С.Балғымбаев кен орнын игерудің техника - экономикалық көрсеткіштері


3 Экономикалық бөлім
3. 1 С. Балғымбаев кен орнын игерудің техника-экономикалық көрсеткіштері
«Жайық мұнай-газ »өндіру басқармасының өндірістік ұйымдастырылу құрылымы
1970 жылдың 1 қазанынан бастап “Ембі мұнай” бірлестігі бойынша басқару және еңбекті ұйымдастырудың әдістері мен жетілген формалары қарастырылды.
Мұнда ұсақ және орташа мекемелер ірілендіреді, негізгі өндірістік мамандандыру және қосымша-қосалқы қызметтер орталықтандырады.
Өнеркәсіпте еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру кеңінен қолданылды. Алғашқы жылдары С. Балғымбаев кен орны “Ембі-мұнай” бірлестігіне қарады, ал 1972 жылдан бастап, мұнай өнімінің ұлғаюына байланысты, ол өз алдына «Жайық мұнай-газ» өндіру басқармасы болып қайта құрылды.
Жайық мұнай-газ өндіру басқармасының негізгі және қосалқы өндірістерін ұйымдастыру
Өндірістік процесс 2 негізгі топтан тұрады:
- Негізгі өндірістк процесстер;
- Қосымша өндірістк процесстер.
Негізгі және қосалқы процесстер өзара тығыз байланысты.
Мұнай өндіру басқармасының негізгі цехтарына жататындар:
Орталық инженерлі-техникалық қызметі ОИТҚ (ЦИТС), оған кіретіндер: №I МГӨЦ С. Балғымбаев-Ровное, №2 МГӨЦ Қамысты, №3 МГӨЦ Жаңаталап-Гран, химиялық лаборатория, ҚҚҰ цехы және іздестіру бригадалары.
Басқарудың жаңа құрылымы-өндірісті орталықтандырылған инженерлі-техникалық қызмет арқылы басқаруда диспечерлік әдіс кеңінен қолданылады.
ОИТҚ-тің негізгі міндеті:қолданылатын технологиялық режимді сақтай отырып, мұнай өндіру бойынша жоспарлы міндеттерді атқару.
Мұнай өндіру операторлары пайдалану ұңғыларының қызметі жұмысын бақылайды, құралдар ақауларын жөндейді, жұмыс режимін сақтайды.
Қосымша өндіріс цехтарына: ұңғыларды жер асты күрделі жөндеу цехтары, пайдалану құралдарының прокатты-жөндеу цехы (ПРЦЭО), электроқұралдар мен электрожабдықтарды прокатта жөндеу цехы (ПРЦЭО және ЭС) . Қосымша цехтардың көпшілігі бір өндірістік қызмет көрсету базасына біріктірілген (БПО) .
Өндірістік қызмет көрсету базасы механикалық және электрлі құралдарын прокатын жүргізеді, олардың жұмыс жарамдылығын сақтайды және негізгі өндірістің барлық объектілерінің жұмысын қамтамасыз етеді.
Бу мен су жабдықтау цехы-тұрғындарды, жұмысшы поселкелерді жылумен және сумен қамтамасыз етеді.
Арнайы техникалар колоннасы (спец. колонна) - өндіріс объектілерін техникамен, арнайы машиналармен, көтергіш эксковатормен жабдықтайды. Басқарудың барынша жетілген өндірістік құрылымы мынадай жетістіктерге қол жеткізді: мамандандыруды тереңдете үйрену, жаңа техника мен технологияны кеңінен енгізу, басқару персоналын қысқарту, өндіріс жүрісіне оперативті әсер ету, қызмет көрсетуді жоғарылату.
Техникалық басшылық органдары
Техникалық басшылық органдары (техникалық, геологиялық, өндірістік бөлімдер) өндіріс резервтері болып табылады және өнім сапасын арттыруға, техника мен технологияны жетілдіруге тікелей қатысты.
Еңбек бөлімі қызметкердің жұмысымен пайдалануын бақылайды, өндіріс деңгейінде еңбек ақысын төлеуді басқарады. Материалды - техникалық жабдықтау және финанс бөлімі - материалды байлықтар қорынсыз шығынын азайту, негізгі және қосымша материалдарды, реагенттерді, католизаторларды тасымалдау шығынын азайту шараларын қарастырады.
Өндірістік бөлімшелер - кәсіпорындағы жеткіліксіздікті жоюды қарастырады.
Жоспарлау бөлімі және техника-экономикалық бөлімі барлық жұмыстарды ұйымдастырады және жоспарлық басшылық береді.
Жоспарлау бөлімі сондай-ақ барлық жылдық жоспарлауын бақылап, оның орындалу барысын қадағалап отырады. Техника-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жүргізілетін шараларды өткізіп, олардың жалпы тиімділіктерін есептеу түрінде береді.
С. Балғымбаев кен орнын игерудің негізгі техника- экономикалық көрсеткіштерінің талдануы.
С. Балғымбаев кен орнында мұнай өндіру жоспарлы жылда 81, 4% орындалды. Нақты көлемі 99 100 т, ал жоспар бойынша 121 700 т болды.
Ұңғылардың орташа тәуліктік шығыны соңғы жылдарда жоспардағыдан төмен, яғни 2, 2 т болды, бұл 2008 жылғы есеп бойынша. Бұл 2007 жылғы есептен аз шама. Оны қабат қысымының төмендігімен түсінуге болады. Жұмыс істеп тұрған қордың пайдалану коэффициенті 2007 жылда 0, 923-ге тең. Өндіріс қызметкерлерінің жалпы саны соңғы жылдары өсті, ол негізінен пайдалану құралдарының техникалық жағынан жарамсыз болып, оны жоспарлы - ескерту жөндеу керек болуында.
Еңбек өнімділігі жоспарға қарағанда төмен, жоспар бойынша 18984 теңге/адам, ал нақты 18029 теңге/адам. Бір тонна мұнайдың өзіндік құны сол қалпында қалды. Жоспар бойынша 7695 теңге, ал нақты түрде 7695 теңге.
Қор бергіштік келіп кеткеннен көруге болады, ол 2007 жылда - 8, 5, ал 2008 жыл бойына - 3, 8 болды. Ол алынған негізгі қорлардың жарамсыз болуымен, өндіретін мұнай өнімнің түсіп кетуімен байланысты.
Жылдар бойынша 2003 жылдан бері енгізілген ұңғылар саны 3. 1 кестеде жоспар бойынша да, нақты түрде де 5-ге тең екендігі көрсетілген. Тұтыну қоры жоспар түрінде 2394, ал нақты 2602, орындалу процесі 108, 8%. Бұның ішінде еңбек ақы төлеу 108, 1%. Жалпы кәсіпорын бойынша жұмысшының орташа еңбек ақысы 50160 теңгеге жетіп отыр.
Жоспар
І Мұнай өндіру, т
Ілеспе газ өндіру, м 3
мұнай тапсыру, т
соның ішінде І топ:
Апт-неоком
Тауарлы мұнай өндіру
Мұнай реализациясы
ІІ Өнім шығару
-шығарылған өнім, мың тг
-тауарлы өнім
-өнім продукциясы
ІІІ Тауарлы өнімнің өзіндік құны,
мың тг
1 т мұнайдың өзіндік құны, тг
IV Жаңа ұңғылар енгізу
Ұңғыны пайдалану коэффициенті, к-т
Еңбек өнімділігі, теңге/адам
Барлық тізімге кіретіндер, адам
Өндірістік персоналға кіретін адамдар
-өндірістік емес персонал, адам
-құрылыстағы адамдар
Жұмысшының орташа еңбек ақысы, тг
1
850
97875
72800
88620
88716
1409733
1387186
1388617
463448
5070
5
18984
217
132
45
40
45354
102410
868
99984
73050
90400
90250
1430737
1410768
1409447
463448
4835
5
18029
237
145
49
43
45412
102, 4
100, 4
102, 1
100, 3
102
101, 7
101, 5
101, 7
101, 5
100
95, 3
100
95, 8
109, 2
109, 8
108, 8
107, 5
100, 1
+2410
+18
+2109
+250
+1780
+1534
+21004
+23582
+20830
-235
-826
+20
+13
+4
+3
+58
3. 1-кесте. 2007 жылғы негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер
« Жайықмұнайгаз» МГӨБ−ның 2009 жылғы өндірістік қызметі жөніндегі анықтама
13 қаңтар 2011 жылғы №7 бұйрық негізінде 2011 жылдың 17-28 қаңтар аралығында мұнай−газ өндіру бөлімі бастығының орынбасары Ш. И. Төленғұтовпен «Жайықмұнайгаз» МГӨБ−ның өндірістік қызмет түріне тексеру жүргізілді. Күні бүгінге «Жайықмұнайгаз» МГӨБ−да 8 мұнай−газ кен орындары қарайды: С. Балғымбаев, Ровное, Оңт. Батыс Қамышиты, Оңт. Шығыс Қамышиты, Оңт. Батыс Новобогат, Гран, Жаңаталап, Забурын.
МГӨБ−ның пайдалану қоры 585 ұңғыны құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны −566 ұңғы, қозғалыссыз ұңғы саны −19. Айдау қоры−94 ұңғы.
2009 жылы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ−сы жоспардағы 915, 8 т мұнай орнына, 920, 69 т мұнай өндіріліп, жоспар 100, 5% -ға орындалды.
Есепті кезеңде кен орындарынан жоспарлы көрсеткішке сәйкес 17, 514 млн. м³ ілеспе газ өндірілді. Барлық кен орындарынан өндірілген ілеспе газ өндіріс қажеттілігіне пайдаланылды. Жоспарланған 900, 925 мың т мұнай орнына 906, 9 мың т мұнай тапсырылды, яғни жоспардан тыс 5, 95 мың т мұнай тапсырылды.
2009 жылы жоспарға сай кен орындарының сулы горизонттарынан 5130 мың м³ су айдалды.
Ұңғылардың және мұнай өндіру қабаттарының өнімділігін арттыруға бағытталған техникалық және геологиялық−техникалық шаралар МГӨБ−сы және әрбір кен орындары бойынша мұнай өндіру жоспарының артығымен орындалуына әсерін тигізді.
2009 жылы 433 геологиялық−техникалық шаралар жүргізіліп, нәтижесінде 415 ұңғы операциялары арқылы өндіруге тиіс 35735 т мұнай орнына 40664 т мұнай өндірілді.
С. Балғымбаев кен орнында 2 ұңғы іске қосылып, жоспарлы 1800 т мұнай орнына 1896 т мұнай өндірілді.
«Қазмұнайгаз Бұрғылау» ЖШС−і бригадасымен жоспарланған 81 ұңғыға жөндеу жүргізілді. Ұңғыларды күрделі жөндеу нәтижесінде 24180 т мұнай өндірілді, атап айтқанда:
- қозғалыссыз тұрған 19 ұңғыны іске қосу арқылы 9770 т;
- жұмыс жасап тұрған 46 ұңғыны күрделі жөндеу арқылы 14410 т;
- айдау ұңғыларына күрделі жөндеу(16 ұңғы) .
Қабаттарға электрлік әсер ету әдісімен қабаттардағы мұнай беруді арттыру үшін 76 ұңғыда 6989 т мұнай өндіру жұмыстары төмендегі кен орындарында жүргізілді:
С. Балғымбаев - 10 ұңғыдан 650 т;
Ровное−2 ұңғыдан 30 т;
Оңт. Батыс Қамышиты −14 ұңғыдан 1413 т;
Оңт. Шығыс Қамышиты−10 ұңғыдан 2551 т;
Жаңаталап−10 ұңғыдан 896 т;
Гран−6 ұңғыдан 379 т;
Забурын−24 ұңғыдан 1070 т.
Акустикалық оңалту әдісімен қабаттардағы мұнай беруді арттыру жұмыстары негізінде 48 ұңғыда 16628 т жалпы мұнай алу жүргізілді.
Ағынды өзгерту технологиясы әдісімен қабаттардағы мұнай беруді арттыру жұмыстары жоспарланғаннан артық 15 ұңғыда жүргізілді. Ол бойынша 5535 т мұнай орнына 5735 т мұнай өндірілді.
Мұнай өндіру жоспарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жасап тұрған ұңғылар қорының тоқтамауы үшін ұңғылардың жер асты жөндеуін уақыттылы жасауға мән берілді.
2009 жылы ұңғылардың жер асты жөндеу цехына 820 ұңғыны жөндеу жоспарланып, 919 ұңғыға жөндеу жүргізілді. Оның ішінде 868 өндіру ұңғыларына, ал 38-і айдау ұңғыларына. Жөндеу аралығында жұмыс кезеңі 243 тәулік, ал жоспар бойынша 250.
«Жайықмұнайгаз» МГӨБ−ның 2010 жылғы өндірістік қызметі жөніндегі анықтама
«Жайықмұнайгаз» МГӨБ бойынша 2010 жылғы мұнай өндіру 951, 386 мың т құрады, ал жоспар бойынша 947, 380 мың т мұнай өндірілу керек болды, бірақ жоспардағыдан артық 4, 006 мың т мұнай өндірілді және мұнай өндіру жоспары 100, 4% орындалды. Төмендегі кестеде келесі кен орындар бойынша мұнай өндірілу көрсетілген.
3. 2-кесте. «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бойынша 2010 жылғы мұнай өндіру
- С. Балғымбаев
- Ровное
- Оңт. Батыс Қамышиты
- Оңт. Шығыс Қамышиты
- Оңт. Шығыс Новобогат
- Жаңаталап
- Гран
- Забурын
116300
6800
233300
141400
8000
182580
69400
189600
117561
6850
234057
141680
8040
183471
69656
190071
+1261
+50
+757
+280
+40
+891
+256
+471
Ұңғылар қоры
«Жайықмұнайгаз» МГӨБ бойынша 1. 01. 2011ж бастап игеруге бұрғыланған ұңғылар 1078 ұңғыны құрады, олардың ішінде 268 ұңғы жойылды, ал 18 ұңғы суланған, 66 ұңғы бақылауда және 18 ұңғы консервацияда. Алдағы 01. 01. 2011ж өндіру ұңғыларының пайдалану қоры 614 ұңғыны құрады, ал олардың ішінде 15 ұңғы әрекетсіз. Айдау қоры 94 ұңғыны құрады. Қазіргі жұмыс істеп тұрған қорда 599 мұнай және 92 айдау ұңғылары бар.
Газ өндіру
Есептік кезеңде ілеспе газдарды өндіру кен орындар бойынша 18655 мың м³ құрады және жоспардағыдай орындалды. Мұнаймен бірге өндірілген ілеспе газ барлық кен орындарында өзіндік қажеттіліктерге пайдаланылады.
Су айдау
2010 ж. кен орындар горизонттарына 5080, 0 мың м³ су айдалды және жоспардағымен сәйкес келді.
Ұңғыларды бұрғылау
2010 ж. 37 жаңа ұңғы бұрғылауға берілді және белгіленген жоспардағыға сай орындалды.
3. 3-кесте. «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бойынша жаңадан бұрғыланып іске қосылған ұңғылардан алынған өнім көрсеткіштері
- С. Балғымбаев
- Оңт. Шығыс Қамышиты
- Жаңаталап
- Гран
- Оңт. Шығыс Новобогат
3
2
25
2
4
4260
2108
21657
265
318
3
2
25
2
4
3440
2630
15915
2440
4050
820
-522
5742
-2175
-3732
Күрделі жөндеу жұмыстары
«Қазмұнайгаз Бұрғылау» ЖШС−і бригадасымен 98 ұңғы жөндеуден өткізілді, ал жоспар бойынша 96 ұңғыны жөндеуден өткізу керек болды. Ұңғыларды күрделі жөндеу нәтижесінде ұңғылардан 24097 т мұнай өндірілді, ал өз кезегінде ұңғылардан 23300 т мұнай алу жоспарланған болатын.
Атап көрсетсек:
- жұмыс істеп тұрған 67 ұңғыны күрделі жөндеуден өткізгенде 18609 т
өнім алынды;
- қозғалыссыз тұрған 19 ұңғыны іске қосу арқылы 5488 т өнім алынды;
- 12 айдау ұңғысы күрделі жөндеуден өткізілді.
Ұңғыларды жер асты жөндеу
Есептік кезеңде ұңғыларды жер асты жөндеу цехына 877 жөндеу өткізілді, ал жоспарда 827 болатын. Олардың 852-сі жұмыс істеп тұрған өндіру ұңғыларына, ал жөндеу жұмыстарының 24-і айдау ұңғыларына және 1-і суланған ұңғыларға өткізілді. Қазіргі қорда 599 мұнай және жұмыста 92 айдау ұңғылары бар.
Ұңғылар жұмысының жөндеу аралық кезеңі 253 күнді құрады, ал жоспарда 250 күн болатын. Ұңғыларды жер асты жөндеу паркі 12 көтергіш агрегаттан құралған. Жұмысты 11 бригада және 24 вахта жүргізеді.
3. 4-кесте. «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бойынша қабаттың мұнай бергіштігін арттыру мақсатында 2010 жылғы жасалған іс-шаралар
Ұңғылар
саны
- Қабатқа су келуін шектеу
- Ату-жару жұмыстары
- Электрлік әсер ету
- Акустикалық әсер ету
- Изоляциялық жөндеу жұмыстары
- Ұңғыны араластырғыштар арқылы өңдеу
- Ұңғыны саз қышқылды өңдеу
63
13
88
20
10
50
3
18031
2705
14747
4584
2827
177
Тауарлы өнімнің өзіндік құнынына талдау
Тауарлы өнімнің өзіндік құнына талдау жасау есепті жылда өнім өндіру 105, 4% -ке орындалғанын көрсетеді. Жоспардан жоғары 2555 мың теңгенің өнімі шығады. Шығарылған өнімді түскен пайда қаржылық нәтиже 2569 мың теңгені құрайды. 1 т мұнайдың өзіндік құны 4835 теңге, жоспарда 5070.
Тауарлы өнімнің өзіндік құнына, оның жоғарылап кетуіне келесі факторлар әсер етті. Жыл ішінде материалды, шикізат, энергетика ресурстарының бағасы 4 рет өзгерді. Сондай-ақ, шикізат, энергетика параметрі мен бағасының өзгеруі және жүк тасымалы және тағы басқаларының тарифтерінің өзгеруі. Осыған қарамастан мұнайдың өзіндік құны әсер етуші өзіндік құнынан 5, 2% дейін төмен, сондықтан өткізілген өнім пайдасы 5690 млн теңгені құрады.
Жоғарыда көрсетілген кестеден көрінетіні, материалды шығындар бойынша 54 млн теңге үнемделді (7615-7561) млн теңге. Аса көп шығын, тағы басқа шығындар бабы бойынша (602 мың теңгеге шығынды) cоның ішінде тұрақтандыру қоры есебінен 1258 млн теңге, ал Каспий жағалауына қорған тұрғызуға кеткендер есебінен 52, 6 млн теңге.
Мұнайдың өзіндік құнының калькуляциясын талдауҚұрал-жабдықтарды пайдалануға және тұрғызылуына кеткен шығындар 1644 мың теңге. Бұған жанармай, жылу энергиясы жыл материалдар бағаларының өсуіне байланысты, сонымен қатар жүк тасымалындағы тарифтердің қымбатталуы да әсер етті. Есепті жылда орындалған жұмыс көлемі, күрделі құрылыс 25444 мың теңгеге, ал 40466 мың теңге өндірістік объектілерге жұмсалды. Осыған байланысты орындалған жұмыс көлеміне кеткен шығын жоспардағы шығыннан көп болды.
3. 5-кесте. Энергетикалық шығындар
Терең сораптық мұнай өндіру
Меншікті шығын
Электр энергиясының шығыны
Шығын сомасы
Электр энергиясының өзіндік құны
Мұнайдың өзіндік құны
Қабатқа жасанды әсер ету шығыны
мың т
кВт
мың квт сағ
мың теңге
теңге
теңге
теңге
100
11, 0
11
445
4
5070
485000
102, 7
9, 1
102920
303
2, 9
4835
48
2, 7
-1, 9
-7080
-142
-1, 1
-235
-5000
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz