Ағымдағы игеру жағдайын талдау



Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
2 Технологиялық бөлім

2.1 Кен орынды игеру жүйесі

2.1.1 Ағымдағы игеру жағдайын талдау

Жайық мұнай-газ өндіру басқармасы алты негізгі мұнай кен орындарын игереді: С.Балғымбаев, Камышитовый, Жаңаталап, Ровное, Гран, Забурын, Оңтүстік-Шығыс Камышытовый.
Айдау ұңғылары қоры С. Балғымбаев кен орны бойынша істеп тұрғандар 27, су айдайтын 15 ұңғы, бақылау ұңғылары 12, консерванцияда 1 ұңғы.
С.Балғымбаев кен орны бойынша мұнай өндіру алдыңғы қатарлы жоғарғы қарқынмен жүргізіледі, сондықтан да гидродинамикалық және геофизикалық зерттеулер игеруді бақылауға маңызды міндет болып табылады.
Механикалық тәсілмен жұмыс істейтін барлық ұңғылар, графикке сәйкес динамограммаға түсіріледі. Барлық істейтін ұңғылар қоры бойынша, айына 2 реттен сирек емес механикалық қоспа, су құрамына сынақ өткізіледі.
С.Балғымбаев кен орнын өндірістік игеруге қосу үшін ұңғыларды өнімділікке зерттеді. Ұңғыларды өнімділікке зерттеу 3 және 14мм. штуцермен 3-4 режимде жүргізілді. Режимдегі жұмыс ұзақтығы 7,2-ден 140 сағатты құрады.
Индикаторлық диаграмманы интерпретациялау нәтижесінде әрбір қабаттың өнімділігі, сонымен қатар 1м тиімді қалыңдықтың өнімділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткізгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір қабаттың өнміділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткішгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір горизонттың орташа мінездемесі жазылды. Кен орнында өнімділік қасиеті бойынша орта юра горизонты ерекшеленеді, жеке өнміділігі 54,8 м3тәу МПам құрады. Ал, І және ІІ объектерде сәйкесінше бұл шама 6,9 және 8,1 м3тәуМПам болды. Жоғары өтімділік көрсеткіші І пайдалану объектісіне сәйкес келеді (3,12 мкм2).
С. Балғымбаев кен орны бойынша 1.12.2006 жылда 112 ұңғымен мұнай игерілді, олардың ішінде үшеуі тоқтап тұр. Тоқтап тұрғаннан пайдаланушыға үш ұңғы кіргізілді, 24, 40 және 130 айдау ұңғылары қорынан бір скважина (193) және бір скважина бақылау қорынан айдау скважинасы қорына ауыстырылады (19)Бұл мәліметті сурет В-да көрсетілген ағымдағы игеру картасынан көруге болады.
Кен орны бойынша су айдау 30 ұңғымен жүргізілуі керек болды, бірақ оның 3-і іске қосылмады. Кен орнының ұңғы қорлары туралы мәлімет 2.1-кестеде толығырақ келтірілген.

2.1-кесте. С.Балғымбаев кен орнының 01.01.2010 жылғы ұңғылар қоры жағдайы
Ұңғылар категориясы

Ұңғылар саны
Ұңғылар нөмірі
1. Істеп тұрғандар
2. Уақытша тоқатап тұрғандар
А) жер асты жөндеуде
Б) күрделі жөндеуде
В) жөндеу күтіп тұрған
3. Пайдалану қоры
4. Су алатындар, оның ішінде істеп тұрған
5. Су айдау ұңғысы, оның ішінде жұмыстағы тоқтап тұрған
6. Бақылау ұңғысы
7. Консервациядағылар
8. Жойылған ұңғылар, оның ішінде геологиялық жағынан
oo техникалық жағынан
9. ШТС
БОТЭСҚ
115
3
1
1
1
118

27

4
12
1
32
19
13
111
4

3
164
104

С.Балғымбаев кен орнын өндірістік игеруге қосу үшін ұңғыларды өнімділікке зерттеді. Ұңғыларды өнімділікке зерттеу 3 және 14мм. штуцермен 3-4 режимде жүргізілді. Режимдегі жұмыс ұзақтығы 7,2-ден 140 сағатты құрады.
Индикаторлық диаграмманы интерпретациялау нәтижесінде әрбір қабаттың өнімділігі, сонымен қатар 1м тиімді қалыңдықтың өнімділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткізгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір қабаттың өнміділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткішгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір горизонттың орташа мінездемесі жазылды. Кен орнында өнімділік қасиеті бойынша орта юра горизонты ерекшеленеді, жеке өнміділігі 54,8 м3тәу МПам құрады. Ал, І және ІІ объектерде сәйкесінше бұл шама 6,9 және 8,1 м3тәуМПам болды. Жоғары өтімділік көрсеткіші І пайдалану объектісіне сәйкес келеді (3,12 мкм2). Орта юра горизонтының жоғары пьезоөткізгіштігі, бұл қабат жынысының аз тұтқырлығымен түсіндіріледі (орта мәні - 1,79 мПа·с).
Игерудің екі объектісі бойынша (апт-неокомдық және ІІ неокомдық горизонттар) әрбір ұңғының жұту көрсеткіші бойынша гидромүмкіндігі анықталды. Апт-неоком горизонтындағы ұңғыларды (№8, 9, 19, 22) жұту көрсеткішіне сынау 3 режимде жүргізілді. Қысымдар 2,0; 4,0; 6,0 МПа болғанда, орташа жұтылу мәні 491,7м3 тәулік болды. ІІ неоком горизонтындағы №5 және 7 ұңғыларға қысымдары 2,0-ден 8,0 МПа аралығында 3 режимде сынама жүргізілді. Орташа жұтылу көрсеткіші 79м3 тәуліктен 720 м3тәу аралығында болды.
Горизонттардың геологиялық сипаттамасымен зерттеу нәтижелері бойынша апт-неоком, І және ІІ неоком және орта юра горизонттарында активті контур суларының арыны анықталды. Тек тектоникалық жарылыммен орталық блок жан-жағынан қоршалған. Апт-неоком горизонтының оңтүстік қанатындағы мұнай-газды тұтқышы газсуарынды режимде. Кен орнының оңтүстік қанатының І және ІІ неоком горизонттарының мұнай тұтқышы үлкен көлемді және активті суарынды режимі бар. Кен орынның солтүстік-батыс қанатындағы барлық горизонттарындағы (тек 1 орталық алаң кірмейді), сонымен қатар орта юра горизонттарындағы мұнай тұтқышының көлемі кішірек және бұнда да активті суарынды режим қалыптасқан.
С.Балғымбаев кен орнының алғашқы қабат қысымы ашық ұңғы оқпанында және ұңғыны әрі қарай игеру кезінде анықталды.
ІІІ пайдалану объектісінің І және ІІ объектіден алшақ жатуына байланысты, объектер арасында қысым айырмашылығы бар екені көрінді. Нәтижесінде қысым өзгерісінің тереңдікке тәуелділігінің екі өзгеше сызығы тұрғызылды. І және ІІ объект бойынша тәуелділік теңдеуі мынадай Pтұрғызылды. I және II объект бойнша тәуелділік теңдеуі мынадай Рқаб =0,0115·Набс + 0,002. Қысым градиенті 0,0115 МПам. Тереңдік бойынша қабат температурасының таралуын ұңғыларды сынау нәтижесінде алынды. 3 пайдалану объектісіне жалпы тәуелділік былай жазылды T=f(h).Т=0,063·Набс - 11,386; Температуралық градиент 100 м. 6,30С құрады, ал геотермиялық саты 15,87 м10С тең болады.
Алынған мәліметтердің анализі көрсеткендей, қазіргі таңда кен орынды алғашқы пайдалану кезеңіндегідей, ІІІ объект ұңғыларының өнімділік көрсеткіші жоғары болып тұр. Мұнда мұнайға қатысты өнімділік көрсеткіші 0,296 м3тәуМПам болды. Ал, І және ІІ объекті шамалары, сәйкесінше 0,050 және 0,105 м3тәуМПам құрады. Бірақта орта юра горизонтына қарағанда І және ІІ пайдалану объектісінің коллекторлық қасиеттері жақсы. Бұл объекттердің орташа гидроөткізгіштік мәні үшінші объектімен салыстырғанда 2 есе жоғары, ал өтімділік коэффициенті 13-18 есе жоғары.
Қазіргі уақыттағы өнімділік және фильтрациялық шамаларын бастапқы кезеңмен салыстырғанда, бұлардың жалпы нашарлауы анықталады. Меншікті өнімділік ІІ объектіде 74 есе, ІІІ объектіде 185 есе төмендеген. Горизонттар бойынша гидроөткізгіштік коэффициенттерінің орташа төмендеуі 3,4 еседен (ІІ объет) 19 есе (ІІІ объект) аралығында. Қабаттың соңғы (ІІІ объект) өтімділігінің төмендеуі 6% - тен 38,7%.
Кен орнының өнімділік және фильтрациялық сипаттамаларының төмендеуі, кен орынды ұзақ уақыт пайдалану кезіндегі қабаттың сарқылуы әсерінен болды. Қазіргі уақытта кен орнынан 14339 мың т мұнай алынған, бұл алынатын қордың 90,7% құрайды.

2.1.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау

01.01.2006 ж. мәлімет бойынша С.Балғымбаев кен орнында бұрғыланған ұңғылар саны 209 бірлікті құрады. Бұның ішінде пайдалану қорында 114 өндіру ұңғысы бар. Оның 3-еуі күрделі және аралық жөндеуді күтіп тұрғандары, 3 ұңғы тоқтап тұр. Есептеу кезеңінде айдау ұңғыларының қоры 27 ұңғы болды, оның біреуі тоқтап тұр. 10 ұңғы бақылау категориясында, олардың үшеуі кезінде мұнай өндіру және су айдау пайдалану қорында болған. Су өндіру ұңғы қоры - 5 ұңғы, оның 4-еуі жұмыс істеп тұр, 1-еуі тоқтап тұр. Жабылған ұңғылар қоры 51 ұңғыны құрайды, бұлардың ішінде 34-і (3-өндіру, 6-барлау, 4-су жұтушы, 1-бақылау және 14-суөндіру ұңғылары) геологиялық және 17-сі (5-өндіру, 10-айдау, 1-бақылау және 1 барлау ұңғылары) техникалық жағдай бойынша жабылған. Жабылуын күтіп тұрған 2 ұңғы бар: бұлар өндіру қорындағы №45,50 жоғары суланған ұңғылары.
Есепті кезеңде (2007 жыл) 4 жаңа ұңғы бұрғыланды: 129а - І объектіде, 179-ІІ объектіде, 203, 205-ІІІ объектіде.
Кен орнындағы өндіруші ұңғыларды пайдалану негізінен механикалық тәсілмен жүргізіледі.
Төменде ұңғыларды пайдалану қорын объектіге бөліп қарастырамыз. І объект (апт - неоком+неоком горизонттары)
01.01.2008 ж. мәлімет бойынша І объектінің өндіру ұңғылар саны 83 бірлікті құрады, оның 79-ы жұмыс істеп тұр (бұның ішіндегі 16 ұңғы, І және ІІ пайдалану объектісі бойынша ортақ пайдаланады). Бір ұңғы (№32) суланған аумақты бөлшектеуді жүргізетін күрделі жөндеуді күтіп, уақытша тоқтап тұр. Осы жылы екі объекті бойынша ортақ жұмыс жасайтын 5 жоғары суланған ұңғылар (№№73, 74, 86, 87 және 146) айдау категориясына көшірілді.
Игерудің бүкіл кезеңінде 5 ұңғы жабылды: 4-і техникалық (№№47, 135, 145, 168) және 1-і (№17) геологиялық себептермен.
Жұмыс істеп тұрған айдау ұңғыларының саны 21 бірлік, бұның ішіндегі 2 ұңғы (№97 және 146) екі игеру объектісіне (І+ІІ) ортақ. Объектіні игерудің бастапқы кезеңінен бастап 16 ұңғы жабылды: 10 (№№7, 55, 64, 65, 67, 68, 69, 70, 25, 127) - техникалық және 6-уы (№5, 17, 27, 36, 66, 170) - геологиялық себептермен.
Есептеу кезеңінде бір ұңғы бұрғыланды: 129 а.
2 ұңғы (№45 және 50) жабылуын күтіп, тоқтап тұр.
ІІ объект (аралық+ІІ неоком горизонттары)
ІІ объектіде өндіруші пайдалану ұңғылар саны 39 бірлік, оның жұмыс істеп тұрғаны -37 (бұның ішіндегі 16 ұңғы, І және ІІ пайдалану объектілеріне ортақ). Есептеу кезеңінде №98 және №163 ұңғылар жер асты жөндеуін күтіп тұр. Жұмыс істемей тұрған №161 ұңғы, сулануы жоғары болғандықтан (99%.) бақылау қорына аударылды. Айдау ұңғылар қоры 10 бірлік, бұлардың бәрі жұмыс істеп тұр. Екі ұңғы І және ІІ пайдалану объектісіне ортақ.
ІІІ объект (орта юра горизонты)
ІІІ объектінің өндіруші ұңғылар саны 8 жұмыс істеп тұрған ұңғыны құрайды. Осы жылы №15 ұңғы, 1981-2005 жылдар аралығында бақылау қорында болған, өндіру қорына аударылды. 2004 жылдан бері жоғарғы сулану әсерінен жұмыс істемей тұрған №102 ұңғы, капиталды жөндеуден кейін 2005 жылдың мамыр айында есңе қосылды. ҰКЖ кейін ұңғының сулануы 88%-ке түсті. Есепті кезеңде екі ұңғы бұрғыланды: №203 және №205.Бұл объектіде ҚҚҰ жүргізілмейді.
Объектіні игеру басынан бастап 3 өндіру ұңғысы жабылды: екеуі (№2, 103) - геологиялық және біреуі (№101) - техникалық себептермен.
Кесте 2.2-де және кесте 2.3-де өндіру және айдау ұңғыларының соңғы бес жылдағы пайдалану көрсеткіші мен қолдану көрсеткіші келтірілген. Кестеден көріп тұрғанымыздай, объектерде айдау ұңғыларын тиімді қолдануының өсіп отырғанын байқаймыз. Соған сәйкес пайдалану ұзақтығыда артты. Ал, өндіру ұңғыларына келсек, І объекті бойынша қолдану коэффициенті 2007 жылы 0,980-нен 0,964-ке төмендеді, бұл жұмыс істемей тұрған ұңғылардың өсуімен түсіндіріледі. ІІ және ІІІ объектерде тұрақтылық байқалады.

Объекттер
Қолдану коэффициенті, ү.б.

2006
2007
2008
2009
2010

өнд.
ұңғ.
айд.
ұңғ
өнд.
Ұңғ.
айд.
Ұңғ
өнд.
ұңғ.
айд.
ұңғ
өнд.
ұңғ.
айд.
ұңғ
өнд.
ұңғ.
айд.
ұңғ
І
0,978
0,913
0,98
0,800
0,98
0,952
0,956
0,955
0,96
0,95
ІІ
1,000
0,667
1,00
0,600
1,00
1,000
0,972
1,000
1,00
1,00
ІІІ
1,000

0,80

1,00

1,000

1,00

Кен орны б-ша
0,983
0,852
0,97
0,786
0,98
0,957
0,964
0,963
0,97
0,96
2.2-кесте. 2006-2010 жылдары ұңғыны қолдану коэффициенті

2.3-кесте. 2006-2010 жылдары ұңғыны пайдалану коэффициенті
Объектер
Пайдалану коэффициенті, ү.б.

2006
2007
2008
2009
2010

өнд.
ұңғ.
айд.
ұңғ
өнд.
ұңғ.
айд.
Ұңғ
өнд.
ұңғ.
айд.
ұңғ
өнд.
ұңғ.
айд.
ұңғ
өнд.
ұңғ.
айд.
ұңғ
І
0,88
0,98
0,96
0,96
0,93
0,99
0,89
0,96
0,81
0,97
ІІ
0,92
0,87
0,94
1,00
0,88
0,99
0,86
0,53
0,87
0,97
ІІІ
0,83

0,77

0,94

0,81

0,85

Кен орны б-ша
0,88
0,96
0,95
0,96
0,91
0,99
0,88
0,87
0,98
0,97

2.3-кестеде 01.01.2008 ж. І объекті бойынша өндіру ұңғыларының пайдалану коэффициентінің орташа мәні 0,819, айдау ұңғылар қорінікі - 0,977, II объекті бойынша өндіру ұңғылары-0,871, айдау ұңғылары-0,972, ІІІ объекті бойынша ұңғыларды тиімді пайдалану коэффициенті 0,853 ү.б. құрады. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, барлық объекттердің өндіру ұңғыларының пайдалану коэффициенттерінің төмендеуі, ұңғылардың жөндеуде ұзақ тұруымен, сонымен қатар, 2006 ж. аяғында кейбір өндіру ұңғыларын айдау ұңғыларына ауыстыруымен түсіндіріледі.
Кен орнында 2002-2006 жылдар аралығында максималды мұнай және сұйық дебиті 2004 жылы болды. Бұл жылы мұнай дебиті тәулігіне 2,4 т, ал
сұйық 37,6 т құрады.

2.4-кесте. Ұңғы қорын мұнай және сұйық дебитіне байланысты бөлу
Объекттер
Орташа дебит, ттәу
Өнімнің орташа сулануы, %
Сулану аралығы, %
Барлығы

70-80
80-90
90

мұнай
Сұйық

Ұңғылар саны

І
1,8
37,3
95,3
2
5
79
86
ІІ
2,1
29,4
92,7

6
29
35
ІІІ
8,5
46,1
81,5
4
1
1
6
Кен орын бойынша
2,2
35,4
93,8
6
12
109
127
Қордағы % үлесі
4,7
9,4
85,9
100

2.4-кестеден көріп тұрғанымыздай, кен орындағы ұңғылардың тәуліктік мұнай өндіру көлемі төмен. Жұмыс істеп тұрған ұңғылардың жартысына жуығының (46,5%) мұнай дебиті 1 ттәулікті құрайды, бұл төмен дебитті қор деп саналады, қалғандары 44,1% - дебиті 1-5 ттәулік,4,7% дебиті 5-10 ттәу, 4,7% - 10-20 ттәу болып келді. Соңғы үш жылда төмен дебитті қордың өсуі ұңғылардағы өнімнің сулауына байланысты.

2.5-кесте. Өндіруші ұңғылар қорының сулануы бойынша жіктелу
Объекттер
Орташа дебит, ттәу
Мұнай және сұйық дебит-ң өзгеру аралығы, ттәу
Бар
лы
ғы

1
1-5
5-10
10-20
20-50
50-100
100-200

мұнай
сұйық
Ұңғылар саны

м
с
м
с
м
с
м
С
м
с
м
с
м
с

І
1,8
37,3
44

38

3
1
1
11

55

19

86
ІІ
2,1
29,4
14

17
1
2
2
2
11

14

6

1
35
ІІІ
8,5
46,1
1

1

1
3
3
1

2

3

6
Кен орны
Бойынша

2,2

35,4

59

56

1

6

6

6

23

71

28

1

127
Қордағы % үлесі
46

44
1
5
2
5
18

56

22

1
100

2.5-кестеден көріп отырғанымыздай жоғары суланған ұңғылар (90% және одан жоғары) саны І объектіде 79 бірлік (жұмыс істеп тұрған қордың 92%), ІІ объектіде 29 (жұмыс істеп тұрған қордың 83%), ІІІ объектіде 1 (жұмыс істеп тұрған қордың 17%) бірлікті құрады. Сусыз ұңғылар жоқ. Сулануы 70% дейін болған 4 ұңғы, 2006 жылдан бастап өнімнің сулануының өсуіне байланысты жоғары суланған категорияға ауыстырылды.
Есепті кезең кесте 2.6-да көрсетілген, І объектінің айдау ұңғысының орташа жұтылу көрсеткіші 185,8 м3тәу, ал ІІ объектіде 167,9 м3тәу болды. Бұл мәлімет кесте 2.5-те көрсетілген І объектінің 2 ұңғысының жұтылу көрсеткіштері 300 м3тәу жоғары,19 ұңғының жұтылу көрсеткіштері 50-300 м3тәу аралығында. ΙΙ объекті ұңғыларының жұтылу көрсеткіштері 50-300 м3тәу аралығында.

2.6-кесте. Айдау ұңғыларын жұтылу көрсеткіштеріне сай жіктеу
Объекттер
Орташа жұтылулық, м3тәу
Жұтылулық аралығы, м3тәу
Барлығы

50-100
100-200
200-300
300

І
185,8
5
4
10
2
21
ІІ
167,9
1
4
2

7
Кен орны бойынша

6
8
12
2
28
Қордағы % үлесі
21,4
28,6
42,9
7,1
100

2002-2006 жылдар аралығында айдау ұңғыларының орташа жұтылу көрсеткіші айтарлықтай өзгерген жоқ: 2002 ж. кен орнында жұмыс істеп тұрған 26 ұңғының тек біреуінің ғана жұтылу көрсеткіші 100 м3тәу төмен болды, бірақ 2006 жылы бұл сан 6-ға өсті, алайда жұмыс істеп тұрған айдау ұңғыларының саны екі бірлікке артты.
2.7-кестеде келтірілген мәліметке сай жаңа ұңғылар қандай өзгерістер әкелгені туралы:
- Орта юра горизонтындағы ұңғыларды пайдаланудың 3-4 айында мұнай дебиті тұрақты 11 ттәу, сулануы - 48% болды;
- І объектінің жаңа ұңғысының мұнай дебиті - 6 ттәу, сулануы - 67% құрады;
- ІІ объектінің жаңа ұңғысының мұнай дебиті - 9ттәу, сулануы - 57%.

2.7-кесте. Жаңа ұңғылардың көрсеткіштері
№ ұңғы
Горизонт
Өндіру, мың т
Дебит, ттәу
Сулануы, %

мұнай
сұйық
мұнай
сұйық

129а
Апт-неоком
186
558
6
18
66,7
179
ІІ-неоком
279
651
9
21
57,1
203
Ю-2
681
1936
6
26
76,9
205
Ю-2
1075
1410
16
18
11,1

Айта кететін жайт, жаңа іске қосылған ұңғылардың мұнай дебиті, жалпы объекттердің мұнай дебитінен жоғары, ал сулануы жалпы объектілерге қарағанда төмен.

2.1.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау

С.Балғымбаев кен орнын игеру 1968 жылдан басталады. 01.01.2008 ж. мәлімет бойынша кен орнынан жалпы 14439,9 мың т мұнай өндірілді, бұл балансты қордың 51,4%, алынатын қордың 92,0% құрайды. Сонымен қатар 74381,3 мың т сұйық, 273,2 млн.м3 газ өндірілді. Объектілер бойынша жалпы өндірілген өнім көлемі келесідей бөлінеді: максималды үлес І объектіде - 77,6%, ІІ объектіде - 19,0%, ІІІ объектіде 3,4%.
2007 жылы мұнай өндіру сурет Г-да көрсетілгендей 99,1 мың т құрады. Ол объекттер бойынша былай жіктелген: 57,9 мың т - І объект; 26,3 мың т - ІІ объект; 14,9 мың т - ІІІ объект. Өндірілген мұнайдың сулануы 93,4% болды.
Жалпы кен орны бойынша соңғы мұнай алу коэффициенті 0,51% құрады. І және ІІ объекті қабаттарына жылдық су айдау 1650,0 мың т болды.
Динамиканы анализ жасау кезінде әрбір игеріліп жатқан горизонттың, игерудің негізгі технологиялық көрсеткіштері: мұнай және сұйық өндірудің өсуі, тұрақтауы және төмендеуі, өндіру ұңғылардың орта тәуліктік өнімділігіне тәуелді деңгейдің өзгеруі, айдау ұңғыларының жұту көрсеткіштері, өнімнің сулануы, су айдау көлемі, ұңғылар қоры және т.б. тұрғызылды.
І объект. Объектіні игеру 1968 жылдан басталады. Игерудің басынан бастап объектіден 11134,4 мың т мұнай, 59538,2 мың т сұйық, 212,5 млн.м3 газ өндірілді. Бастапқы қордан өнім алу қарқыны 0,5 % құрады, соңғы мұнай беру көрсеткіші - 0,51%.
Объектіден мұнай өндірудің динамикасын бақылап отырсақ, екі кезеңді ерекшелеуге болады:
- Игерудің бастапқы кезеңінен 1973 жылға дейін жылдық мұнай өндіру көлемі өсіп отырды, ол 1973 жылы максималды 786,0 мың т құрады. Бұл өсім, объектіні интенсивті бұрғылау нәтижесінде пайдалануға жаңа өндіру ұңғыларын қосумен (63 бірлік) түсіндіріледі. Алғашқы өнімнің сулануы 23,4 % болды. Алғашқы екі жылда объектіні игеру табиғи режимде жүрді, 1970 жылдан бастап қабатқа су айдай бастады, оның жылдық көлемі 1973 жылы 4 айдау ұңғылар қорымен 1026,3 мың м3 құрады. Компенсациясы - 80,9% болды. Қарастырып отырған кезең соңында, орта тәуліктік мұнай және сұйық дебиті сәйкесінше 27,5 және 49,6 ттәу жетті;
- Келесі кезең интенсивті (1973-2007 жылдар аралығы), содан кейін қазіргі күнге дейін жалғасып жатқан жылдық мұнай өндірудің біртіндеп төмендеу кезеңі. 1982 жылға дейін жылдық мұнай өндіру көлемінің төмендеуі, жылдық сұйық өндірумен су айдау көлемінің өсуімен пропорционалды келді. Бұл өндірілген өнімнің интенсивті сулануымен сипатталады (94,4%). Ұңғылар қорын арттырғанымен, орташа мұнай дебиті біртіндеп 37,5 ттәу-тен 12,0 ттәу төмендеді, ал ұңғылардағы сұйықтың орташа тәуліктік өнімі тікелей пропорционалды өсті де, игерудің осы кезеңінде максималды деңгейге жетті (77 ттәу). 1983 жылдан бері жылдық су айдау деңгейі 3768,8 мың м3-тан 1453,0 мың м3 дейін төмендеді. Компенсация 120,7% құрады. 01.01.2008 жылы айдау ұңғыларының саны 20 бірлікті құрап, олардың орташа жұтылу көрсеткіші 168,0 м3тәу болды және өндіру ұңғылары 97 бірлікті құрап, орташа дебиті 2,0 ттәу болды, ал өндірілген өнімнің сулануы соңғы бес жылда тұрақты 95% құрады.
ІІ объект. Объектіні өндірістік пайдалану 1968 жылдан басталады. 01.01.2008 жылғы жағдай бойынша объектіден өндірілген мұнайдың жалпы жинақталған қоры 2822,6 мың т мұнай, 13332,7 мың т сұйық және 52,6 млн.м3 газды құрайды.
Негізгі динамикалық көрсеткіштер бойынша, жалпы объектіні игеру кезеңін келесі этаптарға бөлуге болады:
- игерудің басынан бастап 1972 жылға дейін мұнай өндіру көлемінің қарқынды өсуімен сипатталады. Бұған кен орынды меңгеру үшін бірінші кезеңде жаңа ұңғылар бұрғыланып, пайдалануға берілуімен түсіндіріледі. Объектіні игерудің бүкіл уақытында жылдық мұнай өндірудің деңгейі 1969 жылы максималды болды. Осы жылы 162,0 мың т мұнай өндірілді. Осы кезеңде өндірілген өнімнің аз сулануымен (5%) сипатталады, орта тәуліктік мұнай дебиті 30,0 ттәу болды;
- 1972-1986 жылдар кезеңі өндірілген өнімнің біртіндеп сулануымен, мұнай өндіру деңгейінің төмендеуімен сәйкес келді. 1974 жылы кен орнында ұйымдастырылған, қабатқа 2 айдау ұңғысымен су айдау нәтижесінде, мұнай өндіру көлемі кішкене кезеңде өсті (1974-1975 жылдар) . Одан бері мұнай өндірудің төмендеуі және ұңғы өнімінің 85,5% дейін сулануы байқалады. 1986 жылы жылдық өндіру көрсеткіші 46,05 мың т құрады;
- 1987-1992 жылдар кезеңінде жылдық мұнай өндіру көлемі 76 мың т өсті. Бұрғылаудан жаңа өндіру және айдау ұңғыларын қосу, мұнай дебитінің орта тәуліктік өсуіне әкелмеді. Су айдау компенсациясы 99-30% аралығында өзгерді. Ұңғы өнімінің сулануы тұрақты болды және 85% құрады;
- 1993-1998 жылдар кезеңінде мұнай өнідірудің жылдық көлемі төмендеді, содан кейін 1999-2004 жылдар аралығында мұнай өндіру деңгейі тұрақтанып 30,0 мың т құрады және одан әрі жылдық мұнай өндіру 26,3 мың т аздап түсті. Жылдық сұйықтық өндіру деңгейі әр кезде жоғары болып, 430-440 мың т аралығын құрады. Өнімнің сулануы 93%-ға өсті. Бұл кезең аяғында жұмыс істеп тұрған өндіру ұңғыларының саны 47 бірлікті құрап, олардың орта тәуліктік мұнай дебиті 2,0 ттәу, сұйықтық дебиті 26,5 ттәу болды. 4 өндіру ұңғысын айдау ұңғысына ауыстыру нәтижесінде, су айдау ұңғысының саны 8 бірлікке өсті.
ІІІ объект. Бұл горизонтты өндірістік пайдалану 1968 жылдан басталады. Игерудің барлық уақытында өндірілген мұнай көлемі 482,1 мың т, сұйықтық -1465,3 мың т болды. Игерудің барлық уақытындағы негізгі көрсеткіштерді саралап, үш негізгі кезеңге бөлуге болады:
- 1968-1972 жылдар кезеңінде, І және ІІ объект тәрізді жылдық мұнай және сұйық өндіру көлемі өсті. 3 ұңғыдағы өнім 1972 жылы 52,8 мың т сусыз мұнай болды. Орта дебит 48,1 ттәу құрады;
- 1973-1996 жылдар кезеңінде жылдық мұнай және сұйық өндіру интенсивті төмендеді, ал осы кеезңде ұңғылар саны 8 бірлікке артқан. Кезеңнің аяғында жылдық мұнай өндіру 0,5 мың т болды. Өндірілген өнімнің сулануы 95,2% құрады;
- 1997-2007 жылдар кезеңінде тоқтап тұрған ұңғыларды іске қосу нәтижесінде мұнаймен сұйық өндіру көлемі өсті. 2007 жылы 14,9 мың т. мұнай және 93,8 мың т. сұйық алынды. Жұмыс істеп тұрған өндіруші ұңғылар саны 1996 жылғы 3 ұңғыдан 01.01.2006 ж. 8 ұңғыға артты. Осы кезең аралығында өндірілген өнімнің сулануы 84,2% төмендеді.
2003-2007 жылдар аралығында С.Балғымбаев кен орны ұңғыларында суланған жоғары өткізгішті аралықтарды бітеу үшін, ОТО-ПРОМ ЖШС-ның жаңа технологиялары бойынша селективті изоляция жүргізілді. Ол жұмыстар Родопал полимер ерітінді реагентін қолдану, жоғары тұтқыр (ЖТ) және тампонажды кеуекті цементтік құрамды қолдану әдісімен екі этапты изоляциялау (ТКЦҚ), суағынды - сұйық әйнек негізді және ТКЦҚ-мен изоляциялау, сонымен қатар, суланған аралықты изоляциялау, бұл дегеніміз суқаныққан горизонтты цементті көпірді пайдаланып жабу, жұмыстары болды. Жоғарыда жүргізілген геологиялық - техникалық шаралардың ең жақсы нәтижесі ОТО-ПРОМ ЖШС-ның жаңа технологиясы болды.
Жобалық (1987ж) және фактілі көрсеткіштердің сәйкес келмеуімен және 2005 ж. мұнай және еріген газ қорын қайта есептеу нәтижесінде, С.Балғымбаев кен орнын игерудің қазіргі жағдайының анализі құрастырылды және кен орнындағы игерудегі объектілердің технологиялық көрсеткіштері қайта есептелді. Жұмыс ЦКР-да қаралды және бекітілді (Протокол №40. 2006 жылдың 17 қарашасы).
Бұл құжат бойынша І және ІІ объектерде ҚҚҰ жүйесі болады. ІІ объектіде 3 өндіру ұңғысы бұрғылануы тиіс.
ІІІ объектіні игерудің технологиялық көрсеткіштері бойынша екі вариант қарастырылады:
1 нұсқа. Қабат энергиясының түгесілуімен. Қосымша 3 өндіру ұңғысын бұрғылау;
2 нұсқа. №15 бақылау ұңғысы арқылы өнімді қабатқа су айдау арқылы ҚҚҰ және 4 өндіру ұңғысын бұрғылау. Бұл кезде мұнай алу коэффициенті 0,75 болады.
І объектінің игеру ұзақтығы 2020 жылға дейін, ІІ объектінікі 2024 жылға дейін. ІІІ объектіні игеру ұзақтығы, мұнай алу коэффициенті 0,75-ке жетуге тиіс болса, ҚҚҰ кезінде игеру ұзақтығы (ІІ нұсқа) 2017 жылға дейін, ҚҚҰ жүйесі болмаса (І нұсқа) 2049 жылға шейін болады.

2.1.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері

Қазіргі уақытта, кен орынды пайдалану механикалық тәсілмен
жүргізілгендіктен, атап айтсақ пайдалану объектілерінің бүкіл өндіруші ұңғылары (бірнеше ұңғыны қоспағанда) штангілі терең сорапты қондырғымен жабдықталғандықтан өндіруші ұңғылардың жұмыс кезінде қабаттық және түптік қысымды өлшеу, техникалық тұрғыдан мүмкін болмайды. Өндіруші ұңғыларда қабат қысымының тереңдік өлшеуін жүргізу, жөндеу кезеңінде орындалады, сонымен қоса бақылау ұңғыларында және айдау ұңғыларын пайдалану уақытында жүргізіледі. Өндіру және айдау ұңғыларын пайдалану уақытында статикалық және динамикалық қысымдарды анықтау, эхолотпен алынған, сұйықтың статикалық және динамикалық деңгейі мәліметтерін өңдеу арқылы алынады. Қазіргі таңда, қолда бар мәліметтер бойынша объекттердегі энергетикалық мүмкіндіктерді саралайтын уақыт бойынша орта қабат қысымы өзгерісі графигі тұрғызылды. Онда жеке-жеке І объекті (апт-неоком+І неоком горизонттары), ІІ объекті (ІІ неоком + аралық горизонттар) және ІІІ объекті (орта юра горизонты) графиктері тұрғызылды. Жобадағы көлемде мұнай өндіруге жету үшін негізгі факторлардың бірі қабат қысымымен қанығу қысымының арасындағы айырмашылық болып саналады. Қазіргі уақытта пайдалану объектісінің ешқайсысында қабат қысымы қанығу қысымына дейін төмендеген жоқ. І объектіде максималды төмендеген кез 1999 ж. болып, қабат қысымы 7,1 МПа құрады. Объектіде алғашқы су айдау кезінде компенсация өсті де, 1992 ж. максимумға жетті (200% жоғары). Одан әрі компенсация деңгейі төмендей бастады. ІІ объектіде қабат қысымы 6,6 МПа дейін 1974 ж. төмендеді (қабат қысымымен қанығу қысымының айырмашылығы 2,8 МПа болды), осы кезең, ҚҚҰ кезеңінің басы болды. Келесі жылдары қабат қысымы өсті де, 7,0 МПа деңгейден төмен түскен жоқ. ІІ объектіні игеру кезеңдерінде компенсация көрсеткіші тұрақты емес, өзінің максималды мәндеріне 3 рет жеткен (123-130%): 1974, 1984, 1998 жылдары. ІІІ объектіні игерудің бастапқы кезеңінде қабат қысымы 8,3 МПа дейін төмендеп, кен орынды игерудің барлық уақытында тұрақты сақталды. ІІІ объектіде ҚҚҰ жүйесі қолданылмағандықтан, қабат қысымымен қанығу қысымының айырмашылығы жоғары деңгейде (7,0 МПа жоғары).
С.Балғымбаев кен орнында мұнай өндірудің максималды тиімді деңгейіне жету үшін ҚҚҰ жүйесі қолданылады. І объектінің өнімді қабатына салқын су айдау 1970 жылдан басталады, ІІ объектіде - 1974 жылдан бері. ІІІ объектіде ҚҚҰ жүйесі жоқ.
Кен орнының энергетикалық жағдайын бағалау үшін 2006 жылы І және ІІ объектінің изобар картасы жасалды.
Изобар картасын жасау үшін, І пайдалану объектісінде анықталған қабат қысымдарының мәндері (61 мәні) СМШ (-708) белгісінен анықталды. Аудан бойынша соңғы қабат қысымы 7,5 МПа болды. Бұл жерде Оңтүстік және Солтүстік - шығыс алаңдарында 7,5 МПа болды. Ең төменгі қабат қысымының мәні Оңтүстік - батыс алаңда - 7,3 МПа. Жалпы объект бойынша қабат қысымының мәні 5,2-ден 8,8 МПа аралығында өзгереді. Төмен қысымның кішкене ошағы (5,2 МПа) Оңтүстік алаңның №46 ұңғы айналасында. Сонымен қоса осы алаңның №82 және №94 ұңғылары маңында да төменгі қысым анықталған (6,5 МПа). Төменгі қысымның кішкене ошақтары Оңтүстік алаңның №1, 62, 113, 138 ұңғылары маңында да анықталды (6,5 МПа). ІІ пайдалану объектісінің изобар картасын жасау үшін Оңтүстік алаңдағы 10 ұңғыдан 10 мәліметі алынды. Минималды мән - 7,0 МПа болды, ал ең жоғарғы мән 8,6 МПа құрады. Картада төменгі қысым ошағы (6,5 МПа төмен) жоқ.
Кен орны бойынша мұнай алу коэффициентінің (МАК) және алынатын қордың көп өндірілгені І және ІІ объектіге келеді:
-І объект - бастапқы алынатын қордың 94% (11076 мың т), сонымен қоса 4,3% (508, 97) төмен жатқан объекті ұңғыларынан өндірілген;
-ІІ объект - бастапқы алынатын қордың 86% (2796 мың т), қосымша ауыстырылған ұңғылардан өндірілген мұнай көлемінің үлесі 9,2% (297,2);
-ІІІ объектіде алынатын қордың 60% (467 мың т) өндірілген.
Жалпы кен орны бойынша бекітілген алынатын қордан өндірілген мұнай 92% құрайды. Кен орны бойынша алынған мұнай қоры 15505 мың т болды. (І объектіде - 11750 мың т, ІІ объектіде - 3155 мың т, ІІІ объектіде - 600 мың т), потенциалды мұнай алу коэффициенті 0,55 құрады. (Объекттер бойынша: І-0,54; ІІ-0,58; ІІІ-0,58).
Қорыта айтқанда, кен орны бойынша қорды өндіру жоғары деңгейде. МАК 0,56 тең болғанда активті игерілетін қор 300 мың т құрайды.
Бұл туралы толығырақ 2.8-кестеде көрсетілген пайдалану объектілерінің аудандары бойынша қорды өндіруге бағалау жүргізілді. Бұған І объектінің Оңтүстік (ОА-І), Солтүстік - Шығыс (СШ-І) және Оңтүстік - Батыс алаңдары (ОБ-І), ІІ объектінің Оңтүстік (ОА-ІІ) және Солтүстік - Шығыс алаңдары (СШ-ІІ) кірді. Кестеден көріп отырғанымыздай, жоғары өндірілген көлем І және ІІ объектінің негізгі алаңдарына сәйкес келеді. (МАК бекітілгеннің 98-102% құрайды). Бұл аумақтар бойынша бекітілген МАК-ке жету үшін осы күні қолданылып отырған жүйемен, технологиялық игеруі жеткілікті. Өндірудің төменгі көрсеткіші СШ және ОБ алаңдарында (соңғы МАК-23-тен 84% аралығында).

2.8-кесте. Кен орны және объекттер бойынша мұнай қорын алу көрсеткіштері

І объект
ІІ объект
ІІІ объект
Кен орны бойынша

Қорлар, мың т
Геологиялық
21815
5416
1031
28262
Алынатын
11780
3250
774
15804
Алынған
11750
3155
600
15505
жин.өндірілген
11076
2796,32
467,21
14339,9
қалдық қор
673,59
358,68
132,79
1165,10

МАК, ү.б.
Бекітілген
0,54
0,60
0,75
0,56
Қазіргі
0,51
0,52
0,45
0,51

Кен орнында жүргізіліп жатқан контур ішілік су айдау жүйесі, негізінен, 1987 жылы бекітілген Мартыши кен орнын игерудің нақтыланған жобасына сәйкес келеді және бұл барынша тиімді болды, жобаның негізгі көрсеткіштерін орындау арқасында қосымша игеруге 2500 мың т қосылды.
С.Балғымбаев кен орны геологиялық қоры бойынша шағын кен орындар қатарына жатады. Барлау бұрғылау нәтижесінде төменгі бор түзілімінде мұнай және газ тұтқышы, орта юра түзілімінде мұнай тұтқышы анықталды. Өнім горизонттары келесідей бөлінген: Оңтүстік қанатта - апт-неоком (мұнайлы - газды), І неоком, аралық, ІІ неоком (мұнайлы), Солтүстік қанатта - Ю2-І, Ю2-ІІ (мұнайлы).
Жобалық құжаттар бойынша (Мартыши кен орнын игерудің технологиялық сызбасы, 1968; Мартыши кен орнын игерудің комплексті жобасы, 1974; Мартыши кен орнын игерудің нақтыланған жобасы, 1987) өнім горизонттары пайдаланудың 3 объектісіне біріктірілген:
І объект - апт-неоком + І неоком горизонттары;
ІІ объект - аралық + ІІ неоком горизонттары;
ІІІ объект - орта юра горизонттары.

2.1.5 Қабат қысымының жүйесі және қабаттардың қолданыстағы мұнай бергіштігін арттыру әдістері

Кен орнында 2006-2010 жылдар кезеңінде өндіруші ұңғылардың өнімділігін арттыру үшін және қабатқа айдалатын суды қайта бөлу үшін келесі технологиялық шаралар жүргізілді: жөндеу - изоляциялық жұмыстар;
ағын қайтару жүйесі; саз қышқылды өңдеу.
2006-2010 жылдар аралығында жүргізілген технологиялық шаралар келесі кестеде келтірілген.

2.9-кесте. Өнімді қабатқа әсер ету технологиясының нәтижелері
Технология түрлері
2006 ж
2007 ж

2008 ж
2009 ж
2010 ж

Ұңғылар саны
Әсерлі ұңғылар саны
Қосымша жинақ-п өнд.,т
Ұңғылар саны
Әсерлі ұңғылар саны
Қосымша жинақ-п өнд.,т
Ұңғылар саны
Әсерлі ұңғылар саны
Қосымша жинақ-п өнд.,т
Ұңғылар саны
Әсерлі ұңғылар саны
Қосымша жинақ-п өнд.,т
Ұңғылар саны
Әсерлі ұңғылар саны
Қосымша жинақ-п өнд.,т
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
ТСҚ
7
3
4335
8
3
1016

АКОР

3
2
4492

6
2
922
СГДЖ

10
3
747
7
3
631
СПС
3

ПГЖ

15
2
9500

ПДЖ

6

СҚӨ

3
1
848
4
1
1205
Барлығы

10

3

4335

26

7

15008

6

13

4

1595

17

6

2758

2.9-кесте мәліметтерінен көріп тұрғанымыздай, 2006-2010 жылдар аралығында кен орында 72 ұңғы операциясы жүргізілген, оның ішінде тиімдісі - 20, тиімсізі - 52 болды. Жүргізілген жұмыстардың тиімділігі 26% құрады.
Жөндеу - изоляциялық жұмыстар
С.Балғымбаев кен орнын игеруде өндірілген өнімнің жоғары сулануымен сипатталады. 01.01.2010 ж. жағдай бойынша ұңғының орташа сулануы 93,7% болды.Ұңғылардың 95%-ның сулануы 80%-дан жоғары.
Өндіру және айдау ұңғыларына сулардың құйылуы келесі жолдармен жүруі мүмкін:
-жоғарғы немесе төменгі суқаныққан қабаттың герметикалық емес сақиналы кеңістігінен;
-мұнай қабатының суланған бөлігінен;
-мұнай қабаты табанындағы суқаныққан бөліктен. Судың әрбір қозғалысына сәйкесті ЖИЖ бар. Изоляциялық жұмыстар жүргізген кезде айдалатын тығындаушы материалдар өтімді қабаттарды толтырып, су-изоляциялық барьер жасауы тиіс. Пайдаланудың одан әрі кезеңінде тығынды материал қабат депрессиясына төтеп беруі керек. Өндіру ұңғыларында жүргізілген суизоляциялық жұмыстар нәтижесінде, ағынмен қоршалған тиімді қалыңдықпен қабаттың гидроөткізгіштігі төмендейді. Ұңғының сұйық дебиті азайып, ҰТА-ның қарсыласу әсері артады. Кен орнында суағынды тығындау үшін, қабатаралық құюларды болдырмау үшін және жұтылу аймағын теңестіру үшін келесі технологиялар қолданылды.
Тұтқыр - серпімді құрам (ТСҚ+АКОР)
Өндіру ұңғыларында суағынды тығындау үшін ТСҚ+АКОР-ды кезекпен айдау қолданылды. Ұңғылардағы суағынды тығындау үшін келесі тығындаушы материалдар пайдаланылды:
-ТСҚ-негізгі су болған полиакриламид ерітіндісінің тұтқыр - серпімді құрамы. ТСҚ-ны қолдану келесі мақсатта жүреді, негізі полиакриламид ерітінді суы аз тұтқырлы болып, қабаттық жағдайда гелге айналады. Ал гел қабаттық біртектілікті теңестіріп, су фильтрациясына қарсылық көрсетеді;
-АКОР - әртүрлі модификациядағы кремнийорганикалық қосылыстар. Ұңғының түп аймағына немесе жақын маңына тығындаушы экран жасап, қабаттың жарықшақтығының өткізгіштігін төмендетеді.
Технология бойынша 20-40м3 көлемдегі ТСҚ-ға 4м3 АКОР-ды қосып айдау ұсынылады.
2006-2007 жылдар кезеңінде 10 өндіру ұңғысында селективті тығындауды жүргізу үшін ТСҚ+АКОР технологиясы қолданылды: оның ішінде 4-эффектісі бар, 6-эффектісі жоқ.
2006 жылы ТСҚ+АКОР технологиясы №100 және №116 ұңғыларда жүргізілді. Жұмыстан кейін №100 ұңғыда дебит төмендеп, сулану сол деңгейде қалды (95%). №116 ұңғыда мұнай дебиті 1 ттәулікке артып, қосымша 426 т мұнай өндірілді, эффект ұзақтығы 396 тәулік, тиімділік 20% құрады. 2007 жылы ТСҚ+АКОР технологиясы 8 ұңғыда жүргізілді. Жағымды нәтиже №№90, 118, 196 ұңғыларда болды: мұнай дебиті орта есеппен 1,6 ттәу өсіп, сулану 14% азайды. Қосымша өндірілген мұнай көлемі 339 т, тиімділік ұзақтығы 253 тәулік, тиімділігі - 46% болды.
Жалпы айтқанда, ТСҚ+АКОР технологиясын қолдану ұңғылардағы мұнай дебитін 1,3 ттәу арттырды, ұңғы - операциядан қосымша өндірілгені - 382,5 т,эффект ұзақтығы - 324 тәулік, тиімділігі - 33%, ал жинақталып өндірілген өнім 1442 т мұнай болды.
2006 ж. ТСҚ технологиясын 5 өндіру ұңғысында қолданды: оның ішінде екеуінің эффектісі бар, үшеуінің эффектісі жоқ. Мәліметтерді саралайтын болсақ, ТСҚ қолданған №41 және №42 ұңғыларда мұнай дебиті орта есеппен 3 ттәу өсті, сулану 16% төмендеп, қосымша 1954 т өндірілді, эффект ұзақтығы - 461 тәулік, тиімділігі-50% құрады.
№№119, 134, 164 ұңғыларында жағымды әсер болмады - мұнай дебиті орташа 1 ттәу азайып, сулану 2% артты.
Сугелді - дисперсті жүйе (СГДЖ)
Бұл технология бойынша ұңғыға келетін суды тоқтату үшін жоғары модулді еріген әйнекті және қатты тығындаушы құрамды құрау базасында біріктірілген композицияны айдау болды. Жоғары модулді сұйық әйнекке құрылым түзілуші сапа беру үшін карбон қышқылының күрделі эфирі қосылды.
Ұңғыға суағынды изоляциялау технологиясын жасау үшін, қолданылатын негізі сұйық әйнек болатын композицияға, келесі реагенттер қосылды: жоғары модульді ерігіш әйнек, техникалық этилацетат (сірке қышқылының этилді эфирі), неонол, тығындаушы цемент.
СГДЖ технологиясын 17 өндіру ұңғысында қолданылды: оның ішінде, тиімдісі - 6, тиімсізі - 11 болды.
Жалпы есептесек, СГДЖ технологиясын қолдану нәтижесінде ұңғылардан өндірілген мұнайдың өсуі 1,2 ттәу құрады, ұңғылардан қосымша 230 т мұнай өндірілді, эффект ұзақтығы 187 тәулік, тиімділігі - 45% болды. Жалпы жинақталып өндірілген өнім 1378 т мұнайды құрады.
Кремнийорганикалық тығындаушы материал (АКОР)
Бұл технологияны қолдану мақсаты суланған аумақтарға АКОР тобындағы кремнийорганикалық тығындаушы материалды айдау болып саналады. Су құрамында АКОР-дың болуы суда ерігіш сұйық өнімдердің түзілуімен гидролизденеді, одан кейін қатып қалады.
АКОР технологиясын 9 ұңғыларда қолданылады, оның ішінде эффектілісі - 4, эффектісі жоғы - 5 ұңғы болады.
2007 жылы АКОР технологиясы 3 ұңғыда қолданылды. Жағымды нәтиже №137 және №163 ұңғыларда алынады: орта мұнай дебиті 2ттәу артып, сулану 2% төмендеді. Ұңғы - операциясынан қосымша өндірілген өнім - 2246 т, эффект ұзаұтығы - 1123 тәулік, тиімділігі 45% болды.
2010 жылы АКОР технологиясы 6 ұңғыда жүргізілді. Жалпы, АКОР технологиясын қолданғанда ұңғылардан алынған мұнай 1,7 ттәулікке артып, қосымша өндірілген өнім - 1353 т, эффект ұзақтығы - 688 тәулік, тиімділігі - 45% болды. Жинақталып қосымша өндірілген өнім - 5414 т мұнайды құрады.
ЖИЖ жүргізу кезінде ұңғыдағы мұнай өсімі орта есеппен 1,8 ттәулік болды, ұңғы - операциясынан өндірілген өнім 843 тонна болды, жинақталып өндірілген өнім 11837т мұнайды құрады.
ҰГЗ мәліметтері жоқ болғандықтан, изоляциялық жұмыстардың жағымсыз нәтижелерінің себептерін анықтау мүмкін емес, сонымен қоса жағымды нәтиженің жоқ болуы келесі қателіктерден болуы мүмкін:
- алынатын реагенттің сапасын бақылау;
- тұтқыр - серпімді құрам компонентін дайындауды бақылау;
- қабатқа тығындаушы құрамды аз көлемде айдау;
- технологиялық талаптар.
Ағын қайтару технологиялары
Мұнай кен орнын игеру кезінде мұнай қабатына ұзақ және кең ауқымды әер ету шараларының бірі суландыру болып табылады. Бірақта, өнімді қабатқа қанша су айдасақта, геологиялық қордың жартысына жуығы алынбай қалады. Осыған байланысты ағының құрылымдық фильтрациясын теңестіріп отыратын және қабаттың сулану көлемін арттыратын әдістер қажет. Бұл әдістердің көп бөлігі мұнай қабатына физика - химиялық әсер ету болып саналады, мысалы, жекелеген жағдайда өнімді қабатқа әртүрлі химиялық реагенттер енгізу.
Полимерлі - гелді жүйе (ПГЖ)
ПГЖ - ні қолданғанда айдау ұңғыларының жұтылуы теңестіріліп, суланған қабаттар изоляцияланады. Бұл дегеніміз, игерілмей қалған аумақтар мен коллекторлық қасиеттері нашар қабаттар өндіруге қосылады. Сонымен қоса, әсер етуші өндіру ұңғыларындағы мұнай дебитінде мұнай үлесі артады.
2007 ж. ПГЖ технологиясын 15 айдау ұңғысында қолданылады. ПГЖ нәтижесін әсер етуші 74 өндіру ұңғысынан алды. Оның ішінде нәтижелі - 12, нәтижесі жоғы - 62 ұңғы болды.
Жақсы нәтиже көрсеткен ұңғылардың орташа дебиті 1,4 ттәу артты, сулану деңгейі 2,7% төмендеді. Ұңғы - операциясынан қосымша 727 т өндірілді, эффект ұзақтығы - 394 тәулік, тиімділігі - 37% болды. Өңдеу арқасында ұңғылардан жинақталып өндірілген мұнай 9500 т құрады.
Полимер - дисперсті жүйе (ПДЖ)
Бұл технология бойынша суланған өнімді қабатқа әсер ету үшін негізі гидролизденген полиакриламид және саз құрылымды полимер дисперсті жүйе қолданады.
Бұл технология негізі қабаттың суланған бөлігінің фильтрациялық қарсыласуын арттыру болып саналады. Қабаттың өткізгіштігінің біртексіздігін теңестіріп, мұнай өндіру коэффициентін арттырады.
2008 жылы ПДЖ технологиясы 6 айдау ұңғысында жүргізілді. Нәтижесі әсер етуші 27 өндіру ұңғысынан алынды, оның ішінде, эффетілісі - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (ҚазМұнайГаз)
Ұңғымалар қорын пайдалану коэффициенті
Қазмұнайгаз барлау өндіру акционерлік қоғамының қаржылық тұрақтылығын талдау
Қаражанбас кен орны туралы
Мұнай және газ қорлары
Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Қаражанбасмұнай СІТІС ААҚ
КЕҢҚИЯҚ МҰНАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Шағын және орта бизнесті несиелеу
ЖШС Bestam corporation дебиторлық берешек сальдосы
Пәндер