әлемі тапшы, көбінесе қамысты типті өсімдіктер өседі.
Грунт суларының деңгейі 1,5-2м тереңдікте орналасқан. Құмды бөліктеріндегі суы аз минералданған. С.Балғымбаевтың өз территориясында өзен жоқ. Кен орны территориясынан Солтүстік-Шығысқа қарай, Орал өзенінің бөлігі болып есептелетін Бақсай өзені ағып өтеді. Су тасыған уақытта ағынды сулар молаяды,жазда ол, су айдау станциялары арқылы Орал өзенінің есебінен болады.
Теңіз жағалауы С.Балғымбаев кен орнынан Оңтүстікке қарай 12-15км қашықтықта жатады.
Аудан климаты континенталды. Жазы ыстық, қысы суық. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 160 пен 300мм аралығында ауытқып тұрады.
Ауданның жергілікті тұрғындары және өндірістік дені-қазақтар. Ауыл және мал шаруашылықтары жақсы дамыған.
Грунт суының деңгейі 1,5-2м тереңдікте орналасқан, бұл су әлсіз минералды, негізінен құмды барханды аумағына сәйкес келеді. Кен орнының аумағында өзендер жоқ. Солтүстік - шығыстан Бақсай өзені ағып өтеді, бұл өзен Жайық өзенінің бір саласы. Бұл өзенде су суландыру кезеңінде мол болады, ал жазда су Жайық өзенінен суайдау станциясы арқылы құйылады.
Теңіз жағалау сызығы кен орнынан оңтүстікке қарай 12-15км жерде орналасқан. Қабаттың мұнайбергіштігін жоғарлату проблемасы "қажет ететін тиімді шешімдердің" басты және актуалды маңызы бар мәселесі болып табылады.
С.Балғымбаев кен орны бойынша қабаттың мұнай бергіштігін және қабатты игеру қарқындылығын жоғарлату мақсатында, 1970 жылдан бастап су айдау жүйесі қолданылады.
І объектіде контур ішінен су айдау 1970 жылдың сәуір айында, техсхемада жоспарланғаннан 8 ай ерте басталды. Бұл су айдаудың ерте енгізілуі қабат қысымының қарқынының төмен түсіп кетуіне байланысты болды.
1998 жылы сәуір айында бүкіл объект бойынша, қабат қысымы 1,0-1,5 МПа-ға дейін төмендеді, ол ұңғы шығыны мен фонтандау шартына өзінің кері әсерін тигізді. Су айдауды енгізу мұнай өндіруді өсірді және сұйықты алу қарқындылығының тез жоғарылауына қабілеттендірді. Пайдаланылатын өндіру ұңғыт су айдаудың жеткілікті таралуына, қабаттың барлық зоналарында, контур аймағынан свод бөлігіне шейін таралуына себеп етті. Контур ішінен су айдау алғашында өнім жоғарлауына, соңынан қабат қысымының тұрақталуына себеп болды. Су айдау негізгі алаңның горизонталында, қабат қысымын алғашқы деңгейіне (7,4-7,6 мПа)
І объект бойынша, бастап 82712726м3 су айдалды және 52053783м3 сұйық алынды.
2003 жыл бойынша, І объектіде 1909,2 мың м3 су айдалды және су айдаумен алынған сұйық 22,04%-ті құрайды. 2003 жылы су айдаудан алынған қосымша өнім 33,78 мың т, ал игерілген кезден бері 4187899м3. су айдау ұңғыларының саны 21. І объект бойынша орташа тәуліктік су айдау 4772,6 м3тәу 13,6-4,7 МПа қысымда.
1.2 Стратиграфия
C.Балғымбаев мұнай кен орны тұзды күмбезді құрылымда орналасқан. Ондағы тұз тереңдігі 1190м дейін жетеді. Кен орны қимасында кунгур жыныстарынан төрттікке дейінгі қабаттар алынған.
Ұңғылармен ашылған ең көне түзілім кунгур жасындағы түзілім болып саналады. 41Р ұңғысымен ашылған максималды тереңдік 3000м дейін жетеді. Түзілім кристалды тұздармен және гипспен түзілген және арасында терригенді жыныстар орналасқан. Ұңғымен ашылған тұздың максималды қалыңдығы 13-96м құрайды. Тұз үстінде гипспен араласқан жұқа кепрок жатыр. Ұңғымен ашылған, кепрок қалыңдығы 20м аспайды.
Төменгі Перм
Кунгур ярусі -Р1К
Кунгур шөгіндісі пермдегі жыныстармен алмасып келетін кристалды тұздан және гипстен тұрады. Кен орындағы 13 ұңғыдағы тұздың алынған қалыңдығы 80м.
Триас жүйесі -Т
Триас жүйесінің қабаттары гипс, құм және құм тастарымен алмасып келген. Қабат қалыңдығына 147 м-ден 515 м дейін барады.
Юра жүйесі -J
Юра жүйесі үш бөлімнен тұрады: төменгі, орта және жоғары.Юра қабаты көбінен құм, құмтас және сазды болып келеді. Қиманың саздануы төменнен жоғарыға қарай өседі. Жоғарғы бөлігінде мергел мен әктас байқалады. Юра шөгінділерінің қалыңдығы 523м.
Бор жүйесі -К
Ашылған қабат қимасында бор жүйесінің төменгі бөлім (готелмь,апт, және альб) және жоғарғы (туран, сантон, кампон, мастрик) бөлім ярустары кездеседі. Тұран жыныстары трансгрессивті сәйкессіздікпен альб ярусында жатады. Төменгі бор қабаттары құмды сазды жыныстардан, сонымен қатар қалыңдығы 715м құмды қабаттан тұрады. Апт және альб қималарында көбіне саздар болады. Төменгі бор қабаттарының қалыңдығы 595,5 м дейін жетеді. Жоғарғы бор қабаттары көбінесе ізбес тас пен бордан және құммен саз қабаттасқан мергелден тұрады. Жоғарғы бор қабатының қалыңдығы 392м дейін жетеді.
Неоген жүйесі - N
Неоген жүйесі шөгіндісі 2 ярусқа бөлінеді: ақшағыл және окшеронды. Олар шұғыл сәйкессіздікпен бордың бетінде жатады, литологиялық қатынаста қарастырылып отырған қабаталмасып келетін құм, саз, мергел және әк таспен көрінген. Неоген қалыңдығы 24-124м болып табылады.
Төрттік жүйе - Q
Төрттік жүйеге құмды болып келетін бакин ярусі жатады. Төрттік шөгіндінің қалыңдығы 75 м. Төрттік жүйе шөгінділернің қалыптасуы Каспий теңізі трансгрессиясына тәуелді, сондықтан да төрттік жүйе шөгінділерін Каспий ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz