Құрылымдық және технологиялық шешімдер


АНДАТПА
Дипломдық жобада Қызылорда қаласындағы бизнес орталығының ғимараты Ниетқалиев көшесінде орналасқан .
Территория ауданы - 6864, 00м 2 ;
Құрылыс ауданы - 1856, 58 м 2 ;
Көгалдандыру ауданы - 3165, 42 м 2 ;
Жаппа ауданы - 1842, 00 м 2 ;
Ғимарат жертөле қабатымен қосқанда екі қабатты және қаңқалы конструкциямен жоспарланған. Ғимарат төрт бұрышты пішінді жобаланған.
Құрылыс организациясының негізгі бизнес орталығының ғимаратты салудағы негізгі міндеті сапалы құрылыс мекемесі және қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаға әсер ететін жағымсыз іс әрекеттердің алдын алу.
Жоба ҚР заңына сәйкес жасалған. Жобалау кезінде экологиялық, әлеуметтік, техникалық және экономикалық талаптар ескерілген. Қазіргі заман талабына сай, құрылыс өндірісі технологиясы және құрылыс өндірісін ұйымдастыру сұрақтары шешілген.
Диплом жобасында сәулет-құрылыс, есептік-конструкциялық және өндірістік бөлімдер бойынша инженерлік шешімдер қабылданып, экономика бөлімі АВС-4 бағдарламалық кешенде есептелінген. Жобаның толық техникалық-экономикалық көрсеткіштері анықталып, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бөлімдері бойынша шешімдер қабылданған.
АННОТАЦИЯ
В дипломном проекте здание бизнес-центра будет располагаться на площадке по адресу: г. Кызылорда, ул. Ниеткалиева без номера . в северо-западной части города
Общая площадь -6864, 00м 2
Площадь строительства -1856, 58 м 2
Площадь озеленения - 3165, 42 м 2
Площадь покрытий - 1842, 00 м 2
Здание считая цокольный этаж состовляет два этажа и спроектирована рамной конструкцией. Здание прямоугольной формы.
Целью настоящей работы является проектирование здания бизнес-центра согласно требованиям качества окружающей среды и предупреждение возможных отрицательных воздействий на окружающую среду.
Проектирование произведено в соответствии с Законом РК «Об охране окружающей природной среды» и нормативно-технической документацией, утвержденной Министерством природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан на основании рабочего проекта и исходных данных.
В данном проекте в архитектурно-строительном, расчетно-конструкционном и производственном частях приняты инженерные решения, а в экономической части сметы просчитаны программой ABC-4. Выявлены общие технико-экономические показатели проекта, а также приняты решения о защите окружающей среды и безопасности жизнедеятельности.
ANNOTATION
Jurisdiction building is presented in the diploma project, which is situated in the north-western of Taraz city, Nietkalieva street.
The total area -6864, 00м
2
Construction Area -1856, 58 м
2
Estimated area-3165, 42 м
2
The usefull area-1842, 00 м
2
The building with the ground floor of five floors and planned frame construction. The building is square in shape.
The aim of this study is to determine whether the organization has the construction of an extension to the administrative building of the regional court of the requirements of environmental quality and preventing the possible negative impacts on the environment. Design made in accordance with the Law "On Environmental Protection" and the normative and technical documentation, approved by the Ministry of Natural Resources and Environmental Protection of the Republic of Kazakhstan on the basis of the detailed design and the source data.
In this project in architecture and construction, settlement construction and manufacturing parts made engineering decisions, and in the economic part of the program has been calculated ABC-4. The general technical and economic parameters of the project, as well as decisions on environmental protection and safety.
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе. . .
1. Сәулеттік-құрылыстық бөлім
1. 1 Жалпы бөлім . . .
1. 2 Құрылыс алаңына сипаттама . . .
1. 3 Басжоспар . . . .
1. 4 Көлемдік-жоспарлау шешімдері . . . .
1. 5 Ғимаратты ішкі және сыртқы әрлеу . . .
1. 6 Құрылымдық және технологиялық шешімдер . . .
1. 7 Зілзалаға қарсы іс шара . . .
1. 8 Өртке қарсы іс-шаралар . . . . . .
1. 9 Коррозияға қарсы қорғаныс шаралары . . . …. . ……….
1. 10. Ғимараттың инженерлік техникалық жабдықталуы
1. 10. 1. Су құбыры және канализация . . .
1. 10. 2. Суағарлар . . .
1. 11. Желдету . . . . .
1. 12. Электрмен жарықтандыру . . .
1. 13. Ыстық сумен қамтамасыз ету . . .
1. 14. Сыртқы қабырғаның жылутехникалық есебі . . .
2. Есептік-конструктивтік бөлім
2. 1 Жабын плитасын есептеу және құрастыру . . . 19
2. 2 Темірбетонды саты баспалдағын есептеу . . . 26
2. 3 Темірбетонды саты алаңша плитасын есептеу . . . 32
3. Құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастыру бөлімі
3. 1 Еңбек шығынының калькуляциясы . . . . . .
3. 2. Механизмді қабылдау . . .
3. 3. Жабын тақтасын жинақтау жұмыстарын жүргізудің
технологиялық картасы. . …… . . .
3. 4. Құрылыстың күнтізбелік жоспары . . .
3. 5. Құрылыс бас жоспары…… . . . . . .
3. 5. 1. Уақытша ғимараттар мен инженерлік
коммуникациялық есептері…… . . .
3. 5. 2. Уақытша сумен жабдықтау жоба есебі.
3. 5. 3. Уақытша электр жарығымен қамтамасыз ету жоба есебі.
Прожектор есебі.
3. 5. 4. Электрмен жабдықтауда қолданылатын қуат мөлшері . . .
4 Құрылыс-экономикасы бөлімі
4. 1 Экономиқалық есептер
4. 1. 1 Құрылыс фирмасының кірісі
5. Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі
5. 1 Құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтары
5. 2 Техникалық реттеу
5. 3 Өндірістік санитария
5. 4 Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру
5. 5 Қауіпсіздік техникасы
5. 6 Өрт қауіпсіздігі
5. 7 Төтенше жағдайларда ғимараттың беріктігін қамтамасыз ету
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қоғамдық, саяси және әлеуметтік салаларда үлкен өзгерістер салып жатыр. Олардың қатарында меншік түрлерінің өзгеруі. Нарықтық қатынастарға өту сияқты күрделі мәселелер бар.
Еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы Президенттің Қазақстан халқына жолдауында айқын белгіленген. Бұл стратегиялық концепцияда халық шаруашылығын кеңінен дамытумен қатар, адамдардың әлеуметтік-тұрмыс жағдайын жақсарту шаралары да ескерілген. Осы тұрғыдан алғанда дипломдық жұмыс тақырыбы келесі мәселеге арналған.
Жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізу, оның ішінде тұрмыстық және азаматтық тұрғын үй құрылыстарын жүргізу, жаңа құрылыс материалдарын пайдалану, құрылыс жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, оны жүргізудің жаңа технологиясын пайдалану қазіргі уақыт талабы болып саналады.
Салынатын құрылыс экономикалық жағынан тиімді, адам өміріне қауіпсіз, жайлы да жылы болуы керек. Сондықтан, диплом жұмысы жоғарыда аталған талаптарды ескере отырып, қазіргі уақытта қолданылып жүрген нормативтік құжаттар негізінде жасалды.
Дипломдық жұмыс бекіткен тақырып бойынша орындалды және төмендегі бөлімдерден тұрады: сәулеттік-құрылыстық бөлімі, есептік конструктивтік бөлім, технологиялық және құрылысты ұйымдастыру бөлімі. Құрылыстың сметалық құны экономикалық бөлімде есептелген. Жұмыста, сонымен қатар адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау шаралары да қарастырылған. Барлық қабылданған шешімдер жұмыстың қорытынды бөлімінде берілген.
1 Сәулеттік - құрылыстық бөлім1. 1 Жалпы бөлім
Дипломдық жұмыс «Қызылорда қаласындағы бизнес орталығының ғимараты» тақырыбында «Құрылыс» кафедрасы бекітілген жобалау тапсырма негізінде және есептік-түсіндірме жазбасы бойынша жасалды.
- Алғашқы берілген мәліметтер бойынша қабылданған жобалық шешімдер:
- Топографиялық түсірілім аймағы 1:500 масштабпен орындалған.
- Негізгі техникалық шарттарға сүйене отырып, сыртқы жүйелер бірігіп, пайдалану мекемесіне сәйкестендіріліп жасалған.
Құрылыс кешенінде төмендегідей үйлер мен ғимараттар кіреді:
1. Бизнес орталығының ғимараты
2. Қолданыстағы ғимараттар
3. Су құбырының насос станциясы
4. Трансформатор станциясы
5. Көлік тұрағы
Бизнес орталығының ғимараты келесі талаптарға сәйкес жобаланды:
Ғимаратың жауапты класы - II
Ұзақ мерзімділік дәрежесі - II
Отқа төзімділік дәрежесі - II
Климаттық ауданы - ІV-Г.
1. 2 Құрылыс алаңына сипаттама
Жергілікті климаттық шартқа сәйкес құрылыс алаңы келесі мәліметтермен сипатталады:
Сыртқы қоршау қабырғасы үшін қысқы ауаның орташа температурасы - минус 24ºС.
Ең суық деген тәулікте -25 ºС;
Ең суық деген 5 күндікте -15 ºС;
Қар жамылғысының нормаға сай өлшемі -0, 5кПа
желдің қысымы -0, 38кПа
Сіңіру тереңдігі -0, 45м
Қатыру тереңдігі -0, 33м
Құрылыс ауданы Қызылорда қаласының солтүстік-шығысына қарай орналастырылған. Мәліметтер бойынша жер бетінен тереңдігі 8, 7-11, 0 метрге дейін, бірінші -түсі сарғылт қызыл қоңыр, жеңіл, шаңды және үлкен кеуекті саз бен құмнан тұратын тау жынысы жатыр, ал, 7, 0-7, 5 метрге дейін қатты баяу иілгіш құрамды тау жынысы жатса, одан төменіректе жұмсақ иілгіш бөлігі жатыр. 8, 7-11, 0 метрден бастап, екінші-түсі қызғылт қоңыр, жұмсақ және қатты иілгіш құрамды қабат алып жатыр.
Табиғи тығыздылығының сипаттамасына есептеулер: Ү п =18, 8кн/м 3 , φ п =21 0 С, С п =5, 0кПа, Е=4, 4мПа, Е у =5, 7мПа, Р st =133кПа
Жер асты сулары жер бетінен 11, 3-11, 6м тереңдікте ашылған. Аудан 5 баллдық жер сілкінісіне шыдайтын аймақ және сейсмикалық қасиеттерге байланысты топырақ категориясы екінші болып саналады.
1. 3 Бас жоспар
Құрылыстың жалпы алаңының аймағы 0, 68 га құрайды. Жер бөлігінің солтүстік жағы, ғимараттан 15м қашықтықта темірбетонды қоршаумен қоршалған. Жер ауданы аталған темірбетонды қоршауды бойлай алып жатыр және қазіргі уақытта жер учаскесі бос. Ол ситуациялық схема бойынша жобалау учаскесі көрсетілген.
Жоспарды жасауда санитарлық және өрт қауіпсіздігінің талаптары қамтылған.
Территорияға автокөліктердің кіруі оңтүстік-шығыс жақтан жобаланылып отыр. Ал ғимарат негізінен солтүстікке қарай бағытталған.
Бас жоспар бойынша техника-экономикалық көрсеткіштер:
- Территория ауданы - 6864, 00м2;
- Құрылыс ауданы - 1856, 58 м2;
- Көгалдандыру ауданы - 3165, 42 м2;
- Жаппа ауданы - 1842, 00 м2;
Вертикаль жоспарлау
Ауданның жер бедері барынша тегіс және оңтүстік-батысқа ортақ ылдиланған. Территориялық тікшіл жоспары атмосфералық жауын-шашын құбылыстарының жер бедеріне тигізетін әсерін, есептей отырып жасалынған.
Биіктіктер мен координаттар жүйесі-қалалық Қызылорда қаласы. Қатыстылық белгіге ±0. 000 1-ші қабаттың едені белгіленген және бұл жергілікті 107, 50 абсолюттік белгісіне сәйкес келіп тұр.
Ауданда таза санитарлық-гигиеналық ережелерді қамтамасыздандыру үшін жерге асфальт не бетон төсеу қарастырылуда. Ғимарат алдына қалдық тастайтын жәшіктер мен отыратын орындықтар қою қарастырылған.
Сәулеттендіру
Жобада сәулеттендіру жұмыстары қарастырылған:
- транспорт төсеніштері, негізі 29см құмды-қиыршықтаспен және 5см орташа түйіршікті асфальтбетоннан алаңшалар;
- жол төсеніштері мен шаруашылық алаңшалары негізі 16см құмды-
қиыршық таспен және 4см орташа түйіршікті асфальтбетоннан;
- демалу алаңшаларына қалыңдығы 15, 0 см құм төсеніш жасалған;
- транспорт жолдарына, алаңшаларға, жаяу адамдардың жолдарына
маркасы БР. 300. 30. 15, БР. 100. 20. 8. бордюр тастарымен жасау
қарастырылған. м марки БР. 300. 30. 15. площадок,
Көгалдандыру
Бизнес орталығы ғимаратының территориясын көгалдандыру сәулеттендірудің бір түрі болып табылады. Жобада кешенді көгалдандыруға микроклимат шаралары арнайы қамтылған. Құрылыс кезінде құрылыстық учаскелердегі жасыл-желектерді, ағаштарды мүмкіндігінше сақтау қажет. Транспорт жолдарына қатарласып отырғызылған жасыл-желектер мен ағаштар тізбесі, демалу алаңшаларыңда да бұталар мен қылқан жапырақты ағаштарды тобымен немесе қатарластырып отырғызу жобаланған.
Транспорт жолын бойлай ұшар бастары кең ағаштардың тұқымдарын отырғызуы ұсынылады .
Бизнес орталығының ғимараты қасбеттерінің сәулетшілік-кеңістік композициясын байытуға Вергин аршасы, будандық роза мен қылқан жапырақты ағаштар отырғызуға арналған.
1. 4 Көлемдік- жоспарлау шешімдері
Жобаланылып отырған бизнес орталығының ғимараты - жоспарда тіктөртбұрышты, осьтері бойынша өлшемі 39, 0х15, 0м болатын екі қабатты болып шешілген. Қабаттарының биіктігі - 3, 6м.
Ғимараттың 1-ші қабатында: келісім шарт залы, холл, әкімшілік, қызметтік бөлмелер, архив, оператор бөлмесі, кеңсе, кезекші-операторлар орны, дәліздер, жылу торабы, санитарлық түйіндер, электр реттеу орны, баспалдақ алаңы және т. б. бөлмелер орналасқан.
2-ші қабатында: демалатын бөлме, санитарлық түйіндер, мәжіліс залы, холл, қабылдау бөлмесі, қызметтік бөлмелер, дәліздер, баспалдақ алаңы және т. б. бөлмелермен жабдықталған.
1. 5 Ғимаратты ішкі және сыртқы әрлеу
Ішкі әрлеу
Қызметтік бөлмелер, демалу және операторлық бөлмелері, келісім шарт, әкімшілік қабылдау бөлмелері жылу және дыбыс оқшаулау негізінде линолеум төселген.
Дәліздер, холл едендерін жылтыратылмаған керамогранитпен жасалған. Санитарлық түйіндер, архив, баспалдақ алаңы, жуыну, жылу торабы және т. б. бөлмелер керамикалық плиткалармен жасалған.
Қызметтік бөлмелердің, демалу, операторлық бөлмелері, келісім шарт, әкімшілік қабылдау бөлмелері, мәжіліс залы, холл қабырғаларын сылау сулы эмульсиямен боялған.
Санитарлық түйіндер, жуыну және т. б. бөлмелер керамикалық плиткалармен бөлме төбесіне дейін қапталған.
Сыртқы әрлеу
Сыртқы қабырға сылағы қасбеттік 3-түрлі түсті бояумен жүргізілген., Цоколь және қанаты керамогранитпен қапталған. Терезе блоктары және ішкі есік блоктары - тегіс жеке-дара дайындалатын металлопластиктерден жасалған.
1. 6 Құрылымдық және технологиялық шешімдер
Бизнес орталығы ғимаратының технологиялық шешімдері бекітілген тасырмаға төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес талданып жасалған:
СНиП РК 3. 02-02-2001 “Общественные здания и сооружения”, “Нормы оснащенности торгово-технологическим оборудованием”, СНиП РК 3. 02-25-2004 “Общеобразовательные учреждения”.
Ғимарат қабырғалары М75/1/15 маркілі М-25 құм цементті ерітіндісіндегі (құрылыс қыс мерзімінде болса М-50 ерітіндісінде) бүтін күйген кірпіштен жасалмақ және оған беріктілік қасиетін жоғарыланатын сілтілер, әктас, ПВА қосылады. Қабырғаларды салуда 2. 03-04-2001 ҚР ережелерінің талаптарына сай біртекті жүйені қолдану қажет. Ғимараттың ось бойына орналасқан және қиғаш орналасқан қабырғаларының бәрі сейсмикалық тұрақты бетондардан жасалған.
Іргетастар - темірбетонды тіреулердің астына темірбетонды тұтас бағаналық іргетастар салынса (В12, 5), қабырғалар астына - таспалы (ленталы тізбекті сияқты ұзын) тұтас іргетастар(В12, 5) салынады.
Сыртқы қабырғалары - сыртқы қалыңдығы-510 мм, ішкі қалыңдығы - 380 мм. Сыртын қалайтын кірпіштердің маркасы КР-75/1/15-тік армокірпіштер, оның қалыңдығы 120мм және М 50 ерітіндісінде жасалған.
Рамалар - бетоннан жасалынған тұтас темір бетонды (В 20) класымен жасалған.
Қайта қаптау, жабу - құрамалы темірбетонды плиталардан сейсмикамикалық тұрақты болып табылады.
Ұстатқыш құрылғылар - бетоннан (В15) жасалынған қабырға ұзындығын толығымен бойлайтын тұтас темірбетонды құрылғылар.
Баспалдақтар - ішкі тұтас металл косоурлармен жасалған.
Жылытқыш н/е қыздырғыш - күйдірілген кірпішті қиыршықтар (у = 600 кг/м)
Еден - линолеум, бетонды, керамикалық плиткалар болып кездеседі.
Терезелер мен есіктер, витраждар жеке-дара дайындалатын металл-пластиктер;
Маңдайшалар - құрамалы темірбетонды, сериясы 1. 038. 1-1 вып. 1, 2.
Қабырға аралық - кірпіш қалыңдығы 120мм.
Жабын тақтасы - шеңбер қуысты ГОСТ 9561-91 бойынша, 1. 141-1 в. 60, 64.
Ішкі жасаулар жанбайтын және жануы қиын материалдардан жасалады.
Шатыр - құрылымы ағаш конструкциясынан жасалып, металлчерепицамен жабылған.
1. 7 Зілзалаға қарсы іс шара
Зілзала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі іс-шаралар. Зілзала қауіп-сіздігінің іс-шаралары ҚР ҚНжЕ 2. 03-04-2001 «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» бөлімінің талаптарына сай анықталған.
Ғимараттың зілзалаға есептік тұрақтылығы - 5 балл, яғни 7 баллға дейінгі зілзалаға шыдайды. Ғимараттың зілзалаға шыдамдылығы қабырғалар-дың темірбетонды рамалармен, іргетастармен және де жабу және қайта қаптау материалдарымен тығыз байланыстылығына тәуелді.
Төменде зілзала қауіпсіздігінің іс-шаралары көрсетілген:
- негізгі ауыртпалықтар қабырғалар мен біртұтас рамаларға түседі;
- қабырғалардың қиып өтуі торлармен аршаланады;
- мұндай аршаларды раманы бойлай өткізген жөн;
- жабын тақталарымен бірдей зілзала қауіпсіздігі үшін ауыр бетоннан белдеулер орналастырылады.
- қаланған кірпіштер торлармен аршаланады және арматура қабырғаның ұзындығын толығымен қаптайды.
- металл құрылғылар маркасы С 255-тен төмен емес, болаттан жасалуы қажет.
1. 8 Өртке қарсы іс-шаралар
Жобадағы өрт қауіпсіздігінің шаралары ҚР ҚНжЕ 2. 02-05-2001 «Ғимараттың өрттен қауіпсіздігі» ережесі барлық талаптарына сәйкесінше орындалған және ҚР ҚНжЕ 3. 02-02-2001. «Қоғамдық ғимараттар» ережесі талптарына да сәйкес. Ғимараттың өрт кезінде қатынайтын дәлізі бар.
Жобада ҚР ҚНжЕ 2. 01. 02-89 талаптарына сай жанбайтын және өртенуі қиын материалдар қолданылған. Бөлмелер арасындағы қабырғалар өртке қарсы болып табылады және бір-бірін бейтараптандырады. Электр сымдары қабырға астына, жасырын жүргізіледі және розеткалар жердің астына жүргізілмек.
Қоныс аудару кезінде барлық есіктер ашылады. Импорт өндірісінің жанатын және жанбайтын материалдары ішкі жасауларға қолданылған жағдайда, бұндай материалдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет орнынан және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық станциясынан сертифи-каты болуы қажет.
Металқұрылғыларды, ішкі баспалдақтарды өрттен қорғағыш екі қайтара қаптау қажет.
1. 9 Коррозияға қарсы қорғаныс шаралары
Құралдарды тотығудан қорғау ҚР ҚНжЕ 2. 01. -19-2004 «Құралдарды тотығудан сақтау» ережесі бойынша қарастырылған.
Металлқұрылғылар, тағы басқа бөлшектер эмальдан жасалған қызғылт лакпен 2 қайтара боялады, ал ПФ170 лагымен 1 рет боялады.
Металқұрылғыларды кірден әрқашан таза ұстау;
Бетон үстіне қойылатын бөлшектер цементті сумен жағылуы қажет және дәнекерлеу жұмыстары 5264-80 және 14098-91 мемлекеттік стандарттары бойынша дәнекерлік қуыс қалыңдығы зат қалыңдығына сәйкесінше тең өлшемде болуы керек;
1. 10 Ғимараттың инженерлік техникалық жабдықталуы
Су құбыры және канализация
Бизнес орталығының ғимаратын сумен жабдықтау сыртқы су құбыры желісінен жобаланған. Салқын суларды әкету сыртқы канализациялық желіге қарастырылған. Канализациялық жүйе 150-200мм құбырларынан 1, 1м тереңдікте жүргізілген. Канализация құдықтары темірбетоннан орындалған. Ішкі канализациялық жүйе шойын құбырларынан орындалған.
Шудан, шаңнан және күн радиациясынан қорғау бойынша шаралар:
Территорияны жақсы жайландыру және көгалдандыру желдердің үстем бағытын ескере отырып шу деңгейін төмендетуге және шаңдану деңгейін азайтуды, сонымен қатар күн радиациясының әсерін әлсіретуді ескере отырып жобаланған.
Негізгі тасымалдау магистральдарына параллель түрде көп қатарлы ағаш, бұта отырғызу шудан қорғау қызметін атқарады, одан басқа ағаш отырғызу бөлмелерді қорғауды есепке ала отырып және жолдар мен тротуарларды күн радиациясынан қорғауға байланысты қабылданған.
Суағарлар
Жауын - шашын және еріген суларды шатырдан әкету ішкі суағарлар жүйесімен жүзеге асырылады. Қысқы уақытта еріген суларды шаруашылық - тұрмыстық канализациясына әкету қарастырылған.
Желдету
Мәжіліс және келісім шарт залдарында желдету ағымды-тартымды, қалған бөлмелерде - табиғи желдету жоспарланған.
Электрмен жарықтандыру
Электрмен жабдықтау төмен вольтті 300-220В желісінен қарас-тырылған. Жарықтандыру желісі ЛПН сымымен - көзден таса түрде орындалады, күштік АВРГ кабелімен. Жалпы анықталған қуаты 22кВт есепті 20КВт тораптар типі ОГУВ-6.
Ыстық сумен қамтамасыз ету
Ыстық сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылмаған жүйесін су тарату құралдарына жақын орналасқан көздерден жабдықтайды. Орта-лықтандырылған жүйеде ыстық су тұтынушылардың үлкен тобына жылу тораптарынан, аудандық және кварталдық қазандықтардан беріледі.
Жекелеген жылу пунктінен су тарату құралдарына дейін құбыр жүргізуге байланысты жүйелер: жоғарғы және төменгі жүргізілген тасымалдау магистралі, тұйықты және циркуляциялы болады. Ыстық сумен қамтамасыз етудің циркуляция әдісіне байланысты жүйелер шынайы және еріксіз циркуляциялы болады.
Орталықтандырылмаған жылумен қамтамасыз ету болмаған жағдайда орталықтандырылмаған ыстық сумен қамтамасыз етуі қолданылады.
Ыстық сумен қамтамасыз етуді дайындау кішігірім жылу генераторлары көмегімен жүреді. Су ысытқыш колонка, газдық және электрлік су ысытқыш, қатты отынмен жұмыс істейтін су ысыту қазандары сулы резервуардан, ошақтан, түтін өтетін құбырдан тұрады.
Отынды жағу кезінде жанған ыстық өнім түтін өтетін құбыр арқылы өтіп резервуардағы суды ысытады.
Газды су ысытқыштар тез әсер ету қондырғылар, бөлшектене толық автоматтандырырады.
Электрлік су ысытқыш өте ыңғайлы, себебі түтін мен лас заттар бөлмейді.
Ыстық сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі санитарлық-техникалық құралдарға, тұрмыстық және қоғамдық ғимараттарға және коммуналды, өндірістік кәсіпорынның технологиялық қондырғыларына ыстық суды дайындау және тасымалдауға арналған.
Тұтынушыларға берілетін ыстық су ГОСТ 2874-82 «Ауыз су. Гигие-налық талаптар және сапасын бақылау» талаптарын қанағаттандыру керек.
Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесін жылу тораптарына байланыстыру.
Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелерін жылу тораптарына тікелей, тәуелсіз, су ысытқыш арқылы байланыстыруға болады.
Ыстық сумен қамтамасыз етуге қажетті су мен жылудың есептік шығындарын анықтау.
Құбырдағы қысымның есептік шығының, беттің ауданын, ыстық су жүйесіндегі тәуліктік судың жалпы шығынын анықтау үшін судың есептік шығынын білу қажет.
Су тарату желісіндегі су шығыны уақыттық әрбір моменті үшін немесе белгілі бір кезең үшін кездейсоқ шама болып табылады. Сондықтан оны ақиқат теориясына байланысты анықтайды.
1. 11 Сыртқы қабырғаның жылутехникалық есебі
Қысқы сыртқы температура:
Суық тәуліктегі температурасы - 29 0 С.
Ең суық бес күндіктегі температура -24 0 С.
Ішкі есептік температура - t в =+18ºС.
Нормаланған температура периоды -
; коэф. n=1,
Жылудың қайту кедергісі. R n =0, 05;
Жылудың қабылдау кедергісі R в =0, 133 м 2. град/ккал.
Қоршау конструкцияларының жылу берілісіне кедергісі мына формуламен анықталады:
R
с
тр.
=
=
м
2
∙град/ккал
Қоршау конструкциясының жылу энерциясы Д мына формуламен анықталады:
D= R 1 ∙S 1 + R 2 ∙S 2
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz