ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ Еңбек қорғау


Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
4 ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ Еңбек қорғау

Дипломдық жобаның бұл бөлімі ҚР заңдарына сүйеніп жасалған. Нақтылайтын болсақ:

а) ҚР Еңбек кодексі 2015 жыл 15 мамыр;

ә) Техникалық регламент, өрт қауіпсіздігі 2014 ж. ;

б) Азаматтық қорғау туралы заң, 2014 ж. ;

в) ҚР-ның мұнай-газ өндіру өнеркәсібінің қауіпсіздік ережелері, 1994 ж. ;

г) ҚР-нің өрт қауіпсіздік ережелері. Негізгі талаптар, 1999 ж. ;

4. 1 Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлар сараптамасы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне байланысты кен орнын игерудің технологиялық негізін жасағанда және таңдағанда, халықаралық қауіпсіздік нормалары және Қазақстан Республикасының қауіпсіздік нормасы ескерілді. Сонымен қатар: «Мұнай және газ орындарын игерудің Ортақ Ережесі», Алматы 1996; «Күкіртсутекті мұнай, газ және газконденсатты кен орындарын игеру кезіндегі қауіпсіздік Бағыттаушысы»;, «Қазақстан Республикасының мұнайгаздыконденсатты кен орындарында өнімді қабатқа көмірсутек, сонымен қоса күкіртсутек газын айдау кезіндегі өндірістік қауіпсіздіктің Ережесі» атты, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттікпен бекітілген құжаттарда қарастырылды.

Кен орнын игеруші келесілерге жауапкершілік алады:

- келісілген территорияда мұнай және газды өндіруде немесе келісілген бақылау жүргізу кезінде, жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі;

- қауіпсіздік шаралары бойынша құжаттар дайындау;

- жүргізілген жұмыстардың нәтижесін мемлекеттік органға көрсету;

- мемлекеттік бақылау органы инспекциясының жұмысына көмектесу.

Кен орнын игерумен пайдаланудың әрбір объектісінде, жүргізілген жұмыстарға және қызметкерлер қауіпсіздігіне жауап беретін өкіл болады. Осы өкілдің мамандануымен тәжірибесі осы қызмет атқаруға сай келу керек.

Қызметкерлердің денсаулығымен өмірін және қоршаған ортаны қорғау үшін, кен орындағы жұмыстар барынша қауіпсіз жүргізілуі тиіс. Алайда, мұнай-газ саласы қауіпті өндірістің қатарына кіреді.

С. Балғымбаев кен орындағы қауіпті және зиянды факторлар келесілер: ұңғыларды қамсыздандыру кезінде қозғалмалы және айналмалы бөлшектердің әсері, тербелмелі - станок қондырғылары, компрессор сораптары, вентиляторлар және қозғалмалы агрегаттар құрал-жабдықтары үлкен қауіп туғызады, ал түсіру - көтеру операцияларында, яғни сорапты компрессорлы құбырларды элеватордың жөндеп қыса алмауынан, сым арқандардың жүк көтеру беріктігінен қауіп тууы мүмкін.

Топтамалы өлшеу қондырғыларында жоғарыда жұмыс істеуде, әсіресе топтамалы өлшеу қондырғысының жоғарғы бөлігінде, буферлі сыйымдылықпен резервуарларда қауіп тууы мүмкін. Сонымен қатар, термиялы әсер етулерде, яғни жылуөткізгіштер - мұнай бергіштікті арттыру кезіндегі, қыздырғыш пештерде қауіп туғызады.

Ретсіз жарықтандыру да жағымсыз әсерін тигізеді. Жұмыс тәулік бойы жүретін болған соң және әртүрлі өндіріс объектілерінде, әртүрлі көзге әсер жұмыстары болғандықтан (топтамалы өлшеу қондырғылары, қабат қысымын ұстау, мұнай дайындау пунктерінде) .

Мұнай өндірісінде жұмыс процестері жағымсыз метеожағдайлармен байланысты, яғни температура мен ылғалдылыққа.

4. 2 Ұйымдастыру іс-шаралары

С. Балғымбаев кен орны объектерінде өндірістің әртүрлі категориясымен кластарына жататын, мұнай және газды өндірумен дайындаудың ғимараттары бар.

Осыған сәйкес, өндіріс кезінде келесідей жарылыс қауіпті, өрт қауіпті және зиянды заттар қолданылады немесе сақталады: мұнай, газ конденсаты отын газы, пропан, триэтиленгликоль, коррозия ингибиторы, парафин түзілу ингибиторы, метанол, кондиционды емес мұнай, дизель отыны.

Объектіге келген қызметкерлермен қонақтар, қауіпсіздік талаптарымен, төтенше жағдайлар болған кездегі іс-әрекетпен танысып, арнайы инструктаждан өтеді. Тұрақты қызметкерлер отыратын объектерде, алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін, дәрігерлік пунктер ұйымдастырылған.

Кен орнындағы объектілер территориясындағы қызметкерлер, керекті тұрмыстық және дәрігерлік, тамақтану орындарымен жабдықталған жайлармен қамтамасыз етілген.

Кен орындағы объекті территориясындағы жұмысшылар, келесідей жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілген: арнайы киім, арнайы аяқ киім, алғашқы дәрігерлік көмек қорапшасы, жеке тығындаушы тыныс аппараттары, қолғаптар, күкіртсутектің дабылқаққышы және т. б.

Кен орнындағы объекті территориясы өрт сөндірудің стационарлы жүйесімен, өрт сөндірудің көбіктік автоматты стационарымен, газды өрт сөндірумен, сөндіру депосымен, өртке қарсы резервуарлармен, өртке қарсы су тұрбасымен жабдықталған. Бұл құрылымдар өрт сөндірудің біріншілік заттарымен жабдықталған. Қызметкерлердің улы немесе қауіпті заттармен әрекеттесу мүмкіндігі жоғары объектер, арнайы апаттық душтармен жабдықталған. Оның көлемі 200 л. су болып табылады. Барлық технологиялық аймақтар ұнтақты өрт сөндіргіштермен, алғышқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілген.

Апаттық тоқтау жүйесі (АТЖ )

АТЖ сигналды технологиялық бақылау жүйесінен, сөндіру жүйесінен және газды қадағалау жүйесінен алады да, төтенше сигналды апаттық тоқтау жүйелеріне береді.

Тоқтаудың төрт деңгейі қарастырылады:

- 1 деңгей - орын бойынша құралдардың тоқтауы;

- 2 деңгей - қондырғылардың сөндірілуі және лақтыру линияларын тығындау;

- 3 деңгей - технологиялық бұзылыстар болғанда, қондырғылармен жүйені технологиялық сөндіру және қысымды түсірмей толық тығындау;

- 4 деңгей - барлық комплексті тоқтату, қысымды түсіру және құралдарды инертті газбен тазалау.

Қызметкерлер қауіпсіздігі

Қызметкерлерді қорғау талаптарын орындау үшін, кен орны территориясында, келесідей қауіпсіздік құралдары қарастырылу қажет:

- техникалық қауіпсіздік қоймасында - қорғаныш көзілдіріктер, бас киімдер, қолғаптар, аяқ киім және киімдер;

- техникалық қауіпсіздік қоймасында - жылжымалы газ табу датчигі;

- жуыну бөлмесі, көз шаю қондырғылары - керекті жерлерде;

- барлық жұмысшыларға тығындаушы тыныс аппараттары;

- алғашқы дәрігерлік көмек жинағы - барлық ғимаратта.

Қауіпсіздік және ескерту белгілері

Барлық жұмыс орындары бағыттауыштармен, схемалармен, ескерту белгілерімен, жазулармен қамтамасыз етілген. Өндіріс объектілерінде, газ қауіпті орындарда, мұнай-газ конденсат желі трассасында арнайы белгілер бар. Мысалы: «Электрлі қауіпті», «Улы газ», «Бөтен кісіге кіруге болмайды», «Қосымша есік», «Каска міндетті», «Темекі шекпеу» және тағы сондай сияқтылар. Кен орны объектілер қондырғыларында, жел бағытын көрсететін флюгер орнатылған.

Қарапайым қауіпсіздік ережелері

Өндіріс территориясында қауіпсіз жұмыстар жүргізу үшін өрт қауіпсіздік ережелерін және қауіпсіздік техникаларын қатал сақтау керек. Мұнай және газ ұңғыларына, мұнай-газ жинау және тазарту қондырғыларына қызмет көрсететін жұмысшылар араласады. Сондықтан, мұнай және газ ауданында жұмыстар жүргізудің негізгі қауіпсіздік ережелерін білу, мұнай-газ өндіру өнеркәсібі жұмысшылары үшін шарт:

- Ұңғы алаңдарын, мұнай жинау мен тазарту қондырғыларын газ реттегіштерді, мұнай жинау пунктері мен мұнай сорап станцияларын тазалықта ұстау керек. Төгілген мұнай мен мұнай өнімдерін жинап, ластанған аймақтарды тазарту қажет;

- Әрбір өндірістік объект өрт сөндіру құралдарына ие болуы шарт: құрғақ құмы бар қорап, күректер, өрт сөндіргіштер және т. б. Олардың саны жергілікті нормалармен анықталады;

- МГӨБ территориясында темекі шегу тек арнайы бекітілген жерлерде рұқсат етіледі;

- Дәнекерлеу жұмыстары өнеркәсіп басшылығының рұқсаты бар адам бақылаумен жүргізілуі тиіс;

- Барлық электр жетектері мен сорап электр жабдықтары, автоматика құралдарының механизмдері, жарықтандыру аппаратуралары жарылыстан қорғалған күйде болуы қажет;

- МГӨБ территориясында ішкі жану қозғалтқыштары бар көшпелі агрегаттардың түтін шығу құбырында шоқ сөндіргіш болуы керек;

- Агрегаттар, машиналар, басқа да жабдықтар, сонымен бірге түсіру-тиеу жұмыстарын электр желілері арқылы жүргізуге тыйым салынады;

- Қызмет көрсету үшін жұмысшыны 0, 75 м-ге дейін көтеру үшін сатылары бар объектілер, ал одан жоғары болса ұстағышы бар сатылармен жабдықталуы керек. Сатыларды қардан, мұзадн және балшықтан тазалап тұру қажет.

4. 3 Техникалық іс- шаралар

Химиялық әсер етулер ұңғыны өңдеу процесіндегі қышқылмен жұмыс кезінде, сонымен бірге ингибиторлармен, беттік әрекеттік заттармен жұмыс кезінде қауіп тудырады.

Ең қауіпті өндірістік факторлар- бұл электрлі, жарылыстар және өрттер. Электрлі қауіптің тууы электрлі және мұнай өндірістік жабдықтардың жоғары кернеулі болуына (электртұтынушылар, жібергін қондырғылар, жарықтандырғыш көздер, трансформаторлар, мұнай өндірісінің құрал - жабдықтары - резервуарлар, құбыр өткізгіштер және тағы басқалары) .

Жарылғыш қоспаларды, жолай мұнай және табиғи газдар, сонымен қатар ауамен әсерлескен әртүрлі мұнай өнімдерінің булары түзілуі мүмкін. Жарылысқа үлкен қысымда жұмыс жасап тұрған жүйелерде ұшырауы ғажап емес (ұңғы сағасы, шығу линиялары, коллекторлар, тербелмелі - станоктор, топтамалы өлшеу қондырғылары, компрессорлар, сораптар) .

Көп жағдайларда өрт себептері болып фланецті қосындылардың төмен гермитикалылығынан газдың кетуінен, мұнай өнімдерінің статикалық электрленуі болып табылады.

Топтамалы өлшеу қондырғыларында діріл мен шу көздері болып айырғышқа қондырылған желдеткіш, сораптар жұмысы, компрессорлар мен қозғалмалы агрегаттар жұмысынан, ол тербелмелі - станокта дыбыстар қозғалмалы бөлшектер әсерінен болады. Газда қызметкерлерге зиянды болып келеді, бұған себеп болып территорияның газдануы, ұңғы сағасында, мұнай өткізгіштер қасында, сол сияқты үлкен мөлшерде газ бөлінуі байқалған резервуарлар мен айырғыштар қасында жұмыс істеу болып табылады.

4. 3. 1 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Электр қауіпсіздігі

Электрлік бөлікті жобалау келесілерді қамтамасыз етеді:

  • жұмысшылар мен жабдықтардың қауіпсіздігін;
  • қызметтің сенімділігін;
  • жарылу және өртену қауіпсіздігін.

Электрлік жабдықтар бекітілген нормалармен халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған.

Жарылу қаупі бар аймақтарда орналастырылған технологиялық қонжырғылардың электрлік жабдықтарының жарылудан сақтандырылу деңгейі жарылу қаупі бар аймақ класымен категориясына және жарылу қаупі бар қоспалар тобына сәйкес келеді. Трансформаторлық бекеттерде тұрақты және айнымалы тоқпен үздіксіз қамтамасыз еру жүйесінде аккумуляторлық батареялар қондырылады. Жұмысшылардың қауіпсіздігі электр қондырғыларды жерге көмумен қамтамасыз етіледі.

Жобаланатын трансформаторлық бекеттер жерге көмудің сыртқы нұсқасымен болат сыммен байланыстыру жолымен жерге көміледі.

Найзағайдан, технологиялық жабдықтармен құбырлырдың тұрақты тоғынан қорғау жарылу қаупі бар аймақтар тобынан тәуелді І және ІІ категория бойынша орындалған.

100-150м. сайын, сондай-ақ басымен аяғында орналастырылған құбырлар эстакадалары оларға келетін құбарлармен электрлік байланысып жерге көмілуі керек.

Апаттық электр тоғымен қамтамасыз ету жүйесі, келесі апаттық жүктемелер тізімін қамтамасыз етеді:

  • апаттық тоқтату кезінде адамдардың болуы қажет барлық құтқару жолдарын, құтқару алаңдарын, кеме лазаретін, басқару бекеттерін люменесценттік жарықтандыру;
  • тік ұшақ алаңы және жарықпен дабыл беретін оттар;
  • өлшеу аспаптары және байланыс жүйелері;
4. 4 Санитарлы-гигиеналық іс- шаралар

Қауіпті әрі зиянды заттармен байланысты жұмыстарда периодты түрде жұмысшылардың медициналық тексерілуі міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар
Еңбекті қорғау пәні
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi
Жеке қорғаныс құралдарына шолу
Жобалау және геодезиялық іздестіру жұмыстары кезіндегі еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
Еңбекті қорғау пәнінің объектісі
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қауіпті өндірістік объектілердегі, өндірістік қауіпсіздік туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz